1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 қазандағы № 199 шешімімен бекітілген Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Консультативтік комитеттің құрамына мына адамдар енгізілсін:
Қазақстан Республикасынан
Перминов | ‒ | Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті директорының орынбасары |
Беларусь Республикасынан
Ярошевич | ‒ | Беларусь Республикасының Экономика министрлігі Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бас басқармасының басшысы; |
б) Консультативтік комитеттің құрамынан А.М. Заборовский, Е.В. Медина және Е.С. Ненахова шығарылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
К. Минасян |