Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің І-негізгі қағидасына сәйкес, мынадай критерийлерге сәйкес келетін:
а) құбырдың шет-шетіне орналасқан дәнекерленген құлыптары, біреуінің сыртқы конустық бұрамасы, ал екіншісінің - ішкі конустық бұрамасы және кілт салатын ойығы бар нысаны жағынан бірдей ішкі және сыртқы беті, құбырдың бүкіл ұзындығын қуалай тұйықталған бір қуысы, құбырдың бүкіл ұзындығы бойынша тұрақты көлденең қимасы болатын жапсарсыз құбырды білдіретін;
б) болаттан құйып әзірленетін;
в) бұрғылау бағандарын ұзарту үшін, кенжынысын талқандаушы құралдың айналу сәтіндегі берілісіне, оның түсуі мен көтерілуіне арналған;
г) қажетті саны ұңғыманың ұзындығымен (тереңдігімен) айқындалатын жұмсалатын материал болып табылатын бұрғылау штангасы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7304 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
К. Минасян |