Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссияның кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізуге байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 18 тамыздағы № 95 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 25 және 45-баптарына сәйкес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметі басшылары кеңесінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 11/65 шешімімен бекітілген өзгерістерді енгізуге байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 5903 90 910 0 кіші позициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – бет жағын құрайтын тоқыма материалдары бар туынды целлюлозадан немесе басқа да пластмассадан";

      б) ЕАЭО СЭҚ ТН 8427 тауар позициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ашалы қысқышы бар автотиеуiштер; көтергiш нeмece тиеп-түсiру жабдықтарымен жарақтандырылған өзге тіркемелер:";

      в) ЕАЭО СЭҚ ТН 8427 10 қосалқы позицияның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– электр қозғалтқышынан жеткiзгiшi бар өздiгiнен жүретiн көтергіш немесе тиеп-түсіру жабдықтарымен жарақтандырылған тиеуіштер мен тіркемелер:";

      г) ЕАЭО СЭҚ ТН 8427 20 қосалқы позицияның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– өзге де өздігінен жүретін көтергіш немесе тиеп-түсіру жабдықтарымен жарақтандырылған тиеуіштер мен тіркемелер:";

      д) ЕАЭО СЭҚ ТН 8427 20 110 0 кіші қосалқы позицияның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – тегіс емес жерге арналған ашалы қысқышы бар автотиеуiштер, штабелдеуші автотиеуіштер және көтергіш немесе тиеп-түсіру жабдықтарымен жарақтандырылған тіркемелер";

      е) ЕАЭО СЭҚ ТН 8427 90 000 қосалқы позицияның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– көтергіш немесе тиеп-түсіру жабдықтарымен жарақтандырылған өзге тиеуіштер мен тіркемелер:";

      ж) ЕАЭО СЭҚ ТН 8516 тауар позициясы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ағынды немесе жинақтауыш (ыдыстық) электрлік су жылытқыштар және батырмалы электр жылытқыштар; кеңістікті жылытатын және топырақты жылытатын электр жабдығы, шашты күтуге арналған электр термиялық аппараттар (мысалы шаш кептіргіштер, бигудилер, ыстықтай бұйралайтын қыстырғыштар), қол кептіргіштер; электр үтіктер; өзге де тұрмыстық электр жылытқыш приборлар; 8545 тауар позициясында көрсетілгендерден басқа электр жылытқыш қарсылықтар:".

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі оларға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 5903 90 910 0 кіші қосалқы позициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – бет жағын құрайтын тоқыма материалдары бар туынды целлюлозадан немесе басқа да пластмассадан".

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 36 шешімімен бекітілген Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын жекелеген тауарлардың және осындай ставкалар мөлшерінің тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 8427 10 қосалқы позициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– электр қозғалтқышынан жеткiзгiшi бар өздiгiнен жүретiн көтергіш немесе тиеп-түсіру жабдықтарымен жарақтандырылған тиеуіштер мен тіркемелер".

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

О внесении изменений в единую Товарную номенклатуру внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза в связи с внесением изменений в единую Товарную номенклатуру внешнеэкономической деятельности Содружества Независимых Государств, а также в некоторые решения Высшего Евразийского экономического совета и Евразийской экономической комиссии

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 18 августа 2017 года № 95.

      В соответствии со статьями 25 и 45 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, в связи с внесением изменений в единую Товарную номенклатуру внешнеэкономической деятельности Содружества Независимых Государств, утвержденных Решением Совета руководителей таможенных служб государств – участников СНГ от 14 июня 2017 г. № 11/65, Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Утратил силу Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 17.08.2021 № 100 (порядок введения в действие см. п.2).

      2. В перечне чувствительных товаров, в отношении которых решение об изменении ставки ввозной таможенной пошлины принимается Советом Евразийской экономической комиссии, утвержденном Решением Высшего Евразийского экономического совета от 8 мая 2015 г. № 16, наименование подсубпозиции 5903 90 910 0 ТН ВЭД ЕАЭС изложить в следующей редакции:

      "– – – производными целлюлозы или другими пластмассами, с текстильным материалом, образующим лицевую сторону".

      3. В перечне отдельных товаров, в отношении которых применяются ставки ввозных таможенных пошлин в соответствии с Соглашением о свободной торговле между Евразийским экономическим союзом и его государствами-членами, с одной стороны, и Социалистической Республикой Вьетнам, с другой стороны, от 29 мая 2015 года, и размеров таких ставок, утвержденном Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 19 апреля 2016 г. № 36, наименование субпозиции 8427 10 ТН ВЭД ЕАЭС изложить в следующей редакции:

      "– погрузчики и тележки, оснащенные подъемным или погрузочно-разгрузочным оборудованием, самоходные с приводом от электрического двигателя".

      4. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической
комиссии
Т. Саркисян