Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 80 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді жүйеге келтіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналардың:

      Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы "Сыртқы сауданы реттеу шаралары жөніндегі комитет туралы ереженің жобасы туралы" №147 шешімінің;

      Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 16 сәуірдегі "Сыртқы сауданы реттеу мәселелері жөніндегі комитетпен өзара іс-қимыл жасау үшін Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік билігінің уәкілетті органдарын айқындау туралы" №235 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады