Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдық жасауды дамыту үшін жағдай туғызу туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдық жасаудың жай-күйін талдау нәтижесін негізге алып, мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдық жасау саласындағы өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастықты дамыту үшін жағдай туғызудың маңыздылығын түсіне отырып, Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, 2015 жылғы 1 қарашаға дейін:

      ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдыққа қосалқы бөлшектердің үшінші елдерде өндірілетін аналогын жасауды мүше мемлекеттерде ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың әзірленуін;

      Дүниежүзілік сауда ұйымының нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін, ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтың экспортын қаржылық қолдау шараларын қамтитын, мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтың үшінші елдерге экспортын дамыту жөніндегі іс-шаралардың әзірленуін көздейтін Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешімдерінің жобаларын әзірлесін және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы мүше мемлекеттердің келісілген ұсыныстары негізінде 2015 жылғы 1 қарашаға дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына:

      Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жасалатын ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдыққа сұранысты ынталандыруды, оның ішінде ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтың лизингі тетігін дамыту жолымен ынталандыруды;

      мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықты пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін жағдай туғызу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ аумағында оларды пайдаланудың экономикалық тиімділігінің өлшемшарттарын әзірлеуді көздейтін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ұсынымдарының жобасын ұсынсын.


Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан
 

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 

Ресей
Федерациясынан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады