Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар жасауды дамыту үшін жағдай туғызу туралы" 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4 шешімін және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері өз мемлекеттерінің аумағында үшінші елдерде шығарылатын және мүше мемлекеттердің аумағына импортталатын ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар жинақтауыштарының аналогтары (бұдан әрі – жинақтауыштар аналогтары) өндірісін ұйымдастыру мақсатында:
а) соның ішінде қосымшаға сәйкес тізбеге енгізілгендерді қоса, жинақтауыштар аналогтары өндірісін ұйымдастырудың орындылығы назарға алынсын;
б) қосымша шаралар қабылдау мүмкіндігіне:
жинақтауыштар аналогтары өндірісін ұйымдастыру және дамыту кезінде инвестициялар тарту;
жинақтауыштар аналогтары өндірісін, соның ішінде үшінші елдердің өндірушілерінің қатысуымен ұйымдастыру жөніндегі бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру;
жинақтауыштар аналогтары өндірісін ынталандыру және оларды ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі кезінде пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша талдау жасасын;
в) Еуразиялық экономикалық комиссияға мүше мемлекеттер аумағында ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар жинақтауыштары саласында, сондай-ақ машина жасаудың аралас салаларында өткізілген қосалқы келісімшарт жасасудың мамандандырылған биржалары туралы ақпарат берсін;
г) мүше мемлекеттердің даму банктерімен бірлесіп, агроөнеркәсіптік кешенді қаржылық қолдаудың қолданыстағы бағдарламалары шеңберінде:
инновациялық кәсіпорындар құру жөніндегі бірлескен бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруды;
жинақтауыштар аналогтары өндірісі үшін қажетті жабдықтар лизингке сатып алынғанда жеңілдікті жәрдемқаражат беруді;
мүше мемлекеттер аумағында жинақтауыштар аналогтары сәйкестігін растауды қоса, жинақтауыштар аналогтары өндірісін жүзеге асыратын кәсіпорындарды қолдауға бағытталған шаралар кешенін іске асыру мүмкіндігіне талдау жасасын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүше мемлекеттермен бірлесіп:
а) мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығы шеңберінде ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ олардың жинақтауыштары саласындағы іс-шараларды іске асыру мониторингін жүзеге асырсын;
б) 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген мониторинг нәтижелері туралы баяндама әзірлесін және оны Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына енгізсін.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 8 өкіміне ҚОСЫМША |
Үшінші елдерде шығарылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында импортталатын және олардың аналогтары өндірісін мүше мемлекеттердің аумағында ұйымдастыру орынды деп саналатын ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар жинақтауыштарының ТІЗБЕСІ
1. Автоматтандырылған трансмиссиялар
2. Ауыл шаруашылығы техникасына арналған автоматты орталықтандырылған майлау жүйесі
3. Тракторларға арналған дизельді қозғалтқыштар
4. Газ моторлы отынмен жұмыс істейтін қозғалтқыштар және күштік қондырғылар
5. Біліктер
6. Подшипниктер, соның ішінде роликті, келі тәрізді, букса тәрізді подшипниктер
7. Жерсеріктік навигация
8. Гидравлика элементтері
9. Электронды құрауыштар