2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 20-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 109 шешімінің қабылдануына байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық одақта санитариялық шараларды қолдану туралы" № 299 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 2-1-тармақ он бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- 2020 жылғы 1 шілдеге дейін – "Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) күшіне енуіне байланысты көрсетілген регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қойылатын талаптар бөлігінде "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздік талаптары және тағамдық құндылығы" деген 1-бөлім бойынша, "Ыдысқа өлшеп құйылған ауызсуға қойылатын талаптар" деген 9-бөлім бойынша және "Минералды суға қойылатын талаптар" деген 21-бөлім бойынша.";
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІІ тарауының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |