Аумағында тауарларды уақытша сақтау, кедендік транзиттің кедендік рәсім қолданысын аяқтау жүзеге асырылатын және (немесе) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енуге үміткер заңды тұлғаның көлік құралдары мен жұмыскерлеріне кедендік бақылау жүргізілетін құрылыстарға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктеріне) қойылатын талаптарды бекіту туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 3 қазандағы № 131 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 433-бабы 3-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Аумағында тауарларды уақытша сақтау, кедендік транзиттің кедендік рәсім қолданысын аяқтау жүзеге асырылатын және (немесе) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енуге үміткер заңды тұлғаның көлік құралдары мен жұмыскерлеріне кедендік бақылау жүргізілетін құрылыстарға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктеріне) қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 3 қазандағы
№131 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Аумағында тауарларды уақытша сақтау, кедендік транзиттің кедендік рәсім
қолданысын аяқтау жүзеге асырылатын және (немесе) уәкілетті экономикалық
операторлар тізіліміне енуге үміткер заңды тұлғаның көлік құралдары мен
жұмыскерлеріне кедендік бақылау жүргізілетін құрылыстарға, үй-жайларға
(үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың
бөліктеріне) қойылатын талаптар

І. Аумағында тауарларды уақытша сақтау, кедендік транзиттің кедендік рәсім
қолданысын аяқтау жүзеге асырылатын және (немесе) кедендік бақылау жүргізілетін
құрылыстарға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық
алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктеріне) қойылатын талаптар

      1. Екінші немесе үшінші типті уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік берілумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енуге үміткер заңды тұлға (бұдан әрі – заңды тұлға) аумағында тауарларды уақытша сақтау, кедендік транзиттің кедендік рәсім қолданысын аяқтау жүзеге асырылатын және (немесе) кедендік бақылау жүргізілетін (бұдан әрі – уәкілетті экономикалық оператордың аумағы) құрылыстарды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды (ашық алаңдардың бөліктерін), олардың мыналарды:

      а) кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын;

      б) кедендік бақылаудағы тауарлармен және көлік құралдарымен кеден органының рұқсатынсыз түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операцияларын жасауға жол бермеуді;

      в) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі шартымен пайдалануға тиіс.

      2. Заңды тұлға уәкілетті экономикалық оператордың аумағында:

      а) көрсетілген аумаққа жапсарлас жатқан тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, қатты (бетонды, асфальтты немесе өзге де) жабынның;

      б) көлік құралдарына арналған тұрақтың;

      в) ашық алаңдардың (ашық алаңдардың бөліктерінің) бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршаудың;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 319-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік бақылау аймақтарын белгілеудің;

      д) тауарлар мен көлік құралдарын кедендік қарап тексеру немесе кедендік тексеру үшін бөлінген орындардың;

      е) көрсетілген аумаққа техникалық жағынан жарамды кірме жолдардың;

      ж) мыналарды:

      заңды тұлғаның жұмыскерлерін сәйкестендіруді жүзеге асыра отырып, олардың көрсетілген объектілерге кіру рұқсатын;

      заңды тұлғаның жұмыскерлері болып табылмайтын адамдарды сәйкестендіруді жүзеге асыра отырып, олардың көрсетілген объектілерге кіру рұқсатын;

      өзінің заңды тұлғадағы қызметін тоқтатқан жұмыскерлердің көрсетілген объектілер мен ақпараттық жүйелерге кіру рұқсатының жедел күшін жоюды қамтамасыз ететін көрсетілген аумақта орналасқан объектілерге, соның ішінде тауарларды тиеу (түсіру) және сақтау орындарына және көлік құралдарына рұқсатсыз енуді жоққа шығаратын ұйымдастырылған өткізу режимі мен күзеттің;

      з) тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін, күнтізбелік 30 күннің ішінде бейнеақпаратты қарап шығуды, жазуды және сақтауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған көлік құралдарының кіруін (шығуын) және адамдардың кіруін (шығуын) бақылау жүйесінің;

      и) ашық алаңдарды (ашық алаңдардың бөліктерін) қоспағанда, күзет және өрт дабылдамасының;

      к) бейне бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жарықтандырудың;

      л) тауарларды өлшеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, көрсетілген аумаққа, атап айтқанда, палеталарға, поддондарға және тауарларды тасымалдау үшін қолданылатын басқа да ыдыстарға орналастыру үшін болжанатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өлшеу шектері және өлшеу дәлдігінің көрсеткіштері бар таразы жабдығының (өлшеу құралдарының);

      м) тауарларға кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті тиеу-түсіру техникасы мен механизмдерінің;

      н) кеден органының лауазымды адамдары кеден операцияларын жасау, кедендік бақылауды жүргізу және кедендік құжаттарды ресімдеу кезінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыру уақытында ұсынылатын ұйымдастыру техникасымен және байланыс құралдарымен жарақталған үй-жайлардың (орындардың) (қажет болған жағдайда көрсетілген үй-жайлар (орындар) көрсетілген аумаққа тікелей жақын жерде орналастырылуы мүмкін) болуын қамтамасыз етуге тиіс.

ІІ. Заңды тұлғаның көлік құралдарына қойылатын талаптар

      3. Заңды тұлғаның тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын (тасымалдаушы болып табылатын) көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 364-бабына сәйкес кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға арналған халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиіс.

ІІІ. Заңды тұлғаның жұмыскерлеріне қойылатын талаптар

      4. Заңды тұлғаның жұмыскерлері мынадай талаптарға сәйкес болуға тиіс:

      а) лауазымдық міндеттеріне кедендік операцияларды ұйымдастыру және (немесе) жасау кіретін жұмыскерлердің кеден ісі саласында кәсіби даярлығы және (немесе) осы салада кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуға тиіс.

      Армения Республикасында заңды тұлғаның жұмыскерлері көрсетілген талаптарға қосымша Армения Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарға сәйкес болуға тиіс;

      б) заңды тұлғаның қауіпсіздігін және уәкілетті экономикалық оператордың аумағын күзетуді ұйымдастыру үшін жауапты жұмыскерлердің қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кәсіби даярлығы және (немесе) осы салада кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуға тиіс;

      в) ақпаратты қорғау құралдарын қамтитын автоматтандырылған ақпараттық жүйені қолдануға жауапты жұмыскерлердің ақпараттық технологиялар саласында кәсіби даярлығы және (немесе) осы салада кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуға тиіс.

      5. Егер қажетті жұмыстарды орындауға кеден өкілдері, мамандандырылған күзет ұйымдарының және қызметін ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласында жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыскерлері шарттық негізде тартылса, заңды тұлғаның осы Талаптардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін жұмыскерлері болмауы мүмкін.

Об утверждении Требований к сооружениям, помещениям (частям помещений) и (или) открытым площадкам (частям открытых площадок), на территории которых будет осуществляться временное хранение товаров, завершение действия таможенной процедуры таможенного транзита и (или) проводиться таможенный контроль, к транспортным средствам и работникам юридического лица, претендующего на включение в реестр уполномоченных экономических операторов

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 03 октября 2017 года № 131

      В соответствии с подпунктом 4 пункта 3 статьи 433 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Утвердить прилагаемые Требования к сооружениям, помещениям (частям помещений) и (или) открытым площадкам (частям открытых площадок), на территории которых будет осуществляться временное хранение товаров, завершение действия таможенной процедуры таможенного транзита и (или) проводиться таможенный контроль, к транспортным средствам и работникам юридического лица, претендующего на включение в реестр уполномоченных экономических операторов.

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты его официального опубликования, но не ранее даты вступления в силу Договора о Таможенном кодексе Евразийского экономического союза от 11 апреля 2017 года.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Т. Саркисян

  УТВЕРЖДЕНЫ
Решением Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 3 октября 2017 г. № 131

ТРЕБОВАНИЯ
к сооружениям, помещениям (частям помещений)
и (или) открытым площадкам (частям открытых площадок),
на территории которых будет осуществляться временное хранение товаров, завершение действия таможенной процедуры
таможенного транзита и (или) проводиться таможенный контроль,
к транспортным средствам и работникам юридического лица, претендующего на включение в реестр уполномоченных
экономических операторов

I. Требования к сооружениям, помещениям (частям помещений)
и (или) открытым площадкам (частям открытых площадок),
на территории которых будет осуществляться временное хранение товаров, завершение действия таможенной процедуры
таможенного транзита и (или) проводиться таможенный контроль

      1. Юридическое лицо, претендующее на включение в реестр уполномоченных экономических операторов с выдачей свидетельства о включении в реестр уполномоченных экономических операторов второго или третьего типа (далее – юридическое лицо), должно использовать сооружения, помещения (части помещений) и (или) открытые площадки (части открытых площадок), на территории которых будет осуществляться временное хранение товаров, завершение действия таможенной процедуры таможенного транзита и (или) проводиться таможенный контроль (далее – территория уполномоченного экономического оператора), при условии, что они обеспечивают:

      а) сохранность товаров и транспортных средств, находящихся под таможенным контролем;

      б) недопущение совершения с товарами и транспортными средствами, находящимися под таможенным контролем, разгрузки, перегрузки (перевалки) и иных грузовых операций без разрешения таможенного органа;

      в) возможность проведения в отношении товаров и транспортных средств таможенного контроля.

      2. Юридическое лицо должно обеспечить наличие на территории уполномоченного экономического оператора:

      а) твердого (бетонного, асфальтового или иного) покрытия, включая примыкающие к указанной территории погрузочно-разгрузочные площадки;

      б) стоянки для транспортных средств;

      в) непрерывного ограждения открытых площадок (частей открытых площадок) по всему периметру;

      г) обозначения зон таможенного контроля в порядке, установленном законодательством государств – членов Евразийского экономического союза о таможенном регулировании, в соответствии с пунктом 4 статьи 319 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза;

      д) места, выделенного для проведения таможенного осмотра или таможенного досмотра товаров и транспортных средств;

      е) технически исправных подъездных путей к указанной территории;

      ж) организованного пропускного режима и охраны, исключающих несанкционированный доступ на объекты, расположенные на указанной территории, в том числе к местам погрузки (разгрузки) и хранения товаров и к транспортным средствам, и обеспечивающих:

      допуск к указанным объектам работников юридического лица с осуществлением их идентификации;

      доступ к указанным объектам лиц, не являющихся работниками юридического лица, с осуществлением их идентификации и регистрации;

      оперативное аннулирование допуска работников, прекративших свою деятельность у юридического лица, к указанным объектам и информационным системам;

      з) систем контроля въезда (выезда) транспортных средств и входа (выхода) лиц, оборудованных средствами видеонаблюдения, функционирующими в круглосуточном режиме, позволяющими осуществлять просмотр, запись и хранение видеоинформации в течение 30 календарных дней;

      и) охранной и пожарной сигнализации, за исключением открытых площадок (частей открытых площадок);

      к) освещения, позволяющего обеспечить видеонаблюдение;

      л) весового оборудования (средств измерений) с пределами взвешивания и показателями точности измерений, соответствующими требованиям законодательства государств – членов Евразийского экономического союза, обеспечивающего возможность взвешивания товаров, предполагаемых для размещения на указанной территории, в частности на палетах, поддонах и в другой многооборотной таре, применяемой для транспортировки товаров;

      м) погрузо-разгрузочной техники и механизмов, необходимых для проведения таможенного контроля товаров;

      н) помещений (мест), оснащенных оргтехникой и средствами связи, которые предоставляются на время осуществления должностными лицами таможенного органа своих полномочий при совершении ими таможенных операций, проведении таможенного контроля и оформлении таможенных документов (при необходимости указанные помещения (места) могут размещаться в непосредственной близости от указанной территории).

II. Требования к транспортным средствам юридического лица

      3. Транспортные средства юридического лица, осуществляющего перевозку (являющегося перевозчиком) товаров, должны отвечать требованиям, которые предъявляются к транспортным средствам международной перевозки для перевозки товаров под таможенными пломбами и печатями в соответствии со статьей 364 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза.

III. Требования к работникам юридического лица

      4. Работники юридического лица должны соответствовать следующим требованиям:

      а) работники, в должностные обязанности которых входят организация и (или) совершение таможенных операций, должны иметь профессиональную подготовку в сфере таможенного дела и (или) опыт работы в данной сфере не менее 2 лет.

      В Республике Армения дополнительно к указанным требованиям работники юридического лица должны соответствовать иным требованиям, установленным законодательством Республики Армения;

      б) работники, ответственные за организацию безопасности юридического лица и охрану территории уполномоченного экономического оператора, должны иметь профессиональную подготовку в сфере обеспечения безопасности и охраны и (или) опыт работы в данной сфере не менее 2 лет;

      в) работники, ответственные за применение автоматизированной информационной системы, содержащей средства защиты информации, должны иметь профессиональную подготовку в сфере информационных технологий и (или) опыт работы в данной сфере не менее 2 лет.

      5. Юридическое лицо может не иметь работников, соответствующих требованиям, установленным в пункте 4 настоящих Требований, если к выполнению необходимых работ на договорной основе привлекаются таможенные представители, работники специализированных охранных организаций и организаций, осуществляющих деятельность в сфере информационных и телекоммуникационных технологий.