2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйытылған көмірсутек газдарын отын ретінде пайдалану үшін оларға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 036/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйытылған көмірсутек газдарын отын ретінде пайдалану үшін оларға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 036/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі БАҒДАРЛАМА
№ | ХКС коды |
Мемлекетаралық стандарт жобасының атауы. | Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері | Әзірлеу мерзімі | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет – жауапты әзірлеуші | |
басталуы | аяқталуы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 75.160 |
Сұйытылған отындық көмірсутек газдар. Техникалық талаптар. | қосымша | 2017 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
2 | 75.160.30 |
Сұйытылған көмірсутек газдар. Көмірсутек құрамды анықтау әдісі. | қосымша, "Шексіз көмірсутектер сомасының салмақ үлесі" көрсеткіші | 2017 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
3 | 75.160.30 | Сұйытылған көмірсутек газдар. Сынамаларды іріктеу әдісі. МЕМСТ 14921-78 қайта қарау | қосымша | 2017 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
4 | 75.060 |
Сұйытылған көмірсутек газдар. Қаныққан булардың тығыздығы мен қысымын анықтаудың есептеу әдісі. | қосымша, "Қаныққан булардың қысымы" көрсеткіші | 2017 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
5 | 75.160.30 |
Сұйытылған мұнай газдары. Газды хроматография көмегімен көмірсутек құрамды анықтау әдісі. | қосымша, "Шексіз көмірсутектер сомасының салмақ үлесі" көрсеткіші | 2019 жыл | 2020 жыл | Қазақстан Республикасы |
6 | 75.160.30 |
Сұйытылған мұнай газдары. Қаныққан булардың қысымын анықтау. | қосымша, "Қаныққан булардың қысымы" көрсеткіші | 2019 жыл | 2020 жыл | Қазақстан Республикасы |
7 | 75.160.20 |
Нефтепродукты. Күкіртті қамтитын қосылыстарды газды хроматография және күкіртті селективті табу әдісімен анықтау. | қосымша, "Күкіртті сутектің және меркаптанды күкірттің салмақ үлесі" көрсеткіші | 2019 жыл | 2020 жыл | Қазақстан Республикасы |
8 | 75.160.30 |
Сұйытылған отындық көмірсутек газдар. Техникалық талаптар. | қосымша, "Құрамындағы бос су және сілті", "Сұйық қалдықтың көлемдік үлесі" көрсеткіштері | 2019 жыл | 2020 жыл | Қазақстан Республикасы |
9 | 75.160.30 |
Сұйытылған көмірсутек газдар. Қалдықты сынамаларды бағанға енгізу көмегімен газды хроматография әдісімен анықтау. | қосымша, Сұйық қалдықтың көлемдік үлесі" көрсеткіші | 2019 жыл | 2020 жыл | Қазақстан Республикасы |