Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Биологиялық материалдың тығындарын сақтауға және тасымалдауға арналған, пластмасса қақпағы бар зарарсыздандырылған пластмасса түтіктен және мақта тампоны бар штоктан (аппликатордан) тұратын тупфер Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3923 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |