2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына, 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің 2.4-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позиция алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позиция енгізілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.
2. 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын жекелеген тауарлардың және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 36 шешімімен бекітілген осындай ставкалар мөлшерінің тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 7616 99 100 9 коды бар позициясы мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"7616 99 100 2 | – – – – – биметалл радиаторлар | 8,2 | 7,3 | 6,4 | 5,5 | 4,5 | 3,6 | 2,7 | 1,8 | 0,9 | 0 |
7616 99 100 3 | – – – – – өзге радиаторлар | 8,2 | 7,3 | 6,4 | 5,5 | 4,5 | 3,6 | 2,7 | 1,8 | 0,9 | 0 |
7616 99 100 4 | – – – – – бөліктер | 8,2 | 7,3 | 6,4 | 5,5 | 4,5 | 3,6 | 2,7 | 1,8 | 0,9 | 0 |
7616 99 100 8 | – – – – өзгелері | 8,2 | 7,3 | 6,4 | 5,5 | 4,5 | 3,6 | 2,7 | 1,8 | 0,9 | 0". |
2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің дамушы елдерден немесе даму деңгейі төмен елдерден шығатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген кезде орталықтан жылытуға арналған радиаторлардың жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік преференциялар берілетін туарлар тізбесінің ІІ бөліміне өзгеріс енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 86 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН | Позицияның атауы | Қос. өлш. бірл. |
+ 7616 99 100 9 | – – – – өзгелері | – |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 86 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН | Позицияның атауы |
Қос. өлш. бірл. |
– – – – электрсіз жылытылатын орталықтан жылытуға арналған радиаторлар және олардың бөліктері: | ||
7616 99 100 2 | – – – – – биметалл радиаторлар | – |
7616 99 100 3 | – – – – – өзге радиаторлар | – |
7616 99 100 4 | – – – – – бөліктер | – |
7616 99 100 8 | – – – – өзгелері | – |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 86 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының
СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН |
Позицияның атауы | Кедендік әкелу баждарының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не еуромен не АҚШ долларымен) |
7616 99 100 2 | – – – – – биметалл радиаторлар | 9 |
7616 99 100 3 | – – – – – өзге радиаторлар | 9 |
7616 99 100 4 | – – – – – бөліктер | 9 |
7616 99 100 8 | – – – – өзгелері | 9 |