Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) С.С. Сидорскийдің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік субсидиялар беруге қатысты міндеттемелерді орындауын мониторингтеу нәтижелері туралы ақпаратын назарға алып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Ресей Федерациясы тыйым салынған субсидияларды беруге салынған тыйымды сақтау және Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 580н бұйрығымен бекітілген Жұмыскерлердің өндірістік жарақаттануы мен кәсіптік ауруларын қысқарту жөніндегі алдын алу шараларын және зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлары бар жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді санаторий-курорттық емдеуді қаржылай қамтамасыз ету қағидаларының 3-тармағының "г" тармақшасын оған сәйкес келтіру бөлігінде Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 28 қосымша) 14-тармағын орындау қажеттілігі туралы хабардар етілсін.
2. Ресей Федерациясының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны осы Шешімнің 1-тармағын іске асыруға бағытталған, қабылданған шаралар туралы хабардар ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |