1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы №96 шешімімен бекітілген Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесін мемлекетаралық сынақтардан өткізу жөніндегі комиссия туралы ереженің 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы №77 өкімімен бекітілген Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесін мемлекетаралық сынақтардан өткізу жөніндегі комиссия құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) мына адамдар комиссия құрамына енгізілсін:
Караян | - | Еуразиялық экономикалық комиссияның Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры (комиссия төрағасының орынбасары) |
Беларусь Республикасынан
Канаш | - |
Беларусь Республикасы Байланыс және ақпараттандыру министрлігінің Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары |
Шибков | - |
Беларусь Республикасы Президенті жанындағы Жедел-талдау орталығының қызметкері |
Қазақстан Республикасынан
Байғанин | -- | Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары |
Жахметова | - |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті директорының міндетін атқарушы |
Қырғыз Республикасынан
Нурланов | - |
Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының сарапшысы |
Омуралиев | - | Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ақпараттық технологиялар және байланыс комитеті төрағасының орынбасары |
Ресей Федерациясынан
Качанов | - | Ресей Федерациясы Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру жөніндегі жобалар департаментінің директоры; |
---|
б) комиссияның мына мүшелерінің жаңа лауазымдары көрсетілсін:
Минасян | - | Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) (комиссия төрағасы) |
Хотько | - |
Еуразиялық экономикалық комиссияның Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары |
Никогосян | - |
Армения Республикасы Экономикалық даму және инвестициялар министрлігінің Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы |
Шалабаев | - |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Электрондық үкімет" ішкі контур жобалары басқармасының басшысы |
Усенбаев | - | Қырғыз Республикасы Экономика министрлігі жанындағы "Сыртқы сауда саласындағы "бірыңғай терезе" орталығы" мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры; |
в) Консультативтік комитет құрамынан В.В.Козловский, М.Ю.Чащин, А.С.Ардабаев, А.А.Айтпергенов, З.А.Беделбаев, Э.Т.Мамырканов және А.В. Черненко шығарылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.Саркисян |