Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тығындарды сақтауға және тасымалдауға арналған тупферді сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 18 тамыздағы № 100 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Биологиялық материалдың тығындарын сақтауға және тасымалдауға арналған, пластмасса қақпағы бар зарарсыздандырылған пластмасса түтіктен және мақта тампоны бар штоктан (аппликатордан) тұратын тупфер Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3923 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады