Өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды тіркеу, қолданылуын тоқтата тұру, жаңғырту және тоқтату тәртібі туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 41 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) ережелерін іске асыру мақсатында және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды тіркеу, қолданылуын тоқтата тұру, жаңғырту және тоқтату тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім күшіне енгенге дейін тіркелген Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестік туралы декларациялар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп белгіленсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі "Өнімнің Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды тіркеу туралы ережені бекіту туралы" № 76 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім 2018 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 20 наурыздағы
№ 41 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды тіркеу, қолданылуын тоқтата тұру, жаңғырту және тоқтату ТӘРТІБІ

      1. Осы Ереже өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды (бұдан әрі тиісінше – сәйкестік туралы декларациялар, техникалық регламенттер, Одақ) тіркеу, қолданылуын тоқтата тұру, жаңғырту және тоқтату қағидаларын белгілейді.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарына сәйкестік туралы декларацияның бірыңғай нысаны және оны рәсімдеу қағидаларына сәйкес құрылған сәйкестік туралы декларация берілген сәйкестік сертификаттардың және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – бірыңғай тізілім) тіркеуге жатады.

      Сәйкестік туралы декларация оған тіркеу нөмірі берілген сәттен бастап тіркелді деп есептеледі.

      3. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеуді Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) сәйкестік туралы декларацияларды тіркеуге уәкілетті органдары (ұйымдары), соның ішінде, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген болса, мүше мемлекеттердің Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген және аккредиттеу саласы декларация толтырылатын өнімге таралатын органдары (бұдан әрі тиісінше – уәкілетті органдар, сертификаттау жөніндегі органдар) жүзеге асырады.

      4. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға (сертификаттау жөніндегі органға) сәйкестік туралы декларацияны және осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісін пайдалана отырып электрондық құжаттар түрінде не қағаз тасымалдағыштағы құжаттар түрінде, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбеген болса, қосымшалардың тізілімдемесімен және тапсыру туралы хабарламамен бірге тапсырысты пошта жөнелтілімімен ұсынады.

      5. Сәйкестік туралы декларацияға мынадай құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі:

      а) мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген тәртіпте рәсімделген, өтініш беруші қол қойған және мынадай мәліметтерді қамтитын сәйкестік туралы декларацияны тіркеу туралы өтініш:

      өтініш берушінің толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметін жүзеге асыратын орынның мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – заңды тұлғалар үшін немесе тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты орны және қызметін жүзеге асыратын орынның мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкер ретінде жеке тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін өтініш берушінің тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;

      өнімді әзірлеушінің толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыратын орынның мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – өнімді дайындайтын заңды тұлға және оның филиалдары үшін немесе тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты орны және өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орынның мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін;

      өнімнің атауы және белгісі (техникалық регламентте көзделген жағдайларда) және (немесе) өнімді әзірлеуші берген өзге шартты белгі (бар болған жағдайда);

      өнімнің атауы (техникалық регламентте көзделген жағдайларда) (бар болған жағдайда);

      оны сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өнім туралы өзге де мәліметтер (бар болған жағдайда);

      оларға сәйкес өнім әзірленген құжаттың (құжаттардың) белгісі және атауы (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық талаптар немесе өзге құжаттар) (бар болған жағдайда);

      өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес коды (кодтары);

      декларация тапсырылатын объектінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе жеке дара бұйым). Сериялық шығарылатын өнімдер үшін "сериялық шығарылым" жазбасы жүргізіледі. Өнімнің партиясы үшін партияның мөлшері, жеке дара бұйым үшін – бұйымның зауыт нөмірі көрсетіледі. Өнімнің партиясы және жеке дара бұйым үшін өнімнің партиясын (соның ішінде оның мөлшерін) немесе жеке дара бұйымды сәйкестендіретін тауарға ілеспе құжаттардың деректемелері көрсетіледі;

      талаптарына өнім сәйкес келетін техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) атауы;

      б) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкер ретінде жеке тұлғаның мемлекеттік тіркелуін растайтын мәліметтер;

      в) өтініш берушінің мөрімен (егер мүше мемлекеттің заңнамасымен өзгеше белгіленбеген болса) және қолымен куәландырылған Одақтың кедендік аумағына жеткізілетін өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді және осындай өнімнің көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі үшін жауапкершілікті (әзірлеушінің уәкілетті тұлғасы үшін) көздейтін әзірлеушімен (соның ішінде шетелдік әзірлеушімен) шарттың көшірмесі;

      г) өтініш берушінің мөрімен (егер мүше мемлекеттің заңнамасымен өзгеше белгіленбеген болса) және қолымен куәландырылған сәйкестік туралы декларацияны тіркеу үшін ұсынылуы техникалық регламентті (техникалық регламенттерде) көзделген дәлелдік материалдардың көшірмелері, соның ішінде қолданылуы оған таралатын техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарының сақталуын растайтын өнімді зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер нәтижелері (егер техникалық регламентте декларация тапсырылатын өнімге зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер жүргізу көзделген жағдайда.

      6. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеу үшін электрондық құжат түрінде ұсынған жағдайда сәйкестік туралы декларацияға және осы Тәртіптің 5-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген өтінішке мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өтініш беруші алған электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) (бұдан әрі – электрондық цифрлық қолтаңба) қолдана отырып қол қойылады, ал осы Тәртіптің 5-тармағының "б" – "г" тармақшаларында көрсетілген құжаттар электрондық түрде ұсынылады.

      7. Уәкілетті орган (сертификаттау жөніндегі орган) өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтерді:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 шешімімен белгіленген сәйкестік тураоы декралацияны рәсімдеуге қойылатын талаптардың сақталуы;

      б) осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген барлық құжаттар мен мәліметтердің ұсынылуы;

      в) техникалық регламентте өнімнің белгілі бір түрінің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында расталатынын белгілейтін талаптын болуы;

      г) сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған өтініш берушінің техникалық регламенттің сәйкестікті декларациялаудың белгілі бір объектісіне (сериялық шығарылым, партия немесе жеке дара бұйым) арналған өтініш берушілер тобын белгілейтін талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.

      8. Өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтердің осы Тәртіптің 7-тармағына сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган (сертификаттау жөніндегі орган) сәйкестік туралы декларацияны алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оған тіркеу нөмірін беру арқылы сәйкестік туралы декларацияны тіркеуді жүзеге асырады не өтініш берушіге оны тіркеуден бас тарту туралы (бас тарту себептерін көрсете отырып) хабарлайды.

      9. Сәйкестік туралы декларация мүше мемлекеттік сәйкестік туралы декларацияларды автоматтандырылған электрондық тіркеудің мамандандырылған сервисін пайдалана отырып тіркелген жағдайда уәкілетті орган өтініш берушінің Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 шешімімен белгіленген сәйкестік туралы декларацияны рәсімдеуге қойылатын талаптарды және осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға қойылатын талаптарды сақтауын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылымдық және форматтық-логикалық бақылау арқылы тексеруді жүзеге асырады.

      10. Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне Еуразиялық экономикалық комиссия бекіткен тәртіпте сәйкестік туралы декларация туралы мәліметтер, сондай-ақ осы Тәртіптің 5-тармағының "в" және "г" тармақшаларында көрсетілген құжаттар туралы мәліметтер енгізіледі.

      11. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеуден бас тарту туралы хабарлама өтініш берушіге ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісін пайдалана отырып электронды түрде не тапсыру туралы хабарламамен тапсырысты пошта жөнелтілімімен қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде жіберіледі немесе өтініш берушіге тапсырылады.

      12. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеуден бас тарту үшін негіздемелер:

      а) өтініш берушінің сәйкестік туралы декларацияны рәсімдеуге қойылатын Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 шешімімен белгіленген талаптарды сақтамауы;

      б) осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді толық емес көлемде ұсыну;

      в) техникалық регламентте өнімнің белгілі бір түрінің техникалық регламент талаптарына сәйкестігі сәйкестік туралы декларация қабылдау нысанында расталатынын белгілейтін талаптың болмауы;

      г) сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған өтініш берушінің техникалық регламенттің сәйкестікті декларациялаудың белгілі бір объектісіне(сериялық шығарылым, партия немесе жеке дара бұйым) арналған өтініш берушілер тобын белгілейтін талаптарына сәйкес келмеуі;

      д) өтініш беруші электрондық құжаттар түрінде ұсынған сәйкестік туралы декларацияда және сәйкестік туралы декларацияны тіркеу туралы өтініщте электрондық цифрлық қолтаңбаның болмауы болып табылады.

      13. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеуге ақы төлеу және оны белгілеу қажеттілігі жағдайында мұндай ақы төлеу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.

      14. Тіркелген сәйкестік туралы декларацияға өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда өтініш беруші сәйкестік туралы жаңа декларацияны қабылдайды және оны тіркеуді осы Тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.

      15. Өтініш беруші сәйкестік туралы жаңа декларацияны қабылдауды және оны тіркеуді мынадай:

      сәйкестік туралы декларацияда және оның қосымшаларында қателер (баспа қателері) табылған;

      өтініш берушінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, орналасқан жерлері (заңды тұлғаның мекенжайлары), қызметті жүзеге асыру орындарының мекенжайлары (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда), телефон нөмірлері және (немесе) электрондық пошта мекенжайлары өзгерген;

      өнімді әзірлеушінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, орналасқан жерлері (заңды тұлғаның мекенжайлары) өзгерген;

      ЕАЭО СЭҚ ТН коды (кодтары) өзгерген;

      өнімді әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыру орындары мекенжайларының саны қысқарған жағдайларда осы Тәртіптің 5-тармағының "б" – "г" тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынбай жүзеге асырады.

      Өтініш берушінің телефон нөмірі және (немесе) электрондық пошта мекенжайлары, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды (кодтары) өзгерген жағдайда сәйкестік туралы декларацияны және (немесе) оның қосымшаларын ауыстыру талап етілмейді және өтініш берушінің қалауы бойынша жүзеге асырылады.

      16. Осы Тәртіптің 5-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген өтініш және осы Тәртіптің 5-тармағының "б" – "г" тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер қоса берілген тіркелген сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қағаз және (немесе) электрондық тасымалдағыштарда уәкілетті органда (сертификаттау жөніндегі органда) сәйкестік туралы декларацияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде 5 жыл ішінде, ал сәйкестік туралы декларацияның қолданылу мерзімі шектеулі болса – ол тіркелген күннен бастап кемінде 10 жыл сақталады.

      Сәйкестік туралы декларацияны техникалық регламентте (техникалық регламенттерде) көзделген құжаттарды тіркей отырып қағаз және (немесе) элктрондық тасымалдағыштарда өтініш берушіде сақтауға қойылатын талаптар техникалық регламентпен (техникалық регламенттермен) белгіленеді.

      Егер техникалық регламентте (техникалық регламенттерде) өтініш берушіде сәйкестік туралы декларацияны құжаттардың қоса тіркеумен сақтау мерзімі белгіленбеген жағдайда сақтау мерзімі ол тіркелген күннен бастап 10 жылды құрайды.

      Егер өнімге өтініш берушіде сәйкестік туралы декларацияны құжаттарды қоса тіркеумен сақтаудың әртүрлі мерзімдерін белгілейтін бірнеше техникалық регламенттің қолданылуы таралатын жағдайда белгіленген сақтау мерзімдерінің неғұрлым ұзағы қолданылады.

      17. Тіркелген сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі, осы Тәртіптің 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер мүше мемлекеттің техникалық регламент талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруға жауапты органдарына (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары) олардың талап етуі бойынша ұсынылады.

      18. Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігінде тіркелген сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтата тұру үшін негіздеме тиісті мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органының өтініш берушіге сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтата тұру туралы ұйғарымды беруі болып табылады.

      Көрсетілген ұйғарымды беру, сондай-ақ сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату (жаңғырту) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіпте жүзеге асырылады.

      19. Сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату үшін негіздемелер:

      өтініш берушінің сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауы;

      мемлекеттік бақылау (қадағалау) органының өтініш берушіге тиісті мүше мемлекеттің бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігінде тіркелген сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату туралы ұйғарымды беруі (көрсетілген органның шешім қабылдауы);

      мемлекеттік бақылау (қадағалау) органының тиісті мүше мемлекеттің ұлттық бөлігінде тіркелген сәйкестік туралы декларацияны жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдауы болып табылады.

      Көрсетілген шешімдерді қабылдау (көрсетілген ұйғарымды беру), сондай-ақ сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Өтініш беруші сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда өтініш беруші уәкілетті органға (сертификаттау жөніндегі органға) өтініш берушінің шешімі бойынша сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны ұсынады.

      Көрсетілген хабарлама өтініш берушінің мөрімен (егер мүше мемлекеттің заңнамасымен өзгеше белгіленбеген болса) және қолымен куәландырылған болуы және сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі, тіркелген күні және сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату себебі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      Хабарлама ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісін пайдалана отырып электрондық түрде жіберілген жағдайда оған электрондық цифрлық қолтаңба қолданыла отырып қол қойылады.

      21. Уәкілетті орган (сертификаттау жөніндегі орган) өтініш берушінің шешімі бойынша сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату туралы алынған хабарлама негізінде көрсетілген хабарлама ұсынылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бірыңғай тізілімге сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату күні туралы мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.

      22. Мемлекеттік бақылау (қадағалау) органының өтініш берушіге сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы ұйғарымды беру, осы органның ұйғарымы бойынша қолданылуы тоқтата тұрған сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату (жаңғырту) туралы шешімді не сәйкестік туралы декларацияны жарамсыз деп тану туралы шешімді қабылдауы туралы ақпарат, егер бұл осы мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, тиісті мүше мемлекеттің бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігін қалыптастыруға және жүргізуге жауапты органына жіберіледі.

      23. Мүше мемлекеттің бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігін қалыптастыруға және жүргізуге жауапты органы осы Тәртіптің 22-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде бірыңғай тізілімге ұйғарымның (шешімнің) күні және тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.

      24. Сәйкестік туралы декларацияның қолданылуы бірыңғай тізілімге тиісті мәліметтер енгізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды, жаңғыртылды немесе тоқтатылды деп есептеледі.

О Порядке регистрации, приостановления, возобновления и прекращения действия деклараций о соответствии продукции требованиям технических регламентов Евразийского экономического союза

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 20 марта 2018 года № 41.

      В целях реализации положений технических регламентов Евразийского экономического союза (технических регламентов Таможенного союза) и в соответствии со статьей 18 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Утвердить прилагаемый Порядок регистрации, приостановления, возобновления и прекращения действия деклараций о соответствии продукции требованиям технических регламентов Евразийского экономического союза.

      2. Установить, что декларации о соответствии требованиям технических регламентов Евразийского экономического союза (Таможенного союза), зарегистрированные до вступления настоящего Решения в силу, действительны до окончания срока их действия.

      3. Признать утратившим силу Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 9 апреля 2013 г. № 76 "Об утверждении Положения о регистрации деклараций о соответствии продукции требованиям технических регламентов Таможенного союза".

      4. Настоящее Решение вступает в силу с 1 июля 2018 г.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Т. Саркисян

  УТВЕРЖДЕН
Решением Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 20 марта 2018 г. № 41

ПОРЯДОК
регистрации, приостановления, возобновления и прекращения действия деклараций о соответствии продукции требованиям технических
регламентов Евразийского экономического союза

      1. Настоящий Порядок устанавливает правила регистрации, приостановления, возобновления и прекращения действия деклараций о соответствии продукции требованиям технических регламентов Евразийского экономического союза (технических регламентов Таможенного союза) (далее соответственно – декларации о соответствии, технические регламенты, Союз).

      2. Декларация о соответствии, составленная согласно единой форме декларации о соответствии требованиям технического регламента Евразийского экономического союза и правилам ее оформления, утвержденным Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 декабря 2012 г. № 293, подлежит регистрации в едином реестре выданных сертификатов соответствия и зарегистрированных деклараций о соответствии (далее – единый реестр).

      Декларация о соответствии считается зарегистрированной с момента присвоения ей регистрационного номера.

      3. Регистрация декларации о соответствии осуществляется уполномоченными на регистрацию деклараций о соответствии органами (организациями) государств – членов Союза (далее – государства-члены), в том числе аккредитованными органами по сертификации государств-членов, которые включены в единый реестр органов по оценке соответствия Союза и область аккредитации которых распространяется на декларируемую продукцию, если это предусмотрено законодательством государств-членов (далее соответственно – уполномоченные органы, органы по сертификации).

      4. Для регистрации декларации о соответствии заявитель представляет в уполномоченный орган (орган по сертификации) декларацию о соответствии и прилагаемые к ней документы и сведения, предусмотренные пунктом 5 настоящего Порядка, в виде электронных документов с использованием информационно-телекоммуникационной сети "Интернет" либо в виде документов на бумажном носителе непосредственно, либо курьерской службой (нарочным), либо заказным почтовым отправлением с описью вложения и уведомлением о вручении, если иное не установлено законодательством государства-члена.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 20.12.2022 № 200 (порядок введения в действие см. п.2).

      5. К декларации о соответствии прилагаются следующие документы и сведения:

      а) заявление о регистрации декларации о соответствии, оформленное в порядке, установленном законодательством государства-члена, подписанное заявителем и содержащее следующие сведения:

      полное наименование заявителя, его место нахождения (адрес юридического лица) и адрес (адреса) места осуществления деятельности (в случае если адреса различаются) – для юридического лица или фамилия, имя и отчество (при наличии), место жительства и адрес (адреса) места осуществления деятельности (в случае если адреса различаются) – для физического лица, зарегистрированного в качестве индивидуального предпринимателя, а также регистрационный или учетный (индивидуальный, идентификационный) номер заявителя, присваиваемый при государственной регистрации юридического лица или физического лица в качестве индивидуального предпринимателя в соответствии с законодательством государств-членов, номер телефона и адрес электронной почты;

      полное наименование изготовителя продукции, его место нахождения (адрес юридического лица) и адрес (адреса) места осуществления деятельности по изготовлению продукции (в случае если адреса различаются) – для юридического лица и его филиалов, которые изготавливают продукцию, или фамилия, имя и отчество (при наличии), место жительства и адрес (адреса) места осуществления деятельности по изготовлению продукции (в случае если адреса различаются) – для физического лица, зарегистрированного в качестве индивидуального предпринимателя;

      наименование и обозначение продукции (в случаях, предусмотренных техническим регламентом) и (или) иное условное обозначение, присвоенное изготовителем продукции (при наличии);

      название продукции (в случаях, предусмотренных техническим регламентом) (при наличии);

      условия и срок хранения продукции (в случаях, предусмотренных техническими регламентами, нормативными документами, документами по стандартизации и технической документацией изготовителя);

      срок службы (годности) или ресурс продукции (в случаях, предусмотренных техническими регламентами, нормативными документами, документами по стандартизации и технической документацией изготовителя);

      иные сведения о продукции, обеспечивающие ее идентификацию (при наличии);

      обозначение и наименование документа (документов), в соответствии с которым изготовлена продукция (стандарт, стандарт организации, технические условия или иной документ) (при наличии);

      код (коды) продукции в соответствии с единой Товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (далее – ТН ВЭД ЕАЭС);

      наименование объекта декларирования (серийный выпуск, партия или единичное изделие). Для продукции серийного выпуска производится запись "серийный выпуск". Для партии продукции указывается размер партии, для единичного изделия – заводской номер изделия. Для партии продукции и единичного изделия указываются реквизиты товаросопроводительной документации, идентифицирующей партию продукции (в том числе ее размер) или единичное изделие;

      наименование технического регламента (технических регламентов), требованиям которого соответствует продукция;

      б) сведения, подтверждающие государственную регистрацию юридического лица или физического лица в качестве индивидуального предпринимателя в соответствии с законодательством государства-члена;

      в) копия договора с изготовителем (в том числе с иностранным изготовителем), предусматривающего обеспечение соответствия поставляемой на таможенную территорию Союза продукции требованиям технического регламента (технических регламентов) и ответственность за несоответствие такой продукции указанным требованиям (для уполномоченного изготовителем лица), заверенная печатью (если иное не установлено законодательством государства-члена) и подписью заявителя;

      г) копии доказательственных материалов, представление которых для регистрации декларации о соответствии предусмотрено техническим регламентом (техническими регламентами), в том числе результаты исследований (испытаний) и измерений продукции, подтверждающие соблюдение требований технического регламента (технических регламентов), действие которого на нее распространяется (в случае если техническим регламентом предусмотрено проведение исследований (испытаний) и измерений декларируемой продукции), заверенные печатью (если иное не установлено законодательством государства-члена) и подписью заявителя.

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 20.12.2022 № 200 (порядок введения в действие см. п.2).

      6. В случае представления декларации о соответствии для регистрации в виде электронного документа декларация о соответствии и заявление, указанное в подпункте "а" пункта 5 настоящего Порядка, подписываются с применением электронной цифровой подписи (электронной подписи), полученной заявителем в соответствии с законодательством государства-члена (далее – электронная цифровая подпись), а документы, указанные в подпунктах "б" – "г" пункта 5 настоящего Порядка, представляются в электронном виде.

      7. Уполномоченный орган (орган по сертификации) рассматривает представленные заявителем документы и сведения на предмет:

      а) соблюдения требований к оформлению декларации о соответствии, установленных Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 декабря 2012 г. № 293;

      б) представления всех документов и сведений, предусмотренных пунктом 5 настоящего Порядка;

      в) наличия в техническом регламенте требования, устанавливающего, что соответствие определенного вида продукции требованиям технического регламента подтверждается в форме принятия декларации о соответствии;

      г) соответствия заявителя, принявшего декларацию о соответствии, требованиям технического регламента, устанавливающим круг заявителей для определенного объекта декларирования соответствия (серийный выпуск, партия или единичное изделие).

      8. По результатам рассмотрения в соответствии с пунктом 7 настоящего Порядка документов и сведений, представленных заявителем, уполномоченный орган (орган по сертификации) осуществляет регистрацию декларации о соответствии посредством присвоения ей регистрационного номера либо уведомляет заявителя об отказе в ее регистрации (с указанием причин отказа) в срок, не превышающий 3 рабочих дня со дня получения декларации о соответствии, если иное не установлено техническим регламентом.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 20.12.2022 № 200 (порядок введения в действие см. п.2).

      9. В случае регистрации декларации о соответствии с использованием специализированного сервиса автоматизированной электронной регистрации деклараций о соответствии государства-члена уполномоченный орган осуществляет проверку соблюдения заявителем требований к оформлению декларации о соответствии, установленных Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 декабря 2012 г. № 293, и требований к представлению документов и сведений, предусмотренных пунктом 5 настоящего Порядка, посредством структурного и форматно-логического контроля в соответствии с законодательством государства-члена.

      10. В национальную часть единого реестра вносятся сведения о декларации о соответствии в порядке, утверждаемом Евразийской экономической комиссией, а также сведения о документах, указанных в подпунктах "в" и "г" пункта 5 настоящего Порядка.

      11. Уведомление об отказе в регистрации декларации о соответствии направляется заявителю в электронном виде с использованием информационно-телекоммуникационной сети "Интернет" либо в виде документа на бумажном носителе заказным почтовым отправлением с уведомлением о вручении или вручается заявителю.

      12. Основаниями для отказа в регистрации декларации о соответствии являются:

      а) несоблюдение заявителем требований к оформлению декларации о соответствии, установленных Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 декабря 2012 г. № 293;

      б) представление документов и сведений, предусмотренных пунктом 5 настоящего Порядка, не в полном объеме;

      в) отсутствие в техническом регламенте требования, устанавливающего, что соответствие определенного вида продукции требованиям технического регламента подтверждается в форме принятия декларации о соответствии;

      г) несоответствие заявителя, принявшего декларацию о соответствии, требованиям технического регламента, устанавливающим круг заявителей для определенного объекта декларирования соответствия (серийный выпуск, партия или единичное изделие);

      д) отсутствие в декларации о соответствии и в заявлении о регистрации декларации о соответствии, представленных заявителем в виде электронных документов, электронной цифровой подписи.

      13. Необходимость оплаты регистрации декларации о соответствии и в случае ее установления порядок такой оплаты определяются законодательством государств-членов.

      14. Внесение изменений в зарегистрированную декларацию о соответствии не допускается. При необходимости внесения изменений заявитель принимает новую декларацию о соответствии и осуществляет ее регистрацию согласно настоящему Порядку.

      15. Замена декларации о соответствии (приложений к ней) без проведения дополнительных или повторных исследований (испытаний) и измерений продукции осуществляется в случаях, установленных пунктом 114 типовых схем оценки соответствия, утвержденных Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 18 апреля 2018 г. № 44.

      Сноска. Пункт 15 – в редакции решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 20.12.2022 № 200 (порядок введения в действие см. п.2).

      16. Заявление, указанное в подпункте "а" пункта 5 настоящего Порядка, и копия зарегистрированной декларации о соответствии с приложением документов и сведений, указанных в подпунктах "б" – "г" пункта 5 настоящего Порядка, хранятся в соответствии с законодательством государств-членов на бумажных и (или) электронных носителях в уполномоченном органе (органе по сертификации) в течение не менее 5 лет после окончания срока действия декларации о соответствии, а если срок действия декларации о соответствии не ограничен, – не менее 10 лет с даты ее регистрации.

      Требования к хранению у заявителя декларации о соответствии на бумажном и (или) электронном носителях с приложением документов, предусмотренных техническим регламентом (техническими регламентами), устанавливаются техническим регламентом (техническими регламентами).

      В случае если техническим регламентом (техническими регламентами) не установлен срок хранения у заявителя декларации о соответствии с приложением документов, срок хранения составляет 10 лет с даты ее регистрации.

      В случае если на продукцию распространяется действие нескольких технических регламентов, которые устанавливают разные сроки хранения у заявителя декларации о соответствии с приложением документов, применяется наибольший из установленных сроков хранения.

      17. Копия зарегистрированной декларации о соответствии, документы и сведения, указанные в пункте 5 настоящего Порядка, представляются органам государства-члена, ответственным за осуществление государственного контроля (надзора) за соблюдением требований технического регламента (далее – органы государственного контроля (надзора)), по их требованию.

      18. Основанием для приостановления действия декларации о соответствии, зарегистрированной в национальной части единого реестра, является выдача заявителю органом государственного контроля (надзора) соответствующего государства-члена предписания о приостановлении действия декларации о соответствии.

      Выдача указанного предписания, а также приостановление (возобновление) действия декларации о соответствии осуществляются в случаях и порядке, предусмотренных законодательством государства-члена.

      19. Основаниями для прекращения действия декларации о соответствии являются:

      принятие заявителем решения о прекращении действия декларации о соответствии;

      выдача заявителю органом государственного контроля (надзора) предписания (принятие указанным органом решения) о прекращении действия декларации о соответствии, зарегистрированной в национальной части единого реестра соответствующего государства-члена;

      принятие органом государственного контроля (надзора) решения о признании декларации о соответствии, зарегистрированной в национальной части соответствующего государства-члена, недействительной.

      Принятие указанных решений (выдача указанного предписания), а также прекращение действия декларации о соответствии осуществляются в соответствии с законодательством государства-члена.

      20. В случае принятия заявителем решения о прекращении действия декларации о соответствии заявитель представляет в уполномоченный орган (орган по сертификации) уведомление о прекращении действия декларации о соответствии по решению заявителя.

      Указанное уведомление должно быть заверено печатью (если иное не установлено законодательством государства-члена) и подписью заявителя и содержать сведения о регистрационном номере, дате регистрации декларации о соответствии и причине прекращения действия декларации о соответствии.

      В случае направления уведомления в электронном виде с использованием информационно-телекоммуникационной сети "Интернет" оно подписывается с применением электронной цифровой подписи.

      21. Уполномоченный орган (орган по сертификации) на основании полученного уведомления о прекращении действия декларации о соответствии по решению заявителя в срок, не превышающий 3 рабочих дней со дня представления указанного уведомления, осуществляет внесение в единый реестр сведений о дате прекращения действия декларации о соответствии.

      22. Информация о выдаче заявителю органом государственного контроля (надзора) предписания о приостановлении, прекращении действия декларации о соответствии, принятии решения о прекращении (возобновлении) действия декларации о соответствии, действие которой было приостановлено по предписанию этого органа, либо решения о признании декларации о соответствии недействительной направляется в орган соответствующего государства-члена, ответственный за формирование и ведение национальной части единого реестра, если это предусмотрено законодательством такого государства.

      23. Орган государства-члена, ответственный за формирование и ведение национальной части единого реестра, в течение 3 рабочих дней со дня получения информации, указанной в пункте 22 настоящего Порядка, осуществляет внесение в единый реестр сведений о дате и регистрационном номере предписания (решения).

      24. Действие декларации о соответствии считается приостановленным, возобновленным или прекращенным с даты внесения в единый реестр соответствующих сведений.