Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 431-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті экономикалық операторлары тізілімінің нысаны бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы №186 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті экономикалық операторлары тізілімінің НЫСАНЫ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті экономикалық операторларының тізілімі
Кеден органы заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) берген ел1 | Куәлік туралы мәліметтер | ||||
заңды тұлғаның тізілімге енгізілген күні | куәліктің нөмірі | куәліктің типі2 | куәліктің күшіне ену күні | куәлік қолданысының мәртебесі3 | |
ЖМ | ЖМ | ЖМ | ЖМ | ЖМ | ЖМ |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Уәкілетті экономикалық оператор (заңды тұлға) және оның оқшауланған құрылымдық бөлімшелері (филиалдары) туралы мәліметтер | |||||
толық атауы | қысқартылған атауы | салықтық нөмірі | орналасқан жері | іс жүзіндегі мекенжайы | филиалының белгісі |
ЖМ | ЖМ | ЖМ | ЖМ | ЖМ | ЖМ |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Уәкілетті экономикалық оператордың тауарларды уақытша сақтау үшін пайдалануға арналған немесе пайдаланатын құрылыстары, үй-жайлары (үй-жайларының бөліктері) және (немесе) ашық алаңдары (бұдан әрі – сақтау орындары) туралы мәліметтер | ||||||
сақтау орнының атауы | сақтау орнының іс жүзіндегі мекенжайы | сақтау орнының алаңы8 (м2) | сақтау орнын пайдалану негіздемесі | |||
пайдалану негіздемесінің коды9 | пайдалану негіздемесі болып табылатын құжаттың нөмірі және берілген күні | пайдалану құқығының басталу күні | пайдалану құқығының аяқталу күні | |||
ЖМ | ЖМ | ЖМ | ||||
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Сақтау орындарын бақылау жүктелген кеден органдары туралы мәліметтер | Міндеттерді орындаудың қамтамасыз етілуі (бұдан әрі – қамтамасыз ету) туралы мәліметтер10 | ||||||
қызметінің өңірінде сақтау орны тіркелген кеден органының коды | кедендік бақылау аймағының нөмірі не оның құрылғанын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні | кедендік бақылау аймағының құрылған күні | кедендік бақылау аймағының таратылған күні | қамтамасыз ету тәсілі | қамтамасыз ету құжатының нөмірі және берілген күні | қамтамасыз ету құжатының қолданысының басталған күні | қамтамасыз ету құжатының қолданысының аяқталған күні |
ЖМ | ЖМ | ||||||
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
Куәліктің қолданысының тоқтатыла тұруы және қалпына келтірілуі туралы мәліметтер | Тізілімнен шығару туралы мәліметтер | ||||
куәліктің қолданысының тоқтатыла тұруы туралы құжаттың нөмірі және берілген күні | куәліктің қолданысының тоқтатыла тұрған күні | куәліктің қолданысының қалпына келтірілгені туралы құжаттың нөмірі және берілген күні | куәліктің қолданысының қалпына келтірілген күні | тізілімнен шығару туралы құжаттың нөмірі және берілген күні | тізілімнен шығарылған күн |
ЖМ | |||||
28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 |
____________________
1Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген әлем елдерінің сыныптауышына (№ 22 қосымша) сәйкес елдің коды.
2Мынадай мәндері бар:
1 – бірінші типті куәлік;
2 – екінші типті куәлік;
3 – үшінші типті куәлік.
3Мынадай мәндері бар:
02 – қолданылады;
03 – тоқтатыла тұрған;
04 – қалпына келтірілген;
05 – тоқтатылған.
4Уәкілетті экономикалық оператордың (заңды тұлғаның) қысқартылған атауы бар болған кезде толтырылады.
5Мынадай мәндері бар:
СЕН – салық төлеушінің есептік нөмірі (Армения Республикасы үшін);
ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі (Беларусь Республикасы үшін);
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасы үшін);
ССН – салықтық сәйкестендіру нөмірі (Қырғыз Республикасы үшін);
ССН/ҚСК – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі/қою себебінің коды (Ресей Федерациясы үшін).
6Беларусь Республикасында, сондай-ақ уәкілетті экономикалық оператордың (заңды тұлғаның) іс жүзіндегі мекенжайының оның орналасқан жерімен сәйкес келген жағдайда толтырылмайды.
7Уәкілетті экономикалық операторды (заңды тұлғаны) оның оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінде (филиалдарында) 1-ден басталатын натуралдық қатар сандарынан тұратын мәндері бар белгілердің болуы бойынша олардан "0" белгісінің болуы бойынша ерекшелеуге арналған.
8Сақтау орны алаңының мәні үтірден кейін екі белгісі бар он таңбалы нақты сан ретінде көрсетіледі.
9Мынадай мәндері бар:
01 – меншікте;
02 – жалдауда;
03 – шаруашылық жүргізуде;
04 – жедел басқаруда.
10Заңды тұлға екінші типті (тауарлар өндіру және (немесе) тауарларды экспорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, қаржылық тұрақтылығы белгіленген мәндерге сәйкес келмейтін заңды тұлғаларды қоспағанда) және үшінші типті куәліктер беріле отырып тізілімге енгізілген жағдайда толтырылмайды.
Ескертпе. | "ЖМ" (жария мәліметтер) деген белгісі бар мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі өзінің ресми сайтына орналастырады. |