2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 31-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Медициналық қызметті құрайтын жұмыстар мен қызметтер көрсету түрлерінің сыныптауышы (бұдан әрі – сыныптауыш) бекітілсін.
2. Сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.
3. Мынадай:
сыныптауыш осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;
сыныптауыштың кодтық белгіленімдерін пайдалану Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы жалпы процестерді іске асыру кезінде міндетті болып табылады деп белгіленсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 70.шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Медициналық қызметті құрайтын жұмыстар мен қызметтер көрсету түрлерінің
сыныптауышЫ
I. Сыныптауыштың ізеуірттелген мәліметтері
Код | Жұмыстар мен қызметтер көрсетудің атауы |
01 | Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетумен байланысты жұмыстар мен қызметтер көрсету |
0100100 | тасымалдау кезіндегі медициналық сүйемелдеу |
0100200 | шұғыл медициналық көмек |
0100300 | жедел медициналық көмек |
02 | Ересектерге және (немесе) балаларға мамандықтар бойынша амбулаториялық-емханалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек |
0200100 | авиациялық және ғарыштық медицина |
0200200 | андрология |
0200300 | акушерлік және гинекология (қосалқы репродуктивті технологияларды пайдалануды қоспағанда) |
0200301 | акушерлік және гинекология (қосалқы репродуктивті технологияларды пайдалану) |
0200302 | акушерлік іс |
0200400 | аллергология және иммунология |
0200500 | анестезиология және реаниматология |
0200600 | бактериология |
0200700 | вакцинация (профилактикалық екпелерді жүргізу) |
0200800 | вирусология |
0200900 | сүңгуірлік медицина |
0201000 | гастроэнтерология |
0201100 | гематология |
0201200 | генетика |
0201300 | гериатрия |
0201400 | гистология |
0201500 | дезинфектология |
0201600 | дерматовенерология |
0201700 | диабетология |
0201800 | диетология |
0201900 | инфекциялық аурулар |
0202000 | кардиология |
0202001 | балалар кардиологиясы |
0202100 | клиникалық микология |
0202200 | клиникалық фармакология |
0202300 | колопроктология |
0202400 | косметология |
0202500 | зертханалық генетика |
0202600 | зертханалық микология |
0202700 | емдеу ісі |
0202800 | спорттық медицина |
0202900 | емдік дене шынықтыру |
0203000 | мануальды терапия |
0203100 | медициналық генетика |
0203200 | медициналық оптика |
0203300 | медициналық массаж |
0203400 | медициналық оңалту |
0203500 | наркология |
0203600 | неврология |
0203700 | неонатология |
0203800 | нефрология |
0203900 | онкология |
0203901 | балалар онкологиясы |
0204000 | операциялық іс |
0204100 | оториноларингология (кохлеарлық имплантацияны қоспағанда) |
0204101 | оториноларингология (кохлеарлық имплантация) |
0204200 | офтальмология |
0204300 | паразитология |
0204400 | педиатрия |
0204500 | кәсіптік аурулар |
0204600 | психиатрия |
0204601 | психиатрия-наркология |
0204700 | психотерапия |
0204800 | пульмонология |
0204900 | радиология |
0205000 | радиотерапия |
0205100 | реаниматология |
0205200 | ревматология |
0205300 | рентгенология |
0205400 | рентгенэндоваскулярлық терапия |
0205500 | рефлексотерапия |
0205600 | сексология |
0205700 | мейіргер ісі |
0205701 | косметологиядағы мейіргер ісі |
0205702 | педиатриядағы мейіргер ісі |
0205800 | стоматология |
0205801 | ортодонтия |
0205802 | балалар стоматологиясы |
0205803 | жалпы практика стоматологиясы |
0205804 | ортопедиялық стоматология |
0205805 | профилактикалық стоматология |
0205806 | терапиялық стоматология |
0205807 | хирургиялық стоматология |
0205900 | сурдология |
0206000 | терапия |
0206100 | токсикология |
0206200 | травматология және ортопедия |
0206300 | трансфузиология |
0206400 | урология |
0206401 | балалар урологиясы-андрологиясы |
0206500 | физиотерапия |
0206600 | фтизиатрия |
0206700 | хирургия |
0206701 | ангиохирургия |
0206702 | балалар хирургиясы |
0206703 | торакальдық хирургия |
0206704 | пластикалық хирургия |
0206705 | нейрохирургия |
0206706 | хирургиялық офтальмология, оның ішінде микрохирургия |
0206707 | хирургия (абдоминальды) |
0206708 | хирургия (комбустиология) |
0206709 | хирургия (ағзалардың және (немесе) тіндердің трансплантациясы) |
0206710 | рентгенэндоваскулярлық хирургия |
0206711 | жақ-бет хирургиясы |
0206712 | эндоскопиялық хирургия |
0206713 | жүрек-қантамыр хирургиясы |
0206800 | эндокринология |
0206801 | балалар эндокринологиясы |
0206900 | эндоскопия |
0207000 | энтомология |
0207100 | эпидемиология |
0207200 | жалпы практика |
0207201 | жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина) |
03 | Диагностика |
0300100 | клиникалық зертханалық диагностика |
0300200 | зертханалық диагностика |
0300300 | зертхана ісі |
0300400 | сәулелік диагностика |
0300500 | патологиялық анатомия |
0300600 | ультрадыбыстық диагностика |
0300700 | функциялық диагностика |
0300800 | рентгенэндоваскулярлық диагностика |
0300900 | эндоскопиялық диагностика |
04 | Ағзалар мен тіндерді алу мен трансплантациялауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар |
0400100 | гемопоэздік дің жасушаларын алу |
0400200 | жыныстық жасушаларды және репродуктивтік ағзалар тіндерін алу, криоконсервациялау және сақтау |
0400300 | донорлық қанды және (немесе) оның компоненттерін алу, дайындау, сақтау |
0400400 | трансплантациялауға арналған адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін алу және сақтау |
0400500 | сүйек кемігін және гемопоэдік дің жасушаларын трансплантациялау |
0400600 | гемопоэдік дің жасушаларын және сүйек кемігін тасымалдау |
0400700 | донорлық қанды және (немесе) оның компоненттерін тасымалдау |
0400800 | донорлық қанды және (немесе) оның компоненттерін тасымалдау |
0400900 | трансплантациялауға арналған адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін тасымалдау |
0401000 | гемопоэздік дің жасушаларын сақтау |
05 | Экстракорпоральдық емдеу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету |
0500100 | гемосорбция |
0500200 | диализ |
0500300 | плазмаферез |
06 | Медициналық сараптама, куәландырулар және қарап-тексерулер |
0600100 | әскери-дәрігерлік сараптама |
0600200 | дәрігерлік-ұщу сараптамасы |
0600300 | медициналық-әлеуметтік сараптама |
0600400 | медициналық қарап-тексерулер (алдын алу, мерзімдік) |
0600500 | медициналық қарап-тексерулер (ұщу алдындағы, ұщудан кейінгі) |
0600600 | медициналық қарап-тексерулер (рейс алдындағы, рейстен кейінгі) |
0600700 | медициналық қарап-тексерулер (ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі) |
0600800 | профилактикалық медициналық қарап-тексерулер |
0600900 | бала асырап алушы, қамқоршы (қорғаншы) немесе асыраушы ата-ана ретіндегі үміткерлерді медициналық куәландыру |
0601000 | АИТВ-инфекциясын анықтауға медициналық куәландыру |
0601100 | айналадағылар үшін қауіп төндіретін және шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсатты немесе ықтиярхатты немесе жұмысқа рұқсатты беруден бас тарту немесе жою үшін негіз болып табылатын инфекциялық аурулардың бар-жоғына медициналық куәландыру |
0601200 | көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдердің бар-жоғына медициналық куәландыру |
0601300 | қару ұстауға медициналық қарсы көрсетілімдердің бар-жоғына медициналық куәландыру |
0601400 | мастану (алкогольдік, есірткілік немесе өзге де уыттылық) күйіне медициналық куәландыру |
0601500 | психиатриялық куәландыру |
0601600 | сот-медициналық сараптама |
0601700 | заттай дәлелдемелердің сот-медициналық сараптамасы және биологиялық объектілерді (биохимиялық, генетикалық, медициналық-криминалистикалық, спектрографиялық, сот-биологиялық, сот-гистологиялық, сот-химиялық, сот-цитологиялық, химиялық-токсикологиялық) зерттеу |
0601800 | мәйіттің сот-медициналық сараптамасы және оны зерттеу |
0601900 | жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа да адамдардың сот-медициналық сараптамасы және оларды зерттеп қарау |
0602000 | сот-психиатриялық сараптама |
0602100 | біртектес амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама |
0602200 | кешенді амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама |
0602300 | біртектес стационарлық сот-психиатриялық сараптама |
0602400 | кешенді стационарлық сот-психиатриялық сараптама (психологиялық-психиатриялық, сексологиялық-психиатриялық) |
0602500 | еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы |
0602600 | медициналық көмек сапасының сараптамасы |
0602700 | кәсіптік жарамдылық сараптамасы |
0602800 | сырқаттанудың кәсіппен байланысының сараптамасы |
07 | Санитариялық-гигиеналық және індетке қарсы медициналық жұмыстар мен қызметтер көрсету |
0700100 | стоматологиядағы гигиена |
0700200 | санитариялық-гигиеналық зертханалық зерттеу |
0700300 | гигиеналық тәрбие |
08 | Жұмыстар мен қызметтер көрсетудің басқа да түрлері |
0800100 | медициналық статистика |
0800200 | медициналық-әлеуметтік көмек |
0800300 | мейіргер ісін ұйымдастыру |
0800400 | денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулықты ұйымдастыру |
0800500 | мейіргер қызметін басқару |
09 | Жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзге де сыныпталмаған түрлері |
0900001 | басқалар |
II. Сыныптауыштың паспорты
Р/с | Элементтің белгіленімі | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Коды | 042 |
2 | Типі | 2 – сыныптауыш |
3 | Атауы | медициналық қызметті құрайтын жұмыстар мен қызметтер көрсету түрлерінің сыныптауышы |
4 | Аббревиатурасы | КВРУМД |
5 | Белгілемесі | ЕК 042 - 2018 (ред.1) |
6 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 70 шешімі |
7 | Анықтамалық (сыныптауыш) қолданысқа енгізілетін (бекітілген) күн | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 70 шешімі күніне енген күннен бастап |
8 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуын тоқтату туралы актінің деректемелері | – |
9 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы аяқталатын күні | – |
10 | Оператор (операторлар) | KG, Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
11 | Мақсаты | медициналық ұйымдардың, оның ішінде медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен клиникалық тиімділігін бағалау мақсатында оларды клиникалық және (немесе) клиникалық-диагностикалық зерттеуді (сынауды) жүзеге асыруға құқығы бар медициналық ұйымдардың медициналық қызметті құрайтын жұмыстары мен қызметтер көрсетуі туралы мәліметтерді жүйелеуге арналған |
12 | Аннотациясы (қолданылу саласы) | медициналық қызметтің, оның ішінде медициналық бұйымдарды тіркеу мақсатында оларды клиникалық және (немесе) клиникалық-диагностикалық зерттеулермен (сынақтармен) байланысты медициналық қызметтің белгілі бір түрлерін жүргізуге ұйымдарға рұқсаттар беру кезінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады |
13 | Түйін сөздер | қызмет түрлері, жұмыстар, қызметтер көрсету, медициналық ұйымдар, медициналық бұйымдарды зерттеу, медициналық бұйымдарды сынау |
14 | Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала | техникалық реттеу |
15 | Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауышты пайдалану |
2 – халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптамаларды әзірлеу кезінде |
16 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) бар-жоғы | 2 – сыныптауыштардың аналогтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жоқ |
17 | Жүйелендіру (сыныптау) әдісі | 2 – жүйелеудің иерархиялық әдісі, сатылар (деңгейлер) саны – 2 |
18 | Жүргізу әдістемесі |
1 – орталықтандырылған жүргізу әдістемесі. |
19 | Құрылымы | сыныптауыш құрылымы туралы ақпарат (сыныптауыш жиектерінің құрамы, олардың мәндерінің салалары және қалыптастыру қағидалары) осы сыныптауыштың III бөлімінде көрсетілген |
20 | Деректердің құпиялылық дәрежесі | сыныптауыштың мәліметтері ашық қол жеткізілетін ақпаратқа жатады |
21 | Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі | анықталмаған |
22 | Өзгерістер | – |
23 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме | сыныптауыштан егжей-тегжейлі мәліметтер осы сыныптауыштың 1-бөлімінде көрсетілген |
24 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі |
Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау |
III. Сыныптауыш құрылымының сипаттамасы
1. Осы бөлім сыныптауыштың құрылымына қойылатын талаптарды белгілейді, оның ішінде сыныптауыштың деректемелік құрамы мен құрылымын, деректемелер мәндерінің салаларын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.
2. Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы мынадай жолдар (бағандар) қалыптастырылатын кестеде келтірілген:
"деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерін сөзбен сипаттау;
"көпт." – деректемелердің көптігі (міндеттілігі (опциялылығы) деректеменің және деректеменің ықтимал қайталану саны).
3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілемелер пайдаланылады:
1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;
n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n > 1);
1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;
n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс(n > 1);
n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен асырмай қайталануға тиіс (n > 1, m > n);
0..1 – деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;
0..* – деректеме опциялы, шектеусіз қайталануы мүмкін;
0..m – деректеме опциялы, m реттен асырмай қайталануы мүмкін (m > 1).
Кесте
Сыныптауыштың құрылымы және деректемелік құрамы
Деректеменің атауы | Деректеме мәнінің саласы | Деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары | Көпт. |
1 Жұмыс немесе қызметтер көрсету туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.1. Медициналық қызметті құрайтын жұмыстардың (қызметтер көрсетудің) түрлері тобының коды |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | кодтық белгілемесі кодтаудың реттік әдісі пайдаланыла отырып қалыптастырылады | 1 |
1.2 Медициналық қызметті құрайтын жұмыстардың (қызметтер көрсетудің) түрлері тобының атауы |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | атауы орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады | 1 |
1.3 Медициналық қызметті құрайтын жұмыс (қызметтер көрсетудің) туралы | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.3.1. Жұмыстың немесе қызметтер көрсетудің коды |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | кодтық белгілену кодтаудың сериялық-реттік әдісі пайдаланыла отырып қалыптастырылады | 1 |
1.3.2. Жұмыстың немесе қызметтер көрсетудің атауы |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | атауы орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады | 1 |
1.3.3. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
*.1. Қолданылуы басталатын дата | МемСТ ИСО 8601–2001-ге сәйкес YYYY-MM-DD форматында датаның белгіленуі | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданылуы басталатын датаға сәйкес келеді | 1 |
*.2. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы қолданылуының басталғанын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
*.2.1.. Актінің түрі |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленуі | 1 |
*.2.2. Актінің нөмірі |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
*.2.3. Актінің датасы | МемСТ ИСО 8601–2001-ге сәйкес YYYY-MM-DD форматында датаның белгіленуі | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі қабылданған датаға сәйкес келеді | 1 |
*.3. Қолданылуы аяқталатын дата | МемСТ ИСО 8601–2001-ге сәйкес YYYY-MM-DD форматында датаның белгіленуі | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданылуы аяқталатын датаға сәйкес келеді | 0..1 |
*.4. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы қолданылуының аяқталғанын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..1 |
*.4.1. Актінің түрі |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленуі | 1 |
*.4.2. Актінің нөмірі |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
*.4.3. Актінің датасы | МемСТ ИСО 8601–2001-ге сәйкес YYYY-MM-DD форматында датаның белгіленуі | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісі қабылданған датаға сәйкес келеді | 1 |