Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді жүйеге келтіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мыналардың:
Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы "Сыртқы сауданы реттеу шаралары жөніндегі комитет туралы ереженің жобасы туралы" №147 шешімінің;
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 16 сәуірдегі "Сыртқы сауданы реттеу мәселелері жөніндегі комитетпен өзара іс-қимыл жасау үшін Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік билігінің уәкілетті органдарын айқындау туралы" №235 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |