1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 17 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық одақта сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесін дамыту туралы" №17 өкімі 1-тармағының Еуразиялық экономикалық одақта сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесін дамыту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобы құрамын бекіту бөлігінде күші жойылды деп танылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақта сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесін дамыту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобының құрамын бекітсін және қажет болуына қарай оған өзгерістер енгізсін.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді, бұған 1-тармақ қосылмайды.
Осы Өкімнің 1-тармағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Еуразиялық экономикалық одақта сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесін дамыту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобының құрамын бекіту туралы өкімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
В. Габриелян | В. Матюшевский | А.Мамин | О. Панкратов | И. Шувалов |