Дәрілік заттардың айналысы саласында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қолданылатын ұғымдардың ақпараттық анықтамалығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 12 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 28-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттардың айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 1-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында ресми жарияланған күннен бастап, http;// eaeunion.org/ru/act/texnreg/debtexreg/LSI/Pages/pharm_gloassary.aspx. мекен-жайы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында орналасқан дәрілік заттардың айналысы саласында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қолданылатын ұғымдардың ақпараттық анықтамалығын басшылыққа алуды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады