Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы №13 шешімін іске асыру туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 7 Өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы №13 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында автомобильмен жүк тасымалдарын орындауын кезең-кезеңімен ырықтандырудың 2016 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі аралықтағы кезеңге арналған бағдарламаның (бұдан әрі – Бағдарлама) І кезеңін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің іске асыру барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараты негізінде:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Бағдарламада көзделген іс-шараларды іске асыру мониторингін жалғастырсын.

      2. Армения Республикасының Үкіметі, Беларусь Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі Бағдарламаның ІІ кезеңінде көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан






О реализации Решения Высшего Евразийского экономического совета от 8 мая 2015 г. № 13

Распоряжение Высшего Евразийского экономического совета от 6 декабря 2018 года № 7

      На основании информации Евразийской экономической комиссии о ходе реализации государствами - членами Евразийского экономического союза I этапа Программы поэтапной либерализации выполнения перевозчиками, зарегистрированными на территории одного из государств - членов Евразийского экономического союза, автомобильных перевозок грузов между пунктами, расположенными на территории другого государства - члена Евразийского экономического союза, на период с 2016 по 2025 годы, утвержденной Решением Высшего Евразийского экономического совета от 8 мая 2015 г. № 13 (далее - Программа):

      1. Евразийской экономической комиссии продолжить мониторинг реализации государствами-членами Евразийского экономического союза мероприятий, предусмотренных Программой.

      2. Правительству Республики Армения, Правительству Республики Беларусь, Правительству Кыргызской Республики и Правительству Российской Федерации обеспечить реализацию в установленные сроки мероприятий, предусмотренных II этапом Программы.

      3. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза.


      Члены Высшего Евразийского экономического совета:

От Республики Армения

От Республики Беларусь

От Республики Казахстан

От Кыргызской Республики

От Российской Федерации