Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 28-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттардың айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 1-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында ресми жарияланған күннен бастап, http;// eaeunion.org/ru/act/texnreg/debtexreg/LSI/Pages/pharm_gloassary.aspx. мекен-жайы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында орналасқан дәрілік заттардың айналысы саласында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қолданылатын ұғымдардың ақпараттық анықтамалығын басшылыққа алуды ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |