Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 325-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 117 шешімімен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері есептемесінің құрылымы мен форматына өзгерістер енгізілсін.
2.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы №176 шешіміне ҚОСЫМША |
Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері есептемесінің құрылымы мен форматына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 3-кестеде:
а) "Деректердің типі" деген бағанда 9.1.6.2, 9.1.11.2 және 9.1.12.3.4.2-позициялардағы "M.SDT.00179" деген белгіленім "M.CA.SDT.00409" деген белгіленіммен ауыстырылсын;
б) "Деректеменің сипаттамасы" деген бағандағы 9.1.17.1-позицияның қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
в) "Деректердің типі" деген бағанда 9.1.17.3.2 және 9.1.17.4.3.4.2-позициялардағы "M.SDT.00179" деген белгіленім "M.CA.SDT.00409" деген белгіленіммен ауыстырылсын;
г) "Деректеменің сипаттамасы" деген бағандағы 9.1.23.10-позицияның қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
д) "Деректердің типі" деген бағанда 9.1.24.1-позициядағы "Ұзындығы: 4" деген сөздер алып тасталсын;
2. 9-кестеде:
а) 13-позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"14 | M.CA.SDT.00409 | Measure Unit Abbreviation Code Type |
Өлшем бірлігін шартты белгілеу_ Код. |
символдардың жүйеленген жолы |
б) "Р/с №" деген бағанда 14 және 15-позициялардағы "14" және "15" деген цифрлар тиісінше "15" және "16" деген цифрлармен ауыстырылсын.