Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4, 5 және 7-тармақтарын және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі туралы ереженің 19-тармағын іске асыру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесін қалыптастыру және жетілдіру жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден осы Өкіммен бекітілген жоспардың тиісті іс-шараларын бірлесіп орындауға жауапты етіп тағайындалған уәкілетті органдар туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияға осы Өкім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жіберу сұралсын.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия |
Алқасының Төрағасы Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 8 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесін қалыптастыру және жетілдіру бойынша 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Іс-шараның атауы | Күтілетін нәтиже | Орындалу мерзімі | Орындаушы | Жалпы процестің тізбеге сәйкес реттік нөмірі* | |
2017 жыл | 2018 жыл | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Еуразиялқ экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесін ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу, | |||||
а) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына енетін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды құру және жүргізумен байланысты жұмыстарды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобын құру | Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасының шешімі | I тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | ||
б) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына енетін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды, соның ішінде көрсетілген жүйенің ресурстарын жүргізу және қолдану үшін қажетті нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың құрамы мен құрылымына қойылатын типтік талаптарды әзірлеу, жүргізу және қолдану әдіснамасын (бұдан әрі – Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпараты бірыңғай жүйесінің әдіснамасы) әзірлеу және келісу | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | ||
в) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпараты бірыңғай жүйесінің әдіснамасы негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік құжаттары талаптарына сәйкес мемлекетаралық стандарттың жобасын әзірлеу | мемлекетаралық стандарттың жобасы | III – IV тоқсан |
Комиссия, | ||
2. Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпараты бірыңғай жүйесінің құрамына енгізілетін жалпыжүйелік анықтамалықтар мен сыныптауыштарды әзірлеу және бекіту: | |||||
а) Еуразиялық экономикалық одақ органдарының, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік және басқару органдарының, сондай-ақ олардың уәкілетті ұйымдарының анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан |
Комиссия, | тізбеге енгізілген барлық жалпы процестер үшін | |
б) мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мақсатында рәсімделетін және пайдаланылатын құжаттар түрлерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан |
Комиссия, | 1, 68 | |
в) жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан |
Комиссия, | 21, 22, 23, 64, 67, 68 | |
г) ЕАЭО СЭҚ ТН және ЕАЭО БКТ мәліметтерін формалданған түрде ұсыну үшін пайдаланылатын сыныптауыштар мен анықтамалықтар | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан |
Комиссия, | 13, 14, 18, 19, 20, 21, 24, 35, 36, 40, 41, 42, 43, 45, 46, 57, 58, 59, 60, 61, 64, 68, 69, 70, 71, 72 | |
д) шаруашылық жүргізетін субъектілерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркеу кезінде сәйкестендіру әдістерінің анықтамалығы (мемлекеттік тіркеу рәсімін жүргізу кезінде шаруашылық жүргізетін субъектіге берілетін мемлекеттік тізілім (регистр) бойынша жазба нөмірінің (кодының) түрін белгілейді) | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан |
Комиссия, | 14, 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 39, 46, 62, 63, 64, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 74 | |
е) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бөліну объектілерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан |
Комиссия, | 46, 62, 63, 64, 67, 69, 70, 71, 72 | |
ж) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан |
Комиссия, | 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 53, 56, 57, 58, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72 | |
3. Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі шеңберінде халықаралық анықтамалықтарды, сыныптауыштарды және олардың оқшауланған нұсқаларын жүргізу (қолдану) тәртібін белгілеу: | |||||
а) тілдерді сыныптауыш | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан |
Комиссия, | 7, 17, 18, 22, 35, 36, 39, 58, 61, 68, 73, 74 | |
б) өлшем бірліктерінің халықаралық сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан |
Комиссия | 3, 6, 8, 9, 10, 18, 19, 26, 28, 29, 30, 32, 35, 38, 39, 41, 44, 45, 57, 58, 60, 61, 65, 67, 68, 69, 72 | |
в) тауарлар мен қызметтер көрсетудің халықаралық сыныптауышы (белгілерді тіркеу үшін) | Комиссия Алқасының шешімі | IV тоқсан |
Комиссия**, | 21, 22 | |
г) аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардыың халықаралық статистикалық сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі (ұсынымы) | I – IV тоқсан |
Комиссия**, | 29, 57, 58 | |
4. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу саласындағы сыныптауыштар мен анықтамалықтарды әзірлеу және бекіту: | |||||
а) бақылау (сәйкестендіру) белгілермен таңбалауға жататын тауарлар тізбесі | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 73 | |
б) олар туралы мәліметтер тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілермен таңбалаудың ақпараттық жүйесі шеңберінде есепке алуға жататын тауарлардың негізгі ақпараттық сипаттамаларының анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 73 | |
5. Зияткерлік меншік саласындағы сыныптауыштарды және анықтамалықтарды әзірлеу және бекіту: | |||||
а) зияткерлік меншік саласында, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың зияткерлік меншік объектілерін тіркеумен байланысты рәсімдерді жүргізу кезінде пайдаланылатын құжаттар түрлерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | Комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған жердің атаулары туралы шартқа нұсқаулықты бекіткен күннен бастап 6 ай | Комиссия, уәкілетті органдар | 21, 22, 23 | |
б) Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі негізгі сипаттамаларының анықтамалығы (түрі және басымдық) | Комиссия Алқасының шешімі | Комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған жердің атаулары туралы шартқа нұсқаулықты бекіткен күннен бастап 6 ай | Комиссия, уәкілетті органдар | 22 | |
в) Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерін және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының шығарылған жерлерінің атауларын тіркеумен, құқықтық қорғаумен және пайдаланумен байланысты заңды маңызы бар іс-қимылдарды жүргізу кезінде төленетін баж түрлерінің анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | Комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған жердің атаулары туралы шартқа нұсқаулықты бекіткен күннен бастап 6 ай | Комиссия, уәкілетті органдар | 22, 23 | |
6. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сыныптауыштар мен анықтамалықтарды әзірлеу және бекіту: | |||||
Еуразиялық экономикалық одақтың ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу үшін қажетті ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің негізгі сыныпталатын сипаттамалары мен белгілерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 47 | |
7. Техникалық реттеу саласындағы сыныптауыштар мен анықтамалықтарды әзірлеу және бекіту: | |||||
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) тізбесі | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 35, 36 | |
8. Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралардың сыныптауыштары мен анықтамалықтарын әзірлеу және бекіту: | |||||
а) жануарларды сәйкестендіру тәсілдерінің анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 41 | |
б) жануарлардың қауіпті және карантиндік ауруларының анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 40, 41 | |
в) ветеринариялық бақылауға жататын өнім түрлерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 40, 41, 42, 43, 44, 45 | |
г) Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық дәрілік препараттары дәрілік нысандарының номенклатурасы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 44, 45 | |
д) ветеринариялық препараттардың клиникалық-фармакологиялық топтарының сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 44 | |
е) ветеринариялық препараттардың әсер ететін заттарының анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 44 | |
ж) ветеринариялық препаратты тіркеу деректерінің құжаттары түрлерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 44 | |
з) ветеринариялық препараттың сапасының сәйкес келмеуі көрсеткіштерінің анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 44 | |
и) мемлекеттік тіркеуге жататын өнім түрлерінің анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 56 | |
к) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнім түрлерінің анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 57, 58 | |
л) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында санитариялық қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізуді талап ететін жұқпалы (паразитарлық) аурулардың анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 57, 58 | |
м) Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 59, 61 | |
9. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы сыныптауыштар мен анықтамалықтарды әзірлеу және бекіту: | |||||
а) дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауларының анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 26, 28, 29, 30 | |
б) дәрілік препараттардың құрамындағы әсер етуші заттардың дозасы мен концентрациясы өлшем бірліктерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 26, 28, 29, 30 | |
в) дәрілік нысандардың номенклатурасы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 26, 28, 29, 30 | |
г) дәрілік препараттар қаптамасының жинақтаушы заттарының анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 26, 28, 29, 30 | |
д) дәрілік өсімдік шикізатының анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 26, 28, 29, 30 | |
е) Еуразиялық экономикалық одақтың медициналық бұйымдарының номенклатурасы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, Денсаулық сақтау саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызмет, уәкілетті органдар | 32, 34 | |
ж) дәрілік заттардың бастапқы қамтамалары түрлерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 26, 28, 29, 30 | |
з) дәрілік заттар өндірісі саласындағы өндірістік қызмет түрлерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 27 | |
и) дәрілік заттардың анатомиялық-терапевтік химиялық сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 26 | |
к) дәрілік затты тіркеу деректерінің құжаттары түрлерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 26 | |
л) тіркеу деректерін қарау кезінде рәсімделетін құжаттар түрлерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 26, 32 | |
м) дәрілік препараттардың тіркеу деректерінің өзгерістері типтерінің анықтамалығы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 26 | |
н) дәріік заттар сапасының сәйкес келмеуі көрсеткіштерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 28 | |
о) медициналық бұйымды тіркеу дерегі құжаттары түрлерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 32 | |
п) медициналық ұйымдардың қызмет түрлерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 33 | |
р) медициналық бұйымдарды пайдаланумен байланысты келеңсіз жағдайлар түрлерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 34 | |
10. Кедендік реттеу саласындағы сыныптауыштар мен анықтамалықтарды әзірлеу және бекіту: | |||||
а) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері түрлерінің сыныптауыштары | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 2, 3 | |
б) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 6, 7, 9, 14, 17, 20, 21 | |
11. Көлік және тасымалдау саласындағы сыныптауыштар мен анықтамалықтарды әзірлеу және бекіту: | |||||
а) көліктік (автомобильдік) бақылау үшін пайдаланылатын рұқсат беру құжаттары түрлерінің сыныптауышы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 46 | |
б) көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижелерін есепке алу мақсатында пайдаланылатын сыныптауыштар мен анықтамалықтар | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 46 | |
в) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан және көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыра алатын бақылау пункттерінің тізбесі | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 46 | |
г) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші елдермен халықаралық автомобиль қатынастары туралы халықаралық шарттарының жинағы | Комиссия Алқасының шешімі | I – II тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 46 | |
12. Бәсекелес саясат саласындағы сыныптауыштар мен анықтамалықтарды әзірлеу және бекіту: | |||||
мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласында пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштар | Комиссия Алқасының шешімі | I – IV тоқсан | Комиссия, уәкілетті органдар | 63 |