Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 144-бабының 3 және 4-тармақтарына, 145-бабы, 7-тармағының төртінші абзацына, 148-бабының 3-тармағына, 149-бабының 2-тармағына, 151-бабының 10-тармағына және 13-тармағының екінші абзацына, 304-бабының 16-тармағына, 305-бабының 6-тармағына, 306-бабының 7-тармағына, 307-бабының 5-тармағына және 377-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Осы мемлекеттердің аумақтарында көліктің бір түрінің көлік құралынан, көліктің басқа түрінің көлік құралына оларды қайта тиеу (ауыстырып тиеу) жүзеге асырыла отырып, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кеден аумағының бір бөлігінен Одақтың кеден аумағының басқа бөлігіне тасылатын (тасымалданатын), Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 27-тобында сыныпталған, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) тауарларына қатысты, Одақтың мұндай тауарлары жөнелтілетін кеден органынан, баратын кеден органына дейін жеткізілуге тиіс шекті мерзім 3 айға 2 мың километр есебімен айқындалған мерзімнен аса алмайтын болып белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған:
Кеден транзиті мерзімін ұзартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі;
Тауарларды жеткізу орынын өзгертуге кеден органының рұқсатын алуға байланысты, кедендік операцияларды жасау тәртібі;
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағы бойынша кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес, тасылатын (тасымалданатын) тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және олармен өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ, мұндай тауарларды таситын (тасымалдайтын) көлік құралдарын ауыстыруға кеден органының рұқсатын алуға немесе мұндай операцияларды жасау туралы кеден органын хабардар етуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі;
Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кеден аумағының бір бөлігінен Одақтың кеден аумағының басқа бөлігіне тасылатын (тасымалданатын) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын түсіруді, қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) жүзеге асыруға, сондай-ақ, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында мұндай тауарларды таситын (тасымалдайтын) көлік құралдарын ауыстыруға немесе мұндай операцияларды жасау туралы кеден органын хабардар етуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі;
Кеден транзитінің кеден рәсіміне сәйкес, тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде туындаған, апаттардың, тосын күштің әсері кезінде немесе өзге де жағдайларда кедендік операцияларды жасау тәртібі;
Кеден транзитінің кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына және тоқтатылуына байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі бекітілсін;
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13желтоқсандағы № 170 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Кеден транзитінің мерзімін ұзартуға байланысты кедендік операцияларды жасау
ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 144-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған, тауарлар жөнелтілген кеден органынан, баратын кеден органына жеткізілуге тиіс мерзімді ұзартуға байланысты кедендік операцияларды жасаудың дәйектілігін айқындайды.
2. Кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде кеден транзитінің мерзімін ұзарту үшін декларант немесе тасымалдаушы (бұдан әрі - тұлға) кеден органы белгілеген, кеден транзитін жөнелту мерзімі өткенге дейін кеден транзитінің белгіленген мерзімін ұзарту туралы дәлелді өтініш (бұдан әрі- өтініш) (құжаттың қағаз жүзінде қолдан жазылған, электронды құжат түрінде немесе қағаз жүзіндегі құжаттың электронды көшірмесін) береді;
жөнелтуші кеден органына немесе кедендік операцияларды жасауға уәкілетті және өзі қызмет ететін өңірде тауарлар және көлік құралы тұрған кеден органына - Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) кеден аумағы бойынша тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде;
жөнелтуші кеден органына немесе баратын кеден органына - Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кеден аумағының бір бөлігінен Одақтың кеден аумағының басқа бөлігінетасу (тасымалдау) кезінде.
Өтінішті жіберу кезінде тұлғаның кеден органына келуі және (немесе) кеден органына көлік құралын және (немесе) тауарларды ұсынуы қажет етілмейді.
3. Өтініште келесі мәліметтер болуға тиіс:
а) өтінішті жолдаған тұлға туралы мәліметтер;
заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
б) транзиттік декларацияның, сондай-ақ, МДП кітабының (болған кезде) немесе АТА карнетінің тіркеу нөмірі;
в) заңды тұлғаның, ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не тауарларды тасуды (тасымалдауды) жүзеге асыратын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) (егер мұндай мәліметтер осы тармақтың а) тармақшасында аталған мәліметтермен сәйкес келген жағдайларды қоспағанда);
г) кеден транзитінің мерзімін ұзартуғға қажеттілік туындаған жағдайлар;
д) тауарлар мен көлік құралдарының тұрған жері;
е) кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар баратын кеден органына жеткізілмекші болып, негізделген мерзім (Кодекстің 144-бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген ережелерді ескере отырып);
ж) өтінішті жолдаған тұлға үшін қолайлы, өтінішті қараудың нәтижелері туралы хабардар етудің тәсілі (электронды почтаның мекен-жайы, телефон нөмірі және басқа).
4. Өтінішпен бірге кеден органына кеден транзитінің мерзімін ұзартуға қажетті жағдайды растайтын құжаттар ұсынылады (мұндай құжаттар болған кезде);
электронды құжаттар немесе қағаз жүзіндегі құжаттардың электронды көшірмелері түрінде (өтініш электронды құжат түрінде жіберілген жағдайда);
қағаз жүзіндегі құжаттардың электронды көшірмелері түрінде (өтініш қағаз жүзіндегі құжаттардың электронды көшірмелері түрінде жіберілген жағдайда);
қағаз жүзіндегі құжаттар түрінде (өтініш қағаз жүзіндегі құжаттардың электронды көшірмелері түріндежіберілген жағдайда).
Егер жөнелтуші кеден органына транзиттік декларация қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда, сондай-ақ, өтінішке:
мұндай транзиттік декларацияның қағаз жүзіндегі электронды көшірмесі (өтініш электронды құжат түрінде немесе қағаз жүзіндегі құжаттың электронды көшірмесі түрінде жіберілген жағдайда);
қағаз жүзіндегі осындай декларация (өтініш қағаз жүзіндегі құжат түрінде жіберілген жағдайда) қоса беріледі.
5. Өтінішті қабылдаған кеден органының лауазымды адамы:
а) өтініш түскен кезден бастап, мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ кеден органының 1 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, оны тіркеу нөмірін беру арқылы кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, тіркейді;
б) өтініш тіркелген кезден бастап, мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ кеден органының 3 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, Кодекстің 144-бабының 3-тармағында белгіленген мерзім шегінде, кеден транзитінің мерзімін ұзарту туралы не бұл мерзімді ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Өтінішті қабылдаған кеден органы мынадай жағдайларда кеден транзитінің мерзімін ұзартудан бас тартады:
а) осы Тәртіптің 2-тармағын ескере отырып, өтініш кедендік операцияларды жасауға уәкілетті емес және (немесе) тауарлар мен көлік құралы өзі қызмет ететін өңірде орналаспаған кеден органына түскен;
б) өтініш кеден транзитінің мерзімі өткеннен кейін кеден органына түскен;
г) өтініште осы Тәртіптің 3-тармағының "а"- "е" тармақшаларында аталған мәліметтер болмаған;
д) өтінішке сәйкес, кеден транзитінің ұзартылмақшы болған мерзімі Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген кедендік транзиттің шекті мерзімінен асқан.
7. Өтініш келіп түскен кеден органының лауазымды адамы кеден транзитінің мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы Тәртіптің 3-тармағының "б" тармақшасында белгіленген мерзімде:
а) кеден органының ақпарат жүйесінде кеден транзитінің мерзімін ұзарту туралы хабарды орналастырады, ол жөнелтуші кеден органына және баратын кеден органына, сондай-ақ, аралық кеден органына жібереді (тауар тасымалданатын бағдар белгіленген жағдайда) және ол келесі мәліметтерден тұрады:
кеден транзитінің мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған кеден органының коды;
кеден транзитінің мерзімін ұзартқан кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрінің нөмері;
транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, сондай-ақ, МДП кітапшасының немесе АТА карнетінің нөмірі (болған кезде);
кеден транзитінің мерзімін ұзарту қажеттілігі туындаған жағдайлар;
кеден транзитінің мерзімі ұзартылған, кк.аа.жж.ауқымындағы күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың 2 соңғы цифры);
б) кеден транзитінің мерзімін ұзарту туралы ақпаратпен кеден органының ақпарат жүйесі пайдаланыла отырып, электронды құжатты (өтініш электронды құжат түрінде түскен жағдайда) немесе кеден транзитінің мерзімін ұзарту туралы хабарды (қағаз жүзіндегі өтініш электронды көшірме түрінде түскен жағдайда) қалыптастырады және жібереді;
в) кеден транзитінің мерзімі ұзартылған, кк.аа.жж. ауқымындағы күні көрсетіліп (күні, айы, күнтізбелік жылдың 2 соңғы цифры) транзиттік декларацияда "кедендік транзиттің мерзімі ... дейін ұзартылды" деген белгі соғады және бұл белгі кеден органының дауазымды адамының қойған қолымен және жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырылады (транзиттік декларация қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда);
г) кеден транзитінің мерзімін ұзарту туралы кеден органының белгісімен, кедендік декларацияның көшірмесін (қажет болған жағдайда) (кедендік декларация қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда), сондай-ақ, оларды кеден органының ісқағаздарында сақтау үшін, осы Тәртіптің 4-тармағының бірінші абзацында аталған құжаттардың көшірмелерін жасайды (егер бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда);
д) кеден транзитінің мерзімін ұзарту туралы белгімен транзиттік декларацияны алу мүмкіндігі туралы тұлғаны хабардар етеді (транзиттік декларация қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда), сондай-ақ, осы Тәртіптің 4-тармағының бірінші абзацында аталған құжаттарды ұсынады (егер бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда). Егер тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде, тұлға, кеден транзитінің мерзімін ұзарту туралы белгімен кедендік декларацияны және тиісті құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда, кеден органы табыс етілгені туралы хабардар ете отырып, бұл декларация мен құжаттарды почта жөнелтімімен тапсырыстап немесе бұл транзиттік декларация мен құжаттардың алынғаны туралы фактіні растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен жөнелтеді.
8. Кеден транзитінің мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш түскен кедендік органның лауазымды адамы осы Тәртіптің 5-тармағының "б" тармақшасында белгіленген мерзімде:
а) кеден транзитінің мерзімін ұзартудан бас тарту туралы ақпаратпен, бас тартудың себептерін көрсете отырып, электронды құжатты (өтініш электронды құжат түрінде түскен жағдайда) немесе кеден транзитінің мерзімін ұзартудан бас тарту туралы хабарды, бас тартудың себептерін көрсете отырып (өтініш қағаз жүзіндегі өтініштің электронды көшірмесі түрінде түскен жағдайда), қалыптастырады және кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, жібереді;
б) өтініштен бас тартудың себептерін көрсете отырып, "кеден транзитінің мерзімін ұзартудан бас тартылды" деген белгі соғады және бұл белгіні кеден органы лауазымды адамының қолы қойылып және жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырады (өтініш қағаз жүзінде түскен жағдайда);
в) кеден транзитінің мерзімін ұзарту туралы кеден органының белгісімен, өтініштің көшірмесін (қажет болған жағдайда) (кедендік декларация қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда), сондай-ақ, оларды кеден органының ісқағаздарында сақтау үшін, осы Тәртіптің 4-тармағында аталған құжаттардың көшірмелерін жасайды (егер бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда);
г) кеден транзитінің мерзімін ұзартудан бас тарту және кеден транзитінің мерзімін ұзартудан бас тарту туралы белгімен өтінішті алу мүмкіндігі туралы тұлғаны хабардар етеді (өтініш қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда), сондай-ақ, осы Тәртіптің 4-тармағында аталған құжаттарды ұсынады (егер бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда). Егер тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде, тұлға, кеден транзитінің мерзімін ұзарту туралы белгімен өтінішті және тиісті құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда, кеден органы табыс етілгені туралы хабардар ете отырып, өтініш пен құжаттарды почта жөнелтімімен тапсырыстап немесе бұл өтініш пен құжаттардың алынғаны туралы фактіні растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен жөнелтеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13желтоқсандағы № 170 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Тауарларды жеткізу орынын өзгертуге кеден органының рұқсатын алуға байланысты кедендік операцияларды жасау
ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 145-бабының 7-тармағының төртінші абзацын іске асыру мақсатында әзірленді және кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар жеткізілуге тиіс орындарды (бұдан әрі – жеткізу орыны) өзгертуге кеден органының рұқсатын алуға байланысты кедендік операциялардыжасаудың дәйектілігін айқыындайды.
2. Егер кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде бару пункті өзгерген жағдайда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің көлік саласындағы заңнамасына сәйкес, тасымалдаушы жеткізу орынын өзгерту үшін өзі жүретін жолда орналасқан, кедендік операцияларды жасауға уәкілетті және қызмет ететін өңірде тауарлар мен көлік құралы орналасқан кез-келген кеден органына жеткізу орынын өзгерту туралы мәлімдемемен (бұдан әрі - мәлімдеме) жүгінуге құқылы.
3. Тасымалдаушы жеткізу орынын өзгертуге рұқсат алу үшін:
а) жеткізу орыны өзгертілмекші болған, кеден транзитінің кедендік рәсімінде орналасқан тауарлар бар көлік құралын, соның ішінде көлік құралымен келген тауарларды түсірместен, тасымалдаушы өзі мәлімдемемен жүгінбекші кеден органы қызмет ететін өңірде орналасқан кедендік бақылау аумағына орналастырады.
б) мәлімдемені (қағаз жүзінде еркін құжат нысанында жасалған электронды құжат немесе қағаз жүзіндегі құжаттың электронды көшірмесі түрінде) кеден органына жібереді.
4. Мәлімдемеде келесі мәліметтер болуға тиіс:
а) тасымалдаушы туралы мәліметтер;
заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
салық нөмірі (болған кезде);
мекен-жай (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және басқа), заңды тұлға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым орналасқан елді мекен, көше, үйдің нөмірі, корпустың (құрылыстың) нөмірі, пәтердің (бөлменің, кеңсенің) нөмірі не жеке тұлғаның тұрғылықты жері;
б) транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, сондай-ақ, МДП кітапшасының немесе АТА карнетінің нөмірі (болған кезде), оларға сәйкес кеден органы бастапқыда белгілеген жеткізу орынына тасу (тасымалдау) жүзеге асырылады;
в) жеткізу орынын өзгерту қажет болған жағдайлар;
г) жеткізілмекші орын;
д) кеден транзитінің кедендік рәсімінде орналасқан тауарлар бар көлік құралы тұрған кедендік бақылау аумағы;
е) мәлімдемені жолдаған тасымалдаушы үшін қолайлы, мәлімдемені қараудың нәтижелері туралы хабардар ету тәсілі (электронды почтаның мекен-жай, телефон нөмірі және басқа);
5. Кеден органына мәлімдемемен бірге келесі құжаттар ұсынылады:
а) тиісінше, тауарлар бастапқы белгіленген жеткізу орынына тасылған (тасымалданған) транзиттік декларация (баратын кеден органына транзиттік декларация қағаз жүзінде берілген жағдайда);
б) бару пунктінің өзгеруі расталған құжаттар (электронды құжаттар, қағаз жүзіндегі құжаттардың көшірмелері және (немесе) қағаз жүзіндегі құжаттардың электронды көшірмелері);
в) жеткізілмекші орыны және транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі көрсетілген, электронды құжат немесе қағаз жүзіндегі құжат түріндегі транзиттік декларация, осыған сәйес, ілеспе құжат ретінде, тауарлар бастапқы белгіленген жеткізу орынына тасылды (тасымалданды).
6. Мәлімдеме түскен кеден органының лауазымды адамы:
а) мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ мәлімдеме түскен кезден бастап, кеден органының 1 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, оны тіркеу нөмірін беру арқылы кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, тіркейді;
б) мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ мәлімдеме тіркелген күннен кейінгі күннен кешікпей, жеткізу орынын өзгерту не жеткізу орынын өзгертуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
7. Мәлімдеме келіп түскен кеден органының лауазымды адамы мәлімдемені қарау кезінде Кодекстің 145-бабының 2-6-тармақтарының ережелерін, сондай-ақ, Кодекстің 150-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, мәлімдеме жіберілген кезде кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде, өздеріне Кодекстің 150-бабының 1-тармағында жүктелген міндеттерді тасымалдаушы немесе декларант орындамағаны туралы ақпаратты (болған кезде) ескереді.
8. Мәлімдеме келіп түскен кеден органы келесі жағдайларда, жеткізу орынын өзгертуден бас тартады:
а) мәлімдеме кедендік операцияларды жасауға уәкілетті емес және (немесе) тауарлар мен көлік құралы ол қызмет ететін өңірде орналаспаған кеден органына түскен;
б) мәлімдемені уәкілетті емес адам берген;
в) мәлімдемеде осы Тәртіптің 4-тармағының "а" - "д" тармақшаларында аталған мәліметтер болмаған;
г) бару пунктінің өзгеруін растайтын құжаттар ұсынылмаған;
д) жөнелтуші кеден органы көліктік (тасымал) құжаттарында аталған мәліметтерге қарамастан, Кодекстің 145-бабының 3-5-тармақтарына сәйкес жеткізу орынын белгілеген.
е) мәлімдеме жіберілген сәтте кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде Кодекстің 150-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, тасымалдаушы немесе декларант Кодекстің 150-бабының 1-тармағына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны анықталған.
9. Жеткізу орынын өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда, мәлімдеме келіп түскен кеден органының лауазымды адамы осы Тәртіптің 6-тармағының "б" тармақшасында белгіленген мерзімде:
а) Кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, жеткізу орынын өзгерту туралы шешім қабылданғаны туралы ақпарат бар электронды құжатты қалыптастырады және тасымалдаушыға жібереді (мәлімдеме электронды құжат түрінде түскен жағдайда);
б) жеткізу орынын өзгерту туралы шешім қабылданғаны туралы тасымалдаушыны хабардар етеді (мәлімдеме қағаз жүзінде түскен жағдайда);
в) Кодекстің 151-бабына сәйкес тауарлар бастапқы белгіленген жеткізу орынына тасылуға (тасымалдануға) тиіс болған кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайды;
г) Кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, қызмет ету өңірінде бастапқы белгіленген жеткізу орыны орналасқан, жөнелткен кеден органына, баратын кеден органына, сондай-ақ, аралық кеден органына (тауарлар тасымалданатын бағдар анықталған жағдайда) мынадай мәліметтер бар, жеткізу орынының өзгеруіне байланысты кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысының аяқталуы туралы хабар жібереді:
жеткізу орынын өзгерту туралы шешім қабылдаған кеден органының коды;
жеткізу орынын өзгерту туралы шешім қабылдаған кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрінің нөмірі;
транзиттік декларацияың тіркеу нөмірі, сондай-ақ, МДП кітапшасының немесе АТА карнетінің нөмірі (болған кезде);
жеткізу орынын өзгерту қажеттілігі туындаған жағдайлар;
кк.аа.жж.пішіміндегі (күні, айы, күнтізбелік жылдың 2 соңғы цифры) кеден транзитінің кедендік рәсімі қолданысының аяқталған күні;
д) Кодекстің 111-бабына сәйкес, мәлімдемемен ұсынылған және мүмкін делінген жеткізу орыны бар транзиттік декларацияны тіркейді, содан соң тауарлар Кодекстің 18 және 22-тарауларына сәйкес шығарылады.
10. Жеткізу орынын өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда, мәлімдеме келіп түскен кеден органының лауазымды адамы осы Тәртіптің 6-тармағының "б" тармақшасында белгіленген мерзімде:
а) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, бас тартудың себептерін көрсете отырып, жеткізу орынын өзгертуден бас тарту туралы ақпараттан тұратын электронды құжатты қалыптастырады және тасымалдаушыға жібереді (мәлімдеме электронды құжат түрінде түскен жағдайда);
б) мәлімдемеден бас тартудың себептерін көрсете отырып, "жеткізу орынын өзгертуден бас тартылды" деген белгі соғады және бұл белгіні кеден органы лауазымды адамының қолы қойылып және жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырады (мәлімдеме қағаз жүзінде түскен жағдайда);
в) жеткізу орынын өзгертуден бас тарту туралы кеден органының белгісімен, мәлімдеменің көшірмесін (қажет болған жағдайда) (мәлімдеме қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда), сондай-ақ, оларды кеден органының ісқағаздарында сақтау үшін, осы Тәртіптің 5-тармағында аталған құжаттардың көшірмелерін жасайды (егер бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда);
г) жеткізу орынын өзгертуден бас тарту туралы және жеткізу орынын өзгертуден бас тарту туралы белгімен мәлімдемені алу мүмкіндігі туралы тасымалдаушыны хабардар етеді (мәлімдеме қағаз жүзіндегі құжат түрінде түскен жағдайда), сондай-ақ, осы Тәртіптің 5-тармағында аталған құжаттарды ұсынады (егер бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда). Егер тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде, тасымалдаушы, жеткізу орынын өзгертуден бас тарту туралы белгімен мәлімдемені және тиісті құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда, кеден органы табыс етілгені туралы хабардар ете отырып, мәлімдеме мен құжаттарды почта жөнелтімімен тапсырыстап немесе бұл мәлімдеме мен құжаттардың алынғаны туралы фактіні растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен жөнелтеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13желтоқсандағы № 170 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағы бойынша кеден транзитінің
кедендік рәсіміне сәйкес тасылатын (тасымалданатын) тауарларды түсіруге, қайта
тиеуге (ауыстырып тиеуге) және олармен өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ,
мұндай тауарларды таситын (тасымалдайтын) көлік құралдарын ауыстыруға кеден
органының рұқсатын алуға немесе мұндай операцияларды жасау туралы кеден
органын хабардар етеуге байланысты кедендік операцияларды жасау
ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 148-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағы бойынша кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес тасылатын (тасымалданатын) тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ, мұндай тауарларды таситын (тасымалдайтын) көлік құралдарын ауыстыруға (бұдан әрі, тиісінше – рұқсат, жүк операциялары, көлік құралдарын ауыстыру) кеден органының рұқсатын алуға байланысты немесе жүк операцияларының жасалуы және (немесе көлік құралдарын ауыстыру туралы кеден органын хабардар ете отырып, кедендік операцияларды жасаудың дәйектілігін айқындайды.
2. Кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың декларанты немесе тасымалдаушы (бұдан әрі - тұлға), егер ол декларант ретінде болмаса, рұқсат алу үшін, кедендік операцияларды жасауға уәкілетті және қызмет ететін өңірде жүк операцияларын жасау және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру жоспарланған кеден органына жүк операцияларын жасауға және (немесе) көлік құралдарын ауыстыруға мәлімдеме (бұдан әрі - мәлімдеме) (қағаз жүзіндегі құжаттың еркін нысанында жасалған электронды құжат немесе қағаз жүзіндегі құжаттың электронды көшірмесі түрінде) жібереді.
Рұқсатты алу үшін тұлғаның кеден органына келуі және (немесе) кеден органына көлік құралын және (немесе) тауарларды ұсынуы қажет етілмейді.
3. Мәлімдемеде келесі мәліметтер болуға тиіс:
а) мәлімдемені жолдаған адам туралы мәліметтер;
заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның (бұдан әрі - ұйым) толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
салық нөмірі (болған кезде);
мекен-жай (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және басқасы), заңды тұлға, ұйым орналасқан елді мекен, көше, үйдің нөмірі, корпустың (құрылыстың) нөмірі, пәтердің (бөлменің, кеңсенің) нөмірі не жеке тұлғаның тұрғылықты жері;
б) транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, сондай-ақ, МДП кітапшасының не АТА карнетінің нөмірі (болған кезде);
в) заңды тұлғаның, ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не тауарларды тасуды (тасымалдауды) жүзеге асыратын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) (егер мұндай мәліметтер осы тармақтың "а" тармақшасында аталған мәліметтермен сәйкес келген жағдайларды қоспағанда);
г) салынған кедендік пломбаларды және мөрлерді алып тастай отырып, жоспарланған жүк операциялары және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру туралы мәліметтер;
д) жүк операциялары жасалмақшы болған және (немесе) көлік құралдары ауыстырылмақшы болған орын;
е) тауарларды, соның ішінде көліктің басқа түрінің көлік құралына қайта тиеу (ауыстырып тиеу) жүзеге асырылғаннан кейін тауарларды тасыйтын (тасымалдайтын) заңды тұлғаның, ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) (егер Кодекстің 83-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлға не осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес 2 не одан да көп көлік түрін пайдаланып, тасылатын (тасымалданатын) тауарларға қатысты өкілеттіктері бар және тауарларды мұндай тасуды (тасымалдауды) ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, Одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы декларант ретінде болған жағдайда);
ж) мәлімдемені жіберген тұлға үшін қолайлы, мәлімдемені қараудың нәтижелері туралы хабардар ету тәсілі (электронды почтаның мекен-жайы, телефон нөмір және басқа).
4. Кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау кезінде) жүк операцияларын жасау және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру қажеттілігін растайтын құжаттар (мұндай құжаттар болған кезде) кеден органына мәлімдемемен бірге ұсынылады:
электронды құжаттар немесе қағаз жүзіндегі құжаттардың электронды көшірмелері түрінде (мәлімдеме электронды құжат түрінде берілген жағдайда);
қағаз жүзіндегі құжаттардың электронды көшірмелері түрінде (мәлімдеме қағаз жүзіндегі құжаттың электронды көшірмесі түрінде берілген жағдайда);
қағаз жүзіндегі құжаттар түрінде (мәлімдеме қағаз жүзіндегі құжат түрінде берілген жағдайда).
Егер жөнелтуші кеден органына транзиттік декларация қағаз жүзінде берілген жағдайда, сондай-ақ, мәлімдемеге:
қағаз жүзіндегі мұндай транзиттік декларацияның электронды көшірмесі (мәлімдеме электронды құжат немесе қағаз жүзіндегі құжаттың электронды көшірмесі түрінде берілген жағдайда);
қағаз жүзіндегі мұндай транзиттік декларация (мәлімдеме қағаз жүзіндегі құжаттүрінде берілген жағдайда) қоса беріледі.
5. Мәлімдеме түскен кеден органының лауазымды адамы:
а) мәлімдеме түскен кезден бастап, мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ кеден органының 1 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, оны тіркеу нөмірін беру арқылы кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, мәлімдемені тіркейді;
б) мәлімдеме тіркелген кезден бастап, мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ кеден органының 3 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, рұқсат беру туралы не рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Мәлімдеме түскен кеден органы мынадай жағдайларда рұқсат беруден бас тартады:
а) мәлімдеме кедендік операцияларды жасауға уәкілетті емес және (немесе) жүк операцияларын жасау және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру өзі қызмет ететін өңірде орналаспаған кеден органына түскен;
б) мәлімдемені уәкілетті емес тұлға берген;
в) мәлімдемеде осы Тәртіптің 3-тармағының "а"- "е" тармақшаларында аталған;
г) Кодекстің 148-бабының 4-тармағында көзделген жағдайдағы мәліметтер болмаған.
7. Өтініш түскен кеден органының лауазымды адамы рұқсат беру туралы шешім қабылданған жағдайда, жүк операциялары жасалғанға және (немесе) көлік құралдары ауыстырылғанға дейін осы Тәртіптің 5-тармағының "б" тармақшасында белгіленген мерзімде:
а) кеден органының ақпарат жүйесінде келесі мәліметтерден тұратын хабарды орналастырады:
транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, сондай-ақ, МДП кітапшасының не АТА карнетінің нөмірі (болған кезде);
жүк операцияларын жасаудың және (немесе) көлік құралдарын ауыстырудың шарттары (қажет болған кезде);
б) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, қажет болған кезде, жүк операцияларын жасаудың және (немесе) көлік құралдарын ауыстырудың шарттары көрсетілген, рұқсат беру туралы ақпараттан тұратын электронды құжатты (егер мәлімдеме электронды құжат түрінде түскен жағдайда) немесе қажет болған кезде, жүк операцияларын жасаудың және (немесе) көлік құралдарын ауыстырудың шарттары көрсетіле отырып (егер мәлімдеме қағаз жүзіндегі құжаттың электронды көшірмесі түрінде түскен жағдайда), рұқсат беру туралы хабарды қалыптастырады және мәлімдемені берген тұлғаға жібереді;
в) кк.аа.жж.пішімінде күні және қажет болған кезде, жүк операцияларын жасаудың және (немесе) көлік құралдарын ауыстырудың шарттары көрсетіліп, мәлімдемеде "рұқсат берілді" деген белгі соғады (күні, айы, күнтізбелік жылдың 2 соңғы цифры) және бұл белгі кеден органының дауазымды адамының қойған қолымен және жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырылады (мәлімдеме қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда);
г) рұқсат беру туралы кеден органының белгісімен, мәлімдеменің көшірмесін (қажет болған жағдайда) (мәлімдеме қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда), сондай-ақ, оларды кеден органының ісқағаздарында сақтау үшін, осы Тәртіптің 4-тармағында аталған құжаттардың көшірмелерін жасайды (егер бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда);
д) рұқсат беру туралы және рұқсат беру туралы белгімен мәлімдемені алу мүмкіндігі туралы мәлімдемені жіберген тұлғаны хабардар етеді (мәлімдеме қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда), сондай-ақ, осы Тәртіптің 4-тармағында аталған құжаттарды ұсынады (егер бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда). Егер тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде, тұлға, рұқсат беру туралы белгімен мәлімдемені және тиісті құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда, кеден органы табыс етілгені туралы хабардар ете отырып, бұл мәлімдеме мен құжаттарды почта жөнелтімімен тапсырыстап немесе бұл мәлімдеме мен құжаттардың алынғаны туралы фактіні растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен жөнелтеді.
8. Жүк операцияларын жасалғаннан және (немесе) көлік құралдары ауыстырылғаннан кейін мәлімдемені жіберген тұлға мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ олар жасалып болғаннан кейін 1 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, рұқсат берген кеден органына қағаз жүзіндегі құжат түріндегі транзиттік декларацияны ұсынады (кеден органына мәлімдемемен бірге қағаз жүзіндегі транзиттік декларацияның көшірмесі не қағаз жүзіндегі транзиттік декларацияның электронды көшірмесі ұсынылған жағдайда);
Бұл ретте рұқсатты берген кеден органының лауазымды адамы кеден органының ақпарат жүйесінде мұндай транзиттік декларацияның ұсынылған күнін және уақытын тіркейді және осы Тәртіптің 3-тармағының "ж" тармақшасында аталған мәліметтерді ескере отырып, осы күні мен уақыты туралы тұлғаны хабардар етеді.
9. Жүк операцияларын жасалғаннан және (немесе) көлік құралдары ауыстырылғаннаан кейін мәлімдемені қабылдаған кеден органының лауазымды адамы мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ олар жасалып болғаннан не қағаз жүзіндегі транзиттік декларация ұсынылғаннан кейін, бірақ кеден органының 3 сағат жұмыс уақытынан кешікпей (кеден органына мәлімдемемен бірге қағаз жүзіндегі транзиттік декларацияның көшірмесі не қағаз жүзіндегі транзиттік декларацияның электронды көшірмесі ұсынылған жағдайда);
а) кеден органының ақпарат жүйесінде жүк операцияларын жасаудың және (немесе) көлік құралдарын ауыстырудың аяқталуы туралы хабарды орналастырады, ол жөнелтуші кеден органына, баратын кеден органына, сондай-ақ, аралық кеден органына жіберіледі (тауарлар тасымалданатын бағдар анықталған жағдайда) және онда мынадай мәліметтер болады:
транзиттік декларацияың тіркеу нөмірі, сондай-ақ, МДП кітапшасының немесе АТА карнетінің нөмірі (болған кезде);
рұқсат беру туралы шешім қабылдаған кеден органының коды;
рұқсат берген кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрінің нөмірі;
жасалған жүк операциялары және (немесе) ауыстырылған көлік құралдары;
жаңа салынған пломбалар, мөрлер және өзге де сәйкестендіру құралдары (мұндай пломбалар, мөрлер және өзге де сәйкестендіру құралдары қолданылған жағдайда);
кк.аа.жж.пішімінде (күні, айы, күнтізбелік жылдың 2 соңғы цифры) жүк операциялары жасалған және (немесе) көлік құралдары ауыстырылған күн;
б) жүк операцияларының жасалғаны және (немесе) көлік құралдарының ауыстырылғаны, жаңа салынған пломбалар, мөрлер және өзге де сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтерді транзиттік декларацияға енгізеді (мұндай пломбалар, мөрлер және өзге де сәйкестендіру құралдары қолданылған жағдайда), кк.аа.жж.пішімінде (күні, айы, күнтізбелік жылдың 2 соңғы цифры) жүк операцияларының жасалған және (немесе) көлік құралдарының ауыстырылған күні көрсетіледі және мұндай мәліметтерді кеден органы лауазымды адамының қолымен, жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырады (транзиттік декларация қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда);
в) кеден органының ісқағаздарында сақтау үшін жүк операцияларының жасалуы және (немесе) көлік құралдарының ауыстырылуы туралы енгізілген мәліметтермен транзиттік декларацияның көшірмесін (қажет болған кезде) жасайды (транзиттік декларация қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда);
г) жүк операцияларының жасалғаны және (немесе) көлік құралдарының ауыстырылғаны және олардың жасалғаны туралы белгімен транзиттік декларацияны алу алу мүмкіндігі туралы мәліметтерді транзиттік декларацияға енгізу туралы мәлімдемені жіберген тұлғаны хабардар етеді (транзиттік декларация қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда). Егер тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде, тұлға, жүк операцияларының жасалғаны және (немесе) көлік құралдарының ауыстырылғаны туралы белгімен транзиттік декларацияны алу үшін келмеген жағдайда, кеден органы табыс етілгені туралы хабардар ете отырып, бұл транзиттік декларацияны почта жөнелтімімен тапсырыстап немесе транзиттік декларацияның алынғаны туралы фактіні растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен жөнелтеді.
10. Рұқсат беру туралы шешім қабылданған жағдайда, мәлімдемені қабылдаған кеден органының лауазымды адамы осы Тәртіптің 5-тармағының "б" тармақшасында белгіленген мерзімде:
а) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, рұқсат беруден бас тарту туралы ақпараттан тұратын электронды құжатты (егер мәлімдеме электронды құжат түрінде түскен жағдайда) немесе рұқсат беруден бас тарту туралы хабарды қалыптастырады және мәлімдемені жіберген тұлғаға жібереді (мәлімдеме қағаз жүзіндегі электронды көшірме түрінде түскен жағдайда);
б) бас тартудың себептерін көрсете отырып, "бас тартылды" деген белгі соғады және бұл белгіні кеден органы лауазымды адамының қолы қойылып және жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырады (мәлімдеме қағаз жүзінде түскен жағдайда);
в) кеден органының ісқағаздарында сақтау үшін (мәлімдеме қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда), рұқсат беруден бас тарту туралы кеден органының белгісімен, мәлімдеменің көшірмесін (қажет болған жағдайда) сондай-ақ, осы Тәртіптің 4-тармағында аталған құжаттардың көшірмелерін жасайды (кеден органының ісқағаздарында сақтау үшін бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда);
г) рұқсат беруден бас тарту туралы және рұқсат беруден бас тарту туралы белгімен мәлімдемені алу мүмкіндігі туралы мәлімдемені жіберген тұлғаны хабардар етеді (мәлімдеме қағаз жүзінде түскен жағдайда), сондай-ақ, осы Тәртіптің 4-тармағында аталған құжаттарды ұсынады (егер бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда). Егер тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде, тұлға, рұқсат беруден бас тарту туралы белгімен мәлімдемені және тиісті құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда, кеден органының лауазымды адамы табыс ету туралы хабардар ете отырып, мәлімдеме мен құжаттарды почта жөнелтімімен тапсырыстап немесе бұл мәлімдеме мен құжаттардың алынғаны туралы фактіні растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен жөнелтеді.
11. Салынған кедендік пломбалар мен мөрлер алып тасталмастан, жүк операциялары жасалған және (немесе) көлік құралдары ауыстырылған жағдайда немесе тауарларға кедендік пломбалар мен мөрлер салынбаған жағдайда, тұлға кедендік операцияларды жасауға уәкілетті және ол қызмет ететін өңірде жүк операцияларын жасау және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру жоспарланған кеден органына жүк операцияларының жасалғаныжәне (немесе) көлік құралдарын ауыстырылғаны туралы хабарлама жібереді (бұдан әрі - хабарлама) (қағаз жүзіндегі құжаттың еркін нысанында жасалған электронды құжат немесе қағаз жүзіндегі құжаттың электронды көшірмесі түрінде).
Хабарламаны жіберу кезінде тұлғаның кеден органына келуі және (немесе) кеден органына көлік құралдарын және (немесе) тауарларды көрсету қажет етілмейді.
12. Хабарлама осы Тәртіптің 11-тармағында аталған іс-қимылдар жасалғанға дейін кеден органына жіберіледі және онда келесі мәліметтер болуға тиіс.
а) хабарламаны жіберген тұлға туралы мәліметтер;
заңды тұлғаның, ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
салық нөмірі (болған кезде);
мекен-жай (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және басқа), заңды тұлғаның, ұйым орналасқан елді мекен, көше, үйдің нөмірі, корпустың (құрылыстың) нөмірі, пәтердің (бөлменің, кеңсенің) нөмірі не жеке тұлғаның тұрғылықты жері;
б) транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, сондай-ақ, МДП кітапшасының немесе АТА карнетінің нөмірі (болған кезде);
в) тауарларды тасуды (тасымалдауды) жүзеге асыратын заңды тұлғаның, ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) (егер мұндай мәліметтер осы тармақтың а) тармақшасында аталған мәліметтермен сәйкес келген жағдайларды қоспағанда);
г) жоспарланған жүк операциялары және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру туралы мәліметтер;
д) жүк операциялары жасалмақшы болған және (немесе) көлік құралдары ауыстырылмақшы болған орын;
е) тауарларды, соның ішінде көліктің басқа түрінің көлік құралына қайта тиеу (ауыстырып тиеу) жүзеге асырылғаннан кейін тауарларды тасыйтын (тасымалдайтын) заңды тұлғаның, ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) (егер Кодекстің 83-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлға не осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес 2 не одан да көп көлік түрін пайдаланып, тасылатын (тасымалданатын) тауарларға қатысты өкілеттіктері бар және тауарларды мұндай тасуды (тасымалдауды) ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, Одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы декларант ретінде болған жағдайда);
13. Егер баратын кеден органына транзиттік декларация қағаз жүзіндегі құжат ретінде ұсынылған жағдайда, осы Тәртіптің 11-тармағында аталған, жоспарланған жүк операциялары және (немесе) көлік құралдары туралы енгізілген мәліметтермен хабарлама ретінде қағаз жүзіндегі транзиттік декларацияның көшірмесі пайдаланылуы мүмкін (қағаз жүзіндегі транзиттік декларацияның электронды көшірмесі).
14. Тауарларды кеден транзитінің кедендік операцияларына орналастыру үшін кеден органына берілген транзиттік декларацияда олар туралы мәліметтер көрсетіле отырып, кеден органы ол орналасқан өңірде Тәртіптің 11-тармағында аталған жүк операцияларын жасау және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру жоспарланғаны туралы хабардар етілуі мүмкін. Бұл ретте аталған кеден органына қосымша хабарлама жіберілмейді.
15. Хабарламаны алған кеден органының лауазымды адамы:
а) мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ хабарлама түскен кезден бастап, кеден органының 1 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, оны тіркеу нөмірін беру арқылы кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, тіркейді;
б) хабарлама тіркелген кезден бастап, мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ кеден органының 3 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, кеден органының ақпарат жүйесінде жүк операцияларын жасау және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру туралы хабарды орналастырады, ол жөнелтуші кеден органына, баратын кеден органына және аралық кеден органына жіберіледі (тасымалданатын тауарлардың бағдары анықталған жағдайда) және келесі мәліметтерден тұрады:
транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, сондай-ақ, МДП кітапшасының немесе АТА карнетінің нөмірі (болған кезде);
жүк операциялары және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру туралы мәліметтер;
кк.аа.жж.пішіміндегі (күні, айы, күнтізбелік жылдың 2 соңғы цифры) жүк операциялары жасалған және (немесе) көлік құралдары ауыстырылған күн.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13желтоқсандағы № 170 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және
(немесе) теңізбен Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік
аумағының басқа бөлігіне тасылатын (тасымалданатын) Еуразиялық экономикалық
Одақтың тауарларын түсіруді, қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) және өзге де жүк
операцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ, Одақтың мүшелері болып табылмайтын
мемлекеттердің аумақтарында мұндай тауарларды таситын (тасымалдайтын) көлік
құралдарын ауыстыруға немесе мұндай операцияларды жасау туралы кеден органын
хабардар етуге байланысты кедендік операцияларды жасау
ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 307-бабының 5-тармағын және 377-бабының 6-тармағын іаке асыру мақсатында әзірленді және Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасылатын (тасымалданатын) Еуразиялық экономикалық Одақтың (бұдан әрі - Одақ) тауарларын түсіруді, қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) және өзге де жүк операцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында мұндай тауарларды таситын (тасымалдайтын) көлік құралдарын ауыстыруға кеден органының рұқсатын алуға байланысты (бұдан әрі, тиісінше, рұқсат, жүк операциялары, көлік құралдарын ауыстыру) немесе жүк операцияларын жасау және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру туралы кеден органын хабардар ете отырып, кеден органының рұқсатын алуға байланысты кеден операцияларын жасаудың дәйектілігін айқындайды.
2. Көліктің бір түрінің көлік құралынан көліктің басқа түрінің көлік құралына Одақтың тауарларын қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) жүзеге асырған жағдайда,рұқсат алу үшін, көлік құралдарының жүк үй-жайларына (қуыс бөлмелерге) салынған кедендік пломбаларды не көліктік (тасымал) және коммерциялық құжаттарды алып тастау үшін кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың декларант тұлғасы(бұдан әрі - декларант) рұқсат алу үшін транзиттік декларация берілгенге дейін жөнелтуші кеден органына мәлімдеме (бұдан әрі - мәлімдеме) (қағаз жүзіндегі құжаттың еркін нысанында жасалған электронды құжат немесе қағаз жүзіндегі құжаттың электронды көшірмесі түрінде) жібереді.
Рұқсатты алу үшін тұлғаның кеден органына келуі және (немесе) кеден органына көлік құралын және (немесе) тауарларды ұсынуы қажет етілмейді.
3. Мәлімдемеде келесі мәліметтер болуға тиіс:
а) мәлімдемені жолдаған адам туралы мәліметтер;
заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның (бұдан әрі - ұйым) толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
салық нөмірі (болған кезде);
мекен-жай (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және басқасы), заңды тұлға, ұйым орналасқан елді мекен, көше, үйдің нөмірі, корпустың (құрылыстың) нөмірі, пәтердің (бөлменің, кеңсенің) нөмірі не жеке тұлғаның тұрғылықты жері;
б) тасылмақшы (тасымалданбақшы) тауарлардың атауы (сипаттаусыз);
в) тауарлар тасу (тасымалдау) жүзеге асырылмақшы көлік құралы туралы мәліметтер (атауы, маркасы, моделі) және (немесе) көлік құралының түріне байланысты тіркеу (сәйкестендіру) нөмірі;
г) тауарлар тасуды (тасымалдауды) жүзеге асыратын заңды тұлғаның, ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), (егер мәліметтер осы тармақтың "а" тармақшасында аталған мәліметтермен сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда);
д) салынған кедендік пломбалар мен мөрлер алып тасталып, жоспарланған жүк операциялары және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру туралы мәліметтер;
е) жүк операциялары жасалмақшы және (немесе) көлік құралдары ауыстырылмақшы болған орын;
ж) тауарларды қайта тиеу (ауыстырып тиеу) жүзеге асырылмақшы көлік құралы туралы мәліметтер (атауы, маркасы, моделі) және (немесе) халықаралық тасымалдайтын көлік құралының түріне байланысты тіркеу (сәйкестендіру) нөмірі) - тауарлар қайта тиелмекші (ауыстырып тиелмекші) болған жағдайда;
з) тауарларды жөнелтуші орналасқан мемлекетті және елді мекенді және тауарларды алушы орналасқан мемлекетті және елді мекенді қоса алғанда, көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес (олар болған кезде) тауарлар тасылатын (тасымалданатын) бағдар не тауарлар тасылмақшы (тасымлданбақшы) бағдар;
и) тауарларды, соның ішінде көліктің басқа түрінің көлік құралына қайта тиеу (ауыстырып тиеу) жүзеге асырылғаннан кейін тауарларды тасыйтын (тасымалдайтын) заңды тұлғаның, ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) (егер Кодекстің 83-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлға не осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес 2 не одан да көп көлік түрін пайдаланып, тасылатын (тасымалданатын) тауарларға қатысты өкілеттіктері бар және тауарларды мұндай тасуды (тасымалдауды) ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, Одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы декларант ретінде болған жағдайда) (егер мәліметтер осы тармақтың "а" тармақшасында аталған мәліметтермен сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда);
к) мәлімдемені жіберген тұлға үшін қолайлы, мәлімдемені қараудың нәтижелері туралы хабардар ету тәсілі (электронды почтаның мекен-жайы, телефон нөмірі және басқа).
4. Кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде (мұндай құжаттар болған кезде), жөнелтуші кеден органына мәлімдемемен бірге жүк операцияларын жасау және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру қажеттілігін растайтын құжаттар (электронды құжаттар, қағаз жүзіндегі құжаттардың көшірмелері және (немесе) қағаз жүзіндегі құжаттардың электронды көшірмелері) ұсынылады.
5. Мәлімдеме түскен кеден органының лауазымды адамы:
а) мәлімдеме түскен кезден бастап, мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ кеден органының 1 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, оған тіркеу нөмірін беру арқылы кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, мәлімдемені тіркейді;
б) мәлімдеме тіркелген кезден бастап, мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ кеден органының 3 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, рұқсат беру туралы не рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Мәлімдеме түскен кеден органы мынадай жағдайларда рұқсат беруден бас тартады:
а) мәлімдеме, көзделгендей, жөнелтуші болып табылмайтын кеден органына түскен;
б) мәлімдемені уәкілетті емес тұлға берген;
в) мәлімдемеде осы Тәртіптің 3-тармағының "а"- "и" тармақшаларында аталған мәліметтер болмаған;
г) бас тарту декларанттың іскерлік беделі, тауарларды тасу (тасымалдау) бағыты, көліктің түрі және басқасы ескеріле отырып, қатерлерді басқару жүйесін қолдану нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылған.
7. Өтініш түскен кеден органының лауазымды адамы рұқсат беру туралы шешім қабылданған жағдайда, осы Тәртіптің 5-тармағының "б" тармақшасында белгіленген мерзімде:
а) кеден органының ақпарат жүйесінде рұқсат беру туралы хабарды қалыптастырады;
б) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, кк.аа.жж.пішімінде (күні, айы, күнтізбелік жылдың 2 соңғы цифры) мәлімдеменің тіркеу нөмірі және рұқсаттың берілген күні көрсетіліп (егер мәлімдеме электронды құжат түрінде түскен жағдайда) , рұқсат беру туралы ақпараттан тұратын электронды құжатты немесе кк.аа.жж.пішімінде (күні, айы, күнтізбелік жылдың 2 соңғы цифры) мәлімдеменің тіркеу нөмірі және рұқсаттың берілген күні көрсетіліп, рұқсат беру туралы хабарды (егер мәлімдеме қағаз жүзіндегі құжаттың электронды көшірмесі түрінде түскен жағдайда) қалыптастырады және мәлімдемені берген тұлғаға жібереді;
в) кк.аа.жж.пішімінде (күні, айы, күнтізбелік жылдың 2 соңғы цифры) күні көрсетіле отырып, мәлімдемеде "рұқсат берілді" деген белгі соғады және бұл белгі кеден органының дауазымды адамының қойған қолымен және жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырылады (мәлімдеме қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда);
г) рұқсат беру туралы кеден органының белгісімен, мәлімдеменің көшірмесін (қажет болған жағдайда) (мәлімдеме қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда), сондай-ақ, оларды кеден органының ісқағаздарында сақтау үшін, осы Тәртіптің 4-тармағында аталған құжаттардың көшірмелерін жасайды (егер бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда);
д) рұқсат беру туралы және рұқсатты беру туралы белгімен мәлімдемені алу мүмкіндігі туралы мәлімдемені жіберген тұлғаны хабардар етеді (мәлімдеме қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда), сондай-ақ, осы Тәртіптің 4-тармағында аталған құжаттарды ұсынады (егер бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда). Егер тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде, тұлға, рұқсатты беру туралы белгімен мәлімдемені және тиісті құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда, кеден органы табыс ету туралы хабардар ете отырып, бұл мәлімдеме мен құжаттарды почта жөнелтімімен тапсырыстап немесе бұл мәлімдеме мен құжаттардың алынғаны туралы фактіні растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен жөнелтеді.
8. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен тасу (тасымалдау) үшін Одақтың тауарларын кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастыру кезінде және декларантта мұндай тауарларға қатысты рұқсат болған кезде, мәлімдемені тіркеу нөмірі туралы мәліметтер транзиттік декларацияда көрсетілуге тиіс.
9. Рұқсат беру туралы шешім қабылданған жағдайда, мәлімдемені қабылдаған кеден органының лауазымды адамы осы Тәртіптің 5-тармағының "б" тармақшасында белгіленген мерзімде:
а) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, рұқсат беруден бас тарту туралы ақпараттан тұратын электронды құжатты (егер мәлімдеме электронды құжат түрінде түскен жағдайда) немесе рұқсат беруден бас тарту туралы хабарды қалыптастырады және мәлімдемені жіберген тұлғаға жібереді (мәлімдеме қағаз жүзіндегі электронды көшірме түрінде түскен жағдайда);
б) бас тартудың себептерін көрсете отырып, "бас тартылды" деген белгі соғады және бұл белгіні кеден органы лауазымды адамының қолы қойылып және жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырады (мәлімдеме қағаз жүзінде түскен жағдайда);
в) кеден органының ісқағаздарында сақтау үшін, рұқсат беруден бас тарту туралы кеден органының белгісімен, мәлімдеменің көшірмесін (мәлімдеме қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда) (қажет болған жағдайда) сондай-ақ, осы Тәртіптің 5-тармағында аталған құжаттардың көшірмелерін жасайды (бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда);
г) рұқсат беруден бас тарту туралы және рұқсат беруден бас тарту туралы белгімен мәлімдемені алу мүмкіндігі туралы мәлімдемені жіберген тұлғаны хабардар етеді (мәлімдеме қағаз жүзінде түскен жағдайда), сондай-ақ, осы Тәртіптің 4-тармағында аталған құжаттарды ұсынады (егер бұл құжаттар қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда). Егер тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде, тұлға, рұқсат беруден бас тарту туралы белгімен мәлімдемені және тиісті құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда, кеден органының лауазымды адамы табыс ету туралы хабардар ете отырып, мәлімдеме мен құжаттарды почта жөнелтімімен тапсырыстап немесе бұл мәлімдеме мен құжаттардың алынғаны туралы фактіні растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен жөнелтеді.
10. Салынған кедендік пломбалар мен мөрлер алып тасталмастан, жүк операциялары жасалған және (немесе) көлік құралдары ауыстырылған жағдайда не кедендік пломбалар мен мөрлер салынбаған жағдайда, декларант немесе тасымалдаушы, егер ол декларант ретінде болмаса, Одақтың кеден аумағына мұндай тауарлар мен көлік құралдары келгенге дейін жөнелтуші кеден органына және баратын кеден органына жүк операцияларының жасалғаны және (немесе) көлік құралдарын ауыстырылғаны туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) жібереді (қағаз жүзіндегі құжаттың еркін нысанында жасалған электронды құжат немесе қағаз жүзіндегі құжаттың электронды көшірмесі түрінде).
Хабарламаны жіберу кезінде тұлғаның кеден органына келуі және (немесе) кеден органына көлік құралын және (немесе) тауарларды көрсетуі қажет етілмейді.
11. Хабарламада келесі мәліметтер болуға тиіс.
а) хабарламаны жіберген тұлға туралы мәліметтер;
заңды тұлғаның, ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
салық нөмірі (болған кезде);
мекен-жай (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және басқа), заңды тұлға, ұйым орналасқан елді мекен, көше, үйдің нөмірі, корпустың (құрылыстың) нөмірі, пәтердің (бөлменің, кеңсенің) нөмірі не жеке тұлғаның тұрғылықты жері;
б) транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, сондай-ақ, МДП кітапшасының немесе АТА карнетінің нөмірі (болған кезде);
в) тауарларды тасуды (тасымалдауды) жүзеге асыратын заңды тұлғаның, ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) (егер мұндай мәліметтер осы тармақтың а) тармақшасында аталған мәліметтермен сәйксс келген жағдайларды қоспағанда);
г) жоспарланған жүк операциялары және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру туралы мәліметтер;
д) жүк операциялары жасалмақшы болған және (немесе) көлік құралдары ауыстырылмақшы болған орын;
е) тауарларды, соның ішінде көліктің басқа түрінің көлік құралына қайта тиеу (ауыстырып тиеу) жүзеге асырылғаннан кейін тауарларды тасыйтын (тасымалдайтын) заңды тұлғаның, ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) (егер Кодекстің 83-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлға не осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес 2 не одан да көп көлік түрін пайдаланып, тасылатын (тасымалданатын) тауарларға қатысты өкілеттіктері бар және тауарларды мұндай тасуды (тасымалдауды) ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, Одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы декларант ретінде болған жағдайда);
12. Хабарламаны алған кеден органының лауазымды адамы:
а) мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ хабарлама түскен кезден бастап, кеден органының 1 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, оны тіркеу нөмірін беру арқылы кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, тіркейді;
б) хабарлама тіркелген кезден бастап, мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ кеден органының 3 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, кеден органының ақпарат жүйесінде жүк операцияларын жасау және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру туралы ақпаратпен келесі хабарды қалыптастырады:
транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, сондай-ақ, МДП кітапшасының немесе АТА карнетінің нөмірі (болған кезде);
жүк операциялары және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру туралы мәліметтер;
кк.аа.жж.пішімінде (күні, айы, күнтізбелік жылдың 2 соңғы цифры) жүк операциялары жасалған және (немесе) көлік құралдары ауыстырылған күн.
13. Келесі шарттар бір мезгілде сақталған кезде, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың тауарларын тасу (тасымалдау) кезінде жүк операцияларын жасауға және (немесе) көлік құралдарын ауыстыруға басты рұқсатты алуға (бұдан әрі – басты рұқсат) не жүк операцияларының жасалғаны және (немесе) көлік құралдарының ауыстырылғаны туралы басты хабарламаны (бұдан әрі – басты хабарлама) жіберуге жол беріледі:
а) Одақтың ұқсас тауарлары тасылады (тасымалданады);
б) тасу (тасымалдау) бір жөнелтушіден басқа жөнелтушінің атына жүзеге асырылады;
в) Одақтың тауарлары жүретін жолда, сол бір жасалған жерінде, сол бір жүк операцияларын жасау және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру көзделеді;
г) басты рұқсат пен басты хабарламаның қолданыста болатын кезеңі олар алынған күннен бастап, 1 күнтізбелік жылдан аспайды.
14. Басты рұқсатты алу үшін декларант осы Тәртіптің 2-4-тармақтарына сәйкес мәлімдеме жібереді (Одақтың тауарларын тасуды (тасымалдауды) жүзеге асырудың мүмкін кезеңі көрсетіледі). Бұл ретте бұл мәлімдемеде осы Тәртіптің 3-тармағының "г", "д", "ж" және "к" тармақшаларында көзделген мәліметтер болмауы мүмкін.
15. Басты рұқсатты алу үшін мәлімдеме түскеннен кейін осы мәлімдемені алған кеден органының лауазымды адамы осы Тәртіптің 5-7 және 9-тармақтарына сәйкес кедендік операцияларды іске асырады.
16. Осы Тәртіптің 10 және 11-тармақтары ескеріле отырып, декларант Одақтың тауарларын тасу (тасымалдау) басталғанға дейін баратын кеден органына басты хабарламаны (қағаз жүзіндегі құжаттың еркін нысанында жасалған электронды құжат немесе қағаз жүзіндегі құжаттыңэлектронды көшірмесі түрінде) жіберуі мүмкін. Бұл ретте бұл басты хабарламада осы Тәртіптің 11-тармағының "б"-"е" тармақшаларында көзделген мәліметтер болмауы мүмкін (бұл ретте жоспарланған жүк операциялары және (немесе) көлік құралдарын ауыстыру туралы мәліметтер көрсетіледі).
Декларант транзиттік декларацияларда басты хабарлама туралы мәліметті (нөмірін және жасалған күнін) көрсетеді, олардың негізінде Одақтың тауарларын тасу (тасымалдау) жүзеге асырылады.
17. Басты хабарлама алынғаннан кейін, оны қабылдаған кеден органының лауазымды адамы осы Тәртіптің 12-тармағының "а" тармақшасына сәйкес кедендік операцияларды іске асырады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13желтоқсандағы № 170 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде
туындаған апаттар, тосын күштің әсері кезінде немесе өзге де жағдайларда кедендік
операцияларды жасау
ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 149-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және Кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес, тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде туындағанжәне Кодекстің 150-бабында көзделген тасымалдаушының міндеттерін (бұдан әрі - тасымалдаушының міндеттерін орындауға кедергі болатын жағдайлар) орындауға кедергі болатын апаттар, тосын күштің әсері және өзге де жағдайлар кезінде кеден операцияларын жасаудың дәйектілігін айқындайды.
2. Тасымалдаушының міндеттерінорындауға кедергі болатын жағдайлар туындаған кезде кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды және көлік құралын сақтауды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданғаннан кейін, тасымалдаушы кедендік операцияларды жасауға уәкілетті және ол қызмет ететін өңірде осы тауарлар мен көлік құралы тұрған, жақын кеден органына (Еуразиялық экономикалық Одақтың (бұдан әрі - Одақ) кедендік аумағы бойынша тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде не Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен (Одақтың кеден аумағының бір бөлігінен Одақтың кеден аумағының басқа бөлігіне тауарларды тасу (тасымалдау кезінде) жөнелтуші кеден органына және баратын кеден органына) тиісті хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) (қағаз жүзіндегі құжаттың еркін нысанында жасалған электронды құжат немесе қағаз жүзіндегі құжаттың электронды көшірмесі түрінде) жіберу арқылы осы жағдайлар туралы тасымалдаушының міндеттерін орындауға кедергі болған жағдайлар туралы еш кідіріссіз хабарлайды.
3. Хабарламада келесі мәліметтер болуға тиіс.
а) хабарламаны жіберген тұлға туралы мәліметтер;
заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
салық нөмірі (болған кезде);
мекен-жай (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және басқа), заңды тұлға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым орналасқан елді мекен, көше, үйдің нөмірі, корпустың (құрылыстың) нөмірі, пәтердің (бөлменің, кеңсенің) нөмірі не жеке тұлғаның тұрғылықты жері;
электронды почтаның мекен-жайы, тедефон нөмірі және басқасы;
б) транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, сондай-ақ, МДП кітапшасының немесе АТА карнетінің нөмірі (болған кезде);
в) тасымалдаушының міндеттерін орындауға кедергі болған жағдайлар;
г) тасымалдаушының міндеттерін орындауға кедергі болған жағдайлар туындаған орын және тауарлар тұрған орын;
д) кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес тасылатын (тасымалданатын) тауарларды түсірудің, қайта тиеудің (ауыстырып тиеудің)немесе өзге де жүк операцияларын жасаудың қажеттілігі туралы (қажеттілігінің жоқтығы туралы) мәліметтер.
4. Хабарлама түскен кеден органының лауазымды адамы:
а) мәлімдеме түскен кезден бастап, мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ кеден органының 1 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, оны тіркеу нөмірін беру арқылы кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, тіркейді;
б) хабарлама тіркелген кезден бастап, мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ кеден органының 3 сағат жұмыс уақытынан кешікпей, Одақтың кеден аумағы .бойынша тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде:
кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, электронды құжатты (егер хабарлама электронды құжат түрінде түскен жағдайда) немесе тауарларды тасу (тасымалдау) немесе оларды тасуды (тасымалдауды) қамтамасыз ету қажет кедендік бақылау аймағы немесе өзге де орын көрсетіліп (көлік құралы бұзылған жағдайда), осы Тәртіптің 5-тармағының екінші абзацында аталған жағдайда, -тасымалдаушының міндеттерін орындауға кедергі болған жағдайлар туындаған жерге осы кеден органының лауазымды адамы келетін мерзім көрсетіліп, хабарламаны тіркеу туралы хабарды (егер хабарлама оның оның қағаз жүзіндегі электронды көшірмесі түрінде түскен жағдайда) қалыптастырады және тасымалдаушыға жібереді;
Хабарламаны тіркеу туралы тасымалдаушыны хабар етеді және тауарларды тасу (тасымалдау) немесе оларды тасуды (тасымалдауды) қамтамасыз ету қажет кедендік бақылау аймағын немесе өзге де орындыкөрсетеді (көлік құралы бұзылған жағдайда), осы Тәртіптің 5-тармағының екінші абзацында аталған жағдайда, -тасымалдаушының міндеттерін орындауға кедергі болған жағдайлар туындаған жерге осы кеден органының лауазымды адамы келетін мерзімді көрсетеді (егер хабарлама қағаз жүзінде түскен жағдайда);
в) осы тармақтың "б" тармақшасында белгіленген, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кеден аумағының бір бөлігінен Одақтың кеден аумағының басқа бөлігіне тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде:
кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, электронды құжатты (егер хабарлама электронды құжат түрінде түскен жағдайда) немесе тауарларды тасу (тасымалдау) немесе оларды тасуды (тасымалдауды) қамтамасыз ету мүмкін кедендік бақылау аймағы немесе өзге де орын көрсетіліп (көлік құралы бұзылған жағдайда), хабарламаны тіркеу туралы хабарды (егер хабарлама оның қағаз жүзіндегі электронды көшірмесі түрінде түскен жағдайда) қалыптастырады және тасымалдаушыға жібереді;
Хабарламаны тіркеу туралы тасымалдаушыны хабар етеді және тауарларды тасу (тасымалдау) немесе оларды тасуды (тасымалдауды) қамтамасыз ету мүмкін кедендік бақылау аймағын немесе өзге де орынды көрсетеді (көлік құралы бұзылған жағдайда), (егер хабарлама қағаз жүзінде түскен жағдайда);
5. Тасымалдаушы кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды және бұл тауарларды тасыйтын (тасымалдайтын) көлік құралын кеден органы көрсеткен жерге тасыйды (тасымалдайды).
Егер тасымалдаушының міндеттерін орындауға кедергі болған жағдайлар туындаған кезде, соның ішінде олардың жойылуына байланысты, тасымалдаушы кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес тасылатын (тасымалданатын) тауарларды кеден органы көрсеткен орынға жеткізе алмайтын болса, осы Тәртіптің 2-тармағында аталған кеден органыосы Тәртіптің 4-тармағының "б" тармақшасына сәйкес белгіленген мерзімде апат туралы немесе тосын күштің әсері туралы акт жасау үшін осы кеден органының лауазымды адамының тасымалдаушының міндеттерінорындауға кедергі болған жағдайлар туындаған жерге келуін қамтамасыз етуге тиіс (Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кеден аумағының бір бөлігінен Одақтың кеден аумағының басқа бөлігіне тауарлар тасылатын (тасымалданатын жағдайларды қоспағанда).
6. Осы Тәртіптің 4-тармағының "б" немесе "в" тармақшаларына сәйкес, кеден органы көрсеткен жерге кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар тасылғаннан (тасымалданғаннан) және осы тауарларды тасыйтын (тасымалдайтын) көлік құралы жеткізілгеннен кейін немесе хабарламаны алған кеден органының лауазымды адамы тасымалдаушының міндеттерін орындауға кедергі болған жағдайлар туындаған жерге келгеннен кейін, тасымалдаушы хабарламаны алған кеден органына немесе тасымалдаушының міндеттерінорындауға кедергі болған жағдайлар туындаған жерге келген осы кеден органының лауазымды адамына кедендік бақылау аймағы туралы мәліметтерді (егер осы тауарлар және тауарларды тасыйтын (тасымалдайтын) көлік құралы кедендік бақылау аймағында орналасқан жағдайда) және өзіндегі транзиттік декларацияны (қағаз жүзіндегі транзиттік декларацияның көшірмесін не қағаз жүзіндегі транзиттік декларацияның электронды көшірмесін), егер жөнелтуші кеден органына осы декларация қағаз жүзінде ұсынылса, көліктік (тасымал), коммерциялық және (немесе) соның ішінде кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес, тауарлардың тасылуы (тасымалдануы) расталған, Одаққа мүше елдердің үшінші бір елмен халықаралық шарттарында көзделген өзге де құжаттар не осы декларация және құжаттар туралы мәліметтерді ұсынады (егер транзиттік декларация электронды құжат түрінде жөнелтуші кеден органына ұсынылған жағдайда).
7. Тасымалдаушы хабарламаны алған кеден органына немесе тасымалдаушының міндеттерін орындауға кедергі болған жағдайлар туындаған жерге келген осы кеден органының лауазымды адамына осы Тәртіптің 6-тармағында аталған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынғаннан кейін, осы кеден органының лауазымды адамы:
а) құжаттарға, тауарларға және осы тауарлар тасылған (тасымалданған) көлік құралына қатысты кедендік бақылау жүргізеді, сондай-ақ, осы Тәртіптің 8-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, апат туралы немесе тосын күштің әсері туралы акт жасайды;
б) мүмкін қысқа мерзімдерде, брақ, осы тармақтың "а" тармақшасында көзделген, кедендік бақылау жүргізудің нәтижелері тіркелген күннен бастап, 1 жұмыс күнінен кешікпей, кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, жөнелтуші кеден органына және баратын кеден органына тасымалдаушының міндеттерін орындауға кедергі болған жағдайлардың туындауы туралы хабар жібереді, мұнда келесі мәліметтер болады:
хабарлама түскен кеден органының коды;
транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, сондай-ақ, МДП кітапшасының немесе АТА карнетінің нөмірі (болған кезде);
тасымалдаушының міндеттерін орындауға кедергі болған жағдайлар;
тасымалдаушының міндеттерінорындауға кедергі болған жағдайлар туындаған орын және тауарлар орналасқан орын;
кедендік бақылау жүргізудің нәтижелері;
хабарды жіберген кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрінің нөмірі.
8. Тасымалдаушының міндеттерін орындауға кедергі болған жағдайлардың туындау фактісін растау үшін кеден органына Одаққа мүше елдердің үшінші елмен халықаралық шарттарында, Одақтың құқығын құрайтын актілерде және (немесе) Одаққа мүше елдердің немесе аумағында осы жағдайлар туындаған мемлекеттің заңнамасында көзделген құжаттар ұсынылуы мүмкін.
9. Кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес, кедендік бақылау жүргізілгеннен кейін, тауарларды тасымалдаушы, декларант немесе тасымалдаушының міндеттерін орындауға кедергі болған жағдайлар туындаған тауарларға және көлік құралына қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар жөнелтуші кеден органнан, баратын кеден органына тауарлар жеткізілуе тиіс мерзімді ұзартуға, кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар жеткізілуге тиіс орынның өзгеруіне, кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес, тасылатын (тасымалданатын) тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ, осы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға, тиісінше, Кодекстің 144-бабының 4-тармағында, 145, 148 және (немесе) 151-баптарында көзделген, кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысын аяқтауға немесе тоқтатуға байланысты кеден операцияларын іске асырады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13желтоқсандағы № 170 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Кеден транзитінің кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына және тоқтатылуына
байланысты кедендік операцияларды жасау
ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 10-тармағын және 151-бабының 13-тармағының екінші абзацын, 304-бабының 16-тармағын, 305-бабының 6-тармағын, 306-бабының 7-тармағын іске асыру мақсаттарында әзірленді және Кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысын аяқтауға және тоқтатуға байланысты кеден операцияларын іске асырудың дәйектілігін айқындайды.
2. Егер тауарлар жөнелтуші кеден органынан, баратын кеден органына жеткізілуге тиіс мерзім (бұдан әрі – кеден транзитінің мерзімі) аяқталғанға дейін, кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар жеткізілуге (бұдан әрі – жеткізу орыны) тиіс орынға келген жағдайда, тасылатын (тасымалданатын) тауарларға қатысты кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылады.
3. Егер кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде кеден тразитінің мерзімі өткенге дейін жеткізу орынына тек тауарлардың бір бөлігі жеткізілген жағдайда, тауарлардың осы бөлігіне қатысты кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысы аяқталады.
4. Кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін, тасымалдаушы не кедендік реттеу туралы Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше елдің (бұдан әрі – тиісінше-мүше мемлекет, Одақ) заңнамасында көзделген, кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың декларанты Кодекстің 151-бабының 3-тармағына сәйкес, транзит декларациясының тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді (транзит декларациясы жөнелтуші кеден органына электронды құжат түрінде ұсынылған жағдайда) немесе транзит декларациясын (оның көшірмесін) не транзит декларациясы ретінде пайдаланылатын карнет АТА, МДП кітапшасын немесе кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару туралы жөнелтуші кеден органының белгілерімен көліктік (тасымал), коммерциялық не өзге де құжаттарды, сондай-ақ, жөнелтуші кеден органы сәйкестендірген, өзіндегі басқа да құжаттарды баратын кеден органына ұсынады (транзит декларациясы жөнелтуші кеден органына қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда).
5. Осы Тәртіптің 4-тармағында аталған мәліметтер және құжаттар баратын кеден органына ұсынылғаннан және олар Кодекстің 151-бабының 6-тармағына сәйкес тіркелгеннен кейін,баратын кеден органының лауазымды адамы Кодекстің 151-бабының 7 және 8-тармақтарында көзделген мерзімдерде, соның ішінде, кедендік бақылау жүргізудің нәтижелері бойынша, келген тауарлар қандай да бір себептермен, жеткізу орынына келуге тиіс болған, транзиттік декларацияда көрсетілген тауарлар туралы мәліметтерге сәйкес келмейтін белгілері анықталғаны (анықталған жағдайда) көрініс тапқан мәліметтер не осы тауарларға қатысты, жолда, қандай да бір құқықтық қарсы әрекеттер (жалғандық, санын (сапасын) өзгерту т.с.с) не былайша, Осы Тәртіптің 6-тармағын ескере отырып, кедендік мақсаттар үшін маңызы бар өзге де мәліметтер (бұдан әрі-ескертпелер) көрсетіле отырып, кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысының аяқталуын ресімдейді.
а) егер транзиттік декларация жөнелтуші кеден органына электронды құжат түрінде ұсынылған жағдайда:
іс жүзінде келген тауарлардың және ескертпелердіңсаны (анықталған жағдайда), кеден органының ақпарат жүйесі пайдаланыла отырып, жөнелтуші кеден органына, сондай-ақ, осы Тәртіптің 4-тармағына сәйкес, кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі туралы мәлімет ұсынған тұлғаға жіберілетін, осы аяқталудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеден органының ақпарат жүйесінде кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысының аяқталуы туралы хабарды қалыптастырады;
транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, іс жүзінде келген тауарлардың, ескертпелердіңсаны (анықталған жағдайда), осы аяқталудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, еркін нысанда жазылған тасымалдаушының жазбаша өтініші бойынша, қағаз жүзіндегі құжат түрінде кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысының аяқталуы туралы еркін нысанда жазылған растама береді;
б) егер жөнелтуші кеден органына транзиттік декларация қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда:
іс жүзінде келген тауарлардың және ескертпелердің саны (анықталған жағдайда), осы аяқталудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысының аяқталуы туралы кеден органының ақпарат жүйесінде хабарды қалыптастырады;
транзиттік декларацияның тиісті бағанында(оның тасымалдаушы куәландырған көшірмесін – егер ол Одақтың құқығына кіретін актілермен көзделсе) және көліктік (тасымал) құжаттарында тауарлар шығарылғаны туралы белгілермен (оның куәландырылған көшірмелерінде – егер ол Одақтың құқығына кіретін актілермен көзделсе), тауарлардың түсуі туралы мөртабан соғады, оны толтырады, сондай-ақ, ескертпелерді көрсетеді (анықталған жағдайда), содан соң толтырылған мөртабанды және ескертпелерді кеден органының лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырып, осы мөртабанның күнін қояды (егер транзиттік декларация Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 289 Шешімімен бекітілген транзиттік декларация нысанында ұсынылған жағдайда);
тауарлардың түсуі туралы мөртабан қояды, оны толтырады, сондай-ақ,көліктік (тасымал) құжаттарында ескертпелерді көрсетеді (анықталған жағдайда), жөнелтуші кеден органының тауарлардың шығуы туралы белгілер қояды (оның тасымалдаушы куәландырған көшірмесін – егер ол Одақтың құқығына кіретін актілермен көзделсе), егер оның болуы Одақтың құқығые құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде көзделсе (транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымал), коммерциялық құжаттар, АТА карнеті немесе МДП кітапшасы пайдаланылған жағдайда), сондай-ақ, транзиттік декларацияны құрайтын құжаттарды тізімдеуде белгі қояды(оның тасымалдаушы куәландырған көшірмесін – егер ол Одақтың құқығына кіретін актілермен көзделсе);
оларды кеден органының ісқағаздарында сақтау үшін транзиттік декларацияның көшірмесін (қажет болған жағдайда) (оның тасымалдаушы куәландырған көшірмесін – егер ол Одақтың құқығына кіретін актілермен көзделсе) не көліктік (тасымал) құжатының көшірмесін (егер бұл құжат транзиттік декларация ретінде нетранзиттік декларация ретінде АТА карнеті немесе МДП кітапшасы пайдаланылған жағдайда) және егер оның болуы Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде көзделсе, мөртабандар қойылып және ескертпелермен (анықталған жағдайда) транзиттік декларацияны құрайтын құжаттарды тізімдеудің көшірмесін жасайды (оның тасымалдаушы куәландырған көшірмесін – егер ол Одақтың құқығына кіретін актілермен көзделсе);
осы Тәртіптің 4-тармағына сәйкес, кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін транзиттік декларацияны ұсынған тұлғаға мөртабандар қойылып және ескертпелермен (анықталған жағдайда) осы транзиттік декларацияны, сондай-ақ, осы Тәртіптің 4-тармағына сәйкес, транзиттік декларациямен бірге ұсынылған өзге де құжаттарды қайтарады.
6. Транзиттік декларация ретінде АТА карнеті немесе МДП кітапшасы пайдаланылып, тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін 1961 жылғы уақытша әкелу үшінАТА карнеті туралы Кеден конвенциясының және 1990 жылғы уақытша әкелу туралы конвенцияның не тиісінше, 1975 жылғы МДП кітапшасы қолданылып, халықаралық жүк тасымалы туралы кеден конвенциясының ережелеріне сәйкес оларды ресімдеу жүзеге асырылады.
7. Егер кеден транзитінің мерзімі өткен күннен кейінгі күндегі жағдай бойынша жөнелтуші кеден органында жеткізу орынына тауарларды жеткізу туралы (толық немесе ішінара) не Кодекстің 151-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларда, кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысының аяқталуы туралы ақпарат болмаған жағдайда, осы кеден органы тауарлардың орналасқан орынын анықтауға байланысты келесі кеден операцияларын іске асырады:
а) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, баратын кеден органына транзит декларациясын тіркеу нөмірін, көлік құралын тіркеу нөмірін, кеден транзитінің мерзімін және жеткізу орынын көрсете отырып, тауарларды жеткізу (толық немесе ішінара)туралы мәліметтердің жоқтығы туралы хабар жібереді;
б) аралық кеден органына кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, транзит декларациясын тіркеу нөмірін, көлік құралын тіркеу нөмірін, кеден транзитінің мерзімін және жеткізу орынын көрсете отырып, тауарлардың осы аралық кеден органы арқылы жылжуы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы хабар жібереді (жөнелтуші кеден органында тауарларды тасымалдаудың бағыты белгіленген және осы кеден органында тауарлардың осы аралық кеден органы арқылы жылжуы туралы ақпарат болмаған жағдайда);
в) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, не өзге де жедел байланыс арналарын пайдалана отырып, тасымалдаушыға не тасымалдаушы декларант ретінде болмаса, кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың декларантына транзит декларациясын тіркеу нөмірін, көлік құралын тіркеу нөмірін, кеден транзитінің мерзімін және жеткізу орынын көрсете отырып, жеткізу орынына тауарларды жеткізу туралы мәліметтердің жоқтығы туралы хабар жібереді.
г) Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарда және актілерде және (немесе) мүше елдердің заңнамасында көзделген, тауарларды жеткізу туралы (толық немесе ішінара) мәліметтердің болмау себептерін анықтауға бағытталған өзге де операцияларды іске асырады.
8. Баратын кеден органы жөнелтуші кеден органынан осы Тәртіптің 7-тармағының "а" тармақшасында аталған ақпаратты алғаннан кейін, келесі кеден операцияларын іске асырады:
а) Баратын кеден органы құрылымдық бөлімшелерінің кеден транзиті кедендік рәсімінің қолданысын аяқтауы мүмкін фактісін анықтайды;
б) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, не өзге де жедел байланыс арналарын пайдалана отырып, транзиттік декларацияда және (немесе) көлік (тасымал) құжаттарында аталған уақытша сақтау қоймасының иесіне, алушыға (тасымалдаушыға, егер тасымалдаушы кеден транзиті кедендік рәсімінің декларанты болып табылмаса, декларантқа) қойма қызметтерін көрсету жөнінде, сондай-ақ, тауарларды жеткізу (оларды уақытша сақтауға орналастыру) туралы жасалған шарт туралы сауалмен мәліметтер жібереді;
в) тауарлар келген жерде, кеден органынан Одақтың кеден аумағына, Одақтың кеден аумағынан тауарлар кеткен жердегі кеден органына дейін немесе тауарларды алушы кеткен жердегі кеден органына дейін шетелдік тауарлар тасылатын (тасымалданатын) жағдайларды қоспағанда, (оның тұрған жері және құрылтайшылар туралы мәліметтерді), алушыда тауарлар тасуға (тасымалдауға), оларды алуға (күтуге) сыртқы сауда шартының және кедендік декларацияның болуын, тасымалдаушымен (экспедитормен) арадағы шарттың болуын тексереді.
г) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, не өзге де жедел байланыс арналарын пайдалана отырып, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, аумағында баратын кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің ішкі істер органдарына, тауарлардың ұрлануы мүмкіндігінен жетіспеушілігі туралы немесе тасымалдаушының тауарлар тасылған (тасымалданған) көлік құралының қатысуымен болған апат туралы деректер болғандығы туралы мәліметтерді сауал ретінде жібереді;
д) тауарларды жеткізу туралы (толық немесе ішінара) мәліметтердің болмау себептерін анықтауға бағыталған, Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарда және актілерде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де операцияларды іске асырады (қажет болған жағдайда);
е) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, жөнелтуші кеден органына осы тармақтың "а"-"д" тармақшаларында аталған кеден операцияларын іске асыру нәтижелері туралы хабар жібереді.
9. Кеден транзитінің мерзімі өткен күннен кейінгі күннен бастап, күнтізбелік 10 күн өткенге дейін, осы Тәртіптің 7 және 8-тармақтарында аталған кеден операцияларын іске асыру барысында, тауарлар орналасқан жер анықталған не тауарлар (тауарлардың бір бөлігі) жеткізу орынына келген жағдайда, өзі қызмет еетін өңірде тауарлар орналасқан кеден органы, осы Тәртіптің 11-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, не баратын кеден органы осы Тәртіптің 5 және 6-тармақтарына сәйкес осы тауарларға (тауарлардың бір бөлігі) қатысты кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайды.
10. Кеден транзитінің мерзімі өткен күннен кейінгі күннен бастап, күнтізбелік 10 күн өткен соң, осы Тәртіптің 7 және 8-тармақтарында аталған кеден операцияларын іске асыру барысында, тауарлар орналасқан жер анықталмаған не тауарлар (тауарлардың бір бөлігі) жеткізу орынына келмеген жағдайда, осы Тәртіптің 11-тармағын ескере отырып, жөнелтуші кеден органының лауазымды адамы мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ кеден оранының 4 жұмыс күнінен кешікпей, былайша, осы тауарларға (тауарлардың бір бөлігі) қатысты кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысын тоқтатады:
а) кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылатын тауарлардың атауы мен саны, тоқтатудың себептері, сондай-ақ, тоқтатудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеден органының ақпарат жүйесінде кеден транзитінің кедендік рәсімінің қолданысын тоқтату туралы хабарды орналастырады және оны баратын кеден органына жібереді;
б) кеден транзитінің кедендік рәсімі қолданысының тоқтатылған күні мен уақыты және тоқтатудың себептері көрсетіле отырып, транзит декларациясының тиісті бағанында (болған кезде) не АТА карнетінде, МДП кітапшасында немесе транзит декларациясы ретінде пайдаланылатын көлік (тасымал) құжатында) (болған кезде) "транзит тоқтатылды" деген белгі қояды, содан соң, қойылған белгіні кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырады;
в) транзит декларациясының тіркеу нөмірі, іс жүзінде келген тауарлардың саны, ескертпелер, тоқтатудың себептері, сондай-ақ, тоқтатудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдаушыға және егер тасымалдаушы декларант ретінде болмаса, декларантқакеден транзиті кедендік рәсімінің қолданысын тоқтату туралы хабар жбереді.
11. Кодекстің 304-бабының 16-тармағында, 305-бабының 6-тармағында, 306-бабының 7-тармағында аталған жағдайларда, жөнелтуші кеден органының лауазымды адамы осы тармақтың екінші абзацын ескере отырып, осы Тәртіптің 10-тармағында аталған кеден операцияларын іске асыру жолымен кеден транзиті кедендік рәсімінің қолданысын тоқтататады.
Кодекстің 305-бабының 6-тармағында, 306-бабының 7-тармағында аталған жағдайларда, кеден транзиті кедендік рәсімінің қолданысы тоқталған кезде осы Тәртіптің 10-тармағында аталған іс-қимылдарды жасаумен бірге, Кодекске сәйкес тауарларға қатысты одан әрі кеден операцияларын іске асыру туралы осы кеден органының шешім қабылдауы үшін уақытша әкелу (жіберу) кеден рәсіміне орналастырылған кеден органына кеден транзиті кедендік рәсімінің қолданысы тоқталған тауарлардың атауы мен санын, тоқтатудың себептерін, тоқтатудың күні мен уақытын, тауарлар бастапқыда кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар декларациясының тіркеу нөмірін көрсете отырып, кеден аумағындағы кедендік өңдеу рәсіміне немесе ішкі тұтыну үшін кедендік өңдеу рәсіміне не Одақтың кеден аумағында өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде немесе ішкі тұтыну үшін өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде (өңдеу өнімдерін, қалған қалдықтар) алынған (түзілген) тауарларға бақылауды (есепке алуды) жүзеге асыратын кеден органына жөнелтуші кеден органының лауазымды адамы кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, кеден транзиті кедендік рәсімі қолданысының тоқталғаны туралы хабар жібереді.
12. Егер осы Тәртіптің 7 және 8-тармақтарында көзделген операцияларды іске асыру нәтижелері бойынша кеден транзиті кедендік рәсімінің қолданысы тоқталғаннан кейін мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тауарларға қатысты шешімдер қабылданған не осы тауарлар жеткізу орынына келген немесе олардың орналасқан орыны анықталған жағдайда, тиісті мәліметтер алған кеден органының лауазымды адамы кеден органының ақпарат жүйесіне келесі ақпаратты енгізеді:
а) қылмыстық іс бойынша іс жүргізу нәтижелері және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қабылданған шешімдер туралы мәліметтер;
б) іс жүзінде келген тауарлардың саны, сондай-ақ, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға рұқсаттың күні мен нөмірі көрсетіле отырып, тауарлардың жеткізу орынына келуі туралы мәліметтер;
в) анықталған тауарлардың саны, соның ішінде орналасу орыны расталған құжаттың күні мен нөмірі көрсетіліп, тауарлардың орналасқан орыны туралы мәліметтер;
г) апат туралы немесе тосын күштің әсері туралы актінің күні мен нөмірі көрсетіле отырып, кеден транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес, тауарларды тасуға (тасымалдауға) кедергі болған апат туралы немесе тосын күштің әсері туралы не өзге де жағдайлар туралы мәліметтер;
д) бұл жағдайларды растайтын құжаттың күні мен нөмірі көрсетіле отырып, кеден баждарын, салықтарды, арнайы демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің тоқтатылуы және осы тоқтатуға байланысты жағдайлар туралы мәліметтер;
е) кеден транзиті кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған тауарларға қатысты өзге де мәліметтер.