Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйытылған көмірсутек газдарын отын ретінде пайдалану үшін оларға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 036/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйытылған көмірсутек газдарын отын ретінде пайдалану үшін оларға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 036/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 28 ақпандағы
№ 33 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйытылған көмірсутек газдарын отын ретінде пайдалану үшін оларға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 036/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі БАҒДАРЛАМА


р/с

ХКС коды

Мемлекетаралық стандарт жобасының атауы.
Жұмыстың түрлері

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері

Әзірлеу мерзімі

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетжауапты әзірлеуші

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

7

1

75.160

Сұйытылған отындық көмірсутек газдар. Техникалық талаптар.
МЕМСТ 27578-87, МЕМСТ 20448-90, МЕМСТ 52087-2003 қайта қарау

қосымша

2017 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

2

75.160.30

Сұйытылған көмірсутек газдар. Көмірсутек құрамды анықтау әдісі.
МЕМСТ 10679-76 қайта қарау

қосымша, "Шексіз көмірсутектер сомасының салмақ үлесі" көрсеткіші

2017 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

3

75.160.30

Сұйытылған көмірсутек газдар. Сынамаларды іріктеу әдісі. МЕМСТ 14921-78 қайта қарау

қосымша

2017 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

4

75.060

Сұйытылған көмірсутек газдар. Қаныққан булардың тығыздығы мен қысымын анықтаудың есептеу әдісі.
МЕМСТ 28656-90 қайта қарау

қосымша, "Қаныққан булардың қысымы" көрсеткіші

2017 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

5

75.160.30

Сұйытылған мұнай газдары. Газды хроматография көмегімен көмірсутек құрамды анықтау әдісі.
АSТМ D 2163-14e1 негізінде МЕМСТ әзірлеу

қосымша, "Шексіз көмірсутектер сомасының салмақ үлесі" көрсеткіші

2019 жыл

2020 жыл

Қазақстан Республикасы

6

75.160.30

Сұйытылған мұнай газдары. Қаныққан булардың қысымын анықтау.
АSТМ D 1267-12 негізінде МЕМСТ әзірлеу

қосымша, "Қаныққан булардың қысымы" көрсеткіші

2019 жыл

2020 жыл

Қазақстан Республикасы

7

75.160.20

Нефтепродукты. Күкіртті қамтитын қосылыстарды газды хроматография және күкіртті селективті табу әдісімен анықтау.
АSТМ D 5623-94(2014) негізінде МЕМСТ әзірлеу

қосымша, "Күкіртті сутектің және меркаптанды күкірттің салмақ үлесі" көрсеткіші

2019 жыл

2020 жыл

Қазақстан Республикасы

8

75.160.30

Сұйытылған отындық көмірсутек газдар. Техникалық талаптар.
ҚР СТ 1663-2007 негізінде МЕМСТ әзірлеу

қосымша, "Құрамындағы бос су және сілті", "Сұйық қалдықтың көлемдік үлесі" көрсеткіштері

2019 жыл

2020 жыл

Қазақстан Республикасы

9

75.160.30

Сұйытылған көмірсутек газдар. Қалдықты сынамаларды бағанға енгізу көмегімен газды хроматография әдісімен анықтау.
ҚР СТ АСТМ Д 7756-2015 негізінде МЕМСТ әзірлеу

қосымша, Сұйық қалдықтың көлемдік үлесі" көрсеткіші

2019 жыл

2020 жыл

Қазақстан Республикасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады