Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) М.Ә.Құсайынов енгізген Трансшекаралық нарықта бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы № 22-АС-01 іс (бұдан әрі – № 22-АС-01 іс) бойынша 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 76-бабының бұзылуы туралы фактіні анықтау туралы мәселені қарады.
Істерді қарау тәртібінің 23-тармағына сәйкес 2017 жылғы 23 маусымда № 22-АС-01 істі қарау жөніндегі комиссияның төрағасы, Монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры А.Г.Сушкевич:
істі қарау жөніндегі комиссия мүшелерінің:
Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары А.А.Қалиевтің;
Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары Б.А.Исаеваның;
Монополияға қарсы реттеу департаментінің талдау және көлік және телекоммуникациялар нарығына тергеп-тексеру жүргізу бөлімінің бастығы Л.Н.Ярулиннің;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) монополияға қарсы ведомстволарының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы үшін жауапты қызметкерлерінің;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Экономикалық интеграция басқармасы басшысының;
Федералдық монополияға қарсы қызмет Өнеркәсіпті бақылау басқармасының металлургия бөлімі бастығының;
өтініш берушінің – "Кентау трансформатор зауыты" акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, И.Қожабаев көшесі, 2-үй) (бұдан әрі – "КТЗ" АҚ) өкілінің;
жауапкердің – "Новолипецк металлургия комбинаты" жария акционерлік қоғамы (398040, Ресей Федерациясы, Липецк облысы, Липецк қаласы, Металлургтер алаңы, 2-үй) (бұдан әрі – "НЛМК" ЖАҚ) өкілінің;
жауапкердің – "НЛМК" ЖАҚ және "ВИЗ – Сталь" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (620219, Ресей Федерациясы, Свердлов облысы, Екатеринбург қаласы, Киров көшесі, 28-үй) (бұдан әрі – "ИЗ – Сталь" ЖШҚ) өкілінің;
жауапкердің – "НЛМК" ЖАҚ және "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ өкілінің, "НЛМК" ЖАҚ вице-президентінің сату жөніндегі орынбасары – өнім маркетингі жөніндегі директорының;
жауапкердің – "НЛМК" ЖАҚ өкілінің қатысуымен № 22-АС-01 істі қараудың аяқталғаны туралы жариялады.
№ 22-АС-01 істі қарау нәтижелері бойынша мыналар анықталды.
Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) "НЛМК" ЖАҚ және "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ әрекеттерінде мүше мемлекеттердің аумақтарында электротехникалық анизотроптық болатты сату кезінде кемсітушілік жағдайлар жасау жолымен үстем жағдайды теріс пайдаланудан көрінетін Шарттың 76-бабының 1-тармағы 6-тармақшасының ережелірін бұзу белгілерінің болуы туралы "КТЗ" АҚ-ның 2016 жылғы 5 тамыздағы № 2016-370 өтініші (бұдан әрі – өтініш) келіп түсті.
2016 жылғы 10 тамызда Монополияға қарсы реттеу департаменті (бұдан әрі – Департамент) бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы істерге тергеп-тексеру жүргізуді және материалдар дайындауды қамтамасыз ететін Комиссияның құрылымдық бөлімшесі ретінде (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 112 шешімінің 1-тармағы) мүше мемлекеттердің монополияға қарсы ведомстволарына (Армения Республикасы Экономикалық бәсекелестікті қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссиясына, Беларусь Республикасының Экономика министрлігіне (2016 жылғы 8 қыркүйектен бастап Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне және Федералдық монополияға қарсы қызметке) (бұдан әрі – уәкілетті органдар) және "КТЗ" АҚ-ға өтініштің қарауға қабылданғаны туралы хабарлады (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 97 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібінің (бұдан әрі – Өтініштерді қарау тәртібі) 12-тармағының екінші абзацы).
Өтініштерді қарау тәртібінің 13-тармағына сәйкес уәкілетті органдар Комиссия қаралатын № 22-АС-01 істе трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының (бұдан әрі – бәсекелестік қағидалары) бұзылуына тергеп-тексеру жүргізуі кезінде онымен өзара іс-қимылға жауапты қызметкерлерінің кандидатураларын ұсынды.
Бәсекелестік қағидаларының бұзылуы белгілерін анықтау мақсатында (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 98 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу тәртібінің (бұдан әрі – Тергеп-тексеру тәртібі) 2-тармағының 1-тармақшасы), соның ішінде трансшекаралық нарықта шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайын анықтау мақсатында (Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (Шартқа № 19 қосымша) 4-тармағының екінші абзацы), Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 7 шешімімен бекітілген Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің (бұдан әрі тиісінше – Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттама, Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесі) 2016 жылғы 19 қыркүйектегі Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы ұйғарымның (Өтініштерді қарау тәртібінің 14-тармағы, Тергеп-тексеру тәртібінің 3-тармағының 1-тармақшасы) негізінде Департаменттің құқық қолдану практикасы және бәсекелестік қағидаларын бұзушылықтар туралы істерді қарауға материалдар дайындау бөлімінің кеңесшісі Б.Т.Иманбек және Департаменттің сауда және қызметтер саласын талдау және тергеп-тексеру жүргізу бөлімінің консультанты М.А.Кузнецов (бұдан әрі – Департамент қызметкерлері) бәсекелестік қағидаларын бұзудың ықтимал белгілерінің болуына қатысты тергеп-тексеруді бастады (Тергеп-тексеру тәртібінің 5-тармағы).
Бәсекелестік қағидаларын бұзу белгілерінің болуы немесе жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жеткіліксіздігіне байланысты, қосымша мәліметтер жинау және оларды талдау үшін Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы 2016 жылғы 12 желтоқсандағы ұйғарыммен тергеп-тексеру жүргізу мерзімін 60 жұмыс күніне ұзартты (Тергеп-тексеру жүргізу тәртібінің 6-тармағы). "КТЗ" АҚ уәкілетті органдарына тергеп-тексеру жүргізу мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда хабарланды.
Бәсекелестік қағидаларын бұзудың ықтимал белгілерінің болуын тергеп-тексеру шеңберінде Департамент қызметкерлері анизотроптық электротехникалық болаттың тауар нарығындағы бәсекелестіктің жағдайына бағалау жүргізді, оның нәтижелері бойынша талдамалық есеп дайындалды (Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 2-тармағының "а" және "б" тармақшалары, 3, 61 – 64-тармақтары).
Тауар нарығын зерттеудің, соның ішінде өтініште көрсетілген бәсекелестік қағидаларын бұзудың болжамды кезеңіндегі бәсекелестік жағдайын бағалау мақсаттарына арналған уақыт аралығы анизотроптық электротехникалық болаттың тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына жүргізілген бағалау шеңберінде 2015 жылғы 1 қаңтар – 2016 жылғы 30 маусым аралығындағы кезең (бұдан әрі – зерттелетін кезең) ретінде айқындалды (Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 6-тармағы).
Тауар нарығының өнімдік шекараларын айқындау анизотроптық электротехникалық болатты сатып алушылардан сұрастыру нәтижесінде алынған олардың пікірі негізге алына отырып жүргізілді (Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 13 және 16-тармақтары).
Анизотроптық электротехникалық болаттың өзара ауыстырылымдығын анықтау мақсатында "болжамдық монополист" тестісін жүргізу әдісі пайдаланылды (Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 18-тармағының "а" тармақшасы, 19-тармағы).
"Болжамдық монополист" тестісі тауар нарығының өнімдік шекараларын қалыңдығы 0,27 мм-ден 0,3 мм дейінгі, ені 600 мм және одан да көп 3407, 3408, 3409 маркалы электротехникалық анизотроптық болат құрайтынын көрсетті (өзге де қоспаланған болаттардан жасалған тегіс прокат, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай Тауар номенклатурасының коды 7225 11 000 0) (МЕМСТ 21427.1-83) "Электротехникалық анизотроптық жұқа табақты болат" (бұдан әрі – электротехникалық болат).
"Болжамдық монополист" тестісінің деректері, Одақтың ресми статистикалық органдарының және кеден органдарының деректерін талдау нәтижелері бойынша, сондай-ақ электротехникалық болатты тұтынушылардан сұрастыру нәтижелері бойынша, сатып алушының электротехникалық болаттың тауар нарығының Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының географиялық шекаралары шегінде электротехникалық болатты сатып алғаны және оны сатып алудың экономикалық, техникалық немесе өзге де мүмкіндігіне ие болғаны, электротехникалық болатты осылай сатып алуды орынды деп санағаны және сонымен бірге оны электротехникалық болат тауары нарығының Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының географиялық шекараларынан тыс жерлерде сатып алуды орынсыз деп санағаны анықталды (Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 23, 26 – 29-тармақтары).
Департамент қызметкерлері жүргізген электротехникалық болаттың тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайын бағалау нәтижелері бойынша географиялық шекараның Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарымен айқындалғанын негізге ала отырып, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген Нарықты трансшекаралыққа жатқызу критерийлерінің (бұдан әрі – Нарықты трансшекаралыққа жатқызу критерийлері) 2-тармағының талаптарын, Шарттың 74-бабының 2-тармағын және Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 26-тармағын ескере отырып, электротехникалық болаттың тауар нарығы трансшекаралық болып табылады деген қорытынды жасалды.
Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) басқа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) қатысатын, екі және одан көп мүше мемлекеттердің аумақтарындағы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін қатынастарындағы бәсекелестік қағидаларын бұзушылықтарының (Шарттың 74-бабының 2-тармағы, Нарықты трансшекаралыққа жатқызу критерийлерінің 1-тармағы) жолын кесу жөніндегі Комиссияның құзыретін айқындау мақсатында, электротехникалық болаттың тауар нарығында үстем жағдайды иеленетін және әрекеті белгіленген тыйым салуды бұзуға әкеп соқтыратын "НЛМК" ЖАҚ адамдары тобының зерттеліп отырған кезеңде электротехникалық болатты сату көлемінің үлесі бұзу қозғаған мүше мемлекеттердің әрқайсысының аумағында айналымдағы электротехникалық болаттың жалпы көлемінің кемінде 35% құрайтыны анықталды (Беларусь Республикасының аумағында – 100%, Қазақстан Республикасының аумағында – 100% және Ресей Федерациясының аумағында – 99,9%). Белгіленген тыйым салуды бұзу Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы тұтынушыларының мүдделерін бұзуға әкеп соқтырады (Нарықты трансшекаралыққа жатқызу критерийлерінің 5-тармағы).
Баяндалғандарды ескергенде, "НЛМК" ЖАҚ адамдары тобының осы жағдайдағы әрекеттерін қарау Комиссияның құзыретіне жатады.
Бәсекелестік жағдайын бағалау нәтижелері бойынша қызметін тауар нарығында жүзеге асыратын және тауар нарығын зерттеудің белгіленген уақыт аралығы шегінде электротехникалық болатты сататын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) құрамына "НЛМК" ЖАҚ және "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ кіретіні айқындалды.
"НЛМК" ЖАҚ зерттеліп отырған кезеңде "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ жарғылық капиталындағы 100% мөлшеріндегі үлестің меншік иесі (2006 жылы сатып алды) болып табылды, ол "НЛМК" ЖАҚ және "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ ұсынған ақпаратпен, сондай-ақ Федералдық салық қызметінің деректерімен расталады, осыған байланысты және "НЛМК" ЖАҚ және "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың 2-тармағының 5-тармақшасы бірінші абзацының негізінде "НЛМК" ЖАҚ бір тұлғалар тобын құрайды.
Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың 2-тармағы 5-тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес "НЛМК" ЖАҚ бірыңғай шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) ретінде қарастырылады, сонымен бірге, Шарттың ХVІІІ бөлімінің және Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) қатысты ережелері "НЛМК" ЖАҚ тұлғалар тобына – "НЛМК" ЖАҚ бірыңғай шаруашылық жүргізуші субъектісіне қолданылады және оған қатысты Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттамада көзделген ерекше жағдайлар белгіленген.
Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 39-тармағының "а" тармақшасына сәйкес және нарық субъектісі "НЛМК" ЖАҚ-тың электротехникалық болатты сату көлемінің сомасын негізге ала отырып және Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 40-тармағына сәйкес зерттеліп отырған кезеңде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының географиялық шекараларында электротехникалық болаттың тауар нарығының жалпы көлеміндегі "НЛМК" ЖАҚ үлесі 42,7 % құрайтыны, электротехникалық болаттың тауар нарығының жалпы көлеміндегі "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ үлесі 57,2 % құрайтыны анықталды.
Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 40-тармағының екінші абзацына сәйкес зерттеліп отырған кезеңде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының географиялық шекараларындағы электротехникалық болаттың тауар нарығында "НЛМК" ЖАҚ нарық субъектісінің үлесі "НЛМК" ЖАҚ мен "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ үлестерінің жиынтығы ретінде айқындалды және 99,9% құрады.
Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 41-тармағының "а" тармақшасына сәйкес зерттеліп отырған кезеңде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының географиялық шекараларындағы электротехникалық болаттың тауар нарығында нарықтық концентрация коэффициенті (СR3) есептелді, ол СR3 = 99,9% құрады.
Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 41-тармағының "б" тармақшасына сәйкес зерттеліп отырған кезеңде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының географиялық шекараларындағы электротехникалық болаттың тауар нарығында Герфиндаль-Гиршман нарықтық концентрациясының индексі (ННІ) есептелді, ол HHI = 9980 құрады.
Нарықтық концентрация коэффициентінің (СR3 = 99,9%) және Герфиндаль-Гиршман нарықтық концентрациясы индексінің (HHI, 2000 <= 9980 <= 10000) мәндеріне сәйкес Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 42-тармағының ережелерін негізге алғанда, зерттеліп отырған кезеңде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының географиялық шекараларындағы электротехникалық болаттың тауар нарығы концентрациясының деңгейі жоғары ретінде айқындалды.
Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 44-тармағына сәйкес тауар нарығына кіру кедергілері айқындалды, соның ішінде:
капитал салымдарының өтелімділігнің ұзақ мерзімі жағдайында тауар өндірісін жолға қою кезінде осындай едәуір капитал салымдарын жүзеге асыру қажеттілігі;
патенттер мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жоғары құны (электротехникалық болат өндірісінің бар технологияларына нарыққа әлеуетті қатысушылардың қол жеткізуі қиын және оларды өндіруші компаниялар (ерекше құқықтардың құқық иеленушілерінің) қорғайды);
Одақтың аумағында тауарды тұтынушылардың шектеулі саны (Одақта электротехникалық болатты өндіру көлемі осы тауарды тұтыну көлемінен асып кетеді, соның салдарынан нарықтағы жаңа өндіруші осындай тауарды өткізу саласындағы проблемаларға тап болудан қауіптенеді).
Тауар нарығы концентрациясының жоғары деңгейін, тауар нарығына кірудің жеңуі қиын кедергілерінің болуын, Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың 2-тармағының 15-тармақшасында көрсетілген бәсекелестікті шектеу белгілерінің болуын (Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін тауар бағасының тауар нарығындағы тауар айналымының өзге де жалпы шарттарының тиісті өзгерістерімен байланысты емес өсуі, сондай-ақ НЛМК нарығының субъектісіне тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы шарттарына біржақты тәртіппен ықпал ету мүмкіндігін жасайтын НЛМК нарығы субъектісінің 99,9 % мөлшеріндегі үлесі) негізге алғанда және Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесінің 49-тармағына сәйкес Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының географиялық шекараларында электротехникалық болаттың тауар нарығы зерттеліп отырған кезеңде бәсекесі дамымаған нарық ретінде айқындалды.
Департамент қызметкерлері жүргізген бәсекелестіктің жағдайын бағалау қорытындылары бойынша НЛМК нарығы субъектісінің үстем жағдайы анықталды.
Жүргізілген тергеп-тексерудің шеңберінде НЛМК нарығы субъектісі құжаттар мен мәліметтер ұсынды, оларға сәйкес зерттеліп отырған кезеңде электротехникалық болат бағасының 5,3 %-дан 23 % дейінгі мөлшерінде макроэкономикалық тәуекел коэффициентін қолдануды белгілейтін өкімге "НЛМК" ЖАҚ вице-президентінің сату жөніндегі орынбасары – өнімдік маркетинг жөніндегі директоры ай сайын қол қойып отырған, ал "НЛМК" ЖАҚ вице-президенті оны бекітіп отырған.
НЛМК нарығы субъектісі ұсынған деректерге сәйкес электротехникалық болаттың құнына қосымша макроэкономикалық тәуекел коэффициентінің мөлшері және қолданылуы белгіленетін тиісті өкімнің қолданылуы айына сәйкес есептелетін ақшалай қаражаттың сомасы алынып отырған.
Сондай-ақ НЛМК нарығының субъектісі көрсетілген ақшалай қаражаттың Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының тұтынушыларынан ғана алынғаны және Ресей Федерациясының тұтынушыларынан алынбағанын көрсететін ақпарат ұсынды.
Шарттың 76-бабының 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес нәтижесі басқа тұлғалардың мүдделеріне қысым жасау, соның ішінде Шартта және (немесе) мүше мемлекеттердің басқа халықаралық шарттарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, кемсітушілік жағдайлар жасау болып табылған немесе болып табылуы мүмкін үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) тыйым салынады. Шартта немесе мүше мемлекеттердің басқа да халықаралық шарттарында электромеханикалық болат нарығына қатысты ерекшеліктер белгіленбеген.
Тергеп-тексеру барысында бәсекелестік қағидаларын бұзу белгілерінің анықталуына байланысты, Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) 2017 жылғы 7 наурызда бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы іс қозғау және оны қарау туралы ұйғарым шығарды (Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың 10-тармағының 2 және 3-тармақшалары, Тергеп-тексеру тәртібінің 11-тармағының 1-тармақшасы, 13 және 16-тармақтары, Істерді қарау тәртібінің 2-тармағы), онымен № 22-АС-01 істі қарау бойынша комиссия құрылды.
Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесінің (Министр) тапсырмасы бойынша № 22-АС-01 істі қарау комиссиясының төрағасы трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау саласында уәкілетті Комиссия құрылымдық бөлімшесінің басшысын, Департамент директоры А.Г.Сушкевичті белгіледі (Істерді қарау тәртібінің 5-тармағы, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 112 шешімінің 1-тармағы).
Көрсетілген ұйғарымның көшірмесі уәкілетті органдарға және "КТЗ" АҚ-ға жіберілді (Тергеп-тексеру тәртібінің 17-тармағы).
№ 22-АС-01 істі қарау 2017 жылғы 26 сәуірге белгіленді.
2017 жылғы 26 сәуірде № 22-АС-01 істі қарау кезінде істі қарауға қатысқан адамдар тыңдалды, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданған, отырыстың хаттамасында көрініс тапқан өтініштер тыңдалып, талқыланды, дәлелдер зерттелді, істі қарауға қатысқан адамдардың іске қатысқан басқа да адамдар ұсынған дәлелдерге қатысты пікірлері мен түсініктемелері тыңдалды, істі қарауды кейінге қалдырудың негіздері және қажеттігі туралы мәселе талқыланды.
Қосымша дәлелдер алу қажеттілігіне байланысты (Істерді қарау тәртібінің 27-тармағының 2-тармақшасы), сондай-ақ № 22-АС-01 істі қарау жөніндегі комиссияның отырысына қарастырылып отырған істің мән-жайлары туралы мәліметтерді иеленетін тұлға ретінде "В.И.Козлов атындағы Минск электротехникалық зауыт" ААҚ (Беларусь Республикасы, 220037, Минск қаласы, Уралская көшесі, 4) тарту үшін (Істерді қарау тәртібінің 27-тармағының 3-тармақшасы) және "НЛМК" ЖАҚ-ның сенімхаты бойынша "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ өкілдері мәлімдеген өтінішті, соның ішінде № 22-АС-01 істі қарау жөніндегі комиссияның істі қарауды кейінге қалдыруы туралы өтінішті назарға ала отырып, оны қарау 2017 жылғы 17 мамырға, 10 сағат 00 минутқа кейінге қалдырылды, ол туралы 2017 жылғы 26 сәуірде № 22-АС-01 істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарылды (Істерді қарау тәртібінің 32-тармағы, 41-тармағының 5-тармақшасы).
2017 жылғы 17 мамырда № 22-АС-01 істі қарау кезінде істі қарауға қатысқан адамдар тыңдалды, дәлелдер зерттелді, істі қарауға қатысқан адамдардың іске қатысқан басқа да адамдар ұсынған дәлелдерге қатысты пікірлері мен түсініктемелері тыңдалды, қарастырылып отырған істің мән-жайлары туралы мәліметтерді иеленетін адамдар тыңдалды, істі қарауды кейінге қалдырудың негіздері және қажеттігі туралы мәселе талқыланды.
Сондай-ақ 2017 жылғы 17 мамырда № 22-АС-01 істі мәні бойынша қарау барысында "НЛМК" ЖАҚ мен "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ-ның № 22-АС-01 істі қарауға сарапшылар ретінде "М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университеті" жоғары білім беретін Федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесін (ММУ экономика факультеті, мекенжайы: 119991, Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, Ленин таулары, 1-үй, 46-құр.) және Steel-Insights LLC (Becky E. Hites, President). Сарапшыларға сұрақтардың, жоспарланатын сараптама мәнінің және қарастырылып отырған тауар нарығы саласында тәжірибе мен арнайы білімнің болуын растайтын дәлелдердің болмауына байланысты, көрсетілген өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды (Істерді қарау тәртібінің 18-тармағы). Сондай-ақ қосымша дәлелдер алу қажеттігіне байланысты (Істерді қарау тәртібінің 27-тармағының 2-тармақшасы) № 22-АС-01 істі қарау 2017 жылғы 20 маусымға, 10 сағат 00 минутқа кейінге қалдырылды, ол туралы 2017 жылғы 17 мамырда № 22-АС-01 істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарылды (Істерді қарау тәртібінің 32-тармағы, 41-тармағының 5-тармақшасы).
2017 жылғы 20 маусымда № 22-АС-01 істі қарау кезінде істі қарауға қатысқан адамдар тыңдалды, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданған, отырыстың хаттамасында көрініс тапқан өтініштер тыңдалып, талқыланды, дәлелдер зерттелді, істі қарауға қатысқан адамдардың іске қатысқан басқа да адамдар ұсынған дәлелдерге қатысты пікірлері мен түсініктемелері тыңдалды, қарастырылып отырған істің мән-жайлары туралы мәліметтерді иеленетін адамдар тыңдалды, істі қарауды кейінге қалдырудың негіздері және қажеттігі туралы мәселе талқыланды.
2017 жылғы 20 маусымда № 22-АС-01 істі қарау кезінде № 22-АС-01 істі қарау жөніндегі комиссияның төрағасы А.Г.Сушкевич 2017 жылғы 23 маусым, 10 сағат 00 минутқа дейін үзіліс жариялады.
2017 жылғы 23 маусымда № 22-АС-01 істі қарау жөніндегі:
комиссия төрағасы – Декпартамент директоры А.Г.Сушкевич;
комиссия мүшелері:
Департамент директорының орынбасары А.А.Қалиев;
Департамент директорының орынбасары Б.А.Исаев;
талдау және көлік және телекоммуникациялар нарығына тергеп-тексеру жүргізу бөлімінің бастығы Л.Н.Ярулин құрамдағы комиссия;
мыналардың:
Федералдық монополияға қарсы қызмет Өнеркәсіпті бақылау басқармасының металлургия бөлімі бастығының;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Экономикалық интеграция басқармасы басшысының;
"КТЗ" АҚ өкілінің;
"НЛМК" ЖАҚ өкілінің;
"НЛМК" ЖАҚ және "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ өкілінің;
"НЛМК" ЖАҚ вице-президентінің сату жөніндегі орынбасары – өнім маркетингі жөніндегі директорының ("НЛМК" ЖАҚ және "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ өкілінің);
"НЛМК" ЖАҚ өкілінің қатысуымен № 22-АС-01 істі қарауды жалғастырды.
№ 22-АС-01 іс бойынша дәлелдер зерттелгеннен, істі қарауға қатысқан адамдардың пікірлері баяндалғаннан, № 22-АС-01 істі қарау жөніндегі комиссия зерттелудегі мән-жайлар туралы мәліметтерді иеленетін адамдарға сұрастыру жүргізгеннен кейін, № 22-АС-01 істі қарау жөніндегі комиссия мыналарды анықтады:
электротехникалық болаттың бағасын НЛМК нарығының субъектісі тауардың құнынан, жеңілдіктер мен қосымша ақылардан қалыптастырды ("НЛМК" ЖАҚ-тың 2016 жылғы 13 қыркүйектегі шығыс № 149/00221 хаты), бұл ретте № 22-АС-01 істің қолда бар материалдарына сәйкес (соның ішінде "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ-ның 2016 жылғы 23 қарашадағы шығыс № 34-10-1/440 хаты) базалық баға Ресей Федерациясының тұтынушылары мен мүше мемлекеттердің тұтынушылары үшін кемсітушілік жағдайлары пайдаланылмастан бір үлгіде есептелді;
зерттеліп отырған кезеңде НЛМК нарығының субъектісі ай сайын электротехникалық болат бағасының 5,3 %-дан 23 % дейінгі мөлшерінде макроэкономикалық тәуекел коэффициентімен айқындалатын және Ресей Федерациясының тұтынушылары үшін қолданылмаған, Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының тұтынушыларына сатылатын сатып алынатын электротехникалық болаттың құнынан басқа қосымша төлеуге жататын қосымша ақы белгіледі (электротехникалық болат тапсырыстарына қосымша шарттар туралы: (2014 жылғы 15 желтоқсандағы (2015 жылғы қаңтарға), 2015 жылғы 15 қаңтардағы (2015 жылғы ақпанға), 2015 жылғы 15 ақпандағы (2015 жылғы наурызға), 2015 жылғы 15 наурыздағы (2015 жылғы сәуірге), 2015 жылғы 15 сәуірдегі (2015 жылғы мамырға), 2015 жылғы 29 мамырдағы (2015 жылғы маусымға), 2015 жылғы 29 маусымдағы (2015 жылғы шілдеге), 2015 жылғы 15 шілдедегі (2015 жылғы тамызға), 2015 жылғы 11 тамыздағы (2015 жылғы қыркүйекке), 2015 жылғы 24 қыркүйектегі (2015 жылғы қазанға), 2015 жылғы 16 қазандағы (2015 жылғы қарашаға), 2015 жылғы 11 қарашадағы (2015 жылғы желтоқсанға), 2015 жылғы 15 желтоқсандағы (2016 жылғы қаңтарға), 2016 жылғы 18 қаңтардағы (2016 жылғы ақпанға), 2016 жылғы 16 ақпандағы (2016 жылғы наурызға), 2016 жылғы 15 наурыздағы (2016 жылғы сәуірге), 2016 жылғы 8 сәуірдегі (2016 жылғы мамырға) және 2016 жылғы 12 мамырдағы өкімдер (2016 жылғы маусымға) (бұдан әрі – "НЛМК" ЖАҚ-тың өкімдері);
зерттеліп отырған кезеңде НЛМК нарығының субъектісі жақын шет елдер үшін ай сайын белгілейтін қосымша ақы (электротехникалық болат бағасының 5,3 %-дан 23 % дейінгі мөлшерінде макроэкономикалық тәуекел коэффициентін белгілеу жолымен айқындалатын) мүше мемлекеттердің (Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы) тұтынушылары үшін ерекшеліктерді көздемеді және оларға қатысты қолданылды (Ресей Федерациясының тұтынушыларына қатысты қолданылмады), бұл үстем жағдайды иеленетін НЛМК нарығы субъектісінің теріс пайдалануы болып табылады, оның нәтижесі Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін Ресей Федерациясының тұтынушыларымен салыстырғанда электротехникалық болат сатуда кемсітушілік жағдайлар жасау болып табылады және ол Шарттың 76-бабы 1-тармағының 6-тармақшасын бұзады;
көрсетілген шарттар зерттеліп отырған кезеңде Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының тұтынушыларына электротехникалық болаттың барлық жеткізілімдерін жүзеге асыру кезінде қолданылды, өйткені мұндай тұтынушылар жеткізудің өзге де бірдей шарттары кезінде тауардың бір бірлігі үшін Ресей Федерациясының тұтынушылары төлеген бағадан макроэкономикалық тәуекел коэффициентіне асатын бағаны төледі. Электротехникалық болат жеткізілімдерінің тұтынушылар бөлінісіндегі көлемі және құны туралы ақпараттың құпия ақпаратқа жататындығын ескере отырып, көрсетілген деректер келтірілмейді.
ұлттық валюталардың құбылмалылығымен, төлем қабілетті сұраныстың төмендеуімен, тұтынудың шағын көлемімен және тұрақсыздығымен, сатып алушылардың аз санымен түсіндірілетін жоғары тәуекелдерді және осы тауар нарықтарының тұрақсыздығының орнын толтыру мақсатында зерттеліп отырған кезеңде үшінші елдер үшін макроэкономикалық тәуекел коэффициентін қолдануы туралы НЛМК нарығы субъектісінің дәлелі өз растауын таппады және № 22-АС-01 істің материалдарымен жоққа шығарылады. № 22-АС-01 істі қарау жөніндегі комиссия Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының тұтынушыларына электротехникалық болатты сату тұрақты жүзеге асырылғанын, жеткізілімдер бойынша төлемнің Ресей рублімен және 100-пайыздық алдын ала төлеммен жүргізілгенін анықтады және ол № 22-АС-01 істің материалдарымен расталады, осыған байланысты НЛМК нарығы субъектісінің аталған дәлелдері назарға алынбайды және макроэкономикалық тәуекел коэффициентін қолданудың негізділігі фактісі расталмайды.
зерттеліп отырған кезеңде Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін қосымша төлеуге жататын қосымша ақыны айқындау үшін НЛМК нарығы субъектісінің электротехникалық болат бағасының 5,3 %-дан 23 % дейінгі мөлшерінде ай сайынғы макроэкономикалық тәуекел коэффициентін қолдануын белгілейтін (Ресей Федерациясының тұтынушыларына қолданылмайтын) "НЛМК" ЖАҚ-ның өкімдеріне "НЛМК" ЖАҚ вице-президентінің сату жөніндегі орынбасары – өнім маркетингі жөніндегі директоры қол қойды, ол тергеп-тексеру жүргізу кезінде Комиссияның сұратуы бойынша ұсынылған "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ атынан металл өніміне бағаны айқындау бойынша келіссөздер жүргізуге уәкілеттік берілген қызметкер ретінде "НЛМК" ЖАҚ вице-президентінің сату жөніндегі орынбасары – өнім маркетингі жөніндегі директорына уәкілеттік беру туралы ақпаратпен ("ВИЗ – Сталь" ЖШҚ-ның 2016 жылғы 23 қарашадағы шығыс № 34-10-1/440 хаты) расталады. № 22-АС-01 істі қарау кезінде "НЛМК" ЖАҚ өкімдерге қол қою фактісін теріске шығармады, алайда мұны құқық бұзушылық деп есептемеді. Зерттеліп отырған кезеңде Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін НЛМК нарығы субъектісінің электротехникалық болат бағасының 5,3 %-дан 23 % дейінгі мөлшерінде ай сайынғы макроэкономикалық тәуекел коэффициентін қолдануын белгілейтін (Ресей Федерациясының тұтынушыларына қолданылмайтын) өкімдерді "НЛМК" ЖАҚ вице-президенті бекіткен болатын. № 22-АС-01 істі қарау кезінде "НЛМК" ЖАҚ вице-президентінің "НЛМК" ЖАҚ өкімдерін бекіту фактісін теріске шығармады, алайда мұны құқық бұзушылық деп есептемеді. Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының тұтынушыларына макроэкономикалық тәуекел коэффициентінің қолданылуы соның ішінде, Комиссияның сұратуы бойынша ұсынылған ақпаратпен расталады: "НЛМК" ЖАҚ (2017 жылғы 14 маусымдағы шығыс № 288/00114, 2016 жылғы 23 қарашадағы шығыс № 149/00345) және "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ (2016 жылғы 23 қарашадағы шығыс № 34-10-1/440);
НЛМК нарығы субъектісінің Шарттың 76-бабы 1-тармағының 6-тармақшасын бұзуы фактісін "НЛМК" ЖАҚ және "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ өкілдері мойындамады;
2017 жылғы 26 сәуірде № 22-АС-01 істі қарау шеңберінде сұратылған, соның ішінде "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ-ның электротехникалық болатты сатудан түскен түсімінің мөлшері (№ 22-АС-01 істі қарауды кейінге қалдыру туралы 2017 жылғы 7 наурыздағы ұйғарымның 4.3-тармағы) және "НЛМК" ЖАҚ түсімінің мөлшері (№ 22-АС-01 істі қарауды кейінге қалдыру туралы 2017 жылғы 7 наурыздағы ұйғарымның 5.3-тармағы) туралы ақпаратты НЛМК нарығы субъектісі ұсынды ("НЛМК" ЖАҚ-тың 2017 жылғы 15 мамырдағы шығыс № 288/00086 хаты) (ақпарат таратылуы шектеулі санатқа жатады).
Баяндалғандарды ескере отырып, 2017 жылғы 23 маусымда № 22-АС-01 істі қарау жөніндегі комиссия Істерді қарау тәртібінің 23-тармағына сәйкес № 22-АС-01 істі қараудың аяқталғаны және № 22-АС-01 іс бойынша Комиссия Алқасы шешімінің жобасын дайындау, оны Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінде көзделген тәртіппен Комиссия Алқасының қарауына енгізу үшін Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесіне (Министр) жіберу туралы жариялады.
Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың 10-тармағының 3-тармақшасын және 16-тармағын, Істерді қарау тәртібінің 44-тармағын, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар есептеу әдістемесін және оларды салу тәртібін басшылыққа ала отырып, Комиссия Алқасы шешті:
1. № 22-АС-01 істі тоқтату үшін Істерді қарау тәртібінің 46-тармағында көзделген негіздемелердің жоқтығы танылсын.
2. Ресей Федерациясының тұтынушылары үшін электротехникалық болатты сату кезінде қолданылмаған, зерттеліп отырған кезеңде Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының тұтынушылары сатып алатын электротехникалық болаттың құнына қосымша төлеуге жататын қосымша ақыны айқындайтын, электротехникалық болат бағасының 5,3 %-дан 23 % дейінгі мөлшеріндегі ай сайынғы макроэкономикалық тәуекел коэффициенттерін белгілеуден және қолданудан көрінетін НЛМК нарығы үстем субъектісінің әрекеті Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін электротехникалық болат сатуда кемсітушілік жағдай және Шарттың 76-бабы 1-тармағының 6-тармақшасын бұзу деп танылсын.
3. Зерттеліп отырған кезеңде ай сайынғы макроэкономикалық тәуекел коэффициенттерін белгілеу жөніндегі "НЛМК" ЖАҚ өкімдерін бекітуден көрінетін "НЛМК" ЖАҚ вице-президентінің әрекеті Шарттың 76-бабы 1-тармағының 6-тармақшасын бұзу деп танылсын.
4. Зерттеліп отырған кезеңде ай сайынғы макроэкономикалық тәуекел коэффициенттерін белгілеу жөніндегі "НЛМК" ЖАҚ өкімдеріне қол қоюдан көрінетін "НЛМК" ЖАҚ вице-президентінің сату жөніндегі орынбасары – өнімдік маркетинг жөніндегі директорының әрекеті Шарттың 76-бабы 1-тармағының 6-тармақшасын бұзу деп танылсын.
5. Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар есептеу әдістемесіне және оларды салу тәртібіне сәйкес және Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың 16-тармағының негізінде:
бәсекелестік қағидаларының ұзақ уақыт бойы (1 жыл және одан да ұзақ уақыт) бұзуды жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде және жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың жоқтығын назарға ала отырып, "НЛМК" ЖАҚ вице-президентіне 101 250 Ресей рублі мөлшерінде айыппұл тағайындалсын;
бәсекелестік қағидаларының ұзақ уақыт бойы (1 жыл және одан да ұзақ уақыт) бұзуды жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде және құқық бұзушының № 22-АС-01 істі қарау жөніндегі комиссияға жәрдем көрсетуін жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде назарға ала отырып, "НЛМК" ЖАҚ вице-президентінің сату жөніндегі орынбасары – өнімдік маркетинг жөніндегі директорына 95 833 Ресей рублі мөлшерінде айыппұл тағайындалсын;
бәсекелестік қағидаларының ұзақ уақыт бойы (1 жыл және одан да ұзақ уақыт) бұзуды жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде және құқық бұзушының № 22-АС-01 істі қарау жөніндегі комиссияға жәрдем көрсетуін жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде назарға ала отырып, "НЛМК" ЖАҚ-қа 77 781 511 Ресей рублі мөлшерінде айыппұл тағайындалсын;
бәсекелестік қағидаларының ұзақ уақыт бойы (1 жыл және одан да ұзақ уақыт) бұзуды жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде және құқық бұзушының № 22-АС-01 істі қарау жөніндегі комиссияға жәрдем көрсетуін жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде назарға ала отырып, "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ-қа 139 586 073 Ресей рублі мөлшерінде айыппұл тағайындалсын.
Осы Шешіммен тағайындалған айыппұлдар аумағында бәсекелестік қағидаларын бұзған шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) тіркелген немесе жеке тұлға уақытша тұратын мүше мемлекеттің бюджетіне аударуға жатады.
Осы Шешіммен тағайындалған айыппұлдарды шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі), жеке тұлға Комиссия айыппұл салу туралы шешім қабылдаған күні көрсетілген мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілеген бағам бойынша аумағында бәсекелестік қағидаларын бұзған шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) тіркелген немесе жеке тұлға уақытша тұратын мүше мемлекеттің ұлттық валютасымен төлейді.
6. НЛМК нарығы субъектісіне мүше мемлекеттердің аумақтарында тіркелген сатып алушыларға қатысты электротехникалық болатқа берілетін тапсырыстарға кемсітушілік қосымша шарттар, соның ішінде электротехникалық болатқа жалпы белгіленген бағаны арттыратын макроэкономикалық тәуекел коэффициентін қолдану туралы өкім шығармауға және оны қолданбауға нұсқау берілсін.
7. "НЛМК" ЖАҚ вице-президенті, "НЛМК" ЖАҚ вице-президентінің сату жөніндегі орынбасары – өнімдік маркетинг жөніндегі директоры, "НЛМК" ЖАҚ және "ВИЗ – Сталь" ЖШҚ осы Шешім күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімде Комиссияға осы Шешімнің 5 және 6-тармақтарының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
8. Осы Шешімге Одақ Сотына белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
9. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |