1. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 23-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 3 – 5-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіне Қырғызстан Республикасынан өкіл - Қырғыз Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 тамыздағы №154 Жарлығына сәйкес қажетті өкілеттіктер берілген Қырғыз Республикасының Бірінші вице-премьер-министрі Толкунбек Сагынбекович Абдыгулов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске ұсынылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |