Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 27-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі тиісінше - Одақ, интеграцияланған жүйе) құрылуы, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамуы жөніндегі жұмыстардың барысы туралы ақпаратын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы интеграцияланған жүйені дамыту жөніндегі жұмыстарды орындау және Одақ шеңберіндегі ортақ процестерді іске асыру нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесін жыл сайын хабардар етіп отырсын.
2. Одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен осы мақсаттар үшін қажетті қаржыландыруды көздей отырып, Одақ шеңберінде ортақ процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды бекіту кезінде белгіленген мерзімдерге сәйкес интеграцияланған жүйедегі мүше мемлекеттердің ұлттық сегментерінің жұмыс істеуін және Одақ шеңберінде ортақ процестердің іске асырылуын қамтамасыз ету сұралсын.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |