Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының тоғызыншы абзацына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 10 мамырдағы № 39 шешімімен бекітілген Берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізіліміне қатысты бөлікте "Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағы техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларының 1-тармағында:
үшінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі туралы" 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 127 шешімі.".
3. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешімімен бекітілген Берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі осы Шешім күшіне енген күнге дейін берілген немесе тіркелген сәйкестік сертификаттарына немесе сәйкестік туралы декларацияларға қатысты қалыптастыру және жүргізу көрсетілген Ережеге сәйкес жүзеге асырылатын бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігінің мәліметтерін сақтауға, қолжетімділік және мүдделі тұлғаларға ұсынуға қатысты бөлікте, сондай-ақ осындай сертификаттар мен декларациялардың қолданысын тоқтата тұру, қайта жаңарту, ұзарту немесе тоқтату туралы мәліметтерді жандандыру бөлігінде қолданылатындығы белгіленсін.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізіліміне қатысты бөлікте "Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағы техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу" жалпы процесін күшіне енгізуді көздейтін өкімі күшіне енгенге дейін сәйкестікті бағалау туралы құжаттар туралы мәліметтер берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігінен ұсынылады және көрсетілген құжаттардың қолданысы басталатын күні сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігінде тіркелген күні болып табылады.
5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 127 шешімімен БЕКІТІЛДІ |
Берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу
ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 9 қосымша) 5-тармағына сәйкес әзірленді және берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімін (бұдан әрі – бірыңғай тізілім) қалыптастыру және жүргізу, берілген сәйкестік сертификаттары және сәйкестік туралы тіркелген декларациялар туралы, олардың әрекетін тоқтата тұру, қайта жаңарту немесе тоқтату туралы бірыңғай тізілімде қамтылған мәліметтерді ұсыну қағидаларын белгілейді.
2. Бірыңғай тізілім қалыптастырылуы және жүргізілуі Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі тиісінше – уәкілетті органдар, мүше мемлекеттер, Комиссия) ақпараттық өзара іс-қимылы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі тиісінше – интеграцияланған жүйе, Одақ) құралдарын пайдалана отырып электронды түрде жүзеге асырылатын жалпы ақпараттық ресурсты ұсынады.
3. Бірыңғай тізілім берілген сәйкестік сертификаттары және өнімнің Одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкестігі туралы тіркелген декларациялар (бұдан әрі тиісінше – сәйкестік сертификаттары, сәйкестік туралы декларация, техникалық регламенттер) туралы, сондай-ақ бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік туралы декларациялар берумен міндетті растауға жататын өнімдердің бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі тиісінше – бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаттары, бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларациялар, бірыңғай тізбе) енгізілген өнімге сәйкестік сертификаттары және сәйкестік туралы декларациялар туралы мәліметтерді қамтиды.
4. Бірыңғай тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді Комиссия осы Тәртіптің 10 – 13-тармақтарында көрсетілген және уәкілетті органдар Комиссияға электронды түрде ұсынған бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктерінің мәліметтері негізінде жүзеге асырады.
5. Уәкілетті органдардың сәйкестік сертификаттары, сәйкестік туралы декларациялар, бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаттары және бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларациялар туралы мәліметтерді Комиссияға тапсыруы осы мәліметтерді бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне енгізу немесе осы мәліметтерді өзгерту кезінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
6. Бірыңғай тізілімді қалыптастыру, жүргізу және пайдалану процесінде уәкілетті органдар арасындағы, сондай-ақ уәкілетті органдар мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл Одақ шеңберінде сәйкес жалпы процестің интеграцияланған жүйесінің құралдарын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
7. Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктерін қалыптастыруды және жүргізуді уәкілетті органдар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.
8. Бірыңғай тізілімді қалыптастыру және жүргізу Комиссияның уәкілетті органдардан сәйкестік сертификаттары, сәйкестік туралы декларациялар, бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаттары, бірыңғай нысан бойынша сәйкес туралы декларациялар, олардың әрекетін тоқтата тұру, қайта жаңарту немесе тоқтату туралы мәліметтерді алуын, осы мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізуді, сондай-ақ оларды автоматты режимде Одақтың ақпараттық порталында жариялауды қамтиды.
9. Бір мүше мемлекеттің бірыңғай тізілімі ұлттық бөлігінің мәліметтері екінші мүше мемлекеттің уәкілетті органының интеграцияланған жүйені пайдалана отырып сұрау салуы бойынша ұсынылады.
10. Сәйкестік сертификаты туралы мәліметтер бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне мынадай ақпаратты қамтитын электрондық жазба түрінде енгізіледі:
а) сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі және тіркелген күні, әрекет ету мерзімі (егер техникалық регламентте (техникалық регламенттерде) әрекет ету мерзімі белгіленбеген жағдайда "белгіленбеген" жазбасы жасалады), сәйкестік сертификаты рәсімделген бланкінің типографиялық нөмірі (егер сәйкестік сертификаты мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес электронды нысанда рәсімделген жағдайда талап етілмейді);
б) өтініш берушінің толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – заңды тұлға үшін және тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде берілген өтініш берушінің тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;
в) өндірушінің толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – заңды тұлға және оның өнімді өндіретін филиалдары үшін немесе тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері және өнімді өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін;
г) сәйкестік сертификатын берген сертификаттау жөніндегі органның толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), сондай-ақ қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда), сертификаттау жөніндегі органды аккредитациялау аттестатының тіркеу нөмірі және тіркелген күні, сондай-ақ телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;
д) сертификаттау жөніндегі орган басшысының (уәкілетті тұлғасының) тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);
е) сертификаттау жөніндегі орган сарапшысының (сарапшы-аудитор) (сарапшыларының (сарапшы-аудиторларының)) тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);
ж) мыналарды қоса алғанда өнім туралы мәліметтер:
өнімнің атауы және белгісі (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда) және (немесе) өнімді өндіруші берген өзге де шартты белгісі;
өнімнің атауы (техникалық регламенттермен көзделген жағдайларда) (бар болған жағдайда);
өнім туралы оны сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өзге де мәліметтер (бар болған жағдайда);
өнім оған сәйкес өндірілген құжаттың (құжаттардың) белгісі және атауы (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық талаптар немесе өзге де құжат) (бар болған жағдайда);
сертификаттау объектісінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе жеке-дара бұйым). Сериялық шығарылатын өнім үшін "сериялық шығарылым" жазбасы жасалады. Өнімнің партиясы үшін партия көлемі, жеке-дара бұйым үшін – бұйымның зауыттық нөмірі көрсетіледі. Өнімнің партиясы және жеке-дара бұйым үшін өнімнің партиясын (соның ішінде оның көлемін) немесе жеке-дара бұйымды сәйкестендіретін тауарға ілеспе құжаттаманың деректемелері көрсетіледі;
з) өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес коды (кодтары);
и) оның талаптарына сәйкестікке сертификаттау жүргізілген техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) атауы және белгісі;
к) мыналарды қоса алғанда өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер:
нөмірі, күні, Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетілген зерттеу (сынақ) және өлшеу (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда) хаттамалары;
өндіріс жағдайын талдау актісі (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда);
нөмірі, күні, менеджмент жүйесінің сертификатын берген менеджмент жүйесін серттификаттау жөніндегі органның атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетілген менеджмент жүйесінің сертификаты (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда);
нөмірі, күні, өнімнің жобасын зерттеу туралы қорытындыны берген ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетілген өнімнің жобасын зерттеу туралы қорытынды (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда);
нөмірі, күні, өнімнің типін зерттеу туралы қорытындыны берген ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетілген өнімнің типін зерттеу туралы қорытынды (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда);
өтініш беруші өнімнің техникалық регламенттің (техникалы регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынған басқа да құжаттар;
л) сертификаттаудың қолданылған схемасы туралы мәліметтер;
м) сәйкестік сертификатында қосымша ақпарат ретінде ұсынылған мәліметтер:
халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда ерікті негізде қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне енгізілген стандарттың белгісі және атауы немесе, егер техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарын сақтау стандартты толығымен емес, осы стандарттың жекелеген бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) қолданумен (олар қолданылған жағдайда) қамтамасыз етілуі мүмкін болса, осы стандарт бөлімдерінің (тармақтарының, тармақшаларының) белгісі және атауы;
өзге де стандарттар мен құжаттар (олар қолданылған жағдайда);
өнімді сақтау талаптары мен мерзімі (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда);
өнімнің қызмет ету (жарамдылық) мерзімі немесе ресурсы (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда);
өзге де ақпарат (бар болған жағдайда);
н) сәйкестік сертификатының әрекет ету беделі, сәйкестік сертификатының әрекетін тоқтата тұру, қайта жаңарту немесе тоқтату күні мен негізі (сәйкестік сертификатының әрекеті тоқтатыла тұрған, қайта жаңартылған немесе тоқтатылған жағдайда);
о) сәйкестік сертификатына қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер (қосымша бланкісінің типграфиялық нөмірі, қосымшадағы парақтар саны (егер қосымша мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес электронды нысанда рәсімделген жағдайда талап етілмейді)), сондай-ақ қосымшада қамтылған ақпарат (қосымша бар болса).
11. Сәйкестік туралы декларация туралы мәліметтер бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне мынадай ақпаратты қамтитын электронды жазба түрінде енгізіледі:
а) сәйкестік туралы декларацияның тіреу нөмірі және тіркелген күні, әрекет ету мерзімі (егер техникалық регламентте (техникалық регламенттерде) әрекет ету мерзімі белгіленбеген жағдайда "белгіленбеген" жазбасы жасалады);
б) өтініш берушінің толы атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – заңды тұлға (бұдан әрі – өтінш беруші ұйым) үшін және тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері және қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде берілген өтініш берушінің тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;
в) өтініш беруші ұйым басшысының немесе өтініш беруші ұйымның мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сәйкестік туралы декларацияны қабылдауға уәкілеттік берген тұлғасының (уәкілеттір беретін құжаттың атауы мен деректемелерін көрсете отырып) лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты.
Егер өтіні беруші жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға болып табылатын болса, бұл ақпарат көрсетілмейді;
г) сәйкестік туралы декларацияны тіркеген сертификаттау жөніндегі органның толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), сондай-ақ қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда), телефон нөмірі және электронды пошта мекенжайы не сәйкестік туралы декларацияны тіркеген уәкілетті органның толық атауы, оның орналасқан жері, сондай-ақ телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;
д) мыналарды қоса алғанда өнім туралы мәліметтер:
өндірушінің толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – заңды тұлға және оның өнімді өндіретін филиалдары үшін немесе тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері және өнімді өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін;
өнімнің белгісі және атауы (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда) және (немесе) өнімді өндіруші берген өзге де шартты белгісі;
өнімнің атауы (техникалық регламенттермен көзделген жағдайларда) (бар болған жағдайда);
өнім туралы оны сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өзге де мәліметтер (бар болған жағдайда);
өнім оған сәйкес өндірілген құжаттың (құжаттардың) атауы және белгісі (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық талаптар немесе өзге де құжат) (бар болған жағдайда);
өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес коды (кодтары);
декларациялау объектісінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе жеке-дара бұйым). Сериялық шығарылатын өнім үшін "сериялық шығарылым" жазбасы жасалады. Өнімнің партиясы үшін партия көлемі, жеке-дара бұйым үшін – бұйымның зауыттық нөмірі көрсетіледі. Өнімнің партиясы және жеке-дара бұйым үшін өнімнің партиясын (соның ішінде оның көлемін) немесе жеке-дара бұйымды сәйкестендіретін тауарға ілеспе құжаттаманың деректемелері көрсетіледі;
е) оның талаптарына сәйкестікке декларациялау жүргізілген техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) атауы және белгісі;
ж) мыналарды қоса алғанда өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер:
нөмірі, күні, сынақ зертханасының (орталығының) атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі (бар болған жағдайда) көрсетілген зерттеу (сынақ) және өлшеу (сәйкестікке декларациялау схемасында көзделген жағдайларда) хаттамалары;
нөмірі, күні, менеджмент жүйесінің сертификатын берген менеджмент жүйесін серттификаттау жөніндегі органның атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетілген менеджмент жүйесінің сертификаты (сәйкестікті декларациялау схемасында көзделген жағдайларда);
өтініш беруші өнімнің техникалық регламенттің (техникалы регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынған басқа да құжаттар;
з) сәйкестікті декларациялаудың қолданылған схемасы туралы мәліметтер;
и) сәйкестік туралы декларацияда қосымша ақпарат ретінде ұсынылған мәліметтер:
халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда ерікті негізде қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне енгізілген стандарттың белгісі және атауы немесе, егер техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарын сақтау стандартты толығымен емес, осы стандарттың жекелеген бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) қолданумен (олар қолданылған жағдайда) қамтамасыз етілуі мүмкін болса, осы стандарт бөлімдерінің (тармақтарының, тармақшаларының) белгісі және атауы;
өзге де стандарттар мен құжаттар (олар қолданылған жағдайда);
өнімді сақтау талаптары мен мерзімі (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда);
өнімнің қызмет ету (жарамдылық) мерзімі немесе ресурсы (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда);
өзге де ақпарат (бар болған жағдайда);
к) сәйкестік туралы декларацияның әрекет ету беделі, сәйкестік туралы декларацияның әрекетін тоқтата тұру, қайта жаңарту немесе тоқтату күні мен негізі (сәйкестік туралы декларацияның әрекеті тоқтатыла тұрған, қайта жаңартылған немесе тоқтатылған жағдайда);
л) сәйкестік туралы декларацияға қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер (қосымшадағы парақтар саны), сондай-ақ қосымшада қамтылған ақпарат (қосымша бар болса).
12. Бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаты туралы мәліметтер бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне мынадай ақпаратты қамтитын электронды жазба түрінде енгізіледі:
а) бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі және тіркелген күні, әрекет ету мерзімі, бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаты рәсімделген бланкінің есепке алу (жеке) нөмірі (егер бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаты мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес электронды нысанда рәсімделген жағдайда талап етілмейді);
б) өтініш берушінің толық атауы, заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) немесе тұрғылықты жері (жеке кәсіпкер үшін) және қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары) (мемлекеттің атауын қоса алғанда), телефон, факс нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;
в) сертификатталған өнімді өндіруші ұйымның толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (мемлекеттің атауын қоса алғанда), соның ішінде өнімдеріне бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаты қолданылатын оның филиалдарының мекенжайлары;
г) бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификатын берген сертификаттау жөніндегі органның толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары), телефон, факс нөмірі және электрондық пошта мекенжайы, сертификаттау жөніндегі органның аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі, аккредиттеу аттестатының тіркелген күні, аккредиттеу аттестатын берген аккредиттеу жөніндегі органның атауы;
д) сертификаттау жөніндегі орган басшысының (уәкілетті тұлғасының) аты-жөнінің бас әріптері және тегі;
е) сертификаттау жөніндегі органның сарапшы-аудиторының (сарапшысының) аты-жөнінің бас әріптері және тегі;
ж) бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаты берілген өнім туралы мәліметтер:
өнімнің толық атауы;
өнім туралы оны сәйкестендіруді қамтамасыз ететін мәліметтер (типі, маркасы, моделі, өнімнің артикулы және т.б.);
өнім оған сәйкес өндірілген нормативтік құқықтық актілердің және (немесе) техникалық нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың белгісі (бар болған жағдайда);
сертификаттау объектісінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе жеке-дара бұйым). Сериялық шығарылатын өнім үшін "сериялық шығарылым" жазбасы жасалады. Өнімнің партиясы үшін партия көлемі, жеке-дара бұйым үшін – бұйымның зауыттық нөмірі, екі жағдайда да қосымша тауарға ілеспе құжаттаманың деректемелері көрсетіледі;
з) өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес коды (кодтары);
и) бөлімдері (тармақтары, тармақшалары) көрсетілген олардың талаптарына сәйкестікке сертификаттау жүргізілген және бірыңғай тізбеде көзделген нормативтік құжаттардың белгісі. Сертификаттауды жүргізу кезінде осы нормативтік құжаттар толығымен қолданылған жағдайда нормативтік құжаттардың бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) көрсетпеуге рұқсат етіледі;
к) олардың негізінде бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаты берілетін құжаттардың белгісі (атауы). Мұндай құжаттар ретінде сертификаттау схемасына қарай мыналар пайдаланылуы мүмкін:
Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) жүргізген сертификациялық зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің хаттамалары;
менеджмент жүйесінің сертификаты;
өндіріс жағдайын талдау актісі;
нөмірі, берілген күні және т.б. көрсетілген осы өнім үшін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген және уәкілетті органдар немесе мекемелер берген құжаттар (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ветеринариялық сертификат, фитосанитариялық сертификат, өрт қауіпсіздігі сертификаты және т.б.);
өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын басқа да құжаттар;
л) өнімді сақтау талаптары және мерзімі, жарамдылық мерзімі, өнімді сәйкестендіретін өзге де құжаттар (деректер қажет болған жағдайда беріледі);
м) бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификатының әрекет ету беделі, бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификатының әрекетін тоқтата тұру, қайта жаңарту немесе тоқтату күні мен негізі (бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификатының әрекеті тоқтатыла тұрған, қайта жаңартылған немесе тоқтатылған жағдайда);
н) бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификатына қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер (қосымша бланкісінің есепке алу нөмірі, қосымшадағы парақтар саны (егер қосымша мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес электронды нысанда рәсімделген жағдайда талап етілмейді)), сондай-ақ қосымшада қамтылған ақпарат (қосымша бар болса).
13. Бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларация туралы мәліметтер бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне мынадай ақпаратты қамтитын электронды жазба түрінде енгізіледі:
а) бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі, тіркелген күні және әрекет ету мерзімі;
б) өндірушінің, жеткізушінің толық атауы немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған жеке кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) немесе тұрғылықты жері (жеке кәсіпкер үшін) және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (мемлекеттің атауын қоса алғанда), телефон, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, заңды түлға немесе жеке кәсіпкер ретінде көрсетілген субъектілерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
в) орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары) (мемлекеттің атауын қоса алғанда);
г) өндіруші ұйым басшысының, бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияны қабылдайтын жеткізушінің лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;
д) оған қатысты бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларация қабылданған өнім туралы мәліметтер:
өнімнің толық атауы;
оны сәйкестендіруді қамтамасыз ееттін өнім туралы мәліметтер (типі, маркасы, моделі, артикулы және т.б.);
өнім оған сәйкес өндірілген нормативтік құқықтық актілердің және (немесе) техникалық нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың белгісі (бар болған жағдайда);
декларациялау объектісінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе жеке-дара бұйым). Сериялық шығарылатын өнім үшін "сериялық шығарылым" жазбасы жасалады. Өнімнің партиясы үшін партия көлемі, жеке-дара бұйым үшін – бұйымның зауыттық нөмірі, екі жағдайда да қосымша;
е) өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес коды (кодтары);
ж) олардың талаптарына сәйкестікке бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларация расталатын (бөлімдері (тармақтары, тармақшалары) көрсетіле отырып) және бірыңғай тізбеде көзделген нормативтік құжаттардың белгісі. Сәйкестікті декларациялауды жүргізу кезінде осы нормативтік құжаттар толығымен қолданылған жағдайда нормативтік құжаттардың бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) көрсетпеуге рұқсат етіледі;
з) олардың негізінде бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларация қабылданатын құжаттардың белгісі (атауы). Мұндай құжаттар ретінде мыналар пайдаланылуы мүмкін:
Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) жүргізген өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын сынақтардың хаттамалары;
нөмірі, берілген күні және т.б. көрсетілген осы өнім үшін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген және уәкілетті органдар, мекемелер немесе ұйымдар берген құжаттар (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ветеринариялық сертификат, фитосанитариялық сертификат, өрт қауіпсіздігі сертификаты және т.б.);
өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын басқа да құжаттар;
и) бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияны тіркеген сертификаттау жөніндегі органның толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары), телефон, факс нөмірі және электрондық пошта мекенжайы, сертификаттау жөніндегі органның аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі, аккредиттеу аттестатының тіркелген күні, аккредиттеу аттестатын берген аккредиттеу жөніндегі органның атауы;
к) бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның әрекет ету беделі, бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның әрекетін тоқтата тұру, қайта жаңарту немесе тоқтату күні мен негізі (бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның әрекеті тоқтатыла тұрған, қайта жаңартылған немесе тоқтатылған жағдайда);
л) бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияға қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер (қосымшадағы парақтар саны), сондай-ақ қосымшада қамтылған ақпарат (қосымша бар болса).
14. Мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша бірыңғай тізілімде қамтылған мәліметтерді ұсынуды Комиссия жүзеге асырады.
15. Бірыңғай тізілімде қамтылған мәліметтер ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.