Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері есептемесінің құрылымы мен форматына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 176 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 325-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 117 шешімімен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері есептемесінің құрылымы мен форматына өзгерістер енгізілсін.

      2.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 19 желтоқсандағы
№176 шешіміне
ҚОСЫМША

Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері есептемесінің құрылымы мен форматына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 3-кестеде:

      а) "Деректердің типі" деген бағанда 9.1.6.2, 9.1.11.2 және 9.1.12.3.4.2-позициялардағы "M.SDT.00179" деген белгіленім "M.CA.SDT.00409" деген белгіленіммен ауыстырылсын;

      б) "Деректеменің сипаттамасы" деген бағандағы 9.1.17.1-позицияның қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;

      в) "Деректердің типі" деген бағанда 9.1.17.3.2 және 9.1.17.4.3.4.2-позициялардағы "M.SDT.00179" деген белгіленім "M.CA.SDT.00409" деген белгіленіммен ауыстырылсын;

      г) "Деректеменің сипаттамасы" деген бағандағы 9.1.23.10-позицияның қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;

      д) "Деректердің типі" деген бағанда 9.1.24.1-позициядағы "Ұзындығы: 4" деген сөздер алып тасталсын;

      2. 9-кестеде:

      а) 13-позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"14

M.CA.SDT.00409

Measure Unit Abbreviation Code Type

Өлшем бірлігін шартты белгілеу_ Код.
Тип

символдардың жүйеленген жолы
Ең қысқа ұзындық: 1
Ең ұзын ұзындық: 13";

      б) "Р/с №" деген бағанда 14 және 15-позициялардағы "14" және "15" деген цифрлар тиісінше "15" және "16" деген цифрлармен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады