Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2018 – 2019 жылдарға арналған негізгі бағдарлары туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 11 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2018 – 2019 жылдарға арналған негізгі бағдарлары бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтеріне макроэкономикалық саясатты жүргізу кезінде осы Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2018 – 2019 жылдарға арналған негізгі бағдарларын ескеру ұсынылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия макроэкономикалық саясат саласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер іске асыратын шараларға талдау жүргізсін және мұндай шаралардың осы Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2018 – 2019 жылдарға арналған негізгі бағдарларына сәйкестігін бағаласын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2018 жылғы 14 мамырдағы
№ 11 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2018 – 2019 жылдарға арналған НЕГІЗГІ БАҒДАРЛАРЫ

      Осы құжат 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес әзірленген және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 28 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық дамуының негізгі бағыттарында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында айқындалған міндеттерді шешуге бағыталған.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 7 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2017 – 2018 жылдарға арналған негізгі бағдарларын мүше мемлекеттер макроэкономикалық саясат жүргізу кезінде ескерді, бұл келеңсіз сыртқы факторлар әсерінің салдарын еңсеруге және ұлттық экономикаларда жағдайды жақсартуға ықпал етті.

      2015 – 2016 жылдары Одақта экономикалық белсенділік төмендегеннен кейін 2017 жылы оның біртіндеп қалпына келуі байқалды. Тұтынушылық сұраныстың өсуінің және мүше мемлекеттерде негізгі экспорттық тауарлар бағасының бір қалыпты жоғарылауының аясында жалпы Одақ бойынша өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік өндірісте өнім шығарудың өсуі, жүк тасымалдары көлемдерінің және бөлшек сауда айналымының артуы байқалды.

      Мүше мемлекеттердің үкіметтері мен ұлттық (орталық) банктерінің белсенді экономикалық саясат жүргізуінің нәтижесінде сыртқы және ішкі жағдайлардың біршама жақсаруының аясында барлық мүше мемлекеттер экономикалық өсудің оң қарқынына қол жеткізді. Бұл ретте Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы экономикаларының өсу қарқыны орташа әлемдік мәндерден жоғары болды.

      Ұлттық валюталардың айырбас бағамдарының икемділігін қолдау мүше мемлекеттерге сыртқы тепе-теңдікті қамтамасыз етті және олардың экспортының бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал етті. Тауарлардың сыртқы саудасының көлемі айтарлықтай өсті, бұл ретте экспорттық және импорттық құрамдастар салыстырмалы қарқындармен өсуде. Одақ шеңберінде тауарлардың өзара саудасы көлемінің ұлғаюы одан да маңызды болды, мұнда орташа және жоғары технологиялы өндірістер өнімінің экспорты мейлінше жоғары қарқынмен өсті.

      Одақтағы макроэкономикалық жағдайдың жақсаруы оң экономикалық нәтижелердің қалыптасуына едәуір дәрежеде ықпал етті. Инфляцияға қарсы тиімді ұлттық шараларды іске асыру және Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында инфляция деңгейін төмендетуге бағытталған ұсынымдарын ескеру нәтижесінде көрсетілген елдердегі тұтыну бағаларының өсу қарқыны төмендеді. Сонымен бірге, Армения Республикасы және Қырғыз Республикасы ынталандырушылық ақша-кредит саясатын іске асыру және тұтынушылық сұранысты қалпына келтіру салдарының дефляциясын еңсерді. Ұлттық және интеграциялық деңгейлердегі шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде Одақтың әрекет ету кезеңінде алғаш рет инфляция көрсеткішінің Шартта белгіленген шекті есептік сандық мәнін (тұтынушылық бағалар индексі) барлық мүше мемлекеттердің сақтауы тіркелді. Кейіннен мүше мемлекеттер экономикалық даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында инфляцияны орнықты төмен деңгейде ұстап тұруға күш-жігер жұмсауды жалғастыратын болады.

      2017 жылы бюджет саласында мүше мемлекеттердің көпшілігінде көрсеткіштердің жақсарғаны байқалды. Армения Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің тапшылығы қысқарғаны тіркелді, ал Беларусь Республикасында шоғырландырылған бюджет профицитпен орындалды. Сонымен бірге, Комиссияның бағалауы бойынша, 2017 жылғы қорытындылар бойынша Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджеті тапшылығының Шартта белгіленген сандық мәнінен асып кету қаупі бар. Бұдан басқа, Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасы мемлекеттік басқару секторының борышы көрсеткішінің Шартта белгіленген мәнінен асып кетуі мүмкін, оның өсуі мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің тапшылығын және инвестициялық жобаларды қаржыландыру қажеттілігімен байланысты болды.

      Мүше мемлекеттердің ағымдағы бюджеттік тепе-теңдігін және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығын қамтамасыз етуі экономикалық дамуға бағытталған дәйекті экономикалық саясат жүргізу үшін қажетті шарт болып табылады.

      Инвестициялық белсенділікті ынталандыру экономикаға қосымша ресурстар тартуға және мемлекеттік бюджеттің кіріс құрамдасын арттыруға мүмкіндік беретін оң экономикалық серпінді қолдаудың аса маңызды факторына айналуда. 2017 жылы мүше мемлекеттерде негізгі капиталға инвестициялаудың өсуі байқалды, алайда, нақты секторда инвестициялық жобаларды мемлекеттік қаржыландыру жоғары деңгейде қалып, мемлекеттік бюджеттерге түсетін жүктемені ұлғайтты. Бірінші кезекте, Одақта іскерлік ахуалды жақсарту есебінен мүше мемлекеттердің экономикасына жеке инвестициялар тартуды ынталандыруға бағытталған белсенді саясат жүргізу қажет.

      Мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдайдың тұрақталуы мен сауда жағдайының жақсаруы аясында "мүмкіндіктер терезесін" пайдалану және экономиканы жаңарту әрі нақты секторда өнімділікті арттыру бойынша күш-жігер жұмсау ерекше маңызға ие болуда. Экономиканың цифрлық өзгеруі, жаңа технологиялардың әзірленуі мен енгізілуі, адами капиталды және инфрақұрылымды дамыту мүше мемлекеттердің өндірістік әлеуетін арттыруға, нақты сектордың және мемлекеттік бюджет кірістерінің табыстылығын арттыруға, халықтың әл-ауқатының және халықаралық деңгейде мүше мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ететін болады.

      Өндірістік әлеуетті дамыта отырып және өндірістердің тиімділігін арттыра отырып, әрбір мүше мемлекетте ішкі сұраныстың мүмкіндігі шектеулі екенін және өнімділікті арттыруды Одақта сыртқы сауда байланыстарын нығайту және ішкі нарықты дамыту арқылы қолдау қажеттігін ескеру қажет, бұл мүше мемлекеттердің шикізаттық емес экспортын дамыту және экспорттық әлеуетін кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ықпал етеді.

      2018 – 2019 жылдары мүше мемлекеттер экономикаларының дамуына сыртқы жағдайлардың ықпалы, негізінен, әлемдік экономика қарқынының жедел өсу ықтималдығымен және шикізат нарықтарындағы бағалар серпінінің экономикалық жағдайға ықпалымен байланысты болады. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша осы кезеңде әлемдік экономиканың жыл сайынғы өсуі 3,9 пайыз деңгейінде болмақ. Сондай-ақ, Дүниежүзілік банктің болжамды бағалауларына сәйкес әлемдік экономика 2017 жылға қарағанда мейлінше жоғары қарқынмен өсетін болады деп болжануда. Мүше мемлекеттердің экономикасында құрылымдық өзгерістердің сақталуына байланысты шикізат бағаларының өзгеруінде тұрақсыздық ықпалының қаупі сақталады.

      Бұл жағдайларда мүше мемлекеттердің экономикалық өсуін қалпына келтіру процесін жандандыру және орнықты экономикалық даму үшін негіз қалау экономикалық саясаттың орта мерзімді кезеңге арналған басым мақсаттарына айналуда.

      Осыған байланысты, мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2018 – 2019 жылдарға арналған негізгі бағдарлары орта мерзімді кезеңде Одақта экономикалық өсу қарқынының 2 пайыздан төмен болмауына қол жеткізуге және инфляцияның көрсеткіштерін ұлттық бағдарларға шамалас не сол шекте ұстауға ұмтылу болмақ.

      Межеленген макроэкономикалық бағдарларға қол жеткізу мына бағыттар бойынша ұлттық және интеграциялық шараларды іске асыруды көздейді.

      Қолайлы макроэкономикалық жағдайлар жасау, соның ішінде:

      баға орнықтылығын қамтамасыз ету;

      инфляциялық ықтималдықты төмендету мақсатында мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің саясатына сенімді арттыру;

      мүше мемлекеттер көрсетілген макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерін арттырған жағдайда, Комиссияның шоғырландырылған бюджеттің тапшылығын және мемлекеттік басқару секторының қарызын төмендетуге бағытталған ұсынымдар әзірлеуі;

      мемлекеттік қаржының экономиканың кезеңдік ауытқуына және сыртқы экономикалық конъюнктураға тәуелділігін азайту, соның ішінде мүше мемлекеттердің бюджеттік қағидаларын жетілдіру жолымен азайту тәсілдерін әзірлеу;

      орта мерзімді перспективада біртіндеп бюджеттік шоғырландыруды қамтамасыз ету;

      мүше мемлекеттердің мемлекеттік қаржының борыштық орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы.

      Инвестициялық белсенділікті ынталандыру және іскерлік ахуалды жақсарту, соның ішінде:

      орта мерзімді кезеңде мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне салық жүктемесін орнықты және экономикалық негізді деңгейде ұстау;

      инвестициялық белсенділікті ынталандыруға бағытталған тиімді салық жеңілдіктерінің, шегерулердің және басқа да тетіктердің тиімді жүйесін жасау;

      құқықтық реттеуді жетілдіру және мемлекеттік жобалардың, соның ішінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары негізінде, жеке капиталды тартудың тиімді және өзара қолайлы тетіктерін практикаға енгізу;

      шағын және орта бизнесің қаржылық мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында ұжымдық және венчурлік инвестициялау тетіктерін дамыту;

      ұзақ мерзімді кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыру мүмкіндіктерін кеңейту, соның ішінде ұлттық және өңірлік даму институттарын тарта отырып кеңейту;

      бизнесті жүргізу үшін институционалдық ортаны жақсарту.

      Экономиканың нақты секторында өнімділікті арттыру үшін жағдайлар жасау, соның ішінде:

      мүше мемлекеттердің өнімділікті арттыруға бағытталған стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды қабылдауы және іске асыруы;

      өңдеу өнеркәсібінің жоғары технологиялық салаларының оза дамуын ынталандыру;

      мүше мемлекеттердің экономикасында құрылымдық өзгерістерді іске асыруды жалғастыру;

      нақты секторда жаңғырту және инновациялық өнімдер мен технологияларды енгізу процестерін ынталандыру;

      индустриялық инфрақұрылымды дамыту;

      Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру және мүше мемлекеттер экономикаларының әртүрлі салаларында цифрлық технологияларды енгізу;

      мүше мемлекеттердің қатысуымен өнеркәсіп саласында мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру;

      еңбек ресурстарының сапасын жақсарту және тиімді жұмыспен қамту мақсатында еңбекшілердің кәсіптік оқу, қайта оқу, біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін дамыту;

      Одақ шеңберінде еңбектегі және академиялық ұтқырлық саласында мүмкіндіктерді кеңейту.

      Одақтың сыртқы сауда байланыстарын нығайту және ішкі нарығын дамыту, соның ішінде:

      Одақтың ішкі нарығында кедергілерді анықтау және кезеңімен жою, сондай-ақ алып қоюларды және шектеулерді қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

      тиімді кедендік және өзге де бақылау түрлерін қамтамасыз ету жолымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өткізетін тауарларға қатысты Одақтың кедендік шекарасында жасалатын операцияларды оңтайландыру;

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімдерінде белгіленген секторларда және мерзімдерде Одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру;

      Одақтың көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту және оның транзиттік мүмкіндіктерін пайдалану;

      экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында үшінші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі жұмысты жалғастыру;

      экономикалық салада халықаралық ұйымдармен және өзге де интеграциялық бірлестіктермен өзара іс-қимылды тереңдету.

Об основных ориентирах макроэкономической политики государств – членов Евразийского экономического союза на 2018 – 2019 годы

Решение Высшего Евразийского экономического совета от 14 мая 2018 года № 11

      Высший Евразийский экономический совет решил:

      1. Утвердить прилагаемые основные ориентиры макроэкономической политики государств – членов Евразийского экономического союза на 2018 – 2019 годы.

      2. Рекомендовать правительствам государств – членов Евразийского экономического союза учитывать при проведении макроэкономической политики утвержденные настоящим Решением основные ориентиры макроэкономической политики государств – членов Евразийского экономического союза на 2018 – 2019 годы.

      3. Евразийской экономической комиссии проводить анализ мер, реализуемых государствами – членами Евразийского экономического союза в области макроэкономической политики, и оценивать соответствие таких мер утвержденным настоящим Решением основным ориентирам макроэкономической политики государств – членов Евразийского экономического союза на 2018 – 2019 годы.

      4. Настоящее Решение вступает в силу с даты его официального опубликования.


      Члены Высшего Евразийского экономического совета:

От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации

 
  УТВЕРЖДЕНЫ
Решением Высшего
Евразийского экономического совета
от 14 мая 2018 г. № 11

ОСНОВНЫЕ ОРИЕНТИРЫ
макроэкономической политики государств – членов Евразийского экономического союза на 2018 – 2019 годы

      Настоящий документ разработан в соответствии с Договором о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года (далее – Договор) и направлен на достижение целей, установленных Основными направлениями экономического развития Евразийского экономического союза, утвержденными Решением Высшего Евразийского экономического совета от 16 октября 2015 г. № 28, а также на решение задач, определенных стратегическими и программными документами государств – членов Евразийского экономического союза (далее соответственно – государства-члены, Союз).

      Утвержденные Решением Высшего Евразийского экономического совета от 14 апреля 2017 г. № 7 основные ориентиры макроэкономической политики государств – членов Евразийского экономического союза на 2017 – 2018 годы учитывались государствами-членами при проведении макроэкономической политики, что способствовало преодолению последствий влияния негативных внешних факторов предыдущих лет и улучшению ситуации в национальных экономиках.

      После снижения экономической активности в Союзе в 2015 – 2016 годах в 2017 году наблюдалось ее постепенное восстановление. На фоне роста потребительского спроса и умеренного повышения цен на основные экспортные товары государств-членов в целом по Союзу наблюдались рост выпуска продукции в промышленном и агропромышленном производстве, увеличение объемов грузоперевозок и оборота розничной торговли.

      В результате проведения правительствами и национальными (центральными) банками государств-членов активной экономической политики на фоне некоторого улучшения внешних и внутренних условий все государства-члены достигли положительных темпов экономического роста. При этом темпы роста экономик Республики Армения, Республики Казахстан и Кыргызской Республики оказались выше среднемировых значений.

      Поддержание гибкости обменных курсов национальных валют обеспечило государствам-членам внешнюю сбалансированность и способствовало повышению конкурентоспособности их экспорта. Существенно вырос объем внешней торговли товарами, при этом экспортная и импортная составляющие растут сопоставимыми темпами. Еще более значительным явилось увеличение объема взаимной торговли товарами в рамках Союза, где более высокими темпами рос экспорт продукции средне- и высокотехнологичных производств.

      Формированию позитивных экономических результатов в значительной степени способствовало улучшение макроэкономической ситуации в Союзе. В результате реализации эффективных национальных антиинфляционных мер и учета рекомендаций Евразийской экономической комиссии (далее – Комиссия), направленных на снижение уровня инфляции в Республике Беларусь, Республике Казахстан и Российской Федерации, темпы роста потребительских цен в указанных странах были снижены. В то же время Республика Армения и Кыргызская Республика преодолели дефляцию вследствие реализации стимулирующей денежно-кредитной политики и восстановления потребительского спроса. В результате реализации комплекса мер на национальном и интеграционном уровнях впервые за период существования Союза зафиксировано соблюдение всеми государствами-членами предельного расчетного количественного значения показателя инфляции (индекса потребительских цен), установленного Договором. В дальнейшем государства-члены продолжат направлять усилия на поддержание инфляции на стабильно низком уровне с целью создания благоприятных условий для экономического развития.

      В бюджетной сфере в 2017 году наблюдалось улучшение показателей в большинстве государств-членов. В Республике Армения, Кыргызской Республике и Российской Федерации зафиксировано сокращение дефицита консолидированного бюджета сектора государственного управления, в Республике Беларусь консолидированный бюджет исполнен с профицитом. Вместе с тем, по оценке Комиссии, по итогам 2017 года существует риск превышения Республикой Армения, Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой установленного Договором количественного значения дефицита консолидированного бюджета сектора государственного управления. Кроме того, Республика Армения и Кыргызская Республика могут превысить установленное Договором значение показателя долга сектора государственного управления, рост которого был обусловлен необходимостью финансирования дефицита консолидированного бюджета сектора государственного управления и инвестиционных проектов.

      Обеспечение государствами-членами текущей бюджетной сбалансированности и долгосрочной устойчивости государственных финансов является необходимым условием для проведения последовательной экономической политики, направленной на экономическое развитие.

      Важнейшим фактором поддержания позитивной экономической динамики, позволяющим привлечь дополнительные ресурсы в экономику и увеличить доходную составляющую государственного бюджета, становится стимулирование инвестиционной активности. В 2017 году в государствах-членах наметился рост инвестирования в основной капитал, однако государственное финансирование инвестиционных проектов в реальном секторе оставалось на высоком уровне, что увеличивало нагрузку на государственные бюджеты. Необходимо проводить активную политику, направленную на стимулирование привлечения частных инвестиций в экономики государств-членов в первую очередь за счет улучшения делового климата в Союзе.

      На фоне стабилизации макроэкономической ситуации в государствах-членах и улучшения условий торговли становится особенно важным использовать "окно возможностей" и предпринять усилия по модернизации экономики и повышению производительности в реальном секторе. Цифровая трансформация экономики, разработка и внедрение новых технологий, развитие человеческого капитала и инфраструктуры будут способствовать наращиванию производственного потенциала государств-членов, повышению прибыльности реального сектора и доходов государственного бюджета, росту благосостояния населения и конкурентоспособности государств-членов на международном уровне.

      Развивая производственный потенциал и повышая эффективность производства необходимо учитывать, что возможности внутреннего спроса в каждом государстве-члене ограничены и увеличение производительности необходимо поддерживать посредством укрепления внешнеторговых связей и развития внутреннего рынка Союза, что позволит обеспечить новые возможности для развития несырьевого экспорта и расширения экспортной специализации государств-членов.

      Влияние внешних условий на развитие экономик государств-членов в 2018 – 2019 годах будет в основном обусловлено вероятным ускорением темпов роста мировой экономики и воздействием динамики цен на сырьевых рынках на экономическую ситуацию. В этот период Международный валютный фонд прогнозирует ежегодный рост мировой экономики на уровне 3,9 процента. В соответствии с прогнозными оценками Всемирного банка также предполагается, что мировая экономика будет расти более высокими темпами, чем в 2017 году. Риски дестабилизирующего влияния изменения сырьевых цен сохранятся в связи с сохранением структурных ограничений в экономиках государств-членов.

      Приоритетными целями экономической политики на среднесрочный период в этих условиях становятся активизация процесса восстановления экономического роста и создание базиса для устойчивого экономического развития государств-членов.

      В связи с этим основными ориентирами макроэкономической политики государств-членов на 2018 – 2019 годы будут стремление к достижению в среднесрочном периоде темпов экономического роста в Союзе не ниже 2 процентов и поддержание показателей инфляции вблизи либо в пределах национальных ориентиров.

      Достижение намеченных макроэкономических ориентиров предусматривает реализацию национальных и интеграционных мер по следующим направлениям.

      Создание благоприятных макроэкономических условий, в том числе:

      обеспечение ценовой стабильности;

      повышение доверия к политике национальных (центральных) банков государств-членов с целью снижения инфляционных ожиданий;

      подготовка Комиссией рекомендаций, направленных на снижение дефицита консолидированного бюджета и долга сектора государственного управления, в случае превышения государствами-членами количественных значений указанных макроэкономических показателей;

      разработка подходов к снижению зависимости государственных финансов от циклических колебаний экономики и внешнеэкономической конъюнктуры, в том числе путем совершенствования бюджетных правил государств-членов;

      обеспечение в среднесрочной перспективе постепенной бюджетной консолидации;

      принятие государствами-членами мер по обеспечению долговой устойчивости государственных финансов.

      Стимулирование инвестиционной активности и улучшение делового климата, в том числе:

      поддержание в среднесрочном периоде налоговой нагрузки на хозяйствующие субъекты государств-членов на стабильном и экономически обоснованном уровне;

      создание системы эффективных налоговых льгот, вычетов и других механизмов, направленных на стимулирование инвестиционной активности;

      совершенствование правового регулирования и внедрение в практику эффективных и взаимовыгодных механизмов привлечения частного капитала к реализации государственных проектов, в том числе на основе принципов государственно-частного партнерства;

      развитие механизмов коллективного и венчурного инвестирования в целях улучшения финансовых возможностей малого и среднего бизнеса;

      расширение возможностей повышения доступности долгосрочных кредитных ресурсов, в том числе с привлечением инвестиций национальных и региональных институтов развития;

      улучшение институциональной среды для ведения бизнеса.

      Создание условий для повышения производительности в реальном секторе экономики, в том числе:

      принятие и реализация государствами-членами стратегических и программных документов, направленных на повышение производительности;

      стимулирование опережающего развития высокотехнологичных отраслей обрабатывающей промышленности;

      продолжение реализации структурных преобразований в экономиках государств-членов;

      стимулирование процессов модернизации и внедрения инновационных продуктов и технологий в реальном секторе;

      развитие индустриальной инфраструктуры;

      реализация цифровой повестки Союза и внедрение цифровых технологий в различные сферы экономик государств-членов;

      реализация межгосударственных программ и проектов в промышленной сфере с участием государств-членов;

      развитие возможностей профессионального обучения и переобучения, повышения квалификации трудящихся в целях улучшения качества трудовых ресурсов и роста эффективной занятости;

      расширение возможностей в сфере трудовой и академической мобильности в рамках Союза.

      Укрепление внешнеторговых связей и развитие внутреннего рынка Союза, в том числе:

      продолжение работы по выявлению и поэтапному устранению барьеров, а также сокращению изъятий и ограничений на внутреннем рынке Союза;

      оптимизация операций, совершаемых на таможенной границе Союза в отношении товаров, перемещаемых участниками внешнеэкономической деятельности, путем обеспечения эффективного таможенного и иных видов контроля;

      формирование в рамках Союза единых рынков услуг в секторах и в сроки, которые установлены решениями Высшего Евразийского экономического совета;

      развитие транспортно-логистического потенциала Союза и использование его транзитных возможностей;

      продолжение работы по интенсификации торгово-экономического сотрудничества с третьими сторонами с целью расширения экспортных возможностей;

      углубление взаимодействия с международными организациями и другими интеграционными объединениями в экономической сфере.