Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 284 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдер қабылдауы тәртібінің 14-тармағының "а" тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі "Балалардың бір реттік жөргектерін Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша сыныптау туралы" № 156 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) атауындағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әртүрлі материалдардан дайындалған, олардағы бұйымға негізгі қасиетті – сұйықты жинауды және ұстап тұруды беретін сіңіру қабаты химиялық талшықтар қосылып немесе онысыз түтеленген целлюлозаны және химиялық ылғал сіңіргіш материалды (суперабсорбентті) құрайтын бірнеше қабаттан тұратын балалардың бір реттік жөргектері сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1, 3 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9619 00 810 9 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |