Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ.

      Қолданушылардың назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

      2017 жылғы 11 сəуірде Мəскеуде жасалған Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы
ШАРТ

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,

      Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты.

1-бап
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

      Мүше мемлекеттер осы Шартқа № 1 қосымшадағы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексін қабылдайды.

2-бап
Шарттың күшіне енуі

      Осы Шарт оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2017 жылғы 1 шілдеден кейін күшіне енеді.

      Осы Шарттың күшіне енуіне байланысты осы Шартқа № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін халықаралық шарттардың қолданысы (уақытша қолданылуы) тоқтатылады және осы Шартқа № 3 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін халықаралық шарттар ережелерінің күші жойылды деп танылады.

3-бап
Шартқа өзгерістер енгізу

      Осы Шартқа мүше мемлекеттердің өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

4-бап
Ескертпелер

      Осы Шартқа ескертпелер жасауға жол берілмейді.

5-бап
Дауларды шешу

      Осы Шартты түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.

6-бап
Қорытынды ережелер

      Осы Шарт Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіреді.

      Осы Шарт 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін өзге халықаралық шарттардан басым күшке ие.

      2017 жылғы 11 сәуірде Мәскеу қаласында орыс тілінде бір данада жасалды.

      Осы Шарттың төлнұсқа данасы осы Шарттың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

Армения
Республикасы
атынан
Беларусь
Республикасы
атынан
Қазақстан
Республикасы
атынан
Қырғыз
Республикасы
атынан
Ресей
Федерациясы
атынан

  Кеден кодексі туралы шартқа
№ 1 ҚОСЫМША

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІ

I БӨЛІМ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау

Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік реттеу туралы негізгі ережелер

1-бап. Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік реттеу

      1. Еуразиялық экономикалық одақта (бұдан әрі - Одақ) тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу, олардың Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде болу және пайдаланылу тәртібі мен шарттарын, тауарлардың Одақтың кедендік аумағына әкелінуіне, олардың Одақтың кедендік аумағынан әкетілуіне, тауарлардың уақытша сақталуына, олардың кедендік декларациялануына және шығарылуына байланысты кедендік операциялар, өзге де кедендік операциялар жасау тәртібін, кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу және кедендік бақылау жүргізу тәртібін белгілеуді, сондай-ақ кеден органдары мен Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын іске асыратын тұлғалардың арасындағы билік қатынастарын регламенттеуді қамтитын бірыңғай кедендік реттеу жүзеге асырылады.

      2. Одақта кедендік реттеу, осы Кодексті қоса алғанда, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарға және Одақ құқығын құрайтын актілерге (бұдан әрі - халықаралық шарттар мен кедендік реттеу саласындағы актілер), сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі - Одақ туралы шарт) сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Одақтағы кедендік реттеу Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде тұлғалардың тең құқықтылығы, кедендік операцияларды жасаудың анықтығы, айқындығы және дәйектілігі, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді әзірлеу мен қолдануда және оларды халықаралық құқық нормаларымен үндестіруде, сондай-ақ кедендік бақылаудың заманауи әдістерін қолдануда және кеден органдарының қызметінде ақпараттық технологияларды барынша пайдалануда жариялық қағидаттарына негізделеді.

      4. Осы Кодекс пен кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін, Одақтың құқығына кіретін өзге де халықаралық шарттар арасында қайшылықтар туындаған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.

      5. Кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарда және актілерде реттелмеген кедендік құқықтық қатынастар осындай халықаралық шарттарда және актілерде тиісті құқықтық қатынастар реттелгенге дейін Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) кедендік реттеу туралы заңнамасында реттеледі.

2-бап. Анықтамалар

      1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      1) "авария" - кедендік бақылаудағы көлік құралдарымен және (немесе) өзге тауарлармен болған, тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи өзгерістерді, сондай-ақ еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан болатын өзгерістерді қоспағанда, салдары бойынша зиянды техникалық, технологиялық немесе өзге сипаттағы, меншік иесінің және (немесе) осындай өзгерістер болған кезде иелігінде тауарлар болған тұлғаның қасақана әрекеттерінен туындамаған, олардың кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерде көзделмеген сандық және (немесе) сапалық өзгеруіне әкеп соқтырған оқиға;

      2) "ақша құралдары" - жол чектері, вексельдер, чектер (банктік чектер), сондай-ақ эмитенттің (борышкердің) ақшалай қаражат төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын және осындай төлем жүзеге асырылатын тұлға көрсетілмеген құжаттамалық нысандағы бағалы қағаздар;

      3) "алдын ала ақпарат" - Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу болжанатын тауарлар, осындай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келу уақыты және жері, Одақтың кедендік аумағына келген жолаушылар туралы электронды түрдегі мәліметтер;

      4) "әкімшілік құқық бұзушылықтар" - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары әкімшілік процесті жүргізетін (іс жүргізуді жүзеге асыратын) әкімшілік құқық бұзушылықтар;

      5) "бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждар, салықтар" - оны құрайтын кедендік баждарға, салықтарға бөлмей, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты есептелген кедендік баждар, салықтар сомасы;

      6) "декларант" - тауарларды декларациялайтын не оның атынан тауарлар декларацияланатын тұлға;

      7) "жасанды аралдар" - оларды құруға арналған жобалау құжаттамасына сәйкес орналасқан жері бойынша бекітілген, судың барынша көтерілуі кезінде шайылатын, үйілген, қада және өзге де судың бетіне шығып тұратын, жүзбейтін тірек негізі бар, мүше мемлекеттердің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өңірлік геологиялық зерделеу, геологиялық зерделеу, минералды ресурстарды барлау және өндіру, су биологиялық ресурстарының теңіз ресурстары зерттеулерін жүргізу және балық аулауды жүзеге асыру, теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсаттарында мүше мемлекеттердің үшінші тараппен жасалған халықаралық шарттарына және мүше мемлекеттердің заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарда пайдаланылатын объектілер;

      8) "жеке пайдалануға арналған көлік құралдары" - Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын, жекелеген авто- және мото көлік құралдарын және авто- және мото көлік құралдарына тіркемелерді, қосалқы бөлшектері және әдеттегі керек-жарақтары мен жабдықтарын, осы көлік құралдарын Одақтың кедендік шекарасы арқылы адамдарды сыйақыға тасымалдау үшін емес, тауарларды сыйақыға немесе тегін өнеркәсіптік немесе коммерциялық тасымалдау үшін емес, жеке мақсаттарда өткізетін жеке тұлғаға иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығында тиесілі, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары, салқындату және өзге де техникалық сұйықтары бар су кемесін немесе әуе кемесін, оның ішінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тіркелген көлік құралдарының жекелеген түрлерін қамтитын, жеке пайдалануға арналған тауарлар санаты;

      9) "жеке пайдалануға арналған тауарлар" - Одақтың кедендік шекарасы арқылы бірге жөнелтілетін немесе бірге жөнелтілмейтін багажда, халықаралық пошта жөнелтімдерінде не өзге де тәсілмен жіберу арқылы өткізілетін жеке тұлғалардың жеке, отбасылық, үй ішілік және өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес мұқтаждықтарына арналған тауарлар;

      10) "жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар" - осы Кодекстің 53-бабына сәйкес қолданылатын кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелері бойынша жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты есептелген кедендік баждар, салықтар сомасы;

      11) "жөнелтуші кеден органы" - тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын кеден органы;

      12) "кедендік баж" - тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты кеден органы алатын міндетті төлем;

      13) "кедендік бақылау" - кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің және мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеруге және (немесе) қамтамасыз етуге бағытталған, кеден органдары жасайтын іс-қимылдар жиынтығы;

      14) "кедендік декларация" - тауарлар туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын кедендік құжат;

      15) "кедендік декларациялау" - кедендік декларацияны пайдалана отырып кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және (немесе) тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеу;

      16) "кедендік құжаттар" - кедендік декларация және тек қана кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу үшін, сондай-ақ кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу барысында және нәтижелері бойынша жасалатын өзге де құжаттар;

      17) "кедендік операциялар" - кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерге және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес тұлғалар және кеден органдары жасайтын іс-қимылдар;

      18) "кедендік рәсім" - тауарларды Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде кедендік реттеу мақсаттары үшін пайдалану шарттары мен тәртібін айқындайтын нормалар жиынтығы;

      19) "кедендік-тарифтік реттеу шаралары" - Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкетілетін) тауарларға қатысты Одақ туралы шартқа сәйкес қолданылатын және кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерін, тарифтік квоталарды, тарифтік преференцияларды, тарифтік жеңілдіктерді қолдануды қамтитын шаралар;

      20) "кеден органдары" - мүше мемлекеттердің кеден органдары;

      21) "кеден органдарының ақпараттық ресурстары" - кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылатын құжатталған ақпараттың реттелген жиынтығы (деректер базалары, басқа да ақпарат қорлары);

      22) "кеден өкілі" - декларанттың немесе өзге мүдделі тұлғаның атынан және тапсырмасы бойынша кедендік операциялар жасайтын, кеден өкілдері тізіліміне енгізілген заңды тұлға;

      23) "керек-жарақтар":

      қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды қоспағанда, су кемелерін, әуе кемелерін және пойыздарды тұратын жерлерінде және жүру жолында қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету үшін қажетті;

      су, әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаж мүшелерінің немесе пойыз жолаушылары мен пойыз бригадалары жұмыскерлерінің тұтынуы және (немесе) пайдалануы үшін, сондай-ақ осындай адамдарға таратуға немесе сатуға арналған тауарлар;

      24) "коммерциялық құжаттар" - сыртқы сауда және өзге қызметті жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты мәмілелердің жасалуын растау үшін пайдаланылатын құжаттар (шот-фактуралар (инвойстар), өзіндік ерекшеліктер, тиеу (орау) парақтары және өзге де құжаттар);

      25) "көлік құралдары" - су кемесін, әуе кемесін, автомобиль көлігі құралын, тіркемені, жартылай тіркемені, теміржол көлігі құралын (теміржол жылжымалы құрамы, теміржол жылжымалы құрамының бірлігі), олар үшін көзделген техникалық паспорттары немесе техникалық формулярлары, қосалқы бөлшектері, керек-жарақтары мен жабдықтары, егер көрсетілген көлік құралдарымен бірге тасымалданатын болса, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары, салқындату және өзге де техникалық сұйықтықтары бар контейнерді қамтитын тауарлар санаты;

      26) "көлік (тасымалдау) құжаттары" - тауарларды тасымалдау шартының бар екенін растайтын және оларды мұндай тасымалдау кезіндегі ілеспе құжаттар (коносамент, жүкқұжат, көлік экспедициясы шартының жасалғанын растайтын құжат және өзге де құжаттар);

      27) "қолма-қол ақшалай қаражат" - айналымнан алып тасталғандарды не алып тасталатындарды, бірақ айналымда болатын ақша белгілеріне айырбастауға жататындарды қоса алғанда, мүше мемлекеттерде немесе Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде (мемлекеттер тобында) айналымда болатын және заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар және қазынашылық билеттері, бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, монеталар түріндегі ақша белгілері;

      28) "құрылысжайлар, қондырғылар" - оларды құруға арналған жобалау құжаттамасына сәйкес орналасқан жері бойынша бекітілген, мүше мемлекеттердің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өңірлік геологиялық зерделеу, геологиялық зерделеу, минералдық ресурстарды барлау және өндіру, су биологиялық ресурстарының теңіз ресурстық зерттеулерін жүргізу және балық аулауды жүзеге асыру, теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында мүше мемлекеттердің үшінші тараппен жасасқан халықаралық шарттарына және мүше мемлекеттердің заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарда пайдаланылатын ұңғымаларды, стационарлық теңіз платформаларын, стационарлық бұрғылау қондырғыларын, басқа да жүзетін және стационарлық объектілерді қоса алғанда, су асты құрылысжайлары, жүзетін бұрғылау қондырғылары, теңіздегі жүзетін платформалар;

      29) "қылмыстар" - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес іс жүргізілуі кеден органдарының қарауына жатқызылған қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар;

      30) "межелі кеден органы" - қызмет атқаратын өңірде жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орны тұрған не кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайтын кеден органы;

      31) "мүдделі тұлға" - тауарларға қатысты мүдделері кеден органдарының немесе олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қарай қозғалатын тұлға;

      32) "мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттары" - мүше мемлекеттердің бірінің үшінші тараппен халықаралық шарты немесе бірнеше не барлық мүше мемлекет қатысушылары болып табылатын үшінші тараппен халықаралық шарт;

      33) "мүше мемлекеттің тұлғасы" - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым, сондай-ақ мүше мемлекетте тұрақты тұратын жері бар жеке тұлға, оның ішінде мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген дара кәсіпкер;

      34) "Одақ тауарлары":

      Одақтың кедендік аумағында тұрған, толығымен Одақтың кедендік аумағында өндірілген (шығарылған, алынған, өсірілген) тауарлар;

      Одақтың кедендік аумағында тұрған, осы Кодекске сәйкес не ол күшіне енгенге дейін Одақ тауарлары мәртебесін алған не Одақ тауарлары деп танылған тауарлар;

      Одақтың кедендік аумағында тұрған, осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген тауарлардан бір немесе бірнеше мүше мемлекеттерде өндірілген (дайындалған) тауарлар;

      осы Кодекске сәйкес Одақтың кедендік аумағынан әкетілген және Одақ тауарлары мәртебесін сақтаған тауарлар;

      35) "Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу" - Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтуге байланысты әрекеттерді жасау және соның нәтижесінде тауарларды халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жіберуді, құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кеден органдары осындай тауарларды шығарғанға дейін, тауарлар Одақтың кедендік аумағына кез келген тәсілмен келген әрекеттерді жасау;

      36) "Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету" - Одақтың кедендік аумағынан кез-келген тәсілмен тауарларды әкетуге бағытталған әрекеттерді жасау, оның ішінде Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтуді қоса алғанда, халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жіберу, құбыржол көлігін және электр берілісі желілерін пайдалану;

      37) "Одақтың кеден шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу" - осы Кодекстің 10-бабына сәйкес тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуге тиіс немесе жүзеге асырылуы мүмкін жерлерден тыс немесе осы жерлерде орналасқан кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс не кедендік бақылаудан жасырын не тауарларды дұрыс декларацияламау немесе декларацияламау не тауарлар туралы дұрыс емес мәліметтер қамтылған құжаттарды пайдалана отырып және (немесе) қолдан жасалған не басқа тауарларға жататын идентификаттау құралдарын пайдалана отырып, Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу;

      38) "Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу" - тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу немесе тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету;

      39) "салықтар" - тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуге байланысты алынатын қосылған құн салығы, акциздер (акциздік салық немесе акциздік алым);

      40) "су кемелері" - теңіз кемелері, аралас жүзу (өзен-теңіз) кемелері, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын ішкі су (жүзу) көлігі кемелері;

      41) "пошта байланысының тағайындалған операторы" - Дүниежүзілік пошта одағына мүше ел ресми тағайындайтын және мүше мемлекеттердің заңнамасына және Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта байланысы қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ететін тұлға;

      42) "тасымалдаушы" - тауарларды және (немесе) жолаушыларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды (тасымалды) және (немесе) Одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын тұлға. Тауарларды құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізу кезінде құбыржол көлігін немесе электр беру желілерін пайдалану үшін және (немесе) тауарларды құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізу үшін және (немесе) осы тауарларды бақылау және есепке алу үшін жауапты тұлға тасымалдаушы болып табылады;

      43) "тауар" - кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электр энергиясы, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;

      44) "тауарларды шығару" - әрекеттер жасағаннан кейін, мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын, жекелеген тауар санатына қатысты белгіленген тәртіппен және шарттарда мүдделі тұлғалар тауарларды пайдалануға құқылы болатын кеден органының әрекеті;

      45) "тұлға" - жеке тұлға, заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға болып табылмайтын ұйым;

      46) "тыйым салулар мен шектеулер" - Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын, тарифтік емес реттеу, оның ішінде Одақ туралы шартқа сәйкес біржақты тәртіппен енгізілетін тарифтік емес реттеу шаралары, техникалық реттеу шаралары, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, экспорттық бақылау шаралары, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімдерге қатысты шаралар және Одақ туралы шартқа және (немесе) мүше мемлекетердің заңнамасына сәйкес белгіленген радиациялық талаптар;

      47) "халықаралық пошта жөнелтілімдері" - Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта алмасу объектілері болып табылатын, Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттар ілестіре берілетін, халықаралық пошта алмасу орындарынан (мекемелерінен) Одақтың кедендік аумағының шегінен тысқары жіберілетін не Одақтың кедендік аумағына халықаралық пошта алмасу орындарына (мекемелеріне) келіп түсетін не Одақтың кедендік аумағы арқылы транзитпен жүретін посылкалар және жазбаша хат-хабар жөнелтілімдері;

      48) "халықаралық тасымалдың көлік құралдары" - жүктерді тиеуге, түсіруге, өңдеуге және қорғауға арналған арнайы жабдығы, материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау заттары, сондай-ақ жүру жолында көлік құралдарын жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге немесе пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері мен жабдықтары бар жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды халықаралық тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары;

      49) "шетелдік тауарлар" - Одақтың тауары болып табылмайтын, оның ішінде осы Кодекске сәйкес Одақтың тауарлары мәртебесінен айырылған тауарлар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес шетелдік тауарлар мәртебесін алған (шетелдік тауарлар болып танылған) тауарлар;

      50) "шетелдік тұлға" - мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылмайтын тұлға;

      51) "ішкі нарықты қорғау шаралары" — үшінші елдерде шығарылатын және Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты енгізілетін арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шаралары және Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген, ішкі нарықты қорғаудың өзге де шаралары;

      52) "экспресс-жүк" - халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарды қоспағанда, осы тауарды барынша мүмкін болатын және (немесе) тіркелген уақыт аралығы ішінде дара жүкқұжатқа сәйкес алушыға дейін жеткізу мақсатында тасымалдауларды ұйымдастыру мен қадағалаудың электрондық ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, көліктің кез келген түрімен жедел тасымалдау шеңберінде тасымалданатын тауар;

      2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:

      1) "еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ" (бұдан әрі - ЕЭА), "логистикалық ЕЭА", "порттық ЕЭА" және "ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъекті)" ұғымдары Одақ шеңберінде халықаралық шарттарда айқындалған мағыналарда пайдаланылады;

      2) "дипломатиялық өкілдік басшысы", "дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персонал мүшелері", "дипломатиялық өкілдіктің әкімшілік-техникалық персонал мүшелері", "дипломатиялық өкілдіктің қызмет көрсетуші персоналының мүшелері", "консулдық мекеме басшысы", "консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдары", "консулдық мекемелердің консулдық қызметшілері", "консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персоналының жұмыскерлері", "отбасы мүшелері", "дипломатиялық өкілдік қызметкерлері", "консулдық мекеме жұмыскерлері" ұғымдары 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясында айқындалған мағыналарда пайдаланылады.

      3. Осы Кодексте:

      1) ЕЭА аумағы деп аумағында ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА бүкіл аумағы немесе ЕЭА бір бөлігі түсініледі;

      2) Одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер деп мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан, Одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері және басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан тек мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері түсініледі;

      3) өзге де ұйымдар немесе олардың өкілдіктері деп мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекеттің халықаралық шарттарына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын және Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптастыратын тізбеге енгізілген ұйымдар немесе олардың өкілдіктері түсініледі.

      4. Комиссия мүше мемлекеттер табыс ететін ақпарат негізінде мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекеттің халықаралық шарттарына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің тізбесін қалыптастырады және оны Одақтың "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі (бұдан әрі - Интернет желісі) ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      5. Осы Кодексте пайдаланылатын өзге де ұғымдар осы Кодекстің тиісті баптарында, сондай-ақ Одақ туралы шартта айқындалған мағыналарда қолданылады.

      6. Азаматтық заңнамадағы және осы Кодексте пайдаланылатын заңнаманың басқа салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мүше мемлекеттің әрқайсысында мүше мемлекет заңнамасының тиісті салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.

3-бап. Кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер туралы ақпараттандыру

      Кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер туралы ақпараттандыру Комиссия және кеден органдары оларды тиісінше Одақтың ресми сайтында және кеден органдарының Интернет желісіндегі ресми сайттарында орналастыру жолымен, сондай-ақ олар туралы ақпаратты телевизия мен радионы, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жалпы жұртшылықтың назарына жеткізу жолымен, сондай-ақ өзге де жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат тарату тәсілдерімен жүзеге асырады.

4-бап. Кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерде белгіленетін мерзімдерді есептеу тәртібі

      1. Кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерде белгіленген мерзім күнтізбелік датамен немесе жылдармен, айлармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін уақыт кезеңінің өтуімен айқындалады.

      Мерзімі туындауға тиіс оқиғаны немесе жасалуға тиіс әрекетті көрсете отырып та айқындалуы мүмкін.

      2. Егер кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерде уақыт кезеңімен айқындалған мерзімнің басталуын және аяқталуын айқындау үшін мерзімді есептеудің арнайы тәртібі белгіленбесе, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерде осы баптың 3 - 9-тармақтарында көзделген қағидалар қолданылады.

      3. Жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен айқындалған мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен кейінгі келесі күні немесе оның басталуы айқындалған оқиға болған күні, ал сағатпен есептелетін уақыттың өтуі - оның басталуы айқындалған оқиға болған сағаттан кейінгі сағаттан басталады.

      4. Жылдармен есептелетін мерзім, мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді.

      5. Айлармен есептелетін мерзім, мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді.

      Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді.

      6. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келетін болса, одан кейінгі жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.

      7. Егер мерзім қандай да бір әрекетті жасау үшін белгіленсе, ол мерзімнің соңғы күнгі сағат 24-ке дейін орындалуы мүмкін.

      Алайда, егер бұл әрекет ұйымда жасалуға тиіс болса, онда мерзім белгіленген қағидалар бойынша осы ұйымда тиісті операциялар тоқтатылған сағатта бітеді.

      Егер жазбаша өтініштер мен хабарламалар мерзімнің соңғы күнгі сағат 24-ке дейін пошта байланысы мекемесіне (ұйымына) тапсырылған болса, белгіленген мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді.

      8. Егер мерзім жұмыс күндерімен есептелетін болса, жұмыс күндері деп:

      1) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жұмыс істемейтін күн деп жарияланған күндері тура келмейтін, аптаның дүйсенбіден жұмаға дейінгі күндері;

      2) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жұмыс күндеріне ауыстырылған демалыс күндері түсініледі.

      9. Егер тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін жерлерде және кеден органдары орналасқан өзге де жерлерде кеден органдарының жұмыс уақыты болып жұмыс істемейтін күндері белгіленсе, осы кеден органдарының жұмыс күндерімен есептелетін кедендік операцияларды жасау мерзімі жұмыс істемейтін күндерді қамтиды.

5-бап. Одақтың кедендік аумағы және Одақтың кедендік шекарасы

      1. Одақтың кедендік аумағын мүше мемлекеттердің аумағы, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумақтары шегінен тысқары орналасқан жасанды аралдар, құрылысжайлар, қондырғылар және оларға қатысты мүше мемлекеттердің айрықша юрисдикциясы бар өзге де объектілер құрайды.

      2. Одақтың кедендік аумағының шегі, сондай-ақ Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес - мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан жекелеген аумақтардың шегі Одақтың кедендік шекарасы болып табылады.

6-бап. Кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді, мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілерін қолдану

      1. Одақ туралы шартқа немесе Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес, егер осы Кодексте, ал мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілерін қолдануға қатысты - мүше мемлекеттердің заңнамасында да өзгеше белгіленбесе, кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күніне қолданылатын кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салу мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары, мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.

      2. Одақ туралы шартқа немесе Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес, егер осы Кодексте, ал мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілерін қолдануға қатысты - мүше мемлекеттердің заңнамасында да өзгеше белгіленбесе, тауарларды кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарда және актілерде белгіленген талаптарды бұза отырып, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты Одақтың кедендік шекарасынан тауарларды іс жүзінде өткізу күніне қолданылатын кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салу мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер, мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.

      Одақ туралы шартқа немесе Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес, егер осы Кодексте, ал мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілерін қолдануға қатысты - мүше мемлекеттердің заңнамасында да өзгеше белгіленбесе, егер Одақтың кедендік шекарасынан тауарларды іс-жүзінде өткізу күні белгіленбесе, бұзушылықтар анықталған күні қолданылатын кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салу мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер, мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.

      3. Егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес кедендік декларациялаудың ерекшеліктері ретінде тауарларға екі және одан да көп декларация беру көзделген болса, кедендік декларациялау осындай ерекшеліктермен жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары, мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері тауарларға бірінші декларация тіркелген күні қолданылады.

7-бап. Тыйым салулар мен шектеулерді сақтау

      1. Тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, кедендік рәсімдерге орналастырылады.

      2. Тарифтік емес реттеу шараларын, оның ішінде біржақты тәртіппен енгізілетін шараларды және техникалық реттеу шараларын сақтау Одақ туралы шартқа сәйкес Комиссия айқындаған немесе мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен, ал экспорттық бақылау шараларын, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шараларды сақтау - осындай шаралардың сақталуын растайтын, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді табыс ету арқылы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған жағдайларда және тәртіппен расталады.

      3. Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар мен радиациялық талаптарды сақтау Одақ туралы шартта және оған сәйкес қабылданған Комиссияның актілерінде белгіленген тәртіппен және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық, радиациялық бақылау (қадағалау) нәтижелері бойынша расталады.

      4. Жеке тұлғалардың Одақ туралы шартта көзделген, үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде Одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) әкету ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.

      5. Егер тыйым салулар мен шектеулерді белгілейтін актілерде олардың сақталуын растау жағдайлары және (немесе) тәртібі айқындалмаған болса, осындай тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде, сондай-ақ тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне немесе кедендік экспорт рәсіміне орналастыру кезінде расталады.

      6. Тыйым салула мен шектеулерді сақтау жөніндегі міндет, егер олар:

      1) келген жерінен бастап халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарлармен кедендік операциялар жасау жеріне дейін;

      2) келген жерінен кеткен жеріне дейін тасымалданса, халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыру кезінде декларанттарға жүктелмейді.

8-бап. Кедендік құжаттар

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік құжаттар орыс тілінде немесе кеден органына кедендік құжаттар табыс етілетін мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде толтырылады.

      Бір мүше мемлекеттің аумағында толтырылатын және кедендік операциялар жасау кезінде басқа мүше мемлекеттің кеден органына табыс етілуге жататын кедендік құжаттар орыс тілінде толтырылады.

      2. Кедендік құжаттарда кодталған түрде көрсетілуге жататын мәліметтер Комиссия бекітетін сыныптауыштар пайдаланыла отырып, ал Комиссия оларды бекіткенге дейін - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес қолданылатын сыныптауыштар пайдаланыла отырып көрсетіледі.

      3. Электрондық құжаттар түріндегі кедендік құжаттардың құрылымы мен форматы, осы Кодекске, кедендік реттеу саласындағы өзге халықаралық шарттарға және актілерге сәйкес Комиссия айқындайтын жағдайларды қоспағанда, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      4. Мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында осы Кодексте, кедендік реттеу саласындағы өзге де халықаралық шарттар мен актілерде көзделмеген кедендік құжаттар, олардың нысандары, осы нысандарды толтыру, осындай кедендік құжаттарға өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібі белгіленуі мүмкін.

      5. Егер осы Кодексте, кедендік реттеу саласындағы өзге де халықаралық шарттар мен актілерде кедендік құжаттардың нысандарын толтыру тәртібін және (немесе) кедендік құжаттарға өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін айқындау көзделмесе, мұндай тәртіп мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалуы мүмкін.

2-тарау

Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу, Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде оларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету туралы жалпы ережелер

9-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу

      1. Барлық тұлғалардың осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда немесе осы Кодекске сәйкес Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды тең негізде өткізуге құқығы бар.

      2. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодекске сәйкес кедендік бақылауға жатады.

10-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізетін орындар

      1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу осы баптың 3-тармағына сәйкес өзге де орындарда және осы орындарда орналасқан кеден органдарының жұмыс уақытында жүзеге асырыла алатын жағдайларды қоспағанда, Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін орындарда жүзеге асырылады.

      2. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері не мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған өзге де орындар Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін орындар болып табылады.

      3. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу осы баптың 2-тармағында көрсетілген орындардан өзге орындарда мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырыла алады.

      4. Одақтың кедендік аумағынан тауарлар келетін Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары келетін орындар болып табылады.

      Одақтың кедендік аумағынан тауарлар кететін Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары кететін орындар болып табылады.

      Келетін және кететін орындар туралы ақпаратты кеден органдары келтін орындардың және кететін орындарының жалпы тізбесін қалыптастыру үшін және оларды Одақтың интернет желісіндегі ресми сайтына орналастыру үшін Комиссияға жібереді.

      Келетін орындардың және кететін орындардың жалпы тізбесінің нысандарын, оларды қалыптастыру, жүргізу және олардан мәліметтерді пайдалану тәртібін, сондай-ақ келетін орындар және келетін орындар туралы ақпаратты табыс ету тәртібі мен техникалық шарттарын, оның ішінде құрылымы мен форматын Комиссия айқындайды.

      5. Тауарлардың жекелеген санаттары, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тауарлардың осындай санаттарын Одақтың кедендік аумағына әкелу (келетін) немесе оларды Одақтың кедендік аумағынан әкету (кететін) үшін айқындалған, Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізетін орындар арқылы ғана Одақтың кедендік аумағына келуі немесе Одақтың кедендік аумағынан кетуі мүмкін.

      6. Кеден органдары тауарлардың шыққан жеріне, жөнелткен және межелі еліне қарай тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу жерлерін таңдауда тұлғаны шектеуге құқылы емес.

      7. Одақтың кедендік шекарасында орналасқан мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу пункттері туралы ақпараттандыру мақсатында Комиссия мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары табыс ететін мәліметтер негізінде осындай өткізу пункттерінің ақпараттық-анықтамалық тізбесін және осындай өткізу пункттерінің жалпы паспорттар тізілімін қалыптастырады және Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтына орналастырады.

      Аталған тізбе мен тізілім нысандарын, оларды қалыптастыру, жүргізу және оларда қамтылған мәліметтерді пайдалану тәртібін, сондай-ақ Одақтың кедендік шекарасында орналасқан мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу пункттері туралы мәліметтерді табыс етудің техникалық шарттарын, оның ішінде құрылымы мен форматын Комиссия айқындайды.

      8. Осы баптың ережелері Одақтың кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен немесе электр берілісі желілерімен өткізілетін тауарларды өткізу кезінде қолданылмайды.

11-бап. Кеден органдарына алдын ала ақпаратты табыс ету

      1. Алдын ала ақпаратты табыс ету мақсаты Одақтың кедендік аумағына тауарлар келгенге дейін кеден органдарының тәуекелдерді бағалауы және объектілерді таңдау туралы алдын ала шешімдер қабылдауы, кедендік бақылау нысандары және кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану үшін Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуге жоспарланатын тауарлар туралы мәліметтерді кеден органдарының алуы болып табылады.

      Алдын ала ақпаратты кеден органдары кедендік операциялар жасауды жеделдету және кедендік бақылау жүргізуді оңтайландыру үшін пайдаланады.

      2. Кеден органдарына табыс етілетін алдын ала ақпараттың құрамы оны пайдалану мақсаттарына қарай:

      1) кеден органдары тәуекелдерді бағалау және объектілерді, кедендік бақылау нысандары мен кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану үшін пайдаланатын алдын ала ақпарат құрамына;

      2) кеден органдары кедендік операциялар жасауды жеделдету және кедендік бақылау жүргізуді оңтайландыру үшін пайдаланатын алдын ала ақпарат құрамына бөлінеді;

      3. Міндетті түрде осы баптың 2-тармағының 1-тармақшасында көзделген мақсаттарда айқындалған құрамдағы алдын ала ақпарат табыс етіледі.

      Осы баптың 2-тармағының 1-тармақшасында көзделген мақсаттар үшін айқындалатын құрамдағы алдын ала ақпарат оны табыс ете алатын тұлғалардың қалауы бойынша табыс етіледі.

      4. Алдын ала ақпарат электрондық құжат түрінде табыс етілуі мүмкін.

      Электрондық құжат түрінде табыс етілген алдын ала ақпарат тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келгендігі туралы хабарламаға, тауарлардың уақытша сақтауға орналастырылуына, кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды, сондай-ақ Комиссия айқындайтын өзге де кедендік операцияларды жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

      5. Алдын ала ақпарат тауарлар Одақтың кедендік аумағына келгенге дейін, аумағында тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу жоспарланған жері орналасқан мүше мемлекеттің кеден органына табыс етіледі.

      6. Алдын ала ақпарат Интернет желісінің ресурстарын пайдалана отырып, кеден органының ақпараттық жүйесі мен алдын ала ақпаратты табыс ететін тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің өзара әрекеттесуі арқылы және (немесе) Комиссия айқындайтын өзге де тәсілмен табыс етіледі.

      7. Алдын ала ақпарат орыс тілінде табыс етіледі, ал егер кеден органына алдын ала ақпарат табыс етілетін мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі орыс тілі болмаса, тұлғаның таңдауы бойынша алдын ала ақпарат орыс тілінде немесе осы мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде табыс етіледі.

      Кеден органына алдын ала ақпарат табыс етілетін мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында алдын ала ақпаратты ағылшын тілінде табыс ету мүмкіндігі белгіленуі мүмкін.

      8. Кеден органы табыс етілген алдын ала ақпаратты Комиссия айқындайтын тәртіппен және мерзімде тіркейді немесе оны тіркеуден бас тартады.

      9. Кеден органы табыс етілген алдын ала ақпаратты оған тіркеу нөмірін беру арқылы тіркейді.

      10. Кеден органы, егер табыс етілген ақпарат Комиссия айқындаған құрамға, құрылым мен форматқа және (немесе) осы баптың 7-тармағында көзделген талапқа сәйкес келмесе, алдын ала ақпаратты тіркеуден бас тартады.

      11. Тіркеу нөмірі көрсетіле отырып, алдын ала ақпаратты тіркеу туралы не бас тарту себептері көрсетіле отырып, оны тіркеуден бас тарту туралы мәліметтер алдын ала ақпаратты табыс еткен тұлғаға электрондық нысанда жіберіледі.

      12. Алдын ала ақпарат кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде, ал егер Комиссия өзге мерзімді айқындаған болса, Комиссия айқындаған мерзім ішінде сақталады, одан кейін кеден органдарында мұндай ақпарат алдын ала ақпарат ретінде пайдаланылмайды.

      Комиссия осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімге қарағанда, кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде алдын ала ақпаратты сақтаудың өзге мерзімін айқындауға құқылы.

      13. Міндетті түрде табыс етілуге тиіс алдын ала ақпарат берілмеген немесе оны табыс ету мерзімдері бұзылған кезде, кеден органына осындай алдын ала ақпарат беруге тиіс мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін шаралар қолданылады.

      14. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кеден органдарына алдын ала ақпарат табыс етілмегені немесе оны табыс ету мерзімдері бұзылғаны үшін жауапкершілік белгіленуі мүмкін.

      15. Алдын ала ақпарат:

      1) Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін, жеке басына пайдалануға арналған тауарларға;

      2) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға;

      3) осы Кодекстің 296-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларға;

      4) дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарын жою үшін өткізілетін тауарларға;

      5) мәртебесі мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген рұқсатнамамен (әскери рұқсатнамамен) расталатын әскери жүктерге;

      6) келген орнында арнайы кедендік рәсімге орналастырылатын тауарларға;

      7) Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы тасымалданатын Одақ тауарларына;

      8) Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және шектері Одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен сәйкес келетін, егер бұл аумағында осындай ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларға;

      9) Комиссия айқындайтын жағдайларда өзге де тауарларға қатысты табыс етілуі мүмкін.

      16. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілерімен өткізілетін тауарларға қатысты алдын ала ақпарат табыс етілмейді.

      17. Алдын ала ақпараттың құрамын, осындай ақпараттың құрылымы мен форматын, алдын ала ақпаратты, оның ішінде электрондық құжат түрінде табыс етілетін ақпаратты табыс ету тәртібі мен мерзімдерін, электрондық құжат түріндегі алдын ала ақпаратты қалыптастыру мен пайдалану тәртібін, алдын ала ақпаратты кеден органдарына табыс етуге міндетті не құқылы тұлғаны, тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көліктің түріне және осындай алдын ала ақпаратты кеден органының пайдалану мақсатына қарай Комиссия айқындайды.

      18. Алдын ала ақпарат ретінде кедендік декларациялануы, Комиссия айқындайтын жағдайларда және тәртіппен, ал оларды Комиссия айқындағанға дейін - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін жағдайларда және тәртіппен осы Кодекстің 114-бабында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылатын тауарларға қатысты берілген электрондық құжат түріндегі кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер пайдаланылуы мүмкін.

12-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау

      1. Белгіленген тыйым салу мен шектеулерге сәйкес Одақтың кедендік аумағына әкелуге жатпайтын, Одақтың кедендік аумағына келген тауарлар, егер осы Кодексте, мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, оларды халықаралық көлік құралынан түсірмей әкету мақсатында, халықаралық тасымалдаудың басқа көлік құралына қайта тиеуді қоспағанда, халықаралық тасымалдаудың көлік құралынан олар түсірілмей Одақтың кедендік аумағынан дереу әкетілуге тиіс.

      Аталған тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету шараларын тасымалдаушы, ал ол болмаған жағдайда - егер мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында өзге тұлғалар айқындалмаса, Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығына ие тұлға қолданады.

      2. Белгіленген тыйым салу мен шектеулерге сәйкес Одақтың кедендік аумағынан әкетілуге жатпайтын тауарлар, егер мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, іс жүзінде Одақтың кедендік аумағынан әкетіле алмайды.

      3. Тауарлар Одақтың кедендік аумағына келген немесе тауарлар Одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде тыйым салу мен шектеулердің сақталмауы анықталған жағдайда, кеден органы тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе Одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы шешім қабылдайды және мұны тасымалдаушының, ал ол болмаған жағдайда - оларды Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде немесе Одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығына ие тұлғаның назарына жеткізеді.

      4. Тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салу туралы кеден органының шешімін алғаннан кейін осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан дереу әкету мүмкін болмаған жағдайда, мұндай тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес ұстайды.

      5. Кеден органының тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы шешімі алынған және мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзім ішінде оларды кету орнынан Одақтың кедендік аумағына әкету жүзеге асырылмаған кезде, осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес ұстайды.

13-бап. Тауарларды Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету

      1. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін және оларды кеден органы шығарғанға дейін осы Кодекстің осы тарауында, 14 және 16-тарауларында белгіленген тәртіппен және жағдайларда, ал жекелеген тауарлар санаттарына қатысты - осы Кодекстің 37 - 43-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Тауарларды шығарғаннан кейін кеден органы оларды Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді тауарлар орналастырылған кедендік рәсімге сәйкес немесе кедендік декларациялауға және (немесе) кедендік рәсімдерге орналастырылмай шығарылуға жататын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады.

      3. Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткенге дейін кету орнына келгеннен кейін, Одақтың кедендік аумағынан шығарылатын тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету осы тарауда және осы Кодекстің 15-тарауында, ал тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты - осы Кодекстің 37 - 43-тарауларында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

14-бап. Тауарлардың кедендік бақылауда болуы

      1. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен кезден бастап кедендік бақылауда болады.

      2. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін Одақ тауарлары кедендік декларация тіркелген кезден бастап немесе тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкетуді жүзеге асыруға тікелей бағытталған іс-қимыл жасалған кезден бастап кедендік бақылауда болады.

      3. Осы Кодекске сәйкес шетелдік тауарлар мәртебесін иеленген, Одақтың кедендік аумағында алынған (түзілген) және орналасқан қайта өңдеу өнімдері, шығарындылар мен қалдықтар алынған (түзілген) кезден бастап кедендік бақылаудағы тауарлар деп есептеледі.

      4. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, сондай-ақ еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан және Одақ тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар олар дайындалған (алынған) кезден бастап кедендік бақылаудағы тауарлар болып есептеледі.

      Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан және Одақ тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар олар дайындалған (алынған) кезден бастап кедендік бақылаудағы тауарлар деп есептеледі.

      5. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Одақ тауарлары, порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін (әкелінген) және порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелгеннен бастап кедендік бақылауда болатын Одақ тауарларын қоспағанда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарлар, тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру үшін тауарларға берілген декларация тіркелген кезден бастап кедендік бақылауда болады.

      Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған Одақ тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар дайындалған (алынған) кезден бастап кедендік бақылаудағы тауарлар болып есептеледі.

      6. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Одақ тауарлары, тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру үшін тауарларға берілген декларация тіркелген кезден бастап кедендік бақылауда болады.

      Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Одақ тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар дайындалған (алынған) кезден бастап кедендік бақылаудағы тауарлар деп есептеледі.

      7. Осы баптың 1 және 3-тармақтарында, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарлар, осы Кодекстің 210 және 218-баптарына сәйкес Одақ тауарлары деп танылмаған тауарлар:

      1) осы баптың 12-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес Одақтың тауарлары мәртебесін иеленгенге;

      2) осы тауарлар Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілгенге;

      3) кедендік жою рәсімімен орналастырылған тауарлар іс жүзінде жойылғанға;

      4) кедендік аумағында қайта өңдеу немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне орналастырылған шетелдік тауарлардың бір бөлігі өндірістік қалдықтар деп танылғанға;

      5) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу, кедендік жою рәсімімен орналастырылған тауарларды ішкі тұтыну және жою үшін қайта өңдеу операцияларын жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтар одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылғанға немесе кеден органына пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жаратпау немесе өзге тәсілмен жою фактісін және осындай операцияларды жасау үшін оларды беру фактісін растайтын құжаттарды табыс еткенге;

      6) қайтып ұшып келетін ғарыштық аппаратты және ондағы бар тауарларды қоспағанда, осы тауарларды ғарыш кеңістігіне ұшырғанға;

      7) Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы тасымалданатын Одақ тауарларына қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға;

      8) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан осы тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісі не тасымалдаудың және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісі мойындалғанға;

      9) осы Кодекстің 207-бабының 10-тармағының 1-тармақшасында және 215-бабының 7-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген жағдайларда, осы тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін растайтын құжаттарды кеден органына табыс еткенге;

      10) осы Кодекстің 207-бабының 10-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген жағдайда еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға;

      11) осы Кодекстің 266-бабының 8-тармағына сәйкес белгіленген, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік баждарды, салықтарды төлеуден және (немесе) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерден босата отырып, Одақтың кедендік аумағына әкелу шарттарын бұзатын әрекеттер жасалған жағдайда жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленгенге және (немесе) өндіріп алынғанға;

      12) осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағы 2-тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарлар болып саналатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын және осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағы 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына қайта әкелу кезінде Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын шығарғанға;

      13) осы Кодекстің 279-бабының 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленгенге және (немесе) өндіріп алынғанға;

      14) Комиссия айқындайтын және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін өзге мән-жайлар туындағанға дейін кедендік бақылауда деп есептеледі.

      8. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген Одақ тауарлары Одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін, осы Кодекстің 113-бабына сәйкес кедендік декларация кері қайтарып алығанға дейін немесе осы баптың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар туындағанға дейін кедендік бақылауда болады.

      9. Кедендік декларациялауға жатпайтын, Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ шығарудан бас тартылған жеке пайдалануға арналған тауарлар мынадай мән-жайлардың бірі туындаған кезде:

      1) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін мұндай тауарлар мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналғанға дейін не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінен осы тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісі не тасымалдаудың және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісі мойындалғанға дейін;

      2) мұндай тауарлар кеден органының рұқсатымен кету орнынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне шығарылған кезде кедендік бақылауда деп саналмайды.

      10. Кедендік аумағынан тыс кедендік қайта өңдеу рәсімімен немесе уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағынан әкетілген Одақ тауарлары тиісті кедендік рәсім аяқталғанға немесе қолданылуы тоқтатылғанға дейін кедендік бақылауда болады.

      11. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген, осы Кодекстің 210 және 218-баптарына сәйкес Одақ тауарлары деп танылған тауарлар, сондай-ақ осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген Одақ тауарлары мына мән-жайлардың бірі туындағанға дейін:

      1) егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің немесе еркін қойма кедендік рәсімнің қолданысы осы тауарларды кедендік экспорт рәсіміне орналастырумен аяқталса, Одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге;

      2) осы тауарлар кедендік кері импорт рәсімімен орналастырылғанға;

      3) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан осы тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісі не тасымалдаудың және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін мойындағанға;

      4) осы Кодекстің 207-бабының 10-тармағының 1-тармақшасында және 115-бабының 7-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген жағдайларда осы тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою фактісін растайтын құжаттар кеден органына берілгенге;

      5) осы Кодекстің 207-бабының 10-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген жағдайда еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін кедендік бақылауда болады.

      12. Одақ тауарлары мәртебесін иеленген және декларациялануы осы Кодекстің 117-бабында көзделген ерекшеліктермен жүзеге асырылған тауардың соңғы құрамдауышы шығарылған күнге дейін немесе осы Кодекстің 117-бабының 9-тармағына сәйкес тауар құрамдауышына қатысты тауарлар декларациясындағы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілгенге дейін кедендік бақылауда болады.

      13. Осы Кодекстің 207-бабының 12 және 13-тармақтарында көрсетілген, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы тармақтарда көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 207-бабының 12 және 13-тармақтарына сәйкес осы тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін кедендік бақылауда болады.

      14. Осы Кодекстің 215-бабының 9-тармағында көрсетілген, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы тармақта көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 215-бабының 9-тармағына сәйкес осы тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін кедендік бақылауда болады.

      15. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Одақ тауарлары осы Кодекстің 246-бабының 1-тармағына және 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген кедендік декларация тіркелген кезден бастап бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін кедендік бақылауда болады.

15-бап. Жарамсыз, бұзылған немесе зақымданған тауарлар

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, Одақтың кеден аумағына әкелінген, декларацияланғанға дейін жарамсыз болып қалған, бұзылған немесе аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан, оның ішінде оларды уақытша сақтау кезеңінде, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданған (тасымалдау) кезде зақымданған тауарлар, оларға қатысты одан әрі кедендік операцияларды жасау кезінде Одақтың кеден аумағына жарамсыз, бұзылған немесе зақымданған күйде әкелінген тауар ретінде қарастырылады.

      2. Кеден одағының аумағына әкелінген, оларды осы Кодекстің 120-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға мәлімдегеннен бұрын немесе осы Кодекстің 204-бабына сәйкес порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне орналастырылған болып есептелетін күнге дейін, оның ішінде оларды уақытша сақтау кезеңінде, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданған (тасымалдау) кезде аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жарамсыз болып қалған, бұзылған немесе зақымданған осындай тауарлар одан әрі оларға қатысты кедендік операциялар жасалған кезде Одақтың кеден аумағына жарамыз, бұзылған немес зақымданған күйінде әкелінген тауарлар ретінде қарастырылады.

16-бап. Сот шешімімен тәркіленген немесе мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) өндіріп алынған немесе өндіріп алу қолданылған шетелдік тауарлар

      1. Сот шешімімен тәркіленген немесе мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) өндіріп алынған шетелдік тауарлар - кедендік рәсімдермен орналастырылуға, ал жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналысқа шығарылуға жатпайды. Көрсетілген тауарлар осындай шешім күшіне енген күннен бастап Одақ тауарлары мәртебесіне ие болады.

      2. Сот шешімімен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төлеу есебінен өндіріп алынған шетелдік тауарлар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одақ тауарлары мәртебесіне ие болады.

17-бап. Мүдделі тұлғалардың және мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуы

      1. Мүдделі тұлғалар және мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары кеден органының рұқсатымен кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуға құқылы.

      2. Кеден органы, егер мұндай іріктеу:

      1) кедендік бақылау жүргізуді қиындатпаса;

      2) тауарлардың сипаттамаларын өзгертпесе;

      3) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден жалтаруға немесе тыйым салу мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын сақтамауға әкеп соқпаса, тауарлардан сынамалар және (немесе) үлгілер алуға рұқсат береді.

      3. Тауарлардан сынамалар және (немесе) үлгілер алуға рұқсат не мұндай рұқсаттан бас тарту осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар мен органдар жүгінген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      4. Тауарлар кедендік рәсімдерге орналастырылған кезде олар тауарларға декларацияда, ал осы Кодекстің 37 және 40-тарауларында көзделген тәртіппен және шарттарда тауарлар Одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілген кезде кедендік жолаушылар декларациясында көрсетілетін жағдайда тауарлардың сынамаларына және (немесе) үлгілеріне жеке кедендік декларация берілмейді.

18-бап. Кеден органдарына есептілікті табыс ету

      1. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, уәкілетті экономикалық операторлар және шетелдік тауарларды, сондай-ақ еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларын пайдаланатын және (немесе) иеленетін адамдар кеден органдарына сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ осы тармақтың екінші абзацын ескере отырып, жасалған кедендік операциялар туралы есептілікті табыс етуге міндетті.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес аталған тұлғалар есептілікті тек кеден органының талабы бойынша ғана табыс етеді деп белгіленуі мүмкін.

      2. Есептілікті табыс ету тәсілі , электрондық құжат түрінде табыс етілетін есептердің нысандары, құрылымы және форматы, оларды толтыру тәртібі, сондай-ақ есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдері мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

3-тарау

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы. Тауарларды сыныптау

19-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы және оны жүргізу

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі - Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы) кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйым салу мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсаттарында тауарларды сыныптау үшін пайданалылатын, тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі болып табылады.

      Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тауарларға салық салу мақсаттарында және Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттарда және актілерде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.

      2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының халықаралық негізі Дүниежүзілік кеден ұйымының тауарларын сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы болып табылады.

      3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Комиссия бекітеді.

      4. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына түсініктерді Комиссия қабылдайды.

      5. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Комиссия жүргізеді. Осы мақсаттарда Комиссия:

      1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының халықаралық негізі өзгерістерінің, сондай-ақ осы халықаралық негізді түсіндіру жөніндегі түсіндірмелердің мониторингін;

      2) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған түсінідірмелерді оның халықаралық негізімен сәйкес келтіруді;

      3) мүше мемлекеттердің ұсыныстары бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына және оған түсіндірмелерге өзгерістер енгізуді;

      4) халықаралық негізінің кезекті нұсқасына көшу кезінде кестелер түріндегі тауар позициялары, қосалқы позициялар және кіші қосалқы позициялар деңгейінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтарының сәйкес келуі туралы ақпаратты құрастыруды және оны мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдарына жіберуді;

      5) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған түсіндірмелерді дайындауды және мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдарына жіберуді;

      6) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу үшін қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      6. Комиссияның Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын, оған және түсіндірмелерге өзгерістер енгізуді қоса алғанда, аталған номенклатураны жүргізу, сондай-ақ осы мәселелер бойынша Комиссияның және мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін Комиссия айқындайды.

20-бап. Тауарларды сыныптау

      1. Декларант және өзге тұлғалар тауарларды сыныптауды кедендік декларациялау кезінде және кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес кеден органына Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды мәлімделетін өзге де жағдайларда, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүзеге асырады.

      Кедендік декларациялау кезінде, егер осы Кодекске сәйкес кедендік декларацияда Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды туралы мәліметтер көрсетілуге жатпаса, тауарларды сыныптау жүзеге асырылмайды.

      Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органдары жүзеге асырады.

      2. Кеден органы:

      1) кеден органы тауарларды шығарғанға дейін, шығарғаннан кейін де кедендік декларациялау кезінде олардың дұрыс сыныпталмағанын анықтағанда тауарды сыныптауды жүзеге асырады. Бұл жағдайда кеден органы тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдайды. Тауарларды сыныптау туралы шешімнің нысаны, оны қолдану тәртібі мен мерзімдері мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді;

      2) осы Кодекстің 56-бабына, 72-бабының 5-тармағына, 137-бабының 11-тармағына, 198-бабының 12-тармағына, 208-бабының 9-тармағына, 216-бабының 6-тармағына және 315-бабына сәйкес;

      осы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында, 97-бабының 3-тармағында, 103-бабының 4-тармағында, 153-бабының 5-тармағында, 279-бабының 8-тармағында, 280-бабының 4-тармағында, 284-бабының 4-тармағында, 295-бабының 3 және 8-тармақтарында, 309-бабының 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;

      декларант осы Кодекстің 117-бабының 9-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасамаған кезде;

      төленуі тиіс кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептегенде;

      3) осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда тауарларды сыныптауды жүзеге асырады.

      3. Осы баптың 2-тармағының 2-тармақшасында көзделген жағдайларда, тауарларды сыныптау кезінде кеден органында тауардың сипаттамалары, олардың атаулары туралы нақты мәліметтер және 10 белгі деңгейінде тауарларды сыныптау үшін қажетті өзге ақпарат болмаса, тауарлардың кодын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау белгілеріне әсер ететін тауар сипаттамалары туралы қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, кемінде алғашқы 4 белгі деңгейінде анықтауға жол беріледі.

      4. Коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) өзге де құжаттарда, сондай-ақ сарапшылық ұйымдар беретін қорытындыларда, анықтамаларда, сараптама актілерінде көрсетілген тауарлардың кодтары тауарларды сыныптау үшін міндетті болып табылмайды.

21-бап. Тауарларды сыныптау туралы шешімдер, кеден органдары қабылдайтын тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдер мен түсіндірмелер

      1. Кеден органдары тұлғалардың өтініші бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді (бұдан әрі - тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер) және Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталымданбаған немесе жасалып бітпеген түрінде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдерді қабылдау жолымен кедендік декларациялауға дейін тауарларды сыныптауды жүзеге асыруы мүмкін.

      2. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер осы тарауға сәйкес қабылданады.

      3. Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталымданбаған немесе жасалып бітпеген түрінде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде қабылданады.

      Көрсетілген тауарларды сыныптау туралы шешімдерді кеден органдары осы Кодекстің 117-бабында айқындалған ерекшеліктермен кедендік декларациялауды жүзеге асыру мақсатында қабылдайтын тауарлар тізбесін Комиссия айқындайды және Комиссияда көзделген жағдайларда - мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.

      4. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер кеден органдары осындай тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылдаған мүше мемлекеттің аумағында, ал осы тармақтың екінші абзацында көзделген жағдайда өзге мүше мемлекеттердің аумақтарында да қолданылады. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауар коды туралы мәліметтер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес осындай тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімге сәйкес тауарларға декларацияда көрсетіледі.

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталымданбаған немесе жасалып бітпеген түрінде өткізілетін тауарларды және Одақтың кедендік шекарасы арқылы белгілі бір уақыт кезеңінде бір немесе бірнеше көлік құралымен өткізілетін тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылданған тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялау кезінде осындай тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерде көрсетілген, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың кодтары туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

      5. Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталымданбаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер кеден органдары осындай шешімдерді қабылдаған мүше мемлекеттің аумағында қолданылады.

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрінде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер Одақтың кедендік шекарасы арқылы осы шешімнің қолданылу мерзімі ішінде бір немесе бірнеше көлік құралымен өткізілетін және кеден органы осындай шешім қабылдаған мүше мемлекетке жөнелтілетін осындай шешімдерде көрсетілген, Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарлардың құрамбөліктерін кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялау кезінде басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында да қолданылады. Осындай тауарлардың құрамбөліктерін кедендік декларациялау кезінде транзиттік декларацияларда Одақтың кеден шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы қабылданған шешімдерге сәйкес Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауалардың кодтары туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

      6. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған кеден органдары мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешім қабылдай алады және түсініктеме бере алады. Кеден органдары осындай шешімдер мен түсініктемелердің жариялануын қамтамасыз етеді.

      Көрсетілген шешімдер мен түсініктемелер кеден органы қабылдаған мүше мемлекеттің аумағында тауарларды сыныптау кезінде міндетті болып табылады.

      7. Осы тараудың ережелерін қолдану мақсаттары үшін нақты атаулары, нақты маркалары, модельдері, артикулдары, модификациялары бар және өзге де ұқсас дербес сипаттамалары бар тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бір кодқа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ сыныптау белгілері бар тауарлар жиынтығы тауарлардың жекелеген түрі деп түсініледі.

22-бап. Комиссияның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдері мен түсініктемелері

      1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Комиссия кеден органдарының ұсыныстары негізінде жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер қабылдайды.

      Комиссия кеден органдары қабылдаған тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерде, осы Кодекстің 21-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары қабылдаған (берген) жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдерде немесе түсініктемелерде тауарлардың әртүрлі сыныпталуын анықтаған кезде, Комиссия жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімді өз бастамасы бойынша қабылдайды.

      2. Жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер Комиссияның шешімдері түрінде қабылданады.

      3. Комиссияның осы бапқа сәйкес қабылданған шешімі күшіне енген күннен бастап, Комиссия шешімі қабылданған тауар түрлеріне қатысты осы Кодекстің 21-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары қабылдаған (берген) жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер мен түсініктемелер қолданылмайды және олар күшін жоюға жатады. Осы Кодекстің 21-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары қабылдаған (берген) жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер мен түсініктемелердің күшін жою туралы шешімдер Комиссияның осы бапқа сәйкес қабылданған шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

      4. Комиссияның шешімдері осы бапқа сәйкес қабылданған:

      1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын өзгерту;

      2) Комиссияның осындай шешімдерін қабылдау кезінде жіберілген және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жекелеген тауар түрлерін сыныптауға әсер етпейтін қателерді анықтау, мысалы, жаңылысулар, техникалық қателер және т.б.;

      3) Комиссияның шешімінде көрсетілген, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жекелеген тауар түрлерінің кодтарына, жекелеген тауар түрлерінің сипаттамасына әсер ететін жекелеген тауар түрлеріне қосымша ақпарат алу және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына түсінік берудің негізгі қағидаларын қолдану;

      4) Еуразияялық экономикалық одақ сотының осы бапқа сәйкес қабылданған Комиссия шешімдерін немесе оның жекелеген ережелерін Одақ туралы шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) Одақ органдарының шешімдеріне сәйкес келмейді деп тану негіздері бойынша күші жойылды деп танылады не өзгертуге жатады.

      5. Кеден органдарының Комиссияға осындай шешімдер қабылдау туралы ұсыныстарды енгізуі, Комиссияның оларды қарауы, осы баптың 1-тармағының екінші абзацына сәйкес дайындалған Комиссия шешімдерінің жобаларын кеден органдарымен келісу жөніндегі қағидаларды қоса алғанда, Комиссияның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер дайындау тәртібін Комиссия айқындайды.

      6. Кеден органдарының ұсыныстары бойынша Комиссия жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы түсініктемелер береді.

      Жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы түсініктемелер Комиссияның ұсынымдары түрінде қабылданады.

      Егер осы Кодекстің 21-бабының 6-тармағына сәйкес белгіленген кеден органдары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес осындай тауарларды сыныптау туралы бірыңғай пікірде болған жағдайда, жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы түсініктемелер қабылданады.

      Кеден органдарының Комиссияға осындай түсініктемелер беру туралы ұсыныстарды енгізуі, Комиссияның оларды қарауы, осындай түсініктемелердің жобаларын кеден органдарымен келісу қағидаларын қоса алғанда, жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы Комиссияның түсініктемелерін дайындау тәртібін Комиссия айқындайды.

23-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі

      1. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі осы баппен және осы Кодекстің 24 - 27-баптарымен, ал көрсетілген баптармен реттелмеген бөлігінде - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      2. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған кеден органдары қабылдайды.

      3. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, оны кедендік рәсіммен орналастырған кезде тауарды шығару жүргізілетін мүше мемлекеттің кеден органы қабылдайды.

      4. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім белгілі бір марканы, модельді, артикул мен модификацияны қамтитын тауардың әрбір атауы бойынша қабылданады.

      5. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің нысанын, оны толтыру және осындай тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды.

      6. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді алған адам оны жоғалтқан жағдайда, ол адамға осындай тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің телнұсқасы беріледі.

24-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш

      1. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді тұлғаның (бұдан әрі осы тарауда — өтініш беруші) электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген өтініші негізінде кеден органы қабылдайды.

      2. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тауардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын (тауар белгісін), негізгі техникалық және коммерциялық сипаттамаларын және тауарды нақты сыныптауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты қамтуға тиіс. Қажет болған жағдайда, тауардың сынамалары және (немесе) үлгілері, фотографиялары, суреттері, сызбалары, бұйымдардың паспорттары мен тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін қажетті басқа да құжаттар табыс етіледі.

      3. Егер өтініш беруші табыс еткен мәліметтер Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса, кеден органы Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей өтініш берушіге қосымша ақпарат табыс ету қажеттігі туралы сұрау салуды жолдайды. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында осындай сұрау салуды жіберу үшін ұзақтығы неғұрлым аз мерзім белгіленуі мүмкін.

      Қосымша ақпарат, кеден органы өтініш берушіге жолданған қосымша ақпарат табыс ету қажеттігі туралы сұратуды тіркеген күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.

      Егер қосымша ақпарат белгіленген мерзімде табыс етілмесе не табыс етілген қосымша ақпаратта тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдауға мүмкіндік беретін мәліметтер қамтылмаса, кеден органы мұндай тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдаудан бас тартады және бас тарту себептерін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды.

25-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау мерзімі және шешімнің қолданыс мерзімі

      1. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім, кеден органы тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешіктірілмей қабылданады.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау үшін ұзақтығы неғұрлым қысқа мерзім белгіленуі мүмкін.

      Осы Кодекстің 24-бабының 3-тармағына сәйкес қосымша ақпарат табыс ету қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген немесе осы тармақтың екінші абзацына сәйкес белгіленген мерзім кеден органы өтініш берушіге жолдаған қосымша ақпарат табыс ету қажеттігі туралы сұратуды тіркеген күннен бастап тоқтатыла тұрады және кеден органы қосымша ақпарат алған күннен бастап жаңартылады.

      2. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің, егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қолданысының неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, қабылданған күннен бастап 3 жыл бойы қолданыста болады.

26-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату немесе оны кері қайтарып алу

      1. Кеден органы өзі қабылдаған тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ өзі не төмен тұрған кеден органы қабылдаған тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы немесе оны кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.

      2. Кеден органы немесе өтініш беруші тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешімді қабылдаған кезде жіберілген және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды туралы мәліметтерге әсер етпейтін қателерді анықтаған жағдайда, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданады.

      Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім осындай тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      3. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім мынадай:

      1) кеден органы тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешімді қабылдау үшін өтініш берушінің дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтері бар құжаттар, жалған құжаттар не дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтер табыс еткенін анықтаған;

      2) кеден органы тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешім қабылдау кезінде жіберілген және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың коды туралы мәліметтерге әсер ететін қателерді анықтаған жағдайда қабылданады.

      4. Осы баптың 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген жағдайда, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім тауарды сыныптау туралы осындай алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы баптың 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген жағдайда, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      5. Осы баптың 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген жағдайда, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдау кезінде тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді берген кеден органы тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қолданысы тоқтатылған, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішті берген кезде өтініш беруші табыс еткен мәліметтердің негізінде тауарды сыныптау туралы жаңа алдын ала шешім қабылдайды. Тауарды сыныптау туралы мұндай жаңа алдын ала шешім ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      6. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім:

      1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзіне қатысты тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешім қабылданған тауардың сыныпталуына әсер ететін өзгерістер енгізілген;

      2) Комиссия тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешімде көрсетілген тауардың сыныпталуының өзгеруіне әкеп соғатын, жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешім қабылдаған жағдайда;

      3) кеден органдары осы Кодекстің 21-бабының 6-тармағына сәйкес тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешімде көрсетілген тауардың сыныпталуының өзгеруіне әкеп соғатын, жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешім қабылдаған немесе түсініктеме берген;

      4) Дүниежүзілік кеден ұйымы мүше мемлекеттер қолданатын тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдаған жағдайларда қабылданады.

      7. Осы баптың 6-тармағының 1 және 2-тармақшаларында көзделген жағдайларда, кеден органы тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешімді Комиссияның тиісті шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей қабылдайды және ол Комиссияның осындай шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

      Осы баптың 6-тармағының 3-тармақшасында көзделген жағдайларда, кеден органы тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып aлy туралы шешімді осы Кодекстің 21-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары қабылдаған (берген) жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы тиісті шешімдер немесе түсініктемелер ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей қабылдайды және ол осындай жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдермен немесе түсініктемелермен бір мезгілде күшіне енеді.

      Осы баптың 6-тармағының 4-тармақшасында көзделген жағдайда, кеден органының тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдау және оның күшіне ену мерзімдері мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

      8. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып aлу туралы шешім, мұндай шешімдер қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей мұндай шешімдердің қабылдану себептері көрсетіле отырып, өтініш берушіге жіберіледі, сондай-ақ кеден органдарының назарына жеткізіледі.

27-бап. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдердің жариялылығы

      Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерден алынған ақпарат, мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты не мүдделі тұлғаға қатысты басқа да жасырын ақпаратты қоспағанда, Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтында орналастырылады.

      Кеден органдарының мұндай ақпаратты Комиссияға жіберу тәртібін, ақпаратты табыс етудің техникалық шарттарын қоса алғанда, Комиссия айқындайды.

4-тарау

Тауарлардың шығарылған жері

28-бап. Тауарлардың шығарылған жерін анықтау

      1. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау Одақ туралы Шартқа сәйкес көзделген тауарлардың шығарылған жерін анықтау мақсаттарында және қағидалары бойынша (бұдан әрі - әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидалары) жүргізіледі.

      2. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау, егер Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда, Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында немесе мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шарттарында өзгеше қағидалар белгіленбесе, Комиссия белгілеген қағидалар (бұдан әрі - тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидалары) бойынша жүзеге асырылады.

29-бап. Тауарлардың шығарылған жерін растау және тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар

      1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану тауарлардың шығарылған жеріне байланысты болған кезде, барлық жағдайларда тауарлардың шығарылған жері расталады.

      2. Тауарлардың шығарылған жерін растау:

      1) Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған;

      2) тауарлар осы Кодекстің 37-тарауына сәйкес Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген;

      3) әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында көзделген өзге де жағдайларда талап етілмейді.

      3. Егер кеден органы тауарлар:

      1) Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге байланысты Одақтың кедендік аумағына немесе мүше мемлекеттің аумағына әкелуге;

      2) Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге байланысты Одақтың кедендік аумағынан немесе мүше мемлекеттің аумағынан әкетуге;

      3) мүше мемлекеттің аумағына, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, әкелуге;

      4) мүше мемлекеттің аумағы бойынша, осы мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес транзиттеуге тыйым салынған елден (елдер тобынан, елдердің кедендік одағынан, елдің өңірінен немесе бір бөлігінен) шыққан тауарлардың осындай елден шығарылғандығының белгісі анықталса, осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан тауарлардың шығарылған жері расталады.

      4. Егер осы баптың 3-тармағының 1 - 3-тармақшаларында көрсетілген, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар, аумағына мұндай тауарларды әкелуге тыйым салынбаған мүше мемлекетке Одақтың кедендік аумағы арқылы тасу (тасымалдау) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылса, тауарлардың шығарылған жерін растау талап етілмейді.

      5. Басқа мүше мемлекетке Одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау үшін кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларды қоспағанда, сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген мүше мемлекет заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында мүше мемлекеттің кеден органдары осы мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен тауарлардың шығарылған жерін растауды талап етуге құқылы.

      6. Тауардың шығарылған жері туралы құжат тауардың шығарылған жері туралы декларация немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификат болып табылады. Тауардың шығарылған жері әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларына немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы декларациямен немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталады.

30-бап. Тауардың шығарылған жері туралы декларация

      1. Тауарлардың шығарылған жері туралы декларация - тауарға қатысы бар және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кедендік одағының, ел өңірінің немесе бір бөлігінің) немесе тауар әкетілетін елдің (елдер тобының, елдердің кедендік одағының, ел өңірінің немесе бір бөлігінің) дайындаушысы, сатушысы немесе жөнелтушісі мәлімдеген тауардың шығарылған жері туралы мәліметтер қамтылған коммерциялық немесе кез келген басқа құжат.

      2. Егер тауардың шығарылған жері туралы декларацияда тауардың шығарылған жері туралы мәлімделген мәліметтердің қолданылуы әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында көзделген өлшемшарттардан өзгеше өлшемшарттарға негізделсе, тауардың шығарылған жері туралы ондай декларация тауардың шығарылған жерін растайтын құжат ретінде қарастырылмайды.

31-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификат

      1. Тауардың шығарылған жері туралы сертификат - тауардың шығарылған жері туралы куәландыратын және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кедендік одағының, ел өңірінің немесе бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы немесе әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін - тауардың әкетілетін елін (елдер тобын, елдердің кедендік одағы, ел өңірі немесе бір бөлігін) анықтау қағидаларында белгіленген жағдайларда берілген белгілі бір нысандағы құжат.

      Тауардың шығарылған жері туралы сертификатқа қойылатын талаптар, оның ішінде оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптар әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында айқындалады.

      2. Егер тауарлардың шығарылған жері туралы сертификатта тауардың шығарылған жері туралы мәліметтердің қолданылуы әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында белгіленген өлшемшарттардан өзгеше өлшемшарттарға негізделсе, тауардың шығарылған жері туралы мұндай сертификат тауардың шығарылған жерін растайтын құжат ретінде қарастырылмайды.

      3. Тауарлар Одақтың кедендік аумағынан әкетілген кезде, егер тауардың шығарылған жері туралы сертификат келісімшарттың талаптары бойынша, тауарлар әкелінетін елдің (елдер тобының, елдердің кедендік одағының, ел өңірінің немесе бір бөлігінің) қағидалары бойынша қажет болса немесе егер сертификаттың болуы әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында көзделсе, көрсетілген сертификатты мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары немесе уәкілетті ұйымдары береді.

      Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты берген мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары немесе уәкілетті ұйымдары оның көшірмесін және олардың негізінде тауардың шығарылған жері анықталған өзге де құжаттарды тауардың шығарылған жері туралы сертификат берілген күнінен бастап кемінде 3 жыл сақтауға міндетті.

      4. Тауардың шығарылған жері туралы сертификат, егер тауардың шығарылған жері туралы сертификат әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында белгіленген оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптар бұзыла отырып ресімделсе, тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.

32-бап. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер

      1. Кедендік декларациялау кезінде тұлғалардың өтініші бойынша кедендік операцияларды жасау уақытын қысқарту мақсатында, кеден органдары Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін осындай тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер (бұдан әрі осы тарауда - тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер) қабылдайды.

      2. Тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер кеден органдары осындай тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер қабылдаған мүше мемлекеттің аумағында осындай тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдердің қолданыс мерзімі ішінде қолданылады. Тауарлардың шығарылған жері туралы оларға қатысты алдын ала шешімдер қабылданған тауарды кедендік декларациялау кезінде, олардың шығарылған жері туралы мәліметтер тауарлардың шығарылған жері туралы қабылданған алдын ала шешімге сәйкес тауарларға декларацияда көрсетіледі.

33-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді қабылдау тәртібі

      1. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі осы Кодекстің осы бабында және 34 - 36-баптарында, ал көрсетілген баптарда реттелмеген бөлігінде - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      2. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған кеден органдары қабылдайды.

      3. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді тауар, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, оны кедендік рәсіммен орналастырған кезде тауарды шығару жүргізілетін мүше мемлекеттің кеден органы қабылдайды.

      4. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім нақты елден Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауардың әрбір атауы бойынша қабылданады.

      5. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің нысаны, оны толтыру және мұндай тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды.

      6. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді алған тұлға оны жоғалтқан жағдайда, осы тұлғаға тауардың шығарылған жері туралы осындай алдын ала шешімнің телнұсқасы беріледі.

34-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш

      1. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді тұлғаның электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген өтініші (бұдан әрі осы тарауда - өтініш беруші) негізінде кеден органы қабылдайды.

      2. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініште:

      1) өтініш беруші (атауы мен мекенжайы);

      2) тауар (толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы (тауар белгісі), негізгі техникалық және коммерциялық сипаттамалары (функционалдық мақсаты, сұрыбы, маркасы, моделі, артикулы, дара және көліктік орамы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес коды, құны);

      3) тауар дайындалған материалдар, олардың шығарылған жері, Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне сәйкес кодтары, құны;

      4) тауарды дайындау үшін жасалған өндірістік және технологиялық операциялар туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.

      3. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке тауар өндірілген елдің (елдер тобының, елдердің кедендік одағының, ел өңірінің немесе бір бөлігінің) сауда-өнеркәсіптік палаталарының және (немесе) басқа да сараптамалық ұйымдарының сараптама актілері және оларға қатысты тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылданатын тауардың шығарылған жері туралы сертификат қоса беріледі.

      Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке онда көрсетілген мәліметтерді растайтын өзге құжаттар: сынақтар хаттамалары, сараптамалық ұйымдар мамандарының тауарды зерттеу нәтижелері келтірілген қорытындылары, тауарды Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізуді көздейтін мәмілелердің жасалуын растайтын құжаттар, өндірілген тауар құнының калькуляциясы, коммерциялық шоттар, бухгалтерлік құжаттар, тауарды дайындаудың технологиялық процесінің егжей-тегжейлі сипаттамасы және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кедендік одағының, ел өңірінің немесе бір бөлігінің) аумағында осы тауардың толық алынғанын, өндірілгенін немесе жеткілікті түрде өңдеуден (қайта өңдеуден) өткенін куәландыратын басқа да құжаттар, фотографиялар, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары және тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдауға қажетті басқа да құжаттар қоса беріледі. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке тауардың сынамалары да және (немесе) үлгілері де қоса берілуі мүмкін.

      Кеден органы тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке қоса берілген, мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі болып табылмайтын тілде толтырылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы.

      4. Егер өтініш беруші табыс еткен мәліметтер тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, кеден органы тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей өтініш берушіге қосымша ақпаратты табыс ету қажеттігі туралы сұрау салу жолдайды. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында осындай сұрау салуды жолдау үшін ұзақтығы бұдан неғұрлым қысқа мерзім белгіленуі мүмкін.

      Кеден органы өтініш берушіге жіберілген қосымша ақпарат беру туралы сұрау салуды тіркеген күннен бастап қосымша ақпарат күнтізбелік 60 күннен кешіктірілмей табыс етілуі тиіс.

      Егер қосымша ақпарат белгіленген мерзімде табыс етілмесе не табыс етілген қосымша ақпаратта тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдауға мүмкіндік беретін мәліметтер қамтылмаса, кеден органы мұндай тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдаудан бас тартады және бас тарту себептерін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды.

      5. Егер тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау кезінде тауардың шығарылған жері туралы табыс етілген сертификат телнұсқа емес екендігінің және (немесе) дұрыс емес ақпарат қамтитынының белгілері байқалған жағдайда, кеден органы мұндай сертификатты тауардың шығарылған жері туралы сертификат берген және (немесе) оны тексеруге уәкілетті мемлекеттік органға немесе уәкілетті ұйымға осындай сертификатқа тексеру жүргізу үшін жіберуге құқылы.

      Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификатты берген және (немесе) оны тексеруге уәкілетті мемлекеттік орган немесе уәкілетті ұйым тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың төлнұсқа болып табылмайтынын және (немесе) онда дұрыс емес мәліметтер қамтылғанан растаса, кеден органы тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдаудан бас тартады және бас тарту себептерін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды.

35-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау мерзімі және оның қолданыс мерзімі

      1. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім кеден органында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешіктірілмей қабылданады.

      Мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдаудың неғұрлым қысқа мерзімі белгіленуі мүмкін.

      Осы Кодекстің 34-бабының 4-тармағына сәйкес қосымша ақпарат табыс ету қажет болған жағдайда не осы Кодекстің 34-бабының 5-тармағына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы сертификатты тексеру жүргізу үшін жолдаған жағдайда, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген немесе осы тармақтың екінші абзацына сәйкес белгіленген мерзім ішінде, өтініш берушіге жіберілген қосымша ақпарат табыс ету қажеттігі туралы сұрау салуды кеден органы тіркеген күннен бастап не тауардың шығарылған жері туралы сертификат тексеру жүргізу үшін жіберілген күннен бастап тоқтатыла тұрады және кеден органы қосымша ақпаратты немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификатты берген мемлекеттік органның (уәкілетті ұйымның) немесе тексеруге уәкілеттінің жауабы алынған күннен бастап жаңартылады.

      Осы Кодекстің 34-бабының 5-тармағына сәйкес кеден органы тауардың шығарылған жері туралы сертификатты тексеру жүргізу үшін жіберген кезде кеден органы осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген немесе осы тармақтың екінші абзацына сәйкес белгіленген мерзімнің тоқтатыла тұратыны туралы өтініш берушіге хабарлайды

      2. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім, оның негізінде осындай алдын ала шешім қабылданған тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың қолданыс мерзімі ішінде қолданыста болады.

36-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату немесе кері қайтарып алу

      1. Кеден органы тауардың шығарылған жері туралы өзі қабылдаған алдын ала шешімге, сондай-ақ өзі не төмен тұрған кеден органы тауардың шығарылған жері туралы қабылданған алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешімге немесе кері қайтарып алу туралы шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.

      2. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім кеден органы немесе өтініш беруші осы тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдаған кезде жіберілген және тауардың шығарылған жері туралы мәліметтерге әсер етпейтін қателер анықталған жағдайда қабылданады.

      Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім осы тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      3. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім:

      1) кеден органы осы тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау үшін өтініш берушінің дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтер қамтылған құжаттарды, жалған құжаттарды не дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді табыс еткендігін анықтаған;

      2) кеден органы осы тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау кезінде жол берілген және тауардың шығарылған жері туралы мәліметтерге әсер ететін қателерді анықтаған жағдайларда қабылданады.

      4. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім осы баптың 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы осы алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім, осы баптың 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы осы алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      5. Осы баптың 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдау кезінде тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді берген кеден органы тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші тауардың шығарылған жері туралы қолданысы тоқтатылған алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш беру кезінде табыс еткен мәліметтердің негізінде тауардың шығарылған жері туралы жаңа алдын ала шешім қабылдайды. Тауардың шығарылған жері туралы мұндай жаңа алдын ала шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      6. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім, егер тауарларға қатысты олардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылданған тауарлардың шығарылған жерін анықтауға әсер ететін, әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына тауардың шығарылған жерін анықтау өлшемшарттары бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда қабылданады.

      Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына көрсетілген өзгерістер күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

      7. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім, тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтата туралы шешім, тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім, мұндай шешімдердің қабылдану себептері көрсетіле отырып, өтініш берушіге жіберіледі, сондай-ақ осындай шешімдер қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей кеден органдарының назарына жеткізіледі.

5-тарау Тауарлардың кедендік құны

37-бап. Анықтамалар

      Осы тараудың мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "өзара байланысты тұлғалар" - мына шарттардың ең болмағанда біріне сай келетін:

      олар бір бірінің ұйымдарының қызметкерлері немесе директорлары (басшылары) болып табылатын;

      олар заңды тұрғыдан танылған іскер серіктестер болып табылатын, яғни шарттық қатынастармен байланысқан, пайда табу мақсатында әрекет етеді және бірлескен қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен залалдарды бірге көтеретін;

      олар жұмыс беруші және жұмыскер болып табылатын;

      қандай да бір тұлға екеуінің бірінің айналысқа шығарылған дауыс беретін акцияларының бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иелік ететін, бақылайтын, ұстаушы болып табылатын;

      олардың біреуі тікелей немесе жанама түрде екіншісін бақылайтын;

      олардың екеуін де тікелей немесе жанама түрде үшінші тұлға бақылайтын;

      олар екеуі бірігіп тікелей немесе жанама түрде үшінші тұлғаны бақылайтын;

      олар туысқандар немесе бір отбасының мүшелері болып табылатын тұлғалар.

      Егер тұлғаларар бірлескен кәсіпкерлік немесе өзге қызметте серіктестер болып табылса және бұл ретте олардың біреуі басқаның айрықша (жалғыз) агенті, айрықша дистрибюторы немесе айрықша концессионері болып табылса, бұл қалай ұсынылса да, мұндай тұлғалар, егер олар көрсетілген шарттардың ең болмағанда біреуіне сай болса, осы тараудың мақсаттары үшін өзара байланысты деп есептелуі тиіс.

      Егер тұлға заңдық немесе практикалық тұрғыдан басқа тұлғаның әрекеттерін шектеу немесе оны басқару мүмкіндігіне ие болса, ол осы тұлғаны бақылайтын болып есептеледі.

      "бірдей тауарлар" - барлық жағынан, оның ішінде физикалық сипаттары, сапасы және репутациясы бойынша бірдей тауарлар. Тауарлардың сыртқы түріндегі елеусіз айырмашылықтар, егер басқа қалған жағдайда бұл тауарлар осы абзацта көзделген талаптарға сәйкес келсе, тауарларды бірдей емес деп тану үшін негіз болып табылмайды. Егер тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінетін, бағаланатын тауарлар (бұдан әрі осы тарауда - бағаланатын тауарлар) сияқты сол елде өндірілмесе немесе егер осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік әрлеу, дизайнын, эскиздері мен сызбаларын әзірлеу және өзге де сол сияқты жұмыстар Одақтың кедендік аумағында орындалған болса, ол тауарлар бірдей болып есептелмейді. Тауарларға қатысты "өндірілген" ("өндірілді") деген ұғымның "өндірілген", "өсірілген", "оның ішінде тауарларды монтаждау, жинақтау немесе бұзу жолымен жасалған" деген мағынасы да бар. Бағаланатын тауарларды өндірушіден басқа тұлға өндірген тауарлар, сол өндірушінің бірдей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға болмайды деп есептелген жағдайда ғана бірдей тауарлар деп қарастырылады;

      "бухгалтерлік есепке алудың жалпыға бірдей қабылданған қағидаттары" - тиісті уақыт кезеңінде тиісті мемлекетте белгіленген тәртіппен қолданылатын бухгалтерлік есепке алу қағидаларының жүйесі;

      "біртекті тауарлар" - барлық жағынан бірдей болып табылмайтын, бірақ ұқсас сипаттамалары бар ұқсас құрамбөліктерден тұратын және осындай бағаланатын тауарлар сияқты функцияларды орындауға мүмкіндік беретін және олармен коммерциялық тұрғыдан өзара ауыстыруға болатын материалдардан жасалған тауарлар. Тауарлардың біртекті болып табылатындығы анықталған кезде сапасы, репутациясы және тауар белгісінің болуы сияқты сипаттамалары ескеріледі. Егер тауарлар бағаланатын елде өндірілмесе немесе егер осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік әрлеу, дизайнын, эскиздері мен сызбаларын әзірлеу және өзге де сол сияқты жұмыстар Одақтың кедендік аумағында орындалған болса, тауарлар біртекті болып есептелмейді. Тауарларға қатысты "өндірілген" ("өндірілді") деген ұғымның, "өндрілген", "өсірілген", "оның ішінде тауарларды монтаждау, жинақтау немесе бұзу жолымен жасалған" деген мағынасы да бар. Бағаланатын тауарларды өндірушіден өзге тұлға өндірген біртекті тауарлар, сол өндірушінің біртекті тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға болмайды деп есептелген жағдайда ғана біртекті тауарлар деп қарастырылады;

      "белгілі бір класстың немесе түрдің тауарлары" - бірдей және біртекті тауарларды қоса алғанда, тауарлардың бір тобына немесе қатарына жататын және олардың жасалуы экономикалық қызметтің тиісті түріне жататын тауарлар.

38-бап. Тауарлардың кедендік құны туралы жалпы ережелер

      1. Осы тараудың ережелері 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (1994 жылғы ГАТТ) VII бабында және 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімнің ортақ қағидаттары мен қағидаларына негізделген.

      2. Егер Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде тауарлар Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе және осындай тауарларға қатысты осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерден өзге кедендік рәсім алғашқы рет мәлімделсе, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың (бұдан әрі осы тарауда - әкелінетін тауарлар) кедендік құны осы тарауға сәйкес айқындалады.

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құны, егер тауарларды кедендік декларациялау оларды, осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерден өзге кедендік рәсімге орналастырған жағдайда да осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен немесе осы Кодекстің 114 және 116-баптарында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылады.

      3. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан тауарлардың кедендік құны оларды кедендік транзит кедендік рәсіміне, кедендік қойма кедендік рәсіміне, жою кедендік рәсіміне, мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсіміне немесе арнайы кедендік рәсіміне орналастырған кезде айқындалмайды.

      4. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құны кеден органына тауарлардың кедендік декларациялануы жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      5. Осы Кодекстің 199-бабының 1-тармағында, 209-бабының 1-тармағының екінші абзацында, 2 және 3-тармақтарында және 217-бабының 1-тармағының екінші абзацында, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тауарлардың, сондай-ақ осы Кодекстің 170, 195 және 250-баптарына сәйкес кедендік рәсімдерге орналастырылуға жататын қалдықтардың құны, Комиссия айқындайтын ерекшеліктері ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес айқындалады.

      6. Осы Кодекстің 56-бабына және 72-бабының 5-тармағына, 137-бабының 11-тармағына, 198-бабының 12-тармағына сәйкес төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, антидемпингке қарсы, өтем баждарын есептеу мақсаты үшін тауарлардың кедендік құны Комиссия айқындайтын ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес айқындалады.

      Осы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында, 97-бабының 3 тармағында, 103-бабының 4-тармағында, 153-бабының 5-тармағында, 162-бабының 6-тармағында, 241-бабының 3-тармағында, 279-бабының 8-тармағында, 280-бабының 4-тармағында, 284-бабының 4-тармағында және 309-бабының 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар, сондай-ақ осы Кодекстің 254-бабына сәйкес Комиссия айқындайтын және Комиссия көздеген жағдайларда мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған, олар болған кезде кедендік баждар, салықтар орындалуға жататын мән-жайлар туындаған кезде төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу мақсаттары үшін тауарлардың кедендік құны осы тарауға және көрсетілген баптардың ережелеріне сәйкес айқындалады.

      7. Егер, осы Кодекстің 209-бабының 1-тармағының екінші абзацында және 217-бабының 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген тауарларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдердің біріне орналастырылған тауарлар өзге кедендік рәсімге не осындай кедендік рәсімге орналастырылған жағдайда, мұндай тауарлардың кедендік құны оларды осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен өзге кедендік рәсімге алғаш орналастырылған кезінде айқындалған тауарлардың кедендік құны, ал егер тауарларға декларацияға тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге қатысты өзгерістер енгізілген болса - осындай өзгерістер енгізген кезде айқындалған тауарлардың кедендік құны болып табылады.

      Кepi экспорт кедендік рәсімін қоспағанда, тауарлар кедендік рәсімдерге орналастырылған кезде олардың кедендік құны, кедендік қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін Комиссия айқындайтын ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес айқындалады.

      8. Тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 61-бабына және 74-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жататын мүше мемлекеттік валютасында айқындалады.

      Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде шетел валютасын мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу талап етілген жағдайда, мұндай қайта есептеу, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кеден органы кедендік декларацияны тіркеу күні қолданылатын, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін (айқындалатын) валюталар бағамы (бұдан әрі - валюталар бағамы) бойынша жүргізіледі.

      9. Тауарлардың кедендік құнын айқындау тауарлардың еркін немесе жалған кедендік құнын пайдалануға негізделмеуі тиіс.

      10. Тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға қатысты мәліметтер дұрыс, саны жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуі тиіс.

      11. Тауарлардың кедендік құнын анықтау рәсімдері жалпы бірдей қолданылатын болуы, яғни тауарларды беретін көздерге, оның ішінде тауарлардың шығарылған жеріне, түріне, мәмілелер қатысушыларына және басқа да факторларға қарай айырмашылығы болмауға тиіс.

      12. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімдері демпингке қарсы күресу мақсатында пайдаланылмауы тиіс.

      13. Осы тараудың ережелері кеден органдарының тауарлардың кедендік құнын растау үшін табыс етілген кез келген өтініштің, құжаттың немесе декларацияның дұрыстығына немесе дәлділігіне көз жеткізу құқығын шектеу немесе күмән келтіру ретінде қарастырыла алмайды.

      14. Тауарлардың кедендік құнын декларант айқындайды, ал осы Кодекстің 52-бабының 2-тармағына сәйкес және 71-бабының 3-тармағы ескеріле отырып, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын кеден органы есептеген жағдайда, тауарлардың кедендік құнын кеден органы айқындайды.

      15. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнының негізі барынша мүмкін болатын дәрежеде осы Кодекстің 39-бабында айқындалған мәнінде осы тауарлармен мәмілелер құны болуға тиіс.

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын олармен жасалған мәмілелердің құны бойынша айқындау мүмкін болмаған жағдайда тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің дәйекті түрде қолданылатын 41 және 42-баптарына сәйкес айқындалады. Бұл ретте осы Кодекстің 41 және 42-баптарына сәйкес келетін, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың құндық негізін негіздеп таңдау мақсатында кеден органы мен декларанттың арасында консультациялар жүргізуі мүмкін. Консультациялар процесінде кеден органы мен декларант мүше мемлекеттердің коммериялық құпия туралы заңнамасы сақталған жағдайда олардың қолда бар ақпаратымен алмаса алады.

      Консультациялар мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      Осы Кодекстің 41 және 42-баптарына сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау мүмкін болмаған кезде тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде осы Кодекстің 43-бабына сәйкес бағаланатын, бірдей немесе біртекті тауарлар Одақтың кедендік аумағында сатылған баға не осы Кодекстің 44-бабына сәйкес тауарлардың есеп айырысу құны пайдаланылуы мүмкін. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде декларанттың аталған баптарды қолдану кезектілігін таңдауға құқығы бар.

      Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін осы Кодекстің 39, 41 - 44-баптарын қолдану мүмкін болмаған жағдайда, тауарлардың кедендік құнын айқындау осы Кодекстің 45-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылатын болуына орай мәміленің шарттарына сәйкес тауарларға декларацияны кеден органы тіркеу күніне онымен есеп айырысу үшін қажетті нақты мәліметтер қамтылған құжаттардың болмауына байланысты олардың кедендік құнының шамасын айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тауарлардың кедендік құнының нақты шамасын айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда декларанттың қолда бар құжаттары мен мәліметтері (бұдан әрі осы бапта - тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы) негізінде тауарлардың кедендік құнын айқындауға және мәлімдеуге, сондай-ақ тауарлардың кедендік құнының мәлімделген алдын ала шамасы негізге алына отырып, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеуге жол беріледі.

      Тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау жағдайларын қамтитын тәртібін, тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындауды пайдалану кезінде әкелінетін тауарлармен мәміленің құны жөніндегі әдісті қолдану ерекшеліктерін, тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы туралы мәліметтерді мәлімдеу ерекшеліктерін, тауарлардың кедендік құнының нақты шамасын мәлімдеу тәртібі мен мерзімдерін, тауарлардың кедендік құнын бақылау ерекшеліктерін Комиссия айқындайды және Комиссияда көзделген жағдайларда мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.

      Тауарлардың кедендік құнының нақты шамасы негізге алына отырып, қосымша есептелген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу тауарлардың кедендік құнының нақты шамасын мәлімдеу мерзімінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      17. Комиссия, 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабының қолданылуы жөніндегі Келісімнің, оған түсіндірме ескертулерді, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының Кедендік бағалау комитеті және Дүниежүзілік кеден ұйымының Кедендік бағалау жөніндегі техникалық комитеті қабылданған тауарлардың кедендік құны жөніндегі құжаттарды қоса алғанда, тиісті ережелері негізге алына отырып, әкелінетін тауарлардың кедендің құнын айқындау әдістерін қолдану кезінде осы тараудың ережелерін біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған актілерді қолданады.

      18. Осы тараудың ережелері Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.

      19. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері жөніндегі алдын ала шешімдер, егер бұл мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайда қабылдануы мүмкін. Мүше мемлекеттің уәкілетті органының әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдану мәселелері жөніндегі алдын ала шешім беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдері мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

39-бап. Әкелінетін тауарлармен мәмілелердің құны жөніндегі әдіс (1-әдіс)

      1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құны олармен жасалған мәміленің құны болып табылады, яғни оларды Одақтың кедендік аумағына әкету үшін сату кезінде осы тауарлар үшін төленуге жататын немесе іс жүзінде төленген және:

      1) мына:

      тауарлар қайта сатылуы мүмкін географиялық өңірді шектейтін;

      тауарлардың құнына елеулі әсер етпейтін;

      Одақ органдарының актілерінде немесе мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген шектеулерді қоспағанда, сатып алушының тауарларды пайдалануға және билік етуіне берілген құқықтарына қатысты шектеулер жоқ болуы;

      2) тауарлардың сатылуы немесе олардың бағасы тауарлар бағасына әсері сан жағынан айқындалуы мүмкін болмайтын, қандай да бір жағдайларға немесе міндеттемелерге тәуелді болмау;

      3) осы Кодекстің 40-бабына сәйкес қосымша есептеулер жүргізуге болатын кездегіден басқа жағдайларда, кейін тауарларды сатудан, өзге әдіспен билік етуден немесе сатып алушының пайдаланунан түсетін кірістің немесе пайданың ешбір бөлігі сатушыға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болмау;

      4) сатып алушы және сатушы өзара байланысты тұлғалар болып табылмайтын немесе сатып алушы мен сатушы әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік мақсаттар үшін қолайлы болатындай өзара байланысты тұлғалар болып табылатын талаптары орындалған кезде осы Кодекстің 40-бабына сәйкес толықтырылған баға болып табылады.

      2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптардың ең болмаса біреуі орындалмаса, іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын баға әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін қолайлы болып табылмайды және 1-әдіс қолданылмайды.

      3. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға сатып алушының тікелей сатушыға немесе сатушының пайдасына өзге тұлғаға жүзеге асыруға жататын немесе жүзеге асырылған осы тауарлар үшін барлық төлемдердің жалпы сомасы болып табылады. Бұл ретте төлемдер, мүше мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған кез келген нысанда тікелей немесе жанама жүзеге асырылуы мүмкін.

      Егер декларацияланатын тауарлар бір мәміле шеңберінде сатып алынған осындай тауарлардың көп мөлшерінің бір бөлігі болып табылған жағдайда, декларацияланатын тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға декларацияланатын тауарлар саны мен сатып алынған тауарлардың жалпы санының арақатынасындағы арақатынаста (пропорцияда) айқындалады.

      4. Сатушы және сатып алушы арасындағы өзара байланыс фактісі әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолайлы болмайтын мәміленің құнын мойындау үшін өздігінен негіз болып табылмауға тиіс. Бұл жағдайда сатылымға ілеспе мән-жайларға талдау жасалуға тиіс. Егер көрсетілген өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер етпесе, мәміленің құны әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолайлы деп танылады.

      5. Егер сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылса және бұл ретте декларант табыс еткен немесе өзге тәсілмен кеден органы алған ақпараттың негізінде кеден органы сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер ететін белгілерді анықтаса, онда кеден органы бұл белгілер туралы жазбаша немесе электрондық нысанда декларантқа хабарлайды. Бұл жағдайда кеден органы кедендік бақылау, оның ішінде сатылымға ілеспе мән-жайларды талдау жүргізеді. Декларанттың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланысының әсері жоқ екенін мына тәсілердің бірімен:

      1) қосымша құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде кеден органы қосымша сұратқан сатылымға ілеспе мән-жайларды сипаттайтын (көрсететін) мәліметтерді табыс ету тәсілімен дәлелдеуге құқығы бар. Іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыстың әсерін анықтау мақсатында кеден органы сатылымға ілеспе мән-жайларға талдау жүргізу кезінде, сатып алушы мен сатушы өзінің коммерциялық қарым-қатынастарын ұйымдастыратын тәсілді қоса алғанда, мәмленің барлық шарттарын және қарастырылып отырған баға қалай белгіленгенін қарастырады. Егер жүргізілген талдаудың нәтижесінде кеден органы, сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар бола отырып, тауарларды сол талаптармен, оның ішінде егер олар өзара байланысты тұлғалар болып табылмағандығы сияқты, салыстырмалы бағалармен (яғни сол деңгейдегі бағалармен) өзара сатса және сатып алса, бұл факті сатып алушы және сатушы арасындағы өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер етпеуінің дәлелі болып табылады;

      2) әкелінетін тауарлармен мәміленің құны тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінген сол немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде орын алған мынадай тексеру шамаларының біріне:

      Одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатушымен өзара байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушыларға осындай тауарларды сату кезінде бірдей немесе біртекті тауарлармен мәміленің құны;

      осы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртекті тауарлардың кедендік құны;

      осы Кодекстің 44-бабына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртекті тауарлардың кедендік құнын тексеру шамаларына жақын екенін растайтын құжаттар мен мәліметтерді табыс ету тәсілімен дәлелдеуге құқығы бар;

      6. Егер кеден органында осы баптың 5-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тексеру шамаларының бірі әкелінетін тауарлармен мәміленің құнына жақын екені туралы жеткілікті ақпарат болса, ол декларанттан әкелінетін тауарлармен мәміленің құнын осы тексеру шамасына жақын екенін дәлелдейтін қосымша ақпарат сұратуға тиіс емес.

      7. Кеден органы осы баптың 5-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген тексеру шамаларын әкелінетін тауарлармен мәміленің құнымен салыстыру жүргізу кезінде декларант табыс еткен, сатылымның коммерциялық деңгейлеріндегі, тауарлар санындағы, осы Кодекстің 40-бабында көрсетілген қосымша есептердегі айырмашылықтар туралы, сондай-ақ әдетте сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болған кезде, сатылымдар кезінде сатушы шегетін шығындармен салыстырғанда сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылмаған кезіндегі сатылымдар кезінде сатушы шегетін шығындардағы айырмашылықтар туралы мәліметтерді ескереді.

      8. Осы баптың 5-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген тексеру шамалары декларанттың бастамасымен және осы баптың 7-тармағына сәйкес салыстыру мақсатында ғана пайдаланылады және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде қолданыла алмайды.

      9. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты, осыған байланысты сатып алушының сатушыға аударатын дивидендтер немесе өзге де төлемдер, егер олар әкелінетін тауарлармен байланысты болмаса, әкелінетін тауарлардың кедендік құнына енгізілмейді.

40-бап. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер

      1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын олармен жасалған мәміленің құны бойынша анықтау кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға мынадай қосымша есептеулер қосылады:

      1) сатып алушы жүзеге асырған немесе жүзеге асыратын, бірақ:

      а) сатып алушы өзінің агентінің (делдалдың) табыс етуі бойынша Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерге әкелінетін тауарларды сатып алуға байланысты қызмет көрсеткені үшін өзінің агентіне (делдалға) төлейтін, сатып алғаны үшін сыйақыны қоспағанда, делдалдарға (агенттерге) берілетін сыйақы және брокерлерге берілетін сыйақы;

      б) егер кедендік мақсаттар үшін ол әкелінетін тауарлармен біртұтас ретінде қарастырылса, ыдысқа жұмсалған шығыстар;

      в) әкелінетін тауарлар орамасына жұмсалған шығыстар, оның ішінде орама материалдарының және орау жұмыстардың құны жататын әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшердегі шығыстар;

      2) Одақтың кедендік аумағына әкету үшін әкелінетін тауарларды өндірумен және сатумен байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде тегін немесе төмендетілген бағамен, іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшерде берілген мынадай тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тиісті түрде бөлінген құны:

      а) әкелінетін тауарлар өндірілген (тұратын) шикізат, материалдар, детальдар, жартылай фабрикаттар мен өзге де тауарлар;

      б) әкелінетін тауарларды өндіру кезінде пайдаланылған құралдар, мөртабандар, нысандар мен өзге де ұқсас тауарлар;

      в) әкелінетін тауарларды өндіру кезінде жұмсалған материалдар;

      г) Одақтың кедендік аумағынан тыс орындалған және әкелінетін тауарларды өндіру үшін қажетті жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік әрлеу, дизайн, эскиздер мен сызбалар;

      3) тікелей немесе жанама түрде сатушыға тиесілі, әкелінетін тауарларды пайдалану немесе өзге тәсілмен кейін сату, билік ету нәтижесінде алынған кірістің (пайданың) бір бөлігі;

      4) Одақтың кедендік аумағына мұндай тауарларды әкелу орнына дейін, ал егер Комиссия тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көліктің түріне және осындай тасудың (тасымалдаудың) ерекшеліктеріне қарай өзге орындарды айқындаса - Комиссия айқындаған орынға дейін әкелінетін тауарларды тасуға (тасымалдауға) жұмсалған шығыстар;

      5) Одақтың кедендік аумағына мұндай тауарларды әкелу орнына дейін, ал егер Комиссия тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көліктің түріне және осындай тасудың (тасымалдаудың) ерекшеліктеріне қарай өзге орындарды айқындаса - Комиссия айқындаған орынға дейін әкелінетін тауарларды тиеу, түсіру немесе қайта тиеу және оларды тасуға (тасымалдауға) байланысты өзге операцияларды жасауға жұмсалған шығыстар;

      6) осы тармақтың 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген операцияларды жасауға байланысты сақтандыру шығыстары;

      7) роялтиді, әкелінетін тауарларға қатысты және осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшерде, Одақтың кедендік аумағына әкету үшін әкелінетін тауарларды сатудың шарттары ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама түрде жүргізген немесе жүргізуі тиіс патенттер, тауар белгілері, авторлық құқықтары үшін төлемдерді қоса алғанда, зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге ұқсас төлемдер. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға:

      а) Одақтың кеден аумағына әкелінетін тауарларды қайта жаңғырту (тираждау) құқығына төлемдер;

      б) әкелінетін тауарларды, егер мұндай төлемдер Одақтың кедендік аумағына әкету үшін әкелінетін тауарларды сатудың шарты болып табылмаса, бөлу немесе қайта сату құқығы үшін төлемдер қосылмауға тиіс.

      2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құны, олар іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағадан бөлінген жағдайда, декларант мәлімдеген және ол құжаттама түрінде растаған:

      1) тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелгеннен кейін жүргізілетін құрылысқа, осындай өнеркәсіптік қондырғылар, машиналар немесе жабдық сияқты тауарларды салуға, жинақтауға, монтаждауға, қызмет көрсетуге немесе техникалық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды;

      2) Одақтың кедендік аумағы бойынша мұндай тауарларды келген орнынан, ал егер Комиссия тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көліктің түріне және осындай тасудың (тасымалдаудың) ерекшеліктеріне қарай өзге орындарды айқындаса - Комиссия айқындаған орыннан әкелінетін тауарларды тасуға (тасымалдауға) жұмсалған шығыстарды;

      3) тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды сатуға байланысты төленетін баждарды, салықтар мен алымдарды қамтымауға тиіс.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер дұрыс, саны жағынан айқындалатын және құжаттамалық расталған ақпараттың негізінде жүргізіледі. Мұндай ақпарат болмаған кезде 1-әдіс қолданылмайды.

      4. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілгеннен басқа, мұндай тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер жүргізілмейді.

      5. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер жүзеге асырылған кезде:

      1) осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасының "б" тармақшасында көрсетілген тауарлар құнын бөлу осы құнның бәрін тауарлардың бірінші партиясының кедендік құнына немесе декларант айқындаған декларацияланатын тауарлардың санынан кем болмауға тиіс өзге тауарлар санының кедендік құнына жатқызу жолымен жүргізіледі. Мұндай бөлу декларанттың қолындағы құжаттарға байланысты және жалпыға бірдей қабылданған бухгалтерлік есепке алу қағидаттарына сәйкес нақты жағдайларға қолданылатын ақылға сыйымды әдіспен жүргізілуге тиіс. Бұл ретте көрсетілген тауарлардың құны ретінде, егер сатып алушы тауарларды сатып алушымен өзара байланысты тұлға болып табылмайтын сатушыдан сатып алса, оларды сатып алуға жұмсалған шығыстар, не егер тауарды сатып алушы өндірсе, оларды дайындауға жұмсалған шығыстар танылады. Егер көрсетілген тауарларды бұрын сатып алушы оларды сатып алғанына немесе өндіргеніне қарамастан пайдаланған жағдайда, сатып алудың немесе өндірудің бастапқы бағасы олардың пайдаланылуын ескере отырып, осы тауарлардың құнын алу (айқындау) мақсатында азайтылуға тиіс;

      2) сатып алушы берген немесе осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасының "г" тармақшасында көрсетілген, сатып алушы сатып алған немесе жалға алған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты қосымша есептеулер осындай тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға немесе жалдауға жұмсалған шығыстар бөлігінде жүзеге асырылады. Егер сатып алушы қоғам иелігіндегі, яғни мемлекеттік немесе муниципалдық меншіктегі тауарларды берсе, қосымша есептеулер осындай тауарлардың көшірмелерін aлу құны (шығысылары) бөлігінде жүзеге асырылады.

      6. Осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген қосымша есептеулер жүзеге асырылған кезде, тікелей тауарлардың құнынан басқа оларды сатушыға беруге (жеткізуге) байланысты барлық шығыстар, егер осылай көзделген болса, оларды қайтаруды қоса алғанда, ескеріледі.

41-бап. Бірдей тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс (2-әдіс)

      1. Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құнын Кодекстің 39-бабына сәйкес айқындауға болмайтын болса, Одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылған және Одақтың кедендік аумағына бағаланатын тауарлар сияқты сол немесе оған сәйкес келетін уақыт кезеңінде, бірақ бағаланатын тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелгенге дейін күнтізбелік 90 күннен ерте емес кезеңде Одақтың кедендік аумағына әкелінген бірдей тауарлармен мәміленің құны мұндай тауарлардың кедендік құны болып табылады.

      Бірдей тауарлармен мәміленің құны осы Кодекстің 39-бабына сәйкес айқындалған және кеден органы қабылданған осы тауарлардың кедендік құны болып табылады.

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы бапқа сәйкес сол коммерциялық деңгейде және мәні бойынша бағаланатын тауарлар сияқты мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен мәміленің құны пайдаланылады.

      Егер ондай сатылымдар анықталмаса, сатылымның коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) тауарлар санындағы айырмашылықтар ескерілетін тиісті түзетумен өзге коммерциялық деңгейде және (немесе) өзге мөлшерлерде сатылған бірдей тауарлармен мәміленің құны пайдаланылады.

      Көрсетілген түзету бірдей тауарлармен мәміле құнын ұлғайтуға немесе азайтуға әкелетініне қарамастан түзетудің негізділігі мен нақтылығын құжаттамалық растайтын мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Мұндай мәліметтер болмаған кезде бағаланатын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін бірдей тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс пайдаланылмайды.

      2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы бапқа сәйкес, қажет болса, бірдей тауарлар тасымалданатын (тасылатын) қашықтықтардағы және тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түрлеріндегі айырмашылықтарға негізделген бағаланатын және бірдей тауарларға қатысты осы Кодекстің 40-бабының 1-тармағының 4 - 6-тармақшаларында көрсетілген елеулі айырмашылықты есепке алу үшін бірдей тауарлармен мәміле құнына түзету жүргізіледі.

      3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес түзетулер есебінен бірдей тауарлармен мәміленің біреуден артық құны анықталған жағдайда, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ең төмен бағасы қолданылады.

42-бап. Біртекті тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс (3-әдіс)

      1. Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 39 және 41-баптарына сәйкес айқындауға болмайтын болса, Одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылған және Одақтың кедендік аумағына бағаланатын тауарлар сияқты сол немесе оған сәйкес келетін уақыт кезеңінде, бірақ бағаланатын тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелгенге дейін күнтізбелік 90 күннен ерте емес кезеңде Одақтың кедендік аумағына әкелінген біртекті тауарлармен мәміленің құны мұндай тауарлардың кедендік құны болып табылады.

      Біртекті тауарлармен мәміленің құны осы Кодекстің 39-бабына сәйкес айқындалған және кеден органы қабылдаған осы тауарлардың кедендік құны болып табылады.

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы бапқа сәйкес сол коммерциялық деңгейде және мәні бойынша бағаланатын тауарлар сияқты мөлшерде сатылған біртекті тауарлармен мәміле құны пайдаланылады.

      Егер ондай сатылымдар анықталмаса, сатылымның коммерциялық деңгейінде және (немесе) тауарлар санындағы айырмашылықтар ескерілетін тиісті түзетумен, өзге коммерциялық деңгейде және (немесе) өзге мөлшерде сатылған біртекті тауарлармен мәміле құны пайдаланылады.

      Көрсетілген түзету біртекті тауарлармен мәміле құнын ұлғайтуға немесе азайтуға әкелетініне қарамастан түзетудің негізділігі мен нақтылығын құжаттамалық растайтын мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Мұндай мәліметтер болмаған кезде бағаланатын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін біртекті тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс пайдаланылмайды.

      2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы бапқа сәйкес, қажет болса, біртекті тауарлар тасымалданатын (тасылатын) қашықтықтардағы және тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түрлеріндегі айырмашылықтарға негізделген бағаланатын және біртекті тауарларға қатысты осы Кодекстің 40-бабының 1-тармағының 4 - 6-тармақшаларында көрсетілген елеулі айырмашылықты есепке алу үшін біртекті тауарлармен мәміле құнына түзету жүргізіледі.

      3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес түзетулер есебінен біртекті тауарлармен мәміленің біреуден артық құны анықталған жағдайда, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ең төмен бағасы қолданылады.

43-бап. Шегеру әдісі (4-әдіс)

      1. Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 39, 41 және 42-баптарына сәйкес айқындауға болмайтын болса, декларанттың өтініші бойынша осы Кодекстің осы бабының және 44-бабының қолданылу кезектілігі өзгертілген жағдайларды қоспағанда, мұндай тауарлардың кедендік құны осы бапқа сәйкес айқындалады.

      2. Егер бағаланатын тауарлар не бағаланатынмен бірдей немесе бағаланатындармен біртекті тауарлар олар Одақтың кедендік аумағына әкелінген күйінде Одақтың кедендік аумағында сатылған жағдайда, мынадай сомалар:

      1) делдалға (агентке) әдетте төленетін немесе төленуге тиіс сыйықы, не әдетте Одақтың кедендік аумағында сол кластың немесе түрдегі тауарларды сатуға байланысты орын алған мөлшерде, әдетте пайда табу және ортақ шығыстарды (коммерциялық және басқарушылық шығыстарды) жабу үшін жүргізілетін бағаға үстемеақы;

      2) Одақтың кедендік аумағында жүзеге асырылған тасуға (тасымалдауға), сақтандыруға жұмсалған әдеттегі шығыстар және өзге де осындай операциялармен байланысты шығыстар;

      3) кедендік баждар, салықтар, алымдар мен мүше мемлекеттер субъектілерінің салықтары мен алымдарын және жергілікті салықтар мен алымдарды қоса алғанда, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қолданылатын, мүше мемлекеттердің аумағында әкелуге және (немесе) сатуға байланысты төленуге тиіс өзге де салықтар шегерілген жағдайда, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде, бағаланатын тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінген сол немесе оған сәйкес уақыт кезеңінде мұндай сатуды жүзеге асыратын, өзара байланысты тұлғаларға бағаланатын тауарларды не бағаланатынмен бірдей немесе бағаланатындармен біртекті тауарлардың ең көп жиынтық мөлшері сатылатын тауар бірлігінің бағасы қабылданады.

      3. Егер бағаланатын да, бағаланатынмен бірдей де, бағаланатынмен біртекті де тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінген сол немесе оған сәйкес уақыт кезеңінде Одақтың кедендік аумағында сатылмаған жағдайда, мұндай тауарлардың кедендік құны, олар бойынша тиісінше бағаланатын немесе бірдей, немесе біртекті тауарлар, Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу күніне қатысты ең ерте күнге, бірақ осы күннен кейін күнтізбелік 90 күн өткен соң кешіктірілмей тауарлар сол әкелінген күйінде, тауар бірлігі үшін баға белгілеуге жеткілікті мөлшерде сатылатын тауар бірлігі бағасы негізінде айқындалады.

      4. Егер бағаланатын да, бағаланатынмен бірдей де, бағаланатынмен біртекті де тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінген сол күйінде Одақтың кедендік аумағында сатылмаған жағдайда, декларанттың өтініші бойынша бағаланатын тауарлардың кедендік құны, қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құны және осы баптың 2-тармағында көрсетілген сомалар шегерілген жағдайда, Одақтың кедендік аумағында олар осы тауарларды сатып алатын адамдармен өзара байланысты болмайтын адамдарға, қайта өңдеуден (өңдеуден) кейін сатылатын олардың ең көп жиынтық мөлшері бойынша, осындай тауарлар бірлігінің бағасы негізінде айқындалады.

      Қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құнды шегеру қайта өңдеу (өңдеу) құнына жататын дұрыс, саны жағынан айқындалатын және құжаттамалық расталған ақпарат негізінде жүргізіледі.

      5. Осы баптың 4-тармағының ережелері мына:

      тауарлардың өзінің дара белгілерін жоғалтуына қарамастан қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құнның шамасы дәл айқындалуы мүмкін кездегі жағдайларды қоспағанда, одан әрі қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде бағаланатын тауарлар өзінің дара белгілерін жоғалтқан;

      бағаланатын тауарлар өзінің дара белгілерін жоғалтпайтын, бірақ бағаланатын тауарлардың құны сатылатын тауарлар құнына елеулі әсер етпейтін, Одақтың кедендік аумағында сатылатын тауарларда соншалықты елеулі емес бөлікті құрайтын жағдайларда, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолданылмайды.

      Осы баптың 4-тармағын қолдану мүмкіндігі нақты жағдайларға байланысты әрбір жеке жағдайда айқындалады.

      6. Бағаланатын тауарлардың не бағаланатынмен бірдей немесе бағаланатын тауарлармен біртекті тауарлардың Одақтың кедендік аумағында сатылымын қарастырған кезде, бағаланатын тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкету үшін өндіруге және беруге байланысты осы Кодекстің 40-бабының 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тауарлар мен қызметтерді пайдалану үшін тікелей немесе жанама түрде, тегін немесе төмен бағамен ұсынған тұлғаға сату есепке қабылданбайды.

      7. Осы баптың мақсаттары үшін пайданың және тауарларды өткізуге тікелей де, жанама да шығыстар болуы мүмкін, жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасы, осы шығыстарды жабатын, сондай-ақ сол кластағы және түрдегі тауарды сатуға байланысты пайда табуды қамтамасыз ететін, тауар бағасына үстемеақы ретінде қарастырылады.

      Пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасы тұтастай ескеріледі және егер декларант табыс еткен мәліметтер сол кластағы немесе түрдегі тауарларды Одақтың кедендік аумағында сату кезінде орын алған мәліметтермен салыстыруға болатын жағдайларда, декларанттың қолындағы ақпарат негізінде айқындалады. Егер осы мәліметтер сол кластағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде кеден органының билігіндегі пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) әдеттегі мөлшері туралы мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, кеден органы пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасын ондағы мәліметтер негізінде айқындай алады.

      8. Осы баптың мақсаттары үшін бағаланатын тауарлар сияқты белгілі бір елден әкелінген сол кластағы немесе түрдегі тауарлардың сатылымы туралы, сондай-ақ басқа елдерден әкелінген тауарлар туралы мәліметтер пайдаланылады. Бағаланатын тауарлар және олар салыстырылатын тауарлар сол кластағы немесе сол түрдегі тауарлар болып табыла ма деген мәселе тиісті мән-жайлар ескеріле отырып, әрбір нақты жағдайда бөлек шешіледі. Бұл ретте, бағаланатын тауарларды қоса алғанда, оларға қатысты ақпарат табыс етілуі мүмкін Одақтың кедендік аумағына әкелінген неғұрлым шағын топтағы немесе сол кластағы немесе түрдегі болуы мүмкін бірқатар тауарлардың сатылымдары қарастырылады.

      9. Егер кеден органы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын онда бар мәліметтер негізінде осы бапқа сәйкес анықтаған жағдайда, ол декларантқа мұндай мәліметтердің көздері туралы, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есептер туралы мәліметтерді электрондық немесе жазбаша нысанда хабарлайды.

44-бап. Қосу әдісі (5-әдіс)

      1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес айқындау кезінде негіз ретінде:

      1) жасауға немесе материалдар сатып алуға жұмсалған шығыстарды және өндіруге жұмсалған, сондай-ақ бағаланатын тауарларды өндіруге байланысты өзге де операцияларға жұмсалған шығыстарды;

      2) тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылған елде, бағаланатын тауарлар сияқты, сол кластағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде әдетте ескерілетін, сол шамаға балама, пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомаларын;

      3) осы Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 4 - 6-тармақшаларында көрсетілген шығыстарды қосу жолымен анықталатын тауарлардың есептік құны қабылданады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шығыстар, өндірушісі немесе оның атынан табыс етілген және мұндай құжаттар тауарлар өндірілген елде қолданылатын жалпыға бірдей қабылданған бухгалтерлік есепке алу қағидаттарына сәйкес жасалған жағдайда, өндірушінің коммерциялық құжаттарымен расталған, тауарлар бухгалтерлік есептің жалпы бағаланатын тауарлардың өндірісі туралы мәліметтер негізінде айқындалады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көретілген шығыстар осы Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген және осы Кодекстің 40-бабының 5-тармағының 1-тармақшасына сәйкес бөлінген, осы Кодекстің 40-бабының 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген, әкелінетін тауарларды өндіруге байланысты сатып алушы тікелей немесе жанама түрде табыс еткен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын қамтуға тиіс. Одақтың кедендік аумағында жүргізілген (көрсетілген), осы Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 2-тармақшасы "г" тармақшасында көрсетілген тауарлар мен қызметтердің құны, осы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге өндіруші төлеген дәрежеде ғана енгізіледі. Бұл ретте, есеп айырысу құнын айқындау кезінде шығыстар қайтадан ескерілмейді.

      Жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) ретінде осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілмеген, Одақтың кедендік аумағына әкету үшін әкелінетін тауарларды өндіруге және сатуға жұмсалған тікелей және жанама шығыстар ескеріледі.

      4. Пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасы тұтастай ескеріледі және өндіруші немесе оның атынан табыс етілген мәліметтер негізінде айқындалады. Егер осы мәліметтер сол кластағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде кеден органының билігіндегі пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) әдеттегі мөлшері туралы мәліметтерге сәйкес келмейтін жағдайда, кеден органы пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасын ондағы мәліметтер негізінде айқындай алады.

      5. Осы баптың мақсаттары үшін бағаланатын тауарлар сияқты сол елде өндірілген сол кластағы немесе түрдегі тауарлардың сатылымы туралы мәліметтер пайдаланылады. Бағаланатын тауарлар және олар салыстырылатын тауарлар сол класта немесе сол түрде болып табыла ма деген мәселе тиісті мән-жайлар ескеріле отырып, әрбір нақты жағдайда бөлек шешіледі. Бұл ретте, Одақтың кедендік аумағына әкету үшін ақпарат табыс етілуі мүмкін неғұрлым шағын топтағы немесе сол кластағы немесе түрдегі болуы мүмкін бір қатар тауарлардың сатылымдары қарастырылады.

      6. Кеден органдары, егер халықаралық шарттарда және кедендік реттеу саласындағы актілерде, Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында немесе мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, шетелдік тұлғадан тауарлардың есеп айырысу құнын айқындау үшін құжаттар мен мәліметтерді табыс етуді талап етуге құқылы емес.

      Тауарлардың есеп айырысу құнын айқындау үшін шетелдік тауар өндіруші немесе оның атынан табыс етілген құжаттар мен мәліметтер мүше мемлекеттің уәкілетті органы шетелдік тауар өндірушінің келісуімен, сондай-ақ тауарларды өндіруші елдің уәкілетті органы алдын ала хабарлаған жағдайда және мұндай тексеру жүргізуге оның қарсылығы болмаған кезде тауарларды өндіруші елде тексерілуі мүмкін. Шетелдік тауар өндіруші немесе оның атынан табыс етілген құжаттар мен мәліметтерді тексеруді, мүше мемлекеттің уәкілетті органы, осы мүше мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүргізеді.

      7. Егер кеден органы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын ондағы мәліметтер негізінде осы бапқа сәйкес айқындаған жағдайда, ол декларантқа осындай мәліметтер көздері туралы, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есептер туралы электрондық немесе жазбаша нысанда хабарлайды.

45-бап. Резервтік әдіс (6-әдіс)

      1. Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 39 және 41 - 44-баптарына сәйкес анықтала алмайтын жағдайда, мұндай тауарлардың кедендік құны Одақтың кедендік аумағындағы бар мәліметтердің негізінде осы тараудың қағидаттары мен ережелеріне сүйене отырып, айқындалады.

      2. Тауарлардың құнын анықтаудың, осы бапқа сәйкес пайдаланылатын әдістері осы Кодекстің 39 және 41 - 44-баптарында көзделген әдістер болып табылады, алайда кедендік құнды айқындау кезінде осы бапқа сәйкес олар қолданылған жағдайда икемділікке жол беріледі. Атап айтқанда, мынаған жол беріледі:

      1) бағаланатын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін бағаланатын тауарлар өндірілген елден басқа елде өндірілген бірдей немесе біртекті тауарлармен мәміленің құны негіз болып қабылдануы мүмкін;

      2) бірдей немесе біртекті тауарлармен мәміленің құны негізінде бағаланатын тауарлардың кедендік құнын анықтау кезінде осы Кодекстің 41 және 42-баптарына сәйкес белгіленген, бағаланатын тауарлармен бірдей немесе бағаланатын тауарлармен біртекті тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылуға тиіс және Одақтың кедендік аумағына бағаланатын тауарлар әкелінген, бірақ Одақтың кедендік аумағына бағаланатын тауарларды әкелгенге дейін күнтізбелік 90 күннен ерте емес, сол немесе оған сәйкес уақыт кезеңінде әкелінуі тиіс деген талаптан ақылға сыйымды ауытқуға жол беріледі;

      3) бағаланатын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін осы Кодекстің 43 және 44-баптарына сәйкес белгіленген, бағаланатын тауармен бірдей немесе бағаланатын тауарлармен біртекті тауарлардың кедендік құны негіз болып қабылдануы мүмкін;

      4) осы Кодекстің 43-бабына сәйкес бағаланатын тауарлардың кедендік құнын анықтау кезінде осы Кодекстің 43-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен ауытқуға жол беріледі.

      3. Тауарлардың кедендік құнын анықтаудың бірнеше әдісін қолдану мүмкіндігі болған жағдайда, осы баптың 2-тармағына сәйкес оларды қолданудың дәйектілігін ұстану қажет.

      4. Әкелінетін тауарлардың осы бапқа сәйкес айқындалған кедендік құны барынша мүмкін болған дәрежеде бұрын айқындалған кедендік құнға негізделуі тиіс.

      5. Әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы бапқа сәйкес:

      1) Одақтың кедендік аумағында өндірілген тауарлардың Одақтың ішкі нарығындағы бағаларының;

      2) кедендік мақсаттар үшін екі баламалы құнның неғұрлым жоғарысын қабылдауды көздейтін жүйенің;

      3) әкету елінің ішкі нарығындағы тауарлар бағасының;

      4) осы Кодекстің 44-бабына сәйкес бірдей немесе біртекті тауарлар үшін айқындалған есеп айырысу құнына қосылған шығындардан басқа шығындардың;

      5) тауарларды әкету елінен Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттерге берілетін тауарлар бағасының;

      6) тауарлардың ең төменгі кедендік құны;

      7) еркін немесе жалған құны негізінде айқандалмауға тиіс.

      6. Егер кеден органы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын өзінде бар мәліметтер негізінде, осы бапқа сәйкес анықтайтын болса, ол декларантқа осындай мәліметтер көздері туралы, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есептеулер туралы электрондық немесе жазбаша нысанда хабарлайды.

II БӨЛІМ

КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР, АРНАЙЫ, ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ, ӨТЕМ БАЖДАРЫ

6-тарау

Кедендік төлемдер туралы жалпы ережелер

46-бап. Кедендік төлемдер

      1. Кедендік төлемдерге мыналар жатады:

      1) әкелу кедендік бажы;

      2) әкету кедендік бажы;

      3) Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын қосылған құн салығы;

      4) Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын акциздер (акциздік салық немесе акциздік алым);

      5) кедендік алымдар.

      2. Осы Кодекстің 37-тарауына сәйкес Одақтың кедендік аумағына әкелінетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждар, салықтар немесе жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар төленуге жатады. Осы Кодекстің осы тарауының және 7 - 11-тарауларының ережелері осы Кодекстің 37-тарауында көзделген жағдайларда қолданылады.

47-бап. Кедендік алымдар

      1. Кедендік алымдар тауарларды шығаруға, көлік құралдарын кедендік алып жүруге байланысты кедендік операцияларды, сондай-ақ осы Кодексте және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген өзге де іс-қимылдар жасағаны үшін кеден органдары өндіріп алатын міндетті төлемдер болып табылады.

      2. Кедендік алымдардың түрлері мен мөлшерлемелері мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

      3. Кедендік алымдардың мөлшерін, кеден органдарының іс-қимылдар жасауға байланысты кедендік алымдар белгілеген шығындарының шамамен алынған құнынан асыруға болмайды.

      4. Кедендік алымдарды төлеушілер, кедендік алымдар салынатын объектілер, кедендік алымдарды есептеуге арналған база, кедендік алымдарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындауы мен тоқтатылуы, кедендік алымдарды төлеу мерзімдері, оларды есептеу, төлеу, өндіріп алу және қайтару (есепке жатқызу) тәртібі, сондай-ақ кедендік алымдар төленбейтін жағдайлар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

48-бап. Аванстық төлемдер

      1. Алдағы төленетін кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу шотына енгізілген және төлеуші нақты тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының нақты түрлері мен сомалары бойынша идентификатталған ақшалай қаражат (ақша), егер мұндай аванстық төлемдерді енгізу мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін болса, аванстық төлемдер деп танылады.

      2. Мүше мемлекеттің заңнамасында аванстық төлемдерді жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету ретінде, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету ретінде, сондай-ақ осы мүше мемлекеттің заңнамасында өндіріп алу кеден органдарына жүктелген, осы Кодекстің 46- бабының 1-тармағында және 71-бабының 1-тармағында көрсетілгеннен өзге төлемдерді төлеу есебіне қолдану мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Егер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік төлемдерді өндіріп алу өзге мемлекеттік органдарға жүктелген болса, мүше мемлекеттің заңнамасында аванстық төлемдер, өндіріп алу осындай мемлекеттік органдарға жүктелген, осы Кодекстің 46-бабының 1-тармағында және 71-бабының 1-тармағында көрсетілгеннен өзге төлемдерді төлеу есебіне қолдану мүмкіндігі көзделуі мүмкін.

      3. Аванстық төлемдер, аумағында осы аванстық төлемдерді кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мақсатында пайдалану болжанып отырған мүше мемлекеттің валютасымен, ал Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) мүше мемлекеттердің екіжақты халықаралық шарттарында кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мақсатында аумағында осы аванстық төлемдерді пайдалану болжанып отырған мүше мемлекеттің валютасынан өзге валютамен төлеу көзделген жағдайларда - осындай халықаралық шарттарда айқындалған валютамен енгізіледі.

      4. Аванстық төлемдер ретінде енгізілген ақшалай қаражат (ақша) аванстық төлемдерді енгізген тұлғаның мүлкі болып табылады және аванстық төлемдерді енгізген тұлға бұл туралы кеден органына өкім жасағанша не кеден органы өндіріп алуды аванстық төлемдерге айналдырмайынша, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары ретінде немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету ретінде, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, осы баптың 2-тармағында көрсетілген өзге төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшалай қаражат (ақша) ретінде қарастыруға болмайды. Аванстық төлемдерді енгізген тұлғаның өкімі ретінде ол немесе оның атынан кедендік декларацияның немесе аванстық төлемдердің сомасын қайтаруға өтініштің табыс етілуі немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы тұлғаның өз ақша қаражатын (ақшасын) кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары ретінде не кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету ретінде, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету ретінде қолдану ниетін растайтын өзге іс-қимылдар жасауы қарастырылады.

      5. Мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған кеден органына аванстық төлемдерді енгізген тұлғаның өтініші негізінде мұндай кеден органы аванстық төлемдерді енгізген тұлғаға мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген аванстық төлемдерді қайтару үшін белгіленген мерзімнен аспайтын кезеңде аванстық төлемдер ретінде енгізілген ақшалай қаражаттың (ақшаның) жұмсалуы туралы есепті табыс етеді.

      Аванстық төлемдерді енгізген тұлғаның өтінішінің нысаны мен оны кеден органына беру тәртібі, сондай-ақ көрсетілген есептің нысаны, кеден органының оны беру тәртібі мен мерзімдері мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалады.

      6. Аванстық төлемдердің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) осы Кодекстің 67-бабына сәйкес жүргізіледі.

      7. Аванстық төлемдердің талап етілмеген сомаларына билік ету мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      8. Аванстық төлемдерді енгізу тәртібі мен нысаны мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

49-бап. Кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі жеңілдіктер және тарифтік преференциялар

      1. Осы Кодексте кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі жеңілдіктер деп мыналар түсініледі:

      1) кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер (тарифтік жеңілдіктер);

      2) кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер;

      3) салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер;

      4) кедендік алымдарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер (кедендік алымдарды төлеуден босату).

      2. Кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді (тарифтік жеңілдіктерді) беру жағдайлары және шарттары, сондай-ақ оларды қолдану тәртібі Одақ туралы шартқа сәйкес айқындалады.

      Одақ туралы шарттың 43-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді (тарифтік жеңілдіктерді) кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін төмендету түрінде беру жағдайларын және шарттарын анықтаған кезде Комиссия осы Кодексте көзделгеннен өзге мән-жайларды анықтауға құқылы, олар туындаған кезде кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылады және (немесе) кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі басталады.

      3. Кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер, сондай-ақ кедендік алымдарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер (кедендік алымдарды төлеуден босату) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

      4. Тарифтік преференциялар Одақ туралы шартқа және еркін сауда режимінің қолданылуын көздейтін, Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес беріледі. Тарифтік преференциялар Комиссия айқындайтын жағдайларда және шарттар сақталған кезде қалпына келтіріледі.

50-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер

      Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындаған декларант немесе өзге де тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер болып табылады.

7-тарау

Кедендік баждарды, салықтарды есептеу

51-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған база

      1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда өзге де тауарлар кедендік баждарды, салықтарды салудың объектісі болып табылады.

      2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың заттай көріністегі физикалық сипаттамалары (саны, оның ішінде оны тұтынуға дейінгі тауардан ажырамайтын және (немесе) тауар бөлшек сауда үшін ұсынылатын тауардың бастапқы орамасы есепке алғандағы массасы, көлемі немесе тауардың өзге де сипаттамасы) тауардың түріне және мөлшерлемелердің қолданылатын түрлеріне қарай кедендік баждарды есептеуге арналған база болып табылады.

      3. Салықтарды есептеуге арналған база мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.

52-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу

      1. Кедендік баждарды, салықтарды кедендік баждарды, салықтарды төлеуші, ал осы бапта көзделген жағдайларда - кеден органы есептейді.

      2. Кедендік баждарды, салықтарды кеден органы:

      1) кедендік баждарды, салықтарды дұрыс есептемеу анықталған жағдайда тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша;

      2) осы Кодекстің 56-бабына сәйкес төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде;

      3) осы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында, 97-бабының 3-тармағында, 103-бабының 4-тармағында, 153-бабының 5-тармағында, 162-бабының 6-тармағында, 241-бабының 3-тармағында, 279-бабының 8-тармағында, 280-бабының 4-тармағында, 284-бабының 4-тармағында, 288-бабының 4-тармағында, 295-бабының 3 және 8-тармақтарында және 309-бабының 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде, сондай-ақ шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация осы Кодексте белгіленген мерзімде берілмеген жағдайларда;

      4) декларант осы Кодекстің 117-бабының 9-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасамаған кезде;

      5) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың орындауына жатқан жағдайда, осы Кодекстің 208-бабының 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде;

      6) осы Кодекстің 208-бабының 9-тармағына және 216-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде;

      7) Комиссия және мүше мемлекеттердің заңнамасымен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындауға жататынын Комиссия көздеген жағдайда, осы Кодекстің 254-бабына сәйкес айқындалған мән-жайлар туындаған кезде;

      8) осы Кодекстің 315-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда, кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша;

      9) осы Кодекстің 325-бабының 17 және 18-тармақтарында көзделген жағдайларда, кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша;

      10) кедендік рәсіммен орналастыру кезінде кедендік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды пайдалана отырып кедендік декларациялау жүзеге асырылған тауарларға қатысты, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын, осы Кодекске сәйкес көзделген мән-жайлар туындаған кезде;

      11) кедендік баждарды, салықтарды осы Кодекске сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін туындаған мән-жайларға байланысты және кедендік баждарды, салықтарды төлеуші есептемеген тауарларға қатысты төлеуге жататын өзге жағдайларда есептейді.

      3. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияларда, кедендік кіріс ордерінде не осы Кодекстің 266-бабы 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған, өзге кедендік құжатта, осы Кодекстің 277-бабы 4-тармағының екінші абзацында көрсетілген кедендік құжатта немесе осы баптың 4-тармағында көрсетілген кедендік құжатта көрсетіледі.

      4. Осы баптың 2-тармағының 2, 3, 5, 6 және 11-тармақшаларында көрсетілген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтер кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждардың есеп-қисабында көрсетіледі.

      Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды есептеу нысанын, осындай есептеудің электрондық құжат түріндегі құрылымы мен форматын, оларды толтыру және осындай есептеуге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды.

      Аталған есептеуді қағаз жеткізгіште толтыру кезінде кеден органының лауазымды адамы осындай кедендік құжаттың электрондық түрін қалыптастырады.

      5. Егер осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтар кедендік кіріс ордері негізінде не осы Кодекстің 266-бабы 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге кедендік құжат негізінде төленген жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтерді кеден органы кедендік кіріс ордерінде немесе осы Кодекстің 266-бабының 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге кедендік құжатта көрсетеді.

      Кедендік кіріс ордерінің не осы Кодекстің 266-бабы 24-тармағына сәйкес Комиссиямен белгіленген өзге кедендік құжаттың нысандары, оларды толтыру және оларға өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды.

      Кедендік кіріс ордерін не осы Кодекстің 266-бабы 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге кедендік құжатты қағаз жеткізгіште толтыру кезінде кеден органының лауазымды адамы осындай құжаттардың электрондық түрін қалыптастырады.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында өндіріп алынуы мүше мемлекеттердің заңнамасымен кеден органдарына жүктелген өзге төлемдерді есептеу және төлеу үшін кедендік кіріс ордерін пайдалану мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Көрсетілген жағдайда кедендік кіріс ордерінің нысанын толтыру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу және пайдалану тәртібі осы мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      6. Кедендік баждар, салықтар өзге валютада есептелетін, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) мүше мемлекеттердің екіжақты халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 61-бабына сәйкес кедендік баждар, салықтар төленуге жататын мүше мемлекеттің валютасында есептеледі.

      Егер кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін шетел валютасын мүше мемлекеттің валютасына не өзге валютаға қайта есептеуді жүргізу талап етілетін болса, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мұндай қайта есептеу кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      7. Кедендік баж кедендік бажды есептеуге арналған базаға және тауарға қатысты белгіленген, кедендік баждың тиісті мөлшерлемесіне негізделе отырып есептеледі.

      Салықтар осы Кодекстің 61-бабына сәйкес төленуге жататын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес есептеледі.

53-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін қолданылатын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері

      1. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын мөлшерлемелер қолданылады.

      Осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес кедендік декларациялау ерекшеліктері, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын есептеу үшін мүше мемлекеттердің осындай заңнамасында белгіленген күні қолданыста болатын мөлшерлемелер қолданылады.

      2. Одақ туралы шартқа сәйкес көзделген жағдайларды, сондай-ақ Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе үшінші тараппен Одақтың халықаралық шарттарына сәйкес кедендік әкелу баждарын есептеу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелерінен ерекшелінетін мөлшерлемелер қолданылатын жағдайларды қоспағанда, кедендік әкелу баждарын есептеу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер Одақ туралы шартта өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын есептеу үшін тарифтік преференциялар табыс ету шарттары сақталмаған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелері қолданылады.

      3. Егер Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) мүше мемлекеттердің екіжақты халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, кедендік әкету баждарын есептеу үшін мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер қолданылады, онда осы Кодекстің 61-бабына сәйкес олар төленуге жатады.

      4. Салықтарды есептеу үшін мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер қолданылады, онда осы Кодекстің 61-бабына сәйкес олар төленуге жатады.

      Комиссия мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары табыс еткен мәліметтер негізінде мүше мемлекеттерде тауарларға қатысты қолданылатын салықтар мөлшерлемелерінің жалпы тізбесін қалыптастырады және оны Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтында орналастырады.

      Мүше мемлекеттерде тауарларға қатысты қолданылатын салықтар мөлшерлемелерінің жалпы тізбесінің форматын, оны қалыптастыру, жүргізу және одан мәліметтерді пайдалану тәртібін, сондай-ақ осындай мөлшерлемелер туралы мәліметтерді табыс ету тәртібі мен техникалық шарттарын, оның ішінде құрылымы мен форматын Комиссия айқындайды.

54-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы. Кедендік баждар, салықтар төленбейтін жағдайлар

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 56, 91, 97, 103, 136, 137, 141, 153, 162, 174, 185, 198, 208, 216, 225, 232, 241, 247-баптарға, 277-бабының 4-тармағына, 279, 280, 284, 288, 295 және 309-баптарға сәйкес, сондай-ақ Комиссия көздеген жағдайларда, осы Кодекстің 254-бабына сәйкес Комиссия және мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған мән-жайлар басталған кезде туындайды.

      2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет:

      1) осы Кодекстің 56, 91, 97, 103, 136, 137, 141, 153, 162, 174, 185, 198, 208, 216, 225, 232, 241, 247-баптарында, 277-бабының 4-тармағында, 279, 280, 284, 288, 295 және 309-баптарында көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуына байланысты мән-жайлар басталған кезде және шарттар сақталған кезде;

      2) Комиссия көздеген жағдайларда, осы Кодекстің 254-бабына сәйкес Комиссия және мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған мән-жайлар басталған кезде:

      3) осы Кодекстің 55-бабы 4-тармағында және 68-бабы 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайларда;

      4) осы Кодекстің 68-бабы 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмаған жағдайда, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өндіріп алу үмітсіз деп танылған, кедендік баждардың, салықтардың сомасына қатысты тоқтатылады.

      3. Комиссия, бірдей тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет әртүрлі адамдарда түрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше рет туындаса, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайлар бір мүше мемлекетте туындап, ал кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет өзге мүше мемлекетте туындаса, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайларды, сондай-ақ осындай мән-жайлардың туындауын растау бойынша кеден органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға құқылы.

      4. Кедендік баждар, салықтар:

      1) орналастыру шарттары осындай кедендік рәсімді қолдану аяқталғанға немесе тоқтатылғанға дейін және осындай кедендік рәсімге сәйкес осы тауарларды пайдалану шарттары сақталған кезде, кедендік баждар, салықтар төлеуді көздемейтін кедендік рәсіммен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты;

      2) осы Кодекстің 272-бабы 4-тармағына және 281-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын, тауарлардың жеке санаттарына қатысты, осы Кодексте тауарлардың осы санаттары үшін оларды пайдалану шарттары сақталған кезде;

      3) кедендік әкелу бажын төлеуден босату түріндегі кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді және осындай жеңілдіктер табыс ету талаптарын сақтаған кезде, осындай кедендік рәсімді қолдану аяқталғанға немесе тоқтатылғанға дейін, салықтар төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданумен уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты, тауарларды жеңілдіктер табыс ету талаптарына сәйкес келетін мақсаттарда пайдаланылған кезде, осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді сақтаған кезде, сондай-ақ осындай кедендік рәсімге сәйкес осындай тауарларды пайдалану талаптарын сақтаған кезде, декларанттың осындай жеңілдіктерден бас тарту жағдайларын қоспағанда;

      4) кедендік әкелу бажын төлеуден босату түріндегі кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді және осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолданумен ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдеріне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты, тауарларды жеңілдіктер табыс ету талаптарына сәйкес келетін мақсаттарда пайдаланған кезде, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді сақтаған кезде, декларанттың осындай жеңілдіктерден бас тарту жағдайларын қоспағанда, төленбейді.

55-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті кедендік баждар, салықтар төлеуші, осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтар төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі ортақ міндет немесе егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі субсидиарлық міндет жүктелген адамдар орындайды.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді өзге тұлғалардың да орындау мүмкіндігі анықталуы мүмкін.

      Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті осы Кодекстің 405-бабын ескере отырып, кедендік өкіл орындайды.

      2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 57 - 61-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде оларды төлеу арқылы осы Кодекске сәйкес есептелген және төлеуге жататын сомалар мөлшерінде орындалады.

      Ұйым таратылған, дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған, ұйым қайта құрылған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындаудың ерекшеліктері мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

      Егер мүше мемлекеттің заңнамасында төленбеген кедендік төлемдер түрінде келтірілген залалды өтеу жолымен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау мүмкіндігі белгіленген жағдайда, осындай міндеттерді орындау ерекшеліктері осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.

      3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайында, кеден органы мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кедендік баждар, салықтар төлеушіге, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтар төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі ортақ міндет немесе егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе - кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі субсидиарлық міндет жүктелетін адамдарға белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждар, салықтар сомалары туралы хабарламаны осы баптың 4-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда және осы баптың 5-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген жағдайларда жолдайды.

      Көрсетілген хабарламаның нысаны, осындай хабарламада көзделген талаптарды орындау тәртібі мен мерзімі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      Осы Кодекстің 61-бабына сәйкес кедендік баждар, салықтар бір мүше мемлекетте төленуге жатқызылған, ал осы Кодекстің 69-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды басқа мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырған жағдайда, аталған хабарлама осы Кодекске 1-қосымшада көзделген тәртіпте, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттарды алғаннан кейін, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы жібереді.

      4. Кеден органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарламаны мынадай жағдайларда жібермейді:

      1) тауарлар шығарылғаннан кейін, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін өткізілген тауарларға қатысты - осы Кодекстің 120-бабының 17-тармағында көзделген электрондық құжат жіберілгеннен не тиісті белгілер қойылғаннан кейін осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін валюталар бағамын қолдану күніне қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша 5 еуроға баламалы сома жиынтығынан аспайтын мөлшерде тауарларға арналған бір декларацияда есептелген кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлемеу фактісін анықтау;

      2) осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін валюталар бағамын қолдану күніне қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша 5 еуроға баламалы сома жиынтығынан аспайтын мөлшерде, осы Кодекстің 52-бабының 4-тармағында немесе осы Кодекстің 277-бабы 4-тармағынның екінші абзацында көрсетілген кедендік құжаттың бірінде көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың бір есебінде есептелген кедендік төлемдердің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемеу фактісін анықтау.

      5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарлама жіберілмегенде, осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайлардан өзге жағдайлар мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленуі мүмкін.

      6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылады.

      7. Осы баптың 3-тармағына сәйкес жіберілген хабарламада көрсетілген мерзімде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген осындай хабарлама жіберілмеген жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды өндіріп aлу бойынша шаралар қабылдайды.

      8. Комиссия бірдей тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет әртүрлі тұлғаларда түрлі мән-жайлар және (немесе) бірнеше рет туындаған жағдайларда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау ерекшеліктерін айқындауға құқылы.

56-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізген кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеудің мерзімі және есептеу ерекшеліктері

      1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізген кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелген кезде туындайды.

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізген кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету кезінде туындайды.

      2. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізген кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тауарларды заңсыз өткізетін тұлғаларда туындайды. Заңсыз өткізуге қатысушы тұлғалар, егер олар осындай өткізудің заңсыздығы туралы білген немесе білуге тиіс болса, ал Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелген кезде - егер олар сатып алу кезінде Одақтың кедендік аумағына оларды әкелудің заңсыздығы туралы білген немесе білуге тиіс болса, заңсыз әкелінген тауарларды жеке меншікке немесе иелігіне алған тұлғалар да тауарларды заңсыз өткізетін тұлғалармен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі ортақ міндетті алады.

      3. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізген кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет мынадай мән-жайлар басталған кезде, осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларда тоқтатылады:

      1) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау және (немесе) осы баптың 5 - 8-тармақтарына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде оларды өндіріп алу;

      2) осы Кодекске сәйкес тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру;

      3) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органының авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан шетелдік тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдау (тасымалдың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи жойылу нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін тануы, осы шетелдік тауарларға қатысты осы Кодекске сәйкес осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалтуға дейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда;

      4) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне тауарларды тәркілеу немесе алу (кіріс);

      5) кеден органының осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес тауарларды ұстап қалуы;

      6) қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы (әкімшілік процесті жүргізу) іс бойынша жүргізу барысында, қылмыстар туралы хабарды тексеру кезінде алынған немесе қамауға алынған және егер бұрын ондай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларға қатысты тауарларды қайтару туралы шешім қабылданған, тауарлардың кедендік рәсімдерінің бірімен уақытша сақтауға немесе қоюға орналастыру.

      4. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізген кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі ретінде Одақтың кедендік шекарасын тауарлармен кесіп өту күні саналады, ал егер бұл күні анықталмаса - Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған күні.

      5. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізген кезде кедендік баждар, салықтар, егер тауарлар мынадай кедендік рәсімдермен орналастырылса, мынадай мөлшерде төленуге жатады:

      1) Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелген кезде - ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай;

      2) Одақтың кедендік аумағынан Одақтың тауарларын әкеткен кезде - кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданусыз экспорт кедендік рәсімі.

      6. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізген кезде кедендік баждар, салықтар осы баптың 7-тармағын ескере отырып, ал егер кеден органы тауарлар туралы нақты мәліметтері болмаса, тағы да осы баптың 8-тармағын ескере отырып, осы тарауға сәйкес есептеледі.

      7. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін Одақтың кедендік шекарасын тауарлар кесіп өткен күніне қолданыстағы кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері, ал бұл күн белгіленбесе - Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған күнгі мөлшерлеме қолданылады.

      Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін шетел валютасын мүше мемлекеттік валютасына қайта есептеу қажет болған жағдайда, мұндай қайта есептеу Одақтың кедендік шекарасын тауарлардың кесіп өткен күніне қолданыстағы, ал егер бұл күн белгіленбесе - Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған күні қолданыстағы валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.

      8. Егер кеден органында тауарлар туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны), төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 20-бабының 3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Егер тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес 10-нан кем белгілер санымен топтама деңгейінде анықталған жағдайда:

      кедендік баждарды есептеу үшін ондай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждардың мөлшерлемелерінен ең көбі қолданылады;

      салықтарды есептеу үшін қосылған құнға салық мөлшерлемесінен ең көбі, оған қатысты кедендік баждардың мөлшерлемесінен ең көбі белгіленген мұндай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес акциздердің мөлшерлемелерінен ең көбі (акциздік салық немесе акциздік алым) қолданылады.

      Тауарлар туралы нақты мәліметтерді кейіннен анықтаған кезде кедендік баждар, салықтар сондай нақты мәліметтерге қарай есептеледі, артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік баждар, салықтар сомаларын қайтару (есепке алу) не осы Кодекстің 10 және 11-тарауларына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.

      9. Мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарлар тәркіленген немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырылған, осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдары тауарларды кідірткен, уақытша сақтауға орналастырған, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан және (немесе) оларды өндіріп алғаннан (толық немесе ішінара) кейін тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың сомалары осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес қайтарып алуға (есепке жатқызуға) жатады.

      10. Осы баптың 1 - 9-тармақтарының ережелері дұрыс кедендік декларацияланбаған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде қолданылмайды.

      Дұрыс кедендік декларацияланбаған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждар, салықтар осы Кодекске сәйкес есептеледі. Бұл ретте кедендік декларациялау кезінде нақты төленген тауарлардың кедендік баждары, салықтары қайта төленбейді (өндіріліп алынбайды), ал артық төленген және (немесе) артық өндірілін алынған кедендік баждар, салықтар осы Кодекске сәйкес қайтаруға (есепке алуға) жатады.

8-тарау

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері мен тәртібі

57-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері осы Кодекстің 56, 58, 91, 97, 103, 136, 137, 141, 153, 162, 174, 185, 198, 208, 216, 225, 232, 241, 247-баптарына, 277-баптың 4-тармағына, 279, 280, 284, 288, 295 және 309-баптарына сәйкес айқындалады.

      2. Кедендік декларациялау ерекшеліктері мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.

      3. Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерін осы Кодекстің 254-бабына сәйкес Комиссия және Комиссияда көзделген жағдайларда мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.

      4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде осы Кодексте белгіленген мерзімде өсімпұлдар төленеді.

      Өсімпұлдарды есептеу, төлеу, өндіріп алу және қайтару осы Кодекстің 61-бабына сәйкес осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кедендік баждар, салықтар төленуі тиіс мүше мемлекетте жүргізіледі.

      Өсімпұлдар осы Кодекстің 54-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған тәртіпте кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылатын мән-жайлардың басталуы туралы растау алынған жағдайда төленбейді.

      5. Осы Кодекске сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтарының сомасынан, егер осы сомаларға қатысты кейінге қалдыру немесе оларды бөліп төлеу ұсынылғандай пайыздар төлеуге жататын жағдайларда, мұндай пайыздар кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге пайыздар есептеу және төлеу үшін осы Кодекстің 60-бабында белгіленген тәртіпте есептелінеді және төленеді.

58-бап. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту

      1. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу нысанында жүзеге асырылады.

      2. Салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту үшін негіздер, сондай-ақ оларды өзгертудің шарттары мен тәртібі олар төленетін мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.

      3. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты беріледі.

      4. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу төлеушінің тиісінше кейінге қалдырылған немесе бөліп төленетін соманы біржолғы немесе кезең-кезеңмен төлей отырып, кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімін өзгертуін білдіреді.

      5. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу төлеуге жататын барлық сомаға қатысты не осы соманың бір бөлігіне қатысты беріледі.

      6. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды ұсына отырып, тауарларды шығару кезінде төленуіне қатысты кейінге қалдыру ұсынылған кедендік әкелу баждарының сомасы осындай кейінге қалдыру ұсынылған мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей төлеуге жатады.

      Кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді ұсына отырып, тауарларды шығару кезінде төленуіне қатысты бөліп төлеу ұсынылған кедендік әкелу баждарының сомасы бекітілген кедендік әкелу баждар сомасын кезең-кезеңмен төлеу кестесіне сәйкес төлеуге жатады. Бұл ретте кезең-кезеңмен төлеуге айқындалған сомалардың әрқайсысы тиісті кезеңде осындай төлеу үшін белгіленген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей төлеуге жатады.

      7. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындау қамтамасыз етілген жағдайда ұсынылады.

      Кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 9-тарауына сәйкес беріледі.

59-бап. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну мерзімдері мен негіздері

      1. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру үшін пайыздар төлей отырып, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру осы Кодекстің 60-бабына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару күнінен кейінгі күннен бастап 1 айдан аспайтын мерзімге беріледі.

      2. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлемей, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу:

      1) дүлей зілзала, технологиялық апат немесе өзге еңсерілмейтін күш мән-жайлары нәтижесінде кедендік әкелу баждарын төлеушіге зиян келтіруі;

      2) кедендік әкелу баждарын төлеушіге федералдық (республикалық, мемлекеттік) бюджеттен қаржыландыруды немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуді кідіртуі;

      3) егер осы мүше мемлекеттің заңнамасында аталған мән-жайлар кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді табыс ету үшін негіз болып табылмайды деп белгіленбесе, тараптарының бірі мүше мемлекет болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде жеткізулерді жүзеге асыруы;

      4) ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын мүше мемлекеттің ұйымдары не аталған ұйымдар үшін Одақтың кедендік аумағына егу немесе отырғызу материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды және басқа асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін), асыл тұқымдық өнімді (материал), жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді әкелуі. Оларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілуі мүмкін көрсетілген тауарлардың тізбесін, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтарын көрсете отырып, Комиссия айқындайды;

      5) Комиссия айқындайтын өзге де негіздер болған кезде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару күнінен кейінгі күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімге беріледі.

      3. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлей отырып, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу осы Кодекстің 60-бабына сәйкес өнеркәсіптік өңдеуге, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, оның жинақтаушы және қосалқы бөлшектерін пайдалану үшін тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу сияқты негіз болған кезде, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару күнінен кейінге күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімде ұсынылады. Осы тармақты қолдану мақсатында өнеркәсіптік өңдеу деп кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кез келген бірінші 4 белгісі деңгейінде оларды өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін әкелінетін тауарлар кодтарынан айырмашылығы бар жаңа тауарларды алу үшін өндірісте тауарларды пайдалану түсініледі. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтары көрсетіле отырып, оларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу табыс етілуі мүмкін көрсетілген тауарлар тізбесі, сондай-ақ осындай тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге пайдалануға арналған тауарларға жатқызу шарттарын Комиссия айқындайды.

      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген негіздердің бар болуын кедендік әкелу баждарын төлеуші растауы тиіс.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында мүше мемлекеттің көрсетілген негіздердің бар болуын растауға уәкілетті мемлекеттік органдары, сондай-ақ осындай растаулар беру тәртібі айқындалуы мүмкін.

      5. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу кеден органының шешімі бойынша кедендік әкелу баждарын төлеушінің өтініші негізінде беріледі.

      Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді табыс ету туралы шешімді кеден органы ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған кезде, тауарларды шығаруды жүргізетін мүше мемлекеттің кеден органы қабылдайды.

      Кеден органының кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді табыс ету туралы шешімінде кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді табыс ету мерзімдері, төлеуге қатысты кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсынылатын кедендік әкелу баждардың сомасы және тауарларды шығару кезінде осы шешімді қолдану үшін қажетті өзге де мәліметтер көрсетіледі.

      Кеден органы кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдаған кезде кедендік әкелу баждарының сомаларын кезең-кезеңмен төлеу кестесі де бекітіледі.

      Көрсетілген шешімді қабылдау және жою тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      6. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсынылмайтын жағдайлар белгіленуі мүмкін.

60-бап. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін берілетін пайыздар

      1. Осы Кодекстің 59-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес ұсынылған кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді пайдаланудың әрбір күні үшін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару күнінен кейінгі күннен бастап, кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттемелерін тоқтату күнін қоса алғанда, пайыздар төлеуге жатады.

      2. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін және пайыздарды есептеуге қолданылатын қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен (негізгі мөлшерлеме, есепке aлy мөлшерлемесі) 1/360 мөлшерінде төлеуге жатады. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздарды есептеу үшін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді іс жүзінде пайдаланудың тиісті кезеңдерінде қолданылатын қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (негізгі мөлшерлеме, есепке алу мөлшерлемесі) қолданылады.

      3. Кедендік әкелу баждарын кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар кедендік әкелу баждарын төлеу немесе өндіріп алу күнінен кейінгі күннен кешіктірмей төлеуге жатады.

      4. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздарды төлеу немесе өндіріп алу, сондай-ақ қайтарып алу (есепке алу) осы Кодексте көзделген тәртіпте кедендік әкелу баждарының сомаларын төлеуге немесе өндіріп алуға, сондай-ақ қайтаруға (есепке алуға) қатысты жүзеге асырылады.

61-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу тәртібі

      1. Кедендік баждар, салықтар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды және осы Кодекстің 38-бабына сәйкес халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын шығаруды не аумағында осы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында, 97-бабының 3-тармағында, 103-бабының 4-тармағында, 279-бабының 8-тармағында, 280-бабының 4-тармағында және 288-бабының 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталғанда не аумағында Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды дұрыс кедендік декларацияламай заңсыз өткізуді қоспағанда, Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған кеден органы тауарларды шығаруды жүргізетін мүше мемлекетте төленуге жатады.

      Осы Кодекстің 126-бабының 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты Евразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері бойынша есептелген, кедендік әкелу баждарының сомалары мен тауарларды шығару кезінде төленген кедендік әкелу баждары сомасының айырмашылығы мөлшерінде не Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда немесе Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында белгіленген өзге де мөлшерде, мүше мемлекеттен айрықша мүше мемлекетте төленетін өзге мөлшерде, егер бұл Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделсе, кеден органы тауарлар шығаруды жүргізетін мүше мемлекетте төленуі мүмкін.

      2. Осы Кодекстің 153-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларына қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, егер осы баптың екінші абзацында және осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, кеден органы тауарларды шығаруды жүргізетін мүше мемлекетте төленуге жатады.

      Осы Кодекстің 153-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған халықаралық пошта жөнелтімдеріне қатысты кедендік әкелу баждар, салықтар межелі кеден органы орналасқан мүше мемлекетте төленуге жатады.

      3. Егер осы тармаққа сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарлары, кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізген мүше мемлекетке қарағанда, өзге мүше мемлекеттің аумағында орналасқаны анықталған (расталған) жағдайда, мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждары, салықтары аумағында осындай тауарлар орналасқан мүше мемлекетте төленуге жатады.

      Егер кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізген мүше мемлекетке қарағанда, өзге мүше мемлекеттің аумағында орналасқанын анықтамаса (растамаса), бірақ осы тармаққа сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына әкетілгені анықталса (расталса), онда егер мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждары, салықтары аумағына әкелінуі анықталған (расталған) мүше мемлекетте төленуге жатады.

      Тауарлардың мүше мемлекеттің аумағында болуы немесе олардың кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізбеген мүше мемлекеттің аумағына әкелінуі кедендік бақылау жүргізу барысында алынған және (немесе) осындай кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша жасалған құжаттардың негізінде, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу (процесс), қылмыстық істер бойынша тергеулер не жүргізілуі (өткізілуі) мүше мемлекеттердің кедендік немесе өзге мемлекеттік органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын тексеру барысында анықталады (расталады).

      Осы тармақтың қолданылуы мақсатында кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізбеген мүше мемлекеттің аумағында тауарлардың болуын немесе олардың осы мүше мемлекеттің аумағына әкелінуін анықтауды (растауды) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізген мүше мемлекеттің кеден органынының мойындауы тиіс.

      Кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізбеген мүше мемлекеттің аумағында шетелдік тауарлардың болуын анықтау (растау) кезіндегі мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара іс-қимыл тәртібін немесе оларды осы мүше мемлекеттің аумағына әкелу тәртібін Комиссия айқындайды.

      4. Осы Кодекстің 309-бабының 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған Одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждары кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізген мүше мемлекетте төленуге жатады.

      5. Кедендік әкелу баждары, егер Одақ туралы шартта өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің валютасында төленеді.

      Егер Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда, мүше мемлекеттердің екіжақты халықаралық шарттарында және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кедендік әкету баждары, салықтар кедендік әкету баждары, салықтар төленуге жататын мүше мемлекеттің валютасында төленеді.

      6. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу нысандары мен тәсілдері, сондай-ақ оларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау кезі (төлеу күні) кедендік баждар, салықтар төленуге жататын мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.

      7. Кедендік әкелу баждары Одақ туралы шартқа сәйкес айқындалатын шоттарға төленеді.

      Егер Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) мүше мемлекеттердің екіжақты халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, осы бапқа сәйкес осындай кедендік әкету баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған шоттарға төленеді.

      Салықтар осы бапқа сәйкес салықтар төленуге жататын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған шоттарға төленеді.

      8. Кедендік әкету баждарын төлеу ерекшеліктері Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен және (немесе) мүше мемлекеттердің екіжақты халықаралық шарттарымен белгіленуі мүмкін.

      9. Төлеушінің шотында тапсырманы орындау үшін жеткілікті ақшалай қаражат (ақша) болған кезде, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында оны орындаудың өзге мерзімі белгіленбесе, банк кедендік баждардың, салықтардың сомаларын аударуға төлеушінің тапсырмасын орындауды кідіртуге құқығы жоқ және оны 1 операциялық күн ішінде орындауға міндетті.

9-тарау

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету

62-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің жалпы шарттары

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау, егер көрсетілген баптарға сәйкес өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 58, 120 - 122, 143, 177 және 304-баптарында көзделген жағдайларда қамтамасыз етіледі.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау қамтамасыз етілгенде өзге жағдайлар белгіленуі мүмкін.

      2. Осы Кодекске сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету берілмейтін жағдайлар анықталған кезде, мүше мемлекеттердің осындай заңнамасында олар сақталған кезде, мұндай қамтамасыз ету берілмейтін кездегі тәртіп пен шарттары айқындалуы мүмкін.

      3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды кедендік баждарды, салықтарды төлеуші не осы Кодексте белгіленген жағдайларда өзге тұлға қамтамасыз етеді.

      Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты, төлеуші үшін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды экспедитор және (немесе), егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, өзге тұлға оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау қамтамасыз етілетін тауарларды иеленуге, пайдалануға және (немесе) билік етуге құқылы болса, өзге тұлға қамтамасыз етуі мүмкін.

      Кеден өкілі, егер осы Кодекстің 405-бабына сәйкес кеден өкілі кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі ортақ міндетті алған жағдайда, осы тарауға сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге құқылы. Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды кеден өкілі қамтамасыз еткен жағдайда, осы Кодекске сәйкес көзделген кедендік баждар, салықтар орындалуы тиіс мән-жайлар басталған кезде, осындай кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 405-бабының 4 және 5-тармақтарының ережелеріне қарамастан, ол ұсынатын тұлғамен бірге кеден өкілі орындайды.

      4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету, осы Кодекстің 146-бабында көрсетілген жағдайларды, сондай-ақ кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету өзге кеден органына берілуі мүмкін болатын кездегі жағдайларды қоспағанда, тауарларды шығаруды жүргізетін кеден органына беріледі.

63-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдері

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау:

      1) ақшалай қаражат (ақша);

      2) банк кепілдігі;

      3) кепілгерлік ;

      4) мүлікті кепілге беру тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.

      2. Мүше мемлекеттердің заңнамасында осы баптың 1-тармағында көрсетілгеннен басқа кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің өзге тәсілдері белгіленуі мүмкін.

      3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау осы баптың 1-тармағында көрсетілген не осы баптың 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген кез келген тәсілдердің бірімен қамтамасыз етіледі.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау кезінде, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің белгілі бір тәсілдерімен қамтамасыз ету жағдайы белгіленуі мүмкін.

      Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау осы тармақтың екінші абзацы ескеріле отырып, осы Кодекстің 62-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың таңдауы бойынша бірнеше тәсілдермен қамтамасыз етілуі мүмкін.

      Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін тұлға кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін осы тармақтың екінші абзацын ескере отырып, егер ауыстырылатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес өндіріп алу қолданылмаса, басқа тәсілмен өткізуді жүзеге асыруға құқылы.

      4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылғанға дейін үздіксіз қамтамасыз етілуі тиіс.

      5. Осы баптың 1-тармағының 2 және 4-тармақшаларында көрсетілген не осы баптың 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәсілдермен ұсынылатын, оның ішінде бұрын кеден органы қабылдағанның орнына ұсынылатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі кеден органының осы міндеттемелер шеңберінде қабылданған тәсілдерді орындау туралы талаптарды, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз еткен тұлғаға уақтылы жолдауы үшін жеткілікті болуы тиіс.

      6. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану тәртібі, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді табыс ету күні, сондай-ақ осындай қамтамасыз ету ұсынылатын валюта кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ұсынылатын мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.

      Кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану ерекшеліктері осы Кодекстің 146-бабының 8-тармағында көзделген Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен айқындалуы мүмкін.

      7. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді осы баптың 1-тармағының 2 және 4-тармақшаларында көрсетілген не осы баптың 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәсілмен табыс етуді растайтын құжаттарды қайтару тәртібі мен жағдайлары белгіленуі мүмкін.

64-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету

      1. Егер бір тұлға белгілі бір уақыт кезеңінде бірнеше кедендік операция жасаған жағдайда, барлық осындай кедендік операцияларды жасау кезінде туындайтын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету берілуі мүмкін.

      2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету, егер:

      1) барлық кедендік операциялар кеден органына бас қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттердің аумағында жасалса;

      2) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде кедендік операциялар бірнеше мүше мемлекеттердің аумағында жасалса қолданылуы мүмкін.

      3. Кеден органдары, егер осындай бас қамтамасыз ету есебінен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау осындай бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етілетін, кедендік баждарды, салықтарды осы Кодекстің 69-бабына сәйкес өндіріп алуды жүзеге асыратын кез-келген кеден органы өндіріп алуы мүмкін, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз етуді қабылдайды.

      4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібі, егер барлық кедендік операциялар кеден органына бас қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттің аумағында жасалса, осы мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.

      Осындай тәртіп белгіленген кезде мүше мемлекеттің заңнамасында оларды төлеу жөніндегі міндетті орындауды осындай бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың жиынтық мөлшері осындай бас қамтамасыз ету мөлшерінен асатын және мұндай асып түсу шектерінен асатын жағдайлар мен шарттар белгіленуі мүмкін.

      5. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібі, егер кедендік операциялар бірнеше мүше мемлекеттердің аумағында тауарды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасу (тасымалдау) кезінде жасалса, осы Кодекстің 146 және 147-баптарына сәйкес айқындалады.

65-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау

      1. Осы Кодекстің осы бабына, 146-бабына және 287-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды өзге мөлшерде қамтамасыз етілетін жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мөлшері тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе тиісінше, кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді, кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі салықтар мен жеңілдіктерді қолданбай, кеден органы тауарларды шығаруды жүргізетін мүше мемлекетте экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуі тиіс болатын кедендік баждардың, салықтардың сомасы негізге алына отырып, айқындалады.

      2. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің мөлшеріне кеден органдарының тауарды шығаруға байланысты кедендік операциялар жасағаны үшін төлеуге жататын кедендік алымдар сомаларын енгізу көзделуі мүмкін.

      3. Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мөлшерін айқындау кезінде тауарлар (сипаттамасы, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты ақпарат болмауға байланысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын соманы нақты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, кедендік баждардың, салықтардың мұндай сомасы тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай мәніндегі физикалық сипаттамаларына (саны, салмағы, көлемі немесе басқа сипаттамалары), пайдалану тәртібін Комиссия айқындайтын қолда бар мәліметтердің негізінде айқындалуы мүмкін кедендік баждар, салықтар мөлшерлемесінің ең үлкен шамасына негізделе отырып, айқындалады.

      4. Осы Кодекстің 121 және 122-баптарында көзделген ерекшеліктері бар тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мөлшері осы баптың 3 және 5-тармақтары ескеріле отырып, кедендік бақылау, кедендік сараптама нәтижелері бойынша қосымша төленуге жатуы мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасы ретінде айқындалады.

      5. Осы Кодекстің 121-бабында көзделген ерекшеліктері бар тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің мөлшерін анықтау үшін тауардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізген жағдайда, атап айтқанда:

      1) кеден органының билігіндегі класы немесе түрі бірдей тауардың құны туралы ақпарат;

      2) егер кеден органының олардың негізділігіне күдігі болса, мәлімделген шегерімдер мен арзандатуларды ескермегенде, тауардың кедендік құны;

      3) егер кеден органының мәлімделген қосымша төлемдердің негізділігіне күдігі болса, нақты төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша төлемнің ықтимал шамасын ескере отырып, тауардың кедендік құны пайдаланылуы мүмкін.

      6. Осы Кодекстің 120-бабының 13-тармағының 3-тармақшасына сәйкес тауар декларациясы берілгенге дейін тауарды шығару шарты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді беру болып табылған жағдайда, кедендік баждар, салықтар сомасы осындай қамтамасыз ету мөлшерін анықтаған кезде тауар декларациясы берілгенге дейін тауарды шығару туралы өтініштегі және осы баптың 1 және 3-тармақтары ескеріле отырып, осы өтінішпен бірге берілетін құжаттардағы мәліметтерге сүйене отырып, айқындалады.

      Оларға сүйене отырып, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің мөлшері айқындалатын кедендік баждардың, салықтардың сомасын айқындау үшін тауар декларациясы берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш тіркелген күні қолданыстағы кедендік баждар, салықтар мөлшерлемесі қолданылады.

      Егер кедендік баждардың, салықтардың көрсетілген сомасын айқындау үшін шетел валютасын мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу талап етілген жағдайда, мұндай қайта есептеу тауар декларациясы берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш тіркелген күні қолданыстағы валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      7. Тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты мүше мемлекеттер заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің тіркелген мөлшерлері осы баптың 1 - 3-тармақтарында көзделген талаптар ескеріле отырып, ал кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты - осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағында көзделген талаптар ескеріле отырып, белгіленуі мүмкін.

10-тарау

Кедендік баждар, салықтар сомаларын және өзге де ақшалай қаражатты (ақшаны) қайтару (есепке жатқызу)

66-бап. Артық төленген немесе артық өндіріліп алынған кедендік баждар, салықтар

      Артық төленген немесе артық өндіріліп алынған кедендік баждар, салықтар кедендік баждар, салықтар ретінде төленген немесе өндіріліп алынған, мөлшері осы Кодекске және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерінен асатын және нақты тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың нақты түрінде және сомаларында идентификатталған ақшалай қаражат (ақша) болып табылады.

67-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде төленген кедендік баждардың, салықтардың, аванстық төлемдердің сомаларын, ақшалай қаражат (ақша) сомаларын, сондай-ақ өзге де ақшалай қаражат (ақша) сомаларын қайтару (есепке жатқызу)

      1. Осы тарауға сәйкес кедендік баждардың, салықтардың сомалары:

      1) кедендік баждар, салықтар осы Кодекстің 66-бабына сәйкес артық төленген немесе артық өндіріліп алынған кедендік баждар, салықтар болып табылған;

      2) Одақ туралы шартқа сәйкес айқындалған шоттарға төленген кедендік әкелу баждары нақты тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының сомалары ретінде идентификатталмаған;

      3) мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған шоттарға төленген кедендік әкету баждары, салықтар нақты тауарларға қатысты кедендік әкету баждарының, салықтардың сомалары ретінде идентификатталмаған;

      4) егер осы тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет бұрын орындалған болса, кедендік әкелу баждары, салықтары уақытша әкелу (кіруге рұқсат) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылған кездегі кезеңде төленген жағдайды қоспағанда, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарлар тәркіленген немесе мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырылған;

      5) егер кедендік декларация не тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш тіркелген кезде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет бұрын орындалған болса, мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылған;

      6) егер кедендік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет бұрын орындалған болса, осы Кодекстің 113-бабына сәйкес кедендік декларация кері қайтарылып алынған және (немесе) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарларды шығарудың күші жойылған;

      7) осы Кодекстің 237 және 242-баптарында көзделген жағдайларда;

      8) осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген кедендік декларациялау ерекшеліктерін қолдануға байланысты мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда;

      9) осы Кодексте және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

      2. Артық төленген және (немесе) артық өндіріліп алынған кедендік баждардың, салықтардың сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) тауар декларациясында мәлімделген есептелген кедендік баждар, салықтар туралы мәліметтерге белгіленген тәртіпте өзгерістер (толықтырулар) енгізілген не кедендік кіріс ордерінде не Комиссия осы Кодекстің 266-бабының 24-тармағына сәйкес айқындаған өзге де кедендік құжаттағы немесе осы Кодекстің 52-бабының 4-тармағында немесе 277-бабының 4-тармағының екінші абзацында көрсетілген кедендік құжаттардағы есептелген кедендік төлемдер туралы мәліметтерге белгіленген тәртіпте түзету енгізілген жағдайда және кедендік баждарды, салықтарды төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген артық төленген және (немесе) артық өндіріліп алынған кедендік баждардың, салықтардың сомаларын қайтару (есепке жатқызу) үшін өзге де шарттар сақталған кезде кеден органы жүзеге асырады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 4 - 9-тармақшаларында көрсетілген жағдайларда кедендік баждардың, салықтардың сомаларын қайтару (есепке жатқызу) кеден органына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін тәртіпте кедендік баждардың, салықтардың сомаларын қайтаруға (есепке жатқызуға) әкеп соқтыратын мән-жайдың басталуын растаған кезде және кедендік баждарды, салықтарды төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленетін кедендік баждардың, салықтардың сомаларын қайтару (есепке жатқызу) үшін өзге де шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

      4. Кедендік әкелу баждарының сомаларын қайтару (есепке жатқызу) Одақ туралы шарттың ережелері ескеріле отырып, осындай кедендік әкелу баждарын төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

      5. Егер Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) мүше мемлекеттердің екіжақты халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, кедендік әкету баждарының сомаларын қайтару (есепке жатқызу) осындай кедендік әкету баждарын төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленетін тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

      6. Салықтардың сомаларын қайтару (есепке жатқызу) осындай салықтарды төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленетін тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

      7. Аванстық төлемдердің, өзге де ақшалай қаражаттың (ақша) сомаларын қайтару (есепке жатқызу) осындай аванстық төлемдер, өзге ақшалай қаражат төлеу жүргізілген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленетін тәртіппен және мерзімде, жағдайларда жүзеге асырылады.

      8. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшалай қаражат (ақша) сомасын қайтаруды (есепке жатқызуды) осындай қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттің кеден органы осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленетін тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.

      9. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшалай қаражат (ақша) сомаларын қайтару (есепке жатқызу):

      1) орындалуы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшалай қаражатпен (ақшамен) қамтамасыз етілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет толық көлемде орындалған, тоқтатылған не туындамаған;

      2) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшалай қаражаттың (ақшаның) орнына кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді басқа тәсілмен орындауды қамтамасыз ету берілген жағдайларда жүзеге асырылады.

      10. Төлеушінің белгіленген мерзімде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарын, пайыздарын төлеу жөніндегі орындалмаған (толықтай немесе ішінара) міндеттері бар болса, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген кедендік баждардың, салықтардың, аванстық төлемдердің, ақшалай қаражаттың (ақшаның) сомаларын қайтару, сондай-ақ осындай орындалмаған міндеттер мөлшерінде өзге де ақшалай қаражатты (ақшаны) қайтару жүзеге асырылмайды.

      Мүше мемлекеттің заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген, сондай-ақ басқа да ақшалай қаражатты (ақшаны) кедендік баждардың, салықтардың, аванстық төлемдердің, ақшалай қаражаттың (ақшаның) сомаларын есепке жатқызу төлеушінің кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды, осындай кедендік баждарды, салықтарды, аванстық төлемдерді, ақшалай қаражатты (ақшаны) көрсетілген міндетті орындау есебіне есепке жатқызуды қоспағанда, төлеу жөніндегі міндеттерді белгіленген мерзімде (толық немесе ішінара) орындамағаны бар болса, жүргізілмейтіні белгіленуі мүмкін.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген кедендік баждардың, салықтардың, аванстық төлемдердің, ақшалай қаражаттың (ақшаның) сомаларын қайтару (есепке жатқызу), сондай-ақ өзге де ақшалай қаражатты (ақшаны) қайтару жүргізілмейтін өзге де жағдайлар белгіленуі мүмкін.

11-тарау

Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу

68-бап. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу туралы жалпы ережелер

      1. Осы Кодекстің 55-бабының 7-тармағында көрсетілген жағдайларда, кеден органы осы тарауға сәйкес кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу жөніндегі шараларды қабылдайды.

      2. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу жөніндегі шараларына төлеушінің ақшалай қаражаты (ақшасы) және (немесе) өзге де мүлігі есебінен кедендік баждарды, салықтарды, оның ішінде осы Кодекстің 67 және 76-баптарына сәйкес қайтаруға жататын кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомалары және (немесе) аванстық төлемдер есебінен, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету, кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерін орындауын қамтамасыз ету, егер осы Кодексте және (немесе) Одақ туралы шартта өзгеше белгіленбесе, уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу жатады.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шараларға қосымша, мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша өндіріп алуды оларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленбеген тауарларға айналдыру сияқты шара және кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу жөніндегі өзге де шаралар белгіленуі мүмкін.

      Өндіріп алуды оларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленбеген тауарларға айналдыру осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті тоқтатады.

      4. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу жөніндегі шаралар:

      1) кеден органы төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу мерзімі өтіп кеткен;

      2) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет кедендік баждардың, салықтардың төленуіне байланысты не осы Кодекстің 54-бабының 2-тармағында көзделген өзге де жағдайларға байланысты тоқтатылған;

      3) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы баптың 3-тармағына сәйкес белгіленген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу жөніндегі шара қолданылуына байланысты тоқтатылған;

      4) өндіріп алынуы мүмкін болмаған кедендік баждардың, салықтардың сомалары, кеден органы осы сомаларды өндіріп алуды жүзеге асырған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған;

      5) кедендік әкелу баждарына қатысты Комиссия айқындайтын өзге де жағдайларда;

      6) кедендік әкету баждарына, салықтарға қатысты мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін өзге де жағдайларда қолданылмайды.

      5. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу жөніндегі шаралар қылмыс туралы хабарды тексеру барысында алынған немесе тыйым салынған, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік іс жүргізу) туралы іс бойынша оларға қатысты қайтару туралы шешім қабылданған және осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларға, осындай тауарларды қайтару туралы шешім қабылданғанға дейін туындаған кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты, осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген шешімдердің біреуі күшіне енетін күннен бастап осындай тауарларды уақытша сақтауға орналастырған немесе оларды кедендік рәсімдердің біріне орналастырған күнге дейінгі мерзім ішінде қабылданбайды.

      6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп aлy жөніндегі шаралар кеден органы кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қабылданады.

69-бап. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы

      1. Кедендік баждарды, салықтарды тауарларды шығару жүргізілген кеден органы немесе осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасымен айқындалатын тауарларды шығару жүргізілген өзге де кеден органы өндіріп алады.

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты, Одақтың кедендік шекарасы арқылы дұрыс емес кедендік декларациялаумен өткізілген тауарларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды аумағында Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды осындай заңсыз өткізу фактісі анықталған мүше мемлекеттің кеден органы өндіріп алады.

      Осы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында, 97-бабының 3-тармағында, 103-бабының 4-тармағында, 279-бабының 8-тармағында, 280-бабының 4-тармағында және 288-бабының 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде кедендік баждарды, салықтарды аумағында осындай мән-жайлар анықталған мүше мемлекеттің кеден органы өндіріп алады.

      2. Осы Кодекстің 2-тармағының екінші абзацында және 61-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды, егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 2-тармағының екінші абзацына және 61-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын мүше мемлекеттің кеден органы өндіріп алады.

      3. Егер кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасыған (тасымалдаған) кездегі жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету берілсе, онда осы Кодекстің 153-бабының 5-тармағында және 309-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлар басталған кезде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды кеден органына кедендік баждарды, салықтарды осындай қамтамасыз ету есебінен төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын кеден органы өндіріп алады.

      Егер кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдаған (тасыған) кезде осындай тауарлардың декларанты ретінде уәкілетті экономикалық оператор немесе кедендік тасымалдаушы болса, онда осы Кодекстің 153-бабының 5-тармағында және 309-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлар басталған кезде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың декларанты болатын, уәкілетті экономикалық операторлар тізбесіне не кедендік тасымалдаушы тізбесіне кіретін кеден органы өндіріп алады.

      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес кеден органдарының кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алған кезде және кедендік баждардың, салықтардың өндіріп алынған сомаларын кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын мүше мемлекетке аударған кезде өзара іс-қимылы осы Кодекске №1 қосымшада көзделген тәртіпте, көрсетілген қосымшамен реттелмейтін бөлігінде - Комиссия айқындайтын тәртіпте жүзеге асырылады.

70-бап. Кедендік төлемдердің, өсімпұлдардың, пайыздардың сомаларын өндіріп алуға үмітсіз деп тану және оларды есептен шығару

      Өндіріп алынуы мүмкін емес болып шыққан кедендік төлемдер, өсімпұлдар, пайыздар сомалары өндіріп алу бойынша үмітсіз деп танылады және кеден органы осы сомаларды өндіріп алуды жүзеге асырған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және негізде есептен шығарылады.

12-тарау

Ішкі нарықты қорғау мақсатында қолданылатын арнайы, демпингке қарсы, өтем және өзге де баждар

71-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем және өзге де баждарды ішкі нарықты қорғау мақсатында қолдану

      1. Одақта арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары түрінде ішкі нарықты қорғау шаралары енгізілген кезде, мұндай баждар осы Кодексте белгіленген тәртіппен төленуге жатады.

      Квота енгізу арқылы арнайы қорғау шаралары белгіленген тауарлар осындай квотадан тыс не осындай квотадан артық көлемде әкелінген жағдайда, Одақта ішкі нарықты қорғау шаралары енгізілген кезде арнайы баж осы Кодексте белгіленген тәртіппен төленуге жатады.

      Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес Одақта баж түрінде ішкі нарықты қорғау шаралары енгізілген кезде, мұндай баждар егер Комиссия өзгеше айқындамаса, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтар төлеуші болып табылатын тұлғалар төлеу үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен төленуге жатады.

      2. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеушілер декларант немесе арнайы, демпингке қарсы немесе өтема баждар, арнайы квота енгізу жолымен ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылатын тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеті туындаған өзге де тұлғалар болып табылады.

      3. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу және төлеу, осы тарауда және Одақ туралы шартта көзделген ерекшеліктерін ескере отырып, кедендік әкелу баждарын есептеу және төлеу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Осы тараудың ережелері Одақтың кеден шекарасына әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.

72-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің туындауы және тоқтатылуы. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленбейтін жағдайлар

      1. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 5-тармағына, осы Кодекстің 91, 97, 103, 136, 137, 153, 162, 174, 198, 208, 216, 225, 241, 247, 279, 284 және 295-баптарына сәйкес, сондай-ақ Кодекстің 254-бабына сәйкес Комиссия және Комиссияда көзделген жағдайларда мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған мән-жайлар басталған кезде туындайды.

      2. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттер:

      1) осы Кодекстің 91, 97, 103, 136, 137, 153, 162, 174, 198, 208, 216, 225, 241, 247, 279, 284 және 295-баптарында көзделген мән-жайлар басталған және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтатуға байланысты шарттар сақталған кезде;

      2) осы баптың 5-тармағына сәйкес;

      3) осы Кодекстің 254-бабына сәйкес Комиссия және Комиссияда көзделген жағдайларда мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған мән-жайлар басталған кезде;

      4) осы Кодекстің 73-бабының 4-тармағында және 77-бабының 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайларда;

      5) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алу жөніндегі шаралар осы Кодекстің 77-бабының 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомаларына қатысты қабылданбаған жағдайда тоқтатылады.

      3. Комиссия арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет бір тауарға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет әртүрлі тұлғаларда, әртүрлі мән-жайларда және (немесе) бірнеше рет туындаған жағдайларда, оның ішінде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет бір мүше мемлекетте туындаған, ал арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет өзге мүше мемлекетте туындаған мән-жайларда тоқтатылатын мән-жайларды айқындауға, сондай-ақ кеден органдарының осындай мән-жайлардың басталуын растау бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы.

      4. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар:

      1) орналастыру шарттары арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеуді көздемейтін, осындай кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғанға немесе тоқтатылғанға дейін және осы тауарлардың осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде, кедендік рәсімге орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты;

      2) Осы Кодекстің 272-бабының 4-тармағына және 281-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік рәсімге орналастыруға жатпайтын тауарлардың, осы Кодекспен осы тауарлар санаттарына белгіленген пайдалану шарттарын сақтаған кезде, жекелеген тауарлар санатына қатысты төленбейді.

      5. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізген кезде төлеу жөніндегі міндет кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы, тоқтатылуы мен орындалуы үшін, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 56-бабында белгіленген мән-жайлар басталған кезде туындайды, тоқтатылады және орындауға жатады.

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізген кезде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар тауарларды ішкі тұтынуға шығару кедендік рәсіміне орналастырылған сияқты мөлшерде төлеуге жатады.

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізген кезде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес есептеледі.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды есептеу үшін тауар Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күнге қолданылатын, ал егер ол күн анықталмаса - Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған күнге қолданылатын арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер тауардың кедендік құнын анықтау үшін, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды есептеу үшін шетел валютасын мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу талап етілген жағдайда, мұндай қайта есептеу тауардың Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күнге қолданылатын, ал егер бұл күн анықталмаса - Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі айқындалған күнге қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      Егер кеден органында тауар туралы дұрыс ақпарат (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) болмаса, төлеуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды есептеуге арналған база кеден органындағы қолда бар мәліметтің негізінде айқындалады, ал тауарлар сыныптамасы осы Кодекстің 20-бабының 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

      Егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес белгілер саны 10-нан кем топтастыру деңгейінде айқындалған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды есептеу үшін осындай топтастыруға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың ең үлкен мөлшерлемесі қолданылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осы Кодекстің 4-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жеріне және (немесе) көрсетілген баждарды анықтау үшін қажет өзге де мәліметтерге сүйене отырып, есептеледі. Егер тауардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды анықтауға өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, егер тауар сыныптамасы 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының сол кодындағы тауарларға не егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар кодтары белгісінің саны 10-нан аз топтастыру деңгейінде анықталған топтамаға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың ең үлкен мөлшерлемесіне сүйене отырып, есептеледі.

      Кейін тауарлар туралы дәл мәліметтер анықталған кезде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осындай дәл мәліметтерге сүйене отырып есептеледі және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың артық төленген және (немесе) артық өндірілген сомаларын қайтару (есепке жатқызу) не осы Кодекстің 76 және 77-баптарына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп aлy жүзеге асырылады.

      6. Осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарлар тәркіленген немесе мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырылған, осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдары ұстап алған, уақытша сақтауға орналастырлған, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттер орындалғаннан және (немесе) оларды өндіріп алғаннан (толық немесе ішінара) кейін тауарларды кедендік рәсімдерге орналастырған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріліп алынған арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осы Кодекстің 76-бабына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

      7. Осы баптың 5-тармағының ережелері Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды кедендік дұрыс декларациялаусыз заңсыз өткізген кезде қолданылмайды.

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды кедендік дұрыс декларациялаусыз заңсыз өткізген кезде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осы Кодекске сәйкес есептеледі. Бұл ретте, тауарларды кедендік декларациялау кезінде іс жүзінде төленген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар қайтадан төленбейді (өндіріліп алынбайды), ал арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың артық төленген және (немесе) артық өндіріліп алынған сомалары осы Кодекске сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

73-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау

      1. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндетті осы Кодекске сәйкес төлеуші арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі ортақ міндет алатын немесе, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе - арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі субсидиарлық міндет алатын тұлғалар орындайды.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында өзге де тұлғалардың арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау мүмкіндігі белгіленуі мүмкін.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндетті осы Кодекстің 405-бабын ескере отырып, кеден өкілі орындайды.

      2. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет оларды осы Кодекстің 74-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде, осы Кодекске сәйкес есептелген және төлеуге жататын сома мөлшерінде төлеу жолымен орындалады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндетті орындау ерекшеліктері ұйым таратылған, жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған, ұйым қайта құрылған кезде мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

      Егер мүше мемлекеттің заңнамасында төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар түрінде келтірілген залалды өтеу жолымен арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндетті орындау мүмкіндігі белгіленсе, мұндай міндетті орындау ерекшелігі осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.

      3. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, кеден органы мүше мемлекеттер заңнамасында белгіленетін тәртіппен және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеушіге, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес төлеушімен бірге арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі ортақ міндет алатын немесе, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе - арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі субсидиарлық міндет алатын тұлғаларға белгіленген мерзімде, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгіленген мерзімде және осы баптың 5-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомалары туралы хабарлама жібереді.

      Аталған хабарламаның нысаны, мұндай хабарламада көзделген талаптардың орындалу тәртібі мен мерзімі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осы Кодекстің 74-бабының 7-тармағына сәйкес бір мүше мемлекетте төлеуге жататын, ал арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алуды осы Кодекстің 77-бабының 5-тармағына сәйкес басқа мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын жағдайларда, аталған хабарламаны арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алуды жүзеге асырған кеден органы арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алуға қажетті құжаттарды алғаннан кейін осы Кодекске № 1 қосымшада көзделген тәртіпте жібереді.

      4. Кеден органы:

      1) тауарларды шығарғаннан кейін, ал тауарға декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген тауарларға қатысты - электрондық құжатты жібергеннен кейін не осы Кодекстің 120-бабының 17-тармағымен көзделген тиісті белгілерді қойғаннан кейін, тауарға бір декларация осы Кодекске сәйкес кедендік төлемдерді, баждарды есептеу үшін валюта бағамы қолданылған күнге қолданыстағы валюта бағамы бойынша жиынтығында 5 еуроға баламалы сомадан аспайтын мөлшердегі кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлемеу фактісі анықталған жағдайларда;

      2) кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды осы Кодекстің 52-бабының 4-тармағында көрсетілген кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар бір есептемеде есептелген, осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін валюта бағамы қолданылған күнге қолданыстағы валюта бағамы бойынша жиынтығында 5 еуроға баламалы сомадан аспайтын мөлшердегі кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың төленбеу фактісі анықталған жағдайларда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарламаны жібермейді.

      5. Мүше мемлекеттердің заңнамасында осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарлама жіберілмейтін кезде, осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларға қарағанда, өзге жағдайлар белгіленуі мүмкін.

      6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылады.

      7. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттер осы баптың 3-тармағына сәйкес жіберілген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес мұндай хабарлама жіберілмейтін кезде мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы осы Кодекстің 77-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп aлy бойынша шараларды қабылдайды.

      8. Комиссия бір тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет әртүрлі тұлғаларда, түрлі мән-жайларда және (немесе) бірнеше рет туындаған кездегі жағдайларда арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалу ерекшеліктерін анықтауға құқылы.

74-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеудің мерзімдері мен тәртібі

      1. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу мерзімдері, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеудің өзге мерзімі осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, осы баптың 2-тармағына, осы Кодекстің 91, 97, 103, 136, 137, 153, 162, 174, 198, 208, 216, 225, 241, 247, 279, 284 және 295-баптарына сәйкес айқындалады.

      2. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізген кезде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осы Кодекстің 56-бабында кедендік әкелу баждарын төлеу үшін белгіленген мерзімдерде төленуге жатады.

      Арнайы кедендік рәсімге орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу мерзімдері осы Кодекстің 254-бабына сәйкес Комиссия және Комиссияда көзделген жағдайларда мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.

      3. Демпингке қарсы немесе өтем баждар қолданылған кезде Арнайы қорғаныс, демпингке қарсы және өтемдік шараларды үшінші елдерге қатысты қолдану туралы хаттаманың (Одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 104 және 169-тармақтарына сәйкес демпингке қарсы, өтем баждар Комиссияның демпингке қарсы немесе өтемдік шараларды қолдану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірілмей төленуге жатады.

      4. Кедендік декларациялау ерекшеліктері осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу мерзімдері мүше мемлекеттердің заңнамаларымен белгіленеді.

      5. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінгі қалдыру немесе бөліп төлеу нысанында жүргізілмейді.

      6. Осы Кодекспен белгіленген мерзімде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндетті орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде өсімпұл төленеді.

      Өсімпұлдарды есептеу, төлеу, өндіріп aлy мен қайтарып алу осы баптың 7-тармағына сәйкес төленуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекетте жүргізіледі.

      Өсімпұлдар арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы осы Кодекстің 72-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған тәртіпте арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайлар басталғанын растауды алған жағдайда төленбейді.

      7. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осы Кодекстің 61-бабына сәйкес төленуге жататын кедендік баждар, салықтар мүше мемлекетте төленуге жатады.

      8. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар Одақ туралы шартта өзгеше белгіленбесе, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар төленуге жататын мүше мемлекеттің валютасында төленеді.

      9. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар Одақ туралы шартта айқындалған шоттарға төленеді.

      10. Одақ туралы шартта көзделген жағдайларда, алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтем баждардың төленген және (немесе) өндіріліп алынған сомалары, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрін өндіріп алу үшін белгіленген тәртіпте төленген демпингке қарсы, өтем баждар сомалары арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарға есепке жатқызуға және Одақ туралы шартта белгіленген тәртіпте мүше мемлекеттер арасында бөлу үшін Одақ туралы шартта айқындалған шоттарға есепке жатқызуға жатады.

      11. Осы Кодекске сәйкес, егер осы сомаларға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру берілген сияқты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомаларынан пайыздар төленуге жататын жағдайларда, мұндай пайыздар кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есептеу мен төлеу үшін осы Кодекстің 60-бабында белгіленген тәртіпте есептеледі және төленеді.

75-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету

      1. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау осы Кодекстің 120 - 122-баптарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер көрсетілген баптарға сәйкес өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда қамтамасыз етіледі.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін осы Кодексте көзделген тәсілдермен және тәртіпте қамтамасыз етіледі.

      2. Осы Кодекске сәйкес мүше мемлекеттер заңнамасында арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету берілмеген жағдайлар анықталған кезде, мүше мемлекеттердің мұндай заңнамасында, олар сақталған кезде мұндай қамтамасыз ету берілмейтін тәртіп пен шарттар айқындалуы мүмкін.

      3. Одақта Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес баждар түрінде ішкі нарықты қорғау шараларын енгізген кезде, мұндай баждарды төлеу жөніндегі міндетті орындау кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін осы Кодексте көзделген тәсілдермен және тәртіппен, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету осы Кодексте көзделген жағдайларда, қамтамасыз етіледі.

      4. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің мөлшері тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік рәсіміне орналастыру кезінде, осы бапқа сәйкес, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау өзге мөлшерде қамтамасыз етілетін жағдайларды қоспағанда, төлеуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомаларына сүйене отырып, айқындалады.

      Егер арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мөлшерін айқындаған кезде тауар туралы нақты ақпарат (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) болмағандықтан, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеуге жататын соманы анықтау мүмкін болмаған жағдайларда, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың мұндай сомасы тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай мәніндегі (саны, салмағы, көлемі немесе өзге сипаттары) физикалық сипаттарына сүйене отырып, пайдалану тәртібін Комиссия айқындайтын қолданыстағы мәліметтер негізінде айқындалуы мүмкін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар мөлшерлемесінің ең үлкен шамасымен айқындалады.

      5. Осы Кодекстің 121 және 122-баптарымен көзделген ерекшеліктері бар тауарларды шығару кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мөлшері кедендік бақылау, кедендік сараптама нәтижелері бойынша осы баптың 4-тармағының екінші абзацы және 6-тармағы ескеріле отырып, қосымша төленуге жатуы мүмкін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомасы ретінде айқындалады.

      6. Осы Кодекстің 121-бабымен көзделген ерекшеліктері бар тауарларды шығару кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мөлшерін анықтау үшін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізілген жағдайда, атап айтқанда:

      1) бір сыныптағы немесе түрдегі тауарлардың құны туралы кеден органындағы қолда бар ақпарат;

      2) егер кеден органының олардың негізділігіне күмәні бар болса, мәлімделген шегерулер мен жеңілдіктер есепке алынбай тауарлардың кедендік құны;

      3) егер кеден органының мәлімделген қосымша есепке жатқызулардың негізділігіне күмәні бар болса, нақты төленген немесе төленуге жататын бағасына қосымша есепке жатқызулардың ықтимал шамалары ескеріле отырып, тауарлардың кедендік құны пайдаланылуы мүмкін.

      7. Тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Комиссия арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің бекітілген мөлшерлерін, осы баптың 4-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, белгілеуге құқылы.

      8. Одақ туралы шартта көзделген жағдайларда, демпингке қарсы баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету, кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін осы Кодексте айқындалған тәртіпте, Одақ туралы шартта белгіленген мөлшерлерде және тәсілдермен беріледі.

      Одақ туралы шартта көзделген мән-жайлар басталған кезде, демпингке қарсы баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету демпингке қарсы баждарды төлеу шотына есепке алуға және мүше мемлекеттер арасында бөлу үшін Одақ туралы шартта айқындалған шотқа Одақ туралы шартта белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде есепке алуға жатады.

      9. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды осы Кодекстің 62-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалар қамтамасыз етеді.

      Кеден өкілі осы тарауға сәйкес, егер осы Кодекстің 405-бабына сәйкес кеден өкілі арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеушімен бірге арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі ортақ міндет алатын жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге құқылы. Егер арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды кеден өкілі осы Кодекске сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет орындауға жататын кездегі көзделген мән-жайлар басталған кезде қамтамасыз еткен жағдайда, мұндай арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндетті кеден өкілі өзі ұсынған тұлғамен осы Кодекстің 405-бабының 5 және 6-тармақтарының ережелеріне қарамастан, бірлесіп орындайды.

      10. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін осы Кодекстің 64-бабында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін көзделген жағдайларда және тәртіппен арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету қолданылуы мүмкін.

76-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларын, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша қаражатын (ақшаны) қайтару (есепке жатқызу)

      1. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтем баждарының сомаларын, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін өндіріп алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларын қайтару (есепке жатқызу), осы Кодекстің 74-бабының 10-тармағына сәйкес оларды арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарына есепке жатқызуды қоспағанда, Одақ туралы шартпен айқындалған жағдайларда жүзеге асырылады. Көрсетілген соманы қайтару (есепке жатқызу) алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтем баждарын, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін өндіріп алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар ретінде төленген немесе өндіріліп алынған, нақты тауарларға қатысты және олардың мөлшері Одақ туралы шартқа сәйкес төленуге тиіс арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерінен асатын арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының нақты түрінде және сомалары ретінде идентификатталған ақша қаражаты (ақша) артық төленген немесе артық өндіріліп алынған арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары болып табылады.

      3. Осы бапқа сәйкес мынадай жағдайларда:

      1) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осы баптың 2-тармағына сәйкес артық төленген немесе артық өндіріліп алынған арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар болып табылса;

      2) Одақ туралы шартқа сәйкес айқындалған шоттарға төленген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар нақты тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың сомалары ретінде идентификатталмаса;

      3) егер арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет осы тауарларға қатысты бұрын орындалған болса, мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес тауарлар тәрткіленсе немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырылса;

      4) егер кедендік декларациялауды не тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеген кезде туындайтын арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет бұрын орындалса, мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылса;

      5) егер кедендік декларацияны тіркеген кезде туындайтын арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет бұрын орындалған болса, осы Кодекстің 113-бабына сәйкес кедендік декларация кері қайтарылса және (немесе) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарларды шығару күшін жойса;

      6) осы Кодекстің 242-бабымен көзделген жағдайларда;

      7) осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген кедендік декларациялаудың ерекшеліктерін қолдануға байланысты мүше мемлекеттер заңнамасымен көзделген жағдайларда;

      8) осы Кодексте және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомалары қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

      4. Артық төленген және (немесе) артық өндіріліп алынған арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) белгіленген тәртіпте тауарларға арналған декларацияда мәлімделген есептелген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар туралы мәліметке өзгерістер (толықтырулар) не осы Кодекстің 52-бабының 4-тармағында көрсетілген кеден құжаттарындағы есептелген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар туралы мәліметтерге белгіленген тәртіппен түзетулер енгізу шарттарда, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген артық төленген және (немесе) артық өндіріліп алынған арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомаларын қайтару (есепке жатқызу) үшін өзге де шарттарды сақтаған кезде кеден органы жүзеге асырады.

      5. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомаларын осы баптың 3-тармағының 3 - 8-тармақшаларында көрсетілген жағдайларда қайтару (есепке жатқызу) кеден органына мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес белгіленетін тәртіппен арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомаларын қайтаруға (есепке жатқызуға) әкеп соқтыратын мән-жайлардың басталуын растаған кезде және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленетін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомаларын қайтару (есепке жатқызу) үшін өзге де шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады.

      6. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомаларын қайтару (есепке жатқызу) осындай арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленетін тәртіппен және мерзімде Одақ туралы шарттың ережелерін ескере отырып, жүзеге асырылады.

      7. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша қаржаты (ақша) сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) осындай қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттің кеден органы осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленетін тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.

      8. Осы Кодекстің 75-бабының 8-тармағының екінші абзацына сәйкес демпингке қарсы бажды төлеу шотына есепке жатқызылғанды қоспағанда, Одақ туралы шартқа сәйкес демпингке қарсы бажды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша қаражаты (ақша) сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) осындай қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттің кеден органы осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленетін тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.

      9. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша қаражаты (ақша) сомаларын қайтару (есепке жатқызу) мынадай жағдайларда:

      1) орындалуы арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша қаражатымен (ақшамен) қамтамасыз етілген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет толық көлемде орындалса, тоқтатылса не туындамаса;

      2) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша қаражатының (ақшаның) орнына арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі жөніндегі міндеттерді орындауды басқа тәсілмен қамтамасыз ету беpiлген жағдайларда жүзеге асырылады.

      10. Төлеушіде кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздарды төлеу жөніндегі белгіленген мерзімде орындамаған міндеттер (толықтай немесе ішінара) болған кезде, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, ақша қаражатын (ақша) қайтару осындай орындалмаған міндеттер мөлшерінде жүзеге асырылмайды.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомаларын есепке жатқызу, сондай-ақ осы Кодекстің 75-бабының 8-тармағының екінші абзацына сәйкес демпингке қарсы бажды төлеу шотына осындай соманы есепке жатқызуды қоспағанда, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша қаражаты (ақша) сомаларын есепке жатқызу, төлеушіде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың осындай сомаларын көрсетілген міндеттерді орындау шотына есепке жатқызуды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындамаған міндеттер (толықтай немесе ішінара) болған кезде, жүргізілмейді.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомаларын қайтару (есепке жатқызу) жүзеге асырылмайтын өзге де жағдайлар белгіленуі мүмкін.

77-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алу

      1. Осы Кодекстің 73-бабының 7-тармағында көрсетілген жағдайларда, кеден органы арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алған кезде осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 11-тарауының кедендік әкелу баждарын өндіріп алуға қатысты ережелері қолданылады.

      2. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алу шараларына осы Кодекстің 68-бабының 2-тармағында көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу кезінде қолданылатын шаралар жатады.

      3. Осы Кодекстің 68-бабының 2-тармағында көрсетілген шараларға қосымша мүше мемлекеттердің заңнамасында арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленбеген тауарларға қатысты өндіріп алу сияқты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алу жөніндегі осындай шара және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алу жөніндегі өзге де шаралар белгіленуі мүмкін.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленбеген тауарларға қатысты өндіріп алу осындай тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндетті тоқтатады.

      4. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алу жөніндегі шаралар:

      1) кеден органы арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алуды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алудың мерзімі өтіп кеткен;

      2) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеуге байланысты не осы Кодекстің 72-бабының 2-тармағын да көзделген өзге де мән-жайларға байланысты тоқтатылған;

      3) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет осы баптың 3-тармағына сәйкес белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алу жөніндегі шара қолданылуына байланысты тоқтатылған;

      4) өндіріп алу мүмкін болмаған арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомалары, кеден органы осы сомаларды өндіріп алуды жүзеге асырған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өндіріп алу үмітсіз деп танылған;

      5) Комиссия айқындаған өзге де жағдайларда қабылданбайды.

      5. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды осы Кодекстің 69-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, осы тармақпен көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы өндіріп алады.

      Егер кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдаған (тасыған) кезде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету берілген жағдайда, онда осы Кодекстің 153-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды кеден органына арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды осындай қамтамасыз ету есебінен төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалатын кеден органы өндіріп алады.

      Осы Кодекстің 153-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалатын кеден органы, егер орындалуы қамтамасыз етілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет толық көлемде орындалса, осындай қамтамасыз ету берілген кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету есебінен де өндіріп алады.

      Егер кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдаған (тасыған) кезде осындай тауарлардың декларанты болып уәкілетті экономикалық оператор немесе кедендік тасымалдаушы әрекет етсе, онда осы Кодекстің 153-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалатын тұлғасы кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың декларанты болып әрекет етсе, уәкілетті экономикалық операторлар тізбесіне не кедендік тасымалдаушылар тізбесіне енгізілген кеден органы өндіріп алады.

      Кеден органдарының арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды осы тармақтың екінші - төртінші абзацтарына сәйкес өндірген кездегі және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың өндіріп алынған сомаларын арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар төлеуге жататын мүше мемлекетке аударған кездегі өзара іс-қимылы осы Кодекске 1-қосымшада көзделген тәртіппен, ал көрсетілген қосымшамен реттелмейтін бөлігінде - Комиссия айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      6. Өндіріп алу мүмкін емес болған арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар сомалары өндіріп алуға үмітсіз деп танылады және кеден органы осы сомаларды өндіріп алуды жүзеге асырған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша есептен шығарып тастайды.

ІІІ БӨЛІМ

КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАСАЙТЫН ТҰЛҒАЛАР

13-тарау

Кедендік операциялар және оларды жасайтын тұлғалар туралы жалпы ережелер

78-бап. Кедендік операцияларды жасау тәртібі

      1. Кедендік операциялар мен оларды жасау тәртібі осы Кодекспен, кедендік реттеу саласындағы өзге де халықаралық шарттармен және актілермен айқындалады, ал осы Кодекспен, кедендік реттеу саласындағы өзге де халықаралық шарттармен және актілермен анықталмаған бөлігінде не кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарда және актілерде көзделген жағдайларда - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Кедендік операцияларды жасау технологиясы мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      2. Кедендік операцияларды жасау тәртібі мен технологиясы Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар санаттарына, тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды, тұлғаларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түріне, кедендік декларациялау ерекшеліктері мен тауарларды шығаруға, сондай-ақ тауарлар орналастырылатын кедендік рәсімдерге байланысты айқындалады.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасымен белгіленетін кедендік операцияларды жасау тәртібі мен технологиясы кедендік-тарифтік реттеу шараларын толық не ішінара қолданбауға, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шараларына әкеп соқпауға тиіс.

      3. Кедендік операциялар тауарлардың шығуына, тауарларды жөнелтуші еліне және межелі еліне қарамастан бірдей жасалады.

      4. Кедендік операциялар жасаған кездегі кеден органдарының талаптары негізделген болуы және кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің және мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге қажет талаптармен шектелуі тиіс.

79-бап. Кеден органының кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты

      1. Кедендік операцияларды кеден органдары өздері орналасқан орындарда және жұмыс уақытында жасайды.

      2. Осы Кодексте немесе мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, мүдделі тұлғаның дәлелді сұрау салуы бойынша жекелеген кедендік операцияларды кеден органдары кеден органының орналасқан орнынан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасауы мүмкін.

80-бап. Кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттар және (немесе) мәліметтер

      1. Осы Кодексте айқындалған тұлғалар кеден органдарына осы Кодекске сәйкес кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттар мен (немесе) мәліметтерді беруге міндетті.

      Кеден органдары осы Кодексте айқындалған тұлғалардан кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасын және сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген мүше мемлекеттердің заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті, табыс етілуі осы Кодекске сәйкес көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ғана табыс етуді талап етуге құқылы.

      2. Кедендік операциялар жасау үшін қажетті құжаттар және (немесе) мәліметтер кедендік операциялар жасалған кезде, егер мұндай құжаттар туралы мәліметтер және (немесе) олардан алынатын мәліметтер және (немесе) кеден органдарына кедендік операцияларды жасауға қажетті өзге де мәліметтерді кеден органдарының ақпараттық жүйелерінен, сондай-ақ мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерінен кеден органы мен мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде алу мүмкін болса, берілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда осы Кодексте айқындалған тұлғалар осы құжаттарды және (немесе) кедендік декларациядағы мәліметтер туралы мәліметтерді көрсетеді немесе оларды кеден органдарына осы Кодекске сәйкес өзге тәсілмен ұсынады.

      Осы тармақтың ережелерін іске асыру мақсатында кеден органдарының кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) осындай құжаттардан мәлімет алу мүмкіндігі және (немесе) кеден органдарына кедендік операциялар жасау үшін қажет өзге де мәліметтерді кеден органдарының ақпараттық жүйелерінен, сондай-ақ мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерінен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде алу мүмкіндігі туралы ақпарат Интернет желісіндегі кеден органдарының ресми сайттарында орналастыру жолымен және (немесе) ақпаратты таратудың өзге де тәсілімен жалпы назарға жеткізіледі.

      3. Кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттар және (немесе) мәліметтер тізбесі, оларды табыс ету тәсілдері мен мерзімдері осы Кодекске сәйкес белгіленеді.

      4. Кеден органдары кеден органдарының ақпараттық жүйелерінен және мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерінен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде алуы мүмкін мәліметтер құрамы мен осындай мәліметтерді алу тәртібін Комиссия айқындайды, ал ақпараттық өзара іс-қимыл кеден органы мен бір мүше мемлекеттің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) арасында жүзеге асырылатын жағдайларда - осы мүше мемлекет заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      5. Кеден органдары құжаттардағы қате басылу немесе кеден органының шешім қабылдауына әсер ететін, құжаттардағы мәліметтерді өзгертпейтін грамматикалық қателердің болу себебінен құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.

      6. Кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттар электрондық құжат түрінде немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ұсынылады. Көрсетілген құжаттардың, егер Одақ туралы шартта, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарда және актілерде және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында мұндай құжаттардың міндетті түрде түпнұсқаларын табыс ету белгіленбесе, көшірмелерін (оның ішінде электрондық құжаттардың қағаз көшірмелері) беруге рұқсат етіледі.

      7. Кедендік операцияларды жасау үшін кеден органына мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдерінде немесе шетел тілдерінде жасалған құжаттар ұсынылуы мүмкін.

      Кеден органы мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі болып табылмайтын тілде жасалған, кеден органына осындай құжаттар берілген, кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттардағы мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы.

      8. Осы Кодекске және мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес кедендік операцияларды жасау үшін Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттерде жасалған және қолданылатын кеден құжаттары қолданылуы мүмкін.

81-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасаудың бірінші кезектегі тәртібі

      1. Дүлей зілзалалар салдарын жою үшін қажетті тауарларға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын, бейбітшілікті қолдау бойынша акцияларды орындауға не оқу-жаттығу өткізу үшін қажетті әскери өнімдердің, тез бұзылатын тауарлардың, сондай-ақ жануарлар, радиоактивті материалдар, жарылғыш заттарға қатысты, халықаралық пошта жөнелтілімдерінің, экспресс-жүктердің, халықаралық көрме іс-шараларында көрсетуге арналған тауарлардың, гуманитарлық және техникалық көмектің, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарламалар мен материалдардың, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарының қауіпсіз пайдаланылуына қажет қосалқы бөлшектердің, қозғалтқыштардың, шығыс материалдарының, жабдықтардың, құрал-саймандардың, мүше мемлекеттер валютасы, шетел валютасы, өзге валюталық құндылықтар, қымбат бағалы металдар, оның ішінде мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің және олардың филиалдарының әкелетін алтыны және басқа осыған ұқсас тауарлардың кедендік операциялары бірінші кезектегі тәртіпте жасалады.

      2. Комиссия кедендік операциялар бірінші кезектегі тәртіппен жасалатын өзге де тауарларды айқындауға құқылы.

      3. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін тез бұзылатын тауарлар санатының тізбесін Комиссия айқындайды, ал оны Комиссия айқындағанға дейін — мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.

82-бап. Кеден органдарының және тұлғалардың кедендік операцияларды жасауы

      1. Кедендік операцияларды кеден органдары, декларанттар, тасымалдаушылар, тауарға қатысты өкілеттігі бар тұлғалар, өзге де мүдделі тұлғалар жасайды.

      2. Кеден органдарының атынан кедендік операцияларды осындай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кеден органының лауазымды тұлғалары өзінің лауазымдық (қызметтік) міндеттеріне сәйкес жасайды.

      3. Жекелеген кедендік операцияларды кеден органдары кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы кеден органдарының лауазымдық тұлғасының қатысуынсыз жасауы мүмкін.

      Кеден органдарының кедендік операцияларды кеден органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуынсыз кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жасау тәртібін Комиссия айқындайды, ал оны Комиссия анықтағанға дейін - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.

      4. Декларанттар, тасымалдаушылар, тауарға қатысты өкілеттігі бар тұлғалар, өзге де мүдделі тұлғалар кедендік операцияларды тікелей немесе осындай тұлғалармен еңбек қатынасында тұрған қызметкерлер арқылы жасайды.

      Декларанттар, тасымалдаушылар, тауарға қатысты өкілеттігі бар тұлғалар, өзге де мүдделі тұлға атынан кедендік операцияларды кеден өкілі жасай алады, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда - осы тұлғалардың тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлға жасай алады.

83-бап. Декларант

      1. Кедендік рәсімдермен орналастырылатын тауарлардың декларанттары болып:

      1) мүше мемлекеттің тұлғасы:

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар шетел тұлғасымен жасалатын мәміленің негізінде бір тарап болып табылады;

      атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілген мәміле жасалады;

      егер тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы мәміле шеңберінде шетел тұлғасы болып табылатын тараптардың біріне өткізілсе, тауарларды иемденуге, пайдалануға және (немесе) билік етуге құқығы бар;

      Одақтың кедендік аумағында тұрған шетел тауарларына қатысты шетел тұлғасымен немесе мүше мемлекеттің тұлғасымен жасалған мәміленің бір тарабы болып табылады;

      кедендік транзит кедендік рәсімін мәлімдеген кезде экспедитор болып табылады;

      2) шетелдік тұлға:

      мүше мемлекет аумағында белгіленген тәртіпте құрылған және (немесе) тіркелген өкілеттігі немесе филиалы бар ұйым болып табылады – осындай өкілеттік немесе филиалдың жеке қажеттілігі үшін өткізілетін ғана тауарларға қатысты кедендік рәсімді мәлімдеген кезде;

      егер тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы шетелдік тұлға мен мүше мемлекеттің тұлғасы арасындағы мәміле шеңберінде өткізілмесе, тауарлардың меншік иесі болып табылады;

      кедендік қойма кедендік рәсімін, уақытша әкелудің (кіру рұқсаты) кедендік рәсімін, кері экспорт кедендік рәсімін, арнайы кедендік рәсімді мәлімдеген кезде - егер тауарлар Одақтың кеден шекарасы арқылы шетелдік тұлға мен мүше мемлекеттің тұлғасы арасындағы мәміле шеңберінде өткізілмесе, тауарларды иемденуге және пайдалануға құқылы;

      3) дипломатиялық өкілеттік, елшілік мекемелер, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілеттігі, халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілеттігі, Одақтың кеден аумағында орналасқан өзге де ұйымдар немесе олардың өкілеттіктері;

      4) кедендік транзит кедендік рәсімін мәлімдеген кезде - тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;

      5) кедендік қойма кедендік рәсімін, кері экспорт кедендік рәсімін, экспорт кедендік рәсімін мәлімдеген кезде - мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шартқа сәйкес осындай халықаралық шартта көзделген, осындай тұлғаға Одақтың кедендік шекарасындағы тауарларды Одақтың кедендік аумағынан шығаруға құқық беретін құжатты алған шетелдік тұлға.

      2. Мүше мемлекеттердің заңнамасында бір мүше мемлекеттің тұлғалары арасында жасалған, оның негізінде тауарлар Одақтың кедендік аумағынан шығарылатын, мәміленің тарабы болып табылатын мүше мемлекет тұлғасы тауарлардың декларанты болып әрекет ете алатыны белгіленуі мүмкін.

      3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекеттің салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалы бар шетелдік тұлға тауарлардың декларанты болып әрекет ете алуы мүмкіндігі осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасының екінші абзацында көзделгеннен басқа, өзге жағдайлар мен шарттар белгіленуі мүмкін.

      4. Комиссия осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген шетелдік тұлға тауарлардың декларанты бола алмайтын жағдайларды айқындауға құқылы.

      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар қосымша шарттарды сақтаған кезде, жекелеген кедендік рәсімге орналастырылатын тауарлардың декларанты бола алады, сондай-ақ өзге тұлғалар және көрсетілген тауарлардың декларанты болуы мүмкін мұндай тұлғалар сақтайтын шарттар осы Кодексте айқындалады. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар қосымша шарттарды сақтаған кезде, арнайы кедендік рәсімге орналастырылатын тауарлардың декларанты бола алады, сондай-ақ өзге тұлғалар және көрсетілген тауарлардың декларанты болуы мүмкін мұндай тұлғалар сақтайтын шарттар Комиссия және Комиссияда көзделген жағдайларда мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.

      6. Осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға және (немесе) кедендік рәсімдерге орналастырылмай шығаруға жататын тауарлардың декларанттары ретінде осы Кодекстің 260-бабының 6 - 8-тармақтарында, 278-бабының 2-тармағында және 281-бабының 8-тармағында көзделген тұлғалар бола алады.

84-бап. Декларанттың құқығы, міндеттері және жауапкершілігі

      1. Декларант:

      1) кедендік бақылаудағы тауарларды қарауға, өлшеуге және олармен жүк операцияларын орындауға;

      2) кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамасын және (немесе) үлгілерін, осы Кодекстің 17-бабына сәйкес берілген кеден органының рұқсатымен іріктеуге;

      3) кеден органдарының лауазымды тұлғаларының кедендік байқау мен кедендік тексеру формасында кедендік бақылау жүргізген кезде және осы тұлғалардың тауарлардың сынамасын және (немесе) үлгілерін іріктеу кезінде қатысуға;

      4) өздері декларациялайтын тауарлардың кеден органдарында бар сынамаларын және (немесе) үлгілерін зерттеу нәтижелерімен танысуға:

      5) кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;

      6) өздері декларациялайтын тауарлар туралы мәліметтерді нақтылау үшін сарапшыларды тартуға;

      7) осы Кодексте көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

      2. Декларант:

      1) тауарларды кедендік декларациялауды жүргізуге;

      2) кеден органына, осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды беруге;

      3) декларациялайтын тауарларды осы Кодексте көзделген жағдайларда нe кеден органының талабы бойынша көрсетуге;

      4) кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеуге және (немесе) осы Кодекске сәйкес оларды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етугe;

      5) тауарларды пайдалану шарттарын кедендік рәсімге сәйкес сақтауға немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттарды сақтауға;

      6) осы Кодексте көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.

      3. Декларант мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттердің орындалуына, кедендік декларацияда дұрыс емес мәліметтерді мәлімдеуге, сондай-ақ кеден өкіліне жарамсыз құжаттар, оның ішінде қолдан жасалған және (немесе) көрінеу дұрыс емес (жалған) мәліметтер бар құжаттар бергені үшін жауапты болады.

85-бап. Кедендік операцияларды жасаған кезде мүдделі тұлғалардың қатысуы

      1. Мүдделі тұлғалар кедендік операцияларды жасау кезінде қатысуға құқылы.

      2. Кеден органының талабы бойынша мүдделі тұлғалар кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына оларды жасауға көмек көрсету мақсатында қатысуға міндетті.

86-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында кедендік декларациялау, өзге де кедендік операцияларды жасау мүмкіндігі және Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеуді не шығарылуын кеден органдары осы Кодекске сәйкес жүргізбегені кедендік баждардың, салықтардың төленбеуіне әкеп соқтырғаны немесе кеден органдары осы тауарларды Одақтың кедендік аумағында алған тұлғаларда табылған тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын сақтамауы белгіленуі мүмкін.

14-тарау

Тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі және олардың келуімен байланысты кедендік операциялар

87-бап. Тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі

      1. Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін тауарларды тасымалдаушы немесе жеке пайдалануға арналған тауарларды келу орнына немесе осы Кодекстің 10-бабының 3-тармағында көрсетілген өзге де жерлерге алып өтуші тұлғалар жеткізуі тиіс. Бұл ретте тауарлардың қаптамасының бұзылуына, сондай-ақ салынған пломбалар, мөрлер және өзге де идентификаттау құралдарын өзгертуге, алып тастауға, жоюға немесе зақымдануға жол берілмейді.

      2. Егер Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін тауарларды келу орнына немесе осы Кодекстің 10-бабының 3-тармағында көрсетілген өзге де жерлерге жеткізу үзілсе, сондай-ақ егер су немесе әуе кемесі авария, еңсерілмейтін күш әсері не тауарларды жеткізуге, белгіленген орындарға тоқтауды немесе қонуды жүзеге асыруға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар салдарынан Одақтың кедендік аумағына мәжбүрлі тоқтаса немесе қонса, тасымалдаушы немесе жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өтуші тұлғалар тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, жақын кеден органына осы мән-жайлар туралы және тауарлардың тұрған жері туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ көлік құралдары бұзылған кезде тауарды апаруға немесе оларды жақын кеден органына не кеден органы көрсеткен өзге орынға тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.

      Осы тармақтың талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушы да немесе өзге де тұлғаларда туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейді.

      3. Тауарларды келу орнына немесе осы Кодекстің 10-бабының 3-тармағында көрсетілген өзге де жерлерге жеткізгеннен кейін, су кемелерімен тасымалдайтын тауарларды қоспағанда, тауарлар кедендік бақылау аймағында болуға тиіс.

      4. Осы Кодекстің 88 - 91-баптарының ережелері Одақтың кедендік аумағына жеке тұлғалар әкелген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.

      Одақтың кедендік аумағына жеке тұлғалар әкелген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты олар Одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін кедендік операциялар осы Кодекстің 37-тарауына сәйкес жасалады.

      5. Осы тараудың ережелері:

      1) Одақтың кедендік аумағында орналасқан портқа кірмей немесе әуежайға қонбай, Одақтың кедендік аумағын кесіп өтетін су және әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға;

      2) Одақтың тауарлары және осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағында көрсетілген, Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының екінші бөлігіне Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекет аумағына қонбай теңізбен не су кемесінің Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекет портына кірмей, су және әуе кемелерімен тасымалданатын шетел тауарларына;

      3) құбыржол көлігімен немесе электр тарату желілері арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды.

88-бап. Тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасаудың тәртібі

      1. Тасымалдаушы кеден органын тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы тасымалдау (тасымал) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай осы Кодекстің 89-бабымен көзделген құжаттар мен мәліметтерді табыс ету арқылы не электрондық құжат түріндегі ұсынылған алдын ала ақпараттың тіркелген нөмірі туралы мәлімет бар құжатты табыс ету арқылы мынадай мерзімдерде:

      1) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты - тауарлардың келу орнына жеткізілген кезінен бастап 1 сағат ішінде, ал тауарлар келу орнына кеден органының жұмыс уақытынан тыс уақытта жеткізілген жағдайда - кеден органының жұмыс уақытының басталған кезінен бастап 1 сағат ішінде;

      2) су, әуе немесе темір жол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты - халықаралық тасымалдауды жүзеге асырған кездегі порттың, әуежайдың немесе теміржол стансасының технологиялық процесімен (кестесімен) белгіленген уақыт ішінде не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін өзге мерзім ішінде хабардар етуге міндетті.

      2. Тасымалдаушының атынан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес рұқсат етілетін болса, кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғалар ұсынуы мүмкін.

      3. Аумағына тауарлар келген мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі болып табылмайтын тілде жасалған құжаттар ұсынылған кезде, осындай құжаттардағы бар мәліметтерді аударуды тасымалдаушы немесе өзге мүдделі тұлға қамтамасыз етеді.

      4. Тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақыты мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін тәртіппен кеден органында тіркеледі.

      5. Осы Кодекстің 83-бабында көрсетілген тасымалдаушы немесе өзге тұлға келуі туралы хабардар етілген кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының 3 сағаты ішінде, егер өзге мерзім су, әуе немесе темір жол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленбеген болса, не халықаралық пошталық жөнелтілімдерге қатысты:

      1) тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға;

      2) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды келген орындарынан уақытша сақтау орнына дейін тасуға (тасымалдауға);

      3) тауарларды кедендік декларациялауға;

      4) порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне орналастыруға;

      5) тауарларды Одақтың кедендік аумағынан шығаруға байланысты кедендік операциялардың біреуін жасауға міндетті.

      6. Осы баптың 5-тармағының ережелері Одақтың кедендік аумағына келген тауарларға:

      1) осы Кодекстің 12-бабының 1-тармағына сәйкес Одақтың кедендік аумағынан тез арада шығарылуы тиісті тауарларға;

      2) су немесе әуе кемелерінде тұрған және осы кемелерден Одақтың кедендік аумағына түсірілуге жатпайтын тауарларға;

      3) бір әуе кемесінен басқа әуе кемесіне тасымалданып, тиелетін және Одақтың кедендік аумағынан шығарылуға жататын тауарларға;

      4) Одақтың тауарларына және осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағында көрсетілген Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен басқа бір бөлігіне Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен тасыған (тасымалдаған) кезде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға;

      5) Одақтың тауарларына және шетелдік тауарларды осы Кодекстің 302-бабының 5-тармағының 1-тармақшасында көзделген жағдайларда, Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен басқа бір бөлігіне Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әуе кемесінің мәжбүрлі отырғызылуынан кейін Одақтың кедендік аумағына келген не су кемесінің Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің портына аварияның, еңсерілмейтін күш әсері салдарынан не өзге мән-жайлар салдарынан кіруінен кейін су және әуе кемелерімен тасылатын шетел тауарларына;

      6) осы Кодекстің 302-бабының 5-тармағының 2 - 4-тармақшаларында көрсетілген Одақтың тауарларына;

      7) осы Кодекстің 301-бабында көрсетілген тауарларға қатысты қолданылмайды.

      7. Кеден органы кедендік декларацияны осы баптың 5-тармағының бірінші абзацында белгіленген мерзімде тіркеген жағдайда, осы Кодекстің 83-бабында көрсетілген тұлғалар тауарларды уақытша сақтауға байланысты кедендік операцияларды мыналарды:

      осы Кодекстің 113-бабына сәйкес кедендік декларацияны қайтарып алуға кеден органының рұқсатын;

      осы Кодекстің 119-бабының 4 - 8-тармақтарына сәйкес тауарларды шығару мерзімдерін ұзарту туралы кеден органының шешімін;

      осы Кодекстің 124-бабына сәйкес тауарларды шығару мерзімдерін тоқтата тұру туралы кеден органының шешімін;

      осы Кодекстің 125-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартуды алған кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының 3 сағаты ішінде жасауға міндетті.

      Көрсетілген мән-жайлар туындағаннан кейін мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялардың өзге де мерзімдері белгіленуі және (немесе) осындай мән-жайлар туындағаннан кейін басқа да кедендік операцияларды жасау көзделуі мүмкін.

      8. Осы Кодекстің 125-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылған жағдайда, декларант тауарларды декларациялау, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды, егер олар келу орындарынан кетпеген болса, тауарларды шығарудан бас тартуды алған кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының 3 сағаты ішінде жасауға міндетті.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында осы Кодекстің 125-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылған жағдайда, көрсетілген кедендік операцияларды жасаудың өзге мерзімдері белгіленуі және (немесе) басқа да кедендік операцияларды жасау көзделуі мүмкін.

      9. Келу орнында уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар келу орнындағы уақытша сақтау орындарында сақталады немесе мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда өзге де уақытша сақтау орындарында сақталады.

      Егер шетел тауарларын уақытша сақтау келу орнында орналастырылмаған уақытша сақтау орындарына сақтау жүзеге асырылатын болса, шетел тауарларын келу орнынан осындай уақытша сақтау орнына тасу кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес не егер бұл мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген болса, осындай заңнамамен белгіленетін жағдайларда және тәртіпте кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылмастан жүзеге асырылатын болады.

      10. Осы баптың 5, 7-тармақтарымең және 8-тармағының бірінші абзацымен айқындалған немесе осы баптың 7-тармағының алтыншы абзацына және 8-тармақтың екінші абзацына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мерзімде осындай тауарларға қатысты осы тармақтарда көзделген кедендік операциялар немесе осы баптың 7-тармағының алтыншы абзацына және 8-тармағының екінші абзацына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген кедендік операциялар жасалмаса, оларды осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдары кідіртеді.

89-бап. Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы кеден органын хабардар еткен кезде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер

      1. Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы кеден органын хабардар еткен кезде тасымалдаушы мынадай құжаттар:

      1) автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:

      халықаралық тасымалдау көлік құралына арналған құжаттар;

      көлік (тасымалдау) құжаттары;

      Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;

      тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;

      мәліметтер:

      халықаралық тасымалдау көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы;

      тауарларды тасымалдаушы туралы (атауы және мекенжайы);

      тауарларды жөнелтуші ел және межелі ел туралы (атауы);

      тауарларды жөнелтуші және алушы туралы (атауы және мекенжайы);

      тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттарға сәйкес тауарларды сатушы және сатып алушы туралы;

      жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамаларының түрлері туралы;

      тауарлар туралы (Тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бірінші 6 белгіден кем емес деңгейдегі тауарлардың атаулары және кодтары);

      тауарлардың брутто салмағы (килограммен) не тауарлардың көлемі (текше метрмен);

      Одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың болуы (жоқ болуы) туралы;

      халықаралық тауар-көліктік жүкқұжат жасау орны және күні туралы;

      контейнерлердің идентификаттау нөмірлері туралы;

      2) су көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:

      жалпы декларация;

      жүк туралы декларация;

      кеме керек-жарақтары туралы декларация;

      кеме экипажының жеке заттары туралы декларация;

      кеменің рөлі;

      жолаушылардың тізімі;

      егер осы тармақшада көзделген тауарлар туралы мәліметтер жүк туралы декларацияда болмаса, көлік (тасымалдау) құжаттары;

      Дүниежүзілік пошта одағының актілерімен айқындалған, халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжаттар;

      мәліметтер:

      кемені және оның ұлттық тиесілілігін тіркеу туралы;

      кеме туралы (атауы және сипаттамасы);

      кеме капитаны туралы (тегі);

      кеме агенті туралы (тегі және мекенжайы);

      кемедегі жолаушылар туралы (саны, олардың тегі, азаматтығы (бодандығы), туған күні және жері, отырғызу және түсіру порты);

      кеме экипажы мүшелерінің саны және құрамы;

      кемені жөнелтуші порт және кіргізуші порт туралы (атаулары);

      жүк орындарының саны, тауарларды таңбалау және тауарлар орамасынын түрлері туралы;

      тауарлар туралы (атаулары, жалпы саны және сипаттамасы);

      тауарларды тиейтін порт және түсіретін порт туралы (атаулары);

      осы портта түсіруге жататын тауарларға арналған көліктік (тасымалдау) құжаттардың нөмірлері туралы;

      бортта қалатын тауарларды түсіретін порттар туралы (атаулары);

      тауарларды жөнелтуші бірінші порттар туралы (атаулары);

      кемедегі кеме керек-жарақтар туралы (атаулары және саны);

      тауарлардың кемеде орналасуын сипаттау;

      кеме бортында халықаралық пошта жөнелтілімдерінің болуы (болмауы) туралы;

      кеме бортында құрамында есірткі, қатты әсер ететін заттар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік заттардың болуы (болмауы) туралы;

      кеме бортында, қару-жарақ, оқ-дәрілерді қоса, қауіпті тауарлардың болуы (болмауы) туралы;

      контейнерлердің идентификаттау нөмірлері туралы;

      3) әуе көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:

      азаматтық авиация саласындағы халықаралық шарттарда көзделген тасымалдаушының стандарттық құжаты (бас декларация);

      әуе кемесінің бортында тасымалданатын тауарлар туралы мәліметтер бар құжат (жүк ведомосы);

      борт керек-жарақтары туралы мәліметтер бар құжат;

      көлік (тасымалдау) құжаттары;

      бортта тасымалданатын жолаушылар және олардың багажы туралы мәліметтер бар құжат (жолаушы ведомосы);

      Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;

      тасымалдаушыда тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттың болуы; мәліметтер:

      кеменің ұлттық тиесілік белгілері және тіркеу белгілері туралы;

      рейстің нөмірі, ұшу бағыты, кеменің ұшып кету пункті және келу пункті туралы;

      кеме пайдаланушысы туралы (атауы);

      кеме экипажы мүшелерінің саны және құрамы;

      кемедегі жолаушылар туралы (саны, тегі мен аты-жөні, отырғызу және түсіру пункттерінің атауы);

      тауарлар туралы (атаулары);

      жүк жүкқұжатының нөмірі, әрбір жүк жүкқұжаты бойынша орындардың саны туралы;

      тауарларды тиеу пункті және түсіру пункті туралы (атаулары);

      кемеге тиелетін немесе одан түсірілетін борт керек-жарақтарының саны туралы;

      кеме бортында халықаралық пошта жөнелтілімдерінің болуы (болмауы) туралы;

      кеме бортында Одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың, құрамында есірткі, қатты әсер ететін заттар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік заттардың, қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің болуы (болмауы) туралы;

      контейнерлердің идентификаттау нөмірлері туралы;

      4) теміржол көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:

      көлік (тасымалдау) құжаттары;

      теміржол жылжымалы құрамына арналған берілетін ведомость;

      керек-жарақтар туралы мәліметтер бар құжат;

      Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;

      тасымалдаушыда тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттың болуы;

      мәліметтер:

      тауарларды жөнелтуші және алушы туралы (атаулары және мекенжайы);

      тауарларды жөнелтуші стансы және межелі стансы туралы (атаулары);

      жүк орындарының саны, тауарларды таңбалау және тауарлар орамасынын түрлері туралы;

      тауарлар туралы (Тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бірінші 6 белгіден аз емес деңгейдегі тауарлардың атаулары және кодтары);

      тауарлардың брутто салмағы (килограммен);

      контейнерлердің идентификаттау нөмірлері туралы мәліметтерді ұсынады.

      2. Тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түріне қарамастан, кеден органын осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді табыс ету арқылы Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабардар еткен кезде, тасымалдаушы:

      1) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді;

      2) егер Одақтың кедендік аумағына келген тауарларға қатысты кеден органына осы Кодекстің 11-бабына сәйкес алдын ала ақпарат ұсынылған болса - алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірін көрсете отырып, алдын ала ақпараттың тіркелуі туралы мәліметтерді;

      3) Одақтың кедендік аумағына келген Одақтың тауарларына және осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағында көрсетілген, Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары және (немесе) теңіз арқылы тасу (тасымалдау) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларына қатысты - транзиттік декларацияны ұсынады.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес табыс етілуге жататын мәліметтер тасымалдаушы табыс еткен құжаттарда болмаған жағдайда не егер тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес табыс етілмесе, тасымалдаушы жетпейтін мәліметтері бар өзге құжаттарды табыс етуге міндетті не жетпейтін мәліметтер және (немесе) табыс етілмейтін құжаттар туралы мәліметтерді еркін нысанда өтініш беру арқылы мәлімдеуге міндетті.

      4. Кеден органын халықаралық пошта жөнелтілімдерінің Одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде, тасымалдаушы осындай пошта жөнелтілімдеріне қатысты оларды тасымалдаған кезде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде белгіленген халықаралық пошта жөнелтілімдерінің ілеспе құжаттарын, және осы Кодекстің 286-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәліметтерді табыс етеді.

      5. Тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай Комиссия кеден органы Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды белгілі бір кезең ішінде халықаралық тасымалаудың бір көлік түрімен тұрақты түрде тасымалдаған кезде Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабарлама берудің ерекшеліктерін айқындауға құқылы.

90-бап. Тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен өзге де жүк операциялары, сондай-ақ келу орындарында жүзеге асырылатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу

      1. Келу орнында тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен өзге де жүк операциялары, сондай-ақ тауарларды Одақтың кедендік аумағына жеткізген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен ауыстыру жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен өзге де жүк операциялары, сондай-ақ тауарларды Одақтың кедендік аумағына жеткізген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен ауыстыру жүзеге асыру кеден органының жұмыс уақытында және мүдделі тұлғаның сұрау салуы бойынша берілетін кеден органының рұқсатымен арнайы осы мақсаттарға арналған орындарда, ал мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, кеден органын электрондық немесе жазбаша нысанда хабардар еткеннен кейін жүзеге асырылады.

      3. Келген орнында авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар болған кезде тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен өзге де жүк операциялары, сондай-ақ тауарларды Одақтың кедендік аумағына жеткізген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен ауыстыруды жүзеге асыру осы баптың 2-тармағында көрсетілген, егер мұндай операцияларды орындамау тауарлардың біржола жоғалуына және (немесе) жойылуына алып келсе, кеден органының рұқсатынсыз немесе оны хабардар етусіз жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда осындай операцияларды жасаған тұлға олардың жасалғаны туралы кеден органын осындай операциялар жасалған кезден бастап 2 сағаттан кешіктірмей хабарлайды.

91-бап. Одақтың кедендік аумағына тауарлар келген кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімдері

      1. Тауарлар Одақтың кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарлар Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен кезде туындайды.

      2. Тауарлар Одақтың кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) тауарларды келу орнына жеткізген және уақытша сақтауға орналастырған немесе келу орнында кеден органының тауарларды шығарған кезінде;

      2) Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуі, егер осы тауарлар Одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін Одақтың кедендік шекарасы тауарлар өткізу орнынан шықпаса;

      3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін тауарларды шетел тауарларына қолданылатын кедендік рәсімдерге орналастырған кезде;

      4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындаған және (немесе) осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде оларды өндіріп алған кезде;

      5) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы шетел тауарларының авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылған және (немесе) біржола жоғалған не осы тауарларды тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде біржола жоғалған фактісін тануы кезінде, осы Кодекске сәйкес осындай жойылған және (немесе) біржола жоғалған жайттарға дейін осы шетел тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда;

      6) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарларды тәркілеу немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырған кезде;

      7) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органы тауарларды кідірткен кезде;

      8) қылмыс туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынған немесе қамалған тауарларды уақытша сақтауға қойған немесе кедендік ресімдердің біреуіне орналастырған кезде және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған тоқтатылады.

      3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады,

      4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) тауарларды келу орнына жеткізбеген кезде - тауарлардың Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарларды келу орнына жеткізбеу фактісі анықталған күн;

      2) авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылған және (немесе) біржола жоғалған не осы тауарларды тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде біржола жоғалуды қоспағанда, тауарлардың келу орнында жоғалуы кезінде, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарлардың Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күні;

      3) кеден органы келу онында сақтауға қоймастан немесе тауарларды шығармастан, тауарларды келу орнынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде - осындай әкеткен күні, ал бұл күн анықталмаса - тауарлардың Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып саналады.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, егер тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданусыз ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын болса, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жатады.

      Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 7 және 12-тарауларына сәйкес есептеледі.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданыстағы кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемесі қолданылады.

      Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін шетелдік валютаны мүше мемлекеттің валютасында қайта есептеу талап етілген жағдайда, мұндай қайта есептеу осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданыстағы валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      Егер кеден органында тауарлар туралы (сипаты, атаулары, саны, шығатын жері және (немесе) кедендік құны) нақты мәліметтер болмаған жағдайда төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу базасы кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 20-бабының 3-тармағы ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

      Егер тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес 10-нан кем белгі санымен топтастыру деңгейінде белгіленген жағдайда:

      кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топтастыруға кіретін тауарларға сәйкес келетін, кедендік әкелу баждарының ең жоғарғы мөлшерлемесі қолданылады;

      салықтарды есептеу үшін кедендік әкелу баждарының ең жоғарғы мөлшерлемесі белгіленген осындай топтастыруға кіретін тауарларға сәйкес келетін, қосылған құн салығына салықтың ең жоғарғы мөлшерлемесі, акциздердің (акцизді салықтың немесе акцизді алымның) ең жоғарғы мөлшерлемесі қолданылады;

      арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін осы тармақтың оныншы абзацы ескеріле отырып, осындай топтастыруға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең жоғарғы мөлшерлемесі қолданылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осы Кодекстің 4-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығуы және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге мәліметтер негізге алынып есептеледі. Егер тауарлардың шығуы және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының сол кодындағы тауарларға қатысты белгіленген, егер тауарлардың сыныптамасы 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылса не осы топтамаға кіретін тауарлар, егер тауарлардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес 10-нан кем белгі санымен топтама деңгейінде айқындалған болса, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең жоғарғы мол шерле месі не негізделіп, есептеледі.

      Салдарында тауарлар туралы нақты мәліметтер белгіленген кезде, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осындай нақты мәліметтерге негізделіп есептеледі, артық төленген және (немесе) артық өндіріліп алынған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды қайтару (есепке жатқызу) не төленбеген сомаларды өндіріп алу осы Кодекстің 10 және 11-тарауларына және 76 және 77-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Тауарларды шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік ресімдерге орналастырған жағдайда, осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдарының тауарларды кідірту, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу және (немесе) оларды (толық немесе ішінара) өндіріп алу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін уақытша сақтауға орналастыру осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріліп алынған кедендік әкелу баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

15-тарау

Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуі және осындай кетуге байланысты кедендік операциялар

92-бап. Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасаудың тәртібі

      1. Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуі үшін тасымалдаушы тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік құралының түріне байланысты осы Кодекстің 89-бабының 1-тармағымен көзделген құжаттар мен мәліметтерді, егер осы Кодекспен өзгеше белгіленбесе, кеден органына ұсынуға міндетті.

      2. Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуі үшін тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік құралының түріне қарамастан, тасымалдаушы не осы баптың 8-тармағына сәйкес өзге тұлға:

      1) тауарларға арналған декларацияны немесе оның көшірмесін, осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты транзиттік декларацияны не, егер осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес осындай тауарларға арналған декларация немесе транзиттік декларация ұсынылмайтын болса, тауарларға арналған декларация немесе транзиттік декларация туралы мәліметтерді не Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат ететін өзге құжатты;

      2) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынады.

      3. Одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін транзиттік декларация:

      1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағы бойынша келу орнында орналасқан жөнелтуші кеден органынан кету орнында орналасқан межелі кеден органына дейін тасымалданған;

      2) осы Кодекстің 145-бабының 7-тармағына сәйкес тауарларды жеткізу орындарының өзгеруіне байланысты кету орнында орналасқан кеден органына жеткізілген;

      3) Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес теңізбен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасу (тасымалдау) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға беріледі.

      4. Осы баптың 2-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер Одақтың кедендік аумағынан шетелдік тауарлардың кетуі үшін:

      1) бұл шетелдік тауарлар Одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілу орындарынан кетпеген;

      2) бұл шетелдік тауарлар әуе кемесінде тұрған және осы Кодекстің 142-бабының 6-тармағының 1-тармақшасына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмаған жағдайларда ұсынылмайды.

      5. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес ұсынылуға тиіс мәліметтер тасымалдаушы табыс еткен құжаттарда болмаса, не, егер тауарларға декларация, транзиттік декларация және (немесе) тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынылмаса, тасымалдаушы еркін түрде өтініш беру арқылы жетіспейтін мәліметтер бар өзге құжаттарды табыс етуға не жетіспейтін мәліметтерді және (немесе) ұсынылмайтын құжаттар туралы мәліметтерді мәлімдеуге құқылы.

      6. Халықаралық пошта жөнелтілімдері Одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде тасымалдаушы осындай халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты оларды тасымалдаған кезде халықаралық пошта жөнелтілімдерін сүйемелдейтін, Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған құжаттарды және осы Кодекстің 286-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәліметтерді ұсынады.

      7. Тасымалдаушының атынан осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді кеден өкілі не, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес рұқсат етілетін болса, тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге адамдар ұсынуы мүмкін.

      8. Тауарларды су кемесімен тасымалдаған кезде осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді декларант немесе егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес рұқсат етілетін болса, экспедитор ұсынуы мүмкін.

      9. Тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуі кеден органының рұқсатымен жүргізіледі.

      Жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсаты кеден органының ақпараттық жүйесін пайдаланумен және кедендік декларацияда не оның көшірмесінде не тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат ететін өзге құжатта және көліктік (тасымалдау) құжаттарында кеден органының тиісті белгілерін қою арқылы ресімделеді.

      Егер тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін кедендік декларация осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынылмайтын болса, тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсаты кеден органының ақпараттық жүйесін пайдаланумен және көліктік (тасымалдау) құжаттарда кеден органының тиісті белгілерін қою арқылы ресімделеді.

      Иесімен бірге алып жүрілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсаты мұндай тауарларды шығару болып табылады.

      10. Иесімен бірге алып жүрілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсат беруі туралы мәліметтер кеден органдарының ақпараттық жүйелеріне енгізіледі.

      11. Тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көліктің түріне байланысты, Комиссия белгілі бір кезең ішінде бір халықаралық тасымалдау көлік құралымен Одақтың кедендік шекарасы арқылы тұрақты өткізілген кезде тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін тасымалдаушының құжаттар мен мәліметтерді табыс ету ерекшеліктерін айқындауға құқылы.

      12. Осы баптың 9-тармағын қоспағанда, осы тараудың ережелері жеке тұлғалар Одақтың кедендік аумағынан әкететін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.

      Жеке тұлғалар Одақтың кедендік аумағынан әкететін жеке пайдалануға арналған тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін осындай тауарларға қатысты кедендік операциялар осы Кодекстің 37-тарауына сәйкес жүргізіледі.

      13. Осы тараудың ережелері:

      1) Одақтың кедендік аумағында орналасқан портқа кірмей немесе әуежайға қонбай, Одақтың кедендік аумағын кесіп өтетін су және әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға;

      2) Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен осы Кодекстің 302-бабының 5-тармағының 1-тармақшасымен көзделген жағдайларда, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының екінші бөлігіне су және әуе кемелерімен тасымалданатын Одақтың тауарларына және шетелдік тауарларға;

      3) құбыржол көлігімен немесе электр тарату желілері арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды.

93-бап. Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау

      Кеден органдарының Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау тәртібін Комиссия айқындайды.

94-бап. Одақтың кедендік аумағынан тауарлар кеткен кезде оларға қойылатын талаптар

      1. Шетелдік тауарлар, белгілі бір кедендік ресіммен орналастырылған кезде не Одақтың кедендік аумағына келген кезде болған күйінде және саны мен, егер, осы тармақтың екінші абзацымен көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін орындардан кетпеген болса, Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуге тиіс.

      Мұндай шетелдік тауарлардың табиғи тозу немесе залалды болу салдарынан не қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақталу жағдайларында тауарлардың табиғи қасиеттерінің өзгеруі салдарынан немесе көлік құралында төгілмейтін қалдықтың болуы салдарынан олардың санының өзгеруі салдарынан санын және (немесе) күйін өзгертуге рұқсат етіледі.

      2. Одақтың тауарлары, осы тармақтың 3 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір кедендік ресіммен орналастырылған кезде болған күйінде және санымен Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуге тиіс.

      3. Мына жағдайларда:

      1) табиғи тозу немесе залалды болу салдарынан не қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақталған жағдайда тауарлардың табиғи қасиеттерінің өзгеруі немесе көлік құралында төгілмейтін қалдықтың болуы салдарынан олардың санының өзгеруі салдарынан;

      2) Одақтың кедендік аумағынан үйінді ретінде, үю, құю арқылы су кемелерімен тасымалданатын, Одақтың осындай тауарларын су кемесінің жүк тиейтін орынжайларына (бөліктеріне, ыдыстарына) тиеу кезінде араластыру нәтижесінде орын алған Одақ тауарларының санын және (немесе) күйін өзгертуге рұқсат етіледі.

      4. Одақтың кедендік аумағынан үйінді ретінде, үю, құю арқылы тасымалданатын, су кемелерімен әкетілетін және оларға қатысты Одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде осындай тауарларды су кемесінің жүк тиейтін орынжайларына (бөліктеріне, ыдыстарына) тиеу кезінде араласу нәтижесінде орын алған олардың санын және (немесе) күйін өзгертуге рұқсат етілетін Одақ тауарларының тізбесін Комиссия айқындайды.

      5. Одақ тауарлары, тауарлар санының кемуі орын алған себептерге қарамастан, оларды белгілі бір кедендік ресіммен орналастыру кезінде мәлімделген санға қарағанда, аз санмен Одақтың кедендік аумағынан әкетілуі мүмкін.

      Осы тармақтың бірінші абзацы осы Кодекстің 207-бабының 5-тармағы 2-тармақшасының төртінші абзацында және 215-бабының 4-тармағы 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларға қатысты қолданылмайды.

      6. Тұлғалар, егер тауарларды қайтарымсыз жоғалту және (немесе) санының және (немесе) күйінің өзгеруі аварияның немесе еңсерілмес күш әсерінің салдарынан болған жағдайда, осы баптың 1-тармағының бірінші абзацы және 2-тармағының ережелерін сақтамағаны үшін жауапты болмайды.

95-бап. Тауарларды түсіру, ауыстырып тиеу және тауарлармен жүргізілетін өзге де жүк операциялары, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағынан тауарлар кеткенге дейін жүзеге асырылатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу

      1. Тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және кедендік бақылаудағы және Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлармен өзге де жүк операциялары, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен ауыстыру қызмет өңірінде тиісті операция жасалатын кеден органының рұқсатымен жол беріледі, ал егер тауарларға және халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты мұндай операциялар салынған кедендік пломбаларға және мөрлерге зақым келтірілмей жасалатын болса не тауарларға кедендік пломбалар және мөрлер салынбаған жағдайда - кеден органына электронды немесе жазбаша нысанда хабарланғаннан кейін жасалуы мүмкін.

      2. Егер осындай операцияларды бірінші және үшінші типтегі куәліктері бар уәкілетті экономикалық операторлар жасайтын болса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар кеден органының рұқсатын алмай немесе оны хабардар етпестен жасалуы мүмкін.

      3. Кеден органы көліктік (тасымалдау) құжаттарда, тыйым салулар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттарда не мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары берген өзге де құжаттарда осындай операцияларды жүргізуға тыйым салынған болса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияларды жасауға рұқсат беруден бас тартуға құқылы.

      4. Тұлғаның өтініші бойынша кеден органы осы баптың 3-тармағын ескере отырып, кеден органының жұмыс уақытынан тыс, кедендік бақылаудағы тауарлармен жүк операцияларын жасауға рұқсат етеді.

      5. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін Одақтың кедендік аумағы шегінде Одақтың кедендік аумағында тауарлар тасымалдайтын көлік құралы да халықаралық көлік тасымалдау құралы деп түсініледі.

      6. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасылатын (тасымалданатын) тауарларға қатысты осы баптың 1-тармағымен көрсетілген операциялар осы Кодекстің 148-бабына сәйкес жасалады.

96-бап. Авария, еңсерілмейтін күштің әсер етуі немесе өзге де мән-жайлар кезінде қолданылатын шаралар

      1. Егер тауарларды кету орнынан Одақтың кедендік шекарасын нақты кесіп өтетін жерге дейін жеткізу аварияның, еңсерілмейтін күш әсерінің не тауарларды осылайша жеткізуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлардың салдарынан тоқтап қалған жағдайда, тасымалдаушы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, және осындай мән-жайлар туралы және тауарлардың орналасқан орны туралы жақын жердегі кеден органына дереу хабарлауға, сондай-ақ кеден органы көрсеткен жақын жердегі кеден органына не өзге орынға тасымалдауға немесе оларды тасуды (тасымалдауды) (көлік құралы бұзылған кезде) қамтамасыз етуге міндетті.

      2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушыда немесе өзге де тұлғаларда туындаған шығыстарды кеден органы өтемейді.

97-бап. Одақтың кедендік аумағынан шетелдік тауарлардың кетуі кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және оны есептеу

      1. Одақтың кедендік аумағынан шетелдік тауарлардың кетуі кезінде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет кеден органы тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсат берген кезден бастап туындайды.

      2. Одақтың кедендік аумағынан шетелдік тауарлардың кетуі кезінде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеті мынадай мән-жайлар:

      1) тауарлардың Одақтың кедендік шекарасын нақты кесіп өтуі;

      2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін тауарларды шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру;

      3) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау және (немесе) осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алу;

      4) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органының, осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы Кодекске сәйкес осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі туындаған жағдайларды қоспағанда, аварияның немесе еңсерілмес күш әсерінің салдарынан шетелдік тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайларын бұл тауарлардың табиғи түрде кемуі нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін мойындауы;

      5) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тауарларды тәркілеу немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдыру;

      6) кеден органының осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес тауарларды кідіртуі;

      7) қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (әкімшілік процесті жүргізу) бойынша іс жүргізу барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру кезінде алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын мұндай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларға қатысты қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастыру туындаған кезде тоқтатылады.

      3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет, аварияның немесе еңсерілмес күштің әсер етуі салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу не қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайларында табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, Одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін Одақтың кедендік аумағынан кетуі кезінде шетелдік тауарлар жоғалған жағдайда орындауға жатады.

      Көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі тауарлар жоғалған күн болып есептеледі, егер ол күн белгіленбесе - кеден органы Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсат беру күні болып есептеледі.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, егер тауарлар, кедендік әкелу баждарын, салықтар төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай, ішкі тұтынуға шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төлеуге жатады.

      Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 7 және 12-тарауларына сәйкес есептеледі.

      Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары есептеу үшін осы баптың 3-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемесі қолданылады.

      Егер тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін шетелдік валютаны мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу талап етілетін жағдайда, мұндай қайта есептеу осы баптың 3-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданыстағы валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      Егер кеден органының тауарлар туралы дәл мәліметтері (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) болмаса, төлеуге жататын кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеуге арналған база кеден органының қолда бар мәліметтері негізінде айқындалады, ал тауарларды жіктеу осы Кодекстің 20-бабының 3-тармағы ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

      Егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кемінде 10 белгі саны бар топтамалар деңгейінде айқындалған жағдайда:

      кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждың ең жоғарғы мөлшерлемесі қолданылады;

      салықтарды есептеу үшін қосылған құн салығының ең жоғарғы мөлшерлемесі, кедендік баждың ең жоғарғы мөлшерлемесі белгіленген осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін акциздердің (акциз салығы немесе акциз алымы) ең жоғарғы мөлшерлемесі қолданылады;

      арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін осы баптың оныншы абзацын ескере отырып, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтем бажының ең жоғарғы мөлшерлемесі қолданылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 4-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шыққан жерін және (немесе) көрсетілген баждарды анықтау үшін қажет мәліметтерге сүйене отырып есептеледі. Егер тауарлардың шыққан жерін және (немесе) көрсетілген баждарды анықтау үшін қажет өзге мәліметтер расталмаса, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, егер тауарды жіктеу 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылатын болса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бар тауарларға не топтамаға кіретін тауарларға қатысты, егер тауарлардың кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес 10 белгі санынан кем топтама деңгейінде белгіленген болса, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең жоғарғы мөлшерлемесіне сүйене отырып есептеледі.

      Тауарлар туралы дәл мәліметтер кейін анықталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осындай дәл мәліметтерге сүйене отырып есептеледі, кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жазу) не осы Кодекстің 10 және 11-тарауларына және 76 және 77-баптарына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.

      5. Тауарлар шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған жағдайда кеден органдарының осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес тауарларды кідіртуі, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу міндетін орындағаннан кейін уақытша сақтауға қою және (немесе) осы бапқа сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомасын (толық немесе ішінара) өндіріп алулары, төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызу) жатады.

16-тарау

Тауарларды уақытша сақтау және тауарларды уақытша сақтауға қоюға байланысты кедендік операциялар

98-бап. Тауарларды уақытша сақтау туралы жалпы ережелер

      1. Уақытша сақтау орындарында шетелдік тауарларды кеден органы оларды шығарғанға дейін не егер шетелдік тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін орындарда сақталған болса, Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне кеден органының рұқсатын алғанға дейін не қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (әкімшілік процесті жүргізу) бойынша іс жүргізу барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру кезінде алып қою немесе тыйым салу қолданылатын күнге дейін сақтау тауарларды уақытша сақтау деп түсініледі.

      2. Осы баптың 4-тармағында, осы Кодекстің 88-бабының 7 және 8-тармақтарында, 114-баптың 7-тармағында, 129-баптың 6-тармағында, 152-бапта, 240-баптың 3-тармағында, 259-бапта және 286-баптың 12-тармағында көзделген, сондай-ақ осы Кодекстің 88-бабының 7-тармағының алтыншы абзацына және 8-тармағының екінші абзацына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен мерзімдерде тауарлар уақытша сақтауға орналастыруға жатады.

      3. Тауарларды уақытша сақтау құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларға қатысты, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда қолданылмайды.

      4. Қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (әкімшілік процесті жүргізу) бойынша іс жүргізу барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру кезінде алып қойылған немесе тыйым салынған және кедендік декларациялауға жататын, оларға қатысты қайтару туралы шешім қабылданған тауарлар, оның ішінде тауарларды тәркілеу туралы шешім жойылған не тәркілеу түріндегі жаза (өндіріп алу) өзге жаза түрімен (өндіріп алу) ауыстырылған жағдайда, мыналар:

      1) қылмыстық не әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы соттың немесе өзге уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) шешімі;

      2) қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы уәкілетті органның (лауазымды тұлға) шешімі;

      3) қылмыстық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату туралы соттың немесе уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) шешімі;

      4) соттың айыптау (ақтау) үкімі;

      5) әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы соттың немесе уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) шешімі;

      6) тауарларды тәркілеу туралы шешімді жою не тәркілеу түріндегі жазаны (өндіріп алуды) өзге жаза түрімен (өндіріп алу) ауыстыру туралы соттың шешімі күшіне енген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей уақытша сақтауға қойылуға тиіс.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген уақытша сақтауға орналастырылмаған тауарларды кеден органы осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес ұстап қалады.

      6. Осы баптың 4-тармағының ережелері, егер осы тармақта көрсетілген тауарларға қатысты тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға арналған осы тармақта көзделген мерзім аяқталғанға дейін кедендік декларация берілген болса, қолданылмайды.

      7. Уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар осындай тауарларды пайдалануға, оның ішінде олар шығарылғанға дейін уақытша сақтау орнының аумағынан әкетуге құқығы жоқ, ал егер шетелдік тауарлар - олар шығарылғанға дейін не Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне кеден органының рұқсатын алғанға дейін Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орнында уақытша сақтауда тұрған болса, оларды пайдалануға құқығы жоқ.

      Осы тармақтың бірінші абзацы мүше мемлекетке тұрақты тұруға қоныс аудару, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесін алуға, олардың уақытша сақталуы осы Кодекстің 259-бабына сәйкес жүзеге асырылатын, ниеті бар шетелдік жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты қолданылмайды.

      8. Тауарлар шығарылғанға дейін мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда тауарларды уақытша сақтау орнын өзгертуге жол беріледі.

      Шетелдік тауарларды бір уақытша сақтау орнынан басқа уақытша сақтау орнына тасу (тасымалдау) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес, не егер бұл мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген болса, - осындай заңнамада белгіленген тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай-ақ жүзеге асырылады.

99-бап. Тауарларды уақытша сақтау орындары

      1. Тауарларды уақытша сақтау орындары осы баптың 2-тармағына сәйкес тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыруға болатын (бұдан әрі - уақытша сақтау орындары) уақытша сақтау қоймалары мен өзге де орындар болып табылады.

      2. Тауарларды уақытша сақтауды тауарларды алушының еркін қоймасының аумағында, ЕЭА аумағында, үй-жайларда, қоймаларда, ашық алаңдарда және өзге де аумақтарда, сондай-ақ осы Кодексте немесе мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген өзге орындарда жүзеге асыруға болады.

      3. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе ерекше сақтау жағдайларын талап ететін тауарлар осындай тауарларды сақтауға арнайы бейімделген уақытша сақтау орындарында сақталуға тиіс.

      4. Уақытша сақтау орындарына тауарларды орналастыру мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес расталады.

100-бап. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар және оларды жүргізу тәртібі

      1. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін тасымалдаушы немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға кеден органына көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарлар туралы мәліметтер, тауарларды жөнелтуші және алушы, оларды жөнелтуші елі және межелі елі туралы мәліметтер қамтылған кедендік құжаттарды не электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі туралы мәліметтер бар құжатты ұсынады.

      Кеден органына құжаттарды беру электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды, кеден органына осындай құжаттар берілген кезден бастап 1 сағаттан кешіктірмей тіркейді және тұлғаға осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттардың тіркелгені туралы растауды береді.

      Кеден органының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге байланысты кедендік операцияларды жасау және олардың тіркелгені туралы растауды беру тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      3. Тауарлар, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркегеннен кейін, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, уақытша сақтауда тұрған болып есептеледі.

      4. Мүше мемлекетке тұрақты тұруға қоныс аудару, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесін алу ниеті бар шетелдік жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларын уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар осы Кодекстің 259-бабына сәйкес жасалады.

      5. Тауарларды ғимараттарға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөлімдеріне) және (немесе) екінші немесе үшінші типтегі куәліктері бар уәкілетті экономикалық оператордың кедендік бақылау аймағы болып табылатын ашық алаңдарға (ашық алаңдар бөлімдеріне) жеткізу кезінде тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар осы Кодекстің 440-бабы ескеріле отырып жасалады.

101-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі

      1. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі кеден органы уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі және осы Кодекстің осы бабының 2-тармағында және 259-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, 4 айды құрайды.

      Комиссияның тауарлардың жекелеген санаттары үшін осы тармақтың бірінші абзацында белгілеген мерзімнен аз уақытша сақтау мерзімін белгілеуге құқығы бар.

      2. Халықаралық пошта алмасу орындарында (мекемелерде) сақтаудағы халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты, сондай-ақ Одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе көлігімен өткізілген жолаушы алмаған немесе талап етпеген жүктерге қатысты уақытша сақтау мерзімі 6 айды құрайды.

      3. Тауарлардың уақытша сақтау мерзімі аяқталған соң шығару жүргізілмеген тауарларды не оларға қатысты Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың шығарылуына кеден органының рұқсаты алынбаған, егер шетелдік тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін орындарда сақталса кеден органы, осы баптың екінші абзацында көрсетілген жағдайды қоспағанда, Кодекстің 51-тарауына сәйкес кідіртеді.

      Егер уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген болса, бірақ кеден органы тауарларды уақытша сақтау мерзімінің өтуі бойынша тауарларды шығармаған не тауарларды шығарудан бас тартпаған жағдайда, кеден органы көрсетілген тауарларды кідіртпейді. Тауарларды шығарудан бас тартылған жағдайда, кеден органы уақытша сақтау мерзімі өткен тауарларды осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кідіртеді.

102-бап. Уақытша сақтауда тұрған тауарлармен операциялар

      1. Уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар осындай тауарлармен оларды өзгермейтін қалпында сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға, оның ішінде тауарларды қарауға және өлшеуге, оларды уақытша сақтау орны шегінде ауыстыруға құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген операциялар, оның ішінде тауарлардың сынамасын және (немесе) үлгілерін алу, зақымданған орамасын түзету, тауарлардың санын және (немесе) сипаттамасын анықтау үшін орамды ашу, сондай-ақ тауарларды кейіннен тасуға (тасымалдауға) дайындау үшін қажетті операциялар кеден органының рұқсатымен жасалады.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген кеден органының рұқсат беру және сондай рұқсатты беруден бас тарту тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      3. Мүше мемлекетке тұрақты тұруға қоныс аударуға, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесін алуға ниеті бар шетелдік жеке тұлғаның уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған тауарларымен операциялар осы Кодекстің 259-бабына сәйкес жасалады.

103-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу міндетінің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу

      1. Уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеті:

      1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін құжаттар ұсынылған тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғада - кеден органы осы құжаттарды тіркеген кезден;

      2) уақытша сақтау қоймасының иесінде - уақытша сақтау қоймасында тауарларды орналастырған кезден;

      3) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асырушы тұлғада - кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезден бастап туындайды.

      2. Уақытша сақтауға орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет:

      1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін құжаттар ұсынылған тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғада:

      тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастыру не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға өзге тұлғаның оларды қабылдауы;

      осы баптың 4-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген мән-жайлар туындағаннан кейін тауарларды шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру;

      2) уақытша сақтау қоймасының иесінде:

      тауарларды уақытша сақтау қоймасынан оларды кедендік рәсімдермен орналастыруға байланысты беру;

      тауарларды осы баптың 4-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген мән-жайлар туындағаннан кейін шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру;

      3) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асырушы тұлғада - тауарларды осы баптың 4-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру;

      4) осы баптың 1-3-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда:

      кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау және (немесе) осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алу;

      осы Кодекске сәйкес осындай жойылу немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі туындаған жағдайларды қоспағанда, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы аварияның салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әсерінен шетелдік тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактін не қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайларында табиғи кему нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактін мойындаған;

      мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарларды тәркілеу немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдыру;

      кеден органының осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес тауарларды кідіртуі;

      қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (әкімшілік процесті жүргізу) бойынша іс жүргізу барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру кезінде алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын мұндай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларға қатысты қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастыру мән-жайлары туындаған кезде тоқтатылады.

      3. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалуға жатады.

      4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып:

      1) тасымалдаушы немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін құжаттар ұсынылған тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға үшін:

      аварияның салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әрекетінен жойылған және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайларында табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар, оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға дейін жоғалған немесе уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында оларды уақытша сақтауға өзге тұлға қабылдаған жағдайда, — осындай жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса — тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн;

      тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға дейін уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды алушыға немесе өзге тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз берген не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға оларды өзге тұлға қабылдаған жағдайда - осындай беру күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса, — тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн;

      2) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асырушы тұлға үшін:

      аварияның салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әрекетінен жойылған және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайларында табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар, уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында оларды орналастырғанға дейін жоғалған жағдайда - осындай жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн;

      уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарларды орналастырғанға дейін кеден органының рұқсатынсыз алушыға немесе өзге тұлға уақытша сақтауға орналастырылған берген жағдайда, - осындай беру күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса — тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн;

      3) уақытша сақтау қоймасының иесі үшін не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асырушы тұлға үшін:

      аварияның салдарында немесе еңсерілмейтін күштің әсерінен жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу не қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайларында табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, уақытша сақтау қоймасында сақталуда немесе уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарлар жоғалған жағдайында, — осындай жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса - уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарлар орналастырылатын күн;

      уақытша сақтау қоймасында немесе уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталудағы тауарларды кеден органының рұқсатынсыз алушыға немесе өзге тұлғаға беру жағдайында, - осындай беру күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса — уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарлар орналастырылатын күн;

      тауарларды алушының қоймасында сақтаудағы тауарлар, тауарларды уақытша сақтау мақсатында пайдаланылмаған жағдайында, - осындай пайдалану күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса, - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн есептеледі.

      5. Егер кедендік әкелу баждарын, салықтар төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеуге жатады.

      Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 7 және 12-тарауларына сәйкес есептеледі.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтарының, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін шетелдік валютаны мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу талап етілетін жағдайда, мұндай қайта есептеу осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      Егер кеден органының тауарлар туралы дәл мәліметтері (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) болмаса, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеуге арналған база кеден органының қолда бар мәліметтері негізінде айқындалады, ал тауарларды жіктеу осы Кодекстің 20-бабының 3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кемінде 10 белгі саны бар топтамалар деңгейінде айқындалған жағдайда:

      кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждардың ең жоғары мөлшерлемесі қолданылады;

      салықтарды есептеу үшін қосылған құн салығының ең жоғары мөлшерлемесі, кедендік баждардың ең жоғары мөлшерлемесі белгіленген осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін акциздердің (акциз салығы немесе акциздік алымның) ең жоғары мөлшерлемесі қолданылады;

      арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін осы баптың оныншы абзацын ескере отырып, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең жоғары мөлшерлемесі қолданылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 4-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жерін және (немесе) көрсетілген баждарды анықтау үшін қажет мәліметтерге сүйене отырып есептеледі. Егер тауарлардың шығарылуы және (немесе) көрсетілген баждарды анықтау үшін қажет өзге мәліметтер расталмаса, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, егер тауарды жіктеу 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылатын болса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бар тауарларға не топтамаға кіретін тауарларға қатысты, егер тауарлардың кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес белгі саны 10-нан кем топтама деңгейінде анықталған болса, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең жоғары мөлшерлемесіне сүйене отырып есептеледі.

      Тауарлар туралы нақты мәліметтерден кейін анықталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осындай дәл мәліметтерге сүйене отырып есептеледі, кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жазу) не осы Кодекстің 10 және 11-тарауларына және 76 және 77-баптарына сәйкес төленбеген сомаларын өндіріп алу жүзеге асырылады.

      6. Тауарлар шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған жағдайда, кеден органдарының осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес тауарларды кідіртуі, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу міндетін орындағаннан кейін уақытша сақтауға орналастыру және (немесе) осы бапқа сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомасын (толық немесе ішінара) өндіріп алуы, төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жатады.

17-тарау

Кедендік декларация және кедендік декларацияны берумен, тіркеумен және кері қайтарып алумен, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгеруімен (толықтырылуымен) байланысты кедендік операциялар

104-бап. Кедендік декларация туралы жалпы ережелер

      1. Тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған кезде не осы Кодекстің 258-бабының 4-тармағында, 272-бабының 4-тармағында және 281-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда олар кедендік декларациялауға жатады.

      Тауарларды осы Кодекстің 204-бабының 4-тармағына сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 286-бабының 3, 14 - 17 баптарында және 301-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда олар кедендік декларациялауға жатпайды.

      2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, кедендік декларациялауды декларант не кеден өкілі жүзеге асырады.

      3. Кедендік декларациялау электрондық нысанда жүзеге асырылады.

      4. Жазбаша нысандағы кедендік декларациялауға:

      1) тауарларды кеден транзитінің кедендік рәсімімен орналастыру кезінде;

      2) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты;

      3) халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты;

      4) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты;

      5) кедендік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды, оның ішінде осы Кодекстің 105-бабының 6-тармағының екінші абзацына сәйкес мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды пайдалану кезінде;

      6) Комиссия және Комиссияда көзделген жағдайларда мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасы айқындайтын өзге де жағдайларда рұқсат етіледі.

      5. Осы баптың 4-тармағының ережелеріне қарамастан, егер кеден органының кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелердің техникалық істен шығуынан, байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер және Интернет желісі) жұмысының бұзылуынан, электр энергиясының сөндірілуінен туындаған жарамсыздығына байланысты декларанттың кедендік декларациялауды электрондық нысанда іске асыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін өзге де жағдайларда кедендік декларациялау жазбаша нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

      6. Кедендік декларациялау нысанына қарай электрондық құжат түріндегі кедендік декларация (бұдан әрі - электрондық кедендік декларация) немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі кедендік декларация (бұдан әрі қағаз жеткізгіштегі кедендік декларация) пайдаланылады.

      7. Егер шетелдік тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданған жағдайларда, кедендік декларация мұндай тауарларға қатысты олар Одақтың кедендік аумағына әкелінгенге дейін немесе тауарларды кедендік жөнелтуші органы айқындаған жеткізу орнына жеткізгенге дейін берілгенде кедендік декларациялаудың (бұдан әрі - алдын ала кедендік декларациялау) ерекшеліктері осы Кодекстің 114-бабында айқындалады.

      Егер декларантта тауарларға декларация беру кезінде тауарларға осындай декларацияда мәлімдеу үшін қажетті нақты мәліметтер болмаған жағдайда кедендік декларациялаудың (бұдан әрі - толық емес кедендік декларациялау) ерекшеліктері осы Кодекстің 115-бабында айқындалады.

      Егер тұлға Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды жеткізу кезеңі ішінде екі немесе одан көп партиямен бір шарттармен өткізуді жүзеге асырған жағдайда кедендік декларациялаудың (бұдан әрі - кезеңдік кедендік декларациялау) ерекшеліктері осы Кодекстің 116-бабында айқындалады.

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктері осы Кодекстің 117-бабында айқындалады.

      8. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында осы Кодексте белгіленген ерекшеліктерден ерекшеленетін кедендік декларациялау ерекшеліктері:

      1) егер декларантта кедендік декларациялау үшін қажетті нақты мәліметтер болмаса;

      2) егер Одақтың тауарларын аумағында ЕЭА құрылған мүше мемлекет аумағының қалған бөлігінен ЕЭА аумағына әкелу және Одақтың тауарларын аумағында ЕЭА құрылған мүше мемлекет аумағының қалған бөлігіне ЕЭА аумағынан әкету жеткізу кезеңі ішінде екі немесе одан көп партиямен бір шарттармен жүзеге асырылса;

      3) егер Одақтың тауарларын аумағында еркін қойма иесі еркін қоймалар иелерінің тізіліміне қосылған мүше мемлекет аумағының қалған бөлігінен еркін қойма аумағына әкелу және Одақтың тауарларын еркін қойма аумағынан еркін қойма иесі еркін қоймалар иелерінің тізіліміне қосылған мүше мемлекет аумағының қалған бөлігіне әкету жеткізу кезеңі ішінде екі немесе одан көп партиямен бір шарттармен жүзеге асырылса;

      4) құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларға қатысты белгіленуі мүмкін.

      9. Комиссия егер тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу міндеті осы Кодекстің 136-бабының 2-тармағының бірінші абзацына және 225-бабының 2-тармағының бірінші абзацына сәйкес туындамайтын болса, оларды кедендік декларациялау ерекшелігін айқындауға құқылы.

105-бап. Кедендік декларация

      1. Кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияның мынадай түрлері қолданылады:

      1) тауарларға арналған декларация;

      2) транзиттік декларация;

      3) жолаушының кедендік декларациясы;

      4) көлік құралына арналған декларация.

      2. Комиссия айқындайтын жағдайларда кедендік құн декларациясы толтырылады, онда тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтер, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі, тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар тауарлармен мәмілелердің шарттары мен жағдайлары туралы мәлімделеді.

      Кедендік құн декларациясы тауарларға арналған декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.

      Электрондық құжат түріндегі және қағаз жеткізгіштегі кедендік құн декларациясының электрондық түріндегі кедендік құн декларациясының нысанын, кедендік құн декларациясының құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.

      3. Тауарларға арналған декларация кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда - керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылады.

      Транзиттік декларация тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру кезінде пайдаланылады.

      Жолаушының кедендік декларациясы жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда - жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзитің кедендік рәсімімен орналастыру кезінде пайдаланылады.

      Көлік құралына арналған декларация халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда - керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылады.

      4. Кедендік декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер тізбесі кедендік төлемдерді есептеу және төлеу, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы қалыптастыру, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылау, кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқықты қорғау бойынша шаралар қабылдауы үшін, сондай-ақ кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің және мүше мемлекеттер заңнамасының сақталуын бақылау үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.

      5. Кедендік декларацияның, оның құрылымының нысанын және электрондық кедендік декларацияның және қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық түрлерінің форматтарын және оларды толтыру тәртіптерін Комиссия осы баптың 1-тармағында көзделген кедендік декларация түрлеріне, кедендік рәсімдерге, тауарлар санаттарына, оларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін тұлғаларға байланысты айқындайды.

      6. Тауарларға арналған декларация және транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, оның ішінде мүше мемлекеттердің үшінші тараппен осы Кодексте айқындалатын жағдайларда және тәртіппен тауарлар шығару үшін қажетті мәліметтерді қамтитын халықаралық шарттарында, мүше мемлекеттердің үшінші тараппен және (немесе) Комиссиямен халықаралық шарттарында және Комиссия көздеген жағдайларда мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген құжаттарды пайдалануға рұқсат етіледі.

      Тауарларға арналған декларация және транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, оның ішінде мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды пайдалану кезінде кедендік декларациялау, егер Комиссия және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше айқындалмаған болса, жазбаша нысанда жүзеге асырылады.

      Одақтың кедендік аумағы бойынша тауарларды тасуды (тасымалдау) жүзеге асыратын көлік түріне қарай Комиссия транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың, оның ішінде мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген құжаттардың тізбесін, сондай-ақ оларды пайдалану жағдайлары мен тәртібін айқындауға құқылы.

      7. Транзиттік декларация ретінде Комиссия айқындайтын тәртіппен электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпаратты пайдалануға рұқсат етіледі.

106-бап. Тауарларға арналған декларацияда көрсетілуі тиіс мәліметтер

      1. Тауарларға арналған декларацияда мынадай:

      1) мәлімделетін кедендік рәсім туралы;

      2) декларант, кеден өкілі, тауарларды жөнелтуші, алушы, сатушы және сатып алушы туралы;

      3) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағы бойынша тауарлар тасымалданған (тасымалданатын) көлік құралдары туралы;

      4) тауарлар туралы:

      кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мен алынуы тыйым салулар мен шектеулерлің сақталуын, ішкі нарықты қорғау шараларын, кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша шараларды қабылдауын қамтамасыз ету, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 10-таңбалық кодына идентификаттау, жатқызу үшін кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдерді есептеу жөне алу үшін қажетті атау, сипаттама;

      Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар коды;

      тауарлар шығарылған ел;

      жөнелтуші елдің және межелі ел атауы;

      тауарларды өндіруші;

      тауар белгісі;

      мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және (немесе) кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің кеден органы жүргізетін зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізіліміне қосылған зияткерлік меншік объектісі болып табылатын тауар шығарылған жердің атауы;

      орамалардың сипаттамасы;

      килограмының (брутто салмағы және нетто салмағы) және қосымша өлшем бірліктерінің бағасы, саны;

      тауарлардың кедендік құны (тауарлардың кедендік құнының шамасы, айқындау әдісі);

      статистикалық құны;

      5) кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу туралы:

      кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері;

      кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер;

      тарифтік преференциялар;

      есептелген кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомалары;

      осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін қолданылатын валюталар бағамы;

      6) тауарлармен мәміле және оның шарттары туралы;

      7) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы;

      8) тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру шарттарының сақталуы туралы;

      9) осы Кодекстің 108-бабында көрсетілген тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар туралы;

      10) сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген мүше мемлекеттер заңнамасының сақталуын растайтын құжаттар туралы;

      11) тауарларға арналған декларацияны толтырған адам туралы және оның жасалған күні;

      12) Комиссия айқындайтын өзге де мәліметтер көрсетілуі тиіс.

      2. Тауарларға арналған декларация нысанын толтыру тәртібін айқындау кезінде Комиссия кедендік рәсімге, тауарлардың, оларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін адамдардың санаттарына және (немесе) тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай тауарларға арналған декларацияда көрсетілуі тиіс мәліметтерді қысқартуға құқылы.

107-бап. Транзиттік декларацияда көрсетілуі тиіс мәліметтер

      1. Транзиттік декларацияда мынадай:

      1) көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарларды жөнелтуші мен алушы, декларант, тасымалдаушы туралы;

      2) тауарларды жөнелтуші ел және тауарлардың межелі елі туралы;

      3) тауарлар тасымалданатын көлік құралы туралы;

      4) коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарлардың атауы, саны және құны туралы;

      5) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кемінде алғашқы 6 белгі деңгейіндегі тауарлар коды туралы. Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде белгілі бір кезең ішінде бір немесе бірнеше көлік құралымен өткізілетін тауарларға (тауарлар құрамдауыштарына) қатысты осындай тауарларға қатысты қабылданған тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімге не Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімге сәйкес 10 белгі деңгейінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін;

      6) тауарлардың брутто салмағы немесе көлемі, сондай-ақ тауарлардың қосымша өлшем бірліктеріндегі саны туралы, егер Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде декларацияланатын тауарға қатысты қосымша өлшем бірлігі белгіленген болса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының әрбір коды бойынша;

      7) жүк орындарының саны туралы;

      8) көліктік (тамсымалдау) құжаттарына сәйкес тауарлардың межелі пункті туралы;

      9) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы;

      10) тауарлардың жоспарланатын ауыстырылып тиелуі немесе жолдағы жүк операциялары туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

      2. Транзиттік декларация нысанын толтыру тәртібін айқындау кезінде Комиссия тауарлардың, оларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін адамдардың санатына және (немесе) тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай транзиттік декларацияда көрсетілуі тиіс мәліметтерді қысқартуға құқылы.

      3. Транзиттік декларация ретінде осы Кодекстің 305-бабының 2-тармағында және 306-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, оның ішінде мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды пайдалануға жол беріледі.

      Транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, оның ішінде мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды пайдалану кезінде мұндай құжаттарда осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

      Егер транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын аталған құжаттарда осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер болмаса, жетіспейтін мәліметтер осындай транзиттік декларацияға қоса берілетін не кеден органына ұсынылатын, онымен бірге жүретін құжаттарда қамтылуы тиіс.

      4. Транзиттік декларацияда Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы тасымалданатын Одақ тауарларына қатысты осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы, осындай тауарлардың құны туралы мәліметтерді және егер бұл осы Кодекске сәйкес белгіленген болса, өзге де мәліметтерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер мәлімделеді. Комиссия транзиттік декларацияда Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы тасымалданатын Одақ тауарларына қатысты тауарлардың құны туралы мәліметтерді көрсетуге не жататынын айқындауға құқылы.

      5. Транзиттік декларацияда осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерге қосымша осы Кодекстің 302-баптың 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты оларға сәйкес тауарлар кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен немесе уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларациялар туралы мәліметтер мәлімделеді.

108-бап. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар

      1. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға:

      1) тауарлармен мәмілелер жасалғанын растайтын құжаттар, ал мұндай мәміле болмаған жағдайда - тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге құжаттар, сондай-ақ декларанттың иелігіндегі өзге де коммерциялық құжаттар;

      2) көліктік (тасымалдау) құжаттары;

      3) кедендік декларацияны беруші адамның өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

      4) тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттар;

      5) тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар;

      6) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау кезінде пайдаланылған тауарлардың сипаттамасын растайтын құжаттар, ол болған жағдайда тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім, ал кез келген мүше мемлекеттің кеден органы қабылдаған - кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды (тауарлар құрамдауыштарын) кедендік декларациялаған жағдайда - осындай тауарларға қатысты тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім не Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешім;

      7) кедендік төлемдердің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың төленгенін және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;

      8) кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар;

      9) кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерінің өзгергенін растайтын құжаттар;

      10) тауарлардың мәлімделген кедендік құнын, оның ішінде оның шамасын және тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін растайтын құжаттар;

      11) тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырған кезде оларды автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда - халықаралық тасымалдаудың көлік құралының тіркелуі және ұлттық тиесілілігі туралы құжат;

      12) тауарларды мәлімделген кедендік рәсімдермен орналастырудың шарттарын растайтын құжаттар;

      13) тауарларды кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялардың мәлімделген құнын растайтын құжаттар;

      14) осы Кодекстің 261-бабында көрсетілген құжаттар жатады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарда кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, мұндай мәліметтер өзге құжаттармен расталады.

      3. Осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген немесе осы Кодекстің 114 - 117-баптарында айқындалған тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктеріне қарай кедендік декларацияны беру кезінде осындай құжаттар болмауы мүмкін жағдайларды қоспағанда, кедендік декларацияны берген кезінде декларантта кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар болуы тиіс.

109-бап. Кедендік декларацияны берумен байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі

      1. Кедендік декларация мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кедендік декларацияларды тіркеуге құқылы кеден органына беріледі.

      2. Кедендік декларацияны тапсыру кезінде тауарлар мынадай:

      1) оларға қатысты осы Кодекске сәйкес Одақтың кедендік аумағына әкелмей, кедендік рәсіммен орналастыру рұқсат етілген, Одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларды;

      2) құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды;

      3) кедендік декларациялау осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен жүзеге асырылатын шетелдік тауарларды;

      4) кедендік декларация осы Кодекстің 114 және 116-баптарында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылатын шетелдік тауарларды қоспағанда, осындай тауарларға қатысты кеден органына кедендік декларация берілетін мүше мемлекеттің аумағында болуы тиіс.

      3. Комиссия Одақ тауарларының кеден органына осындай тауарларға қатысты кедендік декларация берілетін мүше мемлекеттің аумағында бола алмайтын жағдайларды, сондай-ақ осындай жағдайларда кедендік операциялар жасаудың ерекшеліктерін айқындауға құқылы.

      4. Кедендік декларация тапсыру күні мен уақытын кеден органы тіркейді.

      5. Кедендік декларацияны қағаз жеткізгіште беру, егер осы Кодексте, Комиссияда және Комиссия көздеген жағдайларда мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кеден органына оның электрондық түрін тапсырумен сүйемелденеді.

      6. Егер кедендік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың, оның ішінде мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген құжаттар пайдаланылса және осы Кодекстің 11-бабына сәйкес осы Кодекстің 107-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылған алдын ала ақпарат ұсынылса, алдын ала ақпарат пен көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің арасында айырмашылық болмаған жағдайда, мұндай транзиттік декларацияны тапсыру кеден органына оның электрондық түрін ұсынумен сүйемелденбейді.

      7. Тауарларға арналған декларацияны беру кеден органына осы тармақтың екінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен сүйемелденбейді.

      Тауарларға арналған декларацияны қағаз жеткізгіште беру кеден органына, егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тауарларға арналған декларацияны беруші адамның өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынумен сүйемелденеді.

      Егер осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес кеден органы тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін немесе тауарлар шығарылғанға дейін тауарларға арналған декларацияны бергеннен кейін тауарлардың шығарылған жері, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттарды ала алмаса, мүше мемлекеттердің заңнамасында осындай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді декларанттың ұсыну құқығы көзделуі мүмкін, сондай-ақ көрсетілген құжаттарды ұсыну тәртібі белгіленуі мүмкін.

      8. Транзиттік декларацияны беру кеден органына осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, транзиттік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен сүйемелденбейді.

      Транзиттік декларацияны беру, егер осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес осындай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді кеден органы ала алмайтын болса, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжаттарды, сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген мүше мемлекеттер заңнамасының сақталуын растайтын құжаттарды ұсынумен сүйемелденеді.

      Транзиттік декларацияны қағаз жеткізгішге беру кеден органына, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, транзиттік декларацияны беруші адамның өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынумен сүйемелденеді.

      9. Жолаушының кедендік декларациясын беру кеден органына онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен сүйемелденеді.

      Жолаушының кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар тізбесін Комиссия және Комиссия көздеген жағдайларда, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында қысқартылуы мүмкін.

      10. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар, егер мұндай құжаттар бұрын осындай кеден органына кедендік операцияларды жасау кезінде немесе осы кеден органының кедендік бақылау жүргізуі кезінде берілген болса және осы Кодекстің 320-бабына сәйкес осы кеден органында сақталып тұрған болса, кеден органына ұсынылмауы мүмкін.

      Мұндай жағдайда, осы Кодексте айқындалған адамдар бұл құжаттар туралы мәліметтерді тауарларға арналған декларацияда көрсетеді немесе оларды кеден органдарына мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес өзге тәсілмен ұсынады.

110-бап. Кедендік декларацияны беру мерзімі

      1. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік декларация тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін не осы Кодексте белгіленген өзге мерзімде беріледі.

      2. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты кедендік декларация егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, олар Одақтың кедендік аумағынан шыққанға дейін беріледі.

111-бап. Берілген кедендік декларацияны тексеру, берілген кедендік декларацияны тіркеумен не тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі

      1. Кеден органы берілген кедендік декларацияны тексеруді осы баптың 5-тармағында көзделген оны тіркеуден бас тарту үшін негіздердің жоқтығын белгілеу мақсатында жүргізеді.

      2. Кедендік декларацияны тіркеумен немесе тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операцияларды кеден органы, егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында бұдан азырақ мерзім белгіленбесе, кедендік декларацияны берген кезден бастап кеден органы жұмыс уақытының 1 сағатынан кешіктірмей жасайды.

      3. Тауарларға арналған декларацияны, транзиттік декларацияны және көлік құралдарына арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту Комиссия айқындайтын тәртіппен, ал Комиссия реттемеген бөлікте - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен ресімделеді.

      4. Жолаушының кедендік декларациясын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.

      Оларға қатысты жолаушының кедендік декларациясы ретінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтімдерін сүйемелдейтін құжаттар пайдаланылатын, халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушының кедендік декларациясын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту, егер бұл мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген болса, жүргізілмеуі мүмкін.

      5. Кеден органы мына:

      1) кедендік декларация кедендік декларацияны тіркеуге құқылы емес кеден органына берілген;

      2) кедендік декларацияны уәкілеттігі жоқ адам берілген және (немесе) тиісінше қол қойылмаған не куәландырылмаған;

      3) кедендік декларациялау нысаны сақталмаған;

      4) кедендік декларацияда кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес көрсетілуге тиіс мәліметтер көрсетілмеген және (немесе) кедендік декларация оны толтырудың белгіленген тәртібіне сәйкес толтырылмаған;

      5) қағаз жеткізгіштегі кедендік декларация белгіленген нысан бойынша жасалмаған және (немесе) электрондық кедендік декларацияның немесе қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық түрінің құрылымы мен форматы осындай құжаттардың белгіленген құрылымдары мен форматтарына сәйкес келмеген;

      6) осы Кодекстің 109-бабының 2-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, оларға қатысты кедендік декларация берілетін тауарлар не осы Кодекстің 109-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда кеден органына кедендік декларация берілген мүше мемлекеттің аумағында тауарлар болмаған;

      7) осы Кодекске және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір уақытта жасалуы тиіс әрекеттер жасалмаған;

      8) кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір уақытта сақталуы тиіс, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес белгіленген тауарлары кедендік декларациялау ерекшеліктері сақталмаған негіздер бойынша кедендік декларацияны тіркеуден бас тартады.

      6. Кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды ресімдеу кезінде кеден органы осы баптың 5-тармағына сәйкес бас тарту үшін негіз болып табылатын барлық себептерді, сондай-ақ егер бұл мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген болса, - оларды жою бойынша ұсынымдарды көрсетеді.

      Қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияны тіркеуден бас тартқан жағдайда, егер кедендік декларацияны беру құжаттар ұсынумен сүйемелденсе, мұндай кедендік декларация және оны беру кезінде ұсынылған құжаттар, декларантқа немесе кеден өкіліне қайтарылады, бұл ретте кедендік декларацияның бір данасы кеден органында қалады.

      7. Егер кедендік декларацияны кеден органы тіркемеген болса, кедендік мақсаттар үшін мұндай декларация берілмеген болып есептеледі.

      8. Кедендік декларация тіркелген кезден бастап заңдық маңызы бар фактілер туралы куәландыратын құжат болады.

      9. Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелердің техникалық істен шығуынан, байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер және Интернет желісі) жұмысының бұзылуынан, электр энергиясының сөндірілуінен туындаған жарамсыздығы жағдайында кеден органы қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық түрінің құрылымы мен форматының белгіленген құрылым мен форматқа сәйкестігіне қатысты осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген негіздемені қоспағанда, тіркеуден бас тарту үшін негіздемелер болмаған кезде берілген кедендік декларацияны ақпараттық жүйелерді пайдаланбай, қағаз жеткізгіште тіркеуді жүзеге асырады.

      Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелердің жарамсыздығы кезінде кедендік декларацияны тіркеумен не тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібінің ерекшеліктері мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

112-бап. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгеруімен (толықтырылуымен) байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі

      1. Тауарлар шығарылғанға дейін кеден органының рұқсатымен электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген декларанттың дәлелді өтініші бойынша кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер, егер декларанттың өтінішін алған кезге қарай кеден органы осы Кодекстің 325-бабына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратпаған, оны кедендік тексеріп қарауды жүргізу орны мен уақыты туралы хабарламаған, кедендік қарап тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдамаған және (немесе) кедендік сараптама жүргізуді тағайындамаған болса, өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.

      Осы баптың бірінші абзацының ережелеріне қарамастан, тауарлар шығарылғанға дейін кеден органының рұқсатымен электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген декларанттың дәлелді өтініші бойынша кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға), егер мұндай өзгертулер (толықтырулар) декларацияланатын тауарлардың тұрған орны туралы мәліметтерді өзгертумен не тауарларды шығаруға әсер етпейтін жаңсақ жазылуларды немесе грамматикалық қателерді түзетуге байланысты болса рұқсат етіледі.

      Тіркелген кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) осы тіркелген кедендік декларацияда көрсетілген тауарлардан өзге тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге әкеп соқпайды.

      Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда және қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық түрінде мәлімделген мәліметтерді өзгертумен (толықтырумен) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.

      2. Егер кедендік бақылау жүргізу кезінде осы Кодекстің 125-бабының 1-тармағының 9-тармақшасының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің бұзылуы анықталған жағдайда, олар жойылған жағдайда тауарлар шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылмайтын болса және кеден органы осындай бұзылуларды жою үшін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажеттігін белгілеген болса, мұндай мәліметтерді осы Кодекстің 119-бабының 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде, кеден органының талап етуі бойынша декларант өзгертуі (толықтыруы) тиіс.

      Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы талаптың нысанын Комиссия айқындайды.

      3. Тауарлар шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияда және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияның электрондық түрінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) осы Кодексте көзделген және (немесе) кеден органының шешімі бойынша не кеден органының рұқсатымен Комиссия айқындайтын жағдайларда жүргізіледі.

      Тауарлар шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы кеден органы шешімінің нысанын Комиссия айқындайды.

      Тауарлар шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияда және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияның электрондық түрінде мәлімделген мәліметтерді өзгертумен (толықтырумен) байланысты кедендік операцияларды жасау мерзімдері мен тәртібін Комиссия айқындайды.

      4. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияның электрондық түрінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) үшін, Комиссия айқындайтын, мәліметтер осы кедендік құжат қолданылмай өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін жағдайларды қоспағанда, тауарларға арналған декларацияны түзету қолданылады.

      Тауарларға арналған декларацияны түзету нысанын, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны түзету құрылымы мен форматын және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияны түзетудің электрондық түрін, оларды толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.

      5. Тауарларға арналған декларацияны түзету осындай тауарларға арналған декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.

      Қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияны түзетуді беру, егер Комиссия өзгеше айқындамаса, кеден органына оның электрондық түрін ұсынумен сүйемелденеді.

      6. Комиссия тауарлар шығарылғаннан кейін транзиттік декларацияда, жолаушының кедендік декларациясында және көлік құралына арналған декларацияда және қағаз жеткізгіштегі осындай кедендік декларациялардың электрондық түрлерінде мәлімделген мәліметтерге өзгерту (толықтыру) жүргізілетін жағдайларды, сондай-ақ осындай кедендік декларацияларда мәлімделген мәліметтерге өзгертулер (толықтырулар) енгізу мерзімдері мен тәртібін, осындай кедендік декларацияларда мәлімделген мәліметтерді өзгертетін (толықтыратын) кедендік құжаттардың нысандарын, электрондық құжаттар түріндегі осындай кедендік құжаттардың және қағаз жеткізгіштегі осындай кедендік құжаттардың электрондық түрлерінің құрылымы мен форматтарын, сондай-ақ оларды толтыру тәртібін айқындауға құқылы.

      Кедендік декларацияның көрсетілген түрлерінде мәлімделген мәліметтер өзгертілетін (толықтырылатын) қағаз жеткізгіштегі кедендік құжатты беру, егер Комиссия өзгеше айқындамаса, кеден органына оның электрондық түрін ұсынумен сүйемелденеді.

      Транзиттік декларацияда, жолаушының кедендік декларациясында және көлік құралына арналған декларацияда мәлімделген мәліметтер өзгертілетін (толықтырылатын) кедендік құжаттар кедендік декларацияның аталған түрлерінің ажырамас бөлігі болып табылады.

113-бап. Кедендік декларацияны кері қайтарып алумен байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі

      1. Декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтініші бойынша, осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға арналған кедендік декларацияны қоспағанда, шетелдік тауарларға арналған тіркелген кедендік декларацияны ол кеден органы тауарларды шығарғанға дейін кері қайтарып алуы мүмкін.

      2. Кедендік декларацияны кері қайтарып алу кезінде жаңа кедендік декларация тауарларды уақытша сақтау мерзімінің шегінде берілуі тиіс.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімде кедендік декларация берілмеген кезде тауарларды осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдары кідіртеді.

      4. Декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтініші бойынша, осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға арналған тіркелген транзиттік декларацияны ол кеден органы тауарларды шығарғанға дейін не кеден органы тауарларды шығарғаннан кейін осындай тауарлар Одақтың кедендік аумағынан нақты шыққанға дейін кері қайтарып алуы мүмкін.

      5. Декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтініші бойынша, Одақтың тауарларына арналған тіркелген кедендік декларацияны ол Одақтың кедендік аумағынан тауарлар нақты шыққанға дейін, оның ішінде осы баптың 6-тармағын ескере отырып, кеден органы тауарларды шығарғаннан кейін кері қайтарып алуы мүмкін.

      6. Декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтініші бойынша, еркін кеден аймағының немесе еркін қойманың кедендік рәсімін аяқтау мақсатында экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған Одақтың тауарларына арналған кедендік декларацияны ол:

      1) егер мұндай тауарлар ЕЭА аумағында немесе еркін қойма аумағында болса, оның ішінде кеден органы тауарларды шығарғанға дейін болса;

      2) егер мұндай тауарлар осы Кодекстің 207-бабы 6-тармағының 1-тармақшасына, 215-бабы 5-тармағының 1-тармақшасына сәйкес осындай тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастыруға кедендік декларация бip уақытта берген жағдайда, ЕЭА аумағынан тыс немесе еркін қойма аумағынан тыс жерлерде болса және Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде шықпаған болса кері қайтарып алуы мүмкін.

      7. Кедендік декларацияны кері қайтарып алуға кеден органының рұқсатымен жол беріледі. Кеден органының рұқсаты не осындай рұқсатты беруден бас тартуы электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделеді.

      Кедендік декларацияны кері қайтарып алуға егер декларанттың өтінішін алғанға дейін кеден органы оған кедендік декларацияда мәлімделген тауарларға кедендік тексеріп қарауды жүргізу орны мен уақыты туралы хабарламаған, кедендік декларацияда мәлімделген тауарларға кедендік қарап тексеруды жүргізу туралы шешім қабылдамаған, кедендік сараптама жүргізуді тағайындамаған және (немесе) әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке алып келетін кедендік реттеу және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасы және (немесе) сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген мүше мемлекеттердің заңнамасы саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің бұзылуын анықтамаған болса, рұқсат етіледі.

      Тауарларға кедендік тексеріп қарау, тауарларды кедендік қарап тексеру жүргізілгеннен, кедендік сараптама нәтижелері алынғаннан кейін кедендік декларация, егер оларды жүргізу нәтижелері бойынша әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке алып келетін кедендік реттеу, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасы және сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген мүше мемлекеттердің заңнамасы саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің бұзылулары анықталмаған болса, кері қайтарылып алынуы мүмкін,

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында осы тармақта көзделгендерден өзге, тауарларға қатысты берілген кедендік декларацияны кері қайтарып алу шарттары, осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін кедендік декларациялау ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

      8. Осы баптың 1 - 7-тармақтарының ережелері осы Кодекстің 116-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда тауарларға арналған декларацияны кері қайтарып алу кезінде қолданылмайды.

      Осы Кодекстің 116-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда тауарларға арналған декларация декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген өтініші бойынша кері қайтарып алынады.

114-бап. Алдын ала кедендік декларациялау

      1. Алдын ала кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияны беру кезінде өзінің сипаты бойынша декларантқа белгілі емес мына:

      1) тауарлар тасымалданатын көліктің түрі туралы мәліметтерден басқа, тауарлар тасымалданатын көлік құралдары туралы;

      2) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын жекелеген құжаттар туралы;

      3) кедендік декларацияның түріне және (немесе) тауарлар санаттарына және олар тасымалданатын көліктің түріне байланысты Комиссия айқындайтын өзге де мәліметтерді қоспағанда, кедендік декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер мәлімделуі тиіс.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1 - 3-тармақшаларында көрсетілген, алдын ала кедендік декларациялау кезінде мәлімделмеген не мәлімделген, бірақ нақтылауға жататын мәліметтер осы Кодекстің 112-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін өзгертілуі (толықтырылуы) тиіс.

      3. Тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын жағдайларда, Одақтың кедендік аумағына әкелінгеннен кейін не жөнелту кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізілгеннен кейін - оларға қатысты алдын ала кедендік декларациялау жүзеге асырылған тауарлар кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылуы, ал су кемелерімен өткізілетін тауарлар кедендік декларацияда көрсетілген тауарлардың келу орнында болуы тиіс.

      Декларант кедендік декларацияны тіркеген кеден органын тауарлардың кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылуы туралы не су көлігімен өткізілетін тауарлардың келу орнында тұрғаны туралы хабардар етуге, кеден органына мәлімделмеген не кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы ие нақтыланған мәліметтерді ұсынуға немесе кеден органын осындай өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттігі жоқ екені туралы хабардар етуге міндетті.

      Егер оларға қатысты алдын ала кедендік декларациялау жүзеге асырылған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалданған болса, декларант тауарлардың кедендік декларацияны тіркеген кеден органын кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғаннан кейін кедендік бақылау аймағында орналастырылғаны туралы хабардар етеді.

      4. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында оларға қатысты алдын ала кедендік декларациялау жүзеге асырылған тауарлар кедендік декларацияны тіркеген кеден органынан ерекшеленетін кеден органы қызметінің өңірінде тұрған кедендік бақылау аймағында орналастырылуы (болуы) мүмкін жағдай белгіленуі мүмкін.

      5. Алдын ала кедендік декларациялау кезінде кеден органы кедендік декларацияларда мәлімделген мәліметтер өзгеретін (толықтыратын) кедендік құжатты тіркеген не кеден органы тауарларға арналған декларацияға өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігінің жоқтығы туралы хабарламаны тіркеген күні қолданыста болған тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылады.

      6. Кеден органы, егер кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде:

      1) тауарлар кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылмаған;

      2) су кемелерімен тасымаланатын тауарларға қатысты кеден органы осы баптың 3-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында оларды түсіруге рұқсат бермеген;

      3) кедендік декларацияны тіркеген кеден органы тауарлардың кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылуы туралы хабардар етілмеген;

      4) кеден органына кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы жетіспейтін мәліметтерді ұсынбаған не кеден органы осындай өзгертулерді (толықтыруларды) енгізу қажеттігі жоқ екені туралы хабардар етілмеген болса, тауарларды шығарудан бас тартады.

      7. Егер тауарларды шығару мерзімі ұзартылған не тауарларды шығарудан бас тартылған жағдайда, декларант осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасауға міндетті.

      8. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде алдын ала кедендік декларациялау міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс болатын жағдай белгіленуі мүмкін.

      9. Комиссия осы бапта реттелмеген бөлігінде, жеке пайдалануға арналған тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындауға құқылы.

115-бап. Толық емес кедендік декларациялау

      1. Толық емес кедендік декларациялау Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты жүзеге асырылады.

      2. Толық емес кедендік декларациялау кезінде көрсетілмеуі мүмкін мынадай:

      1) тауарларды алушы туралы;

      2) тауарлардың межелі елі және (немесе) сауда жасаушы ел туралы;

      3) декларацияланатын тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары туралы;

      4) тауарлардың орамасы (саны, түрі, таңбалануы және реттік нөмірлері) туралы мәліметтерді қоспағанда, осы Кодекстің 106-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер мәлімделуі тиіс.

      3. Кедендік декларациялануы осы бапқа сәйкес жүзеге асырылған тауарлар шығарылғаннан кейін декларант кеден органына, егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында бұдан азырақ мерзім белгіленбесе, тауарлар шығарылған күннен бастап 8 айдан кешіктірмей, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы жетіспейтін мәліметтерді ұсынуға міндетті.

      4. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында оларға қатысты осы баптың ережелері қолданылмайтын тауарлар санаты айқындалуы мүмкін.

116-бап. Мерзімдік кедендік декларациялау

      1. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларация бір мәміле бойынша міндеттемелерді орындау есебінен, жеткізу кезеңі ішінде екі немесе одан да көп партиямен Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарларға қатысты, ал мәміле болмаған кезде - тауарларға иелік ету, пайдалану немесе билік ету құқығын растайтын бір құжат бойынша немесе қайта өңдеу өнімдерін кедендік декларациялау кезінде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы бір құжат бойынша беріледі.

      2. Тауарларға арналған декларация мәлімделетін жеткізу кезеңі басталғанға дейін беріледі. Жеткізу кезеңі деп декларант мәлімдейтін кезең түсініледі, ол күнтізбелік 31 күннен аспайды және ол кезеңде:

      1) кеден органына Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды ұсыну;

      2) Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды жөнелту (тауарларды оларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыға не тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында басқа көлік құралына тиеумен (ауыстырып тиеумен) тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын бірінші тасымалдаушыға тапсыру) жоспарланады.

      3. Осы баптың 2-тармағына көрсетілген мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында жеткізу кезеңі күнтізбелік 1 айдан аспайды деп белгіленуі мүмкін.

      4. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде Комиссия айқындайтын жағдайларды қоспағанда, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мөлшерден асатын мөлшерде тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелугe немесе Одақтың кедендік аумағынан әкетуге жол берілмейді.

      5. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларацияны беру сәтінде өзінің сипаты бойынша декларантқа белгісіз болуы мүмкін мынадай:

      1) тауарлар тасымалданатын көліктің түрі туралы мәліметтерден басқа, тауарлар тасымалданатын көлік құралдары туралы;

      2) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын жекелеген құжаттар туралы;

      3) тауарлар санаттарына және олар тасымалданатын көліктің түріне байланысты Комиссия айқындайтын өзге де мәліметтерді қоспағанда, мәлімделген жеткізу кезеңі ішінде Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу жоспарланған тауарлардың мөлшеріне сүйене отырып, осы Кодекстің 106-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер мәлімделуі тиіс.

      6. Кедендік декларациялау осы бапқа сәйкес жүзеге асырылған тауарларды жеткізудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін декларант кеден органына мына мерзімдерде:

      1) Одақтың кедендік аумағына тауарлар әкелінген жеткізу кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап 1 айдан кешіктірмей;

      2) тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың барлық партиясы Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген күннен кейінгі күннен бастап 2 айдан кешіктірмей тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы жетіспейтін мәліметтерді, сондай-ақ тауарлардың іс жүзіндегі мөлшері туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

      7. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында осы баптың 6-тармағында белгіленгенге қарағанда, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізудің ең аз мерзімі не осы баптың 6-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген мерзімдерді ұзарту мүмкіндігі, ал осы баптың 3-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында жеткізу кезеңі белгіленген кезде - тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізудің өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

      8. Оларға қатысты мерзімдік кедендік декларациялау жүзеге асырылған және Одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған тауарлар жеткізу кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап 6 ай ішінде Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуі тиіс.

      Тауарларды шығаруды жүргізген кеден органы декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілген мерзімді ол өткен күннен бастап 3 айдан көп емес мерзімге ұзартады.

      9. Егер мерзімдік кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлар мәлімделген кезең ішінде осындай тауарларға арналған декларацияны тіркеген кеден органынан талап етілмеген болса, не осы баптың 8-тармағында белгіленген мерзім ішінде Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілмеген жағдайда мұндай тауарларға арналған декларация осы Кодекстің 113-бабының 8-тармағына сәйкес қайтарылып алынуға тиіс.

      10. Осы баптың 9-тармағына сәйкес декларацияны қайтарып алу бойынша әрекеттерді декларант белгіленген мерзімде жүзеге асырмаған жағдайда, кеден органы осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарларды шығарудың күшін жояды.

      11. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында осы баптың ережелері қолданылмайтын тауарлардың санаттары айқындалуы мүмкін.

      12. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында қосымша шарттар белгіленуі мүмкін, оны орындау кезінде осы бапқа сәйкес мерзімдік кедендік декларациялау жүзеге асырылуы мүмкін.

      13. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында мерзімдік кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарларға қатысты жеткізудің барлық кезеңі ішінде кедендік бақылауды жүргізудің ерекшеліктері айқындалуы мүмкін.

117-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарды кедендік декларациялау ерекшеліктері

      1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы белгіленген кезең ішінде жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде жекелеген құрамдауыштар түрінде өткізілетін тауар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауардың кодына сәйкес келетін коды көрсетіле отырып, мұндай тауардың компоненттеріне қатысты бірнеше тауарларға арналған декларациялар беру арқылы декларациялануы мүмкін.

      Осы Кодекстің 21-бабының 3-тармағына сәйкес қабылданатын жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталған немесе жасалып біткен түрде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жіктеу туралы шешімде (бұдан әрі осы бапта - тауарларды жіктеу туралы шешім) осындай бөлік ретінде көрсетілген жиынтық немесе жасалып біткен түрдегі тауардың құрамдас бөлігі тауардың компоненті деп түсініледі.

      2. Осы батпа белгіленген тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен, экспорт кедендік рәсімімен, кедендік қойма кедендік рәсімімен, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен, еркін қойма кедендік рәсімімен, кері экспорт кедендік рәсімімен және кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған кезде қолданылады.

      3. Осы бапта белгіленген тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған жағдайда қолданылады:

      1) тауарларға қатысты оларды жіктеу туралы шешім берілген;

      2) тауарларды жіктеу туралы шешім берілген тұлға тауар компоненттерінің декларанты болып табылады;

      3) тауардың барлық компоненттерін кедендік декларациялау бір кеден органына қатысты жүзеге асырылады;

      4) тауардың компоненттері Одақтың кедендік аумағына бір алушының мекенжайына әкелінеді немесе мұндай аумақтан бір жөнелтушіден әкетіледі.

      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген шарттарға қосымша мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында тауар компоненттерінің бір мәміле шеңберінде Одақтың кедендік аумағына әкелінуге тиіс екендігі белгіленуі мүмкін.

      5. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында тауардың бірінші компонентіне қатысты тауарларға арналған декларация кеден органына берілгенге дейін тауарларды жіктеу туралы шешімді алған соң, декларанттың тауар құрамдауыштарының осы мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалатын нысанда және тәртіппен жоспарланып отырған жеткізілімдері туралы хабарламаны жіберу қажеттігі көзделуі мүмкін.

      6. Одақтың кедендік аумағына шетелдік тауарлар әкелінген кезде тауар компоненттерін кедендік декларациялау осы Кодекстің 114-бабында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылуы мүмкін.

      7. Тауар компоненттерін кедендік декларациялау кезінде осы бапқа сәйкес кедендік-тарифтік реттеу шаралары, кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері, салық мөлшерлемелері, кедендік әкету баждарын, салықтар төлеу бойынша жеңілдіктер, тыйым салулар мен шектеулер, жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауарға қатысты белгіленген және тауар компоненттеріне қатысты тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданылып жүрген ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылады.

      8. Жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауардың соңғы компоненттеріне қатысты тауарларға арналған декларация осындай тауардың бірінші компонентіне қатысты тауарларға арналған декларация тіркелген күннен бастап 2 жылдан аспайтын мерзімде берілуге тиіс.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген мерзімді ұзарту мүмкіндігі, мұндай ұзартудың тәртібі, сондай-ақ жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауардың соңғы компонентіне қатысты тауарларға арналған декларацияны берудің шекті мерзімі белгіленуі мүмкін.

      9. Егер осы баптың 8-тармағына сәйкес белгіленген тауардың соңғы компонентіне қатысты тауарларға арналған декларацияны беру мерзімі бұзылған және (немесе) егер мұндай мерзім аяқталғанға дейін тауарларды жіктеу туралы шешімнің қолданысы тоқтатылған не кері қайтарып алынған жағдайда, мұндай шешімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін не кері қайтарып алынғанға шейін шығарылған тауар компонентіне қатысты тауарларға арналған декларацияларда қамтылған мәліметтерге Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауардың кодын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар компоненттерінің кодтарымен алмастыруға байланысты тиісті өзгерістер (толықтырулар) енгізіледі.

      Тауар компоненттеріне қатысты тауарларға арналған декларацияда қамтылған мәліметтерге өзгерістерді (толықтыруларды) декларант осы Кодекстің 112-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен, осы баптың 8-тармағына сәйкес белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде немесе декларантқа, егер тауарларды жіктеу туралы шешімнің қолданысы тоқтатылған немесе мұндай шешім осы баптың 8-тармағына сәйкес белгіленген мерзім аяқталғаннан басқа өзге негіздер бойынша кері қайтарып алынған болса, тауарларды жіктеу туралы шешімнің қолданысы тоқтатылатыны не кері қайтарып алынатыны туралы хабарланған жағдайда енгізеді.

      10. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында осы бапқа сәйкес кедендік декларациялау жүзеге асырылған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу ерекшеліктері айқындалуы мүмкін.

18-тарау

Тауарларды шығару және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операциялар

118-бап. Тауарларды шығару және тауарларды шығарумен және оларды жоюмен байланысты кедендік операциялар жасау тәртібі туралы жалпы ережелер

      1. Тауарларды шығаруды, егер адам:

      1) тауарларды мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын немесе Одақ туралы шартқа және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тыйым салулар мен шектеулер сияқты шарт тауарлар шығарылғаннан кейін расталуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттарды сақтаған;

      2) кеден органдарының тауарларды шығарумен байланысты іс-қимылдарды жасағаны үшін алынатын кедендік алымдарды, егер мұндай алымдар мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген және оларды төлеу мерзімі тауарлар шығарылғанға дейін, оның ішінде кедендік декларация тіркелгенге дейін белгіленген болса, төлеген жағдайларда, кеден органы жүргізеді.

      2. Тауарларды шығару, кеден органының ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып, электрондық құжатты қалыптастыру арқылы не қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияда немесе қағаз жеткізгіште берілген тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініште тиісті белгілер қою арқылы ресімделеді.

      3. Тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды осы Кодекстің 119-бабында көзделген мерзімдерде немесе Комиссия белгілеген және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде көрсетілген баптың 10-тармағына сәйкес Комиссия белгілеген тәртіппен, Комиссия реттемеген бөлігінде - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін тәртіппен кеден органы жасайды.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында тауарларды келетін жерлерінде шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері айқындалуы мүмкін.

      4. Осы Кодекстің 113-бабының 4 - 6-тармақтарында, 116-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстің 116-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда кедендік декларацияны кері қайтарып алған кезде кеден органы тауарлардың шығарылуын жояды.

      Комиссия және Комиссия көздеген жағдайларда, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында, сондай-ақ декларанттың уәжді өтініші бойынша кеден органы тауарларды шығарудың күшін жоюы мүмкін жағдайлар мен шарттар айқындалуы мүмкін.

      Кеден органының ақпараттық жүйесін пайдаланыла отырып, тауарларды шығарудың күшін жою электрондық құжатты қалыптастыру арқылы не қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияда тиісті белгілер қою арқылы ресімделеді.

      Тауарларды шығарудың күшін жоюға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды, ал Комиссия реттемеген бөлігінде - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      5. Егер тауарларға арналған декларацияда 2 және одан көп тауар туралы мәліметтер берілген жағдайда, кеден органы, егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағында көзделген шығару шарттары сақталған тауарларды шығарады.

      6. Кеден органы шығару жүргізілген тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын адамға, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда - кеден органының ақпараттық жүйесі мен осындай адамдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауы болған кезде, өзге де адамдарды мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде электрондық нысанда тауарларды шығару туралы хабарлайды.

      7. Осы Кодекстің 120 - 122 және 126-баптарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарларға, халықаралық көлікпен тасымалдау құралдары мен керек-жарақтарға қатысты осы Кодекстің 120 - 122 және 126-баптарында және 37 - 39-тарауларында белгіленген тауарларды шығару бойынша кедендік операдияларды жасаудың шарттары және (немесе) ерекшеліктері ескеріле отырып, осы бапқа сәйкес тауарларды шығару жүргізіледі.

      8. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға тауарлардың шығарылғаны туралы не тауарлардың шығарылғаны туралы белгілер қойылған коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға тауарларды шығарудың күшін жою туралы белгілердің қойылу жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.

119-бап. Тауарларды шығару мерзімдері

      1. Тауарларды шығаруды кеден органы кедендік декларация тіркелген сәттен бастап не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың біреуі басталған кезден бастап 4 сағаттың ішінде, ал, егер кедендік декларация кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін кемінде 4 сағат бұрын тіркелген не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың біреуі кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін кемінде 4 сағат бұрын басталған жағдайларда,- осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап 4 сағаттың ішінде аяқтауға тиіс.

      2. Тауарларды кедендік алдын ала декларациялау кезінде осы бапта көзделген тауарларды шығару мерзімдері мынадай мән-жайлардың бірі:

      1) кедендік декларацияны тіркеген кеден органы кедендік декларацияда мәлімделген кедендік бақылау аймағына тауарларды орналастыру туралы хабарламаны алған, ал су кемелері тасымалдайтын тауарларға қатысты, кеден органы осы Кодекстің 114-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген тауар келген жерде оны түсіруге рұқсат берген жағдайда, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер өзгерген (толықтырылған);

      2) кедендік декларацияны тіркеген кеден органы кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағына тауарларды орналастыру туралы хабарламаны алған, ал кеден органы берілген кедендік декларацияға өзгерістерді (толықтыруларды) не кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағына тауарларды орналастыру туралы хабарламаны кеден органы алғaнға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге енгізілген өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттігі жоқ екендігі туралы хабардар етілген немесе су кемелерімен тасымалданатын тауарларға қатысты осы Кодекстің 114-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында түсіруге рұқсат алғанға кезде, - су кемелерімен тасымалданатын тауарларға қатысты, - осы Кодекстің 114-бабының 3-тармағына сәйкес кеден органының кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында оларды түcіpyгe рұқсат беруі басталған кезде есептеледі.

      3. Тауарларды шығару кедендік декларация тіркеген күннен кейінгі күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей, не егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақыттың ішінде мына мән-жайлардың бірі:

      1) кеден органы осы Кодекстің 325-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға сұрау салған және (немесе) кедендік бақылауды өзге нысандарда жүргізу туралы не кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану туралы шешім қабылданған;

      2) декларант кеден органдарына осы Кодекстің 112-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы уәжді өтінішпен жүгінген;

      3) декларант кеден органының осы Кодекстің 112-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын орындамау жағдайы басталған болса, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталғаннан бір күн бұрын аяқталуға тиіс.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларды шығару мерзімі мыналар үшін:

      1) осы Кодекстe көзделген кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, басталған кедендік бақылауды жүргізуге немесе аяқтауға;

      2) кеден органының осы Кодекстің 112-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын орындауға;

      3) осы Кодекстің 121 және 122-баптарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуға қажет уақытқа ұзартылуы мүмкін.

      5. Тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілеттік берген басшы орынбасарының (бастық орынбасарының) не оларды алмастыратын тұлғалардың рұқсатымен ұзартылады.

      6. Тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде, тауарларды шығаруды кеден органы кедендік декларация тіркелген күннен не, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың біреуі басталған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауға тиіс.

      Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде, тауарларды шығаруды кеден органы транзиттік декларация тіркелген күннен не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бipeуi басталған күннен кейінгі күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқтауға тиіс.

      7. Егер кедендік құжаттарды, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімде аяқталмайтын болса және осы Кодекстің 121-бабына сәйкес тауарларды шығару осы Кодекстің 121-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда жүргізілмейтін болса, тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының (бастық орынбасарының) не оларды алмастыратын тұлғалардың рұқсатымен осы баптың 6-тармағымен белгіленген мерзім аяқталған күннен кейінгі күннен бастап осындай тексеру жүргізілу мерзіміне ұзартылады.

      8. Егер кедендік сараптама тағайындалса және оны аяқтау үшін осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімге қарағанда, неғұрлым ұзақ мерзім қажет болса және осы Кодекстің 122-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылмаса не осы Кодекстің 122-бабына сәйкес тауарларды шығару осы Кодекстің 122-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда жүргізілмейтін болса, тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының (бастық орынбасарының) не оларды алмастыратын тұлғалардың рұқсатымен осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім аяқталған күннен кейінгі күннен бастап кедендік сараптама жүргзілу мерзіміне ұзартылады.

      9. Осы баптың 4 - 8-тармақтарына сәйкес тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде кеден органы декларантқа немесе кеден өкіліне рұқсат берілген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей осындай ұзарту туралы хабарлама жібереді.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында хабарламада тауарларды шығару мерзімін ұзартуға негіз болатын себептер көрсетіледі деп белгіленуі мүмкін.

      10. Комиссия және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасы осы баптың 1 және 3-тармағында көрсетілген мерзімдерге қарағанда, тауарларды шығарудың аса ұзақ емес мерзімдерін белгілеуі мүмкін.

      11. Тауарларды шығару мерзімі осы Кодекстің 124-бабына және (немесе) Одақ шеңберінде халықаралық шарттарға сәйкес тоқтатылуы мүмкін.

120-бап. Тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін кедендік операцияларды жасаудың және тауарларды шығарудың ерекшеліктері

      1. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес:

      1) осы Кодекстің 81-бабының 1-тармағында көрсетілген, сондай-ақ Комиссия осы Кодекстің 81-бабының 2-тармағына сәйкес айқындаған тауарлар;

      2) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарлар;

      3) Комиссия айқындайтын өлшемшарттарға сай келетін, заңды тұлғалардың жекелеген санаттары әкелетін, Комиссия бекітетін тізбе бойынша тауарлардың санаттары тауарға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға мәлімделуі мүмкін.

      2. Тауарлар кеден аумағындағы кедендік қайта өңдеу рәсіміне, еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне, еркін қойма кедендік рәсіміне, кедендік баждарды (салықтарды) төлемей, кедендік уақытша әкелу (рұқсат етілу) рәсіміне сәйкес, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген болса, сондай-ақ Комиссия айқындайтын өзге де кедендік рәсімдерге сәйкес Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға мәлімделуі мүмкін.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында кеден аумағындағы кедендік қайта өңдеу рәсіміне, еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне, еркін қойманың кедендік рәсіміне, кедендік баждарды (салықтарды) төлемей кедендік уақытша әкелу (рұқсат етілу) рәсіміне сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға мәлімделуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі белгіленуі мүмкін.

      3. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға тауарларды мәлімделген кезде тауарларға арналған декларацияны беру кезінде тауарлар декларанты болып әрекет ететін тұлға кеден органына тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде тауарларды шығару туралы өтініш береді.

      Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тауарлар декларанты болып әрекет ететін тұлға (осы бапта бұдан әрі - тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлға) береді.

      Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш декларант болып әрекет ететін тұлға, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және декларант болып әрекет ететін тұлғаның тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішінің түріне, тауарлардың санаттарына және кедендік рәсімдерге байланысты Комиссия айқындайтын тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.

      Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің нысанын, мұндай өтініштің құрылымы мен электрондық құжат түріндегі форматын, оларды толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.

      4. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілетін өтінішпен бірге:

      1) шарттарды сақтаған жағдайда осы баптың 13-тармағына сәйкес кеден органы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруды жүргізетін, осы шарттардың сақталуын растайтын құжаттар;

      2) тауарларды жөнелтуші және алушы туралы, тауарларды жөнелтуші ел және межелі ел, тауарлар туралы (атауы, тауар белгісі, мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектісі болып табылатын тауардың шығарылған жерінің атауы және (немесе) кеден органына тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берілетін мүше мемлекеттің кеден органы жүргізетін зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізілімі, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес сипаттамасы, бірінші 6 белгіден кем емес деңгейдегі коды, саны, брутто салмағы және құны) мәліметтерді қамтитын коммерциялық немесе өзге де құжаттар ұсынылуы керек. Осы тармақшада көрсетілген құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған кезде, мұндай мәліметтер тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініште көрсетіледі.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілетін құжаттар, егер мұндай құжаттар туралы мәліметтер және (немесе) олардан алынатын мәліметтер осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес алынуы мүмкін болса, кеден органына ұсынылмайды.

      6. Егер мұндай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес кеден органы ала алмайтын болса, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы электрондық құжат түрінде берілетін өтінішті беру тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды, кедендік баждарды, салықтарды төлеу міндетінің орындалуын қамтамасыз етудің ұсынылуын растайтын құжаттарды ұсынумен сүйемелденеді.

      7. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш кейіннен тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің кедендік декларацияларды тіркеуге құқылы кеден органына беріледі.

      8. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығаруға мәлімделген кезде мұндай тауарлар кеден органына тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берілетін мүше мемлекеттің аумағында болуға тиіс.

      9. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті берген тұлға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, халықаралық шарттар мен кедендік реттеу саласындағы актілердің талаптарын сақтамағаны үшін, оның ішінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініште анық емес мәліметтерді көрсеткені, жарамсыз құжаттарды, оның ішінде қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мәліметтері бар құжаттарды ұсынғаны, белгіленген мерзімде тауарларға арналған декларацияны бермегені үшін жауапты болады.

      10. Кеден органы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркейді немесе Комиссия айқындайтын тәртіппен, Комиссия реттемейтін бөлігінде — мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін тәртіппен осындай өтініш берілген кезден бастап кеден органының жұмыс уақытынан 1 сағатқа кешіктірмей, оны тіркеуден бас тартады.

      11. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш тіркелген сәтінен бастап заңды мәні бар фактілер туралы куәландыратын құжат болады.

      12. Кеден органы мынадай негіздер бойынша:

      1) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш кедендік декларацияларды тіркеуге құқылы емес кеден органына берілсе;

      2) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті уәкілеттік берілмеген адам берсе не қол қойылмаса немесе тиісінше куәландырылмаса;

      3) қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш белгіленген нысанда жасалмаса, электрондық құжат түріндегі өтініштің құрылымы мен форматы осындай өтініштің белгіленген құрылымы мен форматына сәйкес келмесе;

      4) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініште осы баптың 3-тармағының үшінші абзацына сәйкес көрсетуге жататын мәліметтер көрсетілмесе;

      5) қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде берілетін тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішпен бірге осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар берілмесе;

      6) электрондық құжат түрінде берілетін тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішпен бірге осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттар берілмесе;

      7) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті берген күнге, осындай өтініш берген адамда, осы баптың 16-тармағында және осы Кодекстің 441-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін бұрын шығарылған тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны беру жөнінде opындалмаған міндетінің болуы;

      8) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берілген тауарлар кеден органына тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берілетін мүше мемлекеттің аумағында болмаса, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеуден бас тартады.

      13. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлға:

      1) егер тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті уәкілетті экономикалық оператор берген болса, осы баптың 1 және 2-бабының ережелерін немесе осы Кодекстің 441-бабының 1-тармағының ережелерін сақтаған;

      2) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу шарттарын, сондай-ақ Одақ туралы шартқа және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, тыйым салулар мен шектеулерді сақтау сияқты шарт тауарларды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, тауарларды мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтаған;

      3) осы баптың 14-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, сондай-ақ осы Кодекстің 441-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну талап етілмейтін жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынған ретте, кеден органы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруды жүргізеді.

      14. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну мыналарға қатысты:

      1) дүлей апаттардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою үшін қажетті тауарларға;

      2) бейбітшілікті сақтап қалу акцияларын орындауға не оқу-жаттығулар жүргізуге қажетті соғыс мақсатындағы өнімдерге;

      3) гуманитарлық және техникалық көмекке;

      4) мүше мемлекеттердің валютасына, шетелдік валютаға, өзге де валюталық құндылықтарға, бағалы металдарға, оның ішінде мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері мен олардың филиалдары әкелетін алтынға;

      5) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын өзге де тауарларға қатысты талап етілмейді.

      15. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетінің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 9-тарауына және 75-бабына сәйкес ұсынылады.

      16. Осы бапқа сәйкес шығарылған тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлға тауарлар шығарылған айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей не осы Кодекстің 441-бабының 4-тармағында айқындалған мерзімде беруге тиіс.

      Осы тармақта көрсетілген мерзімді есептеу осы Кодекстің 4-бабы 6-тармағының ережелері ескеріле отырып жүргізіледі.

      17. Кеден органы осы Кодекстің 111-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияны тексеру және осы баптың 13-тармағының 2-тармақшасына сәйкес тауарларды шығарған кезде сақталмаған тауарларды мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтау, сондай-ақ осы Кодекстің 118-бабы 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген шарттарды сақтау нәтижелері бойынша электрондық құжат жасайды және оны декларантқа жібереді не қағаз тасымалдағышта берілген тауарларға арналған декларацияда және (немесе) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы мәліметтерді қамтитын коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға тиісті белгілер қояды.

      18. Кедендік операцияларды жасау және тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік-тарифтік реттеу шаралары, мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері және кеден органы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеген күнге әрекет ететін валюталар бағамы қолданылады.

      19. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару осы Кодекстің 119-бабында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Бұл ретте тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару мерзімдері тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінші тіркелген күннен бастап есептеледі.

      20. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығарумен байланысты кедендік операциялар жасаудың өзге ерекшеліктерін Комиссия айқындауы мүмкін және Комиссия айқындағанға дейін мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында не Комиссия көздеген жағдайларда айқындалуы мүмкін.

      21. Декларанты уәкілетті экономикалық оператор болатын тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығарумен байланысты кедендік операциялар осы Кодекстің 441-бабы ескеріле отырып жасалады.

121-бап. Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтағанға дейінгі тауарларды шығарудың ерекшеліктері

      1. Тауарларды шығару мерзімінде аяқтау мүмкін болмаса, кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтағанға дейінгі тауарларды шығаруды осы баптың 2-тармағының 1-тармақшасында және 3-тармағында көзделген жағдайларды және осы баптың 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін жағдайларды қоспағанда, кеден органы тауарларға арналған декларацияда есептелген мөлшерде кедендік баждар, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеген және осы Кодекстің 65-бабының 4 және 5-тармақтарына және 75-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес айқындалған мөлшерде кедендік бажды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда жүргізеді.

      2. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мынадай жағдайларда:

      1) тауарлардың декларанты болып уәкілетті экономикалық оператор әрекет еткенде;

      2) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда берілмейді.

      3. Егер кеден өкілі кедендік операцияларды декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша жасаған болса және мұндай кеден өкілі осы Кодекстің 405-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша декларантпен ортақ міндетті атқаратын болса, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі орындалуын қамтамасыз ету, Комиссия айқындайтын шарттар сақталған кезде, ал оларды Комиссия айқындағанға дейін - мүше мемлекеттердің заңнамасында ұсынылмауы мүмкін.

      4. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 9-тарауына және 75-бабына сәйкес беріледі.

122-бап. Кедендік сараптаманы тағайындау кезінде тауарларды шығарудың ерекшеліктері

      2. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мынадай жағдайларда:

      1) тауарлардың декларанты болып уәкілетті экономикалық оператор әрекет еткенде;

      2) кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген өзге де жағдайларда берілмейді.

      3. Егер декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша кедендік операцияларды кеден өкілі жасаған жағдайда, мұндай кеден өкілі осы Кодекстің 405-бабына сәйкес декларантпен бірге кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі ынтымақтық міндетте болады, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету Комиссия айқындаған, ал оларды Комиссиян айқындағанға дейін - мүше мемлекеттердің заңнамаларындағы шарттар сақталған кезде берілмейді.

      4. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 9-тарауына және 75-бабына сәйкес беріледі.

      5. 5. Осы баптың 1-тармағының ережелері кеден органы тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарына қарағанда, өзге түрде белгіленген тыйым салулар мен шектеулерді және (немесе) ішкі нарықты қорғау шараларын және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарды қолдану мүмкіндігін көрсететін белгілерді анықтаған және декларанттың оларды сақталуын растамаған жағдайда, қолданылмайды.

123-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс анықталған кезде тауарларды шығарудың ерекшеліктері

      Әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс анықталған жағдайда тауарларды шығару әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесс) туралы іс бойынша өндіріс аяқталғанға немесе қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталғанға дейін, мұндай тауарлар алынбаса немесе оларға мүше мемлекеттердің заңнамасы сәйкес тыйым салынбаса кеден органы жүргізеді.

124-бап. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру және мұндай тауарларды шығару мерзімін қайта жаңғырту

      1. Егер мүше мемлекеттік-зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне немесе аумағында тауарлар кедендік рәсіммен орналасатын, мүше мемлекеттің кеден органы жүргізетін зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органы зияткерлік меншік құқығын бұзушылық белгілерін анықтаған жағдайда, мұндай тауарларды шығару мерзімі 10 жұмыс күніне дейінгі тоқтатыла тұрады.

      2. Бұл мерзім құқық иеленушінің немесе оның мүддесін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүддесін білдіретін тұлғаның сұрау салуы бойынша кеден органымен құқық иеленушінің немесе оның мүддесін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүддесін білдіретін тұлғаның мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, және де мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген өзге де жағдайда уәкілетті органға құқық иеленушінің құқықтарын қорғау үшін жүгінсе, ол 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      3. Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы және тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешімдерді кеден органының жетекшісі (басшысы) немесе ол өкілдік берген тұлға қабылдайды.

      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарымен белгіленген мерзімдер осы Кодекстің 4-бабының 8-тармағына сәйкес есептеледі.

      5. Кеден органы зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей, декларантты және құқық иеленушіні немесе оның мүддесін білдіретін тұлғаны немесе бірнеше құқық иеленушінің мүддесін мұндай тоқтата тұру себептері және тоқтата тұру мерзімі туралы хабардар етеді, сондай-ақ декларантқа құқық иеленушінің және (немесе) оның мүддесін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүддесін білдіретін тұлғаның атын (аты жөні, тегі (бар болған жағдайда)) және орналасқан жерін (мекенжайын), ал құқық иеленушіге немесе оның мүддесін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүддесін білдіретін тұлғаға декларанттың атын (аты жөні, тегі (бар болған жағдайда)) және орналасқан жерін (мекенжайын) хабарлайды.

      6. Кеден органына тауарларды алуды, оларға тыйым салуды не оларды тәркілеуді растайтын құжаттарды не мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өзге де құжаттарды табыс еткен жағдайларды қоспағанда, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімі өткеннен кейін мұндай тауарларды шығару мерзімі жаңғыртылады.

      7. Кеден органдары мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес құқық иеленушінің өтінішінсіз, аумағында тауарлар кедендік рәсімдермен орналастырылатын мүше мемлекеттің кеден органы жүргізетін мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне немесе зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізіліміне енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұруға құқылы.

      8. Егер құқық иеленушінің құқығын бұзушылық анықталмаған болса, осы бапқа сәйкес тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру нәтижесінде декларантқа, меншік иесіне, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды алушыға, мүліктік зиян (шығын) келтіргені үшін құқық иеленуші мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      9. Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім келесідей жағдайларда күшін жоюға жатады:

      1) кеден органына мұндай шешімді жою туралы құқық иеленушіден немесе оның мүддесін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүддесін білдіретін адамнан өтініш түссе;

      2) зияткерлік меншік объектісі аумағында тауарларды кедендік рәсімдеу орналасқан, мүше мемлекеттің кеден органы жүргізетін зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізіліміне немесе мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімінен алынып тасталса;

      3) өзге жағдайлар мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленсе.

      10. Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім кеден органының жетекшісімен (басшысымен) немесе ол өкілдік берген тұлғамен тоқтатылады.

      11. Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім күшін жойғаннан кейін мұндай тауарларды шығару мерзімі жаңғыртылады.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасымен мұндай тауарларды шығару мерзімінің жаңғыртылмайтын жағдайлары да белгіленуі мүмкін.

      12. Кеден органы декларантқа, құқық иеленушіге немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаға Комиссиямен анықталған тәртіпте, тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарлар туралы ақпаратты ұсынады.

      13. Осы бапқа сәйкес декларант, құқық иеленуші немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушілердің мүдделерін білдіретін тұлға алған ақпарат құпия болып табылады және мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, олар мұны жария етпеуге, үшінші тұлғаға, сондай-ақ мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына бермеуге тиіс.

      14. Кеден органының рұқсатымен декларанттың, құқық иеленушінің, немесе олардың мүддесін немесе бірнеше құқық иеленушілердің мүдделерін білдіретін тұлғаның оларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарлардың сынамалары мен (немесе) үлгілерін алуға, оларға зерттеу жүргізуге, сондай-ақ мұндай тауарларды қарауға, суретке түсіруге немесе өзге де тәсілмен белгілеп қоюға құқығы бар.

      15. Тауарларды шығару мерзімін тоқтату туралы және тауарларды шығару мерзімін тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешімдерді рәсімдеу тәртібі, декларанттың, құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушілердің мүдделерін білдіретін тұлғаның мәлімдемелері, осындай шешімдерді қабылдау туралы, сондай-ақ тауарды шығару мерзімін тоқтату туралы шешімді жоюды рәсімдеу тәртібін Комиссия анықтайды.

125-бап. Тауарларды шығарудан бас тарту және тауарларды шығарудан бас тартуға байланысты кедендік операциялар жасасу тәртібі

      1. Кеден органы:

      1) кеден органы тауарларды шығарған кездегі шарттардың, оның ішінде осы Кодекстің 120 - 123-баптарында көзделген, сондай-ақ жеке басы үшін пайдаланатын тауарларға, халықаралық көлік тасымалдау құралдарына және керек-жарақтарға қатысты шарттардың орындалмауы;

      2) кеден органының осы Кодекстің 112-бабының 2-тармағында қарстырылған жағдайда кеден декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талаптарының орындалмауы;

      3) осы Кодекстің 114-бабының 6-тармағында көзделген міндеттер алдын ала кедендік декларациялау басталған кезде;

      4) мерзімді кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 116-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген осындай кедендік декларациялау ерекшеліктері сақталмағанда және (немесе) декларанттың кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарды, пайыздарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндетін белгіленген мерзімде орындамауы болғанда;

      5) тауарларды осы Кодекстің 119-бабының 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімдері шегінде бермеуі;

      6) осы Кодекстің 124-бабының 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда тауарларды нығару мерзімінің жаңартылмауы;

      7) осы Кодекстің 325-бабының 2 және 7-тармақтарында қарастырылған талаптардың орындалмауы;

      8) жеке басы үшін пайдаланатын тауарлардың осы Кодекстің 256-бабының 4-тармағына сәйкес жеке басы үшін пайдаланатын тауарларға жатқызылмауы;

      9) мынадай:

      әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғауға негіз болып табылмайтын анықталған бұзушылықтар жойылса,

      мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес анықталған бұзушылықтар жойылса және декларацияланған тауарлар алып қойылмаса, оларға тыйым салынбаған жағдайларды қоспағанда, кеден органдары кедендік бақылауды жүргізген кезінде мүше мемлекеттердің кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттары мен актілерін және (немесе) заңнамаларын бұзғаны анықталған негіздер бойынша тауарларды шығарудан бас тартады.

      2. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында, егер декларантқа қатысты банкроттық туралы іс қозғалған болса, кеден органының тауарларды шығарудан бас тартуы қарастырылуы мүмкін.

      3. Тауарларды шығарудан бас тарту электронды құжат қалыптастыру жолымен не қағаз тасығыштағы кедендік декларацияға немесе қағаз тасығышта берілген тауарларға декларациялар берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішке тиісті белгі қою жолымен кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделеді.

      4. Тауарларды шығарудан бас тартуға байланысты операцияларды кеден органы Комиссия айқындаған тәртіппен, ал Комиссия реттемеген бөлігінде - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен жасайды.

126-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлар

      1. Оларға қатысты:

      1) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі тауарларды пайдалану және (немесе) оларға иелік ету жөніндегі шектеулермен байланысты жеңілдіктер қолданылды;

      2) Одақ туралы Келісімге және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін;

      3) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес (Одақ туралы шартқа мемлекеттің қосылуы туралы халықаралық шарттар) (бұдан әрі - Одаққа кіру туралы халықаралық шарттар) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен өлшемшарттары қолданылған болса, ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімімен орналастырылған тауарлар шартты түрде шығарылған деп саналады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шартты шығарылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдікті табыс ету шарттары және мақсаттары, сондай-ақ осы жеңілдіктерді пайдаланумен байланысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) иелену бойынша шектеулер сақталуы қажет.

      Осы Кодекстің 38-тарауына сәйкес халықаралық тасымалдау көлік құралы ретінде, көлік құралы болып табылатын, осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шартты шығарылған тауарларды, бұл пайдалану кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді табыс ету шарттарын және мақсаттарын бұзбаған жағдайда, сондай-ақ осындай жеңілдіктерді пайдаланумен байланысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) пайдалану бойынша белгіленген шектеулерді сақтамауға алып келмесе пайдалануға болады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген шартты шығарылған тауарларды үшінші тұлғаға беруге тыйым салынған, оның ішінде оларды сату немесе өзге де тәсілдермен айыру, ал осы тауарлардың қауіпсіздігін тексерумен байланысты Одақтың кедендік аумағына көрсетілген тауарларды әкелуге шектеу болса - оларды кез-келген нұсқада пайдалануға (пайдалануға, тұтынуға) тыйым салынады.

      4. Осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларды мүше мемлекеттің аумағы шегінде, егер Одақ шеңберіндегі халықаралық шартпен немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шартпен өзгеше белгіленбесе, оларды шығаруды жүргізген кеден органы пайдалануы мүмкін.

      5. Осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тауарлар олар Одақтың тауарлары мәртебесін алғанға дейін олар:

      1) осы Кодекстің 176-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен;

      2) осы Кодекстің 184-бабына сәйкес не осы Кодекстің 277-бабының 3-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайда кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсім қолданысын аяқтау үшін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған кезде осы бапқа сәйкес шартты түрде шығарылған болып қалады.

      6. Шартты түрде шығарылған тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады және мұндай тауарлар Одақтың тауарлары мәртебесін алғанға дейін кедендік бақылауда болады.

      7. Шартты түрде шығарылған тауарлар:

      1) осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты - мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылғаннан;

      2) осы баптың 1-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген, тауарларға қатысты тиым салулар мен шектеулердің сақталуы расталғаннан;

      3) егер Одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шартқа сәйкес кедендік әкелу бажын осындай мөлшерде төлеу, не осы Кодекстің 136-бабының 6-тармағында көзделген өзге мән-жайлардың басталуына байланысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті тоқтату көзделсе, - осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын төлеу жөніндегі және (немесе) оларды Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген, кедендік әкелу баж мөлшерлемесі бойынша есептелген кедендік әкелу баж сомасының және тауарларды шығару кезінде төленген кедендік әкелу баж сомасының айырмашылығы мөлшерінде не Одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шартқа сәйкес белгіленген өзге мөлшерде өндіріп алу бойынша міндетті орындағаннан кейін Одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.

      8. Одақтың тауарлары мәртебесіне ие болу үшін шартты түрде шығарылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайтадан орналастыруға жатпайды.

      Осы баптың 7-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген жағдайда, тауарларды шығарғаннан кейінгі тиым салуларды және шектеулерді сақтауды растау тәртібі мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.

      9. Кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттің заңнамасымен шартты түрде шығаруға тауарларды жатқызудың өзге де жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.

IV БӨЛІМ КЕДЕНД1К РӘСІМДЕР

19-тарау

Кедендік рәсімдер туралы жалпы ережелер

127-бап. Кедендік рәсімдерді қолдану

      1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және өзге де тауарлар, осы Кодекспен белгіленген жағдайларда, Одақтың кедендік аумағында болуы және пайдалану, Одақтың кедендік аумағынан әкету және (немесе) Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде болуы және пайдалану үшін, осы Кодекспен өзгеше белгіленбесе, кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.

      2. Одақтың кедендік аумағында тауарлардың болуы және пайдалану, оларды Одақтың кедендік аумағынан әкету және (немесе) Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде болуы және пайдалану мақсатына байланысты тауарларға қатысты мынадай:

      1) ішкі тұтыну үшін шығару;

      2) экспорт;

      3) кедендік транзит;

      4) кедендік қойма;

      5) кедендік аумақта қайта өңдеу;

      6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;

      7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;

      8) еркін кедендік аймақ;

      9) еркін қойма;

      10) уақытша әкелу (жіберу);

      11) уақытша әкету;

      12) кері импорт;

      13) кері экспорт;

      14) бажсыз сауда;

      15) жою;

      16) мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімдері;

      17) арнайы кедендік рәсім қолданылады.

      3. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар өзге кедендік рәсімдермен, не осындай кедендік рәсіммен:

      1) тауарлар орналастырылған кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін;

      2) тауарлар орналастырылған кедендік рәсімнің қолданысын тоқтата тұру үшін;

      3) Одақтың кедендік аумағы бойынша тауарларды тасымалдау (тасу) үшін және (немесе) Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы және (немесе) осы Кодекске сәйкес теңіз арқылы тасымалдау үшін орналастырылуы мүмкін.

      4. Тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру шарттарын, оларды осындай кедендік рәсімдермен орналастырғаннан кейін кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларды пайдалану шарттары мен тәртібін, кедендік рәсімдердің қолданысын аяқтау, тоқтату, тоқтата тұру және жаңғырту тәртібін, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды оларды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттердің туындау және тоқтатылу жағдайын, кедендік рәсімдермен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға, не кедендік рәсімді қолдану шеңберінде алынған (қалыптасқан), жасалған (алынған) тауарларға қатысты оларды төлеу мерзімін және (немесе) ерекшеліктерін қоса, кедендік рәсімдердің мазмұны және кедендік рәсімдерді қолдану тәртібін реттейтін ережелер осы бөлімнің тиісті тарауларында, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда, - Комиссия және (немесе) кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.

      5. Кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасымен кедендік транзиттің кедендік рәсімдерін және кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімдерін қоспағанда, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру шарттарына қосымша, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалу қамтамасыз ету ретінде, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру шарттары белгіленеді.

128-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру

      1. Осы Кодекстің 83-бабында көрсетілген тұлғалар, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерді, тауарларды кедендік декларациялау кезінде оны мәлімдеу жолымен, не тауарға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығаруға мәлімдеген кезде, не порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына тауарларды әкелу жолымен таңдауға құқылы.

      2. Кедендік рәсіммен тауарларды орналастыру, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кеден органына кедендік декларацияны немесе тауарға арналған декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтінішті берген кезден бастап басталады және осы Кодекстің 204-бабының 1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарларды шығарумен аяқталады.

      3. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күні ретінде, осы Кодекстің 204-бабы l-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарлар шығарылған күн саналады.

      4. Тауарларды мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтауды растау бойынша міндеттеме декларантқа жүктеледі.

      5. Санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық және басқа да мемлекеттік бақылау (қадағалау) түрлеріне жататын тауарлар мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиісті түрі жүзеге асырылғаннан кейін ғана кедендік рәсіммен орналастырылады.

      6. Егер тарифтік емес реттеу шараларын енгізу кезінде, оларға қатысты осындай шара енгізілетін тауарларды орналастыруға жол берілмейтін кедендік рәсімдер айқындалса, онда көрсетілген тауарлар осы бөлімнің ережелеріне қарамастан мұндай кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайды.

129-бап. Кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау, тоқтату, тоқтата тұру және жаңғырту

      1. Кедендік рәсімдердің қолданысы, егер бұл осы Кодексте көзделген жағдайларда, - осы Кодексте Комиссия немесе кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде аяқталуға жатады.

      2. Кедендік рәсімнің қолданысы, егер осы кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін көзделген мерзімде тіркеген жағдайда, кеден органы мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарлар шығарудан бас тартқан не кедендік декларация осы Кодекстің 113-бабына сәйкес кері қайтарылған жағдайды қоспағанда, кеден органы белгілеген кедендік рәсім қолданысының мерзімі өткенге дейін аяқталған болып саналады.

      3. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табылатын тұлғалар таратылған жағдайда, мүше мемлекеттер заңнамасымен осы Кодексте көзделгеннен, өзге, ол өткенге дейін кедендік рәсімнің қолданысы аяқталуы тиіс мерзім, сондай-ақ кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау бойынша міндеттеме жүктелетін тұлғалар белгіленуі мүмкін.

      4. Кедендік рәсімдердің қолданысы, егер бұл осы Кодексте көзделген жағдайларда, - осы Кодексте Комиссия немесе кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқтатылады.

      5. Осы Кодекспен көзделген жағдайларда, қолданысы тоқтатылған кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды, сондай-ақ осындай кедендік рәсімдерді қолдану шеңберінде алынған (туындаған), жасалған (алынған) тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кідіртеді.

      6. Қолданысы тоқтатылған кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ осындай кедендік рәсімдерді қолдану шеңберінде алынған (туындаған), жасалған (алынған), кеден органдары осы баптың 5-тармағына сәйкес кідіртпеген тауарлар, осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес уақытша сақтауға орналастыруға жатады.

      7. Одақтың кедендік аумағында тұрған, оларға қатысты кедендік рәсім қолданысы тоқтатылған шетелдік тауарлар, Одақтың кедендік аумағында одан әрі болуы және пайдалану не Одақтың кедендік аумағынан әкету үшін осы Кодекспен көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.

      Қолданысы тоқтатылған кедендік рәсімдерді қолдану шеңберінде алынған (пайда болған), жасалған (алынған) тауарлар, одан әрі Одақтың кедендік аумағында болуы және пайдаланылуы, Одақтың кедендік аумағынан әкету немесе осындай аумаққа әкелу үшін осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың кедендік рәсімдердің қолданысы кезеңінде алған мәртебесіне байланысты осы тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылуға жатады.

      Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде тұрған, оларға қатысты кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылған тауарлар одан әрі Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде болуы үшін Одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен, ал Одақтың кедендік аумағына әкелу үшін шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылуға жатады.

      8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен тауарларды орналастыру кезінде осындай тауарларға қатысты кедендік рәсім қолданысы тоқтатылғаннан кейін осы Кодекстің 226-бабында көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, тиісті кедендік рәсім қолданысын аяқтау үшін тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде қолданылатын осы Кодексте көзделген кедендік бажды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері есепке алынбастан, осы Кодекстің ережелері қолданылады.

      9. Кедендік рәсімнің қолданысы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды не кедендік рәсіммен осындай тауарларды қайта өңдеу өнімдерін орналастыру жолымен, сондай-ақ осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Өзге кедендік рәсім қолданысын тоқтата тұру үшін қолданылатын кедендік рәсім, сондай-ақ кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатыла тұруы мүмкін жағдайлар, осы Кодекспен, ал егер бұл осы Кодекспен көзделсе, - Комиссия айқындайды.

      Белгіленген жағдайларда кедендік рәсімдердің қолданысын тоқтата тұру және жаңғырту тәртібін Комиссия айқындайды.

130-бап. Кедендік рәсімдердің қолданысы мерзімдерін ұзарту

      1. Кеден органы белгілеген кедендік рәсім қолданысының мерзімін кеден органы ол аяқталғанға дейін, ал осы Кодекспен немесе осы Кодекстің 165-бабы 3-тармағына, 178-бабының 3-тармағына және 190-бабының 3-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделген жағдайларда, - осы Кодекспен көзделген мерзімдер немесе Комиссия айқындаған немесе осы Кодекске сәйкес кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген мерзімдер шегінде ол аяқталғаннан кейін ұзартады.

      2. Кеден органы белгілеген кедендік рәсім қолданысының мерзімін ұзарту тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасымен белгіленеді.

131-бап. Ішкі нарықты арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарға қарағанда өзге түрде белгіленген қорғау шараларын сақтау және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген кедендік рәсіммен тауарларды орналастыру кезіндегі өзге де баждар

      Ішкі нарықты арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарға қарағанда өзге түрде белгіленген қорғау шараларын сақтау және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген кедендік рәсіммен тауарларды орналастыру кезіндегі өзге де баждар тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде расталады, олармен орналастыру жағдайларын, егер осы Кодекспен, Одақ туралы шартпен немесе осындай шараларды енгізетін Комиссия актілерімен өзгеше көделмесе, осындай шараларды сақтау көзделеді.

132-бап. Мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану жағдайларын сақтау

      1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырғаннан кейін сақталуға жататын мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану жағдайларын сақтау бойынша міндеттеме декларантқа, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес өзге тұлғаларға жүктеледі.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тұлғалар мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану жағдайларын бұзғаны үшін жауапты болады.

133-бап. Мүше мемлекеттің кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды алып қою (тыйым салу), тәркілеу немесе меншігіне (кірісіне) айналдыру салдарлары

      1. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды алып қойған не осындай тауарларға тыйым салынған жағдайда мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бұл тауарларға қатысты кедендік рәсім қолданысы тоқтатыла тұрады.

      2. Егер тауарларды алып қоюды жою не оларға тыйым салуды жою туралы шешім қабылданған жағдайда, кедендік рәсім қолданысы осындай шешім заңды күшіне енген күннен кейінгі күннен бастап немесе осындай шешімде көрсетілген күннен бастап жаңғыртылады.

      3. Кедендік рәсім қолданысын жаңғыртқан кезде осы бөлімге сәйкес есептеу және төлеу көзделген пайыздар кедендік рәсім қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде есептелмейді және төленбейді.

      4. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар соттың шешімі бойынша тәркіленген немесе мүше мемлекеттің меншігіне (табысына) айналдырылған жағдайда бұл тауарларға қатысты кедендік рәсім қолданысы тоқтатылады.

      5. Егер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту олардың тауарларды кедендік рәсімге сәйкес пайдалану жағдайларын сақтамауына байланысты болса және жол берілген сақтамау осы кедендік рәсімді одан әрі қолдану мүмкіндігін тудыратын болса, кедендік рәсім қолданысы тұлғаны жауапкершілікке тарту жөніндегі тиісті шешім күшіне енген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде аяқталуы тиіс.

      Кедендік рәсім қолданысы осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген мерзімде аяқталмаған кезде кедендік рәсім қолданысы тоқтатылады, ал тауарлар осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдары кідіртіледі.

20-тарау

Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі

134-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімінің мазмұны мен қолданылуы

      1. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі - шетел тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім, оған сәйкес тауарлар Одақтың кеден аумағында, осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, шетел тауарларына қатысты халықаралық шарттарда және кедендік реттеу саласындағы актілерде көзделген иелену, пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеусіз орналасады және пайдаланылады.

      2. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы Кодекстің 126-бабының 1-тармағында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларды қоспағанда, Одақ тауарлары мәртебесіне ие болады.

      3. Мыналарға қатысты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қолдануға жол беріледі:

      1) кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу рәсімі қолданылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын және кері экспорт кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарлар;

      2) осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін осы Кодекстің 277-бабы 3-тармағының бірінші абзацына сәйкес кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсіміне түскен уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары;

      3) осы Кодекстің 277-бабы 2-бабының екінші абзацында көзделген жағдайда уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары.

135-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

      1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      1) осы Кодекске сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу;

      2) осы Кодекске сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу;

      3) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;

      4) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда өзгеше түрде белгіленген ішкі нарықты қорғау шараларын сақтау болып табылады.

      2. Осы Кодекстің 134-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      1) тауарларды Одақтың кедендік аумағынан нақты әкету күнінен кейінгі күннен бастап 3 жыл ішінде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру;

      2) табиғи тозу салдарынан өзгеруді, сондай-ақ қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде табиғи жойылу салдарынан өзгеруді қоспағанда, тауарларды өзгеріссіз күйде сақтау;

      3) кеден органдарының тауарларды идентификаттау мүмкіндігі;

      4) кеден органына Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетудің мән-жайлары туралы осы құжаттар туралы кедендік және (немесе) өзге де құжаттарды табыс ету арқылы расталатын мәліметтерді немесе осындай құжаттар туралы мәліметтерді табыс ету;

      5) осы баптың 1-тармағының 1 және 2-тармақшаларында көзделген шарттарды сақтау болып табылады.

136-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі

      1. Декларанттың ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеті кеден органы тауарларға декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.

      2. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын, бір алушының мекенжайына бір жөнелтушіден бір көлік (тасымалдау) құжаты бойынша әкелінетін және жалпы кедендік құны 200 еуроға балама сомадан, ал егер Комиссия осындай соманың өзгеше мөлшерін белгілеген болса — Комиссия кеден органы тауарларға декларацияны тіркеу күні қолданылатын валюта бағамы бойынша белгілеген сома мөлшерінен аспайтын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындамайды. Бұл ретте осы тармақтың мақсаты үшін Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды келетін орнына дейінгі тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстар, осындай тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге жұмсалатын шығыстар және мұндай тауарларды осылай тасуға (тасымалдауға), тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге байланысты сақтандыру шығыстары кеден құнына қосылмайды.

      Осы Кодекстің 199 және 200-баптарында көрсетілген және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет туындамайды.

      Комиссия осы тармақтың бірінші абзацында көзделген сомаға қарағанда өзгеше сома мөлшерін белгілеуге құқылы, оның шегінде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын, бір жөнелтушіден бір көлік (тасымалдау) құжаты бойынша бір алушының мекенжайына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындамайды.

      3. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты декларантта кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштаспаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдалана отырып, осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанда;

      2) егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, осы баптың 14-тармағының 1-тармақшасына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу және (немесе) есептелген және төленуге жататын мөлшерде өндіріп алу жөніндегі міндет орындалғанда;

      3) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы осы Кодекске сәйкес осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі осындай жоюға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін басталған жағдайларды қоспағанда, авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері не қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайы кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісі салдарынан шетел тауарларының жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін танығанда;

      4) ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартқанда - тауарларға декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндетке қатысты;

      5) тауарларға декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 113-бабына сәйкес кедендік декларацияны қайтарып алғанда және (немесе) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылымын жойғанда;

      6) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарларды тәркілегенде немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырғанда;

      7) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органы тауарларды кідірткенде;

      8) қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысынд, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу (әкімшілік процесті жүргізу) барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын мұндай тауарлар шығарылмаған болса, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.

      4. Тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған осындай тауарларға қатысты декларанттың кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) егер осы кезеңде осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, көрсетілген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге де мерзімі белгіленбесе, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен бастап 5 жыл өткенде;

      2) осы кезеңде осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер қолданылуының өзге де белгіленген мерзімі аяқталғанда;

      3) ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауар шығару күнінен бастап 5 жыл өткенген дейін не осы кезеңде осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, көрсетілген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер қолданылуының өзге де белгіленген мерзімі өткенге дейін тауарларды кедендік жою рәсімімен орналастырғанда;

      4) кедендік әкелу баждарын төлеу және (немесе) оларды осы баптың 11-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде осы баптың 14-тармағының 2-тармақшасына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде өндіріп алу жөніндегі міндет орындалғанда;

      5) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы шетел тауарларының авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасудың (тасымалдаудың) қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы шетел тауарларына қатысты осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі осы Кодекске сәйкес осындай жоюға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін басталған жағдайларды қоспағанда, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару күнінен бастап 5 күн өткенге дейін не тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер қолданудың өзге де белгіленген мерзімі өткенге дейін танығанда;

      6) ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен бастап 5 жыл өткенге дейін не тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер қолданудың өзге де белгіленген мерзімі өткенге дейін тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырғанда;

      7) тауарларды кері экспорт рәсімімен орналастырғанға дейін осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған жағдайда тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастырғанда;

      8) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарлардың тәркілеу немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдыру басталғанда тоқтатылады.

      5. Одақ шеңберінде халықаралық шарттарға немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарын неғұрлым төмен мөлшерлеме бойынша төлей отырып ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу және (немесе) осы баптың 14-тармағының 1-тармақшасына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде оларды өндіріп алу жөніндегі міндеттің орындалуы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген мөлшерлеме бойынша есептелген кедендік әкелу баждары сомалары мен тауарларды шығару кезінде төленген кедендік әкелу баждары сомаларының айырмасы мөлшерінде не Одақ шеңберінде халықаралық шарттарға немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген өзге де мөлшерде кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті тоқтатпайды.

      6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын осы тармақта көрсетілген мөлшерде төлеу жөніндегі міндет мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) кедендік әкелу баждарын төлеу және (немесе) осы баптың 14-тармағының 3-тармақшасына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде өндіріп алу жөніндегі міндет орындалғанда;

      2) егер Одақ шеңберінде халықаралық шарттар немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарда не Комиссия осы кезең ішінде осы баптың 13-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, осы баптың 7-тармағының екінші абзацына сәйкес тауарлар шетел тауарлары мәртебесін сақтайтын өзге мерзімді белгілемесе, осы баптың 7-тармағының бірінші абзацына сәйкес Комиссия айқындаған тізбеге енгізілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарған күннен бастап 5 жыл өткенде;

      3) Одақ шеңберінде халықаралық шарттарда немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарда осы кезеңде осы баптың 13-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайтын өзге мерзім өткенде;

      4) осы кезеңде осы баптың 13-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, Комиссия осы баптың 7-тармағының екінші абзацына сәйкес айқындаған тізбеге (тізбелерге) енгізілген тауарларға қатысты Комиссия осы баптың 7-тармағының екінші абзацына сәйкес айқындаған мерзім өткенде;

      5) тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырғанда;

      6) мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы шетел тауарларының авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы шетел тауарларына қатысты осы баптың 13-тармағында белгіленген кедендік баждарды төлеу мерзімі осы Кодекске сәйкес осындай жоюға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін басталғанған жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың 2 - 4-тармақшаларында көзделген мән-жайлар басталғанға дейін танығанда;

      7) тауарларды кедендік жою рәсімімен осындай орналастырғанға дейін осы баптың 13-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, кедендік жою рәсімімен орналастырғанда;

      8) тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастырғанға дейін осы баптың 13-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, кедендік кері экспорт рәсімімен орналастырғанда;

      9) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарларды тәркілегенде немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырғанда тоқтатылады.

      7. Одақ шеңберінде халықаралық шарттарға немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарға сәйкес оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесін қолдану көзделген тауарлардан Комиссия ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен бастап 5 жыл өткен соң Одақтың тауарлары мәртебесіне ие болатын тауарлар тізбесін (тізбелерін) айқындайды.

      Комиссия көрсетілген тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілгенге қарағанда неғұрлым ұзақ өзге мерзім өткен соң Одақтың тауарлары мәртебесіне ие болатын тауарлар тізбесін (тізбелерін) айқындауға, сондай-ақ осындай мерзімді белгілеуге құқылы.

      8. Декларанттың ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеті мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) оларды осы баптың 16-тармағына сәйкес есептелген және төленуге тиіс мөлшерде өндipiп алғанда;

      2) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы шетел тауарларына қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі осы Кодекске сәйкес жоюға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін басталған жағдайларды қоспағанда, осы шетел тауарларының авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін танығанда;

      3) тауарға декларацияны тіркеу кезінде туындаған арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартқанда;

      4) кедендік декларацияны тіркеу кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 113-бабына сәйкес кедендік декларацияны қайтарып алғанда және (немесе) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылымын жойғанда;

      5) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарларды тәркілегенде немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырғанда;

      6) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органы тауарларды кідірткенде;

      7) қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу (әкімшілік процесті жүргізу) барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және бұрын мұндай тауарлар шығарылмаған болса, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.

      9. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет, егер осы Кодекске сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеудің өзге мерзімі белгіленбесе, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін орындауға жатады (кедендік әкелу баждары, салықтар төленуге жатады).

      10. Осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы баптың 11-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.

      11. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) декларант осындай жеңілдіктерден бас тартқан жағдайда - тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарлар декларацияына кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерден бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізу күні;

      2) осындай жеңілдіктерді пайдаланумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша кедендік әкелу баждарын, салықтарды және (немесе) шектеулерді төлеу жөніндегі жеңілдіктерді табыс ету мақсаттары мен шарттарын бұзатын әрекеттер жасалған жағдайда, оның ішінде көрсетілген әрекеттердің жасалуы осы тауарлардың жоғалуына алып келсе, - көрсетілген әрекеттердің жасалуының бірінші күні, ал егер ол күн белгіленбесе, - тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру күні;

      3) авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан немесе қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайларында қайтарымсыз жоғалу фактісі салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, тауарлар жоғалған жағдайда - тауарларды жоғалту күні, егер ол күн белгіленбесе - тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру күні;

      4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді табыс ету мақсаттары мен шарттарын сақтау және (немесе) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер сақталған жағдайда, осы Кодекстің 316-бабына сәйкес осындай жеңілдіктерді қолданумен байланысты расталмаған болып есептелсе - тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.

      12. Одақ шеңберінде халықаралық шарттарға немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарға сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда неғұрлым төмен мөлшерлеме бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуге қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 13-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.

      13. Осы баптың 12-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) кедендік әкелу баждарын ерікті төлеу жағдайында - тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға декларацияға кедендік әкелу баждарын есептеу бөлігіңде өзгерістер енгізу күні немесе Одақ шеңберінде халықаралық шарттарға немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарға сәйкес Комиссия белгілеген өзге күн;

      2) осы Кодекстің 126-бабының 4-тармағында көрсетілген тауарларды пайдалану бойынша шектеулерді бұзу іс-әрекеттерін және (немесе) Одақ шеңберінде халықаралық шарттармен немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттармен белгіленген өзге әрекеттерді жасаған жағдайда - көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, егер ол күн белгіленбесе - тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру күні кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.

      14. Осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждары, салықтар:

      1) осы баптың 9-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты - тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдікті ескере отырып, тауарға декларацияда осы Кодекске сәйкес есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары мөлшерінде;

      2) осы баптың 10-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты - тарифтік преференцияларды ескере отырып, тауарға декларацияда осы Кодекске сәйкес есептелген және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдікті қолдануға байланысты төленбеген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары мөлшерінде, ал егер мұндай тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап 5 жыл өткенге дейін не осы Кодекстің 176-бабының 3-тармағына сәйкес тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулердің өзге белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін оларды жөндеу үшін кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда - сондай-ақ осы Кодекстің 186-бабының 1 - 6-тармақтарына сәйкес есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы мөлшерінде;

      3) осы баптың 12-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты, - Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесі бойынша осы Кодекске сәйкес есептелген кедендік әкелу баждары, салықтар сомаларының айырмасы мөлшерінде және тауарларды шығару кезінде кедендік әкелу баждарының сомалары немесе Одақ шеңберінде халықаралық шарттарға немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген өзге мөлшерде төленуге жатады.

      15. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет (арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жатады) ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін орындалуға тиіс.

      16. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 12-тарауында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, тауарға декларацияда есептелген мөлшерде төленуге жатады.

      17. Тауарларға декларация бергенге дейін оларды шығару кезінде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты осы Кодекстің 137-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы бап қолданылады.

137-бап. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындау және тоқтатылу ерекшеліктері, тауарларға декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару кезінде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты оларды төлеу және есептеу мерзімі

      1. Тауарларға декларацияны бергенге дейін шығаруға өтініш берілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты тауарларға декларацияны беруге дейін тауарлар шығару туралы өтініш берген тұлғада осы тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу міндеті кеден органының тауарларға декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеген кезінен бастап туындайды.

      2. Тауарларға декларация беруге дейін тауарларды шығаруға өтініш берілген ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты тауарларға декларацияны беруге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада осы тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу міндеті мынадай жағдайлар басталған кезде:

      1) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы, егер мұндай жою немесе қайтарымсыз жоғалу осындай тауарлар шыққанға дейін басталса, шетел тауарларының авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасудың (тасымалдаудың) қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін танығанда;

      2) тауарларға декларация бергенге дейін тауарларды шығарудан бас тартылғанда;

      3) тауарлардың тәркіленуі немесе тауарлар мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналғанда;

      4) кеден органы осы Кодестің 51-тарауына сәйкес тауарларды кідірткенде;

      5) қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу (әкімшілік процесті жүргізу) барысында және бұрын осындай тауарлар шығарылмаған болса, қайтару туралы шешім қабылданған тауарларға қатысты уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.

      3. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға декларация бергенге дейін шығарылған тауарларға қатысты тауарларға декларация бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғаның кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) егер тауарларға қатысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштаспаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылса, осы Кодекстің 120-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жолдағанда немесе кеден органы тиісті белгілер қойғанда;

      2) егер осы баптың 4 және 5-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 12-тармағының 1-тармақшасына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) оларды өндіріп алғанда, сондай-ақ осы Кодекстің 120-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жолдағанда не кеден органы тиісті белгілер қойғанда;

      3) тауарларды тәркілегенде немесе тауарлар осы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналғанда тоқтатылады.

      4. Егер ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарларға декларацияны бергенге дейін шығарылған және осы Кодекстің 120-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жолдаған не тиісті белгілер қойылған тауарларға қатысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылса, тауарларға декларация бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтініш берген тұлғаның кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті осы Кодекстің 136-бабының 4-тармағында көзделген мән-жайлар басталған кезде тоқтатылады.

      5. Егер ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарларға декларацияны бергенге дейін шығарылған және осы Кодекстің 120-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жолдаған не тиісті белгілер қойылған тауарларға қатысты, Одақ шеңберінде халықаралық шарттарға немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарға сәйкес кедендік әкелу баждары Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгеннен неғұрлым төмен мөлшерлеме бойынша төленген болса, кедендік әкелу баждарын төлеу және (немесе) оларды осы баптың 12-тармағының 1-тармақшасына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде өндіріп алу жөніндегі міндетті орындау Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесі бойынша есептелген кедендік әкелу баждары сомалары мен тауарларды шығару кезінде төленген кедендік әкелу баждары сомаларының айырмасы мөлшерінде не Одақ шеңберінде халықаралық шарттарға немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген өзге мөлшерде кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті тоқтатпайды. Кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі мұндай міндет тауарларға декларация бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтініш берген тұлғада осы Кодекстің 136-бабының 6-тармағында көзделген мән-жайлар басталғанда тоқтатылады.

      6. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарларға декларация бергенге дейін шығарылған тауарларға қатысты тауарларға декларация бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтініш берген тұлғада арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу және (немесе) оларды осы баптың 13-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде өндіріп алу жөніндегі міндет орындалғанда және осы Кодекстің 120-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жолдағанда не кеден органы тиісті белгілер қойғанда;

      2) тауарлардың тәркіленуі немесе тауарлар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналғанда тоқтатылады.

      7. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарларға декларация бергенге дейін шығарылған және тауарларға декларация осы Кодекстің 120-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілген, ал декларанты уәкілетгі экономикалық оператор болып табылатын тауарларға қатысты - осы Кодекстің 441-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет (кедендік әкелу баждары, салықтар төленуге жатады), егер осы Кодекске сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеудің өзге мерзімі белгіленбесе, тауарларға декларация бергенге дейін орындалуға жатады.

      8. Егер ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарларға декларацияны бергенге дейін шығарылған және осы Кодекстің 120-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жолдаған не тиісті белгілер қойылған тауарларға қатысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылса, осындай тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 136-бабының 11-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде және мерзімде тоқтатылады.

      9. Егер ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарларға декларацияны бергенге дейін шығарылған және осы Кодекстің 120-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жолдаған не тиісті белгілер қойылған тауарларға қатысты Одақ шеңберінде халықаралық шарттарға немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарға сәйкес кедендік әкелу баждары Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгеннен неұрлым төмен мөлшерлеме бойынша төленген болса, кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 136-бабының 13-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде және мерзімде орындалуға жатады.

      10. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарларға декларация бергенге дейін шығарылған және тауарларға декларация осы Кодекстің 120-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілген, ал декларанты уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын тауарларға қатысты - осы Кодекстің 441-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілген тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын (арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жатады) төлеу жөніндегі міндет тауарларға декларация бергенге дейін орындалуға жатады.

      11. Егер ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарларға декларацияны бергенге дейін шығарылған және тауарларға декларация осы Кодекстің 120-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін, ал декларанты уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын тауарларға қатысты - осы Кодекстің 441-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін берілмеген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалуға жатады. Осы Кодекстің 120-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзімнің соңғы күні, ал декларанты уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын тауарларға қатысты - осы Кодекстің 441-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнің соңғы күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.

      12. Кедендік әкелу баждары, салықтар:

      1) осы баптың 7-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты - осы Кодекске сәйкес тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді ескере отырып тауарларға декларацияда есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары мөлшерінде;

      2) осы баптың 8-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты - осы Кодекске сәйкес тарифтік преференцияларды ескере отырып, тауарларға декларацияда есептелген және кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктердің қолданылуына байланысты төленбеген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары мөлшерінде, ал егер мұндай тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен бастап 5 жыл өткенге дейін не тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың белгіленген өзге мерзімі өткенге дейін олар осы Кодекстің 176-бабының 3-тармағына сәйкес жөндеу үшін кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылса - сондай-ақ осы Кодекстің 186-бабының 1 - 6-тармақтарына сәйкес есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары мөлшерінде;

      3) осы баптың 9-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты - Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесі бойынша осы Кодекске сәйкес есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы мен тауарларды шығару кезінде төленген кедендік әкелу баждары сомасының айырмасы мөлшерінде Одақ шеңберінде халықаралық шарттарда немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарда белгіленген өзге де мөлшерде төленуге жатады.

      13. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 12-тарауында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, тауарларға декларацияда есептелген мөлшерде төленуге жатады.

      14. Осы баптың 11-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу базасы тауарлар шығару туралы өтініште және мұндай өтінішпен бірге ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер негізінде айқындалады.

      Тауарлардың кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес саны 10-нан аз белгілер мөлшеріндегі топтама деңгейінде айқындалған жағдайда:

      кедендік баждарды есептеу үшін мұндай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждардың ең жоғары мөлшерлемесі қолданылады;

      салықтарды есептеу үшін қосылған құн салығының ең жоғары мөлшерлемесі осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін, кедендік баждардың ең жоғары мөлшерлемесі белгіленген акциздердің (акциздік салықтың немесе акциздік алымның) ең жоғары мөлшерлемесі қолданылады;

      арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін осы тармақтың алтыншы абзацын ескере отырып, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең жоғары мөлшерлемесі қолданылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 4-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жерін және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді негізге ала отырып, есептеледі. Егер тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындауға қажетті өзге де мәліметтер расталмаса, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, егер тауардың жіктемесі 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының сол кодындағы тауарларға не егер тауарлар коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес саны 10-нан кем белгі мөлшеріндегі топтама деңгейінде айқындалса, топтамаға кіретін тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең жоғары мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.

      15. Егер осы баптың 11-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кейіннен тауарларға декларация берілсе, кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекске сәйкес тауарларға декларацияда көрсетілген мәліметтерге негізделе отырып, тауарларға декларацияда есептелген сомалар мөлшерінде төленеді. Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының артық төленген және (немесе) артық өтелген сомаларын қайтару (есепке алу) осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

138-бап. Осы Кодекстің 134-бабының 3-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу ерекшеліктері

      1. Осы Кодекстің 134-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 134-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және тауарларды жасау үшін пайдаланылған шетел тауарларын шығару нормаларына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған сияқты төленуге жататындай кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары сомалары мөлшерінде төленуге жатады. Көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 175-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.

      2. Осы баптың l-тармағына сәйкес төленетін (өтелетін) кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары сомаларынан көрсетілген сомаларға қатысты тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті тоқтату күніне дейін төлемде шегеру ұсынылған жағдайдағы сияқты пайыздардың төленуіне жатады.

      Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 60-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.

      Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 173-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатылған жағдайда, осы тармақта көзделген пайыздар, кедендік рәсім қолданысы тоқтатылған кезең үшін есептелмейді және төленбейді.

      3. Осы Кодекстің 134-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, егер мұндай тауарлар қайта өңдеу өнімдері болса, осы Кодекстің 186-бабына сәйкес есептелуге және төленуге жатады.

21-тарау

Экспорт кедендік рәсімі

139-бап. Экспорт кедендік рәсімінің мазмұны мен қолданылуы

      1. Экспорт кедендік рәсімі - Одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім, оған сәйкес осындай тауарлар Одақтың кедендік аумағынан оның шегінен тысқары жерлерде тұрақты болуы үшін шығарылады.

      2. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде шығарылған тауарлар осы Кодекстің 303-бабының 4 және 7-тармақтарына сәйкес осындай тауарлар Одақтың тауарлары мәртебесін сақтайтын жағдайларды қоспағанда, Одақтың тауарлары мәртебесін жоғалтады.

      3. Мыналарға:

      1) Одақтың кедендік аумағынан шығарылған:

      осы Кодекстің 184-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу рәсімінің қолданысын аяқтау үшін осы Кодекстің 176-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға;

      осы Кодекстің 231-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша кедендік әкету рәсімінің қолданысын аяқтау үшін уақытша кедендік әкету рәсімімен орналастырылған тауарларға;

      осы Кодекстің 254-бабына сәйкес Комиссия және Комиссия көздеген жағдайларда мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған жағдайларда арнайы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін арнай кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға;

      осы Кодекстің 276-бабының 5-тармағына сәйкес халықаралық тасымалдың көлік құралдарына;

      осы Кодекстің 303-бабы 5-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген Одақтың тауарларына;

      2) осы Кодекстің 184-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу рәсімінің қолданысын аяқтау үшін қайта өңдеу өнімдеріне;

      3) Одақтың кедендік аумағына әкету үшін осы Кодекстің 231-бабының 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімін қолдануға жол беріледі.

      4. Осы баптың 3-тармағының 1 және 2-тармақшаларында көрсетілген тауарлар Одақтың кедендік аумағына оларды әкелместен экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.

      5. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің немесе еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған, осы Кодекстің 207-бабының 5-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарлар және 215-бабының 4-тармағы 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарлар Одақтың кедендік аумағынан экспорт кедендік рәсімімен осындай тауарларды орналастырған күннен кейінгі күннен бастап 1 жылдан аспайтын мерзімде Одақтың кедендік аумағынан шығарылуға тиіс.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында ұзақтығы неғұрлым қысқа мерзім белгіленуі мүмкін, осы мерзім ішінде көрсетілген тауарлар Одақтың кедендік аумағынан шығарылуға тиіс.

      Одақтың кедендік аумағынан авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) өтеусіз жоғалтуды не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде өтеусіз жоғалтуды қоспағанда, көрсетілген тауарлар әкетілмеген кезде, осы тармақтың бірінші абзацында көзделген не осы тармақтың екінші абзацына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мерзім өткенге дейін экспорт кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылады, ал мұндай тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 51-бабына сәйкес кідіртеді.

      Көрсетілген тауарларды кеден органдары, егер экспорт кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған кезде, олар ЕЭА аумағында не еркін қоймада болса, кідіртпейді.

140-бап. Тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

      Тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      осы Кодекске сәйкес кедендік әкету баждарын төлеу;

      осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;

      Одақ шеңберінде халықаралық шарттарда, мүше мемлекеттер мен мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттары арасындағы екіжақты халықаралық шарттар көзделген өзге де шарттарды сақтау болып табылады.

141-бап. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі

      1. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы тауарға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.

      2. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты декларантта кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет мынадай жағдайлар басталған кезде:

      1) кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, экспорт кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғанда;

      2) кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) оларды осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алғанда;

      3) экспорт кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан — тауарларға декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты бас тартқанда;

      4) осы Кодекстің 113-бабына сәйкес тауарларға декларацияны қайтарып алу және (немесе) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес - тауарларға декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты тауарлар шығарылымын жойғанда;

      5) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарларды тәркілегенде немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырғанда;

      6) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органы тауарларды кідірткенде;

      7) қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу (әкімшілік іс жүргізу) барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және, егер бұрын мұндай тауарлар шығарылмаған болса, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.

      3. Кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет, егер осы Кодексте өзгеше мерзім белгіленбесе, экспорт кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғанға дейін орындауға (кедендік әкету баждары төленуге жатады) жатады.

      4. Кедендік әкету баждары, кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді ескере отырып, тауарға декларацияда есептелген кедендік әкету баждары сомаларының мөлшерінде төлеуге жатады.

22-тарау

Кедендік транзит кедендік рәсімі

142-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімінің мазмұны және қолданылуы

      1. Кедендік транзит кедендік рәсімі - тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтау кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеусіз жөнелтілетін кеден органынан межелі кеден органына дейін тауарлар тасылатын (тасымалданатын) кедендік ресім.

      2. Кедендік транзит кедендік рәсімі:

      1) өзге де кедендік рәсіммен орналастырылмаған шетел тауарларын, Одақ тауарларын, сондай-ақ:

      Комиссия айқындайтын жағдайларда экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған;

      осы Кодекстің 207-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, ЕЭА-ның бір аумағынан ЕЭА-ның басқа аумағына тасымалданатын еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларын Одақтың кедендік аумағы бойынша тасу (тасымалдау) үшін;

      2) Одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңіз арқылы және Одақ тауарлары мен осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағында көрсетілген шетел тауарларын тасу (тасымалдау) үшін қолданылады.

      3. Кедендік транзит кедендік рәсімі:

      1) келу орнындағы кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;

      2) келу орнындағы кеден органынан ішкі кеден органына дейін;

      3) ішкі кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;

      4) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейін;

      5) Одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары және (немесе) теңіз арқылы кеден органдары арасында тасу (тасымалдау) кезінде қолданылады.

      4. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарлары шетел тауарлары мәртебесін сақтайды.

      5. Осы Кодекстің 307-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайды және осы Кодекстің 304-бабының 17-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларды қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарлары Одақ тауарларының мәртебесін сақтайды.

      6. Одақтың кедендік аумағы бойынша тасу (тасымалдау) үшін мынадай шетел тауарлары:

      1) халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тауарларын түсірмей, Одақтың кедендік аумағына аралық, мәжбүрлі немесе техникалық түрде қонған әуе кемесіндегі тауарлар;

      2) Одақтың кедендік аумағына келген соң Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарынан қозғамаған және Одақтың кедендік аумағынан кететін тауарлар;

      3) электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлар;

      4) осы Кодексте көзделген жағдайлардағы өзге де тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмайды.

      7. Осы Кодексте және (немесе) мүше мемлекеттер кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, Одақтың кедендік аумағы бойынша тасу (тасымалдау) үшін кедендік рәсіммен орналастырылған шетел тауарлары кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылады.

      8. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасымалданатын Одақ тауарлары мен осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағында көрсетілген шетел тауарларына қатысты кедендік транзит кедендік рәсімі осы Кодекстің 43-тарауында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

      9. Жеке қолдануға арналған тауарларға, халықаралық пошта жөнелтілімдеріне, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімі осы Кодекстің 263, 287 және 294-баптарында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

      10. Тек қана бір мүше мемлекеттің аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері осы мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленуі мүмкін.

      11. Халықаралық тасымалдаудың бір немесе бірнеше көлік құралдарымен белгілі бір кезең ішінде екі немесе одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалданатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.

      12. Көліктің әртүрлі (екі және одан да көп) түрлерімен Одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.

143-бап. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

      1. Одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау үшін тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      1) шетел тауарларына қатысты - осы Кодекстің 146-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;

      2) шетел тауарларына қатысты - Комиссия айқындайтын жағдайларда осы Кодекстің 146-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;

      3) осы Кодекстің 341-бабында көзделген тәсілдермен тауарларды идентификаттау мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      4) егер тауарлар кедендік пломбалар салынған және мөр басылған көлік құралдарының жүк тиеу орынжайларында (бөліктерінде) тасымалданса, осы Кодекстің 364-бабында көрсетілген көлік құралының халықаралық тасымалдау талаптарына сәйкестігі;

      5) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау болып табылады.

      2. Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары және (немесе) теңіз арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасымалдау үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен Одақ тауарларын, оның ішінде пошта жөнелтілімдерімен жөнелтілетін Одақ тауарларын, осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағында көрсетілген шетел тауарларын орналастыру шарттары осы Кодекстің 304 - 306-баптарында айқындалған.

      3. Осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тұлғалар не мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес көліктің екі және одан да көп түрлерін пайдалану арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие болатын және тауарлардың осылай тасымалдануын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін осы мүше мемлекеттің тұлғасы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған, көліктің бір және одан да көп түрлерін пайдалану арқылы Одақтың кеден аумағы бойынша тасымалданатын тауарлардың декларанты болып табылады.

      4. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы осы Кодекстің 144-бабына сәйкес кедендік транзит мерзімін белгілейді, осы Кодекстің 145, 263 және 304-баптарына сәйкес тауарларды жеткізу орнын айқындайды, осы Кодекстің 341-бабына сәйкес тауарларды, оларға құжаттарды идентификаттауды жүзеге асырады.

      Тауарларды су немесе әуе кемелерімен тасымалдауы қоспағанда, тауарларды тасымалдау осы Кодекстің 364-бабында көрсетілген тиісті талаптарға сәйкес келетін көлік құралының жүк тиеу орынжайында (бөлімінде) немесе оның бөліктерінде жүзеге асырылады, осы Кодекстің 341-бабында көзделген идентификаттаудың өзге де тәсілдерінен басқа идентификаттау, осы тармақтың үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралының осындай жүк тиеу орынжайына (бөліміне) немесе оның бөліктеріне пломбалар салу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.

      Tipi жануарларды, пошта ыдыстарындағы (пошта қаптарындағы, пошта контейнерлеріндегі) халықаралық пошта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмайтын тауарлармен бірге кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды көлік құралының бір жүк тиеу орынжайында (бөлімінде) немесе оның бөлігінде Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы бойынша тасымалдау кезінде көлік құралдарының жүк тиеу орынжайына (бөліміне) немесе оның бөліктеріне пломбалар салу талап етілмейді.

144-бап. Кедендік транзит мерзімі

      1. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына тауарлар жеткізілуге тиіс мерзімді (бұдан әрі - кедендік транзит мерзімі) белгілейді.

      2. Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі 1 айға 2 мың километр есебінен белгіленеді, бірақ ол күнтізбелік 7 күннен кем болмауға тиіс.

      Көліктің өзге де түрлерімен тасылатын (тасымалданатын) тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі көліктің түрі және көлік құралының мүмкіндіктері, тауарлар тасымалдаудың белгіленген маршруты, басқа да тасымалдау шарттары және (немесе) декларанттың немесе тасымалдаушынын, өтініші негізге алына отырып, сондай-ақ үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес көлік құралы жүргізушісінің еңбек пен демалыс режимінің талаптары ескеріле отырып, тауарлар тасудың (тасымалдаудың) қалыпты мерзіміне сәйкес белгіленеді, бірақ ол кедендік транзиттің шекті мерзімінен аспауға тиіс.

      3. Кедендік транзиттің шекті мерзімі 1 айға 2 мың километр есебімен айқындалатын мерзімнен не кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдау ерекшеліктерін негізге ала отырып, Комиссия айқындайтын мерзімнен аспауы қажет.

      4. Кеден органы белгілеген кедендік транзит мерзімі декларанттың немесе тасымалдаушының дәлелді өтініші бойынша осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнің шегінде ұзартылуы мүмкін.

      Кедендік транзит мерзімін ұзартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.

145-бап. Тауарларды жеткізу орны. Тауарлардың жеткізу орнын өзгерту

      1. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар жеткізілуге тиіс орынды (бұдан әрі - тауарларды жеткізу орны) айқындайды.

      2. Тауарларды жеткізу орны, егер осы баптың 3 - 5-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, көліктік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген межелі пункт туралы мәліметтердің негізінде айқындалады.

      Межелі кеден органының қызмет өңірінде орналасқан кедендік бақылау аймағы тауарларды жеткізу орны болып табылады. Бұл ретте, егер осы Кодексте және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, әкелу орнынан тасымалданған тауарлар кеден органы орналасқан орынға жеткізіледі.

      Межелі станциядағы, межелі станцияның кірме жолдарындағы немесе межелі станцияға тікелей жапсарлас жатқан жалпы пайдаланыламайтын теміржолдағы кедендік бақылау аймағы теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлардың жеткізу орны болып табылады.

      3. Бір мүше мемлекеттің аумағы шегінде тауарларды тасымалдау кезінде жөнелтуші кеден органы мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда, көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қарамастан, тауарларды жеткізу орнын белгілеуге құқылы.

      4. Екі және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде жөнелтуші кеден органы Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген және (немесе) Комиссия айқындайтын өзге де жағдайларда көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қарамастан, тауарларды жеткізу орнын айқындауға құқылы.

      5. Одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары және (немесе) теңіз арқылы Одақтың бір кедендік аумағынан Одақтың басқа кедендік аумағына тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде жөнелтуші кеден органы осы Кодекстің 304-бабының 8 және 9-тармақтарында көзделген және (немесе) Комиссия айқындаған өзге де жағдайларда көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қарамастан, тауарларды жеткізу орнын айқындауға құқылы.

      6. Кедендік бақылау аймағы болып табылатын, екінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар, уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайлары, орынжайлары (орынжайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңқайлары, егер мұндай тауарлар көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес осындай уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларына, орынжайларына (орынжайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңқайларына жіберілетін болса, келу орнынан тасымалданатын тауарларды жеткізу орны ретінде белгіленуі мүмкін.

      7. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде мүше мемлекеттердің көлік саласындағы заңнамасына сәйкес межелі пункт өзгерген жағдайда, тауарларды жеткізу орны кеден органының рұқсатымен өзгертілуі мүмкін.

      Жеткізу орнын өзгертуге кеден органының рұқсатын алу үшін тасымалдаушы еркін түрде құрастырылған, тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы өтінішпен өзі баратын жолда орналасқан кез келген кеден органына жүгінуге құқылы. Тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы өтінішпен бірге межелі пункттің өзгеруін растайтын құжаттар, транзиттік декларация және тауарларға өзге де құжаттар ұсынылады.

      Тауарларды жеткізу орнын өзгертуге арналған рұқсатты кеден органы осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген өтінішті және құжаттарды алу күнінен кейінгі күннен кешіктірмей қабылдайды. Жеткізу орнын өзгертуге арналған рұқсатты бергеннен кейін жеткізу орны өзгертілген тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталады және тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруға жатады.

      Тауарларды жеткізу орнын өзгертуге кеден органының рұқсатын алумен байланысты кеден операцияларын жасау тәртібін Комиссия айқындайды.

      Егер бастапқыда жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны орналасқандай кеден органы қызметінің сол бір өңірінде орналасқан жеткізу орнында орналасса, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамастан, тауарлардың жеткізу орнын өзгертуге жол беріледі.

146-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету

      1. Кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы бапты ескере отырып, осы Кодекстің 9-тарауына және осы Кодекстің 271 және 287-баптарына сәйкес ұсынылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырудың шарты болған жағдайда, мұндай қамтамасыз ету осы баптың ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 75-бабына сәйкес ұсынылады.

      2. Жеке пайдалануға арналған тауарларды және халықаралық пошта жөнелтімдерін қоспағанда, тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері, егер транзиттік декларацияны тіркеген күні тауар тарифтік преференцияларды және тиісінше кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді немесе кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе экспорт кедендік рәсімімен басқа мемлекеттердің аумағына орналастырылса, тауарларды өзінің кеден органы шығаратын мүше мемлекетте төленуге жататын кедендік баждар, салықтар сомасы негізге алына отырып айқындалады, бірақ бұл сомалар, егер тауар тарифтік преференцияларды және тиісінше кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді немесе кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе экспорт кедендік рәсімімен басқа мүше мемлекеттердің аумағына орналастырылса, аумағында кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын осы мүше мемлекеттерде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларынан кем болмауға тиіс.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың сомалары мүше мемлекеттердің заңнамасында пайдалану тәртібі белгіленетін қолда бар мәліметтердің негізінде айқындалуы ықтимал кедендік баждар, салықтар мөлшерлемесінің ең үлкен шамасы, тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамалары (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) негізге алына отырып айқындалады.

      3. Комиссия жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды (тауарлардың құрамбөліктерін) кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін анықтау ерекшеліктерін айқындауға құқылы.

      4. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мынадай жағдайларда:

      1) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері, егер мұндай қамтамасыз етуді ұсыну осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырудың шарты болып табылса, жиынтығында транзиттік декларацияны тіркеу күні қолданыста болған валютаның бағамы бойынша 500 еуро баламасы сомасынан аспаса;

      2) декларацияланатын тауарларды тасуды (тасымалдауды) жүзеге асыратын кедендік тасымалдаушы немесе бірінші немесе үшінші типтегі уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор декларант ретінде әрекет еткен болса;

      3) көліктің екі және одан да көп түрін пайдаланумен тауарларды тасу (тасымалдау) осындай тасудың (тасымалдаудың) бөлігі болып табылған жағдайды қоспағанда, тауарлар теміржол, әуе көлігімен тасымалданса немесе құбыржол көлігімен өткізілсе;

      4) көліктің екі және одан да көп түрлерін пайдалану арқылы тауарларды тасымалдау осындай тасымалдаудың бөлігі болып табылған жағдайды қоспағанда, шетел тауарларын суда жүзетін кемелермен, оның ішінде аралас жүзу (өзен-теңіз) кемелерімен, мүше мемлекеттің және (немесе) мүше мемлекеттердің ішкі су жолдарына кірмей мүше мемлекеттің және (немесе) мүше мемлекеттердің теңіз порттары арасында тасымалданса;

      5) егер осы мүше мемлекеттің аумағы бойынша тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылса, тауарлары кедендік транзит кедендік рәсімімен орналасатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайларда;

      6) осы Кодекстің 304-бабының 1-тармағы 1-тармақшасының екінші абзацында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстің 304-бабының 1-тармағы 1-тармақшасының үшінші абзацына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда;

      7) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда;

      8) кеден органы кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылданса;

      9) тауарлар Одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің жеке пайдалануына арналса, ол жөнінде жөнелтуші кеден органында жөнелтуші кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігінің әрбір нақты тасымалдау бойынша ақпараты болса, ұсынылмайды. Көрсетілген ақпарат жөнелтуші кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігі кеден органына оны:

      тауарларды алушы болып табылатын дипломатиялық өкілдіктердің немесе консулдық мекемелердің келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігінен;

      не жөнелтуші кеден органы тұрған және мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі болып табылатын мүше мемлекеттің аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктен немесе консулдық мекемеден және тауарларды алушы болып табылатын дипломатиялық өкілдіктен немесе консулдық мекемеден алған кезде береді.

      10) тауарларды мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдарының немесе олардың өкілдіктерінің, Одақтың кедендік аумағында орналасқан өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің жеке пайдалануына арналса, бұл туралы жөнелтуші кеден органында жөнелтуші кеден органы орналасқан мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлігінің әрбір нақты тасымалдау бойынша ақпараты болса, ұсынылмайды. Көрсетілген ақпарат тауарларды алушы болып табылатын мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдарының немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің болу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетінің сыртқы істер министрлігінен оны алған кезде жөнелтуші кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігі кеден органына береді;

      11) дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлерінің, консулдық мекемелер жүмысшыларының, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдары немесе олардың өкілдіктері, Одақтың кедендік аумағында орналасқан өзге де ұйымдар немесе олардың өкілдіктерінің персоналдары (қызметкерлері, лауазымды адамдары), сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің бастапқы жайласуға қажетті тауарларын қоса алғанда, тауарлар жеке пайдалануға арналса, бұл туралы жөнелтуші кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігінің әрбір нақты тасымалдау бойынша ақпараты жөнелтуші кеден органында болса, ұсынылмайды.

      Көрсетілген ақпарат тауарларды алушы болып табылатын дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері, халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, өзге де ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, қызметкерлер, жұмысшылар, персонал (қызметкерлер, лауазымды адамдар) келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігінен ақпаратты алған кезде болу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігінен не тауарларды алушы болып табылатын мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері, дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелердің қызметкерлері, жұмысшылары болып табылатын жөнелтуші кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктерден немесе консулдық мекемелерден оны алған кезде жөнелтуші кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігінің кеден органына беріледі;

      12) тауарлар мәдени, ғылыми-зерттеу мақсаттарына, спорттық жарыстарды өткізуге не оларға дайындыққа, дүлей апаттар, авариялар, апаттар салдарын жоюға, мүше мемлекеттердің қорғаныс қабілеттілігін және мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың қарулы күштерін қайта жарақтандыруға, мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекараларын қорғауға, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының пайдалануына арналса, бұл туралы Комиссия айқындаған, аумағында межелі кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің кеден органы Комиссия айқындаған, аумағында жөнелтуші кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің кеден органына табыс еткен мұндай тауарларды кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай шығару туралы өтінішхат берген мүдделі мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік органының растауы болса;

      13) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау тауарларға декларация берілген мүше мемлекеттің аумағы арқылы ғана жүзеге асырылған және кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың декларанты және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлардың декларанты бір тұлға болған жағдайда, оларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру мақсатында және осы Кодекстің 144-бабында айқындалған ерекшеліктерімен кедендік декларациялау жүзеге асырылса және мұндай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленсе, ұсынылмайды.

      5. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің белгілі бір мөлшері және кедендік баждар, салықтар және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері, егер осындай қамтамасыз етуді табыс ету осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарты болып табылса, жиынтығында осы Кодекстің 147-бабында айқындалған құжаттарда көрсетілген сомадан асып түсіп, бірақ транзиттік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған валюта бағамы бойынша баламалы 500 еуро сомасынан аспаса, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қосымша қамтамасыз етуді және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну талап етілмейді.

      6. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету бір транзиттік декларация бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты ұсынылады. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету бірнеше транзиттік декларациялар бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты ұсынылуы мүмкін.

      7. Бір транзиттік декларация бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету жөнелтуші кеден органына немесе межелі кеден органына ұсынылуы мүмкін.

      Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету жөнелтуші кеден органына, межелі кеден органына не аумағында жөнелтуші кеден органы немесе межелі кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің өзге де кеден органына және мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы осындай заңнамасында айқындалатын кеден органына ұсынылуы мүмкін.

      8. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруды бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырған, ал кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету басқа мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалады.

      Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруды өзінің кеден органына, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету ұсынылған мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.

147-бап. Кедендік транзит кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуды растау ерекшеліктері

      1. Егер тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруды бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын болса, ал кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету межелі кеден органы орналасқан басқа мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылса, мұндай қамтамасыз етудің ұсынылуын растау мақсатында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сертификаты (бұдан әрі - қамтамасыз ету сертификаты) қолданылады.

      Егер тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруды өзінің кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын болса, қамтамасыз ету сертификатын не кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын өзге де құжатты қолдануға жол беріледі, оның нысаны мен қолданылу тәртібі осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.

      2. Қамтамасыз ету сертификаты электрондық құжат түрінде ресімделеді.

      Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде, сондай-ақ кеден органында байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер және Интернет желілері) жұмысындағы техникалық іркілістер, бұзылулар салдарынан туындаған кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелердің ақауларына, электр энергиясының өшіп қалуына байланысты электрондық құжат түрінде қамтамасыз ету сертификатын ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде қамтамасыз ету сертификатын ресімдеуге жол беріледі.

      3. Қамтамасыз ету сертификаты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің ұсынылған мөлшері шегінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынған тұлға айқындаған сомада ресімделеді. Осы Кодекстің 146-бабының 8-тармағында көзделген Одақ шеңберінде халықаралық шартта кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету кезінде қамтамасыз ету сертификатын (қамтамасыз ету сертификаттарын) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің ұсынылған мөлшерінен асатын сомаға ресімдеу жағдайлары мен шарттары айқындалуы мүмкін.

      4. Бір транзиттік декларация бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну бір немесе бірнеше қамтамасыз ету сертификаттарымен расталады.

      Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету кезінде бірнеше транзиттік декларациялар бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету бір қамтамасыз ету сертификатымен расталуы мүмкін.

      5. Қамтамасыз ету сертификатының нысанын және электрондық құжат түріндегі осындай сертификаттың құрылымы мен форматын, оларды толтыру және қамтамасыз ету сертификатына өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін, оның қолданылу мерзімін айқындау тәртібін, қамтамасыз ету сертификатын пайдалану тәртібін, оның ішінде оны кеден органына табыс ету, тіркеу, тіркеуден бас тарту, тіркеуді жою, қолданысын тоқтату (жабу) тәртібін, сондай-ақ қамтамасыз ету сертификатын тіркеуден бас тартудың, тіркеуді жоюдың, қолданысын тоқтатудың (жабудың) негіздерін Комиссия айқындайды.

      6. Жөнелтуші кеден органы үшін:

      1) кеден органы тіркеген және жөнелтуші кеден органы кеден органының ақпараттық жүйелерін пайдалану арқылы алған электрондық құжат түрінде ресімделген қамтамасыз ету сертификаты;

      2) қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделген қамтамасыз ету сертификаты және кеден органы тіркеген және кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалану арқылы жөнелтуші кеден органы алған осындай қамтамасыз ету сертификаты туралы және осындай қамтамасыз ету сертификатынан алынған мәліметтер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуды растау болып табылады.

      7. Осы Кодекстің 146-бабының 8-тармағында көзделген Одақ шеңберінде халықаралық шартта кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді ұсынуды растаудың ерекшеліктері айқындалуы мүмкін.

      8. Жөнелтуші кеден органы мынадай жағдайларда:

      1) транзиттік декларацияны беру кезінде қамтамасыз ету сертификатының қолданылу мерзімі өткенде;

      2) электрондық құжат түрінде ресімделген қамтамасыз ету сертификатында көрсетілген мәліметтер не қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделген және (немесе) кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде бар осындай қамтамасыз ету сертификатынан мәліметтер транзиттік декларацияда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмегенде;

      3) жөнелтуші кеден органы қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделген қамтамасыз ету сертификатын қолдану кезінде қамтамасыз ету сертификаты туралы мәліметтерді және (немесе) осы баптың 6-тармағына сәйкес олардан мәліметтерді алмағанда қамтамасыз ету сертификатын, ол туралы транзиттік декларацияда мәлімделген мәліметтерді кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуды растау ретінде қабылдамайды.

      9. Осы Кодекстің 368-бабына сәйкес кеден органдары электрондық құжат түрінде ресімделген қамтамасыз ету сертификаттарымен, қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде рәсімделген, тіркелген қамтамасыз ету сертификаттары туралы мәліметтермен және олардағы мәліметтермен, сондай-ақ қолданысы тоқтатылған қамтамасыз ету сертификаттары туралы (жабылған қамтамасыз ету сертификаттары туралы), қамтамасыз ету сертификатын пайдаланбау, қамтамасыз ету сертификатын тіркеуді жою туралы, қамтамасыз ету сертификатының қолданысын тоқтату (жабу) мүмкіндігі туралы ақпараттармен алмасады.

148-бап. Тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен жасалатын өзге де жүк операциялары, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағында кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде көлік құралдарын өткізу

      1. Одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге), оның ішінде бір көлік түрінің көлік құралынан көліктің басқа түрінің көлік құралына және олармен тасымалданатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ мұндай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын өткізуға осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қызмет өңірінде осындай операциялар жасалатын кеден органының рұқсатымен жол беріледі.

      2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар мен көлік құралдарына қатысты операциялар салынған кедендік пломбалар мен мөрлерді алусыз жасалса не, егер тауарларға кедендік пломбалар мен мөрлер салынбаса, мұндай операцияларды жасауға, қызмет өңірінде осындай операциялар жасалатын кеден органын электрондық немесе жазбаша нысанда тиісті түрде хабардар еткеннен кейін жол беріледі.

      3. Одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және олармен жасалатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға кеден органынан рұқсат алуға байланысты кедендік операцияларды жасау немесе осындай операцияларды жасау туралы кеден органын хабардар ету тәртібін Комисссия айқындайды.

      4. Кеден органы Одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлармен жүк операцияларын жасауға рұқсат беруден көлік (тасымал) құжаттарында, шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттарда не мемлекеттік органдар берген өзге де құжаттарда осындай операцияларды жасауға тыйым болған кезде бас тартуға құқылы.

      5. Одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлармен жүк операциялары кеден органының рұқсатымен тұлғаның өтініші бойынша кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде жасалуы мүмкін.

149-бап. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде пайда болған авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар кезінде қолданылатын шаралар

      1. Тасымалдаушының осы Кодекстің 150-бабында көзделген міндеттерді сақтауына кедергі келтіретін авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар кезінде тасымалдаушы тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға, осы жағдайлар және тауарлардың тұрған жері туралы жақын кеден органына дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарлардың орнын өткізуға немесе оларды жақын кеден органына не кеден органы көрсеткен өзге жерге тасуды (тасымалдауды) қамтамасыз етуге (егер оның көлік құралы бұзылған болса) міндетті.

      Осы мән-жайлар туралы хабар алған кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасуға (тасымалдауға) кедергі болатын мән-жайлар туралы жөнелтуші кеден органын және межелі кеден органын хабардар етуге міндетті,

      2. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасу (тасымалдау) кезінде пайда болған авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар кезінде кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.

      3. Осы баптың 1-тармағының талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушы шеккен шығыстарды кеден органдары өтемейді.

150-бап. Тасымалдаушының тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасу (тасымалдау) кезіндегі міндеттері

      1. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау кезінде тасымалдаушы осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өзінің осындай кедендік рәсіммен орналасқан тауарлардың декларанты болу-болмауына қарамастан:

      1) тауарларды және оларға арналған құжаттарды жөнелтуші кеден органы белгілеген мерзімде, егер белгіленген болса, тауарларды тасудың (тасымалдаудың) белгілі бір маршруты бойынша жүре отырып, тауарларды жеткізу орнына жеткізуге;

      2) тауарлардың, кедендік пломбалар мен мөрлердің не, егер қолданылған болса, өзге де идентификаттау құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) осы Кодекстің 148-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасылатын (тасымалданатын) тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және олармен жасалатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын өткізуға кеден органдарының рұқсатынсыз жол бермеуге міндетті.

      2. Егер тауарларды тасу (тасымалдау) екі және одан да көп көлік түрлерін пайдалана отырып жүзеге асырылса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген міндеттер кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантына жүктеледі.

      3. Теміржол көлігімен тасымалданатын, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орнына жеткізілмеген кезде көрсетілген тауарларды тасымалдауға қабылдаған әрбір мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысы кеден органының талап етуі бойынша осы жеткізілмеген тауарлар туралы ақпаратты табыс етуға міндетті. Тиісті талап және ақпарат жазбаша нысанда да, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы да берілуі мүмкін.

151-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы мен тоқтатылуы

      1. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы тауарларды жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орнына тауарлар жеткізілгеннен кейін аяқталады.

      2. Тауарларды жеткізу орнында кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін тауарлар кедендік бақылау аймағында, оның ішінде тауарларды олар жеткізілген көлік құралынан түсірмей орналастырылады.

      Тауарлар кедендік бақылау аймағында тәуліктің кез келген уақытында орналастырылады.

      3. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін тасымалдаушы не, егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында ескерілсе, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар декларанты межелі кеден органына транзиттік декларацияны, сондай-ақ өзінде бар:

      1) автокөлікпен тасымалданған тауарларға қатысты басқа да құжаттарды, - тауарларды жеткізу орнына келген кезінен бастап 3 сағаттың ішінде, ал тауарлар кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде келген жағдайда - осы кеден органы жұмысының басталған кезінен бастап 3 сағаттың ішінде;

      2) су, әуе және теміржол көлігін пайдалана отырып, тасымалданатын тауарларға қатысты - халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесінде (кестесінде) белгіленген уақыт ішінде не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген өзге мерзім ішінде басқа да құжаттарды ұсынуға тиіс.

      4. Тасымалдаушы атынан осы баптың 3-тармағында көзделген әрекеттер, егер бұған мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес жол берілген болса, сондай-ақ тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғалар жасауы мүмкін.

      5. Кеден органының талабы бойынша тасымалдаушы тауарларды көрсетуге тиіс.

      6. Межелі кеден органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап 1 сағаттың ішінде олардың берілуін мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін тәртіппен тіркейді.

      7. Межелі кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімін мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезден бастап кеден органы жұмысының 4 сағатынан кешіктірмей, ал егер мұндай құжаттарды беру кеден органы жұмысының аяқталуына 4 сағаттан аз уақыт қалған кезде жүзеге асырылған болса - осы кеден органының жұмысы басталған кезден бастап 4 сағаттың ішінде аяқтайды.

      8. Кеден органы кедендік жете тексеруді өткізу туралы шешім қабылдаған жағдайда кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мерзімі межелі кеден органы жетекшісінің (басшысының), ол уәкілеттік берген межелі кеден органы жетекшісі орынбасарының (басшысы орынбасарының) немесе оларды ауыстыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түріне байланысты неғұрлым ұзақ емес мерзім белгіленбесе, кедендік жете тексеру үшін қажетті уақытқа, бірақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың берілуін тіркеу күнінен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      9. Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, электрондық құжат жасау не транзиттік декларацияда немесе транзиттік декларация ретінде пайдаланатын өзге де құжаттарда тиісті белгілер қою арқылы ресімделеді.

      10. Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік операцияларды, оның ішінде тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түріне байланысты жасау тәртібін Комиссия айқындайды.

      11. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен, кедендік декларацияны тіркеумен, тауарларды шығарумен, тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан әкетілуімен, сондай-ақ осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес тауарларды кеден органдарының кідіртуімен аяқталатын жағдайлар айқындалуы мүмкін.

      Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі, оның ішінде тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түріне байланысты тәртіп бұл жағдайларда мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

      12. Осы Кодекстің 145-бабының 7-тармағында көзделген, сондай-ақ, егер тауарлар межелі кеден органынан ерекшеленетін кеден органына жеткізілген болса, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы осы бапта белгіленген тәртіппен аяқталады.

      13. Егер тауарларды жеткізу орнына тауарлар толықтай немесе ішінара жеткізілмесе және кедендік рәсімнің қолданысы осы баптың 12-тармағында көзделген жағдайларда аяқталмаса, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылады.

      Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының тоқтатылуына байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін, кедендік транзит кедендік рәсімі тоқтатылуға жататын мерзімдерді, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының тоқтатылуын ресімдеу тәртібін Комиссия айқындайды.

      14. Екінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңқайларда (ашық алаңқайлардың бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу кезінде кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 440-бабында белгіленген ерекшеліктермен аяқталады.

152-бап. Тауарларды жеткізу орнына тауарларды жеткізгеннен кейін жасалатын кедендік операциялар

      1. Егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, межелі кеден органы осы Кодекстің 151-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттардың берілуін тіркегеннен кейін осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағының 1 - 3-тармақшаларында аталған адамдар тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға немесе оларды:

      1) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты - межелі кеден органы құжаттардың берілуін тіркегеннен кейін кеден органы жұмыс уақытының 8 сағатынан кешіктірмей;

      2) су, әуе кемелерін немесе теміржол көлігін пайдалана отырып, тасымалданатын тауарларға қатысты - халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесінде (кестесінде) белгіленген уақыт ішінде не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген өзге мерзім ішінде кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасауға міндетті.

      2. Су кемелері пайдаланылып тасымалданатын тауарларға қатысты тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды осы Кодекстің 83-бабының 1-тармағы 1-тармақшасының алтыншы абзацында және 4-тармақшасында көрсетілген адамдар жасауға міндетті.

      3. Осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағының 1 - 3-тармақшаларында көрсетілген адамдар осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында көзделген кедендік операцияларды жасамаған жағдайда, тасымалдаушы осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен байланысты кедендік операцияларды межелі кеден органы құжаттардың берілуін тіркеген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей жасауға міндетті.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында тасымалдаушыны осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағының 1 - 3-тармақшаларында аталған адамдардың тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен немесе оларды кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды жасамағаны туралы хабардар ету мерзімдері және (немесе) тәртібі белгіленуі мүмкін.

      4. Осы баптың 1 - 3-тармақтарының ережелері, егер тауарларға қатысты алдын ала кедендік декларациялау жүзеге асырылған болса, қолданылмайды.

      5. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағының 1 - 3-тармақшаларында көрсетілген тұлғалар тауарларды осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес уақытша сақтауға орналастырумен байланысты кедендік операцияларды:

      1) осы Кодекстің 113-бабына сәйкес кедендік декларацияны қайтарып алуға кеден органының рұқсатын;

      2) осы Кодекстің 124-бабына сәйкес тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы кеден органының шешімін;

      3) осы Кодекстің 125-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартуды алған кезден бастап 3 сағат ішінде жасауға міндетті.

      6. Осы бапта белгіленген кедендік операциялар осы баптың 1 және 5-тармақтарында көрсетілген мерзімде жасалмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кідіртеді.

      7. Осы баптың ережелері:

      1) Одақтың кедендік аумағына әкелінген және осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағында көрсетілген, Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы тасу (тасымалдау) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларына және шетел тауарларына қатысты;

      2) халықаралық пошта жөнелтімдеріне қатысты;

      3) Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты әкету орнында кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған кезде;

      4) екінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңқайларында (ашық алаңқайлардың бөлітерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына жеткізілген тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған кезде қолданылмайды.

153-бап. Одақтың кедендік аумағы бойынша тасу (тасымалдау) кезінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетел тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтардаы, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және аяқталуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу

      1. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын шетел тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтардаы, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет:

      1) декларантта - транзиттік декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап;

      2) егер тауарларды беру мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары арасында жүзеге асырылса, теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің актілерінде белгіленген тәртіппен не, егер тауарларды беру бір мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушылары арасында жүзеге асырылса, мүше мемлекеттердің көлік саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды мүше мемлекеттердің бірінің аумағы шеңберінде теміржол көлігімен тасымалдауға қабылдаған мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында - тауарларды белгіленген тәртіппен тасымалдауға қабылдаған кезден бастап туындайды.

      2. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет жеке пайдалануға және халықаралық пошта жөнелтімдеріне арналған тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде туындамайды.

      3. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетел тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет:

      декларантта, сондай-ақ жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орнына дейін тауарларды тасуды (тасымалдауды) жүзеге асыратын, осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 151-бабына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанда;

      2) уәкілетті экономикалық оператор тауарларды осы Кодекстің 440-бабына сәйкес қабылдағанда;

      3) кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған тауарларды осы Кодекстің 129-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырғанда;

      4) кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған тауарларды осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырғанда;

      5) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) оларды осы баптың 6-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алғанда;

      6) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы, осы Кодекске сәйкес жойылғанға дейін немесе қайтарымсыз жоғалғанға дейін шетел тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, осындай жою фактісін және (немесе) авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әсерінен не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін танығанда;

      7) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығарудан бас тартқанда;

      8) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты — осы Кодекстің 113-бабына сәйкес транзиттік декларациядан бас тартқанда және (немесе) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарларды шығарудың күшін жойғанда;

      9) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарларды осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) тәркілегенде және айналдырғанда;

      10) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес тауарларды кеден органы кідірткенде;

      11) қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу (әкімшілік процесті жүргізу) барысында алынған және тыйым салынған және бұрын мұндай тауарлар шығарылмаған болса, оларға қатысты қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылды.

      4. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетел тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің актілерінде белгіленген тәртіппен теміржол көлігімен тасымалданатын кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды басқа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не көлік саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мүше мемлекетінің теміржол тасымалдаушысы берген мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында - тауарларды белгіленген тәртіппен берген кезде тоқтатылады.

      5. Тауарлар кеден органы белгілеген кедендік транзит мерзімінде жеткізу орнына жеткізілмесе және осы Кодекстің 151-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларда кедендік рәсімнің қолданысы аяқталмаса, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалуға жатады.

      Көрсетілген мән-жайлар басталған кезде тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.

      6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, егер кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастылыған шетел тауарлары тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылса, ал жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты - егер жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару жүргізілсе, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жатады.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін кеден органы транзиттік декларацияны тіркеу күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      Кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты мәліметтері болмаған жағдайда, төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 20-бабының 3-тармағын ескере отырып жүзеге асырылады.

      Егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар коды 10-нан аз белгілер санымен топтама деңгейінде айқындалса:

      осындай топтамаға кіретін тиісті тауарларға сәйкес келетін кедендік әкелу баждарының ең көп мөлшерлемесі кедендік әкелу баждарын есептеу үшін қолданылады;

      кедендік әкелу баждарының ең көп мөлшерлемесі белгіленген осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін акциздердің (акциздік салықтың немесе акциздік алымның) ең көп мөлшерлемесі және қосылған құн салығының ең көп мөлшерлемесі салықтарды есептеу үшін қолданылады;

      осы тармақтың сегізінші абзацы ескеріле отырып, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең көп мөлшерлемесі арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін қолданылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 4-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алына отырып, есептеледі. Тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, егер тауардың сыныптамасы 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының сол бір кодындағы тауарларға не, егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың кодтары 10-нан кем белгілері бар топтама деңгейінде айқындалса, топтамаға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең көп мөлшерлемесі негізге алына отырып, есептеледі.

      Тауарлар туралы дәл мәліметтерді кейіннен анықтаған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осындай дәл мәліметтерді негізге ала отырып, есептеледі және кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) осы Кодекстің 10 және 11-тараулары мен 76 және 77-баптарына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүргізіледі.

      Халықаралық пошта жөнелтімдеріне қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекстің 287-бабының 7-тармағында белгіленген мөлшерде төленуге жатады.

      7 Осы Кодекстің 129-бабының 6-тармағына сәйкес тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен уақытша сақтауға орналастырған не осындай тауарларды осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырған не кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толықтан немесе ішінара) жөніндегі міндет орындалғаннан кейін кеден органдары тауарларды осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кідірткен жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомалары осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

      8. Осы Кодекстің 62-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантынан өзге тұлға табыс еткен жағдайда, мұндай өзге тұлға кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша декларантпен ортақ міндетті көтереді.

      9. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын таситын халықаралық тасымалдың көлік құралдарын осы Кодекстің 343-бабының 3-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің заңнамасына сай айқындалған ұйымдар қоса алып жүрген жағдайларда, мұндай ұйым кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша декларантпен ортақ міндетті көтереді.

      10. Тауарларды теміржол көлігімен тасымалдаған кезде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың көліктік декларанты теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің актілерінде не мүше мемлекеттердің көлік саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдауға қабылдаған мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысы болып табылмаса, мұндай теміржол тасымалдаушысы кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша декларантпен ортақ міндетті көтереді.

154-бап. Тұлғалардың кедендік транзит кедендік рәсімін бұзған кездегі жауапкершілігі

      1. Осы Кодекстің 150-бабында көрсетілген тұлғалар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған барлық тауарларды және оларға құжаттарды тауарларды жеткізу орнына жеткізбеген кезде, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізген кеден органы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасу (тасымалдау) кезінде міндеттер орындалмаған жағдайларда, оның ішінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бір бөлігі жеткізілмеген жағдайда, осы Кодекстің 150-бабында көрсетілген тұлғалар аумағында бұзушылықтар анықталған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      2. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес теміржол көлігімен тасымалдау кезінде тасымалдаушының міндеттерді орындамағаны үшін теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің актілерінде не, егер тауарларды беру бір мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушылары арасында жүзеге асырылса, мүше мемлекеттердің көлік саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды бір мүше мемлекеттің аумағы бойынша тасымалдауға қабылдаған теміржол тасымалдаушысы жауаптылықта болады.

      Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес теміржол көлігімен тасымалдау кезінде міндеттерін орындамағаны үшін осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген теміржол тасымалдаушысы аумағында тауарлар тасымалдауға қабылданған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

23-тарау

Кеден қоймасы кедендік рәсімі

155-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің мазмұны және қолданылуы

      1. Кеден қоймасы кедендік рәсімі — шетел тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім, оған сәйкес мұндай тауарлар оларды осындай кедендік рәсіммен орналастырудың және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдаланудың шарттары сақталған жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленбей кеден қоймасында сақталады.

      2. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

      3. Кеден қоймасы кедендік рәсімін қолдануға:

      1) бұрын уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру арқылы уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің;

      2) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) бұрын кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдерін кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру арқылы кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің;

      3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) бұрын ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдерін кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру арқылы ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын тоқтата тұруға жол беріледі.

      4. Кеден қоймасы кедендік рәсімін өздерінің үлкен көлемдеріне немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше шарттарына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларға қатысты қолдануға жол беріледі.

      Мұндай тауарларды сақтау мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес берілетін, осындай орындарда сақтауға кеден органының рұқсаты болған жағдайда, кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда жүзеге асырылуы мүмкін.

      5. Комиссия кеден қоймасы кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлар тізбесін айқындауға құқылы.

156-бап. Тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары

      1. Тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      1) кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес тауарлардың кедендік декларациялау күнгі жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі күнтізбелік 180-нен астам күнді құрауы;

      2) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау болып табылады.

      2. Тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары:

      1) тауарлардың кеден қоймасында, ал осы Кодекстің 155-бабының 4-тармағында көрсетілген тауарлардың - кеден органының тауарларды кеден қоймасы болып табылмайтын орында сақтауға берілген рұқсатында көрсетілген орындарда орналастырылуы және болуы;

      2) кеден қоймасы кедендік рәсімін қолдану мерзімінің сақталуы;

      3) кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен операциялар жасау кезінде осы Кодекстің 158-бабы ережелерінің сақталуы болып табылады.

157-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі

      1. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастырған күннен бастап 3 жылдан аспайды.

      2. Одақтың кедендік аумағында тұрған шетелдік тауарларға қатысты Кеден қоймасы кедендік рәсімі бірнеше рет қолданылған, оның ішінде осы тауарлардың декларанттары әртүрлі тұлғалар болып табылған жағдайда, кеден қоймасы кедендік рәсімінің жалпы қолданылу мерзімі осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімнен аспайды.

      3. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.

      Жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі шектеулі тауарлар жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 180 күннен кешіктірілмей, өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға тиіс.

      4. Кеден қоймасы жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және осындай кеден қоймасында тұрған тауарлар осы Кеден қоймасы жұмыс істеуі тоқтатылған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірілмей басқа кеден қоймасына орналастырылуға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.

158-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен жасалатын операциялар

      1. Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдар немесе олардың өкілдері кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті әдеттегі операцияларды жасауға, оның ішінде тауарларды қарап-тексеруге және өлшеуге, кеден қоймасы шегінде олардың орнын ауыстыруға, ал осы Кодекстің 155-бабының 4-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты - осы операциялар тауарлар жай-күйінің өзгеруіне, олардың орамасының және (немесе) идентификаттау құралдарының бұзылуына алып келмейтін жағдайда, осындай тауарларды сақтау орындары шегінде құқылы.

      2. Кеден органының рұқсатымен кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен қарапайым жинау операциялары, сондай-ақ мыналар:

      1) тауарлардың сынамасын және (немесе) үлгілерін алу;

      2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау, оған қоса партияларға бөлу, жөнелтілімдерді, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қалыптастыру бойынша, тауардың сыртқы пішінін жақсарту бойынша операциялар;

      3) сақтау мерзімі ішінде осындай операцияларды жасау талап етілетін тауарларға қатысты техникалық қызмет көрсету бойынша операциялар жасалуы мүмкін.

      3. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен жасалатын операциялар осы тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодын өзгертумен байланысты сипаттамасын өзгертпеуге тиіс.

      4. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды олардың функционалдық нысанасы бойынша пайдалануға жол берілмейді.

      5. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты осы тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беруді көздейтін мәмілелер жасалуы мүмкін.

159-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтау

      1. Тауарлар кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған күннен кейінгі күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде олар кеден қоймасында не кеден органының тауарларды кеден қоймасы болып табылмайтын орында сақтауға берілген рұқсатында көрсетілген орындарда орналастырылуға тиіс.

      2. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе ерекше сақтау шарттарын қажет ететін тауарлар осындай тауарларды сақтау шарттарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларында орналастырылуға тиіс.

160-бап. Кеден қоймасында сақтау кезеңінде жарамсыз болып қалған, бүлінген немесе зақымданған тауарлар

      Кеден қоймасында сақтау кезеңінде, оларды декларант таңдаған кедендік рәсіммен орналастыру кезінде апаттың немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жарамсыз болып қалған, бүлінген немесе зақымданған тауарлар Одақтың кедендік аумағына жарамсыз болып қалған, бүлінген немесе зақымданған күйде әкелінген ретінде қаралады.

161-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы және тоқтатылуы

      1. Осы Кодекстің 157-бабында көзделген кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы:

      1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, кеден транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген шарттарда тауарларды шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырумен;

      2) қолданылуы осы Кодекстің 173-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын жаңартумен;

      3) қолданылуы осы Кодекстің 197-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын жаңартумен;

      4) қолданылуы осы Кодекстің 224-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын жаңартумен;

      5) егер тауарлар осы кедендік рәсіммен тауарларды Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кеден органы тауарлар шығаруды жүргізген мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына тасымалдау үшін орналастырылған болса, осындай тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырумен;

      6) осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес тауарлардың керек-жарақ ретінде шығарылуымен;

      7) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органдарының авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи шығынның нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін тануымен;

      8) олар басталғанға дейін тауарлар кедендік бақылауда тұратын, Комиссия айқындайтын және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалатын жағдайлардың басталуымен аяқталады.

      2. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік рәсімге бір немесе бірнеше партиямен орналастырылуы мүмкін.

      3. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде орналастырылған тауарлар, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының XVI бөліміне ескертулерді және (немесе) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндіру қағидаларын 2 (а) қолдану мүмкін болған жағдайда, мынадай шарттар сақталған кезде:

      1) кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін кедендік рәсімдермен орналастырылатын тауарлардың декларанты бір тұлға болып табылғанда;

      2) тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы бір мәміле шеңберінде өткізілгенде;

      3) Комиссия айқындайтын жағдайларда, Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде орналастырылатын тауарларды сыныптау туралы шешім ұсынылғанда;

      4) Комиссия айқындайтын өзге де шарттар сақталғанда Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауардың кодына сәйкес келетін тауардың кодын мәлімдеу арқылы кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.

      4. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғаннан кейін тауарлар осы баптың 1-тармағы 1 - 6 және 8-тармақшаларында көзделген мән-жайлар басталған күннен кейінгі күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей кеден қоймасынан әкетуге жатады.

      5. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған кезде осы баптың 1-тармағына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 157-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін тоқтатылады, ал мұндай тауарларды осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдары кідіртеді.

      6. Осы Кодекстің 157-бабы 3-тармағының екінші абзацында және 4-тармағында көрсетілген әрекеттер, онда көрсетілген мерзім аяқталмаған жағдайда, кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы осы мерзімдер өткеннен кейін тоқтатылады, ал мұндай тауарларды осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдары кідіртеді.

162-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу

      1. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет:

      1) декларантта — кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап;

      2) Кеден қоймасы иесінде - тауарларды кеден қоймасында орналастырған кезден бастап туындайды.

      2. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мына мән-жайлар басталан кезде:

      1) тауарларды кеден қоймасында орналастырғанда;

      2) кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы, егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, осы Кодекстің 161-бабына сәйкес аяқталғанда, оның ішінде кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 6-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін аяқталғанда тоқтатылады.

      3. Кеден қоймасы иесінде кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 161-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде, оның ішінде кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 6-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін аяқталған кезде тоқтатылады.

      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғада кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарлар осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырылғанда;

      2) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) оларды осы баптың 7-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алғанда;

      3) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес шетел тауарларының авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы, осы шетел тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі осы Кодекске сәйкес осындай жоюға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін басталған жағдайларды қоспағанда, таныған кезде;

      4) тауарларға декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;

      5) осы Кодекстің 113-бабына сәйкес тауарларға декларация қайтарып алынғанда және (немесе) тауарларға декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылымы жойылғанда;

      6) мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды тәркілеу немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдыру;

      7) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органы тауарларды кідірткенде;

      8) қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу (әкімшілік процесті жүргізу) барысында алынған немесе тыйым салынған, егер бұрын мұндай тауарлар шығарылмаған болса, олардың жасы туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастыру басталғанда тоқтатылады.

      5. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.

      6. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) декларантта:

      авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, тауарлар кеден қоймасына орналастырылғанға дейін жоғалған жағдайда - осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса - тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру күні;

      авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, егер тауарларды сақтау кедендік емес қоймада жүзеге асырылса, кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін тауарлар жоғалған немесе өзге адамға берілген жағдайда - осындай жоғалту немесе беру күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса - тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру күні;

      егер тауарларды сақтау осы Кодекстің 155-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік емес қоймада жүзеге асырылса, тауарлар сақтау орнынан тыс жерлерге әкетілген жағдайда — осындай әкету күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса - тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру күні;

      2) кеден қоймасының иесінде:

      авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, тауарлар жоғалған жағдайда - тауарларды жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса - тауарларды кеден қоймасында орналастыру күні;

      кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанын растайтын құжаттарды оның иесіне берместен, кеден қоймасынан тауарлар берілген жағдайда - тауарларды беру күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса - тауарларды кеден қоймасында орналастыру күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.

      7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, егер кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктер төленбей орналастырылса, төлеуге жатады.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін тауарларды Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға декларацияны кеден органы тіркеген күнгі қолданыста болған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер кеден органында тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қажетті нақты мәліметтер болмаса, тауарлардың кедендік құны кеден органының қолында бар мәліметтердің негізінде айқындалады.

      Кейіннен тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қажетті нақты мәліметтер белгіленген кезде тауарлардың кедендік құны осындай нақты мәліметтер негізге алына отырып айқындалады және кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) не осы Кодекстің 10 және 11-тараулары мен 76 және 77-баптарына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.

      9. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан және (немесе) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларын (толығымен немесе ішінара) өндіріп алғаннан кейін осы Кодекстің 161-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес шетел тауарларына қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған не осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдары мұндай тауарларды кідірткен жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған сомалар осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

24-тарау

Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі

163-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны және қолданылуы

      1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі - шетел тауарларымен Одақтың кедендік аумағынан одан әрі әкетуге арналған осы тауарларды қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасалатын, осындай шетел тауарларына қатысты тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарты сақталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей шетелдік тауарларға қатысты пайдаланылатын кедендік рәсім.

      2. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар, қалған қалдықтар) шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады.

      3. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысын онымен уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды орналастыру арқылы тоқтату үшін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдануға жол беріледі.

      4. Комиссия кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлардың тізбесін айқындауға құқылы.

164-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырудың және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдаланудың шарттары

      1. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      1) мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 168-бабында айқындалған мәліметтері бар тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың бар-жоғы болып табылады. Егер кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолданудың мақсаты тауарларды жөндеу болып табылса, сондай-ақ Комиссия айқындайтын өзге де жағдайларда, тауарларға декларация осындай құжат ретінде пайдаланылуы мүмкін;

      2) осы Кодекстің 172-бабына сәйкес шетел тауарларын балама тауарлармен өткізу жағдайларын қоспағанда, кеден органдарының кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын идентификаттау мүмкіндігі;

      3) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау болып табылады.

      2. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары:

      1) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімін сақтау;

      2) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен операциялар жасаған кезде осы Кодекстің 166-бабының ережелерін сақтау;

      3) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеудің шарттары туралы құжатта көрсетілген тұлғаларда орналасуы және осындай тауарларды осы тұлғалардың тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау үшін пайдалануы болып табылады.

      3. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін кеден органының шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде оларды идентификаттау деп қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында Одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларға кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ғана ұшырайтыны жөнінде осы Кодекстің 167-бабында айқындалған тәсілдердің бірін белгілеу түсініледі.

165-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі

      1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі Одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта белгіленген Одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі негізінде белгіленеді.

      2. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі Одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде тұлғаның өтініші бойынша ұзартылады.

      3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі өткеннен кейін 10 жұмыс күніне ұзартыла алатыны көзделуі мүмкін. Кеден органы белгілеген кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту кезінде ол өткеннен кейін осындай кедендік рәсімнің қолданылуы осы кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап жаңғыртылады.

166-бап. Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар

      1. Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар:

      1) тауарларды қайта өңдеуді және өңдеуді;

      2) монтаждауды, жинауды, бөлшектеуді және шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды;

      3) қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерді өткізуді, жаңғыртуды қоса алғанда, тауарларды жөндеуді;

      4) тауарлардың қайта өңдеу процесінде толық немесе ішінара тұтынылатынына қарамастан, қайта өңдеу өнімдерінің өндірісіне жәрдемдесетін немесе оны жеңілдететін осы тауарларды пайдалануды қамтиды. Бұл операция осы тармақтың 1 - 3-тармақшаларында көрсетілген операциялардың бірімен бір мезгілде жасалуға тиіс.

      2. Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға:

      1) тауарларды сатуға және тасуға (тасымалдауға) дайындау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар, оның ішінде тауарлар өз дербес сипаттамаларын жоғалтпайтын тауарларды буып-түю, өлшеп орау және сұрыптау;

      2) төл алу, құстарды, балықтарды қоса алғанда, жануарларды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тектестер мен моллюскалар өсіру;

      3) ағаштар мен өзге де өсімдіктер өсіру;

      4) ақпаратты, дыбыс және бейне жазбаларды ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрлеріне көшіру және көбейту;

      5) технологиялық процесте шетел тауарларын көмекші құралдар (жабдық, станоктар, керек-жарақтар және басқасы) ретінде пайдалану;

      6) Комиссия айқындайтын өзге де операциялар жатпайды.

      3. Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген және Комиссия айқындайтын тізбеге кірген тауарларды қоспағанда, Одақ тауарларын пайдалануға жол беріледі.

      Комиссия мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген және осы Кодекстің бірінші абзацында белгіленген тізбеге кірген Одақ тауарлары Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасау кезінде пайдаланылуы ықтимал жағдайларды аайқындауға құқылы.

167-бап. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде идентификаттау

      Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде идентификаттау мақсатында мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:

      декларанттың, қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды адамдарының шетел тауарларына мөрлерді, мөртабандарды, цифрлық және басқа да таңбаларды қоюы;

      шетелдік тауарлардың ауқымын егжей-тегжейлі сипаттау, фотосуретке түсіру, бейнелеу;

      шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын және (немесе) үлгілерін салыстыру;

      тауарларда бар таңбаларды, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;

      тауарлар сипатын және Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөнінде жасалатын операцияларды негізге ала отырып, оның ішінде Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияны жасаудың технологиялық процесінде шетелдік тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдері өндірісінің технологиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді қамтитын құжаттарды зерттеу арқылы немесе Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау уақытында кедендік бақылауды жүзеге асыру арқылы қолданылуы ықтимал өзге де тәсілдер.

168-бап. Тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжат

      1. Тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы мүше мемлекеттің уәкілетті органы беретін құжатты, осы құжат берілетін, оның ішінде қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын немесе тікелей осындай операцияларды жасамайтын аумақта мүше мемлекеттің кез келген тұлғасы ала алады.

      2. Тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжатта:

      1) құжатты берген мүше мемлекеттің уәкілетті органы туралы;

      2) құжат берілген тұлға туралы;

      3) Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы;

      4) шетел тауарлары және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтерді (Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, коды, саны мен құны) қамтиды. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының тауарлық позициясы деңгейінде шетел тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің кодын көрсету мүмкіндігі, сондай-ақ тауарлар мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің құнын көрсетпеу мүмкіндігі көзделуі мүмкін;

      5) егер мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленсе, шетел тауарларын қайта өңдеудің технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін (Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, коды, саны мен құны), мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген Одақ тауарлары туралы;

      6) тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы;

      7) қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық көріністегі шығу нормалары туралы;

      8) кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері туралы;

      9) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде идентификаттау тәсілдері туралы;

      10) қалдықтар мен қалған қалдықтар туралы мәліметтерді (Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, коды, саны мен құны) қамтиды. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының тауарлық позициясы деңгейінде қалдықтар мен қалған қалдықтардың кодын көрсету мүмкіндігі, сондай-ақ осындай қалдықтар мен қалған қалдықтардың құнын көрсетпеу мүмкіндігі ескерілуі мүмкін;

      11) тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу мерзімі;

      12) тауарларды осы Кодекстің 172-бабында айқындалғандай, егер мұндай өткізуге жол берілсе, балама тауарлармен өткізу туралы;

      13) қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндіктері туралы;

      14) тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

      3. Тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу мерзімі 3 жылдан не Комиссия тауарлардың жекелеген санаттары үшін айқындайтын неғұрлым ұзақ мерзімнен аспауға тиіс.

      4. Тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу мерзімі:

      1) тауарларды өндірістік қайта өңдеу процесінің ұзақтығын;

      2) Одақтың кедендік аумағынан қайта өңдеу өнімдерін нақты әкету және шетел тауарларының қалдықтары мен қалған қалдықтарын қолдануға байланысты кедендік операцияларды жасау үшін қажетті уақытты қамтиды.

      5. Тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу мерзімі - тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап, ал тауарларды бірнеше партиямен кедендік декларациялаған кезде кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бірінші партиясын орналастырған күннен бастап есептеледі.

      6. Тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу мерзімі осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.

      7. Мүше мемлекеттердің заңнамасында тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілуге жататын қосымша мәліметтер белгіленуі мүмкін.

      8. Тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеудің шарттары туралы құжат нысаны, оны толтыру тәртібі мен мұндай құжатты беру тәртібі, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) нысаны және (немесе) қалпына келтіру тәртібі мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.

      9. Тауарларға декларацияны тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжат ретінде пайдаланған жағдайда, тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы декларант тауарларға декларацияда көрсетеді.

169-бап. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары

      1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормасы деп шетел тауарларының белгілі бір санын Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің саны және (немесе) пайыздық құрамы түсініледі.

      2. Егер Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар сипаттамалары белгіленген техникалық талаптарға сәйкес іс жүзінде тұрақты күйінде қалатын және қайта өңдеудің өзгермеген сападағы өнімдерін алуға әкеп соғатын тауарларға қатысты жасалса, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығу нормаларын белгілеуі мүмкін.

170-бап. Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар және өндірістік ысыраптар

      1. Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар, көрсетілген қалдықтар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған жағдайда не мұндай қалдықтар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көмілуге, залалсыздандырылуға, кәдеге жаратылуға немесе өзге де тәсілмен жойылуға жататын жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады.

      2. Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар декларант таңдаған кедендік рәсіммен орналастырылған кезде Одақтың кедендік аумағына осы күйінде әкелінгендер ретінде қарастырылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, кедендік рәсіммен орналастыруға жатпайтын қалдықтар Одақ тауарлары мәртебесіне ие болады және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған күнінен бастап не кеден органына пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін не осындай операцияларды жүзеге асыру үшін олардың тапсырылу фактісін растайтын құжаттарды табыс еткен күннен бастап кедендік бақылауда емес деп есептеледі.

      4. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған, Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қайтарымсыз жоғалған және кеден органдары өндірістік ысыраптар деп таныған шетел тауарлары кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде кедендік рәсіммен орналастыруға жатпайды.

171-бап. Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияны жасау нәтижесінде пайда болатын шетел тауарларының қалған қалдықтары

      Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларына сәйкес Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған шетел тауарларының қалған қалдықтары осы Кодекстің 173-бабына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылуға жатады.

172-бап. Шетел тауарларын балама тауарлармен ауыстыру

      1. Кеден органының рұқсатымен кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған не тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжатқа сәйкес кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру жоспарланған шетел тауарларын өздерінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша осындай шетел тауарларына сәйкес келетін Одақ тауарларымен (осы бапта бұдан әрі - балама тауарлар) ауыстыруға жол беріледі.

      Одақтың кедендік аумағына бұрын экспорт кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағынан әкетілген, тауарлардың құрамына кіретін бұзылған түрдегі бөлшектерді, желілерді, агрегаттарды жөндеу үшін әкелген жағдайда, өздерінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша Одақтың кедендік аумағына әкелінген осындай бөлшектерге, желілерге, агрегаттарға сәйкес келетін Одақ тауарлары олардың жарамдылық және (немесе) тозу жағдайы ескерілместен, балама тауарлар ретінде қарастырылады.

      2. Балама тауарларды Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған қайта өңдеу өнімдері осы тараудың ережелеріне сәйкес шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдері ретінде қарастырылады.

      3. Балама тауарлар - шетел тауарлары мәртебесін, ал олар ауыстырған тауарлар Одақ тауарлары мәртебесін алады.

      4. Егер шетел тауарларын балама тауарлармен ауыстыруға рұқсат етілсе, балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдерін Одақтың кедендік аумағынан әкетуге шетел тауарларын Одақтың кедендік аумағына әкелгенге дейін жол беріледі.

      5. Шетел тауарларын балама тауарлармен ауыстыру тәртібі мен шарттары мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

173-бап. Кедендік аумақтағы қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау, тоқтата тұру және тоқтату

      1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданысының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, осы Кодекстің 170-бабының 3-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды) және (немесе) қалған қалдықтарды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетел тауарларын кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.

      2. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы:

      1) Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде алынған (найда болған) тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, осы Кодекстің 170-бабының 3-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды және (немесе) қалған қалдықтарды) және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастырылған және Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетел тауарларын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе кедендік транзит кедендік рәсімін, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген шарттармен шетел тауарларына қатысты қолданылатын өзге де кедендік рәсіммен орналастырғанда аяқталуы мүмкін. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленбейді және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда, өзгеше түрде ішкі - нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді;

      2) қолданысы осы Кодекстің 224-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысын қайта қалпына келтіргенде;

      3) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органдары Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлардың (қайта өңдеу өнімдерінің, қалдықтардың және (немесе) қалған қалдықтардың) және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетел тауарларының авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін танығанда;

      4) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу операциялары нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танығанда не кеден органына өзге тәсілмен пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе жою фактісін не оларды осындай операциялар жасау үшін беру фактісін растайтын құжаттар табыс етілгенде;

      5) кеден органдары кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларының бір бөлігін өндірістік ысыраптар деп танығанда;

      6) Комиссия айқындайтын және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалатын мән-жайлар басталғанға дейін тауарлар кедендік бақылауда болса, осындай мән-жайлар басталған кезде аяқталуы мүмкін.

      3. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін кедендік қойма кедендік рәсімімен немесе оларды қайта өңдеу өнімдерін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.

      4. Қайта өңдеу өнімдері кедендік рәсімдермен бір немесе бірнеше партиялармен орналастырылуы мүмкін.

      5. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі өткеннен кейін осы кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылады.

174-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі

      1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта - тауарларға декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап, ал тауарларға декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтініш берілген тауарларға қатысты тауарлар шығару туралы өтініш берген тұлғада - тауарларға декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.

      2. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) кеден органы белгілеген кедендік аумақтағы қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін, оның ішінде осы баптың 4-тармағы 1 және 2-тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін осы Кодекстің 173-бабының 1-тармағына және 2-тармағының 1, 2, 4 - 6-тармақшаларына сәйкес кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанда;

      2) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданысы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды осы Кодекстің 129-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырғанда;

      3) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданысы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырғанда;

      4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) оларды осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерлерде өндіріп алғанда;

      5) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларының және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы Кодекске сәйкес осындай жоюға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін бұл тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін танығанда;

      6) тауарларға декларацияны не тауарларға декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартқанда;

      7) тауарларға декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты — осы Кодекстің 113-бабына сәйкес тауарларға декларацияны қайтарып алу және (немесе) осы Кодекстің 118-бабы 4-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымының күшін жойғанда;

      8) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарларды тәркілегенде немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырғанда;

      9) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органы тауарларды кідірткенде;

      10) қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу (әкімшілік процесті жүргізу) барысында алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды, егер бұрын мұндай тауарлар шығарылмаған болса, уақытша сақтауға орналастырғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.

      3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.

      4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын осындай кедендік рәсімнің қолданысы аяқталғанға дейін кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілмеген тұлғаға (тұлғаларға) берген жағдайда - тауарларды беру күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру күні;

      2) авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуын және (немесе) қайтарымсыз жоғалуын немесе тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуын қоспағанда, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарлары осындай кедендік рәсімнің қолданысы аяқталғанға дейін жоғалған жағдайда - тауарларды жоғалту күні, ал бұл күн белгіленбесе - тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру күні;

      3) кеден органы белгілеген кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданысының мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінінің қолданысы аяқталмаған жағдайда - кеден органы белгілеген кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданысының мерзімі өткен күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждары, егер кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, төленуге жатады.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін кеден органы кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін берген тауарларға декларацияны тіркеген күні, ал тауарларға декларация берілгенге дейін шығарылған тауарларға қатысты - кеден органы тауарларға декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтінішті тіркеген күні қолданыста болған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарының сомаларынан тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру күнінен бастап, егер көрсетілген сомаларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі өткен күн аралығында оларды төлеу мерзімі ұзартылған болса, сондай пайыздар төленуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 60-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.

      Егер кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 173-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, осы тармақта көзделген пайыздар кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатыла тұрған кезде есептелмейді және төленбейді.

      7. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған не кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды осы Кодекстің 129-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырған немесе мұндай тауарларды осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес орналастырған не кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағаннан және (немесе) оларды (толығымен немесе ішінара) өндіріп алғаннан кейін мұндай тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кідірткен жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарының сомалары осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес қайтарылуға (есепке жатқызуға) жатады.

175-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған кезде қайта өңдеу өнімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері

      1. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, егер кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін пайдаланылған шетел тауарлары ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, осылай төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомалары мөлшерінде төленуге жатады.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін кеден органы кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін берген тауарларға декларацияны тіркеген күні, ал тауарларға декларация бергенге дейін шығарылған тауарларға қатысты - кеден органы тауарларға декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтінішті тіркеген күні қолданыста болған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін мүше мемлекеттің валютасына шетел валютасын қайта есептеуді жүргізу қажет болса, мұндай қайта есептеу осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген күні қолданыста болған валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      2. Осы баптың l-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларынан тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру күнінен бастап, егер көрсетілген сомаларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі өткен күн аралығында оларды төлеу мерзімі ұзартылған болса, сондай пайыздар төленуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 60-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.

      Егер кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 173-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, осы тармақта көзделген пайыздар кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатыла тұрған кезде есептелмейді және төленбейді.

25-тарау

Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімі

176-бап. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны мен қолданылуы

      1. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімі - Одақ тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім, оған сәйкес осындай тауарлар Одақтың кедендік аумағына кейіннен әкелуге арналған Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде оларды қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдаланған кезде Одақтың осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды төлемей, Одақтың кедендік аумағынан әкетіледі.

      2. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағынан нақты әкетілген тауарлар Одақ тауарлары мәртебесін жоғалтады.

      3. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімін:

      1) осындай тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулермен байланысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен бұрын орналастырылған тауарларға, не олардың бөліктеріне осындай тауарлар не олардың бөліктері Одақтың кедендік аумағынан оларды жөндеу үшін әкетілетін және кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылу кезінде шетелдік тауарлар мәртебесі бар тауарларға қатысты;

      2) Одақтың кедендік аумағынан әкетілген:

      осы Кодекстің 231-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға;

      осы Кодекстің 277-бабы 3-тармағының бірінші абзацында көзделген жағдайда халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты қолдануға жол беріледі.

      4. Осы баптың 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінбестен кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылады.

      5. Комиссия кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлардың тізбесін айқындауға құқылы.

177-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары

      1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады:

      1) мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 181-бабында айқындалған мәліметтер қамтылған тауарларды Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың болуы. Егер тауарларды жөндеу кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімін қолданудың мақсаты болып табылса, осындай құжат ретінде тауарларға арналған декларация пайдаланылуы мүмкін;

      2) осы Кодекстің көрсетілген бабына сәйкес осы Кодекстің 183-бабында айқындалғандай қайта өңдеу өнімдерін балама тауарлармен ауыстыру жағдайын қоспағанда, кеден органдарының кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде идентификаттау мүмкіндігі;

      3) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетті орындау ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 9-тарауына сәйкес кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын ұсыну;

      4) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы.

      2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары болып табылады:

      1) кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданысының белгіленген мерзімінің сақталуы;

      2) кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу операцияларын жасаған кезде осы Кодекстің 179-бабының ережелерінің сақталуы.

      3. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін кеден органының Одақ тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде идентификаттау деп осы Кодекстің 180-бабында айқындалған тәсілдердің бірінде белгіленген, қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырауы түсініледі.

178-бап. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі

      1. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта айқындалған Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу мерзімі негізінде белгіленеді.

      2. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуының белгіленген мерзімі Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде тұлғаның өтініші бойынша ұзартылады.

      3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуының белгіленген мерзімі, ол өткеннен кейін 10 жұмыс күшінен кешіктірілмей ұзартылатыны көзделуі мүмкін. Кеден органы белгілеген кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, ол өткеннен кейін осындай кедендік рәсімінің қолданылуы осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылған күннен бастап қайта жаңғыртылады.

179-бап. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялар

      Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялар:

      тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;

      монтаждауды, жинауды, бөлшектеуді және шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды;

      тауарларды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерді ауыстыруды жаңғыртуды қоса алғанда, оларды жөндеуді қамтиды.

180-бап. Одақ тауарларын олардың қайта өңдеу өнімдерінде идентификаттау

      Одақ тауарларын олардың қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер:

      декларанттың, Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасайтын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды адамдарының Одақ тауарларына мөрлерді, мөртабандарды, цифрлық және басқа да таңбалауды қоюы;

      Одақ тауарлары ауқымында егжей-тегжейлі сипаттау, фотосуретке түсіру, бейнелеу;

      Одақ тауарларының және олардың қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамларын және (немесе) үлгілерін салыстыру ;

      тауарлардағы таңбалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;

      тауарлар сипатын және Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу бойынша жасалатын операцияларды негізге ала отырып, оның ішінде Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасаудың технологиялық процесінде Одақ тауарларын пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдері өндірісінің технологиясы туралы толық мәліметтері бар, ұсынылған құжаттарды зерттеу жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер пайдаланылуы мүмкін.

181-бап. Тауарларды Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу шарттары туралы құжат

      1. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы беретін тауарларды Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу шарттары туралы құжатты осы құжат берілетін аумақтағы мүше мемлекеттің кез келген тұлғасы ала алады.

      2. Тауарларды Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу шарттары туралы құжатта:

      1) құжатты берген мүше мемлекеттің уәкілетті органы туралы;

      2) құжат берілген тұлға туралы;

      3) Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операцияларды тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы;

      4) Одақ тауарлары және олардың қайта өңдеу өнімдері туралы (Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, коды, саны мен құны). Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының тауарлық позициясы деңгейінде Одақ тауарларының және олардың қайта өңдеу өнімдерінің кодын көрсету мүмкіндігі көзделуі мүмкін;

      5) тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы;

      6) қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәнде шығу нормалары туралы;

      7) Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялар және оларды жасау тәсілдері туралы;

      8) кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылатын Одақ тауарларын олардың қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы;

      9) Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу мерзімі;

      10) осы Кодекстің 183-бабында айқындалғандай, егер осылай ауыстыруға жол берілсе, қайта өңдеу өнімдерін баламалы шетелдік тауарлармен ауыстыру туралы;

      11) тауарларды кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәліметтер болуға тиіс.

      3. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу мерзімі 2 жылдан аспауға тиіс.

      4. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу мерзімі:

      1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығы;

      2) Одақтың кедендік аумағына қайта өңдеу өнімдерін іс жүзінде әкелуге және оларды кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайтын кедендік рәсімдермен орналастыруға қажетті уақытты қамтиды.

      5. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу мерзімі тауарларды кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап, ал тауарлардың бірнеше партиямен кедендік декларациялануы кезінде - кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бірінші партиясын орналастырған күннен бастап есептеледі.

      6. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу мерзімі осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.

      7. Мүше мемлекеттердің заңнамасында Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілуге жататын қосымша мәліметтер белгіленуі мүмкін.

      8. Тауарларды Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу шарттары туралы құжат нысаны, оны толтыру тәртібі мен осындай құжатты беру тәртібі, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданысын қайта жаңғырту тәртібі мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.

      9. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат ретінде тауарларға арналған декларацияны пайдаланған жағдайда Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы мәліметтерді декларант тауарларға арналған декларация да көрсетеді.

182-бап. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары

      1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормасы деп Одақ тауарларының белгілі бір санын Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің саны және (немесе) пайыздық құрамы түсініледі.

      2. Егер Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялар белгіленген техникалық талаптарға сәйкес сипаттамалары негізінен тұрақты болып қалатын және қайта өңдеудің өзгермеген сападағы өнімдерін алуға әкелетін тауарларға қатысты жасалған жағдайда, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығу нормаларын белгілеуі мүмкін.

183-бап. Қайта өңдеу өнімдерін балама шетелдік тауарлармен ауыстыру

      1. Егер Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялар жөндеу болып табылған, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялар құбыржолмен тасымалданатын тауарларға қатысты жүзеге асырылған жағдайда кеден органының рұқсатымен өз сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша қайта өңдеу өнімдеріне сайма-сай келетін қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен (осы бапта бұдан әрі - балама шетелдік тауарлар) ауыстыруға жол беріледі.

      Одақтың кедендік аумағына бұрын әкелінген және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың құрамына енетін бөліктердің, тораптартардың, агрегаттардың ақаулы түрлері кепілдік беріліп жөндеу үшін әкетілген жағдайда, өздерінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша қайта өңдеу өнімдеріне сәйкес келетін шетелдік тауарлар олардың ақаулы болу және (немесе) тозу жай-күйі ескерілместен балама шетелдік тауарлар ретінде қаралады.

      2. Егер қайта өңдеу өнімдерін балама шетелдік тауарлармен ауыстыруға рұқсат етілген жағдайда, осы балама шетелдік тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуге Одақ тауарлары Одақтың кедендік аумағынан әкетілгенге дейін жол беріледі.

      3. Қайта өңдеу өнімдерін балама шетелдік тауарлармен ауыстыру тәртібі мен шарттары мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында анықталады.

184-бап. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы және тоқтатылуы

      1. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданысының белгіленген мерзімі өткенге дейін аталған кедендік рәсімнің қолданылуы қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру, ал осы тармақтың екінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, Одақтың кедендік аумағынан ақысыз (кепілдік беріп) жөндеу үшін шығарылған тауарлардың қайта өңдеу өнімдерін — кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.

      Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы, егер осындай қайта өңдеу өнімдері ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығару кезінде осы тауарларды ақысыз (кепілдік беріп) жөндеу себебі болып табылатын ақаудың (ақаулардың) болуы ескерілген тауарлардың қайта өңдеу өнімдері болып табылса, кері импорт кедендік рәсімімен қайта өңдеу өнімдерін орналастыру арқылы аяқтала алмайды.

      2. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданысының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы:

      1) осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда. кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған экспорт кедендік рәсімімен немесе кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды орналастыру;

      2) осы Кодекстің 176-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру;

      3) Комиссия айқындайтын жағдайларда, шарттарда және тәртіппен қайта өңдеу өнімдерін экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін.

      3. Егер мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) олардың қайта өңдеу өнімдері осы мүше мемлекеттің аумағына міндетті түрде қайтарылуға жататыны белгіленсе, кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқтала алмайды.

      4. Қайта өңдеу өнімдері кедендік рәсімдермен бір немесе бірнеше партиямен орналастырылуы мүмкін.

      5. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданысының белгіленген мерзімі өткеннен кейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады.

185-бап. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Одақ тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі

      1. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын Одақ тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.

      2. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Одақ тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай:

      1) осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданысының аяқталған, оның ішінде осы баптың 4-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін;

      2) оларға қатысты кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданысы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялары нәтижесінде алынған (қалыптасқан) тауарларды осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырған;

      3) кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалған және (немесе) оларды осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде өндіріп алынған;

      4) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты - кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарудан бас тартылған;

      5) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты - осы Кодекстің 113-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияны қайтарып алған және (немесе) осы Кодекстің 118-бабы 4-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылуын жойған;

      6) осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарлар тәркіленген немесе мүше мемлекеттің меншігіне (пайдасына) айналдырылған;

      7) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органы тауарларды ұстаған;

      8) егер бұрын осындай тауарларды шығару жүзеге асырылмаған болса, қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізу (әкімшілік процесті жүргізу) барысында алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырылған мән-жайлар басталған кезде тоқтатылады.

      3. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде орындалуға тиіс.

      4. Мынадай мән-жайлар туындаған кезде:

      1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімнің қолданысы аяқталғанға дейін жоғалған жағдайда, - осы тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса - кеден органының осы тауарларды жоғалту фактісін анықтаған күн;

      2) осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған жағдайда - кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданыс мерзімі өткен күн кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып саналады.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде кедендік әкету баждары кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарлары кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, экспорт кедендік рәсімімен орналастырылғанындай төленуге жатады,

      Кедендік әкету баждары есептеу үшін кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болған кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкету баждарының сомаларынан, егер бұл кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен, аумағында тауарлар орналастырылған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленсе, көрсетілген сомаларға қатысты оларды төлеу мерзіміне ұзарту ұсынылғанындай пайыздар төленуге жатады. Көрсетілген пайыздар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептеледі және төленеді.

      7. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған не тауарларды осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырған не тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындағаннан кейін ұстаған және (немесе) оларды осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомаларынан (толық немесе ішінара) өндіріп алған жағдайда осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес қайтарылуға (есепке алынуға) жатады.

186-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу және төлеу ерекшеліктері

      1. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кедендік әкелу баждары Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялар құнына негізделе отырып есептеледі.

      2. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны мыналарға:

      1) қайта өңдеу (жөндеу) жөніндегі операцияларға;

      2) егер олар қайта өңдеу (жөндеу) жөніндегі операциялар шығыстарына қосылмаған болса, қайта өңдеу (жөндеу) процесінде пайдаланылған шетелдік тауарлар нақты жұмсалған шығыстар жиынтығы ретінде айқындалады.

      3. Егер Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялардың қайта өңдеу өнімдерін кедендік декларациялау кезінде мәлімделген құны құжат түрінде расталмаған не ұсынылған құжаттар мұндай операциялардың құны туралы мәлімделген мәліметтерді растамаған жағдайда, ол қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құны мен кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар құнының айырмасы ретінде айқындалады.

      4. Егер қайта өңдеу өнімдеріне кедендік әкелу баждарының ерекшелікті мөлшерлемелері қолданылған жағдайда, төленуге жататын кедендік әкелу баждарының сомасы қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құнының Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялар құнының арақатынасына қайта өңдеу өнімдеріне қатысты ерекшелікті мөлшерлеме бойынша есептелген кедендік әкелу баждарының сомасын көбейту ретінде, қайта өңдеу өнімдері ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай айқындалады.

      5. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде қайта өңдеу өнімдеріне қатысты салықтар аумағында қайта өңдеу өнімдері ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес есептеледі.

      Егер Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциясы Одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларды жөндеу болып табылған жағдайда, акциздер (акциздік салық немесе акциздік алым) есептелмейді және төленбейді.

      6. Осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар осы баптың 1 - 5-тармақтарына сәйкес есептелген кедендік әкелу баждары, салықтар сомаларының мөлшерінде төленуге тиіс.

      7. Осы Кодекстің 176-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасау нәтижесінде алынған қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде осы Кодекстің 136-бабының 11-тармағына сәйкес осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1 - 5-тармақтарына сәйкес есептелген кедендік әкелу баждары, салықтар төленбейді.

      Осы Кодекстің 176-бабының 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасау нәтижесінде алынған қайта өңдеу өнімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған кезде тоқтатылады.

187-бап. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған тауарларға және оларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырған кезде қайта өңдеу өнімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері

      1. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкету баждарын есептеу үшін кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органының тіркеген күні қолданыста болған кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер кедендік әкету баждарын есептеу үшін мүше мемлекеттің валютасына шетел валютасын қайта есептеу жүргізу талап етілген жағдайда, мұндай қайта есептеу осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген күні қолданыста болған валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      2. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған, экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкету баждарының сомаларынан, егер ол аумағында тауарлар кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленсе, көрсетілген сомаларға қатысты оларды төлеуге шегерім ұсынылғанындай пайыздар төленуге тиіс. Көрсетілген пайыздар мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіппен есептеледі және төленеді.

      3. Осы Кодекстің 184-бабының 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес белгіленген жағдайларда экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын қайта өңдеу өнімдеріне қатысты кедендік әкету баждарын, салықтарды есептеу және төлеу ерекшеліктерін Комиссия осындай жағдайлар анықталған кезде айқындайды.

26-тарау

Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі

188-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны және оның қолданылуы

      1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі - шетелдік тауарларға қатысты пайдаланылатын кедендік рәсім, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдаланған кезде осындай шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары төленбей, кейіннен ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыруға арналған оларды қайта өңдеу өнімдерінде алу мақсатында осындай тауарлармен ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасалады.

      2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар мен ұсақ-түйек қалдықтар) шетелдік тауарлар мәртебесін алады.

      3. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі, тізбесі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін тауарларға қатысты пайдаланылады.

189-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осы кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары

      1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады:

      1) мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 193-бабында анықталған мәліметтер қамтылған тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың болуы;

      2) кеден органдарының ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды олардың қайта өңдеу өнімдеріне идентификаттау мүмкіндігі;

      3) тауарлар ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған күні қайта өңдеу өнімдеріне қатысты есептелген, ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары ескеріле отырып, Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай кедендік әкелу баждарының сомалары ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу рәсімімен орналастырылатын тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай есептелген кедендік әкелу баждарының сомаларынан аз болса;

      4) қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне келтіре алмау;

      5) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу;

      6) салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ұсынылмаса, салықтарды төлеу;

      7) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждармен салыстырғанда, өзгеше белгіленген ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуы;

      8) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақталуы.

      2. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары болып табылады:

      1) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданысының белгіленген мерзімінің сақталуы;

      2) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен операциялар жасаған кезде осы Кодекстің 191-бабының ережелерінің сақталуы;

      3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген тұлғаларда орналасуы және осы тұлғалардың тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау үшін осындай тауарларды пайдалануы.

      3. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін кеден органының шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде идентификаттауы деп осы Кодекстің 192-бабында айқындалған тәсілдердің бірінде белгіленген, қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың, ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырауы түсініледі.

190-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі

      1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта айқындалған ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімі негізінде белгіленеді.

      2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде тұлғаның өтініші бойынша ұзартылады.

      3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі ол өткеннен кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей ұзартыла алатындығы көзделуі мүмкін. Кеден органы белгілеген ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту кезінде ол өткеннен кейін осындай кедендік рәсімнің қолданылуы осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылған күннен бастап қайта жаңғыртылады.

191-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар

      1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар:

      1) тауарларды қайта өңдеуді және өңдеуді;

      2) монтаждауды, жинауды, бөлшектеуді және шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды қамтиды.

      2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға:

      1) тауарларды сатуға және тасымалдауға (тасымалға) дайындау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар, оның ішінде тауарлар өзінің дербес сипаттамаларын жоғалтпайтын тауарларды орау, қаптау және сұрыптау;

      2) төл алу, құстарды, балықтарды қоса алғанда, жануарларды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілер өсіру;

      3) ағаштар мен өзге де өсімдіктерді өсіру;

      4) ақпаратты, дыбыс және бейне жазбаларды ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрлеріне көшіру және көбейту;

      5) Комиссия айқындайтын өзге де операциялар жатпайды.

      3. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасаған кезде Одақ тауарларын пайдалануға жол беріледі.

192-бап. Шетелдік тауарлардың қайта өңдеу өнімдерінде идентификатталуы

      Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде идентификаттау мақсатында мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:

      декларанттың, қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды адамдарының шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртабандарды қоюы, цифрлық және басқа да таңбалауды салуы;

      шетелдік тауарлар ауқымында егжей-тегжейлі сипаттау, фотосуретке түсіру, бейнелеу;

      шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын және (немесе) үлгілерін салыстыру;

      тауарлардағы таңбалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;

      ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша жасалатын операцияларды және тауарлар сипатын негізге ала отырып, оның ішінде ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар жасаудың технологиялық процесінде шетелдік тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдерін өндіру технологиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер қамтылған құжаттарды зерттеу немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау кезінде кедендік бақылау жүргізу жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.

193-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат

      1. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы беретін тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты осы құжат берілетін мүше мемлекеттің аумағындағы кез келген тұлға, оның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасамайтын тұлға ала алады.

      2. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта:

      1) құжатты берген мүше мемлекеттің уәкілетті органы туралы;

      2) құжат берілген тұлға туралы;

      3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы;

      4) шетелдік тауарлар және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы (Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, коды, саны және құны). Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының тауарлық позициясы деңгейінде шетелдік тауарлардың кодын көрсету мүмкіндігі, сондай-ақ тауарларды және оларды қайта өңдеу өнімдерінің құнын көрсетпеу мүмкіндігі көзделуі мүмкін;

      5) тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы;

      6) қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық тұрғыдан шығу нормалары туралы;

      7) кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар және оларды жасау тәсілдері туралы;

      8) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы;

      9) қалдықтар мен ұсақ-түйек қалдықтар туралы (Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, коды, саны мен құны). Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының тауарлық позициясы деңгейінде қалдықтар мен ұсақ-түйек қалдықтардың кодын көрсету мүмкіндігі, сондай-ақ осындай қалдықтар мен ұсақ-түйек қалдықтардың құнын көрсетпеу мүмкіндігі көзделуі мүмкін;

      10) ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімі;

      11) қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндіктері туралы;

      12) тауарларды кедендік аумақта ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы;

      13) қайта өңдеу өнімдері экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне дейін келтіре алмау мүмкіндігі туралы мәліметтер болуға тиіс.

      3. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі 1 жылдан не Комиссия тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгілейтін неғұрлым ұзақ мерзімнен аспауы мүмкін.

      4. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі:

      1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;

      2) қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін қажетті уақытты қамтиды.

      5. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап, ал тауарларды бірнеше партиямен кедендік декларациялау кезінде - ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бірінші партиясын орналастырған күннен бастап есептеледі.

      6. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.

      7. Мүше мемлекеттердің заңнамасында тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілуге тиіс қосымша мәліметтер белгіленуі мүмкін.

      8. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжат нысаны, оны толтыру тәртібі мен осындай құжатты беру тәртібі, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) және (немесе) қалпына келтіру тәртібі мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.

194-бап. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары

      1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормасы деп шетелдік тауарлардың белгілі бір санын ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасау нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің саны және (немесе) пайыздық құрамы түсініледі.

      2. Егер ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар сипаттамалары белгіленген техникалық талаптарға сәйкес негізінен тұрақты болып қалатын және қайта өңдеудің өзгермеген сападағы өнімдерін алуға әкелетін тауарларға қатысты жасалса, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығу нормаларын белгілеуі мүмкін.

195-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар және өндірістік ысыраптар

      1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар, аталған қалдықтар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйде деп танылған не осындай қалдықтар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көмілуге, залалсыздандырылуға, кәдеге жаратылуға немесе өзге де тәсілмен жойылуға тиіс жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады.

      2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар декларант таңдаған кедендік рәсіммен орналастырылған кезде Одақтың кедендік аумағына осы күйінде әкелінгендей қарастырылады.

      3. Кедендік рәсіммен орналастырылуға жатпайтын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген қалдықтар Одақ тауарлары мәртебесіне ие болады және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйде деп танылған күннен бастан не кеден органына пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін не осындай операцияларды жасау үшін оларды беру фактісін растайтын құжаттар ұсынылған күннен бастап кедендік бақылауда болмайды деп есептеледі.

      4. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде қайтарымсыз жоғалған және кеден органдары өндірістік ысырап деп таныған шетелдік тауарлар ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде кедендік рәсіммен орналастыруға жатпайды.

196-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болатын шетелдік тауарлардың қалдықтары

      Шығу нормаларына сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған шетелдік тауарлардың қалдықтары осы Кодекстің 197-бабына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылуға жатады.

197-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдері қолданысының аяқталуы, тоқтатыла тұруы және тоқтатылуы

      1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолданудың белгіленген мерзімі өткенге дейін осындай кедендік рәсімнің қолданылуы ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, осы Кодекстің 195-бабының 3-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтар және (немесе) ұсақ-түйек қалдықтар) және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың орналастырылуымен аяқталады. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленбейді және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда өзге түрде ішкі нарықты қорғау шараларын сақтауды растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданысының белгіленген мерзімі өткенге дейін бұл кедендік рәсімнің қолданылуы мынадай:

      1) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды, осы Кодекстің 195-бабының 3-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде қалыптасқан ұсақ-түйек қалдықтарды кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген шарттарда шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын өзге кедендік рәсіммен орналастырған;

      2) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, қалдықтарды және (немесе) ұсақ-түйек қалдықтарды) және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органдары мойындаған;

      3) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу операциялары нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған не кеден органына өзгеше жолмен пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе жою фактісін не оларды осындай операцияларды жүзеге асыру үшін беру фактісін растайтын құжаттарды ұсынған;

      4) кеден органдары ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың бөлігін өндірістік ысыраптар деп таныған;

      5) Комиссия және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалатын мән-жайлар туындағанға дейін тауарлар кедендік бақылауда болатын мән-жайлар туындаған жағдайларда аяқталуы мүмкін.

      3. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолданудың белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.

      4. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі өткеннен кейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады.

198-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімдері

      1. Декларантта ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап, ал тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін шығарылуы мәлімделген тауарларға қатысты, - кеден органы тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеген кезден бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет туындайды.

      2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай:

      1) осы Кодестің 197-бабының 1-тармағына және 2-тармағының 1, 3 - 5-тармақшаларына сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы, оның ішінде осы баптың 6-тармағының 1 және 2-тармақшаларында көзделген жағдайлар басталғаннан кейін;

      2) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы оларға қатысты тоқтатылған тауарлар және (немесе) осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде оларға қатысты қолданылуы тоқтатылған, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар осы Кодекстің 129-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырылған;

      3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы оларға қатысты тоқтатылған тауарлар және (немесе) осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде оларға қатысты қолданысы тоқтатылған, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылған;

      4) кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындаған және (немесе) оларды осы баптың 7-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынған;

      5) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органының авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлардың жойылуы және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы Кодекске сәйкес осындай жою немесе қайтарымсыз жоғалтуға дейін бұл тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, осы тауарларды тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін мойындаған;

      6) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларацияны тапсырғанға дейін тауарлар шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты - кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылған;

      7) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 113-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация қайтарып алынған және (немесе) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылуының күші жойылған;

      8) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарлар тәркіленген немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырылған;

      9) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органы тауарларды ұстаған;

      10) қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізу (әкімшілік процесті жүргізу) барысында алып қойған немесе тыйым салынған тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастырылған және егер осындай тауарларды шығару бұрын жүргізілмесе, оларды қайтару туралы оларға қатысты шешім қабылданған мән-жайлар туындаған кезде тоқтатылады.

      3. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, декларантта мынадай:

      1) салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндетті орындау және (немесе) оларды осы баптың 13-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;

      2) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органының авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарлардың жойылуы және (немесе) қайтарымсыз жоғалуы фактісін немесе осындай жою немесе қайтарымсыз жоғалтуға дейін осы Кодекске сәйкес бұл тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, осы тауарларды тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалту фактісін мойындау;

      3) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларацияны тапсырғанға дейін тауарлар шығару туралы өтінішті тіркеу кезіне туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты - ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту;

      4) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 113-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияны қайтарып алу және (немесе) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлар шығарылуының күшін жою;

      5) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарлар тәркіленген немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырылған;

      6) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органы тауарларды ұстаған;

      7) қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізу (әкімшілік процесті жүргізу) барысында алып қойған немесе тыйым салынған тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастырылған және егер осындай тауарларды шығару бұрын жүгізілмесе, оларды қайтару туралы оларға қатысты шешім қабылданған мән-жайлар туындаған кезде тоқтатылады.

      4. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылып, шығарылуы тауарға арналған декларацияны бергенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған:

      1) салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау, сондай-ақ осы Кодекстің 120-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жолдаған не кеден органы тиісті белгілерді қойған;

      2) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарларды тәркілеу немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырған кезде тоқтатылады.

      5. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға тиіс.

      6. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілмеген тұлғаға (тұлғаларға) берген жағдайда — тауарларды берген күн, ал егер бұл күн белгіленбесе - тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күн;

      2) авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды (қайтарымсыз жоғалтуды) не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалтуды қоспағанда, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар жоғалған жағдайда - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күн;

      3) осы Кодекстің 197-бабына сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған жағдайда - кеден органы белгілеген ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданыс мерзімі аяқталған күн кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі болып саналады.

      7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде кедендік әкелу баждары ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғандай болып төленуге жатады.

      Кедендік әкелу баждарын есептеу үшін кеден органы ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарға арналған декларацияны тіркеген күні, ал шығарылуы тауарға арналған декларацияны бергенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты - кеден органы тауарға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеген күні қолданыста болған кедендік әкелу бажының мөлшерлемелері қолданылады.

      8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының сомаларынан тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі өткен күнді қоса алғандағы мерзімге көрсетілген сомаларға қатысты оларды төлеу мерзіміне ұзарту берілгендей пайыздар төленуге тиіс. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 60-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.

      Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 197-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда осы тармақта көзделген пайыздар кедендік рәсімнің қолданысын тоқтата тұру кезеңінде есептелмейді және төленбейді.

      9. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған не ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды осы Кодекстің 129-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырған не осындай тауарларды осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес орналастырған, не кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағаннан және (немесе) оларды (толығымен немесе ішінара) өндіріп алғаннан кейін осындай тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес ұстаған жағдайда осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының сомалары осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес қайтарылуға (есепке алынуға) жатады.

      10. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығарылуы мәлімделген тауарларды қоспағанда, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет (салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге тиіс) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін орындалуға тиіс.

      11. Шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған және тауарларға арналған декларация осы Кодекстің 120-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілген тауарларға қатысты, ал декларанты уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын тауарларға қатысты - осы Кодекстің 441-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей салықтарды, арнайы, демпингке қарсы. өтем баждарын (салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге тиіс) төлеу жөніндегі міндет тауарларға арналған декларация берілгенге дейін орындалуға тиіс.

      12. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған, оларды шығару тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген және осы Кодекстің 120-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін тауарларға арналған декларация берілмеген тауарларға қатысты, ал уәкілетті экономикалық оператор декларант болатын тауарларға қатысты, - осы Кодекстің 441-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін осы Кодекстің 120-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзімнің соңғы күні, ал уәкілетті экономикалық оператор декларант болатын тауарларға қатысты, - осы Кодекстің 441-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнің соңғы күні салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып саналады.

      13. Осы баптың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген тауарларға қатысты салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 12-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып осы Кодекске сәйкес тауарларға арналған декларацияда есептелген мөлшерде төленуге тиіс.

      14. Осы баптың 12-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты төленуге тиіс салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу базасы тауарлар шығарылымы туралы өтініште және осы өтінішпен бірге ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер негізінде анықталады.

      Тауарлар кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес 10 белгіден аз мөлшердегі топтама деңгейінде анықталған болса:

      салықтарды есептеу үшін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосымша құн салығының ең көп мөлшерлемесі, акциздердің ең көп (акциздік салық немесе акциздік алым) мөлшерлемесі қолданылады;

      арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін осы тармақтың бесінші абзацы ескеріле отырып, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең көп мөлшерлемесі қолданылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 4-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жеріне және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерге негізделе отырып есептеледі. Егер тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, егер тауардың сыныптамасы 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылған болса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының сол кодындағы тауарларға, не егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың коды 10 белгіден аз мөлшердегі топтама деңгейінде анықталса, топтамаға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең көп мөлшерлемесіне негізделе отырып есептеледі.

      Осы баптың 12-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кейін тауарларға арналған декларация берілген жағдайда салықтар, кедендік баждар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекске сәйкес тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге негізделе отырып есептелген сомалар мөлшерінде төленеді. Салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (аудару) осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

199-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері

      1. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік әкелу баждары осы Кодекстің 136-бабына сәйкес қайта өңдеу өнімдеріне қатысты есептеледі және төленеді.

      2. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде декларантта салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу міндеті туындамайды.

200-бап. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларға, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен ұсақ-түйек қалдықтарға қатысты оларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу ерекшеліктері

      Қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды, сондай-ақ ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен ұсақ-түйек қалдықтарды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде декларантта салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу міндеті туындамайды.

27-тарау

Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі

201-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің мазмұны мен қолданысы

      1. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі - шетелдік тауарларға және Одақ тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім, оған сәйкес осы кедендік рәсіммен тауарларды орналастыру және осындай кедендік рәсімге сәйкес оларды пайдалану шарттары сақталған кезде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей, осындай тауарлар ЕЭА аумағының шегінде немесе оның бөлігінде орналастырылады және пайдаланылады.

      2. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен, егер мүше мемлекеттің аумағында құрылған, жекелеген ЕЭА аумақтарында орналастыру және (немесе) пайдалану үшін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты осы мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (шартқа) (ЕЭА-дағы қызметтің шарттары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға, кәсіпкерлік бағдарламаға) сәйкес ЕЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыру мақсатында ЕЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) ЕЭА аумағында орналастыруға және (немесе) пайдалануына арналған тауарлар орналастырылады.

      3. Одақ тауарлары болып табылатын, осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарлар, порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағында орналастыру және (немесе) пайдалану үшін әкелінетіндерін қоспағанда, егер аумағында ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасында Одақтың бұл тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен міндетті түрде орналастырылуға жататыны белгіленбесе, ЕЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) таңдауы бойынша еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылады.

      4. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылмайтын және порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА резиденттерімен (қатысушыларымен, субъектілерімен) тауарларды жинау (сақтау) тиеу (түсіру) бойынша және тауарларды сақтауға, сондай-ақ сақталуын қамтамасыз етуге байланысты өзге де жүк операциялары бойынша қызметтер көрсетуге, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтың өзгеруіне байланысты тауарлардың сипаттамаларын өзгертпейтін осындай қызметтерді көрсету кезінде тауарлармен жасалатын операциялар жағдайында партияларды ұсақтауды, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, буып-түюді, қайта буып-түюді, таңбалауды (осы тарауда бұдан әрі - қызметтерді көрсету туралы шарт) қоса алғанда, тауарларды тасуға (тасымалдауға) дайындау жөніндегі шарт жасасқан тұлғалардың порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына орналастыруға арналған тауарлар орналастырылады.

      5. ЕЭА аумағындағы және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылмаған Одақ тауарларына қатысты кез келген, оның ішінде осы Кодекстің 205-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жасауға жол беріледі.

      6. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен ЕЭА аумағына жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын және (немесе) осындай ЕЭА аумағынан тауарларды, сондай-ақ осындай көлік құралдарындағы керек-жарақтарды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары орналастырылмайды.

      7. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарлары Одақ тауарлары мәртебесін сақтайды.

      8. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларынан жасалған (алынған) тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларынан және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылмаған Одақ тауарларынан жасалған (алынған) Одақ тауарлары Одақ тауарлары мәртебесін алады.

      9. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар мен еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан және Одақ тауарларынан жасалған (алынған) тауарлар (бұдан әрі - еркін кедендік аумақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар) осы тармақтың екінші абзацы ескеріле отырып шетелдік тауарлар мәртебесін алады.

      Егер еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) Одақ тауарлары кеден аумағынан әкетілетін болса, мұндай тауарлардың мәртебесі осы Кодекстің 210-бабына сәйкес айқындалады.

      10. Егер ЕЭА аумағындағы тауарларды кеден органы ЕЭА аумағындағы, ол құрылғанға дейінгі тауарлар ретінде немесе ЕЭА аумағына әкелінген немесе ЕЭА аумағында жасалған (алынған) тауарлар ретінде идентификаттай алмаса, онда мұндай тауарлар оларды ЕЭА аумағынан Одақтың кедендік аумағынан әкету мақсаттары үшін Одақ тауарлары, ал өзге мақсаттарда - Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар ретінде қарастырылады.

      11. Бұрын ЕЭА аумағынан Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілген, осы баптың 10-тармағында көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде осындай тауарларға қатысты кері импорт кедендік рәсімі қолданылмайды.

      12. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған, ішкі нарықты қорғау шараларының әсеріне жатқызылатын шетелдік тауарлар ЕЭА аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) шетелдік тауарларды әкету үшін осындай тауарларда идентификатталуға тиіс.

      Егер еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған, ішкі нарықты қорғау шараларының әсеріне жатқызылатын шетелдік тауарлар еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды жасау үшін пайдаланылғанымен, осындай шетелдік тауарларда идентификаттай алмаса, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар Одақтың кедендік аумағынан әкетілуге тиіс.

      13. Комиссия еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін және (немесе) тауарлардың санатын айқындауға құқылы.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттердің аумақтарында құрылған (құрылатын) ЕЭА-да еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі және (немесе) тауарлардың санаты белгіленуі мүмкін.

      14. Кеден органы еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың құрамына кіретіндей (кіргендей) идентификатталуы мүмкін бөлшектер, тораптар, агрегаттар, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ретінде оларды ЕЭА аумағынан әкету мақсатында қарастырылады және оларға қатысты осы Кодекстің ережелері қолданылады.

      15. Мүше мемлекеттің заңнамасында осы Кодекстің 205-бабы 3-тармағы, 207-бабының 1-тармағының 1 және 2-тармақшалары осындай мүше мемлекеттің аумағында құрылған, шегі Одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін ЕЭА аумағына қатысты қолданылмайтындығы белгіленуі мүмкін.

202-бап. Тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары

      1. Тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады:

      1) ЕЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (шартқа) (ЕЭА-дағы қызмет шарттары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға, кәсіпкерлік бағдарламаға) сәйкес кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыру мақсатында, егер осындай мүше мемлекеттің аумағында құрылған жекелеген ЕЭА аумағына орналастыру және (немесе) пайдалану үшін осы Кодекстің 201-бабының 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тауарлардың ЕЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) ЕЭА аумағында орналастырылуға және (немесе) пайдаланылуға арналуы;

      2) тауарлардың порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылмайтын және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтың өзгеруіне байланысты тауарлармен осындай қызметті көрсету кезінде жасалатын операциялар тауарлардың сипаттамаларын өзгертпейтін жағдайда, порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА резиденттерімен (қатысушыларымен, субъектілерімен) қызмет көрсету туралы шарт жасасқан тұлғалар порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына орналастырылуы үшін арналуы;

      3) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес шетелдік тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы.

      2. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанттары, аумақтарында осы тауарлар орналастырылатын ЕЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылатын тұлғалар, ал осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда, — осы баптың 3-тармағында көрсетілген немесе осы баптың 4-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге де тұлғалар бола алады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін немесе порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне немесе оның шегінен тысқары әкетілетін тауарлардың декларанттары қызмет көрсету туралы шарттың негізінде осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында және 2-тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген тұлғалар болуы мүмкін.

      4. Комиссия ЕЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылмайтын мүше мемлекеттердің тұлғаларын, осы тұлғалардың еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанттары бола алуы мүмкін жағдайларды да айқындауға құқылы.

      5. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне сәйкес:

      1) ЕЭА аумағында ЕЭА жұмыс істеген мерзім немесе ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде не тұлғаның осы Кодекстің 205-бабының 4-тармағы ескеріле отырып, резидент (қатысушы, субъекті) мәртебесін жоғалтқанға дейін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды орналастыру және табу;

      2) ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды:

      ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (шартқа) (ЕЭА-дағы қызмет шарттары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға, кәсіпкерлік бағдарламаға) не осы Кодекстің 201-бабының 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мақсаттарға;

      егер тауарлар осындай қызметтерді көрсету үшін порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылса, порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлға мен порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) арасында жасалған қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес пайдалану;

      3) мыналар:

      осындай тауарлардың декларанты не осы Кодексте айқындалған немесе осы Кодекске сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын өзге де тұлғалар;

      егер ол қызмет көрсету туралы шарт бойынша тауарларды сақтауды жүзеге асыратын және осындай тауарлардың декларанты болып табылмаса, порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) жүзеге асыратын ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды орналастыру және пайдалану;

      4) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 205-бабына сәйкес іс-қимыл жасау тауарларды пайдалану шарттары болып табылады.

      6. ЕЭА жұмыс істеуін тоқтатқан немесе ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған кезде не тұлғаның ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан кезде осы баптың 5-тармағында айқындалған еркін кеденді аймақ кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттары осы Кодекстің 207-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес осы кедендік рәсім аяқталғанға немесе оның қолданысы тоқтатылғанға дейін сақталуға тиіс.

      7. Егер порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) қызмет көрсету туралы шарт бойынша өзі декларанты болып табылмайтын тауарлардың сақталуын жүзеге асырған жағдайда, ол еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шартын сақтауға тиіс.

203-бап. ЕЭА аумағы және ЕЭА аумағында жасалатын кедендік операциялар

      1. ЕЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады.

      Мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай мүше мемлекеттің аумағында құрылған жекелеген ЕЭА аумақтары кедендік бақылау аймағы болып табылмайды деп айқындалуы мүмкін.

      2. ЕЭА аумағы кедендік бақылауды жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс.

      ЕЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптар осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру бойынша талаптарды қоса алғанда, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес анықталады.

      ЕЭА аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету, осындай аумаққа адамдардың кіру тәртібін айқындауды қоса алғанда, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. ЕЭА аумағында орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операциялар осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Порттық ЕЭА және логистикалық ЕЭА-ны қоспағанда, ЕЭА аумағына тауарларды әкелу осындай әкелу туралы кеден органын хабардар ете отырып жүзеге асырылады, ал ЕЭА аумағынан тауарларды әкету кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.

      Порттық ЕЭА және логистикалық ЕЭА аумағына тауарларды әкелу кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көрсетілген хабарлама мен көрсетілген рұқсат беру тәртібі, сондай-ақ осындай хабарлама мен рұқсаттардың нысандары белгіленуі мүмкін.

      Экспорт кедендік рәсімімен, кері экспорт кедендік рәсімімен, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен, уақытша әкету кедендік рәсімімен, арнайы кедендік рәсіммен осындай ЕЭА аумағынан тысқары орналастырылған тауарларды порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағынан әкеткен кезде, порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) кеден органына түсіру орны (порт, әуежай) Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орналасқан орын болып табылатынын растайтын көліктік (тасымалдау) құжатын ұсынады.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында ЕЭА аумағына тауарларды әкелудің және ЕЭА аумағынан тауарларды әкетудің осы тармақта көзделгеннен өзгеше тәртібі белгіленуі мүмкін.

      5. Осы Кодекстің 204-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларациялауға жатпайтын тауарларға қатысты порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелу кезінде, осы Кодекстің 88-бабының 1-5-тармақтарында көзделген Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуімен байланысты кедендік операциялар ғана жасалады.

      6. Кеден органдары ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларды идентификаттауды жүзеге асыруға құқылы. Кеден органының ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларды идентификаттауды жүзеге асыру тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      7. Декларант еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардың есебін жүргізеді және аумағында ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің кеден органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсынады.

      Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен болған кез келген өзгерістер есеп құжаттарында көрсетілуге тиіс.

      Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардың есебін жүргізу тәртібі, сондай-ақ кеден органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалады.

204-бап. Порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері

      1. Порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін тауарлар осы баптың 3-тармағына сәйкес еркін кеден аймақ кедендік рәсімімен орналастырылуға жатпайтын тауарларды қоспағанда, оларды порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелген күннен бастап еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған болып саналады.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережелері порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінген халықаралық пошта жөнелтілімдері мен халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты қолданылмайды. Мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдері мен халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялар осы Кодекске сәйкес порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағында орналасқан халықаралық пошталық алмасу орнында (мекемесінде) жасалады.

      3. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылуға мыналар жатпайды:

      1) порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін халықаралық тасымалдың көлік құралдары немесе осы көлік құралдарымен тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағынан әкетілетін көлік құралдары, сондай-ақ порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін және порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағынан әкетілетін және Одақтың кедендік аумағы арқылы тауарларды осы аумақтан шықпай тасымалдауды жүзеге асыруға арналған көлік құралдары;

      2) теңіз порты, өзен порты, әуежай әкімшілігі, сондай-ақ ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын және теңіз портында, өзен портында, әуежайда кеме қатынасының қауіпсіздігін, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін, теңіз портының, өзен портының, әуежайдың инфрақұрылым объектілерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды не теңіз портында, өзен портында, әуежайда қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар порттық ЕЭА аумағына әкелінетін немесе порттық ЕЭА аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілетін Одақ тауарлары;

      3) осы ЕЭА-ның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА әкімшілігі Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне порттық ЕЭА аумағына немесе логистикалық ЕЭА аумағынан әкелінетін порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағынан әкетілетін Одақ тауарлары;

      4) порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін және кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен, уақытша әкету кедендік рәсімімен, кері экспорт кедендік рәсімімен арнайы кедендік рәсімімен осындай әкелуге дейін одан тысқары жерлерде орналастырылған тауарлар;

      5) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін және экспорт кедендік рәсімімен немесе кедендік транзит кедендік рәсімімен осындай әкелуге дейін одан тысқары жерлерде орналастырылған тауарлар;

      6) порттық ЕЭА аумағына әкелінетін және порттық ЕЭА аумағынан әкетілетін, осындай кемелердің ауланған су биологиялық ресурстарын, балықты және (немесе) аталған кемелерде су биологиялық ресурстарынан өндірілген өзге де өнімді түсіру және (немесе) осындай кемелердің керек-жарақтары болып табылатын тауарларды бортына тиеу мақсатында жүзеге асыруға байланысты балық кәсіпшілігі флотының кемелері;

      7) осы тармақтың 1 және 6-тармақшаларында көрсетілген көлік құралдарымен өткізілген керек-жарақтар.

      4. Осы тармақтың екінші абзацында және осы тармақтың үшінші абзацына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінген тауарлар кедендік декларациялауға жатпайды.

      Кедендік декларациялауға порттық ЕЭА аумағында орналасқан теңіз портының, өзен портының, әуежайдың инфрақұрылым объектілерін немесе логистикалық ЕЭА инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау мақсатында ЕЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) әкелген тауарлар жатады.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінген тауарлар кедендік декларациялауға жататын, сондай-ақ кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты кедендік декларацияны ұсыну мерзімі сияқты өзге де жағдайлар белгіленуі мүмкін.

205-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты жасалатын іс-әрекеттер

      1. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты ЕЭА аумағында кез келген операцияларды жасауға, оның ішінде:

      1) сақтауға;

      2) тауарларды тиеу (түсіру) жөніндегі операциялар және сақтаумен байланысты өзге де жүк операциялары;

      3) тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті операциялар, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды, тауар сапасын жақсарту жөніндегі операцияларды қоса алғанда, тауарларды тасуға (тасымалдауға) және сатуға дайындау жөніндегі жай операциялар;

      4) тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), тауарларды дайындау (жинақтауды, бөлшектеуді, монтаждауды, шақтауды қоса алғанда), тауарларды жөндеу немесе тауарларға техникалық қызмет көрсету, оның ішінде оларды жасаған кезде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай шетелдік тауарлар тауарларды дайындау (алу) процесінде толық немесе ішінара жұмсалса да (тұтынылса да) және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардың құрамында болмаса да (осы тарауда бұдан әрі - еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырған қайта өңдеу жөніндегі операциялар) тауарларды дайындауға (алуға) катысады немесе жәрдемдеседі. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасаған кезде тауарларды дайындауға (алуға) катысатын немесе жәрдемдесетін шетелдік тауарларға технологиялық процесте қосалқы құралдар болып табылатын тауарлар, мысалы, жабдықтар, станоктар, керек-жарақтар жатқызылмайды;

      5) Комиссия айқындаған жағдайларда, тауарлардың тұтынылуы осы тармақтың 4-тармақшасында көрсетілген еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде тауарлардың жұмсалуынан (тұтынылуынан) өзгеше;

      6) осы Кодекстің 17-бабына сәйкес тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілерін алуға рұқсат беріледі.

      2. Тауарларды толық немесе ішінара тұтыну, оның ішінде тауарларды дайындау (алу) процесінде жұмсау (тұтыну) кезінде ЕЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін салу, өндірістік процестерді қамтамасыз ету, ЕЭА аумағында пайдаланылатын жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды күтіп ұстау және пайдалану фактісі осы Кодекстің 203-бабының 7-тармағына сәйкес кеден органына ұсынылатын есептілікте көрсетілуге тиіс.

      3. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және (немесе) ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты, егер осындай операциялар ЕЭА аумағында қызметін жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімнің (шарттың) (ЕЭА-дағы қызметтің, инвестициялық декларацияның, кәсіпкерлік бағдарламаның шарттары туралы шарттың) ережелеріне сәйкес келсе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияларды жасауға жол беріледі.

      4. Кеден органының рұқсатымен еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды ЕЭА аумағынан еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай мынадай:

      1) ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) пайдалануға енгізген және қолданатын жабдық, өзге де негізгі өндірістік құралдар, не аталған негізгі өндірістік құралдардың бөлшектері болып табылатын көрсетілген тауарлар (күрделі жөндеу, жаңартуды қоспағанда) Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне оларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету немесе осындай тауарларды қалыпты (жұмыс) күйінде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды жасау үшін әкетілетін;

      2) көрсетілген тауарлар Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне оларды техникалық сынау, зерттеу, тестілеу, тексеру, оның ішінде өндірістік процесте көзделген тексеру бойынша операциялар жасау үшін, сондай-ақ оларды үлгілер ретінде көрсету үшін әкетілетін;

      3) көрсетілген тауарлар аумағында ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің аумағының қалған бөлігіне мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес құқығы бар кеден органында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау жөніндегі кедендік операцияларды жасау үшін әкетілетін;

      4) көрсетілген тауарлар аумағында ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің аумағының қалған бөлігіне өзінің өндірістік және технологиялық мұқтаждықтары үшін әкетілетін жағдайларда әкетуге жол беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген тауарларды ЕЭА аумағынан әкетуге жол беретін шарттар, сондай-ақ мұндай әкетуге жол берілетін мүше мемлекет аумағының бір бөлігін Комиссия айқындайды;

      5) осы ЕЭА аумағында осындай тауарларға қатысты осындай операцияларды жасауға жағдайлар мен мүмкіндіктер болмаған жағдайда, көрсетілген тауарлар Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), жинауды, монтаждауды, шақтауды және Комиссия айқындайтын өзге де операцияларды қоса алғанда, тауарларды дайындау жөніндегі операцияларды жасау үшін әкетілетін жағдайларда әкетуге жол беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген тауарларды ЕЭА аумағынан әкетуге жол берілетін жағдайлар мен шарттарды Комиссия айқындайды.

      5. Осы баптың 4-тармағының 1, 2, 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген тауарлар ЕЭА аумағына осындай операциялар жасаудың мақсаттары мен мән-жайлары негізінде кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін кері әкелугe жатады. Кеден органы белгілеген мерзім ЕЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) уәжді өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін.

      Осы баптың 4-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданылуы кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін аяқталуға тиіс. Кеден органы белгілеген мерзім ЕЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) уәжді өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін.

      6. Кеден органының осы баптың 4-тармағында көрсетілген рұқсатты беру тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      7. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардың бәріне немесе бөлігіне қатысты ЕЭА аумағында осы тауарларды иелену, оларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беруді көздейтін мәмілелер жасалуы мүмкін. Бұл ретте еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы осы баптың 8 - 10 және 11-тармақтарына сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай көрсетілген тауарларды беруге жол берілетін жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте белгіленген тәртіппен аяқталуға тиіс.

      8. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамастан:

      1) мердігерге (қосалқы мердігерлерге) немесе өзге де, оның ішінде ЕЭА аумағында құрылыс және (немесе) монтаждаудың мердігерлік жұмыстарын жүзеге асыру үшін ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаларға;

      2) тасымалдаушыға оларды тасымалдау үшін;

      3) жөндеуді (күрделі жөндеуді, қайта жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және (немесе) осындай тауарларды қалыпты (жұмыс) күйінде ұстауға қажетті басқа да операцияларды жасайтын тұлғаларға;

      4) өндірістік процесте көзделген осындай тауарларды техникалық сынау, зерттеу, тестілеу, тексеру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ оларды үлгілер ретінде көрсететін тұлғаларға;

      5) порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағында, ал мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда - порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА болып табылмайтын ЕЭА аумақтарында да осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген операцияларды жасайтын тұлғаларға;

      6) осы баптың 4-тармағының 1, 2, 4 және 5-тармақшаларында көзделген жағдайларда, ЕЭА аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты операцияларды жасайтын тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға беруге жол беріледі.

      9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес көрсетілген тұлғаларға тауарларды иеленуге және (немесе) пайдалануға беру еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантын осы тарауда көзделген, еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтаудан босатпайды.

      10. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында ЕЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай, осы ЕЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) беруге жол берілетін жағдайлар, сондай-ақ бұл жағдайларда тауарларды берудің тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін.

      Мұндай жағдайлар белгіленген кезде мүше мемлекеттердің заңнамасында еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау бойынша декларанттың міндеті мен осындай кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау бойынша міндет көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқықтары берілген тұлғаларға жүктелетіні белгіленуі, сондай-ақ осындай тұлғаларға жүктелетін кез анықталуы мүмкін.

      11. Мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында осы мүше мемлекеттің аумағында құрылған жекелеген ЕЭА аумақтарындағы еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқықтарын беруге еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай жол берілетіні белгіленуі мүмкін.

      Көрсетілген жағдайда мүше мемлекеттердің заңнамасында еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау жөніндегі декларанттың міндеті мен осындай кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау жөніндегі міндет көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқықтары берілген тұлғаларға жүктелетіні белгіленуі, сондай-ақ осындай тұлғаларға жүктелетін кез анықталуы мүмкін.

      12. Тұлға порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар тұлға осындай мәртебесін жоғалтқан күннен бастап 4 ай ішінде ЕЭА осындай резидентімен (қатысушысымен, субъектісімен) қызмет көрсету туралы шартты жасасқан тұлғалар порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) ЕЭА осындай өзге резидентімен (қатысушысымен, субъектісімен) жасасқан қызмет көрсету туралы шарттың негізінде беруі не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.

      Егер осындай іс-әрекеттер көрсетілген мерзімде жасалмаған жағдайда, осы мерзімнің өтуі бойынша еркін кедендік аймақ кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес ұстайды.

      13. Комиссия іс-қимылдардың, оның ішінде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен жасалуы мүмкін емес операциялардың тізбесін айқындауға құқылы.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында іс-қимылдардың, оның ішінде осы мүше мемлекеттердің аумақтарында құрылған (құрылатын) ЕЭА-да еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен жасалуы мүмкін емес операциялардың тізбесі белгіленуі мүмкін.

206-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларда идентификаттау

      1. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларда идентификаттау мақсатында мынадай тәсілдер:

      1) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртаңбаларды қою, цифрлық және басқа да таңбаларды салу;

      2) шетелдік тауарлардың ауқымында егжей-тегжейлі сипаттау, фотосуретке түсіру, бейнелеу;

      3) шетелдік тауарлардың және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын және (немесе) үлгілерін салыстырып тексеру;

      4) тауарларда бар таңбалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;

      5) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың сипатын және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша жасалатын операцияларды негізге ала отырып, оның ішінде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жасаудың технологиялық процесінде пайдалану туралы, сондай-ақ оларды өндірудің технологиялары туралы егжей-тегжейлі мәліметтерден тұратын ұсынылған құжаттарды зерттеу жолымен немесе еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жасау кезінде кедендік бақылау жүргізу жолымен өзге де тәсілдер қолданылуы мүмкін өзге тәсілдер пайдаланылуы мүмкін.

      2. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларда идентификаттауды жүзеге асыру тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

207-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы және тоқтатылуы

      1. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданысы мынадай:

      1) ЕЭА-ның жұмыс істеуін тоқтатқан немесе ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда - ЕЭА-ның жұмыс істеуін тоқтатқан немесе осындай шешім қабылдаған күннен бастап 6 ай ішінде;

      2) тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырған тұлға ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда - тұлға осы мәртебені жоғалтқан күннен бастап 6 ай ішінде;

      3) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды:

      осы Кодекстің 205-бабының 4-тармағында көрсетілген мақсаттарда;

      осы баптың 8-тармағында белгіленген жағдайда кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес оларды бір ЕЭА аумағынан екінші ЕЭА аумағына тасымалдау үшін;

      егер мұндай тауарлар өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан және олардың сапасы түпкі мақсаттары үшін пайдалануға жарамсыз болса, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе оларды өзге де тәсілмен жою үшін осындай тауарларды әкету жағдайларын қоспағанда, осындай тауарларды ЕЭА аумағынан әкеткен жағдайда;

      4) осы Кодекстің 205-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес тауарларды тұтынған жағдайда;

      5) ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын ЕЭА-ның өзге резидентіне (қатысушына, субъектісіне) осы Кодекстің 205-бабының 8-10 және 11-тармақтарында көрсетілген жағдайларда тауарларды беруді қоспағанда, осы баптың 8 және 9-тармақтарына сәйкес ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаға берген жағдайда аяқталуға тиіс.

      2. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған кезде мыналар тауарлардың декларанты бола алады:

      1) тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырған кезде, олардың декларанты болып табылатын тұлға;

      2) осы Кодекстің 205-бабының 10-тармағына сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі);

      3) осы Кодекстің 205-бабының 11-тармағына сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген тұлға;

      4) порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағындағы тауарларға қатысты - ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) немесе осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлға;

      5) егер еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы осы баптың 5-тармағының 3-тармақшасына немесе 6-тармағының 1-тармақшасына сәйкес аяқталса, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген, ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлға.

      3. ЕЭА-ның жұмыс істеуі тоқтатылған немесе ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы, осы баптың 5, 6, 8 және 9-тармақтары ескеріле отырып, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар, оның аумағындағы кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастырумен аяқталады не осы баптың 10 және 12-тармақтарына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырылмастан аяқталады.

      Шегі Одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін ЕЭА жұмыс істеуі тоқтатылған кезде немесе осындай ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде, Комиссия еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтаудың өзге де тәртібін айқындауға құқылы.

      Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған кезде осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген мерзім өткен соң осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес осы кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылады, ал кеден органдары тауарларды осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес ұстайды.

      4. Тұлға ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан кезде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы баптың 5, 6, 8 және 9-тармақтары ескеріле отырып, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастырумен аяқталады не осы баптың 10 және 13-тармақтарына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырылмастан аяқталады.

      Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған кезде осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген мерзім өткен соң осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес осы кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылады, ал кеден органдары тауарларды осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес ұстайды.

      5. ЕЭА аумағынан тауарларды Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету үшін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы:

      1) мыналардың:

      еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған және тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерден, сондай-ақ табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйде әкетілетін шетелдік тауарларды;

      егер еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 210-бабына сәйкес Одақ тауарлары болып танылмаған жағдайда, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен;

      2) мыналар:

      еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарлары;

      Одақ тауарларынан жасалған (алынған), оның ішінде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылмаған тауарлар;

      егер еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 210-бабына сәйкес Одақ тауарлары болып танылған жағдайда, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар экспорт кедендік рәсімімен;

      3) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен және тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерден немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйде порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағынан әкетілетін, орналастырылған шетелдік тауарларды осы Кодекстің 142-бабының 3-тармағының 1 және 3-тармақшаларына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай аяқталады.

      6. ЕЭА аумағынан тауарларды Одақтың кеден аумағының қалған бөлігіне әкету үшін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданылуы:

      1) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды және осы баптың 7-тармағы ескеріле отырып, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 127-бабының 2-тармағының 1, 4, 5, 7, 10, 14 - 16-тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен;

      2) мыналарды:

      тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозу салдарынан болған өзгерістердің, сондай-ақ табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйде әкетілетін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарлары;

      еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған, тек қана Одақ тауарларынан, оның ішінде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылмаған Одақ тауарлары пайдаланыла отырып жасалған (алынған) тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен;

      3) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған және тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозу салдарынан болған өзгерістердің, сондай-ақ табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйде бір мүше мемлекеттің порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына әкетілетін шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.

      7. Егер еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардың құрамына ішкі нарықты қорғау шараларының қолданылу аясына жататын шетелдік тауарлар кіретін болса, мұндай тауарлар ЕЭА-ның аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін осы тауарларда еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар идентификатталған жағдайда осы Кодекстің 127-бабының 2-тармағының 1 және 7-тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.

      8. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырған ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын ЕЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) берген кезде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы мұндай тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы берілген ЕЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) осындай тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыруымен аяқталады.

      Егер көрсетілген жағдайда тауарларды ЕЭА бір аумағынан ЕЭА басқа аумағына тасымалдау қажет болғанда, мұндай тасымалдау осы тармақтың үшінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 22-тарауында көзделген тәртіппен және шарттарда кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Одақ тауарлары, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы және (немесе) теңіз арқылы тасымалданатын Одақ тауарларын қоспағанда, ЕЭА-ның бір аумағынан ЕЭА басқа аумағына, егер осындай ЕЭА бір мүше мемлекеттің аумағында орналасқан болса, мұндай тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай тасымалданады.

      9. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырған ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаға берген кезде оларды ЕЭА аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес тауарлар еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмай, ЕЭА аумағынан әкетілуі мүмкін жағдайды қоспағанда, осындай тауарларды осы баптың 6-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген кедендік рәсіммен орналастырумен аяқталады.

      10. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы осы баптың 12 және 13-тармақтарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мынадай:

      1) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан және олардың сапасы мақсаттары үшін пайдалануға жарамсыз болған, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе оларды өзге де тәсілмен жою үшін ЕЭА аумағынан әкетілетін жағдайларда, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады. Бұл ретте еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы көмілген, залалсыздандырылған, кәдеге жаратылған және (немесе) өзге де тәсілмен жойылған тауарлардың санына сәйкес келетін және мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бөлігіне қатысты аяқталады;

      2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылған және (немесе) қайтарымсыз жоғалған не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалған және осындай жойылу немесе қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес мойындаған;

      3) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 205-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес тұтынылған;

      4) тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерден, сондай-ақ табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйде порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда, Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге осындай порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА шектесетін әкету орны арқылы әкетілген жағдайларда тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады.

      11. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданысының аяқталу тәртібі осы баптың 1, 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау тәртібін осы баптың 10-тармағының 3-тармақшасында көзделген жағдайларда, Комиссия айқындайды.

      12. ЕЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған кезде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған және ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) ЕЭА аумағында қызметін жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімді (шартты) (ЕЭА-дағы қызметтің шарттары туралы шартты, инвестициялық декларацияны, кәсіпкерлік бағдарламаны) жүзеге асыру үшін пайдалануға енгізген жабдық немесе ЕЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін пайдаланылатын және осындай объектілерінің құрамдас бөлігі болып табылатын тауарлар болып табылатын тауарларға қатысты еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілген тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылмай аяқталады.

      Комиссия көрсетілген тауарларға қатысты еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау тәртібін айқындауға құқылы.

      Көрсетілген тауарлар еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған күннен бастап Одақ тауарлары мәртебесіне ие болады.

      13. Тұлға ЕЭА аумағында қызметін жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімнің (шарттың) (ЕЭА-дағы қызметтің шарттары туралы шарттың, инвестициялық декларацияның, кәсіпкерлік бағдарламаның) қолданылу мерзімінің өтуіне және осы келісімшарттың талаптарын орындауға байланысты ЕЭА резиденті (қатысушысы субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған және ЕЭА аумағында қызметін жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімді (шартты) (ЕЭА-дағы қызметтің шарттары туралы шартты, инвестициялық декларацияны, кәсіпкерлік бағдарламаны) іске асыру үшін ЕЭА резиденті (қатысушысы, субьектісі) пайдалануға енгізген және қолданатын жабдық немесе ЕЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін пайдаланылған және осындай жылжымайтын мүлік объектілерінің құрамдас бөлігі болып табылатын тауарлар болып табылатын тауарларға қатысты еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы көрсетілген тауарлар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік рәсіммен орналастырылмай аяқталады.

      Комиссия көрсетілген тауарларға қатысты еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау тәртібін айқындауға құқылы.

      Көрсетілген тауарлар еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған күннен бастап Одақ тауарлары мәртебесіне ие болады.

      14. ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің аяқталуы, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

208-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі

      1. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органы тауарларға арналған декларацияларды тіркеген кезден бастап туындайды.

      Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін шығаруға мәлімделген шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада тауарларға арналған декларация берілгенге дейін кеден органы тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеген кезден бастап туындайды.

      Порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет декларанттың оларды порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелген кезінен бастап туындайды.

      2. Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін және осы Кодекстің 204-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларациялауға жатпайтын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА резидентінде (қатысушысында, субъектісінде) осындай тауарлар порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінген кезде туындайды.

      3. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 205-бабының 10 және 11-тармақтарына сәйкес осындай тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқықтары берілген және оларға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес еркін кеден аймақ кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау жөніндегі декларанттың міндеті және осындай кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау жөніндегі міндет жүктелген тұлғаларда осындай тұлғаларға декларанттың көрсетілген міндеттері жүктелетін кезден бастап туындайды.

      4. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 1 - 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларда мынадай:

      1) осы Кодекстің 207-бабы 5-тармағы 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтауды қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабына сәйкес, оның ішінде осы баптың 7-тармағында көрсетілген жағдайлар басталғаннан кейін еркін кедендік аймақ кедендік рәсім қолданысын аяқтаған;

      2) экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған, осы Кодекстің 207-бабының 5-тармағы 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкеткен;

      3) оларға қатысты еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған тауарларды және (немесе) осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде қолданысы тоқтатылған, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырған;

      4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындаған және (немесе) осы баптың 8-тармағына сәйкес оларды есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алған;

      5) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу, авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему нәтижесінде олардың жойылу немесе қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес осындай жойылған немесе қайтарымсыз жоғалған осы тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес мойындаған;

      6) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішке қатысты еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартқан;

      7) тауарларға арналған декларацияларды тіркеу кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты — осы Кодекстің 113-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияны кері қайтару және (немесе) осы Кодекстің 118-бабы 4-тармағына сәйкес тауарларды шығарудың күші жойылған;

      8) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тәркілеу немесе тауарларды мүше мемлекеттің меншігіне (пайдасына) айналдыру;

      9) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органының тауарларды ұстауы;

      10) қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы (әкімшілік процесті жүргізу) іс жүргізу кезінде алып қойылған немесе тыйым салынған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастыру және оларға қатысты, егер осындай тауарларды шығару бұрын жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған жағдайларда тоқтатылады.

      5. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет, осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларда, егер осындай тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқықтарын беру кезінде осындай құқықтар берілген тұлғаға еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау бойынша декларанттың міндеті және осындай кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау бойынша декларанттың міндеті жүктелген кезде, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беру кезінде осы Кодекстің 205-бабының 10 және 11-тармақтарына сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмай тоқтатылады.

      6. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.

      7. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 207-бабы 1-тармағының 3-тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда, осындай тауарлар еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі аяқталмай әкетілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, осындай тауарларға қатысты еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін не осы Кодекстің 205-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда кеден органының рұқсатынсыз ЕЭА аумағынан әкеткен жағдайда - ЕЭА аумағынан әкету күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағынан осындай әкету фактісі анықталатын күн;

      2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамастан өзге тұлғаға берген жағдайда, осы Кодекстің 205-бабының 8-10 және 11-тармақтарына сәйкес осындай тауарларды беруді қоспағанда - тауарларды беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - осындай беру фактісі анықталған күн;

      3) осы Кодекстің 205-бабы 4-тармағының 1, 2, 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, ЕЭА-ның аумағынан әкетілген тауарлар, осы Кодекстің 205-бабы 5-тармағының бірінші абзацына сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін ЕЭА аумағына қайтарылмаған жағдайда - осы мерзім аяқталған күн;

      4) осы Кодекстің 205-бабы 5-тармағының екінші абзацына сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған жағдайда, осы Кодекстің 205-бабы 4-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген жағдайларда, ЕЭА аумағынан әкетілген тауарларға қатысты,- осы мерзім өткен күн;

      5) авария немесе еңсерілмейтін күш салдарынан осындай тауарлардың жойылуын және (немесе) біржола жоғалуын не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезінде табиғи кему нәтижесінде біржола жоғалуды қоспағанда, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды жоғалтқан жағдайда - осындай жоғалу фактісі анықталған күн;

      6) осы Кодекстің 207-бабы 10-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою фактісін растайтын құжаттарды кеден органына белгілеген мерзімде ұсынбаған жағдайда - мұндай тауарларды ЕЭА аумағынан тыс жерге әкеткен күн;

      7) осындай кедендік рәсім тоқтатылған кезде ЕЭА аумағындағы көрсетілген тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімінің қолданысының тоқтатылуын қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабының 5-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 139-бабы 5-тармағының үшінші абзацына сәйкес тоқтатылған жағдайда, - осы Кодекстің 139-бабының 5-тармағының бірінші абзацында белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып саналады.

      8. Егер осы баптың 7-тармағында көрсетілген жағдайлар еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты мән-жайлар туындаған жағдайда, егер осындай шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жатады.

      Егер осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты туындаған және осы Кодекстің 206-бабына сәйкес осындай тауарларға еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар идентификатталған жағдайда, егер осындай шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмастан ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды дайындау үшін пайдаланылған шетел тауарларына қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жатады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көрсетілген жағдайларда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін, тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген осындай тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін шығарылуы жүргізілген тауарларға қатысты, - тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні, ал егер осы Кодекске сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру кедендік декларациялаусыз жүзеге асырылса, - порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына тауарларды әкелу күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      9. Егер осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты туындаған және осындай тауарларда осы Кодекстің 206-бабына сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар идентификатталмаған жағдайда, егер осындай кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жатады.

      Көрсетілген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 7 және 12-тарауларына сәйкес есептеледі.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты осы баптың 7-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін шетел валютасын мүше мемлекеттің валютасында қайта есептеуді жүргізу талап етілген жағдайда, мұндай қайта есептеу осы баптың 7-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданыстағы валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      Егер кеден органында тауарлар туралы (сипаты, атауы, мөлшері, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) нақты мәліметтер болмаған жағдайда, төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін база кеден органының қолда бар мәліметтерінің негізінде айқындалады, тауарларды жіктеу осы Кодекстің 20-бабының 3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Егер тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес белгілер саны 10-нан аз топтама деңгейінде анықталған жағдайда:

      кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждың ең көп мөлшерлемесі қолданылады;

      салықтарды есептеу үшін оларға қатысты кедендік баж мөлшерлемесінің ең көбі белгіленген, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін акциздердің (акциздік салық немесе акциздік алым) ең көп мөлшерлемесі, қосылған құн салығының ең көп мөлшерлемесі қолданылады;

      арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін осы тармақтың оныншы абзацы ескеріле отырып, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең көп мөлшерлемесі қолданылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, осы Кодекстің 4-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шыққан жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді негізге ала отырып есептеледі. Егер тауарлардың шыққан жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, егер тауарды жіктеу 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылса, не тауарлар топтауға кірсе, егер тауарлардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес белгілер саны 10-нан аз топтама деңгейінде айқындалса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының сол кодындағы тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең көп мөлшерлемесіне негізделе отырып есептеледі.

      Тауарлар туралы нақты мәліметтерді кейіннен белгілеген кезде, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осындай нақты мәліметтер негізге ала отырып есептеледі және кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) не осы Кодекстің 10 және 11-тарауларына және 76 және 77-баптарына сәйкес төленбеген сомаларын өндіріп алу жүзеге асырылады.

      10. Осы баптың 8-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомасынан, егер көрсетілген сомаларға қатысты тауарлар еркін кеден аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі өткен күні бойынша оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылғандай пайызын төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 60-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.

      11. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған жағдайда, не Одақтың кедендік аумағынан осы Кодекстің 207-бабының 5-тармағы 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген, экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды әкеткен, не осы Кодекстің 129-бабы 7-тармағына сәйкес тауарларды шетелдік тауарларға қолданатын, кедендік рәсіммен орналастырған, не кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толығымен немесе ішінара) жөніндегі міндет орындалғаннан кейін мұндай тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес ұстаған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндipiп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомасы, осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес қайтарылуға (есепке жатқызуға) жатады.

209-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты, оларды жекелеген кедендік рәсімдермен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері

      1. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін, кеден органы еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны тіркеген күні, оларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру кезінде, шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты, - осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген жағдайды қоспағанда, кеден органы тауарға арналған декларацияны табыс еткенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) ЕЭА аумағында қызметін жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімді (шартты) (ЕЭА-дағы қызметтің шарттары туралы шарт, инвестициялық декларация, кәсіпкерлік бағдарлама) іске асыру үшін қолданатын және пайдалануға енгізілген жабдықты, сондай-ақ порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағындағы еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін, кеден органы ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін табыс етілген тауарға арналған декларацияларды тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      2. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды, осы Кодекстің 127-бабының 2-тармағының 1, 5, 7, 10 және 14-тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде:

      1) осы Кодекстің 206-бабына сәйкес жүзеге асырылатын еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, көрсетілген тауарларда сәйкестендіру шарты кезінде, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мөлшерлемелерін есептеу үшін, кеден органы еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін табыс етілген тауарға арналған декларацияларды тіркеген күні, оларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру кезінде, шығару жүргізілген тауарларға қатысты, - кеден органы тауарға арналған декларацияны табыс еткенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады;

      2) кеден органы еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты тауарға арналған декларацияны тіркеген күніне, осы Кодекстің 206-бабына сәйкес жүзеге асырылатын, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларда, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды сәйкестендіру болмаған кезде, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу үшін, кеден органы осы Кодекстің 127-бабы 2-тармағының 1, 4, 5, 7, 10 және 14-тармақшаларында көрсетілген, кедендік рәсімімен орналастыру үшін табыс етілген тауарға арналған декларацияларды тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады. Бұл жағдайды адвалорлық мөлшерлемелер бойынша кедендік әкелу баждарын есептеу үшін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардың есептік құны база болып табылады, оны айқындау тәртібін Комиссия белгілейді.

      3. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды орналастырумен еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған кезде, осы Кодекстің 207-бабының 8 және 9-тармақтарына сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар есептеледі. Бұл ретте, кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу үшін, кеден органы осы Кодекстің 127-бабының 1, 4, 5, 7, 10 және 14-тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін табыс етілген, тауарға арналған декларацияларды тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.

      4. Осы баптың 1 - 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін шетелдік валютаны мүше мемлекеттің валютасында қайта есептеуді жүргізу талап етілген жағдайда, мұндай қайта есептеу әрбір жағдай үшін белгіленген, кедендік әкелу баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелерін қолдану күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

210-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау

      1. Егер еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін жағдайда, мұндай тауарлардың мәртебесі тауарлардың жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес айқындалады, олар:

      1) тауарлар кодын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кез келген алғашқы 4 белгісінің деңгейіндегі өзгерісі;

      2) пайдаланылатын материалдар құнының пайыздық үлесі немесе қосылған құны түпкілікті өнімнің бағасындағы белгіленген үлеске жеткен кездегі, тауар құнының өзгерісінен (адвалорлық үлес ережесі);

      3) тауарларды Одақтың тауары деп тану үшін жеткілікті өндірістік және технологиялық операциялар жасаудың қажетті шарттарын орындаудан көрінуі мүмкін.

      2. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар Одақтың кедендік аумағынан әкету мақсаты үшін, егер тауарлары жасау (алу) бойынша операцияларды жасау нәтижесінде мына шарттардың бірі орындалса:

      1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кез келген алғашқы 4 белгісі деңгейінде өзгертілгенде;

      2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар құнының пайыздық үлесі түпкілікті өнімнің бағасындағы белгіленген үлестен аспаса немесе қосылған құн түпкілікті өнімнің бағасындағы белгіленген үлеске жететін болса;

      3) осы баптың 3-тармағының бірінші абзацында көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларға қатысты, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды Одақ тауары деп тану үшін жеткілікті шарттар орындалғанда, өндірістік және технологиялық операциялар жасалғанда, Одақ тауарлары деп танылады.

      3. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар, тауарға қатысты өзге шарттардың орындалуына қарамай, егер жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына жауап бермейтін операциялар ғана жасалса, Одақ тауарлары деп танылмайды.

      Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кез келген алғашқы 4 белгісі деңгейінде тауарлар кодының өзгеруі және адвалорлық үлес қағидасы, егер еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды Одақ тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі белгіленген жағдайда, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары ретінде қолданылмайды.

      4. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды Одақ тауары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесін, сондай-ақ еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына жауап бермейтін операциялар тізбесін Комиссия айқындайды.

      5. Адвалорлық үлес қағидасын еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары ретінде пайдалану тәртібін Комиссия айқындайды.

      Адвалорлық үлес қағидасы Одақ тауарларын жөндеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары ретінде пайдаланылмайды.

      6. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардың мәртебесін уәкілетті мемлекеттік орган немесе мүше мемлекеттің уәкілетті ұйымы айқындайды.

      7. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауардың мәртебесін растайтын құжат ретінде мүше мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған, шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды Одақ тауарлары деп тану туралы қорытындыны немесе еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды Одақ тауарлары болып табылмайды деп тану туралы қорытынды береді.

      Көрсетілген қорытындылардың нысандарын, осындай қорытындылардың электрондық құжаттар түріндегі құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін, сондай-ақ оларды беру және қолдану тәртібін Комиссия айқындайды.

      8. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған, шетелдік тауарлардан жасалған (алынған), тауарлардың мәртебесін растайтын құжат жоқ болған, жойылған немесе жарамсыз деп танылған кезде мұндай тауар еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған кезде - оларды Одақтың кедендік аумағынан шығару мақсатында Одақ тауарлары ретінде, ал өзге мақсаттарда - шетелдік тауарлар ретінде қаралады.

28-тарау

Еркін қойма кедендік рәсімі

211-бап. Еркін қойма кедендік рәсімінің мазмұны және қолданылуы

      1. Еркін қойма кедендік рәсімі - шетелдік тауарларға және Одақ тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім, оған сәйкес осы кедендік рәсіммен тауарларды орналастыру және осындай кедендік рәсімге сәйкес оларды пайдалану шарттары сақталған кезде, мұндай тауарлар кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей, еркін қоймада орналастырылады және пайдаланылады.

      2. Еркін қоймада еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Одақ тауарлары және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.

      3. Одақтың тауарлары еркін қойма кедендік рәсімімен декларанттың таңдауы бойынша орналастырылады.

      Мүше мемлекеттің заңнамасында осы мүше мемлекеттің аумағында құрылған еркін қоймаға орналастыру үшін міндетті түрде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылуға жататын Одақ тауарларының санаттары айқындалуы мүмкін.

      4. Еркін қоймада орналасқан және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Одақ тауарларына қатысты кез келген, оның ішінде осы Кодекстің 213-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жасауға жол беріледі.

      5. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған Одақ тауарлары Одақ тауарлары мәртебесін сақтайды.

      6. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, Одақ тауарларынан жасалған (алынған) тауарлар Одақ тауарлары мәртебесін алады.

      Егер мүше мемлекеттердің заңнамасында еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Одақ тауарларын орналастыру мен пайдалануға жол берілсе, онда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Одақ тауарларынан жасалған (алынған) тауарлар мен еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Одақ тауарлары Одақ тауарлары мәртебесін алады.

      7. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларынан жасалған (алынған) тауарлар және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған шетелдік тауарлардан және Одақ тауарларынан жасалған (алынған) тауарлар (бұдан әрі - еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларынан жасалған (алынған) тауарлар) осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, шетел тауарлары мәртебесін алады.

      Егер еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларынан жасалған (алынған) Одақ тауарлары кеден аумағынан әкетілген болса, мұндай тауарлардың мәртебесі осы Кодекстің 218-бабына сәйкес айқындалады.

      8. Егер еркін қоймада орналасқан тауарларды оны құрғанға дейін кеден органы еркін қойма аумағында орналасқан тауарлар ретінде немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ретінде немесе еркін қоймада жасалған (алынған) тауарлар ретінде идентификаттай алмаса, онда мұндай тауарлар оларды еркін қойма аумағынан Одақтың кедендік аумағынан тысқары әкету мақсатында Одақтың тауарлары ретінде, ал өзге мақсаттарда - Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар ретінде қарастырылады.

      9. Бұрын экспорт кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағынан әкетілген, осы баптың 8-тармағында көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде мұндай тауарларға кері импорт кедендік рәсімі қолданылмайды.

      10. Ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылатын, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар, мұндай тауарларды еркін қойманың аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) шетелдік тауарларда идентификатталуға тиіс.

      Егер ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылатын, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарлары еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларынан жасалған (алынған) тауарларды дайындау үшін пайдаланылған, бірақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған осындай шетел тауарларынан жасалған (алынған) тауарлар, осындай тауарларда идентификатталмаса, Одақтың кедендік аумағынан әкетілуі тиіс.

      11. Еркін қойманың иесі Одақтың тауарларын осы баптың 3-тармағын ескере отырып, оларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырмай еркін қойма аумағына орналастыра және (немесе) пайдалана алады.

      12. Комиссия оларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлар тізбесін және (немесе) тауарлар санатын айқындауға құқылы.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оларға қатысты осы мүше мемлекеттің аумағында еркін қойма кедендік рәсімі қолданылмайтын шетел тауарларының тізбесі және (немесе) шетел тауарларының санаттары айқындалуы мүмкін.

      13. Кеден органы еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың құрамына кіретін (кірген) ретінде идентификаттауы мүмкін бөлшектер, тораптар, агрегаттар, оларды еркін қойманың аумағынан әкету мақсатында еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ретінде қарастырылады және оларға қатысты осы Кодекстің ережелері қолданылады.

212-бап. Тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру шарттары және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану

      1. Тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру шарттары осы Кодекстің 7-бабына сәйкес шетелдік тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді сақтау болып табылады.

      2. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыратын тауарлардың декларанты болып еркін қойманың иесі болып табылатын тұлға, ал мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда - өзге де тұлғалар бола алады.

      3. Еркін қойма кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды қолданудың шарттары:

      1) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың еркін қойма аумағында осы баптың 5-тармағын және осы Кодекстің 213-бабының 5-тармағы ескеріле отырып, оның қызмет ету мерзімі ішінде орналастырылуы және жайғастырылуы;

      2) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды осы кедендік рәсімімен орналастырған декларанттың не осы тарауға сәйкес айқындалған өзге де тұлғалардың пайдалануы;

      3) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 213-бабына сәйкес әрекеттерді жасау болып табылады.

      4. Еркін қойманың жұмыс істеуі тоқтатылған кезде, осы баптың 3-тармағында айқындалған еркін қойма кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттары, осы Кодекстің 215-бабының 3-тармағына сәйкес осы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғанға немесе тоқтатылғанға дейін сақталуы тиіс.

      5. Мүше мемлекеттердің заңнамасында, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауардың декларанты болып табылатын заңды тұлға, еркін қойманың иесі болып табылатын, бірнеше еркін қойманың аумағында орналасуы және болуы мүмкін жағдайлар, мұндай тауарларды, осындай қоймалардың арасында, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды ауыстыру, сондай-ақ мұндай жағдайда кедендік операцияларды жасаудың ерекшеліктері мен мұндай тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізудің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

213-бап. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты жасалатын іс-қимылдар

      1. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарларға және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты еркін қойма аумағында мынадай операцияларды жасауға жол беріледі:

      1) сақтау;

      2) тауарларды тиеу (түсіру) бойынша операциялар және сақтаумен байланысты өзге де жүк операциялары;

      3) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтімдерді құруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды, тауарлық сапаларын жақсарту бойынша операцияларды қоса алғанда, тауарларды тасуға (тасымалдауға) және сатуға дайындау бойынша қарапайым операциялар;

      4) тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), тауарларды жасау (жинау, бұзу, монтаждау, қиыстыруды қоса алғанда) тауарларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша операциялар, оның ішінде оны жасағанда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар, тіпті егер мұндай шетелдік тауарлар жасау (алу) процесінде толық не ішінара шындалса (тұтынылса) және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардың құрамында жоқ болса да (бұдан әрі осы тарауда - еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша әрекеттер), тауарларды жасауға (алуға) қатысады немесе қолдау көрсетеді. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау кезінде тауарларды жасауға (алуға) қатысатын немесе сүйемелдейтін шетел тауарларына технологиялық процесте көмекші құралдар болып табылатын тауарлар (мысалы, жабдықтар, станоктар, жабдықтар) жатқызылмайды;

      5) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды, сондай-ақ еркін қойманы пайдалану мен қызмет етуімен байланысты өзге операцияларды жасау мақсатында жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды қолдану (пайдалану);

      6) тауарларды еркін қойма аумағында өндірістік бағыттағы және көмекші инфрақұрылымның жылжымайтын объектілері (бұдан әрі осы тарауда - жылжымайтын объектілер) құру мақсатында пайдалану;

      7) осы Кодекстің 17-бабына сәйкес тауарлар сынамасын және (немесе) үлгісін іріктеу;

      8) еркін қоймаларды құру мақсатына кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес белгіленетін өзге де операциялар.

      2. Тауарларды толық не ішінара тұтыну фактісі, оның ішінде тауарды жасау (алу) процесінде шығындалу (тұтынылу), өндірістік процестерді қамтамасыз ету, еркін қойманың аумағында қолданылатын жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды ұсату және пайдалану кезінде, сондай-ақ жылжымайтын объектілерді құру мақсатында осы Кодекстің 424-бабының алтыншы абзацына сәйкес кеден органына ұсынылатын есептілікте көрсетілуге жатады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты операциялардың тізбесі, кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес еркін қойманы құру кезінде оны құру мақсаттарына қарай қысқартылуы мүмкін.

      4. Осы баптың 1 тармағы 1 - 3 және 5-тармақшаларында көзделген операциялар еркін қойма иесінің рұқсатымен ғана жасалады.

      Кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасы осы тармақта көрсетілген операцияларды жасауға құқылы өзге де тұлғалар айқындалуы мүмкін.

      5. Кеден органының рұқсатымен еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды еркін қойманың аумағынан еркін қойманың кедендік рәсімдеу қолданысын аяқтаусыз әкетуге мынадай жағдайларда жол беріледі:

      1) еркін қойманың иесі қолдануға енгізген және пайдаланылатын жабдықтар немесе өзге де негізгі өндірістік құрал, не болмаса аталған негізгі өндірістік құралдардың бөлшектері болып табылатын көрсетілген тауарлар, оларды жөндеу (күрделі жөндеуді, жаңартуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсету немесе қалыпты (жұмыс) күйінде ұстау үшін қажетті өзге де операцияларды жасау үшін Одақтың кедендік аумағынан қалған бөлігіне әкетіледі;

      2) көрсетілген тауарлар Одақтың кедендік аумағынан қалған бөлігіне оларды техникалық сынау, зерттеу, тестілеу, тексеру, соның ішінде өндірістік процеспен көзделген тексеру бойынша операциялар іске асыру үшін, сондай-ақ үлгілер ретінде көрсету үшін әкетіледі;

      3) көрсетілген тауарлар мүше мемлекеттің қалған бөлігіне, еркін қойманың иесі оның аумағында еркін қоймалардың иелері тізіліміне енгізілген, кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасауға құқылы кеден органында еркін қоймадан тысқары еркін қойманың кедендік рәсіміннің қолданысын аяқтау бойынша кедендік операцияларды жасау үшін әкетіледі;

      4) көрсетілген тауарлар осы Кодекстің 212-бабы 5-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда, өзге еркін қойманың аумағына орналастыру және сонда болуы үшін әкетіледі.

      6. Осы Кодекстің 5-тармағы 1 және 2-тармақшаларында көрсетілген тауарлар осындай операцияларды жасау мақсаттары мен жағдайларына негізделе отырып, кеден органы белгілеген мерзім аяқталғанға дейін еркін қойманың аумағына кері әкелуге жатады. Кеден органы белгілеген мерзім осы тауарлар декларантының дәйекті өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін.

      Осы баптың 5-тармағы 3-тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданысы кеден органы белгілеген мерзім біткенге дейін аяқталуы тиіс. Кеден органы белгілеген мерзім осы тауарлар декларантының дәйекті жүгінісі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      Осы баптың 5-тармағы 4-тармақшасында көрсетілген тауарлар өзге еркін қойма аумағында кеден органы белгілеген мерзім біткенге дейін өзге еркін қойманың аумағына орналастырылуы тиіс. Кеден органы белгілеген мерзім осы тауарлар декларантының дәйекті өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін.

      7. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген кеден органының рұқсат беру тәртібі кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      8. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың барлығына немесе бөлігіне және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты осы тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқықтарын беруді көздейтін мәмілелердің жасалуы мүмкін. Бұл ретте осы баптың 9-тармағына сәйкес еркін қойманың кедендік рәсім қолданысын аяқтамастан көрсетілген тауарларды беруге жол берілетін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекспен белгіленген тәртіпте еркін қойманың кедендік рәсім қолданысы аяқталуы тиіс.

      9. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай:

      1) мердігер (қосалқы мердігер) немесе өзге де, оның ішінде еркін қойманың аумағында құрылыс және (немесе) мердігерлік монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын тұлғаларға;

      2) тасымалдаушыға оларды тасымалдау үшін;

      3) жөндеу (күрделі жөндеуді, қайта жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсету және (немесе) осындай тауарларды қалыпты (жұмыс) күйінде ұстауға қажетті басқа да операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға;

      4) өндірістік процесте көзделген осындай тауарларды техникалық сынау, зерттеу, тестілеу, тексеру бойынша операцияларды, сондай-ақ оларды үлгі ретінде көрсететін тұлғаларға;

      5) осы баптың 5-тармағы 1 және 2-тармақшаларыда көзделген жағдайларда еркін қойма аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты операцияларды жасайтын тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға беруге жол беріледі.

      10. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға тауарларды беру, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантын осы тарауда көзделген, еркін қойма кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтаудан босатпайды.

214-бап. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарларды, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларда идентификаттау

      1. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларда идентификаттау мақсатында, мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:

      1) еркін қойма иесінің немесе кеден органының лауазымды тұлғасының еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларына мөрлер, мөртаңбалар қоюы, цифрлық және басқа да таңбалау жүргізу;

      2) шетелдік тауарлар масштабында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;

      3) шетелдік тауарлардың және шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын және (немесе) үлгілерін салыстыру;

      4) тауарлардағы, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде таңбалауды пайдалану;

      5) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың сипатына және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарларды қайта өңдеу бойынша жасалатын операцияларға, оның ішінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалану туралы егжей-тегжейлі мәліметтен тұратын ұсынылған құжаттарды зерттеу жолымен, сондай-ақ оларды өндіру технологиясы туралы немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау кезінде кедендік бақылау жүргізу жолымен өзге де тәсілдер қолданылуы мүмкін.

      2. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларынан жасалған (алынған) тауарларда идентификаттауды жүзеге асыру тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

215-бап. Еркін қойма кедендік рәсім қолданысын аяқтау және тоқтату

      1. Еркін қойма кедендік рәсім қолданысы мынадай жағдайларда аяқталуы тиіс:

      1) еркін қойманың жұмыс істеуін тоқтатқан күннен бастап 6 ай ішінде еркін қойманың жұмыс істеуін тоқтату;

      2) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарларды, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды, мұндай тауарларды әкету жағдайларын қоспағанда әкету:

      осы Кодекстің 213-бабы 5-тармағында көрсетілген мақсаттарда;

      егер мұндай тауарлар өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан және олардың сапасы түпкі мақсаттары үшін пайдалануға жарамсыз болса, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе оларды өзге де тәсілдермен жою үшін;

      3) осы Кодекстің 213-бабы 9-тармағында көрсетілген жағдайларда тауарларды беруді қоспағанда, декларант еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқықтарын осы баптың 10-тармағына сәйкес өзге тұлғаға береді.

      2. Еркін қойманың тауарлардың декларанты ретінде тауарлардың еркін қойма кедендік рәсімделуіне орналастырылуы кезінде тауарлардың декларанты болып табылған тұлға бола алады, ал егер де ол мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасымен көзделген болса, - өзге де тұлға бола алады.

      3. Еркін қойманың қызмет етуінің тоқталуы кезінде еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар орналастырылған еркін қоймалар аумағындағы кедендік транзиттік кедендік рәсімдеуді қоспағанда, осы баптың 4 және 5-тармақтарын ескере отырып, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастырумен аяқталады не осы баптың 7 және 9-тармақтарына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырмай аяқталады.

      Еркін қойма кедендік рәсім қолданысы аяқталмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес осы баптың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген мерзімнің өтуі бойынша осы кедендік рәсім қолданысы тоқтатылады, ал тауарларды кеден органы осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кідіртеді.

      4. Тауарларды еркін қойманың аумағынан Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету үшін:

      1) кері экспорт кедендік рәсімімен:

      табиғи тозу салдарынан өзгеруден басқа, сондай-ақ тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи шығындар салдарынан болған өзгерістерден басқа, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және еркін қойма аумағынан өзгертілмеген күйде шығарылатын тауарларды;

      еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардан және осы Кодекстің 218-бабына сәйкес Одақтың тауарлары деп танылмаған тауарларды;

      2) экспорт кедендік рәсімімен:

      еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Одақтың тауарларын;

      Одақ тауарларынан жасалған (алынған) тауарларды;

      еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлардан және осы Кодекстің 218-бабына сәйкес Одақтың тауарлары деп танылған тауарларды орналастырумен еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталады.

      5. Еркін қойма аумағынан тауарларды Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін:

      1) осы Кодекстің 127-бабы 2-тармағының 1, 4, 5, 7, 10 және 14 - 16) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдерге, өзгертілмеген күйде еркін қойманың аумағынан әкетілетін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, табиғи тозу салдарынан өзгеруден, сондай-ақ тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи шығындар салдарынан болған өзгерістерден басқа, осы баптың 6-тармағын ескере отырып, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды;

      2) кері импорт кедендік рәсімімен:

      табиғи тозу салдарынан өзгеруден, сондай-ақ тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи шығындар салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгертілмеген күйде қалған еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Одақтың тауарларын;

      Одақтың тауарларына қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтаған кезде, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Одақтың тауарларынан жасалған (алынған) тауарларды орналастырумен еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталады.

      6. Егер де еркін қойма кедендік рәсіммен орналастырылған шетелдік туарлардан жасалған (алынған) тауарлар құрамына ішкі нарықты қорғау шараларының әрекеті қолданылатын шетелдік тауарлар кірсе, мұндай тауарларды еркін қойманың аумағынан Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне әкету үшін, осы тауарларда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды сәйкестендіру шартымен осы Кодекстің 127-бабының 2-тармағы 1 және 7-тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсіммен орналасуы мүмкін.

      7. Осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайда, сондай-ақ мынадай:

      1) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқанда және олар тағайындалған сапада қолдану үшін жарамсыз болғанда, еркін қойманың аумағынан көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес өзге тәсілмен жою үшін әкетіледі. Бұл ретте, көмілген, залалсыздандырылған, кәдеге жаратылған және (немесе) өзге де тәсілдермен жойылған және мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларына сәйкес айқындалған тауарлардың санына сәйкес келетін, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсім қолданысы аяқталады;

      2) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жойылған және (немесе) өтемсіз жоғалғанда не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи шығындалу нәтижесінде өтемсіз жоғалғанда және осындай жойылу немесе қайтарусыз жоғалу фактін мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы таныған жағдайларда еркін қойма кедендік рәсімінің қолдануы, кедендік рәсімімен орналастырусыз аяқталады.

      8. Еркін қойма кедендік рәсімін қолдануды аяқтау тәртібі осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларда мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      9. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, пайдалануға енгізілген және еркін қойманың иесі пайдаланатын жабдықтар немесе еркін қойманың аумағында жылжымайтын объектілерді құру үшін еркін қойманың иесі пайдаланған тауарлар және осындай жылжымайтын объектілердің құрамды бөлігі болып табылатын тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсім қолданысы, көрсетілген тауарларды мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасымен белгіленген тәртіпте кедендік рәсіммен орналастырусыз аяқталады.

      Көрсетілген тауарлар еркін қойма кедендік рәсімін қолдану аяқталған күннен бастап Одақ тауарларының мәртебесін алады.

      10. Декларанттың еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын өзге тұлғаға берген кезде осы баптың 5-тармағы 1-тармақшасына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімін қолдану аяқталады.

      11. Еркін қойма иесін тарату кезінде еркін қойма кедендік рәсім қолданысын аяқтау мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

216-бап. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімдері және есептеу

      1. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап, ал тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті берген тұлғаға, тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін шығаруға мәлімделген тауарларға қатысты - кеден органы тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеген кезден бастап туындайды.

      2. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарына қатысты баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттер декларантта мынадай мән-жайлар болған кезде:

      1) осы Кодекстің 215-бабының 4-тармағы 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауды қоспағанда, осы Кодекстің 215-бабына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау, оның ішінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін;

      2) экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды осы Кодекстің 215-бабы 4-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген Одақтың кедендік аумағынан әкету;

      3) осы Кодекстің 129-бабы 7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен әрекеттері тоқтатылған, осындай кедендік рәсімдерді қолдану шеңберінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды және (немесе) оларға еркін қойма кедендік рәсімінің әрекеттері тоқтатылғандарға қатысты, тауарларды орналастырылған;

      4) осы баптың 5-тармағына сәйкес төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын және (немесе) есептелген мөлшерде оларды өндіріп алу жөніндегі міндеттеме орындалған;

      5) осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе біржолғы жоғалуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күш әрекетінен жойылу және (немесе) біржолғы жоғалу фактісін не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи шығындалу нәтижесінде осындай тауарлардың өтеусіз жоғалу фактісін, мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органын тануы;

      6) тауарларға арналған декларацияны тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу туындаған кезінде, кедендік әкелудің баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттемеге қатысты - еркін қойманың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту;

      7) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттемеге қатысты - осы Кодекстің 113-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияны қайтарып алу және (немесе) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарларды шығаруды жою;

      8) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарларды осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдыру немесе тәркілеу;

      9) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органының тауарларды ұстауы;

      10) қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы (әкімшілік процесті жүргізу) іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және оларға қатысты, егер бұрын осындай тауарлар шығарылмаған болса, оларды қайтару туралы шешім қабылданған жағдайларда тауарларды уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастыру тоқтатылады.

      3. Кедендік әкелу баждарын, баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде орындалуға тиіс.

      4. Кедендік әкелу баждарын, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемлық баждарды төлеу мерзімі көрсетілген жағдайлар туындаған кезде деп есептеледі:

      1) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды, осы Кодекстің 215-бабы 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген жағдайларда мұндай тауарлар еркін қойма кедендік рәсімі аяқталмастан еркін қойманың аумағынан әкетуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, еркін қойманың аумағынан осындай тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімі аяқталғанға дейін не осы Кодекстің 213-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда кеден органының рұқсатынсыз әкетілген жағдайда - еркін қойманың аумағынан әкету күні, ал егер бұл күн анықталмаса - еркін қойманың аумағынан осындай әкету фактісі анықталған күн;

      2) осы Кодекстің 213-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда, мұндай тауарлар берілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды осындай тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімі аяқталғанға дейін өзге тұлғаға берілген жағдайда - тауарларды беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса - осындай беру фактісі анықталған күн;

      3) осы Кодекстің 213-бабы 5-тармағының 1 және 2-тармақшаларында көрсетілген жағдайларда еркін қойманың кедендік аумағынан әкетілген тауарлар осы Кодекстің 213-бабы 6-тармағының бірінші абзацына сәйкес кеден органы белгілеген мерзім аяқталғанға дейін еркін қойманың аумағына қайтарылмаған жағдайда - осы Кодекстің 213-бабы 6-тармағының бірінші абзацына сәйкес кеден органы белгілеген мерзім аяқталған күн;

      4) осы Кодекстің 213-бабы 5-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген жағдайда еркін қойманың кедендік аумағынан әкетілген тауарларға қатысты, еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқталмаған жағдайда осы Кодекстің 213-бабы 6-тармағының екінші абзацына сәйкес кеден органы белгілеген мерзім аяқталғанға дейін - осы мерзім аяқталған күн;

      5) осы Кодекстің 213-бабы 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда еркін қойманың аумағынан әкетілген тауарлар осы Кодекстің 213-бабы 6-тармағының үшінші абзацына сәйкес кеден органы белгілеген мерзім аяқталғанға дейін өзге еркін қойманың аумағында орналастырылмаған жағдайда - осы Кодекстің 213-бабы 6-тармағының үшінші абзацына сәйкес кеден органы белгілеген мерзім аяқталған күн;

      6) авария немесе еңсерілмейтін күш әрекеті салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың және (немесе) пайдаланудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде жойылуын және (немесе) жоғалуын қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды жоғалтқан жағдайда - тауарларды жоғалтқан күн, ал егер бұл күн анықталмаса - мұндай жоғалу фактісі анықталған күн;

      7) осы Кодекстің 215-бабы 1-тармағы 2-тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою фактісін растайтын құжаттар кеден органына, ол белгілеген мерзімде ұсынылмаған жағдайда - мұндай тауарлар еркін қойманың аумағынан тыс жерлерге әкетілген күн;

      8) осы Кодекстің 215-бабы 4-тармағы 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларға қатысты экспорттық кедендік рәсімінің қолданылуын осы Кодекстің 139-бабы 5-тармағының үшінші абзацына сәйкес тоқтатылған жағдайда, осындай тоқтату кезінде еркін қойманың аумағындағы көрсетілген тауарларға қатысты экспорттық кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтатуды қоспағанда, - осы Кодекстің 139-бабы 5-тармағының бірінші абзацында белгіленген мерзім аяқталғаннан күннен кейінгі күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.

      5. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты басталған жағдайда, егер мұндай шетелдік тауарлар тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған болса, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жатады.

      Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты басталған және осы Кодекстің 214-бабына сәйкес осындай тауарларда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар сәйкестендірілген жағдайда, егер мұндай шетелдік тауарлар тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жатады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көрсетілген жағдайларда, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары үшін еркін қойманың кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген, тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеу күніне қолданыстағы кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады, ал шығару тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін еркін қойма кедендік рәсімімен оларды орналастыру кезінде жүргізілген тауарларға қатысты, - тауарларға арналған декларация бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күнінен есептеледі.

      6. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға қатысты басталған және осындай тауарларда осы Кодекстің 214-бабына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар сәйкестендірілмеген жағдайда, егер еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) мұндай тауарлар тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған болса, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жатады.

      Көрсетілген жағадайларда кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 7 және 12-тарауларына сәйкес есептеледі.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалынған (алынған) тауарларға қатысты осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданыстағы, кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін шетел валютасын мүше мемлекеттің валютасында қайта есептеу талап етілген жағдайда, осындай қайта есептеу осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      Егер кеден органында тауарлар туралы нақты мәліметтер (сипаты, атауы, мөлшері, шығу жері және (немесе) кедендік құны) болмаған жағдайда, төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін база кеден органының қолда бар мәліметтерінің негізінде айқындалады, тауарларды сыныптау осы Кодекстің 20-бабының 3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Егер тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес 10-нан кем белгі санымен топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:

      кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топқа кіретін тиісті тауарларға кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең үлкені қолданылады;

      осындай топқа кіретін тиісті тауарларға, оларға қатысты кедендік баж мөлшерлемелерінің ең үлкені белгіленген, салықтарды есептеу үшін қосылған құн салығының ең үлкен мөлшерлемелерді, акциздер (акциздік салық немесе акциздік алым) мөлшерлемелерінің ең үлкені қолданылады;

      осындай топқа кіретін тиісті тауарларға, оған қатысты кедендік баж мөлшерлемелерінің ең үлкені белгіленген, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мөлшерлемелерінің ең үлкені қолданылады;

      осындай топқа кіретін тиісті тауарларға, осы тармақтың тоғызыншы абзацын есепке ала отырып, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мөлшерлемелерінің ең үлкені қолданылады;

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, осы Кодекстің 4-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығу және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алына отырып есептеледі. Егер тауарлардың шығу және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, егер тауарды не топқа кіретін тауарларды сыныптау 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылса, егер тауарлардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес 10-нан кем белгі санымен топтау деңгейінде айқындалса, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының сол кодының тауарларына қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының ең үлкен мөлшерлемелеріне негізделе отырып есептеледі.

      Тауарлар туралы нақты мәліметтердің салдарын белгілеген кезде, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осындай нақты мәліметтер негізге алына отырып есептеледі, кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) не осы Кодекстің 10 және 11-тарауларына және 76 және 77-баптарына сәйкес төленбеген сомаларын өндіріп алу жүзеге асырылады.

      7. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларынан, егер көрсетілген сомаларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі аяқталған күні аралығында оларды төлеудің мерзімін кейінге қалдыру ұсынылған болса, пайыздары төленуге тиіс. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 60-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.

      8. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтаған жағдайда не экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы Кодекстің 215-бабы 4-тармағы 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген Одақтың кедендік аумағынан әкетілген не шетелдік тауарларға қолданылатын, осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес орналастырылған, не кеден органдары осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес осындай тауарларды ұстаған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толығымен немесе ішінара) жөніндегі міндет орындалғаннан кейінгі жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомалары, осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес қайтарылуға есепке жатқызылуға жатады.

217-бап. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды жекелеген кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде, кедендік әкелудің баждарын, салықтарды, арнайы демпингке қарсы, өтем баждарын есептеудің және төлеудің ерекшеліктері

      1. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін қойманың аумағында тауарларды қайта өңдеу операцияларына ұшырамаған, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарына, салықтарға, арнайы демпингке қарсы және өтем баждарына тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған кеден органы декларацияны тіркеу күні қолданыстағы кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы демпингке қарсы және өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады, еркін қойма кедендік рәсімімен оларды орналастыру кезінде жүргізілген тауарларға қатысты, - осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күніне есептеледі.

      Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, пайдалануға берілген және осы Кодекстің 213-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жасау үшін еркін қойма иесі пайдаланатын жабдықты ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы демпингке қарсы және өтем баждарын есептеу үшін, өтем баждарының мөлшерлемері кеден органы жабдықты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны тіркеген күні қолданыста болған валюта бағамы қолданылады.

      2. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 127-бабы 2-тармағының 1, 5, 7, 10 және 14-тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде:

      1) осы Кодекстің 214-бабына сәйкес жүзеге асырылатын көрсетілген тауарларда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды сәйкестендірген жағдайда, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды дайындау кезінде пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарын есептеу үшін тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемері және валюта бағамы, ал шығару тауарға арналған декларацияны бергенге дейін, еркін қойма кедендік рәсімімен оларды орналастыру кезінде жүргізілген тауарларға қатысты, - тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күніне қолданылады;

      2) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген күні осы Кодекстің 214-бабына сәйкес жүзеге асырылатын еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды сәйкестендіру болмаған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте осы Кодекстің 127-бабы 2-тармағының 1, 5, 7, 10 және 14-тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болған, кедендік әкелу баждары, салықтар есептеу үшін, кедендік әкелу баждары, салықтар мөлшерлемелері қолданылады. Бұл жағдайда адвалорлық мөлшерлеме бойынша кедендік әкелу баждарын есептеу үшін еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есептік құны база болып табылады, оны айқындау тәртібін Комиссия белгілейді.

      3. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімін аяқтау кезінде осы Кодекстің 215-бабы 10-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждары, салықтар, есептеу үшін кедендік әкелу баждары мен салықтардың мөлшерлемелері осы Кодекстің 127-бабы 2-тармағының 1, 5, 7, 10 және 14-тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдерге орналастыру үшін берілген тауарға арналған декларацияны кеден органы тіркелген күніне қолданылады.

      4. Егер кедендік әкелу баждарын, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін осы баптың 1 - 3-баптарында көрсетілген жағдайларда, шетелдік валютада мүше мемлекеттердің валютасында қайта есептеу жүргізу талап етіледі, ондай қайта есептеу әрбір жағдай үшін белгіленген кедендік әкелу баждарының, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелерін қолдану күні қолданыста болған валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

218-бап. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау

      1. Егер еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Одақтың кедендік аумағынан әкетілген жағдайда, мұндай тауарлардың мәртебесі жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес айқындалады, олар:

      1) тауарлар кодының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кез келген алғашқы 4 белгі деңгейінде өзгеруінен;

      2) пайдаланылатын материалдар құнының пайыздық үлесі немесе қосылған құны түпкілікті өнімнің бағасындағы белгіленген үлеске жеткен кезде, тауарлар құнының өзгеруінен (адвалорлық үлес қағидасы);

      3) тауарларды Одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті өндірістік және технологиялық операцияларды жасаудың қажетті шарттарын орындаудан көрінуі мүмкін.

      2. Одақтың кедендік аумағынан әкету мақсаттары үшін, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, егер тауарлары дайындау (алу) жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде мына шарттардың бірі орындалса:

      1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кез келген алғашқы 4 белгі деңгейінде өзгергенде;

      2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар құнының пайыздық үлесі түпкілікті өнімнің бағасында белгіленген үлестен аспаса немесе қосылған құны түпкілікті өнімнің бағасындағы белгіленген үлеске жетсе;

      3) осы баптың 3-тармағынның бірінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттар орындалса, өндірістік және технологиялық операциялар жасалса, Одақтың тауарлары деп танылады.

      3. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, егер осындай тауарларға қатысты өзге шарттардың орындалуына қарамастан, жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сай келмейтін операциялар ғана жүзеге асырылса, Одақтың тауарлары деп танылмайды.

      Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кез келген алғашқы 4 белгі деңгейінде тауарлар кодының өзгеруі және адвалорлық үлес қағидасы, егер еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі айқындалған жағдайда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары ретінде қолданылмайды.

      4. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесін, сондай-ақ жасалуы еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сай келмейтін операциялар тізбесін Комиссия айқындайды.

      5. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары ретінде адвалорлық үлес қағидасын пайдалану тәртібін Комиссия айқындайды.

      Адвалорлық үлес қағидасы еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, Одақтың тауарларын жөндеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары ретінде пайдаланылмайды.

      6. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін осындай мүше мемлекеттің уәкілетті мемлекеттің органы немесе уәкілетті ұйымы айқындайды.

      7. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін растайтын құжат ретінде мүше мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымдармен еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Одақтың тауарлары деп тану туралы қорытындыны немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Одақтың тауарлары болып табылмайды деп тану туралы қорытынды береді.

      Көрсетілген қорытындылардың нысандарын, мұндай қорытындылардың электрондық құжаттар түріндегі құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін, сондай-ақ оларды беру және қолдану тәртібін Комиссия айқындайды.

      8. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін растайтын құжат болмаған, жойылған немесе жарамсыз деп танылған кезде мұндай тауарлар еркін қойма кедендік рәсімі аяқталған кезде - оларды Одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында Одақтың тауарлары ретінде, ал өзге мақсаттарда шетелдік тауар ретінде қаралады.

29-тарау

Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі

219-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің мазмұны және қолданылуы

      1. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі - шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім, оған сәйкес мұндай тауарлар осындай кедендік рәсіммен тауарларды орналастыру және осындай кедендік рәсімге сәйкес оларды пайдалану шарттары сақталған жағдайда кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын ішінара төлей отырып не болмаса кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей, Одақтың кедендік аумағында уақытша болады және пайдаланылады.

      2. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар (осы тарауда бұдан әрі - уақытша әкелінген тауарлар), шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

      3. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағында уақытша болуға және пайдалануға осындай уақытша болу және пайдалану шарттары кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей жол берілетін тауарлар санаты, сондай-ақ осындай уақытша болудың және пайдаланудың шекті мерзімдерін Комиссия және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында айқындалады.

      4. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі тауарлардың мынадай:

      1) Одақтың кедендік аумағына оларды жекелеген данада жарнама және (немесе) демонстрациялау мақсатында немесе көрме жәдігерлері не өнеркәсіптік үлгілер ретінде әкелінген жағдайларды қоспағанда, алкоголь, темекі және темекі өнімдерін, шикізат пен жартылай фабрикаттарды, жұмсалатын материалдар мен үлгілерді қоса алғанда тамақ өнімдері, сусындар;

      2) қалдықтар, оның ішінде өнеркәсіптік қалдықтар;

      3) Одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар санаттарына қатысты қолданылмайды.

      5. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін, бұрын кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған, осы кедендік рәсімге тауарларды қайта өңдеу өнімдерін орналастыру арқылы, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтата тұру үшін қолдануға жол беріледі.

220-бап. Тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары

      1. Тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырудың шарттары мыналар:

      1) оларды кейіннен кедендік рәсіммен орналастыру кезінде, осы кедендік рәсімді қолдануды аяқтау мақсатында тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі;

      Мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес уақытша әкелінген тауарларды ауыстыруға жол берілген жағдайларда, тауарларды сәйкестендіру талап етілмеуі;

      2) осы Кодекстің 219-бабы 3-тармағына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағында тауарлардың уақытша болуы және пайдаланылуы кедендік әкелу баждары, салықтар төленбестен рұқсат етілетін жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 223-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу;

      3) егер мұндай шарттарды осы Кодекстің 219-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаса және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделсе, кедендік баждар, салықтар төленбестен уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарлардың уақытша болуы мен пайдалану шарттарын сақтау;

      4) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау болып табылады.

      2. Мыналар:

      1) кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін сақтау;

      2) осы Кодекстің 222-бабында белгіленген уақытша әкелінген тауарларды иелену мен пайдалану бойынша шектеулерді сақтау;

      3) осы Кодекстің 219-бабы 3-тармағына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағында тауарлардың уақытша болуы және пайдаланылуына кедендік әкелу баждар, салықтар төленбестен рұқсат етілу жағдайын қоспағанда, осы Кодекстің 223-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу;

      4) осы Кодекстің 219-бабы 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шартта көзделген, кедендік баждар, салықтар төленбестен уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарлардың уақытша болуы және пайдалану шарттарын сақтау уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттары болып табылады.

221-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі

      1. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру күнінен 2 жылдан артық немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған мерзімнен аспайды.

      2. Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды Одақтың кедендік аумағына әкелу мақсаттарына байланысты Комиссия уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің 2 жылға қарағанда неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ қолданыс мерзімін айқындауға құқылы.

      3. Тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастыру кезінде, кеден органы Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелудің мақсаттары мен жайларын негізге ала отырып, декларанттың өтініш негізінде, осы баптың 1-тармағында көзделген, осы баптың 4-тармағын есепке алғандағы немесе Комиссия айқындаған, осы баптың 2-тармағына сәйкес мерзімнен аспайтын осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін белгілейді.

      4. Тұлғаның өтініші бойынша уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің кеден органы белгілеген қолданылу мерзімі, осы мерзімнің аяқталуына дейін не ол өткеннен кейін аталған кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі шегінде осы баптың 1-тармағында көзделген немесе Комиссия айқындаған осы баптың 2-тармағына сәйкес 1 ай ішінде ұзартылуы мүмкін.

      Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолдану мерзімін ұзарту кезінде, мұндай кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, осы кедендік рәсім тоқтатылған күннен бастап жаңартылады.

      5. Одақтың кедендік аумағындағы шетелдік тауарларға қатысты уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін бірнеше рет қолдану кезінде, оның ішінде осы тауарлардың декларанттары ретінде әртүрлі адамдар әрекет етсе, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданылуының жалпы мерзімі, осы баптың 1-тармағында көрсетілген немесе Комиссия белгілеген осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған мерзімнен аспайды.

222-бап. Уақытша әкелген тауарларға иелік ету және оларды пайдалану бойынша шектеулер

      1. Уақытша әкелген тауарлар табиғи тозу салдарынан баға өзгерістерінен, сондай-ақ тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему салдарынан болған өзге| істерден басқа, өзгеріссіз күйінде қалуға тиіс.

      Осы Кодекстің 224-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде кеден органы тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз еткен жағдайда жөндеуді (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты күйінде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, уақытша әкелген тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін, олармен қажетті операциялар жасауға жол беріледі.

      Уақытша әкелген тауарлармен сынақтар, зерттеулер, тестілеулер, тексерулер жүргізуге тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізуге не оларды сынақтар, зерттеулер, тестілеулер. тексерулер, тәжірибелер мен эксперименттер жүргізу барысында пайдалануға жол беріледі.

      2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес өзге тұлғалардың иемденуіне және пайдалануына беруге тиіс жағдайларды қоспағанда, уақытша әкелген тауарлар іс жүзінде декларанттың иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.

      3. Кеден органының рұқсатынсыз декларанттың өзге тұлғаға иелік етуге және пайдалануға:

      1) Одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды буып-түюге және қорғауға арналған айналымға көп түсетін (қайтарылатын) уақытша әкелген ыдыстарға;

      2) оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу (күрделі жөндеуді және (немесе) жаңғыртуды қоспағанда), сақтау, тасу (тасымалдау) мақсатында уақытша әкелінген тауарларды;

      3) сынақтар, зерттеулер, тестілеулер, тексерулер, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізу мақсатында уақытша әкелінген тауарларды;

      4) Комиссия айқындайтын және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда өзге де мақсаттарда уақытша әкелген тауарларды беруіне жол беріледі.

      4. Осы баптың 3-тармағында белгіленген өзге жағдайларда декларанттың уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иелік етуіне және пайдалануына кеден органының рұқсатымен не Комиссия айқындайтын жағдайларда, тәртіппен және мерзімдерде кеден органы хабардар етілгеннен кейін жол беріледі.

      5. Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иеленуге және пайдалануға беруге кеден органының рұқсатын алу мақсатында осы тауарлардың декларанты оларды кедендік рәсіммен орналастыру жүргізілген кеден органына уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаға беру себептерін және осы тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып өтініш береді.

      6. Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иеленуге және пайдалануға беру осы тауарлардың декларантын осы тарауда белгіленген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдаланудың өзге шарттарын сақтаудан босатпайды, сондай-ақ уақытша әкелудің мерзімін тоқтата тұрмайды және ұзартпайды.

      7. Осы Кодекстің 219-бабы 3-тармағына сәйкес Комиссия және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында айқындалған және оларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар төленбестен уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданылатын тауарлар, егер Комиссия өзгеше айқындамаса, Одақтың кедендік аумағы шегінде пайдаланылады.

      8. Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде пайдаланылса және оларға осы Кодекстің 38-тарауындағы ережелер қолданылса, Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде пайдалануға жол беріледі.

      Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде пайдалану кезінде мұндай тауарларға қатысты осы Кодекстің 277-бабы 1 және 2-тармақтарында көзделген операцияларды жасауға жол беріледі.

      Осы Кодекстің 277-бабы 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасауға осы Кодекстің 277-бабы 4-тармағына сәйкес жол беріледі.

      Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде пайдалану уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтатпайды және тоқтата тұрмайды.

223-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолдану кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу және төлем ерекшеліктері

      1. Кедендік әкелу баждары, салықтар ішінара төлене отырып уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелудің баждары, салықтар олар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап, оның қолданылуы аяқталған күн аралығындағы кезең үшін төленуге жатады.

      2. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты декларанттың жүгінуі бойынша декларанттың өтінішінде көрсетілген күннен бастап уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған күнін қоса алғандағы кезең үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу жүргізіледі. Декларанттың көрсетілген өтініші осы Кодекстің 219-бабы 3-тармағына сәйкес белгіленген шекті мерзім аяқталғанға дейін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен оларды орналастыру кезінде тауарларды шығаруды жүргізген кеден органына беріледі.

      Декларанттың өтініші ретінде тауарларға арналған декларацияны түзету - кедендік құжаты пайдаланылады.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес айқындалған уақыт кезеңінің (осы тарауда бұдан әрі - кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеудің қолданылу кезеңі) күнтізбелік әрбір айы (толық немесе толық емес) үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде мұндай тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияның тіркелген күні есептелген 3 пайызы, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығарылған тауарларға қатысты - егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыралған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылса, төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні төленуге жатады.

      4. Осы Кодекстің 224-бабының 3-тармағына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтата тұру кезінде мұндай тоқтата тұру кезең үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу жүргізілмейді. Осы тармақты қолдану мақсатында кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтата тұру кезеңі уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған толық күнтізбелік айлар санымен айқындалады.

      5. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары декларанттың таңдауы бойынша кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеуді қолданудың барлық кезеңі үшін (осы тарауда бұдан әрі - кедендік әкелу баждарын, салықтарды бір жолғы төлеу) немесе мерзімінде (осы тарауда бұдан әрі - кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімінде төлеу) төленеді. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімінде төлеу кезінде мұндай төлеу осы баптың 3-тармағына сәйкес төленуге жататын мөлшерде күнтізбелік 1 ай (толық немесе толық емес) бұрын жүргізіледі. Кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомаларын төлеудің мерзімділігін тауарларға арналған декларацияда декларант айқындайды.

      Кезеңімен төленетін кедендік әкелу баждарын, салықтарды осы Кодекстің 225-бабы 4-тармағына және 7-тармағының 2 және 3-тармақшаларына сәйкес белгіленген мерзімде толық төленбеген немесе төленбеген жағдайында, кедендік әкелу баждары, салықтары, кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолдануының барлық қалған кезеңі үшін бір уақытта төлеуге жатады.

      6. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеген мерзімде төленген және (немесе) өндірілген кедендік әкелу баждарының, салықтарының жалпы сомасы ал тауарларға арналған декларацияны ұсынбас бұрын шығарылған тауарларға қатысты - егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыруға тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғанда төлеуге жататын кедендік әкелу баждар, салықтар сомасы тауарларға арналған декларацияны ұсынғанға дейін тауарларды шығару өтінішін кеден органы тіркеген күндегі сомадан аспауы тиіс.

      7. Осы Кодекстің 224-бабының 1, 2 және 5-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданылуы тоқтағанда немесе аяқталған кезде, кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеген мерзімде төленген және (немесе) өндірілген кедендік әкелу баждары, салықтар сомалары, егер осы Кодекспен өзгеше көрсетілмесе кері қайтаруға (есепке жатқызуға) жатпайды.

224-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау, тоқтата тұруы және тоқтату

      1. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін, бұл кедендік рәсімнің қолданылуы:

      1) осы Кодекстің 276-бабы 7-тармағына сәйкес уақытша әкелінген тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырғанда;

      2) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әрекетінен уақытша әкелінген тауарлардың жойылуы және (немесе) біржола жоғалу фактісін не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде бұл тауарлардың табиғи кему салдарынан біржола жоғалу фактісін танығанда;

      3) басталғанға дейін тауарлар кедендік бақылауда болатын, Комиссия және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалатын мән-жайлар басталғанда аяқталады.

      2. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы:

      1) уақытша әкелінген тауарлар, егер осы тармақта өзгеше белгілегенбесе, кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген шарттармен шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылғанда;

      2) осы Кодекстің 173-бабы 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған, кеден аумағында қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуы жаңартылғанда;

      3) уақытша әкелінген тауарларды, егер бұл тауарлар осы кедендік рәсіммен орналастыру үшін кеден органы тауарларды шығаруды жүргізген мүше мемлекеттің аумағынан тасу (тасымалдау) үшін Одақтың кедендік аумағымен басқа мүше мемлекеттің аумағына уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылса, кедендік транзиттің кедендік рәсіммен орналастырылғанда тоқтатылуы мүмкін.

      3. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін бұл кедендік рәсімнің қолданылуы уақытша әкелінген тауарлар кедендік қойманың кедендік рәсімімен, кеден аумағында қайта өңдеудің кедендік рәсімімен не Комиссия айқындайтын жағдайларда - арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Уақытша әкелінген тауарларды арнайы кедендік рәсімімен орналастыру нәтижесінде уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру нәтижесінде уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің тоқтатыла тұру жағдайын айқындау кезінде Комиссия кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу және төлеу ерекшеліктерін, сондай-ақ уақытша әкелінген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімін айқындауға құқылы.

      4. Уақытша әкелінген тауарлар кері экспорттың кедендік рәсімімен не өзге кедендік рәсімге бір немесе бірнеше партиямен орналастырылуы мүмкін.

      5. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен соң кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылады.

      6. Осындай тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылған мүше мемлекетке қарағанда, өзге мүше мемлекеттің аумағында уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуының аяқталу жағдайларын, шарттарын және тәртібін Комиссия айқындайды.

225-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің туындауы және тоқтатылуы, олардың төлеу мерзімі және есептеу

      1. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап, ал тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығаруға мәлімделген тауарларға қатысты, тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада, - кеден органы тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеген кезден бастап туындайды.

      2. Бір көліктік (тасымалдау) құжаты бойынша бір жөнелтушіден бір алушының мекенжайына әкелінетін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты жалпы кедендік құны 200 еуроға барабар сомадан, егер Комиссия мұндай соманың өзге мөлшерін айқындаса, - кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген күні қолданыстағы валюта бағамы бойынша Комиссия айқындаған сома мөлшерінен аспайтын және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындамайды. Бұл ретте осы тармақтың мақсаттары үшін Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды келу орнына дейін тасуға (тасымалдауға) арналған шығыстар, осындай тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге арналған шығыстар және осындай тауарларды тасуға (тасымалдауға), тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге байланысты сақтандыруға арналған шығыстар кедендік құнға қолданылмайды.

      Комиссия осы тармақтың екінші абзацына көзделген сомадан өзге соманың мөлшерін айқындауға құқылы, оның шегінде бір көліктік (тасымалдау) құжаты бойынша бір жөнелтушіден бір алушының мекенжайына әкелінетін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер туындамайды.

      3. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттер декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 224-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген шекті мерзімі өткенге дейін осы Кодекстің 224-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы;

      2) осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайды қоспағанда, егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылса, осы Кодекстің 224-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы;

      3) осы Кодекстің 224-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау және (немесе) оларды осы бапқа сәйкес төленуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;

      4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау және (немесе) оларды осы баптың 7-тармағының 6 - 8-тармақшалары мен осы баптың 13-тармағында көзделген мән-жайлар басталған кезде төленуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;

      5) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес аварияның салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әсерінен не уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданылуының аяқталғанға дейін тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде шетелдік тауарлардың жойылу (біржола жоғалу) фактісін кеден органының тануы және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау және (немесе) оларды осындай мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін осы бапқа сәйкес төленуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;

      6) уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен тауарларды шығарудан бас тарту - тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндетке қатысты;

      7) осы Кодекстің 113-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияны кері қайтару және (немесе) осы Кодекстің 118-бабы 4-тармағына сәйкес тауарлар шығаруды жою - кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты;

      8) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тауарларды тәркілеу немесе мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдыру және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау және (немесе) оларды осындай мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін осы бапқа сәйкес төленуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;

      9) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес тауарларды кеден органының ұстауы және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау және (немесе) оларды осындай ұстауға дейінгі кезең үшін осы бапқа сәйкес төленуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;

      10) қылмыс туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша іс жүргізу барысында және егер бұрын мұндай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастыру және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау және (немесе) оларды қылмыс туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша іс жүргізу барысында осындай тауарларды алып қоюға немесе оларға тыйым салуға дейінгі кезең үшін осы бапқа сәйкес төленуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу тоқтатылады.

      4. Кедендік әкелу баждары, салықтар ішінара төлене отырып уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет (кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеуге жатады):

      1) кедендік әкелу баждарын, салықтарды біржолғы төлеу кезінде не кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімділікпен төлеу кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтар сомасының бірінші бөлігін төлеу кезінде - уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғанға дейін;

      2) кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімділікпен төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының екінші және кейінгі бөліктерін төлеу кезінде - кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының кезекті бөлігін төлеу жүргізілетін кезең басталғанға дейін орындалуға жатады.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары салықтар осы Кодекстің 223-бабына сәйкес айқындалған мөлшерлерде төленуге жатады.

      6. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.

      7. Көрсетілген мән-жайлар туындаған жағдайда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі:

      1) осы Кодекстің 219-бабы 3-тармағына сәйкес белгіленген тауарлар уақытша болудың және пайдаланудың шарттары сақталмаған жағдайда, көрсетілген тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру күні;

      2) осы Кодекстің 219-бабы 3-тармағына сәйкес белгіленген, шекті мерзім өткен жағдайда:

      кедендік әкелу баждарын біржолғы төлеу кезінде, салықтарды не кедендік әкелу баждарының сомасының бірінші бөлігін төлеу кезінде, салықтарды мерзімділікпен төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар - осындай шекті мерзім аяқталған күні;

      кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімділікпен төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының екінші және кейінгі бөліктерін төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының кезекті бөлігін төлеу жүргізілетін кезең басталудың алдындағы күн;

      3) осы Кодекстің 223-бабы 2-тармағына сәйкес декларант өтініш берген жағдайда:

      кедендік әкелу баждарын біржолғы төлеу кезінде, салықтарды не кедендік әкелу баждарының сомасының бірінші бөлігін төлеу кезінде салықтарды мерзімділікпен төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар - декларанттың өтінішінде көрсетілген күннің алдындағы күн;

      кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімділікпен төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының екінші және кейінгі бөліктерін төлеу кезінде - кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының кезекті бөлігін төлеу жүргізілетін кезең басталудың алдындағы күн;

      4) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерден декларант бас тартқан жағдайда, - уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерден бас тарту бөлігінде декларацияға өзгерістер енгізген күн;

      5) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ұсынудың мақсаттары мен шарттарын бұза отырып әрекеттер және (немесе) осындай жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер жасалған жағдайда, - көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - көрсетілген тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыруына көрсетілген күні;

      6) уақытша әкелінген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін кеден органының рұқсатынсыз өзге тұлғаға берілген жағдайда - тауарларды беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - көрсетілген тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылған күні;

      7) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему салдарынан біржола жоғалуды қоспағанда, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданылуының аяқталғанға дейін уақытша әкелінген тауарларды жоғалтқан жағдайда - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - көрсетілген тауарларды уақытша әкетудің (жіберудің) кедендік рәсіммен орналастырылған күні;

      8) кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы мерзімі өткенге дейін осы Кодекстің 224-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған жағдайда, - бұл кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 221-бабының 4-тармағына сәйкес ұзартылатын жағдайды қоспағанда, кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күні есептеледі.

      8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар:

      1) осы баптың 7-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, - егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 223-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылған уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсіммен орналастырылған күннен бастап оның қолданылуы аяқталған күн аралығындағы кезең үшін;

      2) осы баптың 7-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, - уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 219-бабы 3-тармағына сәйкес белгіленген шекті мерзім өткен күннен кейінгі күннен бастап уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған күн аралығындағы кезең үшін осы Кодекстің 223-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылған болса;

      3) осы баптың 7-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, - осы Кодекстің 223-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде;

      4) осы баптың 7-тармағы 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, - осы Кодекстің 223-бабына сәйкес айқындалған және осы баптың 7-тармағы 4 және 5-тармақшаларында айқындалған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған күннен бастап уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған күн аралығындағы кезең үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты төленбеген мөлшерде;

      5) осы баптың 7-тармағының 6 және 8-тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, — егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар сияқты болса, осы баптың 10-тармағында өзге мөлшер көзделмесе, кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомаларын шегерілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылады. Кедендік әкелу баждары, салықтарды есептеу үшін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеу күніне, ал шығарылуы тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты, - тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін кеден органы тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу күніне қолданыста болған кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшермелері төленуге жатады.

      9. Осы баптың 8-тармағы 5-тармақшасына сәйкес тауарларға қатысты төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомаларынан, сондай-ақ кедендік әкелу баждарының, салықтардың төленген сомаларынан, егер көрсетілген сомаларға қатысты тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап осы баптың 7-тармағының 6 - 8-тармақшаларында белгіленген төлеу мерзімдері өткен күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) ұсынылған сияқты, осы тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде пайыздар төленуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 60-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.

      10. Егер осы баптың 7-тармағының 6 - 7-тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 7-тармағы 6 - 7-тармақшаларында сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекстің 223-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылған, осы баптың 7-тармағы 6 - 7-тармақшаларына сәйкес айқындалған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған күннен бастап уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған күн аралығындағы кезең үшін төленуге жатады. Бұл ретте, осы баптың 7-тармағының 6 және 7-тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың қайтаруға (есепке жатқызуға) жатпайды.

      11. Егер осы баптың 7-тармағының 6 - 8-тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін оларға қатысты осы Кодекстің 129-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырылса немесе осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімімен орналастырылса, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға қатысты болса, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарлар осы Кодекстің 223-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарды, салықтарды ішінара төлеу қолданылған болса, кедендік әкелу баждары, салықтар төленуге жатады.

      Көрсетілген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар осы баптың 7-тармағының 6 - 8-тармақшаларында айқындалған, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған күннен бастап осындай тауарларды уақытша сақтауға немесе олар кедендік рәсіммен орналастырылған күнге дейінгі кезеңі үшін төленуге жатады. Бұл ретте, кедендік әкелу баждары, салықтар егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылса, кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан аспайтын төленуге жататын мөлшерлерде және тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күнге есептелген, ал оларды шығару тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты, - тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күнге төленуге жатады. Бұл ретте, осы баптың 7-тармағы 6 - 8-тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарын, салықтарды қайтаруға (есепке жатқызуға) жатпайды.

      12. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 13-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.

      13. Көрсетілген мән-жайлар басталған кезде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі мыналар:

      1) уақытша әкелінген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін өзге тұлғаларға кеден органының рұқсатынсыз берілген жағдайда - тауарлар берілген күн, ал егер бұл күн анықталмаса, - көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;

      2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) біржола жоғалуды не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кемудің нәтижесінде біржола жоғалуды қоспағанда, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін уақытша әкелінген тауарлар жоғалған жағдайда, - тауарлар жоғалған күн, ал егер бұл күн анықталмаса, — көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;

      3) кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы Кодекстің 224-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған жағдайда, - осы кедендік рәсімнің қолданылуы осы Кодекстің 221-бабының 4-тармағына сәйкес ұзартылатын жағдайды қоспағанда, кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күн болып табылады.

      14. Осы баптың 13-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған жағдайда арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған болса, сол мөлшерде төленуге жатады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнгі, ал оларды шығару тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты, - тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күнгі қолданыстағы арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшермелері қолданылады.

      15. Осы баптың 14-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары сомаларынан, егер көрсетілген сомаларға қатысты тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылған күннен бастап осы баптың 13-тармағында белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімдері өткен күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылған болса, пайыздар төленуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 60-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.

226-бап. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіммен орналастыру кезінде оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері

      1. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіммен орналастыру кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін уақытша әкелу (рұқсат беру) рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыстағы кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мөлшермелері қолданылады.

      Егер кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін мүше мемлекеттің валютасына шетел валютасын қайта есептеу талап етілген жағдайда, мұндай есептеу осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген күні қолданыста болатын валюта курсы бойынша жүргізіледі.

      2. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіммен орналастыру кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар осындай тауарларды осы Кодекстің 136-бабына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіммен орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың және декларант ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіммен орналастырылатын және (немесе) кеден органы осы декларанттан өндіріп алған тауарларды кедендік әкелу баждарын салықтарды ішінара төлеу кезінде төленген кедендік әкелу баждар, салықтар сомаларының айырмасы мөлшерінде төленуге жатады.

      3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төленген (өндіріп алынған) кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомаларынан, егер көрсетілген сомаларға қатысты тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) ұсынылған болса пайыздар төлеуге тиіс. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 60-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.

      Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты төленетін (өндіріп алынатын) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары сомаларынан, егер көрсетілген сомаларға қатысты тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу міндет тоқтатылған күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) ұсынылған болса пайыздар төленуге тиіс. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 60-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.

      Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғанға дейінгі кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомаларынан осы тармақтың бірінші абзацында көзделген пайыздар есептелмейді және төленбейді.

      Егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 224-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда осы тармақта көзделген пайыздар кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде есептелмейді және төленбейді.

      Уақытша әкелінетін тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты Комиссия осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көзделген пайыздар есептелмейтін және төленбейтін жағдайларды айқындауға құқылы.

      4. Егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде не осы Кодекстің 224-бабының 5-тармағына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғаннан кейін уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен уақытша әкелінген тауарлар декларанты орналастырған жағдайда осы баптың ережелері қолданылады.

      Осы баптың ережелері, егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкелінген тауарларды кедендік қойманың кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталғанда да қолданылады.

30-тарау

Уақытша әкету кедендік рәсімі

227-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімінің мазмұны және қолданылуы

      1. Уақытша әкету кедендік рәсімі - Одақтың тауарларға қатысты қолданылатын, оған сәйкес мұндай тауарлар олардың уақытша болуы және тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды мұндай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттарын сақтаған кезде кедендік әкету баждары төленбестен оларды шегінен тыс жерлерде пайдалану үшін Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін кедендік рәсім.

      2. Уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар (бұдан әрі осы тарауда - уақытша әкетілген тауарлар) Одақтың тауарлары мәртебесін жоғалтады.

      3. Уақытша әкету кедендік рәсімін Одақтың кедендік аумағынан әкетілген:

      1) осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін уақытша әкету кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға;

      2) осы Кодекстің 303-бабы 5-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген Одақтың тауарларына қатысты қолдануға жол беріледі.

      4. Уақытша әкету кедендік рәсімі мынадай тауарларға:

      1) оларды жарнама және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме жәдігерлері не өнеркәсіптік үлгілер ретінде санаулы даналарда Одақтың кедендік аумағынан әкеткен жағдайларды қоспағанда, тамақ өнімдеріне, алкогольді қоса, сусындарға, темекі және темекі өнімдеріне, шикізатқа және жартылай фабрикаттарға жұмсалатын материалдар мен үлгілерге;

      2) қалдықтарға, оның ішінде өнеркәсіптік қалдықтарға қатысты қолданылмайды.

      5. Комиссия оларға қатысты оларды шетелдік тауарлармен алмастыруға жол берілетін уақытша әкетілген тауарлар санатын, сондай-ақ мұндай алмастыру жағдайларын айқындауға құқылы.

      6. Уақытша әкету кедендік рәсімін мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленетін жағдайларда құбыр көлігімен тасымалданатын табиғи газға қатысты қолдануға жол беріледі.

228-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырудың және оларды мұндай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары

      1. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      1) осы кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтату мақсатында оларды кейін кедендік рәсіммен аяқтау кезінде уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі болып табылады. Тауарларды сәйкестендіру мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес немесе осы Кодекстің 227-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалған жағдайларда уақытша әкетілген тауарларды алмастыруға жол беру талaп етілмейді.

      2) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулердің сақталуы болып табылады.

      2. Уақытша тауарлар әкетудің кедендік рәсіміне сәйкес:

      1) кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін сақтау;

      2) осы Кодекстің 230-бабында белгіленген уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулерді сақталу шарттары болып табылады.

229-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі

      1. Егер осы тармақтың екінші абзацына сәйкес өзгеше белгіленбесе, уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі шектелмейді.

      Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету мақсаттарына қарай, сондай-ақ оларға қатысты мүше мемлекеттің заңнамасында осы мемлекеттің аумағына оларды қайтару міндеттілігі белгіленсе, тауарлар үшін мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі айқындалуы мүмкін.

      2. Тауарлар уақытша әкету кедендік рәсіммен орналастыру кезінде кеден органы Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетудің мақсаттарын және мән-жайларын негізге ала отырып, декларанттың өтініші негізінде осы кедендік рәсімін қолданылу мерзімін белгілейді.

      3. Кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тұлғаның өтініші бойынша осы мерзім өткенге дейін немесе өткеннен кейін 1 айдан кешіктірмей ұзартылуы мүмкін. Кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту кезінде, ол өткеннен кейін мұндай кедендік рәсімнің қолданылуы осы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған күннен бастап қайта басталады.

      4. Егер мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы баптың 1-тармағының екінші абзацында сәйкес болса, тауарларға қатысты кеден органы белгілейтін (ұзартатын) осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі мұндай мерзімнен аспайды.

      5. Уақытша әкелінген тауарларға меншік құқығы шетелдік тұлғаға берілген жағдайда, оларға қатысты мүше мемлекеттің заңнамасында осы мемлекеттің аумағына қайтару міндеттілігі белгіленбесе, осы тауарларға қатысты уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ұзартылмайды ал көрсетілген тауарлар экспорттық кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады.

230-бап. Уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулер

      1. Уақытша әкетілген тауарлар тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерден, сондай-ақ табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйде қалуға тиіс.

      2. Күрделі жөндеуді, жаңғыртуды, техникалық қызмет көрсетуді қоспағанда, уақытша әкетілген тауарлармен олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін, жөндеуді қоса алғанда қажетті операцияларды және оларды кері импорттың кедендік рәсіммен орналастыру кезінде кеден органы тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз еткен жағдайда тауарларды қалыпты күйде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды жасауға жол беріледі.

231-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылуының аяқталуы және тоқтатылуы

      1. Осы баптың 4-тармағының 2-тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін бұл кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкетілген тауарларды кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырумен тоқтатылады.

      2. Осы баптың 4-тармағының 2-тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімін қолданылу мерзімі өткенге дейін бұл кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкетілген тауарларды сондай-ақ егер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уақытша әкетілген тауарлар Одақтың кедендік аумағына міндетті кері әкелінуіне жататын болса, уақытша әкетілген тауарларды экспорттың кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің уақытша әкету кедендік рәсімдерімен орналастырумен аяқталуы мүмкін.

      3. Уақытша әкетілген тауарлар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген, кедендік рәсімдермен бір немесе бірнеше партиямен орналастырылуы мүмкін.

      4. Кедендік рәсімнің қолданылуы:

      1) егер мұндай кедендік рәсімнің қолданысы ұзартылмаса, кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін;

      2) кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғанға дейін уақытша әкетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағын бұза отырып, күрделі жөндеу, жаңғырту бойынша операцияларды жасау фактісі анықталған кезде тоқтатылады.

      5. Одақтың кедендік аумағына әкелінген, оларға қатысты осы баптың 4-тармағының 2-тармақшасында көзделген негіздер бойынша уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарлар Одақтың кедендік аумағында болу үшін кері импорттың кедендік рәсімін қоспағанда, шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен, ал Одақтың кедендік аумағынан әкетілу үшін - экспорттың кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады.

232-бап. Уақытша әкету кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттеменің туындауы мен тоқтатылуы, оларды есептеу және төлеу мерзімі

      1. Уақытша әкету кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.

      2. Декларанттың уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеті мынадай:

      1) осы Кодекстің 231-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау;

      2) осы Кодекстің 129-бабы 3-тармағының үшінші абзацына немесе 231-бабының 5-тармағына сәйкес тауарларға арналған кедендік рәсімдермен орналастыру;

      3) уақытша әкету кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту — тауарларға арналған декларацияларды тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты;

      4) тауарларға арналған декларацияны осы Кодекстің 113-бабына сәйкес кері қайтару және (немесе) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарларды шығаруды жою - тауарларға арналған декларацияларды тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты;

      5) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарларды тәркілеу немесе мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдыру;

      6) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органының тауарларды ұстауы;

      7) уақытша сақтауға орналастыру немесе қылмыс туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша іс жүргізу барысында және егер мұндай тауарларды шығару бұрын жүргізілмесе, оларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды кедендік рәсімдердің бірімен орналастыру міндеттемелері басталған кезде декларантта тоқтатылады.

      3. Кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы Кодекстің 231-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған жағдайда орындалуға жатады. Кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімінің өткен күні болып есептеледі.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде егер уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер пайдаланылмастан экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған болса кедендік әкету баждары төленуге жатады.

      Кедендік әкету баждары тауарларды уақытша әкету кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданылатын кедендік әкету баждарының мөлшермелері негізге алына отырып есептеледі.

      5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкету баждарының сомаларынан егер аумағында тауарлар уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленсе, көрсетілген сомаларға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылған болса, пайыздар төленуге жатады. Көрсетілген пайыздар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептеледі және төленеді.

      6. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырған жағдайда, осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағының үшінші абзацына немесе 231-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік әкету баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) жөніндегі міндет орындалғаннан кейін осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомалары осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

233-бап. Уақытша әкетілген тауарларға қатысты тауарлар экспорттың кедендік рәсіммен орналастыру кезінде кедендік әкету баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері

      1. Уақытша әкетілген тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік әкету баждарын есептеу үшін, егер осы Кодекстің 53-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес мүше мемлекеттің заңнамасында өзге күн белгіленбесе, тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күніне қолданыстағы кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер кедендік әкету баждарын есептеу үшін мүше мемлекеттің валютасында шетел валютасын қайта есептеуді талап еткен жағдайда, мұндай қайта есептеу осы баптың бірінші абзацында көрсетілген күнгі қолданыста болған валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      2. Экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған (орналастырылатын) тауарларға қатысты төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкету баждарының сомаларынан, егер көрсетілген сомаларға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылған болса, аумағында тауарлар уақытша әкетудің кедендік рәсімімен орналастырылған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленсе, пайыздар төленуге жатады. Көрсетілген пайыздар мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептеледі және төленеді.

234-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған тауарларға қатысты тауарлар экспорты кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік әкету баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері

      1. Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған тауарларға қатысты тауарлар экспорты кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік әкету баждарын есептеу үшін, егер осы Кодекстің 53-бабының 1-тармағының екінші абзацына сәйкес мүше мемлекеттің заңнамасында өзге күн белгіленбесе, тауарлар уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыстағы кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер кедендік әкету баждарын есептеу үшін мүше мемлекеттің валютасында шетел валютасын қайта есептеуді талап еткен жағдайда, мұндай қайта есептеу осы баптың бірінші абзацында көрсетілген күнгі қолданыста болған валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      2. Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған тауарларға қатысты тауарлар экспорты кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкету баждарының сомаларынан, егер осы сомаларға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылған болса, егер бұл аумағында тауарлар уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленсе, пайыздар төленуге жатады. Көрсетілген пайыздар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептеледі және төленеді.

31-тарау

Кері импорт кедендік рәсімі

235-бап. Кері импорт кедендік рәсімінің мазмұны және қолданылуы

      1. Кері импорт кедендік рәсімі - шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім, оған сәйкес Одақтың кедендік аумағынан бұрын әкетілген осындай тауарлар осы кедендік рәсімге орналастыру шарттары сақталып кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей, Одақтың кедендік аумағына қайта әкелінеді.

      2. Кері импорт кедендік рәсімі, оларға қатысты:

      1) экспорт кедендік рәсімі;

      2) осы Кодекстің 184-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес осы кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтату үшін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі;

      3) осы Кодекстің 321-бабының 1-тармағына сәйкес осы кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтату үшін уақытша әкету кедендік рәсімі қолданылса, Одақтың кедендік аумағынан бұрын әкетілген тауарларға қолданылады.

      3. Кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы Одақтың кедендік аумағынан бұрын әкетілген, оларға қатысты уақытша әкету кедендік рәсімі немесе кеден аумағынан тысқары қайта өңдеудің кедендік рәсімі қолданылған тауарларды және осы Кодекстің 176-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген не олардың қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды қоспағанда, Одақ тауарларының мәртебесіне ие болады.

      4. Кері импорт кедендік рәсімін:

      1) осы Кодекстің 207-бабы 6-тармағының 2-тармақшасына сәйкес еркін кедендік аумағының кедендік рәсімін қолдануы немесе осы Кодекстің 215-бабы 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес еркін қойманың кедендік рәсімін аяқтау үшін Одақтың тауарларына;

      2) осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген тауарлардың қайта өңделуін қоспағанда, олардың өтеусіз (кепілдік) жөндеу үшін Одақтың кедендік аумағынан әкетілген кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдеріне қолдануға жол беріледі.

      5. Осы Кодекстің 201-бабы 11-тармағында және 211-бабы 9-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кері импорт кедендік рәсімін қолдануға жол берілмейді,

236-бап. Тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

      1. Тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      1) Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулардың және шектеулердің сақталуы;

      2) Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетудің мән-жайлары, егер жөндеу операциялары тауарлармен Одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жүргізілсе және кедендік және (немесе) өзге құжаттарды немесе осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсынумен расталса, осы операциялар туралы мәліметтерді кеден органына ұсыну;

      3) тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты осы баптың 2, 4 - 6-тармақтарында белгіленген өзге шарттар болып табылады.

      2. Одақтың кедендік аумағынан бұрын әкетілген тауарларды орналастыру, оларға қатысты экспорт кедендік рәсімі қолданылған, кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      1) бұл тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен оларды Одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген күннен кейінгі күннен бастап үш жыл өткенге дейін немесе осы баптың 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге де мерзім өткенге дейін орналастырылса;

      2) табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, Одақтың кедендік аумағынан әкетілген, бұл тауарлар тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі өзгеріссіз күйінде болса;

      3) Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетумен байланысты мұндай салықтар сомалары және (немесе) пайыздары төленбесе немесе қайтарылса, сондай-ақ өзге салықтар сомаларын, субсидиялар және өзге төленбеген сомалар немесе Одақтың кеден аумағынан тауарларды әкетумен байланысты өтеулер, егер мүше мемлекеттің, заңнамасымен көзделсе және мұндай заңнамада белгіленген тәртіппен және шарттармен өтеу болып табылады.

      3. Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты Комиссия осы баптың 2-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген мерзімнен асатын мерзімді белгілеуге құқылы.

      4. Уақытша әкету кедендік рәсімі қолданылған Одақтың кедендік аумағынан бұрын әкетілген тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      1) уақытша әкелу кедендік рәсімінің қолданыс мерзімі ішінде Одақтың кедендік кедендік аумағына тауарларды әкелу;

      2) табиғи тозу салдарынан өзгерістерді, сондай-ақ тасымалдаудың (тасымалдың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему салдарынан өзгерістерді, сондай-ақ тауарларды уақытша әкету кедендік рәсіміне сәйкес пайдаланған кезде жол берілетін өзгерістерді қоспағанда, тауарлар Одақтың кедендік аумағынан әкетілгенде олардың жай-күйін өзгеріссіз сақтау болып табылады.

      5. Одақтың кедендік аумағынан бұрын әкетілген тауарларды орналастыру, оларға қатысты кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылған кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      1) тауарларды кеден органы белгілеген кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолдану мерзімі ішінде Одақтың кедендік аумағына әкелу;

      2) табиғи тозу салдарынан өзгерістерді, сондай-ақ тасымалдаудың (тасымалдың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему салдарынан өзгерістерді қоспағанда, тауарлар Одақтың кедендік аумағынан әкетілгенде олардың жай-күйін өзгеріссіз сақтау болып табылады.

      6. Кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылған тауарларға қатысты тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен орналастырудың шарттары:

      1) Одақтың кедендік аумағынан олардың өтеусіз (кепілдік) жөнделуі үшін кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды әкету;

      2) қайта өңделген өнімдерді кеден органы белгілеген кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолдану мерзімі ішінде кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру болып табылады.

      7. Кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты Одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларға сәйкес осы баптың 2, 4 - 6-тармақтарында көрсетілген кедендік рәсімдердің біріне орналастырылған тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға болуы мүмкін.

237-бап. Кедендік әкету баждары сомаларын қайтару (есепке жатқызу)

      1. Егер көрсетілген тауарлар мұндай тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған күнінен кейінгі күннен бастап 6 айдан кешіктірілмей кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылса, кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған, осы Кодекстің 236-бабының 2-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкету баждарының төленген сомасының қайтарылуы (есепке жатқызылуы) жүзеге асырылады.

      2. Егер тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда тауарлардың кедендік декларациялауы осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен, не осы Кодекстің 115-бабында, 116-бабында немесе 117-бабында айқындалған ерекшеліктер жүзеге асырылса, кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған мұндай тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың аумағында мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру шартымен кедендік әкету баждарының төленген сомаларының қайтарылуы (есепке жатқызылуы) жүзеге асырылады.

32-тарау

Кері экспорт кедендік рәсімі

238-бап. Кері экспорт кедендік рәсімінің мазмұны және қолданылуы

      1. Кері экспорт кедендік рәсімі - шетелдік тауарларға және Одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім, оған сәйкес шетелдік тауарлар Одақтың кедендік аумағынан кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төленмей және (немесе) осы Кодекстің 242-бабына сәйкес осындай баждар мен салықтар сомасын қайтара (есепке жатқыза) отырып, ал Одақтың тауарлары - осы кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру шарттарын сақтаған кезде кедендік әкету баждарын төлемей Одақтың кедендік аумағынан әкетіледі.

      2. Кері экспорт кедендік рәсімі:

      1) Одақтың кедендік аумағына әкетілген және Одақтың кедендік аумағында тұрған шетелдік тауарларға, оның ішінде кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға;

      2) осы Кодекстің 173-бабы 1-тармағына сәйкес кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын (осы Кодекстің 170-бабы 3-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қайта өңдеу өнімдері және (немесе) қалдықтары) аяқтау үшін, Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялардың нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларға;

      3) Осы Кодекстің 195-бабы 3-тармағында көрсетілген қалдықтарға және (немесе) осы Кодекстің 197-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтарға;

      4) осы Кодекстің 207-бабы 5-тармағының 1-тармақшасына сәйкес еркін кедендік аумақ кедендік рәсімінің қолдануы аяқталуы үшін еркін кедендік аумақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға;

      5) осы Кодекстің 215-бабы 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес еркін қойма кеден рәсімінің қолдануы аяқталуы үшін еркін кедендік аумақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарларға;

      6) осы Кодекстің 239-бабы 2-тармағында белгіленген шарттарды сақтаған кезде оның ішінде саны, сапасы, сипаты немесе орамы бойынша Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлардың негізінде мәмілелер шарттарының орындалмау себебі бойынша Одақтың кеден аумағынан тауарлар әкетілсе, оларға қатысты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі қолданылатын Одақтың тауарларына;

      7) ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға, оларға қатысты Одақтың шеңберінде халықаралық шарттарға немесе Одаққа енуі туралы халықаралық шарттарына сәйкес осы Кодекстің 239-бабының 2-тармағында белгіленген шарттарды сақтаған кезде, оның ішінде саны, сапасы, сипаты немесе ормасы бойынша Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлардың негізінде мәмілелердің шарттары орындалмау себебі бойынша Одақтың кедендік аумағынан тауарлар әкетілсе, оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының айтарлықтай төмен ставкасы қолданылатын тауарларға қатысты пайдаланылады.

      3. Осы баптың 2-тармағының 6-тармағында көрсетілген кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде шығарылған, Одақтың тауарлары Одақтың тауалары мәртебесін жоғалтады.

      4. Одақтың кедендік аумағынан әкетілгендерге қатысты кері экспорт кедендік рәсімін:

      1) осы Кодекстің 184-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған осы Кодекстің 176-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тауарларға;

      2) Комиссия белгілейтін жағдайда арнайы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға;

      3) осы Кодекстің 276-бабы 7-тармағына сәйкес халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына;

      4) осы Кодекстің 303-бабы 5-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген шетелдік тауарларға қолдануға жол беріледі.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарлар Одақтың кедендік аумағына оларды әкелмей кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.

239-бап. Тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

      1. Осы Кодекстің 238-бабы 2-тармағының 1 - 5-тармақшаларында көрсетілген тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      1) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салуларды және шектеулерді сақтау;

      2) кеден органына кедендік және (немесе) өзге де құжаттарды ұсынумен расталатын Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу, Одақтың кедендік аумағынан әкету жағдайы туралы мәліметтерді не осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсыну болып табылады.

      2. Кері экспорт кедендік рәсімімен осы Кодекстің 238-бабы 2-тармағының 6 және 7-тармақшаларында көрсетілген тауарлардың шарттары мынадай:

      1) тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен оларды орналастыру күнінен кейінгі күннен бастап 1 жыл ішінде кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру;

      2) кеден органына кедендік және (немесе) өзге де құжаттарды не осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсынумен расталатын Одақтың кедендік аумағы арқылы тауарлар өткізілген мәміленің шарттарын орындамау, бұл тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру, бұл тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырғаннан кейін пайдалану туралы мәліметтерді ұсыну болып табылады. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілген мәміле шарттарының орындалмауын растау мақсаты үшін кеден органына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымдар беретін құжаттар ұсынылуы мүмкін;

      3) Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың әкетуіне әкеліп соққан немесе өзге жағдайларды қоспағанда, кемшіліктерді анықтау үшін қажет Одақтың кедендік аумағында тауарларды пайдаланбау және оларға жөндеу жүргізбеу;

      4) тауарларды кеден органы идентификаттау мүмкіндігі;

      5) Осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салуларды және шектеулерді сақтау болып табылады.

240-бап. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен жасалған іс-әрекеттер

      1. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған Одақтың кедендік аумағы бойынша өткізу (тасымалдау) үшін тауарлар, мыналарды:

      1) осы Кодекстің 238-бабы 2-тармағының 6-тармақшасында көрсетілген тауарларды;

      2) порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағынан әкетілетін және мұндай тауарлардың кету орны порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА тұтасатын Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орны болып табылатын орнынан әкетілетін тауарларды;

      3) Комиссия белгілеген тауарлардың өзге санаттарын қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылады.

      2. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінген тауарларды қоспағанда, тауарлар мұндай кедендік рәсімімен орналастырылған күнінен кейінгі күннен бастап 4 айдан аспайтын мерзімде Одақтың кедендік аумағынан әкетілуі тиіс.

      3. Егер шетелдік тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру күнінен кейінгі 3 жұмыс күн ішінде мұндай тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмаса немесе Одақтың кедендік аумағынан кетпесе, олар уақытша сақтауға орналастырылуы керек.

      4. Аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (өтеусіз жоғалуды) қоспағанда, кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкетпеу кезінде осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін кері экспорт кедендік рәсімінің қолдануы тоқтатылады, ал мұндай шетелдік тауарларды осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдары ұстайды.

241-бап. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

      1. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы тауарға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.

      2. Декларанттың кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеті:

      1) Осы Кодекстің 93-бабына сәйкес Комиссия айқындайтын тәртіпте кету орнындағы кеден органы растаған шетелдік тауарларды Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкету кезінде;

      2) тауарларға кері экспорт кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған кезде, оларды осы Кодекстің 129-бабы 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімімен орналастыру;

      3) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу бойынша және (немесе) оларды осы баптың 4-6-тармақтарына сәйкес келемде өндіріп алу, есептеу міндетті бойынша міндетті орындау;

      4) осы Кодекске сәйкес осындай жоюға және (немесе) өтеусіз жоғалуға дейін, осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан шетелдік тауарларды жою және (немесе) өтеусіз жоғалу фактін не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему нәтижесінде осындай тауарлардың өтеусіз жоғалу фактін тануы;

      5) кері экспорт кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту - тауарға арналған декларацияны тіркеу кезінде пайда болған кедендік әкелу баждардыы, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетіне қатысты;

      6) осы Кодекстің 113-бабына сәйкес және (немесе) тауарға арналған декларацияны кері қайтару осы Кодекстің 118-бабы 4-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылуын жою — тауарға арналған декларацияны тіркеу кезінде пайда болған кедендік әкелу баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетіне қатысты;

      7) тауарларды осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) тәркілеу немесе айналдыру;

      8) кеден органы осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес тауарларды ұстау;

      9) уақытша сақтауға орналастыру немесе қылмыс туралы хабарламаны тексеру кезінде, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша өндіріс кезінде тәркіленген және егер оларға қатысты мұндай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды кедендік рәсімдердің біріне орналастыру тоқтатылады.

      3. Осы Кодекстің 240-бабы 2-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкетпеген жағдайда, кедендік әкелу баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы өтем баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалуға жатады.

      Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған күн кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу көрсетілген жағдайлар басталған мерзімі болып саналады.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференцияларды және жеңілдіктерді қолданбастан кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған сияқты төленуге жатады.

      Кедендік әкелу баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды есептеу үшін тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күніне қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың ставкалары қолданылады.

      5. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты басталса, кедендік әкелу баждар, салықтар кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару кезінде төленбеген кедендік әкелу баждары, салықтар сомаларының мөлшерінде төленуге жатады. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар көрсетілген тауарларға қатысты төленуге жатпайды,

      6. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдеріне қатысты басталса, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы және өтем баждары кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен және ішкі тұтыну үшін кедендік рәсімімен орналастырылатын өнімдерді қайта өңдеу нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әзірлеу үшін пайдаланылған шетелдік тауарлар сияқты төленуге жататын кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомалары мөлшерінде төленуге жатады.

      Кедендік әкелу баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды есептеу үшін тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарға арналған декларацияны кеден органы тіркеу күніне, ал тауарға арналған декларацияны бергенге дейін жүргізілген кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру кезінде шығарылатын тауарларға - тауарға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеу күніне қолданыстағы кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың ставкалары қолданылады.

      Егер кедендік әкелу баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды есептеу үшін шетел валютасын мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген күнге қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      7. Осы баптың 6-тармағына сәйкес төленетін (өндірілінетін) кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар сомаларынан тауарлар егер көрсетілген сомаларға қатысты оларды төлеу кейінге шегерілсе, кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған күні бойынша тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру күнінен пайыздар төленуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 60-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.

      Егер осы Кодекстің 173-бабы 3-тармағына сәйкес кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылса, осы тармақта көзделген пайыздар кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылған кезеңі есептелмейді және төленбейді.

      8. Комиссия айқындаған тәртіпте кету орны кеден органы растаған Одақтың кедендік аумағынан шетелдік тауарлар іс жүзінде әкетілген жағдайда, немесе осы Кодекстің 129-бабы 7-тармағына сәйкес мұндай тауарларды шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылса немесе осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес мұндай тауарларды кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттемені орындағаннан кейін ұстаса және (немесе) өндірілсе (толық немесе толық емес) Осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндірілген кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес қайтарылуға жатады.

      9. Декларантта кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттер пайда болмайды.

242-бап. Кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың сомасын қайтару (есепке жатқызу)

      1. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген, осы Кодекстің 238-бабы 2-тармағының 6 және 7-тармақшаларында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ұсыну мақсаттарын және шарттарын бұза отырып және (немесе) мұндай жеңілдіктерді пайдалануына байланысты мұндай тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді бұза отырып, әрекеттерді жасаумен байланысты кедендік әкелу баждар, салықтар сомалары төленген (өндірілген) жағдайды қоспағанда, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімін пайдалануана байланысты кедендік әкелу баждары, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу (өндірілген) сомаларын қайтару (есепке жатқызу) жүзеге асырылады.

      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды қайтару (есептеу) осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

33-тарау

Бажсыз сауда кедендік рәсімі

243-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің мазмұны мен қолданылуы

      1. Бажсыз сауда кедендік рәсімі - шетелдік және Одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім, оған сәйкес ондай тауарлар бажсыз сауда дүкендерінде тұрады және жүзеге асырылады, шетелдік тауарларға кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей тауарлар осы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары сақталып, осы кедендік рәсімге сәйкес қолданылады.

      2. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) Одақтың кедендік аумағынан кететін жеке тұлғаларға;

      2) Одақтың кедендік аумағына келетін жеке тұлғаларға;

      3) бір мүше мемлекеттен басқа мүше мемлекетке кететін, сондай-ақ бір мүше мемлекетке келетін жеке тұлғаларға;

      4) Одақ аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға немесе олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық мүшелеріне, консулдық лауазымды тұлғаларға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, персоналға (қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға) халықаралық ұйымдардың мемлекеттік өкілдіктеріне, халықаралық өкілдіктер немесе олардың өкілдіктеріне;

      5) басқа да ұйымдарға немесе олардың өкілдіктеріне және олардың персоналына, егер ондай жүзеге асыру мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қарастырылса, олардың аумағында сондай ұйымдар немесе олардың өкілдіктері орналасқан жағдайда.

      3. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 2-тармағының 1 - 3-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тауарлар Одақтың кедендік шекарасында өткізілетін орындарда жұмыс істейтін жерде сатылады.

      4. Осы баптың 2-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тауарларды сату Одақтың кедендік шекарасы арқылы көліктің әуе және су түрі арқылы тауарлардың орнын ауыстыру жерлерінде, ал егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленсе, - Одақтың кедендік шекарасы арқылы көліктің өзге түрлері арқылы тауарлардың орнын ауыстыру жерлерінде жұмыс істейтін бажсыз сауда дүкендерінде жол беріледі.

      Осы баптың 2-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тауарларды сату, Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесі мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.

      5. Осы баптың 2-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тауарларды сату Одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе көлігімен тауарларды өткізу орындарында орналасқан бажсыз сауда дүкендерінде жол беріледі.

      6. Осы баптың 2-тармағы 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген бажсыз сауда дүкендерінде жол беріледі.

      7. Осы баптың 2-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген жеке тұлғаларға сатылған бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған Одақтың тауарлары Одақ тауарларының мәртебесінен айырылады.

      Осы баптың 2-тармағы 2 - 5-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарлары Одақ тауарларының мәртебесі сақталады.

      Осы баптың 2-тармағының 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға сатылған бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар Одақ тауарларының мәртебесіне ие болады.

      8. Бажсыз сауда дүкендері орналасқан мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналымға қарсы тауарлар бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылмайды.

      Бажсыз сауда кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлардың басқа да тізбесін белгілеуге құқылы.

      9. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылмаған тауарлар бажсыз сауда дүкендерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бажсыз тауарларды дүкендерде орналастыруы және қолданылуы мүмкін.

244-бап. Тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыру шарттары және оларды осы кедендік рәсім бойынша қолдану

      1. Осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыру шарты болып табылады.

      2. Осы тауарлар болатын және сатылатын бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табылады.

      3. Тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсіміне сәйкес қолдану шарттары:

      1) тауарлардың бажсыз сауда дүкенінде болуы;

      2) бажсыз сауда дүкеніндегі тауарларды Осы Кодекстің 243-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға сату;

      3) осы Кодекстің 245-бабында көзделген бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған жекелеген санаттағы шетелдік тауарларды сатудың шарттарын сақтау болып табылады.

245-бап. Бажсыз сауда дүкендерінде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған жекелеген санаттағы тауарларды өткізу шарты

      Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған алкоголь сусындары және сыра, темекі мен темекі бұйымдары сияқты тауарлар бажсыз сауда дүкендерінде осы Кодекстің 243-бабы 2-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тұлғаларға кедендік баждарды, салықтарды төлемей Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалану үшін әкелінетін тауарлар шегіндегі сандық нормаларға сәйкес өткізіледі.

246-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы және тоқтатылуы

      1. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданылуы осы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды осы Кодекстің 243-бабы 2-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тұлғаларға шетелдік тауарларды өткізуді қоспағанда, осы Кодекстің 243-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға бажсыз сауда дүкендерінде өткізу арқылы аяқталады.

      2. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды бажсыз сауда дүкендерінде осы Кодекстің 243-бабы 2-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тұлғаларға өткізу кезінде бажсыз сауда кедендік рәсімінің қызметі осы шетел тауарларын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетел тауарларын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін тауарларға арналған декларация осы тауарлар өткізілген айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей бажсыз сауда дүкенінің иесі беруге тиіс.

      Тауарларды шығарудан бас тартқан кезде, көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін тауарларға арналған декларация тауарларды шығарудан бас тартқан күннен кейінгі күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей бажсыз сауда дүкенінің иесі беруге тиіс.

      4. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданылуы:

      1) тауарларды осы Кодекспен көзделген жағдайларда шетел тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсімдерге орналастырып;

      2) осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес Одақтың кедендік аумағынан су және әуе кемелерінің борттарында әкетілетін керек-жарақтар ретінде қолдану үшін тауарларды шығарып барып аяқталуы мүмкін.

      5. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларына қатысты бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданылуы:

      1) тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру;

      2) тауарларды Одақтың кедендік аумағына бажсыз сауда дүкендерінен осындай тауарлар декларантының өтініші негізінде әкелуі аяқталуы мүмкін.

      6. Бажсыз сауда дүкенінің қызмет етуі тоқтатылған жағдайда, көрсетілген бажсыз сауда дүкенінің қызмет етуі тоқтатылған күннен кейінгі күннен бастап 3 ай ішінде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарлары - шетел тауарларына қолданылатын кедендік рәсімдерге орналастыруға, ал Одақ тауарлары - экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға немесе бажсыз сауда дүкендерінен Одақтың кедендік аумағына әкетуге жатады.

      Егер көрсетілген мерзімде аталған әрекеттер жасалынбаған жағдайда, бажсыз сауда кедендік рәсімінің қызметі тоқтатылады, ал тауарлар осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдары ұстайды.

247-бап. Бажсыз сауда кеден рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындауы мен тоқтатылуы, оларды есептеу және төлеу мерзімі

      1. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.

      2. Декларанттың бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу міндеті мынадай мән-жайлар туындаған кезінде:

      1) бұл тауарлар осы Кодекстің 243-бабы 2-тармағының 1, 2, 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға өткізілген кезінде;

      2) осы Кодекстің 243-бабы 2-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тұлғаларға өткізілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде;

      3) тауарларды осы Кодексте көрсетілген кедендік рәсімдерге орналастыру, оның ішінде осы баптың 4-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген мән-жайлар болғаннан кейін осы тауарларды кедендік рәсімімен орналастыру және (немесе) осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес су немесе әуе кемелері бортында Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде пайдалану үшін оларды шығару кезінде;

      4) бажсыз сауда кедендік рәсім қолданысы оларға қатысты тоқтатылған тауарларды осы Кодекстің 129-бабы 7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен орналастыру;

      5) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндетін орындау және (немесе) осы бабтың 5-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерді төлеу кезінде;

      6) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары осы Кодекске сәйкес жойылу немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін, осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу мерзімі келген жағдайларды қоспағанда, кедендік реттеу туралы жойылу фактісін және (немесе) аварияның салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әсерінен шетел тауарларының қайтарымсыз жоғалу немесе тауарлар не тасымал (көлікпен тасымалдау) мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи азаю нәтижесінде жойылу (қайтарымсыз жоғалу) фактісін таныту кезінде;

      7) бажсыз сауда кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту - тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндетіне қатысты;

      8) осы Кодекстің 113-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияны қайтарып алу және (немесе) осы Кодекстің 118-бабы 4-тармағына сәйкес тауардың шығарылу күшін жою - тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндетіне қатысты;

      9) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (табыс) тауарларды өндіру немесе тәркілеу;

      10) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдарымен тауарларды ұстау;

      11) қылмыс туралы хабарламаны тексеру кезінде, қылмыстық іс бойынша өндірісі немесе әкімшілік құқық бұзушылық ісін (әкімшілік процесін жүргізу) жүргізу кезінде алынған немесе тыйым салынған тауарларды және оларға қатысты қайтару бойынша шешім қабылданған жағдайда, егер ондай тауарларға алдында шығару қойылмаған болса уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастыру кезінде тоқтатылады.

      3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.

      4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) бажсыз сауда кедендік рәсіміне тауарларды қолдану шарты бұзылған жағдайда - тауарларды қолдануға белгіленген шарттарды бұзу әрекетін жасаған күні, егер осы күн белгілі болмаса — бажсыз сауда кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру күні;

      2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, шетелдік тауарларды жоғалтқан жағдайда, - тауарларды жоғалтқан күн, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарларды бажсыз сayданың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күн;

      3) егер осы Кодекстің 246-бабы 3-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзім ішінде осы Кодекстің 243-бабы 2-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тұлғалар іске асырған шетелдік тауарларға қатысты тауарға арналған декларация берілмеген жағдайда - осы Кодекстің 246-бабының 3-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзімнің соңғы күні;

      4) егер осы Кодекстің 246-бабы 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген мерзім ішінде осы Кодекстің 243-бабы 2-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тұлғалар іске асырған шетелдік тауарларға қатысты тауарға арналған декларация берілмеген жағдайда - осы Кодекстің 246-бабының 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген мерзімнің соңғы күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу мерзімі болып саналады.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, егер бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар тарифтік преферениялар және кедендік әкелу баждарын салықтарды төлеу бойынша жеңілдік қолданылмай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда төленуге жатады.

      Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеу күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемесі қолданылады.

      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төленетін (өндіріліп алынған) кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың сомасынан, егер тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыру күнінен бастап кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу мерзімі өткен күнге дейінгі мерзімге аталған сомаға кейінге қалдыру ұсынылған жағдайда пайыздар төленуге жатады. Аталған пайыздар осы Кодекстің 60-бабына сәйкес есептелінеді және төленеді.

      7. Тауарларды осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерге орналастырған және (немесе) осы Кодекстің 39-тармағына сәйкес су немесе әуе кемелерінің порттарында Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығарылатын керек-жарақтар ретінде қолдану үшін шығарылған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындалғаннан және (немесе) олар өндіріліп алынғаннан (толық немесе бөлшекпен) кейін осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріліп алынған кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар осы Кодекстің 10-тармағына және 76-бабына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

34-тарау

Жою кедендік рәсімі

248-бап. Жою кедендік рәсімінің қолданылуы және мазмұны

      1. Жою кедендік рәсімі - шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім, оған сәйкес мұндай тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей тауарларды осы кедендік рәсімімен орналастыру шартын сақтаған кезінде жойылады.

      Тауарларды жою деп тауарларды залалсыздандыру, олар ішінара немесе толық өзінің тұтыну және (немесе) өзге де қасиеттерін жоғалтатын және экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы күйіне келтіру мүмкін болмайтын күйге келтіру түсініледі.

      2. Жою кедендік рәсімі мынадай тауарларға:

      1) мәдени, археологиялық, тарихи құндылықтарға;

      2) міндеттер мен эпизоотиялардың және карантинді объектілердің таралуының жолын кесу мақсатында оларды жою талaп етілетін жағдайларды қоспағанда, мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын түрлерге жататын жануарлар мен өсімдіктер, олардың бөліктері мен дериваттарына;

      3) кепіл қатынастары тоқтағанға дейін кепіл зат ретінде кеден органдары қабылдаған тауарларға;

      4) алып қойылған тауарлар немесе тыйым салынған тауарлар, оның ішінде мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес заттай дәлелдемелер болып табылатын тауарларға қатысты қолданылмайды.

      3. Комиссия оларға қатысты жою кедендік рәсімі қолданылмайтын, осы баптың 2-тармағында көзделгеннен өзге тауарлардың тізбесін анықтауға құқылы.

      4. Кедендік жою рәсімі қолданылмайды, егер мұндай жою:

      1) қоршаған ортаға зиян келтіруі немесе адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін болса;

      2) тауарлардың әдеттегі мақсатына сәйкес оларды тұтыну жолымен жүргізілсе;

      3) мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары үшін шығыстарға әкеп соқса, тауарларды жоюға жол берілмейді.

249-бап. Тауарларды жою кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

      Тауарларды жою кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органымен берілетін, тауарларды жоюдың тәсілі мен орнын көрсетумен, оларды жою мүмкіндігі туралы қорытындының болуы;

      осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы тауарларды жою кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады.

250-бап. Жою кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері

      1. Жою кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды жою мұндай тауарларды осы жоюға қажет уақыты, тәсілі және оларды жою орнын негізге ала отырып, сондай-ақ, егер бар болған жағдайда, мүше мемлекеттердің уәкілетті органының тауарларды жою мүмкіндігі туралы қорытындысында көрсетілген мерзімдерді есепке ала отырып кеден органыда белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

      2. Тауарларды жою, жою кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты есебінен мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі

      3. Тауарларды жою нәтижесінде жиналып қалған қалдықтар, осы баптың 5-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, етелдік тауарлар мәртебесіне ие болады.

      4. Тауарларды жою нәтижесінде жиналып қалған қалдықтар, одан әрі коммерциялық пайдалануға не болмаса мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көмуге, зарарсыздандыруға, кәдеге асыруға немесе басқа тәсілмен жоюға жарамсыз болып саналған жағдайды есептемегенде, осы Кодексте белгіленген талаптар мен шарттар сақтала отырып, шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдерге орналастырылуға жатады.

      Тауарларды жиналып қалған қалдықтар, декларант таңдаған кедендік рәсімімен орналастыру кезінде сол жай-күйінде Одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар ретінде қарастылырады.

      5. Жою нәтижесінде кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын жиналып қалған қалдықтар Одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес одан әрі қарай коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған күннен бастап не болмаса көму, зарарсыздандыру, кәдеге асыру немесе басқа тәсілмен жою фактісін не болмаса осындай операцияларды жүзеге асыру үшін тауарларды беру фактісін растайтын құжаттар кеден органына ұсынылған күннен бастап жою нәтижесінде кедендік рәсімдерге орнастыруға жатпайтын жиналып қалған қалдықтар кедендік бақылаудағы тауарлар болып саналмайды.

35-тарау

Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімі

251-бап. Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімінің мазмұны мен қолдануы

      1. Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімі - тауарларды осы кедендік рәсімімен орналастыру шарттарын сақтау арқылы әкелу кедендік баждары, салықтары, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленбей бұндай тауарлар мүше мемлекеттердің меншігіне (пайдасына) өтеусіз берілетін шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім.

      2. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар Одақ тауарының мәртебесіне ие болады.

      3. Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімі мынадай:

      1) мүше мемлекеттің заңнамаларына сәйкес айналымға түсуге тыйым салынған, осы тауарларды меншігіне (пайдасына) өткізуге жоспарланған тауарлар;

      2) қолдану (тұтыну, өткізу) мерзімі өткен тауарларға қатысты қолданылмайды.

      4. Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімін пайдалану тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларымен бекітіледі.

252-бап. Тауарларды мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

      Тауарларды мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы;

      осы кедендік рәсімді қолдану нәтижесінде, тауарларды сатудан түскен құралдар есебінен төленбейтін, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының шығындарының болмауы, егер де басқасы мүше мемлекеттің заңнамаларымен бекітілмесе;

      осы Кодекстің 251-бабы 4-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларымен бекітілген талаптардың сақталуы болып табылады.

36-тарау

Арнайы кедендік рәсім

253-бап. Арнайы кедендік рәсімнің мазмұны мен қолдануы

      1. Арнайы кедендік рәсім - тауарларды осы кедендік рәсімімен орналастыру шарттарын сақтау және (немесе) осындай кедендік рәсімге сәйкес қолдану арқылы әкелу кедендік баждары, салықтары, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленбей Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін, Одақтың кедендік шекарасында орналасқан және (немесе) пайдаланылатын жекелеген шетелдік және Одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім.

      2. Арнайы кедендік рәсім тауарлардың мынадай санаттарына:

      1) Одақтың кедендік шекарасынан тысқары жерлерде орналасқан дипломатикалық өкілеттіктердің, консулдық ұйымдардың, халықаралық ұйымдардағы мүше мемлекеттердің өкілеттіктерінің қызмет етуін қамтамасыз етуге арналған, Одақтың кедендік шекарасынан әкетілетін тауарларға;

      2) құрметті консулдық лауазымды тұлғалар басқаратын, консулдық ұйымдарды ескермегенде, Одақтың кедендік шекарасында орналасқан, дипломаттық өкілеттіктер мен консулдық ұйымдар ресми түрде қолдануға арналған, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға;

      3) құрметті консулдық лауазымды тұлғалар басқаратын, Одақтың кедендік шекарасында орналасқан, консулдық ұйымдармен ресми пайдалануға арналған, консулдық ұйымдармен ұсынып отырған мемлекеттерден немесе ұсынып отырған мемлекеттің талабы бойынша алынатын, Одақтың кедендік шекарасына әкелінетін мемлекеттік елтаңбалар, жалаулар, маңдайшалар, мөрлер мен мөртаңбалар, кітаптар, ресми басылып шығарылатын материалдар, кеңсе жиһаздары, кеңселік жабдықтар және басқада ұқсас тауарларға;

      4) мүше мемлекеттердің үшінші тараппен жасалған халықаралық келісімшарттарға және мүше мемлекеттер арасында жасалған халықаралық шарттарға сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату көзделген, Одақтың кедендік шекарасында орналасқан, халықаралық ұйымдардағы мемлекеттер өкілеттіктері, халықаралық ұйымдармен немесе олардың өкілеттіктерімен ресми пайдалануға арналған, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға;

      5) осы мүше мемлекеттің халықаралық шарттарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату көзделген, мүше мемлекеттің аумағында орналасқан, басқа да ұйымдар немесе олардың өкілеттіктері ресми түрде пайдаланатын, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты қолданылады. Комиссия тауарлардың осы санатына жатпайтын тауарларды айқындауға құқылы;

      6) Одақтың кедендік шекарасында және (немесе) одан тысқары жерлерде орналасқан, мүше мемлекеттердің әскери бөлімдеріне (ұйымдарына, құрылымдарына) қойылған мақсаттарды орындау, соғысқа дайындықты қолдау үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін, Одақ тауарлары болып табылатын, қарулар, әскери техника, қару-жарақтар және басқа да материалдық құралдарға;

      7) мүше мемлекеттердің және Одаққа кірмейтін мемлекеттердің қарулы күштерінің (басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың) бірлескен (халықаралық) оқуларға, жарыстарға, сондай-ақ, шерулер және басқа да салтанатты шараларға қатысу үшін Одақтың кедендік шекарасы арқылы ететін, қарулар, әскери техника, қару-жарақтар және басқа да материалдық құралдарға;

      8) Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін, авариялық және басқа да төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға, төтенше жағдайлар кезінде аварияға ұшыраған тұлғаларға мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес таратуға мүдделі мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына, олардың құрылымдық бөлімшелеріне немесе ұйымдарына тегін таратуға арналған тауарлар, сондай-ақ алкогольдік өнімдерді (этил спиртін қоспағанда), сыра, темекі өнімдерін, бағалы металдар және бағалы тастар мен олардың өнімдерін қоспағанда, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық жағдайларын жою, медициналық эвакуацияны қоса алғанда медициналық көмек ұйымдастыру және көрсету саласында мүдделі авариялық-құтқару құрылымдарының, медициналық қызмет және ұйымдардың тіршілігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару мен басқа да жедел жұмыстарды жүргізуге қажетті тауарлар мен көлік құралдарға;

      9) мүше мемлекеттің адамдары Арктика және Антарктикада, коммерциялық емес негізде мүше мемлекеттердің мүддесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарды жүргізу үшін ұйымдастырылған мүше мемлекеттердің ғылыми-зерттеу экспедициялары қызметін қамтамасыз ету үшін Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға;

      10) допинг-бақылау мақсаттары үшін арналған Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты қолданылады. Тауарлардың осы санатына жататын тауарларды Комиссия айқындайды;

      11) коммерциялық емес негізде мүше мемлекеттердің мүддесінде спорт түрлері бойынша ұлттық және құрама командалар кандидаттарына және осындай командалардың мүшелеріне қатысты емдеу және қалыптастыру шараларын жүргізу, сондай-ақ, мүше мемлекеттер министріліктері әрекеттендірілген, спорт саласында жоғары (биік) жетістіктердегі ғылыми-зерттеу топтарының қызметін қамтамасыз ету үшін, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін шетелдік тауарларға (дәрілік препараттар (дәрі-дәрмектер), арнайы спорттық тағамдар (тағамға белсенді биологиялық қоспалар);

      12) ресми халықаралық спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе жаттығу шараларын өткізу кезінде оларға дайындық бойынша пайдалануға ғана арналған, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін (өткен), спорттық жабдықтар мен жабдықтарға қатысты қолданылады. Тауарлардың осы санатына жататын тауарларды Комиссия айқындайды;

      13) мүше мемлекеттің аумағынан тыс орналасқан, осыларға қатысты осы мүше мемлекет ерекше құзыретке ие қолдан жасалған аралдарды, қондырғыларды, құрылыстарды немесе басқа да объектілерді салуына (жасауына, құруына), қызметін (іске қосуын, қолдануын) қамтамасыз ететуге арналған шетелдік тауарларға қатысты қолданылады. Тауарлардың осы санатына жатпайтын тауарларды Комиссия айқындайды;

      14) ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану, оның ішінде ғарыш аппараттарын ұшыру бойынша қызметтерді көрсету саласында халықаралық ынтымақтастық аясында пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылады. Тауарлардың осы санатына жататын тауарларды Комиссия айқындайды;

      15) сипаттамаларын Комиссия айқындайтын ресми халықаралық көрмелерді ұйымдастыру және өткізуге арналған Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін шетелдік тауарларға қатысты қолданылады. Тауарлардың осы санатына жатпайтын тауарларды Комиссия айқындайды.

      3. Комиссия тауарлардың осы санатына жататын немесе жатпайтын тауарларды қоса алғанда, арнайы кедендік рәсім қолданылатын тауарлардың өзге де санаттарын айқындауға құқылы.

254-бап. Арнайы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары және арнайы кедендік рәсім қолданылатын тауарлар санатына қарай қолдану тәртібі

      Арнайы кедендік рәсімі қолданылатын тауарлардың санатына қарай Комиссия мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда тауарларды арнайы кедендік рәсімімен орналастыру, оның ішінде тарифтік емес реттеу шараларын, техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар қолдану шарттарын және мыналарды:

      Одақтың кедендік шекарасына әкелінетін және (немесе) Одақтың кедендік шекарасынан әкетілетін тауарлардың мәртебесін;

      арнайы кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану мерзімі және басқа да шарттарын;

      арнайы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау тәртібі;

      арнайы кедендік рәсім қолданысын тоқтату және қайта қосу жағдайлары мен тәртібін;

      кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттер, арнайы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың. арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттер пайда болған және күші жойылған жағдайларын және олардың төлеу мерзімін;

      арнайы кедендік рәсімді аяқтау мен қолданысын тоқтату үшін тауарларды орналастыруға мүмкіндік беретін кедендік рәсімдер, тауарларды осы кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу және төлеу ерекшіліктері мен олардың төлеу мерзімін қоса алғанда, арнайы кедендік рәсімді қолдану тәртібін айқындайды.

V БӨЛІМ

ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАҒЫ ТАУАРЛАРДЫ ОДАҚТЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

37-тарау

Жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу шарттары мен тәртібінің ерекшеліктері

255-бап. Анықтамалар

      Осы тараудың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      "салықтар, кедендік баждарды төлеуден босата отырып әкелу" - Комиссия айқындаған шарттарды сақтау кезінде және жағдайларда салықтар, кедендік баждар төлеуден босатыла отырып, Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу:

      "иесімен бірге жөнелтілмейтін багаж" - жеке тұлғаның Одақтың кедендік аумағына кіруі немесе оның Одақтың кедендік аумағынан кетуіне байланысты Одақтың кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізу үшін көліктік (тасымалдау) құжаттармен расталған халықаралық тасымалдау (көлік экспедициясы) шарты бойынша тасымалдаушыға берілген немесе берілетін, жеке тұлғаға тиесілі жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      "қос дәліз жүйесі" - жеке тұлғаға Одақтың кедендік шекарасы арқылы өту кезінде "жасыл" және "қызыл" дәліздер арасын дербес таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, кедендік бақылаудың оңайлатылған жүйесі;

      "иесімен бірге жөнелтілмейтін багаж" - қол жүгін қоса алғанда, жеке тұлғаның Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген іс жүзінде Одақтың кедендік аумағына кірген немесе оның Одақтың кедендік аумағынан шыққан кездегі жеке пайдалануға арналған тауарлары;

      "тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар" - Одақтың кедендік шекарасы арқылы етпеген жеке тұлғаның атына немесе жеке тұлғадан Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтпегені көліктік (тасымалдау) құжаттармен расталған халықаралық тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының (көлік экспедициясы) Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін, жеке пайдалануға арналған тауарлары.

256-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің шарттары мен тәртібі туралы жалпы ережелер

      1. Осы тарау жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу шарттары мен тәртібін, орналасқан орны және Одақтың кедендік аумағында немесе одан тысқары жерлерде оларды пайдалану ерекшеліктерін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік транзитке кедендік рәсімдерді қолдану ерекшеліктерін, жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару және кедендік декларациялау, уақытша сақтауға байланысты кедендік операциялар жасау тәртібінің ерекшеліктерін. сондай-ақ осындай тауарларға қатысты кедендік төлемдерді қолдану және жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын анықтау тәртібін айқындайды.

      2. Осы тараудың ережесі жеке тұлға Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін қолма-қол ақша қаражаттары мен ақшалай құралдарға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 33-тармағына сәйкес Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында орналасқан бажсыз сауда дүкендерінде, Одақтың кедендік аумағына келген жеке тұлға сатып алған тауарларға қатысты қолданылады.

      3. Жеке пайдалануға арналған тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы мынадай тәсілдермен:

      1) Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаны өткізетін кезде иесімен бірге алып жүрілетін немесе иесімен бірге алып жүрілмейтін багажда;

      2) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде;

      3) Одақтың кедендік шекарасынан кесіп өтпеген жеке тұлғаның атына не Одақтың кедендік шекарасынан кесіп өтпеген жеке тұлға тасымалдаушы арқылы өткізеді.

      4. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызуды кеден органдары мынадай:

      1) тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы жеке тұлғаның ауызша немесе жолаушыға арналған кедендік декларацияны пайдалана отырып жазбаша нысанда жазған өтініш;

      2) тауарлардың сипаты және саны;

      3) Одақтың кедендік шекарасын жеке тұлғаның кесіп өту жиілігі және (немесе) осы жеке тұлғаның немесе оның атына Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу жиілігіне қарай жүзеге асырады.

      5. Осы баптың 4-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген сандық сипаттағы өлшемшарттарды және (немесе) Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың қосымша өлшемшарттарын Комиссия айқындайды.

      6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға қарамастан, жеке пайдалануға арналған тауарларға мынадай:

      1) осы Кодекстің 263-бабы 1-тармағында көзделген, жағдайларда мәлімделген кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыру үшін кедендік декларациялауды жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қатысты тауарлар;

      2) Комиссия айқындаған тауарлардың санаттары жатпайды.

      7. Осы тарауға сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылмайтын, жеке тұлғаның Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларына қатысты осы тараудың ережелері қолданылмайды. Осындай тауарлар осы Кодекстің өзге де тарауларында белгіленген шарттарда және тәртіпте Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуге жатады.

      8. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан бажсыз сауда дүкендеріндегі, Одақтың кедендік аумағына келген жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, осы тараудың қолдану мақсаттары үшін Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өзімен бірге Одақтың кедендік аумағына әкелінетін багажындағы жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде қаралады.

      9. Шектеу және тиым салуларды белгілейтін Одақтың құқығына кіретін актілердің негізінде Комиссия шектеу және тиым салу салуларды сақтауға тиіс, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетіндерге қатысты, жеке пайдалануға арналған тауарлардың жиынтық тізбесін қалыптастырады және Ғаламтор желісіндегі Одақтың ресми сайтында оны орналастыруды қамтамасыз етеді.

257-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасынан өткізу кезінде қос дәліз жүйесін қолдану

      1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында қос дәліз жүйесі қолданылуы мүмкін.

      "Жасыл" дәліз Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында арнайы белгіленген кедендік декларациялауға жатпайтын, иесімен бірге жөнелтілетін багаждағы жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге арналған орын болып табылады.

      "Қызыл" дәліз Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында арнайы белгіленген кедендік декларациялауға жататын, иесімен бірге жөнелтілетін багаждағы жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ жеке тұлғаның қалауы бойынша кедендік декларациялау жүзеге асырылатын тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге арналған орын болып табылады.

      2. Қос дәлізді жүйені қолдану жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау (жасамау) үшін тиісті дәлізді ("қызыл" немесе "жасыл") Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғаның өзінін қалауын көздейді.

      3. "Жасыл" дәліздің кіру (келу) сызығынан өткен жеке тұлға кедендік декларациялауға жататын, тауарлары жоқтығы туралы өтініші бар жеке тұлға болып табылады.

      4. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарындағы қос дәліз жүйесіне жағдай жасау талаптарын Комиссия айқындайды.

      5. Қос дәліз жүйесі қолданылатын Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесі, сондай-ақ осындай тізбені қалыптастыру тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес анықталады.

      6. Қос дәліз жүйесі Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында ұйымдастырылған ресми тұлғалар мен делегациялар залдарында қолданылмайды.

      7. Кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын "жасыл" дәлізде қолданбау ол жеке тұлғаның мүше мемлекеттердің заңнамасында және (немесе) кедендік реттеу саласындағы актілерді және халықаралық шарттарды сақтау міндетінен босатылады дегенді білдірмейді.

      8. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында туындаған жедел жағдайлар ескеріле отырып, кеден органының шешімі бойынша айрықша жағдайларда қос дәліз жүйесі уақытша қолданылмауы мүмкін.

      9. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарындағы қос дәліз жүйесін қолданбау, осы тарауға сәйкес кедендік декларациялауға жатпайтын тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыруға жеке тұлғаны міндеттеуге әкеліп соқпайды, сондай-ақ кедендік декларациялауға жататын тауарларды декларациялау қажеттілігінен жеке тұлғаны босатпайды.

258-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жасалатын кедендік операциялар

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында не аумағында мұндай тауарлардың декларанты бола алатын жеке тұлға тұрақты немесе уақытша туратын не уақытша келген мүше мемлекеттің кеден органындағы өткізу тәсілдеріне қарай жасалады.

      Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар темір жол көлігімен оларды тасымалдаған кезде мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларына сәйкес белгіленген жағдайларда жолаушылар поездарының жол жүру кезінде жасалуы мүмкін.

      2. Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе және су кемелерін қоспағанда, көлік құралдарымен өткізу кезінде кеден органдары бұл адамдарға кедендік реттеу саласындағы актілерді және халықаралық шарттарды сақтау үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, осындай көлік құралдарын қалдырып кетпей, кедендік операцияларды жасауға мүмкіндіктер береді.

      3. Кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осындай тауарларды кедендік рәсіммен орналастырмай, осы тарауда көзделген шарттар мен тәртіпте осы Кодекстің 262-бабы 5-тармағында көзделген оқиғалар туындаған кезде осындай жеке пайдалануға арналған тауарлар шығарылған деп есептелетін жағдайларды қоспағанда, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, оларды Одақтың кедендік аумағында орналастырылуы және пайдаланылуы немесе одан тысқары жерлерде кеден органдары шығаруы тиіс.

      4. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, тасымалдаушы жеткізген немесе иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге жөнелтілмейтін багаждағы кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жеке тұлғалар оларды Одақтың кедендік аумағына әкелгеннен кейін немесе Одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін осы Кодекске сәйкес осындай жеке пайдалануға арналған мұндай тауарларға декларант бола алады, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру үшін уақытша әкету немесе еркін айналымға шығару үшін оларды кедендік декларациялауға байланысты уақытша әкелу, әкету кедендік операциялары жасалуы тиіс, егер осы Кодекстің 263-бабына сәйкес келсе жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.

      Кедендік транзиттің кедендік рәсім қолданысы аяқталғаннан кейін, осы Кодекске сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға декларант бола алатын жеке тұлғалар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты, оларды еркін айналымға шығару үшін кедендік декларациялауға байланысты уақытша әкелу, әкетудің кедендік операциялары жасалуы тиіс.

      Кедендік декларациялауға байланысты операциялар жасалғанға дейін немесе жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден органдары шығарудан бас тартқанда, ал Одақтың кедендік шекарасының өткізу орындарындағы жеке пайдалануға арналған тауарлар, егер осындай тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелгеннен кейін келген орнынан әкетпесе немесе Одақтың кедендік аумағына әкетілген орнына қайта әкелсе, сол сияқты Одақтың кедендік аумағынан әкетсе, жеке пайдалануға арналған тауарлар уақытша сақтауға орналастыруы мүмкін.

      Осы пункттің бірінші және екінші абзацтарында көрсетілген кедендік операцияларды, сол сияқты осы Кодекстің 260-бабының 11-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда өзге тұлғалар жасайды.

      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасамау және шығару шарттарын сақтамау себептері бойынша кеден органдары шығару мүмкін болмаған жағдайда, осындай тауарларды осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдары кідіртеді.

      6. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға не Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген (бұдан әрі осы тарауда - уақытша әкелінген) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау тәртібін, осындай тауарларды шығару және оларды кедендік бақылаудағы емес деп тану фактілерін көрсетуді Комиссия және Комиссия реттемеген бөлігінде немесе Комиссия көздеген жағдайларда мүше мемлекеттердің заңнамаларында айқындалады.

      Халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар осы Кодекстің 40-тарауында, ал осы Кодекстің 40-тарауында реттелмеген бөлігінде - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жасалады,

      7. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізгенде кедендік декларациялаусыз жеке тұлғалар жүзеге асырады, кедендік органдардың лауазымды тұлғалары осындай тауарларды ұсынған жеке тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғаның өтінішіндегі мәліметтердің дұрыстығын растайтын ондағы бар құжаттарды ұсынуды, оның ішінде ауызша сауалнама нәтижелері бойынша талaп етуге құқылы.

      8. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау орындарында қос дәліз жүйесі қолданылмайтын кедендік операциялар жүру жолағындағы басталу және аяқталу сызығымен белгіленеді.

      Егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның кедендік декларацияны ұсынбай кедендік операциялардың аяқталу сызығын өтуі жеке тұлғаның кедендік декларациялауға жататын тауарлардың жоқтығы туралы өтініші болып табылады.

      Егер жеке тұлға көлік құралымен келген және егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларына сәйкес көлік құралын тастап кетпей жеке пайдалануға арналған өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау мүмкіндіктері берілген жағдайда, жеке тұлғаның кедендік декларациялауға жататын тауарлардың жоқтығы туралы өтініші, кеден органдарының лауазымды тұлғаларының ауызша сауалнама нәтижесі бойынша жолаушыларға арналған кедендік декларация ұсынбауы болып табылады.

      9. Комиссия осындай тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау үшін әкету (әкелу орны) орнын техникалық жарақтандыру және жабдықтау талаптарын әкелу орнындағы аралық қонған Одақтың кедендік аумағындағы межелі орынға Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлердегі жөнелту орнынан немесе Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлердегі межелі орынға Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлердегі жөнелту орнынан әуе тасымалдаушылар алып жүретін багаж да тасымалдауға қабылданған жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу және кедендік операциялар жасау, сондай-ақ осындай ерекшеліктеріне кедендік бақылау жүргізу және кедендік операциялар жасау үшін қажетті кеден органдарының, әуе тасымалдаушыларының және жеке тұлғалардың өзара іс-қимыл жасау шарттарының ерекшеліктерін айқындауға құқылы.

259-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтау

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтау осы бапты ескере отырып, осы Кодекстің 16-тарауында белгіленген шарттарда және тәртіпте жүзеге асырылады.

      2. Осыған мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы босқын мәртебесін алуға мүше мемлекеттерге тұрғылықты тұрғын мекен-жайға қоныс аударуға ниеті бар шет елдік жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларын уақытша сақтау, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларында белгіленген өзге де орындарда және (немесе) осындай адамның уақытша немесе тұрақты (келген) тұратын орындарында жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларында осы баптың 2-тармағында көрсетілген шет елдік жеке тұлғаның міндеттері, олардың, жеке пайдалануға арналған тауарларының уақытша сақтауға орналасқан орындарын растауы, сондай-ақ осындай растау тәртіптері белгіленуі мүмкін.

      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік жеке тұлға жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін мұндай тұлға, онда Комиссия айқындайтын мәліметтерді көрсетіп, мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса, еркін нысанда кеден органына өтініш, сондай-ақ шетелдік жеке тұлғаның мүше мемлекетке тұрақты қоныс аудару, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алу ниетін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Комиссия Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтына шетелдік жеке тұлғаның мүше мемлекетке тұрақты қоныс аудару ниетін, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алуын растайтын құжаттар тізбесін жасайды және орналастыруды қамтамасыз етеді.

      5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарлары кеден органдары осындай тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға ұсынылған өтінішін тіркеген күнінен кейінгі күннен бастап есептелетін мерзімге:

      1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімнің өту күніне дейін, егер осы мерзімнің өтуіне дейін шетелдік жеке тұлға осы баптың 4-тармағының бірінші абзацында көрсетілген арызды тіркеуші кеден органын осындай тұлғаның мүше мемлекетке тұрақты қоныс аударуға ниеті барлығын не осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алуын растайтын құжаттарды алуға бағытталған әрекеттер жасағандығы туралы хабарландырмаса;

      2) шетелдік жеке тұлғаның мүше мемлекетке тұрақты қоныс аударуға ниеті барлығы не осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алуын растайтын құжаттарды алғаннан кейінгі 5 жұмыс күні өткен күнге дейін;

      3) осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген құжаттарды беруде бас тарту алған күнінен кейінгі 10 жұмыс күні өткенге дейін уақытша сақтауға орналастырылады.

      6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік жеке тұлға осы баптың 4-тармағының бірінші абзацында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күннен кейінгі 2 ай өткенге дейін осы баптың 4-тармағының бірінші абзацында көрсетілген өтінішті тіркеген кеден органын осындай тұлғаның мүше мемлекетке тұрақты қоныс аударуға ниетін растайтын не мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген құжатты мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алуға бағытталған әрекеттер жасағаны туралы хабардар етуге міндетті.

      7. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтау мерзімінің өтуіне дейін уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалану тауарларын оларды еркін айналымға шығару үшін, Одақтың кедендік аумағынан әкету үшін немесе осы Кодексте белгіленген кедендік рәсімдерге орналастыру үшін кедендік декларациялауды жүзеге асыруы тиіс. Кедендік декларациялау жүргізілмеген жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтау мерзімінің өтуіне орай осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдары кідіртеді.

      8. Уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығарғанға дейін, осындай жеке пайдалануға арналған тауарлар осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік жеке тұлғаның іс жүзінде иелігінде болуы тиіс және осы тармақтың екінші абзацына сәйкес оларды беруді қоспағанда, өзге тұлғаларға иелік етуге, пайдалануға және (немесе) билік етуге берілмеуі тиіс.

      Уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден органының рұқсатынсыз жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және де жеке пайдалануға арналған тауарларды қалыпты жағдайда ұстау үшін қажетті басқа операциялар жасауға жол беріледі.

      9. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік жеке тұлғаның уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған тауарларды осы тармақтың екінші абзацын ескере отырып, сонымен бірге оларды уақытша сақтау орнынан тысқары жерлерде пайдалануға құқығы бар.

      Уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып саналатын авто- және мотокөлік құралдарын не (немесе) авто- және мотокөлік құралдарының тіркемелерін пайдалануға осы Кодекстің 271-бабына сәйкес кедендік баж, салықтарды төлеу міндеттерін орындауды қамтамасыз еткенде ғана кеден органының жазбаша рұқсатымен жол беріледі.

260-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау

      1. Мыналар:

      1) Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін иесімен бірге жөнелтілмейтін багаждағы жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар немесе тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      2) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулер қоюға жататын, осындай тыйым салулар мен шектеулер сақталғанын растайтын құжаттарды не (немесе) мәліметтерді ұсыну талап етілетін Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      3) кедендік баждар, салықтар төлеуге қатысты Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін иесімен бірге жөнелтілетін багаждағы жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      4) иесімен бірге жөнелтілетін багажда кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып, әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      5) мүше мемлекеттерде тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, кез келген әдіспен Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;

      6) осы Кодекстің 264-бабының 5, 7 және 12-тармақтарында көзделген жағдайларда Одақтың кедендік аумағындағы уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;

      7) кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларациясын ұсынған күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша 10 мың АҚШ долларына балама сомадан асатын қолма қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін Одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезіндегі қолма қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері;

      8) жол чектерін қоспағанда, ақша құралдары;

      9) осы Кодекстің 7-тармағына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтауға қатысты мәдени құндылықтар;

      10) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      11) осы Кодекстің 265-бабы 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының бөлігі;

      12) осы баптың 18-тармағында көрсетілген тауарлар кедендік декларациялауға жатады.

      2. Егер осындай тұлға Одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін халықаралық әуежайдың транзиттік аймағынан кетпей, Одақтың кедендік аумағынан кететін болса, Одақтың кедендік аумағы арқылы әуе көлігі транзитімен жеке тұлға иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін осы баптың 1-тармғында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік декларациялауға жатпайды.

      3. Жеке пайдалануға арналған, соның ішінде осы Кодекстің 263-бабына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды кедендік декларациялау, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны пайдалану арқылы жүргізіледі.

      Осы баптың 9-тармағын ескере отырып, осындай кедендік декларацияны толтыру тәртібін айқындау кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтерді Комиссия белгілейді.

      Жолаушыларға арналған кедендік декларация осындай жолаушыларға арналған кедендік декларацияны берген кеден органына орыс тілінде немесе ағылшын тілінде немесе мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде толтырылады, ал кеден органының рұқсатымен - осындай кедендік декларация берілетін кеден органының лауазымды тұлғасы меңгерген басқа шет тілінде толтырылады.

      Егер жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жөнелтілетін және Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттар пайдаланылған жағдайда, онда мұндай құжаттар осындай актілерде айқындалған тілде толтырылады.

      Жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде осы Кодексте, Одақ шеңберіндегі халықаралық келісімшарттарда және (немесе) Комиссия белгілеген тәртіпте және жағдайларда, жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару үшін қажетті мәліметтер қамтылған құжаттар қолданылуы мүмкін.

      4. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау осы Кодекстің 286-бабын ескере отырып жүргізіледі.

      5. Қолма қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын кедендік декларациялау осы баптың 16 және 17-тармақтарын ескере отырып жүргізіледі.

      6. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін иесімен бірге жөнелтілетін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жеке тұлға осындай тауарларды кеден органына бір уақытта ұсына отырып, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өту кезінде жүргізеді.

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе көлігімен өткізілетін иесімен бірге жөнелтілетін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды осы тұлғаға иесімен бірге жөнелтілетін багажды берген халықаралық әуежай орналасқан мүше мемлекет аумағында жеке тұлғалар жүргізеді және тұлға осы халықаралық әуежайдың кедендік бақылау аймағынан кетеді.

      7. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жеке тұлғаның тұрақты немесе уақытша тұратын немесе осындай жеке тұлғалар уақытша келген мүше мемлекетте жеке тұлғалар жүргізеді.

      8. Тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды жіберуші немесе алушы болып табылатын жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын немесе осындай жеке тұлғалар уақытша келген мүше мемлекетте жүргізіледі.

      9. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды немесе кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды қоспағанда, оларды Одақтың кедендік аумағына әкелудің және (немесе) Одақтың кедендік аумағында болуы немесе Одақтың кедендік аумағынан әкету үшін төмендегі мақсаттардың біреуі көрсетіледі:

      1) еркін айналым;

      2) уақытша әкелу; Уақытша әкелу осы Кодекстің 264-бабында көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты ғана болуы мүмкін.

      3) әкету;

      4) уақытша әкету.

      10. Жеке тұлға кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға өз еркімен кедендік декларациялауды жүргізуге құқығы бар.

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлға өткен кезде иесімен бірге жөнелтілетін немесе иесімен бірге алып жүрілмейтін багаждарын өткізген жағдайда, осындай тұлға өзімен бірге алып жүретін багажда Одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың бағалық, мөлшерлік не (немесе) сандық нормаларын есепке алу мақсатында кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендік декларациялауды жүргізуге құқығы бар.

      11. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды декларант немесе кедендік өкіл жүргізеді, ал Комиссия анықтайтын жағдайларда - декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа тұлға жүргізеді.

      12. Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлға өткен кезде иесімен бірге жөнелтілетін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты, соның ішінде кедендік транзит кедендік рәсімімен жеке пайдалануға арналған тауарларды орналастыру үшін жолаушыларға арналған кедендік декларация Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін орында орналасқан кеден органына беріледі.

      Егер Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлға өткен кезде иесімен біpге жөнелтілетін багажда жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған болса, осындай тауарларды еркін айналымға шығару үшін немесе уақытша әкелу үшін жолаушыларға арналған кедендік декларация осы тармақтың үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеткізу орнындағы кеден органына беріледі.

      Осы Кодекстің 259-бабына сәйкес уақытша сақтауға орналастырылған жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осындай тауарларды еркін айналымға шығару үшін жолаушыларға арналған кедендік декларация осы Кодекстің 259-бабының 4-тармағының бірінші абзацында көрсетілген өтінішті тіркеген кеден органына беріледі.

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге алып жүрілмейтін багажда өткізілетін немесе тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушыларға арналған кедендік декларация мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеуге құқылы кеден органына беріледі.

      13. Егер жеке пайдалануға арналған тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған болса, жолаушыларға арналған кедендік декларация осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағына сәйкес беріледі

      14. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың декларанттары болып мүше мемлекеттердің 16 жасқа толған жеке тұлғалары немесе шетелдік:

      1) Одақтың кедендік шекарасынан өткен кезде Одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы бар;

      2) Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлға өткен кезде иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды, соның ішінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын тасымалдаушыға тапсырғандар (тапсыратындар);

      3) жеке пайдалануға арналған тауарларды жіберуші болып табылатындар, ал мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда - халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды алушылар;

      4) жеке пайдалануға арналған тауарларды, оның ішінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдары атына жеткізілетін немесе олардан жіберілетін тауарларды тасымалдаушы жеткізетін;

      5) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты меншік құқығы бар тұлғаларға кедендік декларациялау еркін айналымға шығару үшін жүргізілетін;

      6) егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, өзіне иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығы тиесілі Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін жеке пайдалануға арналған көлік құралында жүрген;

      7) сот шешімімен немесе мұрагерлік құқығы бойынша Одақтың кедендік аумағындағы кедендік бақылауға жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын иеленген;

      8) Одақтың кедендік аумағында кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік бақылаудағы жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын иеленген;

      9) Одақтың кедендік аумағынан шығару жүзеге асырылып жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралы осы Кодекстің 264-бабы 8-тармағының 2 және 3-тармақшаларына, 9-тармағына сәйкес оларға берілген;

      10) 16 жасқа толмаған жеке тұлғаларға ілесіп жүрушілер (ата-анасының бірі, осы адамның асырап алушысы, қамқоршысы не қорғаншысы, осындай тұлғалардың немесе өзге еріп жүретін тұлғалар не ілесіп жүретін тұлғалардың болмауы кезінде тасымалдаушының өкілі, - 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты ал ата-ананың, асырап алушылардың, қамқоршылардың, алып жүруінсіз кәмелетке толмаған тұлғалардың ұйымдасып шығуы (кіруі) кезінде - топ жетекшісі немесе тасымалдаушы өкілі;

      11) осы баптың 18-тармағында көрсетілген жеке тұлғалар бола алады.

      15. Одақтың кедендік аумағындағы жеке тұлғалардың атына жіберілген халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жеке пайдалануға арналған тауарларды жіберу кезінде осындай тауарлардың декларанттары осындай тауарларды жіберуші болып табылатын заңды тұлғалар бола алады.

      16. Жол чектерін қоспағанда, ақша құралдарын кедендік декларациялау кезінде жолаушылардың кедендік декларациясында номиналды құны не мүше мемлекеттің валютасындағы немесе ақша құралын алуды куәландыратын шетел валютасындағы тиісті сомасы көрсетіледі. Номиналды құны болмаған және мүше мемлекеттің валютасындағы немесе ақша құралын алу құқығын куәландыратын шетел валютасындағы соманы айқындау мүмкін болмаған жағдайда жолаушының кедендік декларациясында Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін ақша құралының саны көрсетіледі.

      17. Жеке тұлғалардың Одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік декларациялауға жататын қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын еткізген кезде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында жолаушының кедендік декларациясында мынадай:

      1) шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғаның мүше мемлекеттің аумағында болу (тұру) құқығын растайтын құжаттың деректемелері, тұрғылықты (тіркелген) жерінін немесе кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында болу орнының мекенжайы;

      2) жол чектерін қоспағанда, ақша құралдары туралы мәліметтер (ақша құралының түрі, эмитенттің атауы, шығарылған күні және (болған жағдайда) сәйкестендіру нөмірі;

      3) егер еткізілетін қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары декларанттың меншігі болып табылмаса, қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының көзі туралы, олардың иелері туралы мәліметтер, сондай-ақ осындай ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын болжамды пайдалану туралы мәліметтер;

      4) қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын тасымалдаудың бағыты және тәсілі туралы (көліктің түрі туралы) мәліметтер көрсетілуі тиіс.

      18. Одақтың кедендік шекарасы арқылы қайтыс болғандардың денесі (сүйектері) салынған табыттарды және мәйіті (күлі) салынған сауыттарды өткізу кезінде жолаушының кедендік декларациясы ретінде қайтыс болғанның денесі (сүйектері) салынған табытты немесе мәйіті (күлі) салынған сауыттарды алып жүретін адам еркін нысандағы өтінішті пайдалана алады.

      19. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін қайтыс болғандардың денесі (сүйектері) салынған табыттарды және мәйіті (күлі) салынған сауыттарды кедендік декларациялау кезінде мынадай құжаттар:

      1) мүше мемлекеттердің азаматтық хал актілерін тіркеу үшін белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерінің жазба бөлімдері беретін қайтыс болуы туралы куәлік не қайтыс болуы туралы медициналық куәлік не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, ал жерленгеніне ұзақ уақыт өтуіне байланысты осындай құжаттары жоқ болған кезде, шығарылған сүйектерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де құжаттар;

      2) қайта жерленген жағдайда, эксгумация мүмкіндігі туралы жергілікті мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының еркін нысандағы қорытындысы;

      3) бөгде заттардың жоқ екендігін көрсете отырып, қайтыс болғанның денесімен (сүйектерінен) бірге жөнелтілетін қайтыс болушының заттары мен құнды заттарының тізімдемесі қоса беріле отырып, мырыш табыттарды дәнекерлесумен жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның еркін нысандағы актісі (анықтамасы) ұсынылады.

      20. Одақтың кедендік аумағына қайтыс болғандардың мәйіті (күлі) салынған сауыттарды және денелері (сүйектері) салынған табыттарды әкелу кезінде мынадай құжаттар:

      1) жөнелтуші елдің уәкілетті мекемесі берген қайтыс болуы туралы куәлік не қайтыс болуы туралы медициналық куәлік немесе осы құжаттардың көшірмесі, ал мәйіттің жерленгеніне ұзақ уақыт өтуіне байланысты ондай құжаттар болмаған жағдайда - әкелінетін сүйекті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа құжаттар;

      2) қайтыс болғанның денесімен (сүйектерімен) бірге жөнелтілетін қайтыс болушының заттарымен құнды заттарының тізімдемесі қоса беріле отырып, бөгде заттардың жоқ екендігін көрсете отырып, мырыш табыттарды дәнекерлеумен жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның еркін нысандағы актісі (анықтамасы) ұсынылады.

261-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде құжаттарды ұсыну

      1. Жолаушыларға арналған кедендік декларациядағы мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға мыналар:

      1) тұлғаның, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның жеке басын куәландыратын құжаттар;

      2) оларға қатысты кедендік декларациялау жүзеге асыратын, жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растайтын жеке тұлғада бар құжаттар;

      3) егер тыйым салулар мен шектеулерді сақтау осындай құжаттарды ұсына отырып расталса, осы Кодекстің 7-бабына сәйкес жеке тұлғалар сақтауға тиісті тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды растайтын құжаттар;

      4) көлік (тасымалдау) құжаттары:

      5) кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып әкелу шартарының сақталуын растайтын, оның ішінде осы мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алушы шетелдік жеке тұлғаның немесе мүше мемлекеттерге тұрғылықты тұруға қоныс аударушы шетелдік жеке тұлғаның құжаттары;

      6) Одақтың кедендік аумағында уақытша болатын осындай көлік құралының шығуын растайтын және Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралын әкелу кезінде рәсімделген жолаушылар кедендік декларациясы;

      7) осы Кодекстің 260-бабы 1-тармағының 1l-тармақшасына сәйкес кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған көлік құралын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәлімет қамтылған құжаттар;

      8) жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын құжаттар;

      9) Комиссия белгілеген жағдайларда қолма қол ақша қаражаттары мен (немесе) ақша құралдарының шығу тегін растайтын құжаттар;

      10) осы Кодекстің 260-бабы 19 және 20-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

      11) осы Кодекстің 260-бабының 11-тармағына сәйкес Комиссия белгілеген жағдайларда, декларант тапсырмасы бойынша және атынан әрекет ететін тұлғаның уәкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге құжат жатады.

      2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарда жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді растайтын мәліметтер қамтылмаған жағдайда, мұндай мәліметтер өзге құжаттармен расталуы мүмкін.

      3. Кеден органдары кедендік операцияларды жасауы кезінде жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты құжаттар тізбелерінің шет тіліндегі аудармасын талап етпейтін мәліметтерді Комиссия айқындайды.

      4. Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларды иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге алып жүрілмейтін багажда өткізу кезінде немесе тек иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда өткізу кезінде жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде Одақтың кедендік аумағына әкелінген иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда өткізу жағдайында, осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттарға қосымша осы Кодекстің 260-бабының 10-тармағына сәйкес берілген жолаушыға арналған кедендік декларацияның данасы ұсынылады.

      Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда Одақтың кедендік аумағына әкелінген жолаушылар кедендік декларациясында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден органына ұсынбаған кезде, егер жеке тұлға кері дәлелдей алмаса, Одақтың кедендік аумағына кедендік баждар, салықтар төлемей өткізілсе, жеке пайдалануға арналған тауарлар Одақтың кедендік аумағына құндық, салмақтық және (немесе) мөлшерлік нормалардан асырыла отырып әкелінген деп қарастырылады.

262-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару

      1. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетіндерді қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде оларды Одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Одақтың кедендік аумағында болуы не Одақтың кедендік аумағынан шығару мақсатында мынадай тауарлар:

      1) еркін айналымға;

      2) шығару үшін;

      3) Одақтың кедендік аумағында уақытша болуы үшін;

      4) Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде уақытша болуы үшін шығарылуға жатады.

      2. Кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға немесе әкету үшін шығаруды:

      1) осы баптың 3-тармағын ескере отырып, осы тарауға сәйкес кедендік баждар, салықтар төленген;

      2) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулер сақталған;

      3) егер осындай алымдар мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленсе және оларды төлеу мерзімі тауарларды шығарғанға дейін белгіленген болса, соның ішінде жолаушылар кедендік декларациясын тіркегенге дейін тауарларды шығаруға байланысты кеден органдары іс-қимылдар жасауы үшін кедендік алымдар төленген жағдайларда кеден органы жүргізеді.

      3. Иесімен бірге жөнелтілетін багажда Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруды кеден органы тиісті шоттарға жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты төленген кедендік баждар, салықтар сомасын есептегенге дейін жүргізеді.

      Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруды кедендік баждар, салықтарды төлегенге дейін кеден органы жүргізеді.

      4. Кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағында уақытша болуы не Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде уақытша болуы үшін шығаруды кеден органы мынадай:

      1) жеке пайдалануға арналған тауарлар осы Кодекстің 264 және 265-баптарына сәйкес уақытша әкелінуі немесе уақытша әкетілуі мүмкін;

      2) осы Кодекстің 271-бабына сәйкес кедендік баждар, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілген;

      3) осы Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулер сақталған жағдайда жүргізеді.

      5. Кедендік декларациялауға жатпайтын, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналымға шығарылған немесе "жасыл" дәлізден шығу (кіру) сызығын немесе келу немесе кету орындарында кедендік операцияларды аяқтау сызығын кесіп өту сәттен бастап әкету үшін шығарылған деп есептеледі.

      Кедендік декларациялауға жатпайтын және оларға қатысты кедендік операцияларды көлік құралын тастамай жүргізуге мүмкіндік ұсынылатын Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты келу немесе кету орындарында кедендік операцияларды жүргізуді аяқтау сәтінен бастап еркін айналымға шығарылған немесе әкелу үшін шығарылған деп есептеледі.

      6. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару осы Кодекстің 118-бабында белгіленген шарттар мен тәртіпті сақтаған кезде жүргізіледі.

      7. Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару, осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 119-бабында белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін орындарда иесімен бірге жөнелтілетін багажда Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, декларанттың жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару талаптарын сақтауы расталғаннан кейін және кедендік бақылауды жүргізгеннен кейін тез арада аяқталуы тиіс.

      8. Санитарлық-карантиндік, ветеринарлық, карантинді фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) басқа түрлеріне жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиісті түрі жүргізілгеннен кейін ғана жүргізіледі.

      9. Одақтың кедендік аумағына әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарлар төмендегі тауарлар санаттарын қоспағанда, оларды еркін айналымға шығару сәтінен бастап:

      1) осы Кодекстің 298 және 299-баптарына сәйкес әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;

      2) осы Кодекстің 266-бабының 8-тармағына сәйкес пайдалануы және (немесе) билік етуі бойынша оларға қатысты шектеу қойылған тауарлар Одақ тауарларының мәртебесін алады.

      10. Одақ тауарларының мәртебесін алған жеке пайдалануға арналған тауарлар, Одақтың кедендік аумағында пайдаланылуы және (немесе) билік етуі бойынша шектеусіз болады және пайдаланылады.

263-бап. Иесімен бірге жөнелтілетін багажда тасымалданатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімдерін қолдану ерекшеліктері

      1. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын иесімен бірге алып жүретін жүретін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған мынадай тауарлар орналастырылуы мүмкін:

      1) мүше мемлекеттерде немесе Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелмеген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;

      2) осы тармақтың 3-тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, оларды келу орнынан кеден органына дейін тасымалдау үшін жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын өңірдегі кеден органына дейін осындай тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      3) Одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, дипломатиялық өкілдік басшылары, мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық мүшелері және әкімшілік-техникалық қызметкерлері, консулдық мекеме басшылары және басқа да консулдық лауазымды тұлғалар мүше мемлекеттердің консулдық мекемелерінің консулдық қызметкерлері, Одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан халықаралық ұйымдардың жанындағы мүше мемлекеттердің өкілдік қызметкерлері, солардың бірге тұратын отбасы мүшелері не осындай тұлғалардың атынан және тапсырмасы бойынша өзге адамдармен тауарларды келу орнынан кеден органына дейін тасымалдау үшін осындай тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын тұлғалардың арызы бойынша Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      4) Одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдік қызметкерлері, консулдық мекеме жұмысшылары, халықаралық ұйымдардағы мемлекеттер өкілдіктерінің жұмысшылары (қызметкерлері, лауазымды тұлғалары), халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, Одақтың кедендік аумағында орналасқан өзге де ұйымдар мен олардың өкілдіктері солармен бірге тұратын отбасы мүшелері әкелетін тауарларды әкелу орнынан кеден органына дейін тасымалдау үшін қызмет аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктері, халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, басқа да ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің қызметкерлері, жұмысшылары (қызметкерлері, лауазымды тұлғалары) болып табылатын жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлары соның ішінде алғашқы мүліктену тауарлары;

      5) Одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдік және консулдық мекеме басшылары, дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық қызметкерлер мүшелері және консулдық мекемелердің консулдық лауазымды тұлғалары, солармен бірге тұратын отбасы мүшелері әкелетін Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар.

      2. Кедендік транзит кедендік рәсімімен жеке пайдалануға арналған тауарларды орналастыру кезінде жолаушылар кедендік декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді Комиссия белгілейді.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлардың жеткізілу орнын кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде:

      1) осындай көлік құралдары иеленушісінің тапсырмасы бойынша әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты - жеке тұлғаның - жеке пайдалануға арналған көлік құралының меншік иесінің тұрақты не уақытша тұрғылықты жері туралы мәліметтері негізінде, ал өзге де жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты - жеке пайдалануға арналған көлік құралын әкелетін жеке тұлғаның өтініші негізінде;

      2) осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты - осындай тауарлар декларанттың орны немесе болжамды тұрақты не уақытша тұратын жері туралы мәліметтері негізінде;

      3) осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты - осындай тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын тұлға мәлімдеген мәліметтері негізінде;

      4) осы баптың 1-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты - Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекет өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің қызметкерлері, жұмысшылары (қызметкерлері, лауазымды тұлғалары) болып табылатын жеке тұлғалардың орналасқан жері туралы мәліметтер негізінде;

      5) осы баптың 1-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты - кету орны туралы мәліметтер негізінде жөнелтуші кеден органы айқындайды.

      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларант ретінде әрекет ететін жеке тұлға осы Кодекстің 150-бабында тасымалдаушы үшін көзделген міндеттерді орындайды.

      5. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 271-бабын ескере отырып, осы Кодекстің 146-бабына сәйкес ұсынылады.

264-6ап. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу

      1. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген шетелдік жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына уақытша 1 жылдан аспайтын мерзімге әкелуіне рұқсат етіледі.

      Осы Кодекстің 259-бабының 2-тармағында көрсетілген Одаққа мүшесі болып табылмайтын мемлекетте және мүше мемлекеттерде тіркелмеген шетелдік жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша 1 жылдан аспайтын мерзімге әкелуге рұқсат етіледі.

      Одаққа мүшесі болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары Одақтың кедендік аумағына уақытша 1 жылдан аспайтын мерзімге әкелуіне рұқсат етіледі.

      2. Осы баптың 1 және 4-тармақтарындағы ережелер осы Кодекстің 298 және 299-баптарына сәйкес Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік баждар, салықтар төлеуден босата отырып әкелуге құқығы бар, жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінетін Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелмеген және Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелген және мемлекетте тіркелмеген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты қолданылмайды.

      Көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелу осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес расталатын көрсетілген жеке тұлғаларға келу мемлекетінде ұсынылған артықшылықтарды ұсыну мерзімінде рұқсат етіледі.

      Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелу мерзімін көрсетілген мерзімнен ұзарту жағдайында осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген осындай ұзарту кезеңіне тұлғалардың кеден органына жүгінуі бойынша ұзартылады.

      3. Осы баптың 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген, Одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері, мүше мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмысшылары, халықаралық ұйымдар жанындағы мүше мемлекеттері өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын, мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары уақытша әкелетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу осы Кодекстің 271-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда рұқсат етіледі

      4. Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелген шетелдік жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған екінші және келесі көлік құралдарын уақытша әкелу осындай тұлғалардың Одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген, бұрын уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының болуы жағдайында осы Кодекстің 271-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда рұқсат етіледі.

      Осы тармақтың қолдану мақсаттары үшін екінші және келесі жеке пайдалануға арналған көлік құралдары ретінде жеке пайдалануға арналған сол типтес жеке пайдалануға арналған көлік құралдары (авто- және мотокөлік құралдары, авто- және мотокөлік құралдарының тіркемелері, су немесе әуе кемелері) сияқты Одақтың кедендік аумағына бұрын уақытша әкелінген және Одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары түсініледі,

      5. Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары мерзімі өткенге дейін, көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары тәркіленген немесе сот шешімі бойынша мүше мемлекет меншігіне берілген не 382-бабының 6-тармағына және 16-баптың 2-тармағына сәйкес Одақ тауарларының мәртебесін алған не көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты осы Кодекстің 14-бабы 7-тармағының 8-тармақшасында көзделген жағдайлар басталған жағдайларды қоспағанда, осындай көлік құралдары Одақтың кедендік аумағында уақытша болу мерзімі ішінде осы бапқа сәйкес Одақтың кедендік аумағынан шығару, еркін айналымға шығару немесе өзге де мақсаттарда кедендік декларациялауға жатады.

      Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары мерзімі өткенге дейін декларант осы Кодексте белгіленген тәртіпте осындай көлік құралдарын кедендік рәсімдерге орналастыруға құқылы.

      Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары мерзімі өткенге дейін Одақтың кедендік аумағында уақытша бола алады, мұндай көлік құралдары осы Кодексте белгіленген тәртіпте кедендік рәсімдерге орналастырылады не осындай көлік құралдарына қатысты әкету, еркін айналымға шығару мақсатында немесе осы бапқа сәйкес өзге де мақсаттарда кедендік декларациялау жүзеге асырылады.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары алып қойылған не оларға тыйым салынған жағдайда уақытша әкелу мерзімі ішінде осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты тыйым тоқтатылады.

      Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары алып қойылған не оларға тыйым салу тоқтатылған жағдайда. осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты тыйым, осы баптың 9-тармағында көзделген Одақтың кедендік аумағына әкелінген осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын алып қою немесе оларға тыйым салу Одақтың кедендік шекарасында декларант тапсырған кезден бұзушылықтарға байланысты болған жағдайларды қоспағанда, осындай шешім заңды күшіне енген күшінен бастап жаңғыртылады.

      Осы баптың 1-тармағында немесе 2-тармағында көзделген уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты мерзімі өткенге дейін осы тармақта көзделген әрекеттер жасалмаса, осы Кодекстің бабы 2-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғанша дейін болған осындай кідірту жағдайын қоспағанда, осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес мүше мемлекеттің аумағындағы осындай көлік құралдары болатын кеден органы ұстайды.

      6. Жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Одақтың кедендік аумағындағы декларанттың іс жүзіндегі иелігінде және пайдаланылуында болуы тиіс.

      Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын декларант өзге тұлғаға, оның ішінде осындай көлік құралы меншік құқығы бойынша тиесілі тұлғаға осы бапта белгіленген жағдайлар мен шарттарда тапсыруы мүмкін.

      7. Егер осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын беруге болатын болса, осы баптың 2-тармағында көрсетілген уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын:

      1) осы Кодекстің 298 және 299-баптарына сәйкес Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелуге құқығы бар жеке тұлғаларға - осындай тапсыру жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелу мақсатында кедендік декларацияны жүргізгеннен кейін;

      2) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген тұлғаларға - осындай тапсыру жүргізілетін жеке тұлғаларға осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығару мақсатында кедендік декларацияны жүргізгеннен кейін беруге рұқсат етіледі.

      8. Кеден органының рұқсатынсыз және кедендік декларациялаусыз декларанттың мынадай:

      1) уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары - техникалық қызмет көрсету, жөндеу жүргізу және (немесе) сақтау үшін (күрделі жөндеу, түрлендіруді қоспағанда) өзге тұлғаға иелік етуіне;

      2) мүше мемлекеттің жеке тұлғасы уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралы - оның ата-анасына, балаларына, тіркелген некеде тұрған жұбайына (зайыбына);

      3) шетелдік жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралы - басқа шетелдік жеке тұлғаларға;

      4) уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған су немесе әуе кемесі - су кемесінің капитанына, әуе кемесінің командиріне, экипаж мүшелеріне осы көлік құралдарын пайдалану мақсатында басқару үшін, техникалық жабдықты аталған тұлғалардың қатысуынсыз пайдаланылуы мүмкін болмаған жағдайда:

      5) Одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне және (немесе) мүше мемлекеттердің консулдық мекемесіне, халықаралық ұйымдар жанындағы мүше мемлекеттердің өкілдіктеріне тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралы, осындай мүше мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінде және (немесе) мүше мемлекеттердің консулдық мекемесінде, халықаралық ұйымдар жанындағы мүше мемлекеттері өкілдіктерінде жұмыс істейтін жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралы - Одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан осындай мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне және (немесе) мүше мемлекеттердің консулдық мекемесіне, халықаралық ұйымдар жанындағы мүше мемлекеттері өкілдіктерінің өзге қызметкерлеріне жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын беруіне рұқсат етіледі.

      9. Кеден органының рұқсатымен және кедендік декларациялаусыз декларантқа мынадай көлік құралдарын беруге:

      1) шетелдік жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралы - мүше мемлекеттің жеке тұлғасына осы Кодекстің 271-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерін орындауды қаматамасыз еткен жағдайда;

      2) уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралы - егер осындай әкету декларанттың қайтыс болуы, ауыр науқасы немесе өзге де нақты себепке байланысты жүзеге асуы мүмкін болмаған жағдайда, Одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған көлік құралын әкету үшін өзге тұлғаға рұқсат етіледі.

      10. Осы баптың 9-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органының рұқсат беру нысанын және оны кеден органының беру тәртібін Комиссия айқындайды.

      11. Осы баптың 8 және 9-тармақтарында белгіленген жағдайларда уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралы тапсырылған жеке тұлғалар декларантты қоспағанда, осындай көлік құралын Одақтың кедендік аумағындағы өзге тұлғаларға тапсыруға құқығы жоқ.

      12. Одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралын декларант осы баптың 7 - 9-тармақтарында белгіленген жағдайларда еркін айналымға шығару мақсатында оларды кедендік декларациялау жүргізгеннен кейін береді.

      Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралын осы баптың 7 - 9-тармақтарында белгіленген жағдайлардан өзге фактілер айқындалған жағдайда, еркін айналымға шығару мақсатында оларға кедендік декларациялау жүргізгенге дейін осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес осындай аталған бұзушылықтар анықталған және осындай көлік құралдары тұрған мүше мемлекеттің аумағындағы кеден органы кідіртеді.

      13. Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын декларант осы баптың 8 және 9-тармақтарында белгіленген тұлғалардан өзге тұлғаларға тапсырған жағдайларда, декларант осы бапта белгіленген талаптарды сақтау міндеттерінен босатылмайды, сондай-ақ осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының әкелу мерзімін тоқтата тұрмайды және ұзартпайды.

265-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды жеке тұлғалардың уақытша әкетуі

      1. Одақтың тауарлары болып табылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды жеке тұлғалардың уақытша әкетуі Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде уақытша болу кезеңінде рұқсат етіледі.

      2. Егер жеке пайдалану үшін уақытша әкетілетін тауарларды идентификаттау оларды кедендік әкелу баждарын, салықтар төлемей Одақтың кедендік аумағына қайта әкелуге жағдай жасайтын болса, жеке тұлғаның өтініші бойынша кеден органы осындай тауарларды идентификаттауды жүргізеді. Жеке пайдалануға арналған тауарларды идентификаттау туралы жолаушылар кедендік декларациясында көрсетіледі, оның 1 данасы Одақтың кедендік аумағынан осындай тауарлардың уақытша әкетілуін жүзеге асыратын жеке тұлғаға беріледі.

      Осындай идентификаттаудың болмауы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған көлік құралы мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте кедендік баждарды, салықтарды төлемей расталған жағдайда, кеден органына бұл тауарлар Одақтың кедендік аумағынан оларды әкеткеннен кейін Одақтың кедендік аумағына қайта әкелуіне кедергі болмайды.

      3. Уақытша әкетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу бойынша операциялар жүргізуге осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде болған кезде қажет болғанда рұқсат етіледі.

      Осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес жеке пайдалануға арналған көлік құралына мүше мемлекеттердің тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарда есепке алға (тіркелуге) жататын оның бөлшегін ауыстыруға байланысты жөндеу жүргізу кезінде, ауыстырылған бөлшегі мұндай жеке пайдалануға арналған көлік құралын Одақтың кедендік аумағына қайта әкелу кезінде еркін айналымға шығару мақсатында кедендік декларациялауға жатады.

266-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдерді қолдану

      1. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты бірыңғай мөлшерлеме бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не осы бапта осындай жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар қолданудың өзгеше тәртібі белгіленген жағдайларды қоспағанда, жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріліп алынатын кедендік баждар, салықтар төленуге жатады.

      2. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттарына байланысты кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемесін, Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндылық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары мен әдістерін, сондай-ақ оларға қатысты жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріліп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттарын Комиссия айқындайды.

      3. Кедендік баждарды, салықтарды төлемей, жеке пайдалануға арналған тауарлар Одақтың кедендік аумағына Комиссия айқындайтын құндылық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары шегінде, ал Комиссия айқындайтын жағдайларда - осы бапта Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды қолданудың өзгеше тәртібі белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін тиісті нормалар шегінде әкелінеді.

      Кедендік баждарды, салықтарды төлемей Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құндылық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларын Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәсіліне байланысты Комиссия айқындайды. Одақтың кедендік аумағына иесімен бірге жөнелтілетін және (немесе) иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу нормалары бұрын қолданыста болған және жүру жолы мен межелі орнында қажетті жеке пайдалануға арналған тауарларға, Комиссия айқындайтын тауарларды жатқызу өлшемшарттарын есепке алмай анықталады.

      Комиссияның мүше мемлекеттердің заңнамасында Комиссия анықтағаннан да анағұрлым қатаң кедендік баждарды, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелудің құндылық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары белгіленуі мүмкін Одақтың кедендік аумағына әкелу тәсіліне байланысты болатын тауарлар санаттарын анықтауға құқығы бар.

      Кедендік баждарды, салықтарды төлемей, жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу шегінде құндылық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларын анықтау кезінде Комиссия осындай нормаларды қолдану тәртібін, оның ішінде көрсетілген нормалар шегінде әкелінетін осындай тауарларды есепке алу мақсатында Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу күнін анықтау тәртібін айқындауға құқылы.

      4. Жеке пайдалануға арналған тауарлар олардың құнына, салмағына және (немесе) санына қарамастан, Одақтың кедендік аумағынан кедендік баждарды төлемей шығарылады.

      5. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін мүше мемлекеттерде тіркелген жеке пайдалануға арналған тауарлар, Одақтың кедендік аумағынан оларды уақытша әкеткеннен кейін, табиғи тозу салдарынан өзгерген, сондай-ақ қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайларында табиғи кему салдарынан өзгергенін қоспағанда, оларды өзгермеген жағдайында сақтау және Одақтың кедендік аумағынан кедендік баждарды, салықтарды төлемей уақытша әкетілгеннен кейін қайта Одақтың кедендік аумағына осы Кодекстің 265-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген тәртіпте әкелінетінін кеден органы растаған жағдайда құнына, салмағына және (немесе) санына қарамастан әкелінеді.

      Мүше мемлекеттерде тіркелген жеке пайдалануға арналған тауарларды, жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, кеден органында Одақтың кедендік аумағына оларды Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілгеннен кейін қайта әкелінуі расталмаған кезде, осындай тауарларға осы баптың 1, 3 және 8-тармақтарында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды қолданудың тәртібі қолданылады.

      Мүше мемлекеттерде тіркелген Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілгеннен кейін Одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінеді.

      6. Тізбесі мен санын Комиссия айқындайтын бұрын қолданыста болған жеке пайдалануға арналған тауарларды шетелдік жеке тұлғалар Одақтың кедендік аумағына осындай тауарлардың құнына және (немесе) салмағына қарамастан өздері Одақтың кедендік аумағында болу кезеңінде кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелуі мүмкін.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілмеген шетелдік жеке тұлғалар өздері Одақтың кедендік аумағында болу кезеңінде әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарларға 1 және 3-тармақтарында, 7-тармақтың бірінші абзацында, сондай-ақ осы баптың 8-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібін қолданады.

      7. Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын шетелдік жеке тұлғалар және мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары кедендік баждарды, салықтарды төлемей 1 жылдан аспайтын мерзімге әкелуі мүмкін.

      Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты осы Кодекстің 264-бабы 7-тармағының 2-тармақшасында және 12-тармағында белгіленген жағдайларда осы тарауға сәйкес кедендік баждар, салықтар төленеді.

      8. Комиссия жеке пайдалануға арналған тауарлар санаттарына, Одақтың кедендік аумағына осындай тауарларды әкелетін тұлғаларға, және (немесе) Одақтың кедендік аумағына осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәсілдеріне қарамастан, Одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу жағдайлары мен шарттарын, сондай-ақ осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді анықтауға құқылы.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында Комиссия айқындаған Одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу шарттарына қосымша не анағұрлым қатаңдау шарттар және (немесе) Комиссия айқындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерден өзгеше шектеулер белгіленуі мүмкін.

      Жеке пайдалануға арналған тауарларды, соның ішінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын осы Кодекстің 298 және 299-баптарында көрсетілген тұлғалардың кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелу жағдайлары мен шарттары осы Кодекстің аталған баптарында, ал осы Кодекстің 296-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар - үшінші тараптың мүше мемлекеттерінің халықаралық шарттарында және мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарында анықталады.

      9. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік алымдар осы Кодекстің 47-бабына сәйкес қолданылады.

      10. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібі, осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің туындауы мен тоқтатылуы, сондай-ақ оларды төлеу мерзімі осы Кодекстің 22-тарауына сәйкес айқындалады.

      11. Жеке пайдалануға арналған тауарлар бірыңғай мөлшерлемелерне жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріліп алынатын кедендік баждар, салықтар бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды салу нысаны болып табылады.

      12. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін жеке пайдалануға арналған тауарлардың санатына және қолданылатын мөлшерлемелер түрлеріне байланысты оларды есептеу базасы болып жеке пайдалануға арналған тауарлар құны және (немесе) олардың табиғи сипаттағы физикалық сипаттамалары (саны, соның ішінде бөлшектеп сату үшін ұсынылатын тауар және (немесе) оны тұтынуға дейінгі тауардың бастапқы орамасын есепке ала отырып салмағы, көлемі немесе тауардың өзге де сипаттамалары) болып табылады.

      Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін тауарлардың түріне және қолданылатын мөлшерлемелер түріне байланысты жиынтық кедендік төлем құрамына кіретін кедендік баждарды есептеу базасы болып жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны және (немесе) олардың табиғи сипаттағы физикалық сипаттамалары (саны, соның ішінде бөлшектеп сату үшін ұсынылатын тауар және (немесе) оны қолдануға дейінгі тауардың бастапқы қаптамасын есепке ала отырып салмағы, көлемі немесе тауардың өзге де сипаттамалары) болып табылады. Жиынтық кедендік төлем құрамына кіретін салықтарды есептеу базасы осы Кодекстің 51-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.

      Кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто- және мотокөлік құралдарын шығару сәті мен қозғалтқышының жұмыс көлемін айқындау тәртібін Комиссия айқындайды.

      13. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды есептеу, кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларация берілген мүше мемлекеттің валютасында жүзеге асырылады.

      14. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жолаушылар кедендік декларациясы кеден органында тіркелген күніне қолданылатын мөлшерлемелер қолданылады.

      15. Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерін қолдану арқылы төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы кедендік баждарды, салықтарды есептеу базасын және кедендік баждардың, салықтардың тиісті бірыңғай мөлшерлемесін қолдану арқылы анықталады.

      16. Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын сомасы есептелген кедендік баждардың сомасы мен есептелген салықтардың сомасын қосу арқылы анықталады. Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждардың, салықтардың сомасын есептеу мынадай тәсілдермен:

      1) кедендік баждар сомасын есептеу кедендік баждарды есептеу үшін базаны және кедендік баждар мөлшерлемелерінің тиісті түрін қолдану арқылы;

      2) салықтар сомасын есептеу кеден органына жолаушының кедендік декларациясын берген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      17. Декларант немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет туындаған өзге де тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың төлеушісі болып табылады.

      18. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаты үшін шетелдік валютаны қайта есептеу тәртібі, оларды төлеу бойынша міндеттерді орындау сәті (төлем күні), кедендік баждар, салықтар сомасы мен өзге де ақша қаражатын (ақша) қайтару тәртібі осы Кодекстің 7 - 10-тарауларына сәйкес айқындалады.

      Егер халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жөнелтілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты шетелдік валютаны мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу кеден органында жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар есептелетін мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған күніне қолданатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      19. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждар, салықтар осы тармақтың екінші абзацын ескере отырып осы Кодекстің 61-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес төленуге жатады.

      Одақтың кедендік аумағына шетелдік жеке тұлғалар уақытша әкелетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндірілетін кедендік баждар, салықтар аумағында осы Кодекстің 268-бабының 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған мүше мемлекетте төленуге жатады.

      20. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндірілетін кедендік баждар, салықтар осы баптың 19-тармағына сәйкес осындай кедендік төлемдер төленуге жататын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес анықталған шотқа төленеді.

      21. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндірілетін кедендік баждар, салықтар осы тармақтың екінші абзацымен белгіленген жағдайды қоспағанда, осы баптың 19-тармағына сәйкес кедендік баждар, салықтар төленуге жататын мүше мемлекеттің валютасында төленеді.

      Тауарлардың келу орындарында бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды төлеу мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік баждар, салықтар төленуге жататын мүше мемлекеттің валютасынан өзгеше валютада жүзеге асырылуы мүмкін.

      22. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды төлеу мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қолма-қол ақшасыз тәртіпте не қолма-қол ақша қаражатында (ақшада) жүзеге асырылады.

      23. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды төлеу кезінде осы Кодекстің 46-бабының 1-тармағының 1 - 4-тармақшаларында көрсетілген кедендік баждар төленбейді.

      24. Кедендік декларациялау осы тарауға сәйкес жүгізілетін тауарларға қатысты бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды жеке тұлғалар кедендік кіріс ордері негізінде не Комиссия айқындайтын өзге де кедендік құжат негізінде төлейді.

      25. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдерді осындай тауарларды шығаруды жүргізетін кеден органы кедендік декларациялау кезінде декларант мәлімдеген мәліметтер негізінде, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша есептейді.

      Кеден органының төленуге жататын кедендік төлемдер сомасын анықтау үшін қажетті жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы толық және дәйекті мәліметтерді мәлімдеу міндеті декларантқа жүктеледі.

      26. Осы Кодекстің 268-бабының 6, 7 және 15-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды кеден органы бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждар, салықтар есебінде есептейді.

      Көрсетілген есеп нысаны, оны толтыру тәртібі мен осындай есепке өзгерістер (толықтырулар) енгізу мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

267-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарлар құны

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарлар құны жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде жолаушы кедендік декларациясы чектерде, шоттарда, биркаларда және зат белгілерде немесе жолаушы кедендік декларациясына қатысты Дүниежүзілік пошта одағының және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе актілерде көзделген құжаттар пайдаланылатын халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, осындай тауарларды сатып алу туралы өзге де құжаттарда көрсетілген құн негізінде мәлімденеді.

      Жеке пайдалануға арналған тауарлар құнын растау үшін жеке тұлға оның негізінде жеке пайдалануға арналған тауар құны мәлімделген құжаттардың тұпнұсқаларын, ал тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты - құжаттар түпнұсқаларын не олардың көшірмелерін ұсынады.

      Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар құны Дүниежүзілік пошта одағының және мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жөнелтілетін актілерде көзделген құжаттарда мәлімденеді. Бұл ретте жеке пайдалануға арналған тауарлар құны ретінде, егер Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар құнынан асатын болған жағдайда ғана, халықаралық пошта жөнелтілімдер жариялаған құндылық қарастырылады.

      Жеке пайдалануға арналған тауарлар құнына оларды тасымалдау мен сақтандыру бойынша шығындар кірмейді.

      2. Жеке тұлға жеке пайдалануға арналған тауарлар құнын растауға ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дәйектілігін дәлелдеуге құқылы.

      Жеке тұлға баламалы тауарлардың бөлшек саудамен сатуды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың прайс-парақтарын, каталогтарын, жарнамалық проспектілерін және бүктемелерін қосымша ұсынуы мүмкін.

      3. Кеден органы жеке пайдалануға арналған тауарлар құнын баламалы тауарларға арналған баға туралы оның билік етуіндегі ақпараттың негізінде мынадай:

      1) жеке тұлғада осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар құны туралы мәлімет қамтылған қажетті құжаттар болмаған;

      2) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда жеке пайдалануға арналған тауарлар құны туралы мәліметтердің болмауы және осындай тауарлармен ілесіп жүретін және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жеке пайдалануға арналған тауарлар құны туралы мәліметтер қамтылған құжаттар болмаған;

      3) жеке пайдалануға арналған тауарлар декларацияланатын жеке пайдалануға арналған тауарлар құнын растауда мәліметі жеке тұлға ұсынатын құжаттарда қамтылған жеке пайдалануға арналған тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған;

      4) егер жеке тұлға осы баптың 2-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар құнын растауға ұсынған құжаттарда қамтылған мәліметтердің дәйектілігін дәлелдемесе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлға ұсынған құжаттарда немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда дұрыс емес мәліметтер барлығын пайымдауға негізделген себептер болған;

      5) сол бойынша осындай баламалы тауарлар қалыпты (нарықтық) сауда жағдайларында сатылатын немесе ұсынылатын сатып алу елінде баламалы тауарлардың нарықтық құнының мәлімделген жеке пайдалануға арналған тауарлар құнымен сәйкессіздігі жағдайларында анықтайды.

      4. Жеке пайдалануға арналған тауарлар құны туралы ақпарат ретінде кеден органы, оның ішінде жеке тұлға ұсынған мәліметтерді есепке ала отырып, баламалы тауарлардың бөлшек сауданы жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың каталогтары мен сайттарында көрсетілген мәліметтерді пайдалана алады.

      5. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін баламалы тауар ретінде әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың сипаттамасына жақын сипаттамалары бар тауар түсініледі, яғни жеке пайдалануға арналған декларацияланатын тауармен өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық техникалық және өзге де сипаттамалары бойынша салыстырамыз.

268-бап. Халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды есептеу және төлеу мерзімдері

      1. Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қолданып кедендік декларациялауға жататын, халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінгенге) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны декларанттың кеден органдарында тіркеу сәтінен бастап туындайды.

      2. Халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қолдана отырып, кедендік декларациялауға жататын Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінгенге) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай:

      1) осы Кодекске сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды өндіру бойынша міндеттерді орындаған;

      2) кедендік баждар, салықтар төлемей немесе кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару, егер осындай тауарларға қатысты осы Кодекстің 266-бабының 8-тармағына сәйкес осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер белгіленбеген;

      3) осы баптың 7-тармағында белгіленген кедендік баждар, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, осы Кодекстің 266-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған жеке пайдалануға арналған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулердің қолданылу мерзімі өткен;

      4) Одақтың кедендік аумағында осындай көлік құралдарының уақытша болу мерзімі өткенге дейін Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын шығарған;

      5) Одақтың кедендік аумағында осындай көлік құралдарының уақытша болу мерзімі өткенге дейін Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын төмендегі шарттарды бір мезгілде сақтай отыра шығарған:

      Одақтың кедендік аумағынан осындай көлік құралдарын шығару мақсатында кедендік декларациялау осындай көлік құралдарының уақытша болу мерзімі өткенге дейін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары уақытша болу мерзімі өткен күнінен 6 айдан кешіктірмей немесе Комиссия анықтауға құқылы анағұрлым ұзақ мерзімнен кешіктірмейтін мерзімде жүзеге асырған;

      осындай көлік құралдарына қатысты осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кедендік баждар, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған;

      6) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын осы Кодекстің 264-бабының 5-тармағының екінші абзацына сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыру, осындай орналастыруға дейін осы баптың 6-тармағында белгіленген кедендік баждар, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған жағдайда;

      7) осындай жойылған немесе өтеусіз жоғалғанға дейін осы бапқа сәйкес осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтар төлеу мерзімінің басталуын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарларды авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әрекеті салдарынан не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезінде табиғи кему салдарынан жеке пайдалануға арналған тауарлардың жойылу және (немесе) өтеусіз жоғалу фактілерін мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы таныған;

      8) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар сол мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) тәркілеген немесе айналымға шығарған;

      9) жолаушының кедендік декларациясын кеден органы тіркеген кезде туындаған кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты - жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарудан кеден органы бас тартқан;

      10) осы Кодекстің 113-бабына сәйкес осындай жолаушының кедендік декларациясын кеден органы тіркеген кезде туындаған кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты жолаушының кедендік декларациясы қайтарылған;

      11) осындай кідірту туындағанға дейін кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты - осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден органы кідірткен;

      12) егер бұрын осындай тауарлар еркін айналымға шығарылмаған, - мұндай шешім қабылданғанға дейін туындаған кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған, қылмыс туралы хабарламаны тексеру, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынған немесе тыйым салынған жеке пайдалануға арналған тауарлар осы Кодекске сәйкес Одақтың кедендік аумағынан әкетілген, уақытша сақтауға орналастырылған не шығарылған;

      13) осы Кодекстің 270-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда;

      14) осы Кодекстің 270-бабының 10-тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайларда;

      15) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өндіріп алу үмітсіз деп танылған кедендік баждар, салықтар сомасына қатысты — осы Кодекстің 270-бабы 11-тармағының 4-тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмайтын;

      16) осы Кодекстің 270-бабы 11-тармағының 5-тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қабылданбайтын жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.

      3. Комиссия бір және сол жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер әртүрлі тұлғаларда әр түрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше рет, сонымен қатар бір мүше мемлекетте кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер туындаған, ал кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылатын мән-жайлар өзге мүше мемлекетте басталған жағдайларда, кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылатын мән-жайларды, сондай-ақ кеден органдарының осындай мән-жайлардың басталғанын растау жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы.

      4. Еркін айналым мақсатында декларацияланатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер (кедендік баждар, салықтар төленуге жатады) жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығарғанға дейін орындалуы тиіс.

      5. Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер осы Кодекстің 6-тармағанда көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төленуге жатады.

      6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі мынадай жағдайлар басталған кезде:

      1) осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын осы Кодекстің 264-бабы талаптарын бұза отырып, өзге тұлғаларға берген кезде - беру күні, егер бұл күн белгіленбесе, - Одақтың кедендік аумағында уақытша болу үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралының шығу күні;

      2) осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын олардың Одақтың кедендік аумағында уақытша болу мерзімі шегінде жоғалту жағдайында, авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жойылған және (немесе) өтеусіз жоғалған жағдайларды қоспағанда, - жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - Одақтың кедендік аумағында уақытша болу үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралының шығу күні;

      3) осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан шығармауға байланысты Одақтың кедендік аумағында болған жағдайда - осы Кодекстің 264-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының Одақтың кедендік аумағында уақытша болу мерзімінің өту күні боп есептеледі.

      7. Кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты, кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 266-бабының 8-тармағына сәйкес белгіленген кедендік баждар, салықтарды төлеуден босата отырып әкелу және (немесе) осындай тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер талаптарын бұзу әрекеттері жасалған жағдайда орындауға жатады.

      Көрсетілген жағдайлар болған кезде кедендік баждарды, төлемдерді төлеу мерзімі болып осындай әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару күні есептеледі.

      8. Осы Кодекстің 264-бабы 9-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Одақтың кедендік аумағынан шығару үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын берген жағдайда осындай уақытша әкелінген көлік құралы берілген тұлғаға декларантпен бірге кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі ортақ міндеттер жүктеледі.

      9. Осы Кодекстің 264-бабының талаптарын бұза отырып, уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын өзге тұлғаларға берген жағдайда, осындай тұлғада осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының декларантымен бірге кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі ортақ міндеттер болады.

      10. Егер жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығару жүргізілген болса, уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығару мақсатында кедендік декларациялау кезінде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған кезде кедендік баждар, салықтар төленуге жатады.

      Осындай көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды. салықтарды есептеу үшін Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелу мақсатында шығарылған көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына жолаушының көлік декларациясын кеден органында тіркеу күніне қолданылатын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.

      11. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушының кедендік декларациясын кеден органда тіркеген күні есептелген соған сәйкес аталған жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналым үшін шығарылған және кедендік баждар, салықтар төлеуден босатылуына байланысты төленбеген кедендік баждар, салықтар сомасы мөлшерінде төленуге жатады.

      12. Осы Кодекстің 259-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндет осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға ұсынған жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін тұрақты немесе уақытша тұру орнында кеден органы өтінішін тіркеу сәтінен бастап туындайды.

      13. Осы Кодекстің 259-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндет оның тұрақты және уақытша тұратын орындарында осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада мынадай мән-жайлар басталған:

      1) осы Кодекске сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде кедендік баждар, салықтарды төлеу бойынша және (немесе) кедендік баждар, салықтарды өндіру жөніндегі міндеттерді орындау;

      2) кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару, егер осындай жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы Кодекстің 266-бабының 8-тармағына сәйкес осындай тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер белгіленбеген;

      3) Одақтың кедендік аумағынан осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтау мерзімі өткенге дейін шығарған;

      4) осы бапқа сәйкес осындай жойылу немесе өтеусіз жоғалуға дейінгі осындай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу мерзімінің басталуын қоспағанда, мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күш салдарынан не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезінде табиғи кему салдарынан жеке пайдалануға арналған тауарлар жойылған және (немесе) өтеусіз жоғалған фактілерді кеден органы таныған;

      5) осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) тәркіленген немесе айналдырылған;

      6) тауарларды жою кедендік рәсімімен немесе мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырған;

      7) осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдарының жеке пайдалануға арналған тауарларды кідіртуі осындай кідіртуге дейінгі туындаған кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты;

      8) осы Кодекстің 270-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда;

      9) осы Кодекстің 270-бабының 10-тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайларда;

      10) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өндіріп алу үмітсіз деп танылған кедендік баждар, салықтар сомасына қатысты осы Кодекстің 270-бабы 11-тармағының 4-тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар;

      11) осы Кодекстің 270-бабы 11-тармағының 5-тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар. салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар тоқтатылады.

      14. Осы Кодекстің 259-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты уақытша сақтay кезінде кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті осы баптың 15-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.

      15. Осы баптың 14-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды. салықтарды төлеу мерзімі, мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарусыз жоғалуды не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему нәтижесінде қайтарусыз жоғалтуды қоспағанда, осындай жеке пайдалануға арналған тауарлар жоғалған жағдайда, - осындай жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбесе, - жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға ұсынылған өтінішті кеден органы тіркеген күні;

      2) осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды өзге тұлғаға берген жағдайда - осындай беру күні, ал егер бұл күн белгіленбесе, - жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға ұсынылған өтінішті кеден органы тіркеген күні есептеледі.

      16. Егер жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналымға шығарылған болса, осы баптың 15-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждар, салықтар төленуге жатады.

      Кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін осындай көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданыста болатын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.

      17. Мүше мемлекеттердің заңнамасында осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы босқын мәртебесін алушы, осы мүше мемлекетке қоныс аударуға ниеті бар шетелдік жеке тұлға өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттердің туындауының, тоқтатылуының және төлем мерзімінің басталуының өзге мән-жайлары белгіленуі мүмкін.

      18. Осы Кодекстің 103-бабының ережелері осы мүше мемлекетте тұрғылықты тұруға қоныс аударуға ниеті бар, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алушы шетелдік жеке тұлға өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.

      19. Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды дәйексіз кедендік декларациялай отырып, заңсыз өткізу кезінде кедендік баждар, салықтар осы тармақтың екінші абзацында белгіленген жағдайларды қоспағанда, есептеледі. Бұл ретте жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде нақты төленген кедендік баждар, салықтар сомасы қайтадан төленбейді, ал артығымен төленген және (немесе) өндірілген кедендік баждар, салықтар сомалары осы Кодекске сәйкес қайтаруға жатады.

      Одақтың кедендік шекарасына әкелу кезінде осы тараудың ережелеріне сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауар ретінде осындай әкелу кезінде мәлімделген жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу және еркін айналымға шығару фактілері анықталған кезде кедендік баждар, салықтар осы Кодекстің ІІ-бөліміне сәйкес есептеледі.

269-бап. Халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелінетінге (әкелінгенге) қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, есептеу және оларды төлеу мерзімдері

      1. Халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелінетінге (әкелінгенге) қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер:

      1) тағайындалған пошта байланысының операторында - халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушының кедендік декларациясын кеден органы тіркеу сәтінен бастап, ал мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жолаушының кедендік декларациясын тіркеу көзделмесе - уақытша сақтауға орналастыру сәтінен бастап;

      2) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды алушыда - тағайындалған пошта байланысынын операторы көрсетілген тұлғаға оның атына келген жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы хабарламаны жіберген сәттен бастап туындайды.

      2. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкетілетін) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер тағайындалған пошта байланысынын операторында мынадай:

      1) осы тарауға сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды өндіріп aлy жөніндегі міндеттерді орындау;

      2) кедендік баждар, салықтарды төлемей, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін не кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып әкелінетін тауарларды алушыға оларды еркін айналымға шығарғаннан кейін беру;

      3) жеке пайдалануға арналған тауарлар үшін алушы төлеген кедендік баждар, салықтар мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес анықталған шотқа аударылған;

      4) осы бапқа сәйкес осындай жоюға немесе осындай қайтарусыз жоғалтуға дейін осы тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жеке пайдалануға арналған тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарусыз жоғалу фактісін не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде осындай тауарлардың қайтарусыз жоғалту фактісін, мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы таныған;

      5) осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) жеке пайдалануға арналған тауарлар тәркіленген немесе айналдырылған;

      6) осы Кодекстің 286-бабының 14-тармағына немесе 17-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар оның жіберушісіне қайтарылған жағдайларда тоқтатылады.

      3. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндет халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды алушыларда мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      1) осы тарауға сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде кедендік баждар, салықтарды төлеу және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу жөніндегі міндеттерді орындау;

      2) егер осы Кодекстің 266-бабының 8-тармағына сәйкес мұндай тауарларға қатысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер белгіленбесе, кедендік баждар, салықтарды төлемей Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін не кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып әкелінетін тауарларды алушыға оларды еркін айналымға шығарғаннан кейін беру;

      3) осы бапқа сәйкес осындай жоюға немесе осындай қайтарусыз жоғалуға дейін осы тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жеке пайдалануға арналған тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарусыз жоғалту фактісін не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде осындай тауарлардың қайтарусыз жоғалту фактісін, мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы таныған;

      5) осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) жеке пайдалануға арналған тауарлар тәркіленген немесе айналдырылған;

      6) осы Кодекстің 286-бабының 14-тармағына немесе 17-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар оның жіберушісіне қайтарылған жағдайларда тоқтатылады.

      4. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкетілетін) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды алушыға бергенге дейін осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды алушы орындауға тиіс (кедендік баждар, салықтарды төлеуге тиіс).

      5. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкетілетін) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде пошта байланысын тағайындаған операторы орындауға тиіс.

      6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      I) авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жойылу және (немесе) қайтарусыз жоғалту не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарусыз жоғалтуды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар жоғалған жағдайда, - осындай жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - осындай жоғалтуды кеден органы анықтаған күні;

      2) кедендік баждар, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды берген жағдайда - осындай тауарларды беру күні, ал егер бұл күн белгіленбесе, - осындай беруді кеден органы анықтаған күні есептеледі.

      7. Егер жеке пайдалануға арналған тауарлары еркін айналымға шығарылған болса, осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс.

      Кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушының кедендік декларациясын кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.

270-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау және сондай кедендік баждарды, салықтарды өндіру тәртібі

      1. Егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше көзделмесе, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті кедендік баждарды, салықтарды төлеуші осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндетті немесе егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша субсидиарлық міндетті кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге көтеретін тұлғалар орындайды.

      Мүше мемлекеттің заңнамасында кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті өзге тұлғалардың орындау мүмкіндігі белгіленуі мүмкін.

      2. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер осы Кодекстің 266, 268 және 269-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімде осы Кодекске сәйкес есептелген және төлеуге жататын сомалар мөлшерінде төлеу арқылы орындалады.

      Мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке тұлғаны хабарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайда жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес орындалады.

      3. Осы Кодексте белгіленген мерзімде кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті төлеуші орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде өсімпұл төленеді.

      Осы Кодекстің 266-бабының 19-тармағына сәйкес осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс мүше мемлекетте өсімпұлды есептеу, төлеу, өндіріп алу мен қайтару жүргізіледі.

      Осы Кодекстің 268-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған тәртіпте кедендік баждар, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылған кезде мән-жайлардың басталғаны туралы растау алған жағдайда өсімпұл төлемейді.

      4. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте және мерзімдерде, кедендік баждар, салықтарды төлеушіге, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндетті немесе егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, осы баптың 6-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды, осы баптың 5-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждар, салықтар туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілген хабарламаның нысаны, онда көрсетілген талаптарды орындаудың тәртібі мен мерзімі мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      Осы Кодекстің 266-бабының 19-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар бір мүше мемлекетте төленуге тиіс, ал осы баптың 12-тармағының екінші абзацына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды басқа мүше мемлекеттің кеден органы жүргізген жағдайларда, көрсетілген хабарламаны осы Кодекске 1-қосымшада көзделген тәртіпте кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттарды алғаннан кейін, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы жолдайды.

      5. Кеден органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны мынадай:

      1) осы Кодекстің 266-бабының 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған бір кедендік кіріс ордерінде немесе басқа кедендік құжатта есептелген кедендік баждар, салықтарды төлемеу фактісі жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарғаннан кейін анықталған, осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтарды есептеу үшін валюта бағамын қолдану күніне белгіленген валюта бағамы бойынша 2 евроға барабар сомадан аспайтын мөлшерде болған;

      2) осы Кодекстің 266-бабының 26-тармағында көрсетілген кедендік баждар, салықтар бір есепте есептелген кедендік баждар, салықтарды төлемеу фактісі анықталған, осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтарды есептеу үшін валюта бағамын қолдану күніне белгіленген валюта бағамы бойынша 2 евроға барабар сомадан аспайтын мөлшерде болған жағдайларда жолдамайды.

      6. Мүше мемлекеттердің заңнамасында осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайға Қарағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарлама жолданбайтын өзге жағдайлар белгіленуі мүмкін.

      7. Осы баптың 5-тармағына көрсетілген жағдайларда жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылады.

      8. Осы баптың 4-тармағына сәйкес жолданған хабарламада көрсетілген мерзімде жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың 6-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамаларында белгіленген жағдайларда мұндай хабарлама жолданбаса, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы осы бапты ескере отырып, осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қабылдайды.

      9. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шараларға осы Кодекстің 68-бабының 2-тармағында көрсетілген шаралар жатады.

      10. Осы Кодекстің 68-бабының 2-тармағында көрсетілген шараларға қосымша мүше мемлекеттің заңнамасында кедендік баждар, салықтар төленбеген тауарларға қатысты өндіріп алу ретінде кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар және жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.

      Кедендік баждар, салықтар төленбеген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты өндіріп алу осындай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті тоқтатады.

      11. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар мынадай жағдайларда:

      1) мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген кедендік баждар, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органының жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты төленбеген кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу мерзімі өткен;

      2) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндет кедендік баждар, салықтарды төлеуге байланысты не осы Кодекстің 268-бабының 2 және 13-тармақтарында және 269-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген өзге мән-жайларға байланысты тоқтатылған;

      3) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндет осы баптың 10-тармағының екінші абзацына сәйкес белгіленген кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шараларды қолдануға байланысты тоқтатылған;

      4) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кедендік баждар, салықтар сомасын өндіріп алу мүмкін болмаған, осы сомаларды өндіріп алуды жүзеге асырған кеден органы өндіріп алуға үмітсіз деп танылған;

      5) осы Кодекске сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғаның өлімі немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның қайтыс болғаны жарияланған;

      6) өндіріп алуды жүргізетін кеден органы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге жағдайларда қолданбайды.

      12. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды осы тармақтың екінші абзацындағы ережелерді ескере отырып, осы Кодекстің 69-бабында көрсетілген кеден органдары өндіріп алады.

      Осы Кодекстің 268-бабының 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, аумағында осындай мән-жайлар анықталған мүше мемлекеттің кеден органы кедендік баждар, салықтарды өндіріп алады, егер Одақтың кедендік аумағына шетелдік жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты осындай қамсыздандыру есебінен кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамсыздандыру ұсынылатын кеден органына мүше мемлекеттің кеден органы кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді ұсынады.

      Кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету есебінен кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу кезінде кеден органдарының өзара іс-қимылы мен кедендік баждар, салықтарды төлеуге тиіс мүше мемлекетке өндіріп алынған сомаларды аудару осы Кодекстің 1-қосымшасында көзделген тәртіпте, ал көрсетілген қосымшада реттелмеген бөлігі, - Комиссия айқындаған тәртіпте жүзеге асырылады.

      13. Өндіріп алу мүмкін болмаған жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар сомалары, өсімпұлдар өндіріп алуға үмітсіз деп танылады және осындай сомаларды өндіріп алуды жүзеге асырған кеден органы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте және негіздерде есептен шығарады.

      14. Комиссия бір және сол жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер әр түрлі мән жайлар және (немесе) бірнеше рет туындаған жағдайда, кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттердің орындалу ерекшеліктерін, сондай-ақ егер осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтар түрлі мүше мемлекеттерде әртүрлі мән-жайлар бойынша төлеуге тиіс жағдайларда кеден органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы.

271-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамсыз ету

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуы, осы Кодекстің 259-бабының 9-тармағының екінші абзацында және 264-баптың 3, 4 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларда осындай тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру кезінде, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамаларында белгіленген өзге де жағдайларда қамтамсыз етіледі.

      2. Осы Кодекстің 263-бабына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 146-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мынадай:

      1) жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына мүше мемлекетке тұрақты қоныс аударған немесе осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алған шетелдік жеке тұлғалар, осындай тануды не осындай мәртебені растайтын құжаттарды ұсынуы шартымен әкелген;

      2) жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына мүше мемлекетке тұрақты қоныс аударуға, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алған шетелдік жеке тұлғалар, осындай ниетін растайтын құжаттарды ұсынуы шартымен әкелген;

      3) осы Кодекстің 263-бабы 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар Одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдік басшылары, мүше мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персонал мүшелері, консулдық мекеме басшылары және өзге консулдық лауазымды тұлғалар, мүше мемлекеттің консулдық мекемелерінің консулдық қызметкерлері, Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық ұйымдар жанындағы мүше мемлекеттердің өкілдіктері қызметкерлері, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері не осындай тұлғалардың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, әкелу шарттарын сақтауды растайтын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілетін құжаттарды ұсынған кезде әкелінеді. Комиссия көрсетілген тұлғалар кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып, әкелу шарттарын сақтауды растайтын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілген құжаттардың тізбесін Одақтың ресми сайтына Интернет желісінде орналастыруды және қалыптастыруды қамтамасыз еткен;

      4) осы Кодекстің 263-бабы 1-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдік қызметкерлері, консулдық мекеме қызметшілері, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттік өкілдіктер персоналдары (қызметкерлері, лауазымды тұлғалары), Одақтың кедендік аумағында орналасқан халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, өзге ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері, олардың осындай қызметкерлер, қызметшілер, персонал немесе олардың отбасы мүшелері болып табылатынын растаған кезде әкелінетін;

      5) осы Кодекстің 263-бабы 1-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персонал мүшелері және консулдық мекеменің консулдық лауазымды тұлғалары, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері олар осындай тұлғалар немесе олардың отбасы мүшелері болып табылатынын растаған кезде әкелінетін;

      6) жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда ұсынылмайды.

      3. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды кедендік баждар, салықтарды төлеуші қамтамасыз етеді. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік баждардың, салықтардың төлеушісі үшін кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға құқылы өзге тұлғалар анықталуы мүмкін.

      Егер жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды кедендік баждар, салықтар төлеуші болып табылмайтын тұлғалар қамтамасыз ететін болса, онда мұндай тұлға кедендік баждар, салықтарды төлеуші кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі ортақ жауапкершілікті көтереді.

      4. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 146-бабының 7-тармағында көрсетілген жардайларды, сонымен бірге осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көзделген жардайларды қоспағанда, тауарларды шығаруды жүргізетін кедендік органға ұсынылады.

      Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету осы Кодексті 259-бабының 9-тармағының екінші абзацына сәйкес уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто және мотокөлік құралдары және (немесе) авто және мотокөлік құралдарына тіркемелерді пайдалануға рұқсат беретін кеден органына ұсынылады.

      Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 264-бабының 9-тармағының 1-тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын беруге рұқсаты бар кеден органына ұсынылады.

      5. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындау осы Кодекстің 63-бабының 1-тармағында көрсетілген тәсілдермен не осы Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген және кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіпте қамтамасыз етіледі.

      Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді қоспағанда, кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің анықталған тәсілдері ұсынылатын жағдайлар белгіленуі мүмкін.

      6. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мөлшері осындай тауарларды еркін айналымға шығарған кезде төлеуге тиіс болатын кедендік баждар, салықтар сомасы ретінде анықталады.

      Жеке пайдалануға арналған тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы тармақтың бірінші абзацын ескере отырып, кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындаудың бекітілген мөлшері белгіленуі мүмкін.

      7. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде салынған ақша қаражаттарын (ақшаны) қайтару (есептеу) осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес анықталған жағдайлар мен тәртіпте жүзеге асырылады.

38-тарау

Одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу шарттары мен тәртібінің ерекшеліктері

272-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу шарттары мен тәртібі туралы жалпы ережелер

      1. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және осы Кодекстің өзге де тарауларында белгіленген тәртіпте - осы тараудың реттелмеген бөлігінде, осы тарауда белгіленген тәртіпте Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде пайдаланылады.

      2. Осы тараудың ережелері мыналарға:

      1) Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттерде шетелдік тұлғаларға тіркелген осындай аумақта және (немесе) одан тысқары жерлерде халықаралық тасымалдауды аяқтау және (немесе) бастау үшін Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына (бостарын қоса алғанда);

      2) Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде халықаралық тасымалдауды аяқтау және (немесе) бастау үшін Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілген:

      әуе кемелерін қоспағанда, осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттерде мүше мемлекеттердің тұлғаларына тіркелген және Одақ тауарлары болып табылатын не шартты түрде шығарылған тауар деп есептелетін бостарын қоса алғанда, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына;

      уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты қолданылады.

      3. Осы тарауда уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдар деп осы баптың 2-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары деп - осы баптың 2-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары түсініледі.

      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген Одақтың кедендік аумағында уақытша болуға және пайдалануға, Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетуге, Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде болуға және пайдалануға арналған халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, кедендік декларациялауға және кедендік рәсіммен орналастырмай шығаруға жатады.

      5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялауға және шығаруға қатысты кедендік операциялар Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізлетін органдарда жүргізіледі.

      6. Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкету және Одақтың кедендік аумағына уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкелу Одақтың кедендік аумағы арқылы тауарлар өткізілетін кез келген орында жүзеге асырылуы мүмкін.

      7. Осы тараудың ережелері:

      1) Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілетін және Одақтың кедендік аумағына кері әкелетін:

      балық аулау, теңіз түбі мен оның жер қойнауларының минералдық және басқа да жансыз ресурстарын барлау мен игеру, лоцмандық және мұз жарып жол ашу, іздестіру, құтқару және тіркеуге алу операциялары, теңізге батқан мүлікті көтеру, гидротехникалық, су асты техникалық, жөндеу-қалпына келтіру және өзге де осыған ұқсас жұмыстар, санитариялық, карантиндік және басқа да бақылау, теңіздің аумағын қорғау мен сақтау, теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу, оқу, спорт және мәдени мақсаттарда, сондай-ақ саудамен теңізде жүзуге байланысты өзге де мақсаттарда пайдаланылатын су кемелеріне;

      тауарлар мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау үшін пайдаланылмайтын коммерциялық емес азаматтық және мемлекеттік әуе кемелеріне, эсперименттік авиацияда пайдаланылатын (эксперименттік ұшуларды жүзеге асыратын) әуе кемелеріне;

      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жөндеу-қалпына келтіру және өзге де жұмыстар үшін пайдаланылатын теміржол көлік құралдарына (жылжымалы теміржол құрамы, жылжымалы теміржол құрамының бірлігі) (осы тарауда бұдан әрі - теміржол көлік құралы);

      2) Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін:

      айналымға көп түсетін ыдыс болып табылатын және мәміле шартына сәйкес қайтаруға жататын цистерна, клетей, поддондарға;

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарындағы және Одақтың кедендік аумағында немесе одан тысқары жерлерде тұрған өзге халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жөндеу және (немесе) пайдалану үшін көзделген қосалқы бөлшектер мен жабдықтарға;

      3) тасымалдау шарттарына сәйкес ондағы тауарларды Одақтың кедендік аумағындағы немесе Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлердегі алушыға дейін өзге көлік түрімен жеткізу үшін пайдаланатын су және әуе кемелері контейнерлеріне қатысты қолданылуы мүмкін.

      8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген көлік құралдарына және өзге де тауарларға осы тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) және уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты осы тараудың ережелері қолданылады.

      9. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін немесе Одақтың кедендік аумағына әкелінетін осы баптың 7-тармағы 2-тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген қосалқы бөлшектері мен жабдықтары ауыстырылған халықаралық тасымалдау көлік құралдарының бөлшектері мен жабдықтарына, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан кері әкетуді не уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына кері әкелуді реттейтін осы тараудың ережелері қолданылады.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген Одақтың кедендік аумағынан белгіленген мерзімде әкетілмеген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының бөлшектері мен жабдықтары, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.

273-бап. Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкелу шарты

      1. Уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей, Одақтың кедендік аумағына әкелінеді.

      2. Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

      3. Уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары осы Кодекстің 274-бабына сәйкес белгіленген (ұзартылған) мерзім өткенге дейін кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, Одақтың кедендік аумағынан кері әкетуге не шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.

      Уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналастырғаннан кейін, мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары Одақтың кедендік аумағында мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес пайдаланылады және осы тараудың ережелері оларға қолданылмайды.

274-бап. Уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдау көлік құралдарының Одақтың кедендік аумағында болу мерзімі

      1. Одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу мерзімін, осы Кодекстің 144-бабын және осы баптың 2-тармағын ескере отырып, Одақтың кедендік аумағына әкелуге байланысты тасымалдау операциялары аяқтағаннан кейін Одақтың кедендік аумағынан мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкету үшін қажетті уақытты негізге ала отырып тасымалдаушының өтініші негізінде кеден органы белгілейді.

      2. Осы Кодекстің 275-бабы 5-тармағына сәйкес Одақтың кедендік аумағында басталатын және аяқталатын жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдау (бұдан әрі осы тарауда - ішкі тасымалдау) үшін пайдалануға болатын уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарының Одақтың кедендік аумағына болу мерзімі осындай ішкі тасымалдауды жүзеге асыру үшін қажетті, бірақ мүше мемлекеттердің бірінің аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарының күнтізбелік 90 күннен аспайтын болу уақыты белгіленеді.

      3. Осы Кодекстің 272-бабы 7-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тауарлардың Одақтың кедендік аумағында болу мерзімін, соған байланысты олар Одақтың кедендік аумағына әкелінетін операцияларды жасау үшін қажетті уақытты негізге ала отырып тасымалдаушының өтініші негізінде кеден органы белгілейді.

      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес кеден органы белгілеген мерзімде уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан кері әкетуі мүмкін болмаған кезде осы Кодекстің 275-бабы 4-тармағы 2-тармақшасының екінші - төртінші абзацтарына сәйкес тасымалдаушының, осындай көлік құралдары иелігіне берілген тұлғалардың, өзге де мүдделі тұлғалардың дәлелді сұрау салуы бойынша кеден органы бұл мерзімді Одақтың кедендік аумағынан оны кері әкетудің мүмкін болмау себептерін жою үшін қажетті уақытқа ұзартады.

      5. Осы Кодекстің 272-бабы 7-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан кері әкету осы баптың 3-тармағына сәйкес кеден органы белгілейтін мерзімде мүмкін болмаған кезде тасымалдаушының, өзге де мүдделі тұлғалардың дәлелді сұрау салуы бойынша кеден органы мұндай мерзімді, ол бойынша Одақтың кедендік аумағынан кері әкету мүмкін болмаған себептерді жою үшін қажетті уақытқа ұзартады.

      6. Одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу мерзімін ұзартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.

275-бап. Одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу және пайдалану шарты

      1. Одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей, осы бапта белгіленген шарттарды сақтаған кезде болады және пайдаланылады.

      2. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары осы бапқа сәйкес осындай көлік құралдары өзге тұлғаларға берілетін жағдайларды қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына оларды әкелуді жүзеге асырған тұлғаның іс жүзінде иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.

      3. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарымен Одақтың кедендік аумағына олар келген кезде не осындай аумақта болған кезде талап етілетін оларға техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу бойынша операцияларды жасауға жол беріледі.

      4. Одақтың кедендік аумағында:

      1) осы баптың 5, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген жағдайлардағы осындай тасымалдауды қоспағанда, ішкі тасымалдау үшін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын пайдалануға;

      2) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын:

      оларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету және (немесе) сақтау үшін беруді;

      Одақтың кедендік аумағынан халықаралық тасымалдаудың техникалық құралын әкету жолымен тасымалдау операциясын аяқтау мақсатында оларды беруді;

      осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді беруді қоспағанда, өзге тұлғаларға, оның ішінде жалға (қосалқы жалға) беруге жол берілмейді.

      5. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдары және (немесе) теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлер, егер мұндай тасымалдаулар:

      1) халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдары және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлер Одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық тасымалдау аяқталғаннан кейін;

      2) оны орындау үшін Одақтың кедендік аумағына халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдары және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлер әкелінген халықаралық тасымалдауды бастау үшін Одақтың кедендік аумағы бойынша бос халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдары және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлер келген кезде;

      3) халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдары және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлер Одақтың кедендік аумағы арқылы келген кезде жүзеге асырылса, ішкі тасымалдау үшін пайдалануы мүмкін.

      6. Мүше мемлекеттің заңнамасында, мұндай мүше мемлекеттің аумағы бойынша ішкі тасымалдау үшін осы баптың 5-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлерді бірнеше рет пайдалану санына қатысты шектеулер белгіленуі мүмкін.

      7. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау автомобиль көлік құралдары тіркемелері, жартылай тіркемелер және (немесе) олар арқылы тасымалданатын контейнерлер бір мүше мемлекеттің аумағында басталатын және екінші мүше мемлекеттің аумағында аяқталатын жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды ішкі тасымалдау үшін мынадай жағдайларда, пайдалануы мүмкін:

      1) мұндай тасымалдауға мүше мемлекеттердің үшінші тараппен автомобиль көлігі саласындағы халықаралық шарттарында жол беріледі;

      2) мұндай тасымалдау, көрсетілген конференцияның қатысушысы болып табылатын, аумағында мұндай тасымалдау басталатын және аяқталатын Көлік министрлерінің және мүше мемлекеттердің Еуропа конференциясының көпжақты квоталары шеңберінде жүзеге асырылады.

      8. Белгіленген бағыт шеңберінде жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыратын уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау автомобиль және теміржол көлік құралдары, егер үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында, мүше мемлекеттер мен (немесе) мүше мемлекеттер заңнамасының арасындағы халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, халықаралық тасымалдаудың жүру бағыты бойынша аялдау пункттерінде жолаушыларды отырғызу (түсіру) және багажды тиеу (түсіру) үшін Одақтың кедендік аумағында тоқтауы мүмкін.

      9. Жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдары, сондай-ақ теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлер Одақтың кедендік аумағында:

      1) мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары арасында, оның ішінде бір мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушылары арасында;

      2) көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шарты шеңберінде мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары мен өзге тасымалдаушылар арасында;

      3) халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлерді Одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушыларының тасымалдау шартына сәйкес тауарлардың алушысы болып табылатын тұлғаларға (бұдан әрі осы тарауда - алушы) немесе мұндай алушылардан мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не өзге тасымалдаушыға берілуі мүмкін.

      10. Жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарын, сондай-ақ теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлерді бір мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысынан басқа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына, бір мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушылары арасында, көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шарты шеңберінде мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары мен өзге тасымалдаушылар арасында, тасымалдау шартына сәйкес мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысынан алушыға және мұндай алушылардан теміржол тасымалдаушысына Одақтың кедендік аумағынан әкету үшін беру мүше мемлекеттердің үшінші тараппен теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарына және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі бойынша Кеңес актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Осы баптың 9-тармағының 3-тармақшасында көзделген жағдайларда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарын, және (немесе) теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлерді берген кезде теміржол тасымалдаушы (көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді алушыға берген кезде) және алушы (көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не өзге тасымалдаушыға кері әкету үшін берген кезде), қызмет өңірінде алушы орналасқан кеден органы Комиссия айқындайтын тәртіпте және мерзімде мұндай беру туралы хабардар етуге міндетті.

      12. Осы баптың 9-тармағының 3-тармақшасында көзделген жағдайларда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлерді берген кезде алушы Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарын, және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді кері әкету үшін берген алушы мен тасымалдаушы осы Кодекстің 273-бабы 3-тармағының және 274-бабы 3-тармағының ережелерін, сондай-ақ осы бапта көзделген Одақтың кедендік аумағына аумағынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу және пайдалану шартын сақтауға міндетті.

      13. Мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары осы баптың 5-тармағына сәйкес ішкі тасымалдау үшін пайдаланатын халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлердің болу орны туралы ақпаратты кеден органының талабы бойынша ұсынады.

      Теміржол тасымалдаушыларының көрсетілген ақпаратты кеден органдарына ұсыну тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленуі мүмкін.

276-бап. Уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан әкету және Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде болу шарты

      1. Уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары Одақтың кедендік аумағынан кедендік әкету баждарын төлемей әкетіледі.

      2. Одақтың кедендік аумағынан әкетілген және мұндай аумаққа кері әкелінетін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары Одақ тауарлары мәртебесін, ал осы Кодекстің 272-бабы 2-тармағының 2-тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген және осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар деп саналатын, сондай-ақ осы Кодекстің 272-бабы 2-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары - шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

      3. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары Одақтың кедендік аумағына Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу және пайдалану шарттарын сақтаған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтар төлемей әкелінеді.

      4. Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу мерзімі шектелмейді.

      5. Одақ тауарлары болып табылатын Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде болатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.

      6. Осы Кодекстің 272-бабы 2-тармағының 2-тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген және Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орналасқан осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар деп саналатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.

      7. Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орналасқан осы Кодекстің 272-бабы 2-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.

      8. Шетелдік тұлғаға уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралына меншік құқығын берген кезде, мұндай мәміленің тарапы ретінде әрекет еткен мүше мемлекеттің тұлғасы осындай уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына меншік құқығы берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде экспорт кедендік рәсімімен, ал шетелдік тұлғаға осы Кодекстің 272-бабы 2-тармағының 2-тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген және 126-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар деп саналатын немесе осы Кодекстің 272-бабы 2-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына меншік құқығын берген кезде - кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырады.

277-бап. Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын пайдалану шарты

      1. Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен мынадай:

      1) егер осындай операцияларға қажеттілік мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде пайдалану уақытында пайда болса, оларды Одақтың кедендік аумағынан әкету күніне олардың сақталуын, пайдалануын және қалпында ұстауын қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу (күрделі жөндеу жұмысын, жаңғыртуды қосапағанда) бойынша операцияларды;

      2) өтеусіз (кепілді) жөндеу жұмысы бойынша операцияларды;

      3) Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орын алған аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан зақымданғаннан кейін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын қалпына келтіру үшін жүзеге асырылатын күрделі жөндеу жұмысын қоса алғанда, жөндеу бойынша операцияларды жасауға жол беріледі.

      2. Осы баптың 1-тармағы 1-тармақшасының ережесі мүше мемлекеттердің халықаралық кеме тізілімінде тіркелген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде уақытша әкетілген су кемелеріне қолданылмайды. Мұндай кемелерге қатысты оларға техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу бойынша операцияларды жүргізуге жол беріледі.

      3. Осы Кодекстің 272-бабы 2-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын қоспағанда, Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орналасқан уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарымен көзделмеген операцияларды жасау, мұндай көлік құралдарын кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіммен орналастыру шарты кезінде жол беріледі.

      Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына әкелген кезде кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіммен орналастырмай, осы баптың 1-тармағында көзделмеген операцияларды жасаған жағдайда, мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдары осы Кодекстің 186-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлей отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.

      Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіммен орналастырылмаған жағдайда, осы Кодекстің 56-бабына және 72-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге тиіс.

      4. Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орналасқан осы Кодекстің 272-бабы 2-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасау, кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсіммен орналастырмай, жол беріледі.

      Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты жасаған жағдайда, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіммен орналастырылған және халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде пайдаланылатын тауарлардың декларанты, мұндай операцияларды жасаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасау туралы өтінішін және жасалған операциялардың құнын растайтын құжаттарды береді.

      Көрсетілген өтініш тауарды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырған кеден органына, не тауарлар мұндай мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырған мүше мемлекеттің өзге де кеден органына беріледі.

      Кеден органы көрсетілген өтініштің берілгенін тіркеген сәттен бастап мұндай өтініш заңды мәні бар фактілер туралы куәландыратын құжатқа айналады.

      Көрсетілген өтініштің нысанын, құрылымын және мұндай өтініштің электрондық түрдегі форматын, оларды толтыру, осындай өтінішке өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін, сондай-ақ мұндай өтінішті беруге, тіркеуге және бас тартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды, ал Комиссия реттемейтін бөлікте - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін тәртіпте.

      Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орналасқан осы Кодекстің 272-бабы 2-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасау кезінде уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылған және халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде пайдаланылатын тауарлардың декларантында кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындайды.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет осы баптың екінші абзацында көрсетілген кедендік құжатты кеден органы тіркегенге дейін орындауға жатады.

      Кедендік әкелу баждар, салықтар осы Кодекстің 186-бабына сәйкес есептелген мөлшерде төлеуге жатады.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды осы тармаққа сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алу бойынша міндетті орындаған кезде тоқтатылады.

278-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын шығару және кедендік декларациялау

      1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары:

      1) уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына әкелу және мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан кері әкету кезінде;

      2) уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан әкету және мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына кері әкелу кезінде шығаруға және кедендік декларациялауға жатады;

      2. Тасымалдаушы халықаралық тасымалдау көлік құралдарының декларанты болып шығады.

      Тасымалдаушы атынан халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды, егер бұған мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жол берілетін болса, тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғалар да жасауы мүмкін.

      3. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау көлік құралына арналған декларацияны пайдана отырып жүзеге асырылады.

      Көлік құралына арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер тауарларды тасымалдау және Одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдау көлік құралының бағыты, өткізілуі жүзеге асырылатын көліктің түріне, сондай-ақ осы Кодекстің 272-бабы 7-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тауарлардың санаттарына қарай мұндай кедендік декларацияның толтыру тәртібін айқындаған кезде Комиссия анықтайды.

      4. Көлік құралына арналған декларация ретінде көлік саласындағы мүше мемлекеттердің үшінші тараппен жасалған халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттары пайдаланылуы мүмкін.

      Егер көлік құралына арналған декларация ретінде көлік саласындағы мүше мемлекеттердің үшінші тараппен жасалған халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының ұсынылған стандартты құжаттарында көлік құралына арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер болмаса, халықаралық тасымалдау көлік құралы кедендік декларациялау белгіленген нысанда көлік құралына арналған декларацияны ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте тасымалдаушы ұсынған стандартты құжаттары көлік құралына арналған декларацияның ажырамас бөлігі ретінде қаралады.

      Тауарларды тасымалдау жүзеге асырылатын көліктің түріне және Одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдаудың көлік құралын өткізу бағытына байланысты көрсетілген құжаттардың тізбесін Комиссия айқындайды.

      Комиссия анықтаған тәртіпте электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпаратты көлік құралына арналған декларация ретінде пайдалануға жол беріледі.

      5. Электрондық құжат түрінде көлік құралына арналған декларацияны берген кезде кеден органына көлік құралына арналған декларацияда мәлімделген мәліметті растайтын құжаттарды ұсыну қажет емес.

      Көлік құралына арналған декларацияны қағаз түрінде беру Кеден органына көлік құралына арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар болса жүреді.

      6. Кедендік декларациялау жазбаша нысанда жүзеге асырылған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан кері әкету және уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына кері әкелу кезінде көлік құралына арналған декларация ретінде уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде кеден органына берілген көлік құралына арналған декларацияны пайдалануға жол беріледі.

      Комиссия Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде кеден органына берілген көлік құралына арналған декларация тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру барысында Одақтың кедендік шекарасы арқылы бірнеше рет өткізу кезінде осы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде пайдалануы мүмкін өзге жағдайды да анықтауға құқылы.

279-бап. Уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі

      1. Уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет:

      1) уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары декларантында - кеден органы көлік құралына арналған декларацияны тіркеген сәттен бастап;

      2) мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді Одақтың кедендік аумағы шегінде тасымалдауға алған мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында - осы Кодекстің 275-бабы 10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап;

      3) Одақтың кедендік аумағы шегінде көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушыда - осы Кодекстің 275-бабы 10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап;

      4) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысынан тасымалдау шартына сәйкес қабылдаған тасымалдаушыда - осы Кодекстің 275-бабы 10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап;

      5) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді Одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін тасымалдау шартына сәйкес алушыдан қабылдаған мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында - осы Кодекстің 275-бабы 10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап;

      6) теміржол көлік құралдарында уақытша әкелінетін контейнерді Одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін тасымалдау шартына сәйкес алушыдан қабылдаған мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысын қоспағанда, тасымалдаушыда - тасымалдау шартына сәйкес көрсетілген контейнерді тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап туындайды.

      2. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты осы баптың 1-тармағының 1 - 4-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда мынадай мән-жайлар орын алған кезде тоқтатылады:

      1) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкеткенге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмай тұрып, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кері әкету;

      2) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кері әкету және (немесе) осы баптың 11-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу және өндіріп алу;

      3) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру;

      4) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын мұндай кедендік рәсіммен орналастыруға дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмай тұрып ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру;

      5) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру және осы баптың 12-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу;

      6) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды осы баптың 10-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алу;

      7) кеден органының мүше мемлекеттердің кедендік : реттеу туралы заңнамасына сәйкес аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жою және (немесе) қайтарусыз жоғалту фактісін не осы Кодекске сәйкес мұндай жоюға немесе қайтарусыз жоғалтуға дейін осы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде осындай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын қайтарусыз жоғалту фактісін тану;

      8) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын тәркілеу және айналымы;

      9) кеден органдарының осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ұстауы;

      10) қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша өндіріс барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты егер бұрын мұндай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын шығаруы жүргізілмесе, оны қайтару туралы шешім қабылданған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастыру.

      3. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлердің декларанты әрекет ететін мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысына, көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде тасымалдау кезінде басқа тасымалдаушыға не тасымалдау шартына сәйкес алушыға мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмай берген кезде тоқтатылады.

      4. Осы баптың 1-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысына, көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде тасымалдау кезінде басқа тасымалдаушыға не тасымалдау шартына сәйкес алушыға мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмай берген кезде тоқтатылады.

      5. Осы баптың 1-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген тұлғада уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмай берген кезде Одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін өзге де тасымалдаушыға берген кезде тоқтатылады.

      6. Осы баптың 1-тармағының 5 және 6-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет мынадай мән-жайлар орын алған кезде:

      1) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді мұндай әкетуге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмаған кезде кері әкету;

      2) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кері әкету және осы баптың 11-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу;

      3) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмаған кезде Одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін өзге де тасымалдаушыға беру;

      4) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру;

      5) мұндай кедендік рәсіммен орналастыруға дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмаған кезде, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімді қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру;

      6) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру және осы баптың 12-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу;

      7) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды осы баптың 10-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алу;

      8) кеден органының мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жою және (немесе) қайтарусыз жоғалту фактісін не осы Кодекске сәйкес мұндай жоюға немесе қайтарусыз жоғалтуға дейін осы уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болған жағдайларды қоспағанда, қалыпты тасымалдау (өткізу) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде осындай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын қайтарусыз жоғалту фактісін тану;

      9) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын тәркілеу және айналымы;

      10) кеден органдарының осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ұстауы;

      11) қылмыстық іс және әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша өндіріс барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында алынған немесе тыйым салынған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын және оларға қатысты егер бұрын осындай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын шығаруы жүргізілмесе, оны қайтару туралы шешім қабылданған уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастыру.

      7. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде орындауға жатады.

      8. Мынадай мән-жайлар орын алған кезде:

      1) осы Кодекстің 275-бабының 4-тармағында көрсетілген әрекеттер жасалған жағдайда - көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде мұндай тауарларды шығарған күні;

      2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жою және (немесе) қайтарусыз жоғалтуды не қалыпты тасымалдау (өткізу) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде қайтарусыз жоғалтуды қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары жоғалған жағдайда - мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жоғалтқан күні, ал егер мұндай күн белгіленбесе - уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде мұндай тауарларды шығарған күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып саналады.

      9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 275-бабының 4-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасаған не уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жоғалтқан тұлғаның орындауына жатады.

      10. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, егер осы баптың 11 және 12-тармақтарында өзге мөлшер көзделмесе, тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылғандай төлеуге жатады.

      Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін кеден органы көлік құралына арналған декларацияны тіркеу күніне қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, тауарлардың жіктелуі осы Кодекстің 20-бабының 3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес 10-нан кем белгі мөлшерімен топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:

      кедендік әкелу баждарын есептеу үшін мұндай топтауға кіретін тауарларға тиісті кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы қолданылады;

      салықтарды есептеу үшін, оларға қатысты кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы белгіленген мұндай топтауға кіретін тауарларға тиісті қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы және акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы қолданылады;

      арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін осы тармақтың сегізінші абзацын ескере отырып, мұндай топтауға кіретін тауарларға тиісті арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы қолданылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 4-тарауына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу мақсаты үшін расталған тауарлардың шығарылған жерінен шыға отырып есептеледі. Егер мұндай тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттардың болмауына байланысты тауарлардың шығарылған жерін айқындау мүмкін болмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының сол кодының тауарларына қатысты, егер тауарды жіктеу 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылса не топтауға кіретін тауарларға, егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес 10-нан кем белгі мөлшерінде топтау деңгейінде айқындалса, белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарғысынан шыға отырып есептеледі.

      Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтерді белгілеген кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мұндай нақты мәліметтерден шыға отырып есептеледі, артық төленген және (немесе) артық өндіріліп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары сомаларын қайтару (есепке жатқызу) не осы Кодекстің 10 және 11-тарауларына және 76 және 77-баптарына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.

      11. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кері әкетілген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар, егер мұндай тауарлар уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде мұндай тауарларды шығарған күннен кейінгі күннен басталған кезең ішінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеумен уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіммен оларды іс жүзінде әкету күні бойынша орналастырылғандай төлеуге жатса, кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиісті сомасының мөлшерінде төлеуге жатады.

      12. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастырылған жағдайда, кедендік әкелу баждары, салықтар, егер мұндай тауарлар уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде мұндай тауарларды шығарған күннен кейінгі күннен басталған кезең ішінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеумен уақытша әкелу (жіберу) оларды кедендік рәсіммен орналастыру күні бойынша орналастырылғандай төлеуге жатса, кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиісті сомасының мөлшерінде төлеуге жатады.

      13. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндетті орындағаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріліп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

280-бап. Уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі

      1. Одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет, кеден органдарында көлік құралына арналған декларацияны кеден органы тіркеген сәттен бастап осындай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарының декларантында туындайды.

      2. Одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет, мынадай жағдайлар болған кезде осындай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарының декларантында тоқтатылады:

      1) уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына кері әкету;

      2) уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын экспорт кедендік рәсімімен орналастыру;

      3) осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде әкету кедендік әкету баждарын төлеу және (немесе) өндіріп алу бойынша міндетті орындау;

      4) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын тәркілеу немесе айналымы;

      5) кеден органдарының осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ұстауы - осындай ұстауға дейін туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты;

      6) қылмыстық іс және әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша өндіріс барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты егер бұрын осындай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын шығаруы жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастыру.

      3. Одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде орындалуға жатады.

      4. Мынадай мән-жайлар орын алған кезде:

      1) Одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары жоғалған жағдайда, - осындай жоғалу күні, ал егер осындай күн белгіленбесе - уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығару күні;

      2) шетелдік тұлғаға осы Кодекстің 276-бабының 5-тармағына сәйкес осындай көлік құралдарын экспорт кедендік рәсіміне орналастырмай, Одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына меншік құқығын берген жағдайда - осындай беру күні, ал егер осындай күн белгіленбесе - уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығару күні кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып саналады.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде, кедендік әкету баждары, кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатындай, төленуге жатады.

      Кедендік әкету баждарын есептеу үшін кеден органы көлік құралына арналған декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, төлеуге жататын кедендік әкету баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарларды жіктеу осы Кодекстің 20-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Егер Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды кедендік әкету баждарын есептеу үшін 10-нан аз белгілердің санымен топтау деңгейінде айқындалса, мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік әкету баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы қолданылады.

      Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтерді анықтау үшін кедендік әкету баждары мұндай нақты мәліметтерден шыға отырып есептеледі, артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомаларын қайтару (есепке жатқызу) не төленбеген сомаларын өндіріп алу осы Кодекстің 10 және 11-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Кедендік әкету баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндетті орындағаннан кейін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына кері әкелу не мұндай уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын экспорт кедендік рәсіммен орналастырған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкету баждары осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес қайтаруға жатады.

39-тарау

Одақтың кедендік шекарасы арқылы керек-жарақтарды өткізу тәртібінің ерекшеліктері мен шарттары

281-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы керек-жарақтарды өткізу тәртібі мен шарттары туралы жалпы ереже

      1. Керек-жарақтар Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және Одақтың кедендік аумағында немесе Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде осы тарауда белгіленген тәртіппен, ал осы тараудың реттелмеген бөлігінде, - осы Кодекстің өзге тарауларында белгіленген тәртіппен пайдаланылады.

      2. Одақтың кедендік аумағында болуы және пайдаланылуы не Одақтың кедендік аумағынан әкету және Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде пайдалануы үшін Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін керек-жарақтар кедендік рәсімдермен орналастырылмай, осы тарауда көзделген тәртіппен және шарттарда кедендік декларациялауға және шығаруға жатады.

      3. Одақтың кедендік аумағына әкелінген, керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

      4. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін және Одақтың кедендік аумағынан кері әкелінетін, керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын Одақтың тауарлары кеден органы оларды идентификаттау шартында Одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды.

      Керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын Одақтың тауарлары ретінде Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды кеден органдарының идентификаттау мүмкіндігі болмаған жағдайда, мұндай тауарлар шетелдік тауарлар ретінде қарастырылады.

      5. Бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде, егер мұндай тауарлар су немесе әуе кемелерінің бортына тиелсе, ал егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе - Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін мұндай көлік құралдарынан, Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан пойыздарда, бажсыз сауда дүкендерінде декларациялануы және шығарылуы мүмкін. Мұндай тауарлар керек-жарақтар ретінде кедендік декларацияланғаннан және шығарылғаннан кейін шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

      6. Кеден қоймасы кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, қалыпты пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті және Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде декларациялануы және шығарылуы мүмкін. Мұндай тауарлар керек-жарақтар ретінде кедендік декларацияланғаннан және шығарылғаннан кейін шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

      Егер су кемесі орналасқан Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орнында кеден қоймасы орналастырылса, оларды тасымалдау үшін мұндай кеден қоймасынан бортына мұндай тауарлар тиелетін су кемесі орналасқан Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орнына дейін керек-жарақтар ретінде шығарылған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылады.

      7. Осы Кодекстің 7-бабына сәйкес шектеулер мен тыйым салулар сақталған жағдайда осы Кодекстің 283-бабына сәйкес пайдалану шартында керек-жарақтар Одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік баждарды, салықтарды төлемей және ішкі нарықты қорғау шараларын сақтамай өткізіледі.

      8. Тасымалдаушы, сондай-ақ осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағының 1-тармақшасының екінші - бесінші абзацтарында көрсетілген тұлғалар Керек-жарақтың декларанты бола алады.

      Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде пайдалану үшін бажсыз сауда дүкендерінен әуе немесе су кемелерінің бортына тиелетін керек-жарақтардың декларанты болып кедендік декларациялау кезінде тауарлар болған бажсыз сауда дүкенінің иесі шыға алады.

      9. Комиссия керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарлардың жекелеген санаттарының санды нормаларын, сондай-ақ көлік құралына қарай керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарларға тауарлардың жекелеген санаттарын жатқызу критерийлерін анықтауға құқылы.

      Комиссия анықтаған Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін сандық нормаларынан асатын керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарларға қатысты осы тараудың ережелері қолданылмайды, және мұндай тауарлар осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылуға жатады.

      10. Көлік құралдарындағы жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы тараудың ережелері қолданылмайды.

      Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде пайдалану үшін бажсыз сауда дүкендерінен әуе немесе су кемелерінің бортына тиелетін керек-жарақтардың декларанты болып кедендік декларациялау кезінде тауарлар болған бажсыз сауда дүкенінің иесі шыға алады.

      9. Комиссия керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарлардың жекелеген санаттарының санды нормаларын, сондай-ақ көлік құралына қарай керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарларға тауарлардың жекелеген санаттарын жатқызу өлшемшарттарын анықтауға құқылы.

      Комиссия айқындаған Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін сандық нормаларынан асатын керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарларға қатысты осы тараудың ережелері қолданылмайды және мұндай тауарлар осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.

      10. Көлік құралдарындағы жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы тараудың ережелері қолданылмайды.

282-бап. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері

      1. Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде керек-жарақтарды кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операциялар келу орындарында не халықаралық тасымалдауды аяқтау орындарында жасалады.

      2. Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде керек-жарақтарды кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операциялар халықаралық тасымалдау басталған орындарда не кету орындарында жасалады.

      Кеден қоймасына кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар керек-жарақтар ретінде кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операциялар, қызмет өңірінде кеден қоймасы бар кеден органында жасалады.

      3. Одақтың кедендік аумағына келген және Одақтың мұндай кедендік аумағынан кететін (су немесе әуе кемелері бортында не поезда) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарындағы керек-жарақтарды кедендік декларациялау, көлік құралына арналған декларацияны пайдалана отырып, халықаралық тасымалдаудың көлік құралын кедендік декларациялаумен қатар бір уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.

      Керек-жарақтарды декларациялау, егер мұндай керек-жарақтар Одақтың кедендік аумағына келген және мұндай аумақтан кететін әуе кемелерінің бортында осы әуе кемелерінің бортынан осы керек-жарақтарды түсіру (қайта тиеу) бойынша операцияларды жасамай орналасса, жүзеге асырылмайды.

      4. Одақтың кедендік аумағына келген немесе Одақтың кедендік аумағынан кететін әуе және су кемелерінің бортына немесе поездарға түсірілетін, тиелетін, қайта тиелетін керек-жарақтарды кедендік декларациялау тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып, керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларация ретінде тауарларды шығару үшін қажетті мәліметті қамтитын көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдалануы мүмкін.

      Көрсетілген керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтерді Комиссия айқындайды.

      5. Керек-жарақтар ретінде кеден қоймасына және бажсыз сауда кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарларды кедендік декларациялау тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      6. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операциялар тіркелу еліне немесе су, әуе кемелерінің немесе поездардың ұлттық тиесілігіне қарамастан, бірдей жасалады.

      7. Комиссия кедендік декларациялау және керек-жарақтарға қатысты өзге де кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін айқындауға құқылы.

283-бап. Одақтың кедендік аумағында керек-жарақтарды пайдалану

      1. Жолаушылардың және су кемелерінің экипаж мүшелерінің тұтынуына және (немесе) пайдалануына арналған керек-жарақтар және (немесе) осы кемелерді қалыпты пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті керек-жарақтар, жолаушылардың экипаж мүшелерінің санына және (немесе) аялдау ұзақтығына тиісті мөлшерде олардың Одақтың кедендік аумағында болуы, оның ішінде су кемелерін докта, верфьте немесе кеме жөндеу зауытында жөндеу уақытында осы кемелерде тұтынылуы және пайдаланылуы мүмкін.

      2. Әуе кемелерінің Одақтың кедендік аумағында орналасқан бір әуежайға немесе бірнеше әуежайға қонуы кезінде осы кемелерді қалыпты пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған керек-жарақтар және әуе кемелерінің қону пункттерінде болуы кезінде және олардың арасында ұшу кезінде экипаж мүшелерінің және жолаушылардың тұтынуына және пайдалануына арналған керек-жарақтар әуе кемелерінің қону пункттерінде болуы кезінде және олардың арасында ұшу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

      Әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаж мүшелеріне таратуға және сатуға арналған керек-жарақтар, оларды осы кемелердің борттарында жолаушылар немесе экипаж мүшелері таратуды және сатуды жүзеге асырған жағдайда таратылуы және сатылуы мүмкін.

      3. Поездар жолаушыларының және поезд бригадалары жұмыскерлерінің тұтынуына және пайдалануына арналған керек-жарақтар және осы поездарды қалыпты пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті керек-жарақтар осы поездардың жүру жолында немесе аралық тоқтау не Одақтың кедендік аумағында түру пункттерінде жолаушылардың және поезд бригадалары жұмыскерлерінің санына, сондай-ақ тұру ұзақтығына және жолда болу уақытына сәйкес мөлшерде тұтынылуы және пайдаланылуы мүмкін.

      Поездар жолаушыларының және поезд бригадаларының жұмыскерлеріне таратуға және өткізуге арналған керек-жарақтар, оларды тарату және сату осы поездарда жүзеге асырылған жағдайда, поездар Одақтың кедендік аумағында болған уақытта таратылуы және сатылуы мүмкін.

      4. Тасымалдаушы су кемелерінің, әуе кемелерінің немесе поездардың Одақтың кедендік аумағында болған уақытында осы бапқа сәйкес керек-жарақтарды пайдалану үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Кеден органының шешімі бойынша керек-жарақтар сақталатын орын кедендік пломбалар мен мөрлер қойылып, мөрленуі мүмкін.

      5. Су, әуе кемелерінің борттарындағы немесе поездардағы керек-жарақтар кеден органдарының рұқсатымен осы тарауда көзделген шарттар сақталған кезде жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багаждың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын басқа су және әуе кемелеріне немесе басқа да поездарға уақытша түсірілуі, берілуі мүмкін.

      6. Одақтың кедендік аумағында су және әуе кемелерінен, пойыздардан түсірілген керек-жарақтар, оларды жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багаждың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын басқа су және әуе кемелеріне немесе басқа да поездарға тиегенге дейін жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багаждың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын басқа су және әуе кемелеріне немесе басқа да поездарға оларды түсіруге, беруге рұқсат берген кеден органы қызметінің өңірінде орналасқан кедендік бақылау аймағында орналастыруға жатады.

      Одақтың кедендік аумағында су және әуе кемелерінен немесе пойыздардан түсірілген керек-жарақтармен жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багаждың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын басқа су және әуе кемелеріне немесе басқа да поездарға оларды тиеу үшін беруге дайындау үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.

      7. Мүше мемлекеттердің заңнамасында керек-жарақтар ретінде шығарылған және поездарда Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін бажсыз сауданың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалану тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін.

      8. Керек-жарақтар ретінде шығарылған, Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін, осы Кодекстің 281-бабының 5 және 6-тармақтарында көрсетілген тауарлардың декларанты мұндай тауарлардың әуе және (немесе) су кемелерінің бортына, мұндай тауарларды қалыпты өткізу (тасымалдау) және сақтау жағдайында тауарлардың табиғи тозуы немесе кемуі не табиғи қасиеттерінің өзгеруі салдарынан өзгерген саны мен (немесе) жай-күйін қоспағанда, керек-жарақтар ретінде оларды шығару сәтіндегі мөлшерде және жай-күйде тиелуін қамтамасыз етуге міндетті.

      9. Керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарлар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылған жағдайда, осы тарауда көзделмеген мақсаттарда Одақтың кедендік аумағында пайдаланылуы мүмкін.

284-бап. Керек-жарақтар ретінде декларацияланатын (шығарылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі

      1. Керек-жарақтар ретінде декларацияланатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет кеден органдары кедендік декларацияны тіркеген сәттен бастап декларантта туындайды.

      2. Керек-жарақтар ретінде декларацияланатын (шығарылған) шет елдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар болған кезде тоқтатылады:

      1) Одақтың кедендік аумағынан керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарлардың іс жүзінде әкетілуі;

      2) керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарлардың осы Кодекстің 283-бабына сәйкес пайдаланылуы;

      3) мұндай тауарларды осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру;

      4) осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге тиісті мөлшерде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттемелерді орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;

      5) кеден органының мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан осындай шетелдік тауарларды жою және (немесе) қайтарусыз жоғалту фактісін, не осы Кодекске сәйкес мұндай жоюға немесе қайтарусыз жоғалтуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болған жағдайларды қоспағанда, қалыпты өткізу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде мұндай тауарларды қайтарусыз жоғалту фактісін тану;

      6) кедендік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттерге қатысты - керек-жарақ ретінде декларацияланатын шетелдік тауарларды шығарудан бас тарту;

      7) кедендік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттерге қатысты - осы Кодекстің 113-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияны кері қайтару және (немесе) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту;

      8) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) осындай тауарларды тәркілеу немесе олардың айналымы;

      9) кеден органының осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес осындай тауарларды ұстауы;

      10) қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша өндіріс барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты егер бұрын мұндай тауарлар шығарылмаған болса, оларды қайтару туралы шешім қабылданған, осындай тауарларды уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастыру.

      3. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет орындалуға жатады.

      4. Мынадай мән-жайлар орын алған кезде:

      1) аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан оларды жою және (немесе) қайтарусыз жоғалтуды не қалыпты тасымалдау (өткізу) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде қайтарусыз жоғалтуды қоспағанда, керек-жарақтар ретінде декларацияланатын (шығарылған) шетелдік тауарларды жоғалтқан жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - керек-жарақтар ретінде тауарларды шығару күні;

      2) осы тарауда қарастырылмаған мақсаттарда Одақтың кедендік аумағында осындай шетелік тауарларды пайдаланған жағдайда - осындай пайдаланудың бірінші күні, ал егер ондай күн белгіленбесе - керек-жарақтар ретінде тауарларды шығару күні керек-жарақтар ретінде декларацияланатын (шығарылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып саналады.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғандай төлеуге жатады.

      Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары есептеу үшін керек-жарақтар ретінде тауарларды шығару үшін ұсынылған тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы мәліметтер болмаған жағдайда, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарларды жіктеу осы Кодекстің 20-бабының 3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес 10-нан кем белгі мөлшерімен топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:

      кедендік әкелу баждарын есептеу үшін мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы қолданылады;

      салықтарды есептеу үшін, оларға қатысты кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы белгіленген мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің жоғарғысы және акциздер мөлшерлемелерінің (акциздік салық немесе акциздік алым) ең жоғарғысы қолданылады;

      арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін осы тармақтың сегізінші абзацын ескере отырып, мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы қолданылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің 4-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жерінен және (немесе) көрсетілген баждарды анықтау үшін қажетті өзге де мәліметтерден шыға отырып есептеледі. Егер тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды анықтау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының сол кодының тауарларына, егер тауарды жіктеу 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылса не топтауға кіретін тауарларға, егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес 10-нан кем белгі мөлшерінде топтау деңгейінде анықталса, белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарғысынан шыға отырып есептеледі.

      Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтерді белгілеген кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мұндай нақты мәліметтерден шыға отырып есептеледі, артық төленген және (немесе) артық өндіріліп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары сомаларын қайтару (есепке жатқызу) не осы Кодекстің 10 және 11-тарауларына және 76 және 77-баптарына сәйкес төленбеген сомалар өндіріліп алынады.

      6. Одақтың кедендік ауағынан керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарларды іс жүзінде әкету, кеден органдарының мұндай тауарларды осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес ұстауы не мұндай тауарларды кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндетті орындағаннан кейін осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналасуы жағдайында, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріліп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомалары осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

40-тарау

Халықаралық пошта жөнелтілімдерін және оларда жіберілетін тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібінің және шартының ерекшеліктері

285-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды жіберу ерекшеліктері

      1. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін мынадай тауарларға рұқсат етілмейді:

      1) Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес тасымалдауға тыйым салынған тауарлар;

      2) тізбесін Комиссия айқындайтын халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберуге тыйым салынған тауарлар.

      2. Халықаралық пошта жөнелтілімдері осы Кодекске сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды шығару және мұндай тауарларға қатысты кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеген жағдайда пошта байланысының операторы тағайындаған олардың алушыларына беріледі.

      3. Мүше мемлекеттердің заңнамасымен тағайындалған пошта байланысының операторы осындай заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіппен кеден органына жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы ақпаратты ұсынған жағдайда халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың алушысын белгілеуі мүмкін.

286-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдеріне және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау ерекшеліктері

      1. Одақтың кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтілімдері келген кезде немесе олар Одақтың кедендік аумағынан шыққан кезде тасымалдаушы кеден органына ұсынатын өткізілетін халықаралық пошта жөнелтілімдері туралы мәліметі оларды тасымалдау кезінде халықаралық пошта жөнелтілімдерімен сүйемелденетін Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған құжаттарда бар мынадай мәліметтермен шектеледі:

      1) халықаралық пошта жөнелтілімдерінің жөнелтушісі және алушысы болып табылатын халықаралық пошта алмасу орнының (мекеменің) атауы;

      2) халықаралық поштамен жөнелтілімдерінің брутто салмағы (килограммен);

      3) жүк орындарының саны.

      2. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберуге тыйым салынған және шектеу белгіленген тауарлардың халықаралық пошта жөнелтілімдерде бар болуы туралы мәліметті тасымалдаушы кеден органына, егер тасымалдаушыға мұндай ақпарат мәлімет болса, ұсынады.

      3. Аэрограммалар, хаттар, поштаның карточкалары мен зағиптерге арналған жөнелтілімдер кедендік декларациялаусыз және кедендік рәсімдерге орналастырылмай кеден органының рұқсатымен Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі.

      4. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды кеден органдары халықаралық пошта алмасу орындарында (мекемелерде) не кеден органы айқындаған өзге де орындарда жасалады.

      Халықаралық пошта алмасу орындары (мекемелер) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Халықаралық пошта алмасу орындары (мекемелері) туралы ақпаратты кеден органдары Комиссияға халықаралық пошта алмасу орындарының (мекемелерінің) ортақ тізбесін қалыптастыру және оны Одақтың ресми сайтында Интернет желісінде орналастыру үшін жолдайды.

      5. Белгіленген тыйымдар мен шектеулерге сәйкес Одақтың кедендік аумағына әкелуге жатпайтын халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарлар, егер осы Кодексте, мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше көзделмесе, Одақтың кедендік аумағынан дереу әкетілуі тиіс.

      Көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету бойынша шараларды, егер өзге тұлғалар мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленбесе, аумағында халықаралық пошта алмасу орны (мекемесі) орналасқан, тағайындалған мүше мемлекеттің пошта байланысының операторы қабылдайды.

      6. Халықаралық пошта алмасу орында (кәсіпорында) тыйым салулар мен шектеулердің сақталмауы айқындалған жағдайда кеден органы Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуге тыйым салынғаны туралы шешім қабылдайды және тағайындалған пошта байланысы операторының назарына ұсынады.

      7. Кеден органының Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуге тыйым салынғаны туралы шешімді алғаннан кейін осы баптың 5-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тауарларды мұндай аумақтан дереу әкету мүмкін болмаған жағдайда, мұндай тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес ұстайды.

      8. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар жолаушының кедендік декларациясы ретінде, ал осы баптың 9-тармағында көзделген және (немесе) осы баптың 10-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайларда - тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылуы мүмкін.

      9. Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттар және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларация ретінде мынадай жағдайларда пайдаланылуы мүмкін:

      1) мұндай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленбейді;

      2) мұндай тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер белгіленбеген, ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылмайды.

      10. Мүше мемлекеттердің заңнамасында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар экспорттың кедендік рәсіміне, сондай-ақ кері импорттың кедендік рәсіміне сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларация ретінде халықаралық пошта жөнелтілімдерінде және алушыға табыс етілмеген Одақтың кедендік аумағынан пайдаланылуы мүмкін, сондай-ақ кері импорттың кедендік рәсіміне сәйкес әкетілген тауарларды пайдалануға болатын жағдайлар мен шарттар белгіленуі мүмкін.

      11. Тауарларға арналған декларация немесе жолаушының кедендік декларациясы ретінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттарды пайдалану кезінде мұндай кедендік декларацияны беру, егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, оны электрондық түрде ұсынбайды.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар, тауарларға арналған декларация немесе жолаушының кедендік декларациясы ретінде пайдаланылған кезде тағайындалған пошта байланысы операторының электрондық түрде ұсынған тауарларға арналған декларациясында немесе жолаушының кедендік декларациясында көрсетілуге жататын мәліметтерді құрайтын жіберілетін тауарлар туралы ақпаратты белгілеуі мүмкін, ол оны мұндай тауарларға арналған декларацияның немесе жолаушының кедендік декларациясының электрондық түрі ретінде пайдалануы мүмкін.

      12. Халықаралық пошта жөнелтілімдері, егер мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға қатысты кедендік декларациялау бойынша кедендік операциялар жасалмаған не мұндай тауарларды шығарудан бас тартқан жағдайда, пошта байланысы тағайындаған оператор кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей халықаралық пошта алмасу орнына (кәсіпорнына) уақытша сақтауға орналастырады.

      13. Кедендік декларациялау және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін, Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, тауарларды шығару оларды жөнелту үшін пошта байланысы тағайындаған оператор бергенге дейін жүзеге асырылады.

      14. Одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін жөнелтушіге қайтаруға жататын тауарлар мұндай аумақтан кедендік декларациялаусыз және кедендік рәсімдермен орналастырылмай кеден органының рұқсатымен әкетіледі.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкетуге кеден органының рұқсатын алу үшін тағайындалған пошта байланысынын операторы кеден органына қаптамасының сыртында қайтарылу себебі көрсетілген, қайтарылатын халықаралық пошта жөнелтілімін және Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттарды ұсынады.

      15. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін және жөнелтушіге берілмеген жеке пайдалануға арналған тауарлар, Одақтың кедендік аумағына әкелінген мұндай тауарлар орамасының тұтастығын сақтаған жағдайда кедендік декларациялаусыз кеден органының рұсқатымен Одақтың кедендік аумағына әкелінеді.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуге кеден органының рұқсатын алу үшін тағайындалған пошта байланысының операторы кеден органына қаптамасының сыртында қайтарылу себебі көрсетілген, қайтарылатын халықаралық пошта жөнелтілімін және Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттарды ұсынады.

      16. Бос пошта ыдысы Одақтың кедендік шекарасы арқылы кеден органының рұқсатымен кедендік декларациялаусыз және кедендік рәсімдермен орналастырылмай өткізіледі.

      Одақтың кедендік шекарасы арқылы бос пошта ыдысын өткізуге кеден органының рұқсатын алу үшін тағайындалған пошта байланысының операторы кеден органына Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және бос пошта ыдысына ілеспе құжаттарды ұсынады.

      17. Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген, халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе және жолаушының кедендік декларациясы ретінде пайдаланылатын құжаттарда көрсетілген тауарлар туралы мәліметтердің, егер мұндай алшақтықтар іс жүзінде жөнелтілетін тауарларға қатысты тыйымдар мен шектеулерді қолдануға әкелмесе, іс жүзінде жөнелтілетін тауарлармен алшақтық фактілерінің анықталуына байланысты халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарудан бас тартқан жағдайда, мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдері, егер мұндай тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация немесе жолаушының кедендік декларациясы берілмесе, осы баптың 14-тармағында көзделген тәртіппен жөнелтушіге қайтаруға жатады.

      18. Одақтың кедендік шекарасы арқылы осы баптың 14 - 17-тармақтарында көрсетілген тауарларды өткізуге кеден органының рұқсаты осы баптың 14 - 16-тармақтарында көрсетілген құжаттарға тиісті белгілерді кеден органының қоюы жолымен ресімделеді.

287-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері

      1. Кедендік транзит кедендік рәсімі мыналарға қатысты:

      1) Одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық пошта жөнелтілімдері:

      оларды кету орнынан халықаралық пошта алмасу орнына (мекемесіне) не кету орнына дейін тасымалдаған кезде;

      халықаралық пошта алмасу орындары (мекемелері) арасында оларды тасымалдаған кезде;

      2) кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлары немесе осы Кодекстің 286-бабының 5-тармағында көрсетілген тауарлары бар Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін халықаралық пошта жөнелтілімдерін халықаралық пошта алмасу орнынан (мекемесінен) кету орнына дейін тасымалдаған кезде қолданылады.

      2. Халықаралық пошта жөнелтілімдері осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 22-тарауына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылады.

      3. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын, оның ішінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар тізбесін Комиссия айқындайды.

      Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттарды транзиттік декларация ретінде пайдаланған кезде мұндай транзиттік декларация электрондық түрде ұсынылмайды.

      4. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік транзит кедендік рәсімімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері бекітілген - халықаралық пошта жөнелтілімдерінің брутто салмағының 1 килограмы үшін 4 евро мөлшерінде есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы ретінде айқындалады. Бұл ретте мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерінің брутто салмағына жазбаша хат-хабарлардың (аэрограммалар, пошта карточкалары, хаттар мен зағиптерге арналған жөнелтілімдер) жекелеген түрлерінің салмағы қосылмайды.

      5. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы мынадай жағдайларда:

      1) декларант ретінде тағайындалған пошта байланысының операторы шықса;

      2) халықаралық пошта жөнелтілімдері халықаралық пошта алмасудың орнына (кәсіпорнына) жеткізуге жатса қамтамасыз етілмейді.

      6. Осы баптың 5-тармағының 2-тармақшасында көзделген, аумағында халықаралық пошта алмасу орны (кәсіпорны) орналасқан, мүше мемлекеттің тағайындалған пошта байланысының операторы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда, халықаралық пошта жөнелтілімдерінің декларантымен халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша бірдей міндетті болады.

      7. Осы Кодекстің 153-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде, кедендік әкелу баждары, салықтар осы баптың 4-тармағында белгіленген мөлшерде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету үшін төлеуге жатады. Бұл ретте мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерінің брутто салмағына жазбаша хат-хабарлардың (аэрограммалар, пошта карточкалары, хаттар мен зағиптарға арналған жөнелтілімдер) жекелеген түрлерінің салмағы қосылмайды.

288-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін халықаралық пошта алмасу орнындағы (мекемесіндегі) кедендік бақылау аймағына орналастыру кезінде оларға қатысты тағайындалған пошта байланысының операторында кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі

      1. Халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты тағайындалған пошта байланысының операторында кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет халықаралық пошта жөнелтілімдерін халықаралық пошта алмасу орнындағы (мекемесіндегі) кедендік бақылау аймағында халықаралық пошта жөнелтілімдерін орналастыру сәтінен бастап туындайды.

      2. Халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тағайындалған пошта байланысының операторында мынадай жағдайлар болған кезде тоқтатылады:

      1) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды оның алушысына халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды шығаруға байланысты бергенде;

      2) осы Кодекстің 286-бабының 14-тармағына немесе 17-тармағына сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды оның жөнелтушісіне қайтарғанда;

      3) осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу бойынша міндеттері орындалғанда;

      4) кеден органының мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан халықаралық почта жөнелтілімдерін жою және (немесе) қайтарусыз жоғалту фактісін не осы Кодекске сәйкес мұндай жоюға немесе қайтарусыз жоғалтуға дейін осы халықаралық почта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болған жағдайларды қоспағанда, қалыпты өткізу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде осындай халықаралық почта жөнелтілімдерін қайтарусыз жоғалту фактісін тану;

      5) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) халықаралық почта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды тәркілеу немесе олардың айналымы;

      6) кедендік органдардың осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес халықаралық почта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды ұстауы;

      7) қылмыстық іс және әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша өндіріс барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты егер бұрын мұндай тауарлардың шығаруы жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған халықаралық почта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастыру тоқтатылады.

      3. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет орындалуға жатады.

      4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:

      аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан оларды жою және (немесе) қайтарусыз жоғалтуды не қалыпты тасымалдау (өткізу) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде қайтарусыз жоғалтуды қоспағанда, халықаралық пошта жөнелтілімдерін жоғалтқан жағдайда - халықаралық пошта жөнелтілімдерін жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - мұндай жоғалтуды анықтаған күні;

      халықаралық пошта жөнелтілімдерін кеден органы халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды шығарғанға дейін алушыға берген жағдайда, - оларды алушыға берген күні, ал егер ондай күн белгіленбесе - мұндай айқындауды анықтаған күні халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу төлеу мерзімі болып саналады.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде, кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын осы Кодекстің 287-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерде қамтамасыз ету үшін төлеуге жатады. Бұл ретте мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерінің брутто салмағына жазбаша хат-хабарлардың (аэрограммалар, пошта карточкалары, хаттар мен зағиптерге арналған жөнелтімдер) жекелеген түрлерінің салмағы қосылмайды.

41-тарау

Құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі мен шартының ерекшеліктері

289-бап. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі және шарты туралы жалпы ереже

      Осы тарауда құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі мен шартының ерекшеліктері, мұндай тауарларды кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібінің ерекшеліктері, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері айқындалады.

290-бап. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау және Одақтың кедендік аумағына әкелу, Одақтың кедендік аумағынан әкету ерекшеліктері

      1. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуге осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен олар орналастырылғаннан кейін, егер бұл мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделсе, - кедендік рәсімге сәйкес кедендік декларациялағаннан кейін жол беріледі.

      2. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен олар орналастырылғаннан кейін Одақтың кедендік аумағынан әкетуге жол беріледі.

      3. Кеден органына кедендік декларацияны берген кезде құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды ұсыну талап етілмейді.

      4. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу және Одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде тауарларды араластыруға, сондай-ақ мүше мемлекеттердің қолданыстағы техникалық регламенттеріне және стандарттарына сәйкес тауарларды тасымалдаудың технологиялық ерекшеліктерінің және спецификалық сипаттамасының салдарынан тауарлардың санын және жай-күйін (сапасын) өзгертуге жол беріледі.

      5. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың саны мен (немесе) сапасы осы Кодекстің 292-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есептеу құрылғыларының көрсеткіштері негізінде, ал олар болмаған кезде - егер өлшеудің мұндай құралдары мен әдістерін қолдану мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, мұндай тауарлардың өзге құралдарының және мөлшерін өлшеу әдістері көрсеткіштерінің негізінде, сондай-ақ тиісті шарттар бойынша іс жүзінде жеткізілген тауарлар туралы құжаттардың, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды қабылдап тапсыру-беру актілерінің (қабылдау-тапсыру), мұндай тауарлардың сапа сертификаттарының және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын есептік кезең ішінде құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың өндірілген, жеткізілген және тұтынылған көлемдерінің атаулы бөлінуін растайтын өзге де құжаттардың негізінде айқындалады.

      6. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалады.

      7. Одақтың кедендік аумағында құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарларды, егер бұл құбыржол көлігімен өткізілетін кедендік бақылаудағы Одақтың тауарлары мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленсе, құбыржол көлігінен көліктің өзге түрлеріне не көліктің өзге түрінен құбыржол көлігіне қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) қызмет өңірінде мұндай жүк операциясы жасалатын кеден органының рұқсатымен жол беріледі.

      8. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар туралы ақпарат алмасу бойынша, оның ішінде мұндай тауарлар бірнеше мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша өткізілген жағдайда, құбыржол көлігін пайдалана отырып, аралас тасымалдауды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара іс-қимыл тәртібін Комиссия айқындайды.

      9. Мүше мемлекеттердің заңнамасында құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері, сондай-ақ кеден органдарының осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарда белгі қою ерекшелігі белгіленуі мүмкін.

291-бап. Электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау және Одақтың кедендік аумағына әкелу, Одақтың кедендік аумағынан әкету ерекшеліктері

      1. Электр беру желісі бойынша (бұдан әрі осы бапта - электр энергиясы) өткізілетін тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуге және Одақтың кедендік аумағынан әкетуге кеден органына кедендік декларацияны бергенге дейін жол беріледі.

      2. Электр энергиясын ішкі тұтыну үшін шығару немесе экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін кедендік декларация, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік реттеу туралы өзге мерзім белгіленбесе, оны іс жүзінде жеткізуде әрбір күнтізбелік айдан кейінгі күнтізбелік айдың соңғы күнінен кешіктірілмей беріледі.

      3. Кедендік декларацияны берген кезде электр энергиясын кеден органына ұсыну талап етілмейді.

      4. Одақтың кедендік аумағына әкелінген немесе Одақтың кедендік аумағынан әкетілген электр энергиясының нақты мөлшері кедендік декларациялауға жатады.

      Электр энергиясының мөлшері, егер электр энергиясының мөлшерін анықтаудың өзгеше тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленбесе, технологиялық келісілген және электр энергиясының өтуін белгілейтін жерлерде орнатылған есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің, тиісті шарт бойынша электр энергиясын іс жүзінде жеткізу туралы актілердің, тапсыру-қабылдау (қабылдау - тапсыру) актілерінің және электр энергиясының сальдо-артық легі ретінде (кернеудің барлық сыныптарының барлық жұмыс істеп тұрған мемлекетаралық электр беру желілері бойынша қарсы бағыттардағы электр энергиясы артық легінің алгебралық сомасы) электр энергиясының іс жүзінде өтуін растайтын басқа да құжаттардың негізінде әрбір күнтізбелік ай үшін айқындалады.

      Егер бұл мемлекетаралық электр беру желілерін пайдалану және мемлекетаралық электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу үшін жауапты ұйымдар арасында жасалған электр энергиясының артық легінің есепке алуын ұйымдастыру туралы келісімдерде көзделсе, электр энергиясының сальдо-артық легінің есептелген мәні электр энергиясын өткізген кезде қолданатын мұндай келісімдерге сәйкес айқындалатын желілерде электр энергиясының жоғалу шамасына түзетулер енгізіледі.

      5. Энергожүйенің қатарласа жұмыс істеп, жоспардан тыс (технологиялық) электр энергиясының сальдо-артық легін кедендік декларациялау ерекшеліктері мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларында белгіленеді.

      6. Одақтың тауары мәртебесіне ие электр энергиясы, Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне өткізу үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмайды.

      7. Одақтың тауары мәртебесіне ие электр энергиясы, Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы өткізілген кезде, оның аумағынан мұндай тауарлардың өткізілуі басталатын мүше мемлекеттің жөнелтушісі (жөнелтушілері) немесе тасымалдаушысы (тасымалдаушылары), және оның аумағында мұндай тауарлардың өткізілуі аяқталатын мүше мемлекеттің алушысы (алушылары) немесе тасымалдаушы (тасымалдаушылары) тауарларды өткізу күнтізбелік айдан кейінгі күнтізбелік айдың соңғы күніне дейін не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін, аумағында жөнелтуші (жөнелтушілер), алушы (алушылар) немесе тасымалдаушысы (тасымалдаушылар) тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органына (кеден органдарына) мынадай мәліметтерді көрсете отырып, өтініш ұсынады:

      1) электр беру желісі бойынша өткізілген электр энергиясы жөнелтушісінің және алушысының атауы;

      2) оның негізінде электр энергиясының өткізілуі жүзеге асырылатын шарт қорытындысының нөмірі мен күні;

      3) электр энергиясын өткізу кезеңі;

      4) өткізілген электр энергиясының мөлшері;

      5) электр энергиясының өткізілуі жүзеге асырылған электр энергиясын есепке алу аспаптарын орнату орындарының атауы және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің атауы.

      8. Мүше мемлекеттердің заңнамасында осы баптың 7-тармағында көрсетілген өтініштің Одақтың тауары мәртебесіне ие электр энергиясы Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы өткізілген кезде ұсынылмайтындығы көзделуі мүмкін.

      9. Электр беру желілері бойынша Одақтың тауары мәртебесіне ие электр энергиясын Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы өткізген кезде, электр энергиясы Одақтың тауары мәртебесін сақтайды.

      10. Одақтың кедендік аумағы арқылы электр энергиясын өткізген кезде оның аумағы бойынша мұндай тауарлардың өткізілуі жүзеге асырылған мүше мемлекеттің тасымалдаушысы (тасымалдаушылары) электр энергиясын өткізу күнтізбелік айдан кейінгі күнтізбелік айдың соңғы күніне дейін не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін, аумағында тасымалдаушы (тасымалдаушылар) тіркелген мүше мемлекеттің кеден органына (кеден органдарына) есептік кезең ішінде электр энергиясының өткізілген көлемдері туралы мәліметтерді және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін өзге де мәліметтерді көрсете отырып өтінішті ұсынады.

      11. Электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарлар бірнеше мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша өткен жағдайда, мұндай тауарлар туралы ақпарат алмасу бойынша мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара іс-қимыл тәртібін Комиссия айқындайды.

      12. Мүше мемлекеттердің заңнамасында электр беру желісі өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылау ерекшеліктері, сондай-ақ кеден органдарының осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарда белгі қою ерекшелігі белгіленуі мүмкін.

292-бап. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін пайдалану

      1. Одақтың кедендік аумағынан әкетіліп, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде, оның аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады:

      1) мұндай тауарлардың жөнелтуші елі болып табылатын мүше мемлекет;

      2) кеден органдары лауазымды тұлғаларының осы есепке алу аспаптарына қол жетімділік тәртібін айқындайтын шектес мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шарттары болған кезде шектес мемлекет;

      3) егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, соның негізінде мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін мәміленің шарттарына сәйкес айқындалған орындарда, шектес және (немесе) өзге мемлекеттер.

      2. Одақтың кедендік аумағына әкелініп, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде оның аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады:

      1) мұндай тауарлардың межелі елі болып табылатын мүше мемлекет;

      2) кеден органдары лауазымды тұлғаларының осы есепке алу аспаптарына қол жетімділік тәртібін айқындайтын шектес мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шарттары болған кезде шектес мемлекет;

      3) егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, соның негізінде мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінетін мәміленің шарттарына сәйкес айқындалған орындардағы, шектес және (немесе) өзге мемлекеттер.

      3. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін электр энергиясын кедендік декларациялау кезінде оның аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады:

      1) мұндай электр энергиясының жөнелтуші елі болып табылатын мүше мемлекет;

      2) кеден органдары лауазымды тұлғаларының осы есепке алу аспаптарына қол жетімділік тәртібін айқындайтын шектес мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шарттары болған кезде шектес мемлекет;

      3) егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, мемлекетаралық электр беру желілерін пайдалану және мемлекетаралық электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу үшін жауапты ұйымдар арасында электр энергиясының артық легінің есепке алуын ұйымдастыру туралы жасалған келісімнің шарттарына сәйкес айқындалған орындардағы шектес және (немесе) өзге мемлекеттер.

      4. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін электр энергиясын кедендік декларациялау кезінде оның аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады:

      1) мұндай электр энергиясының межелі елі болып табылатын мүше мемлекет;

      2) кеден органдары лауазымды тұлғаларының осы есепке алу аспаптарына қол жетімділік тәртібін айқындайтын шектес мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шарттары болған кезде шектес мемлекет;

      3) егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, мемлекетаралық электр беру желілерін пайдалану және мемлекетаралық электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу үшін жауапты ұйымдар арасында электр энергияның артық легінің есепке алуын ұйымдастыру туралы жасалған келісімнің шарттарына сәйкес айқындалған орындардағы шектес және (немесе) өзге мемлекеттер.

      5. Осы баптың 1 - 4-тармақтарында көрсетілген, олардың көрсеткіштері тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының болу орындарының тізбесі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалуы мүмкін.

      6. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары істен шыққан жағдайда, кедендік декларациялау мақсаттары және кедендік бақылау жүргізу үшін тасымалдаушының өткізілген тауарлардың нақты саны туралы мәліметі пайдаланылады.

      7. Одақтың кедендік аумағында орналасқан құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріндегі ақпаратқа санкцияланбаған қол жетімділікті және өзгертуді болдырмау мақсатында, кеден органдары мұндай аспаптарға сәйкестендіру құралдарын қояды.

      Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған объектінің иесі немесе оған уәкілетті тұлға, аумағында кедендік бақылау жүргізу және сәйкестендіру құралдарын қою (алу) үшін мұндай есепке алу аспаптары орналасқан мүше мемлекет кеден органдарының уәкілетті лауазымды тұлғаларының мұндай есепке алу аспаптарына қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті

      8. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған объектінің иесі немесе оған уәкілетті тұлға, құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу (өлшеу) тәртібі және (немесе) қолданылатын тәсілі туралы ақпаратты кеден органына мынадай жағдайда:

      1) қызмет өңірінде мұндай тауарларды есепке алу аспаптарын орнату орны бар кеден органының сұрау салуы бойынша;

      2) құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу (өлшеу) тәртібі және (немесе) қолданылатын тәсілі өзгерген кезде ұсынады.

      9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген ақпарат кеден органынан сұрау салуды алған немесе құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу (өлшеу) тәртібі және (немесе) қолданылатын тәсілі өзгерген күннен кейінгі күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылуы тиіс.

      10. Идентификаттау құралдарын салуды (алуды), аумағында құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған мүше мемлекеттің кеден органдары объекті иесінің немесе оған уәкілетті тұлғаның қатысуымен жүзеге асырылады.

      Идентификаттау құралдарын салу (алу) нәтижелері бойынша, оның аумағында есепке алу аспаптары орнатылған мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген нысан бойынша акті жасалады.

      11. Егер құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған объектінің иесі немесе оған уәкілетті тұлға салынған идентификаттау құралдарының тұтастығын бұзуға және (немесе) бөлшектеуге байланысты жабдықтың ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізген жағдайда, ол туралы қызмет өңірінде мұндай тауарларды есепке алу аспаптарын орнату орындары бар кеден органына, оларды өткізу күнін және ұзақтығын көрсете отырып көрсетілген жұмыстардың жүргізуін бастағанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын хабардар етеді.

      Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған объектінің иесі немесе оған уәкілетті тұлға тауарлардың немесе авариялық және өрт қауіпті жағдайлардың санын және сапасын өлшеу жүйесі жұмысының бұзылу қаупі туындаған жағдайда, қызмет өңірінде мұндай тауарларды есепке алу аспаптарын орнату орындары бар кеден органына, кейіннен салынған идентификаттау құралдарының бұзылуына әкелген себептер туралы хабардар етіп, мұндай қауіптің алдын алу және оны жою бойынша жұмыстардың өткізілгені туралы хабарлайды.

293-бап. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды идентификаттау

      Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды идентификаттау жүзеге асырылмайды, бұл кедендік мақсаттарда кеден органдарына тауарлардың санын, сапасын және басқа да сипаттамаларын құжаттарда бар мәліметтерді, есептеуіштердің және басқа да өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін пайдалана отырып белгілеуге кедергі келтірмейді.

294-бап. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері

      1. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін онда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:

      "әкелу орны" - көрсеткіштері Одақтың кедендік аумағына құбыржол көлігімен әкелінетін тауарлардың санын анықтау үшін пайдаланылатын, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны;

      "әкету орны" - көрсеткіштері Одақтың кедендік аумағынан құбыржол көлігімен әкетілетін тауарлардың санын анықтау үшін пайдаланылатын, Одақтың кедендік аумағы арқылы құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны;

      "межелі орны" - аумағында мұндай тауарлардың өткізілуі аяқталатын, көрсеткіштері тауарлардың санын (жалпы санын) анықтау мақсатында пайдаланылатын мүше мемлекетте орналасқан, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны, ал аумағында тауарлардың өткізілуі аяқталатын мүше мемлекеттің аумағында мұндай аспаптар орнатылғанға дейін - басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан және мұндай тауарларды алып жүру жолында соңғысы болып табылатын, тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны;

      "жөнелту орны" - аумағынан осындай тауарлар жөнелтіле бастайтын, көрсеткіштері тауарлардың санын (жалпы санын) айқындау мақсатында пайдаланылатын, мүше мемлекетте орналасқан, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны, ал аумағынан тауарлардың өткізілуі басталатын мүше мемлекеттің аумағында мұндай аспаптар орнатылғанға дейін - басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан және мұндай тауарларды алып жүру жолында соңғысы болып табылатын, тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны;

      2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылады:

      1) Одақтың кедендік аумағы бойынша оларды тасу (тасымалдау) үшін мынадай жағдайларда:

      құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарлар әкелу орнынан әкету орнына дейін тасылады (тасымалданады);

      құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарлар әкелу орнынан межелі орнына дейін тасылады (тасымалданады);

      құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарлар және экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған, құбыржол көлігімен өткізілетін Одақ тауарлары осы Кодекстің 142-бабы 2-тармағы 1-тармақшасының екінші абзацына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда жөнелту орнынан әкету орнына дейін тасылады (тасымалданады);

      құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарлар жөнелту орнынан межелі орнына дейін тасылады (тасымалданады);

      2) егер құбыржол көлігімен өткізілетін Одақ тауарлары әкету орнынан әкелу орнына дейін тасылса (тасымалданса), Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы оларды тасу (тасымалдау) үшін.

      3. Одақтың кедендік аумағы бойынша тасу (тасымалдау) үшін, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар, егер мұндай тасу (тасымалдау) басталғанға дейін осы тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен, кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен немесе кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырылса, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмайды.

      Кедендік транзиттің кедендік рәсімі, егер мұндай тасу (тасымалдау) табиғи газды құбыржол көлігімен тасудың (тасымалдаудың) технологиялық ерекшеліктеріне негізделсе, уақытша әкету кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағынан бұрын әкетілген, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған табиғи газды Одақтың кедендік аумағы бойынша тасу (тасымалдау) үшін қолданылмайды.

      4. Декларант кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес іс жүзінде тасылған (тасымалданған), құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар туралы нақты мәліметтер аумағында кедендік транзиттің кедендік рәсімімен тауарлар орналастырылған мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған мерзімде жеткізудің әрбір күнтізбелік айы үшін ұсынуға міндетті.

      5. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзитінің кедендік рәсімінің әрекеті:

      1) әкелу орнынан немесе жөнелту орнынан әкету орнына дейін тасылатын (тасымалданатын) шетелдік тауарларға, сондай-ақ жөнелту орнынан әкету орнына дейін тасылатын (тасымалданатын), осы Кодекстің 142-бабы 2-тармағы 1-тармақшасының екінші абзацына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларына қатысты - осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген кедендік декларациялаудың ерекшеліктеріне сәйкес берілетін кедендік декларацияда кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы кеден органының белгі қоюы арқылы тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін;

      2) жөнелту орнынан немесе әкелу орнынан межелі орынға дейін тасылатын (тасымалданатын) шетелдік тауарларға қатысты - осы баптың 4-тармағына сәйкес іс жүзінде тасылған (тасымалданған) тауарлар туралы нақты мәліметтерді кеден органына табыс ету үшін белгіленген мерзім шегінде не осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген кедендік декларациялаудың ерекшеліктеріне сәйкес берілетін кедендік декларацияда кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы кеден органының белгі қоюы арқылы шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсіммен тауарларды межелі орынға орналастырумен;

      3) әкету орнынан әкелу орнына дейін тасылатын (тасымалданатын) Одақ тауарларына қатысты - тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелгеннен кейін және осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген кедендік декларациялаудың ерекшеліктеріне сәйкес берілетін кедендік декларацияда кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы кеден органы белгі қойғаннан кейін аяқталады.

      6. Мүше мемлекеттерде қолданылатын техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес тасудың (тасымалдаудың) технологиялық ерекшеліктеріне байланысты құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған, Одақтың кедендік аумағы арқылы тасылатын (тасымалданатын) тауарлардың ерекше сипаттамаларын өзгертуге жол бeріледі.

      7. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес осы Кодекстің 144, 145, 147-баптарының, 148-бабы 1 және 2-тармақтарының, 151 - 153, 304 - 306, 309, 343, 344 және 364-баптарының ережелері қолданылмайды.

      8. Құбыржол көлігімен өткізілетін, бірнеше мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасылатын (тасымалданатын) шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану Одақ шеңберінде халықаралық шартқа сәйкес, ал мұндай халықаралық шарт қабылданғанға дейін - мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.

295-бап. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу

      1. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларга қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет декларантта кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.

      2. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар орын алған кезде:

      1) осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының 1 және 2-тармақшаларына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы;

      2) осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;

      3) мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жойылуы және (немесе) қайтарымсыз жоғалту фактісін не осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалтуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, тасудың (тасымалдау) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему нәтижесінде мұндай тауарларды қайтарымсыз жоғалту фактісін кеден органының тануы;

      4) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту;

      5) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 113-бабына сәйкес транзиттік декларацияны кері қайтару және (немесе) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлар шығару тоқтатылады.

      3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының 1 және 2-тармақшаларына сәйкес шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған жағдайда орындалады.

      Көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде шетелдік тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғандай болып төленеді.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін транзиттік декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

      5. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды осы Кодекстің 129-бабы 7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырған немесе кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетті орындағаннан және (немесе) оларды өндіріп алғаннан (толық немесе ішінара) кейін кеден органдары мұндай тауарларды осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес ұстаған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомалары осы Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) болады.

      6. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы тасылатын (тасымалданатын) Одақ тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта транзиттік декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.

      7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген Одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар орын алған кезде:

      1) осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының 1 және 3-тармақшаларына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы;

      2) кедендік әкету баждарын осы баптың 9-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;

      3) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарудан бас тарту;

      4) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 113-бабына сәйкес транзиттік декларацияны кері қайтару және (немесе) осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлар шығару тоқтатылады.

      8. Кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының 1 және 3-тармақшаларына сәйкес Одақ тауарларына қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған жағдайда орындалады.

      Көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде Одақ тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру күні кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.

      9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкету баждары құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы тасылатын (тасымалданатын) Одақ тауарлары кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылғандай болып төленеді.

      Кедендік әкету баждарын есептеу үшін транзиттік декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болған кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

42-тарау

Тұлғалардың жекелеген санаттарының Одақтың кедендік шекарасы арқылы дипломатиялық пошта мен консулдық вализа тауарларын өткізудің тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері

296-бап. Тұлғалардың жекелеген санаттарының Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері туралы жалпы ережелер

      1. Одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына және мүше мемлекеттер, өзге де ұйымдар немесе олардың өкілдіктері арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес артықшылықтарды және (немесе) иммунитеттерді пайдаланатын халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына және мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес артықшылықтарды және (немесе) иммунитеттерді пайдаланатын жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының жеке пайдалануына арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда осы тараудың ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      2. Одақтың кедендік аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналы (қызметкерлері, лауазымды адамдары) мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің қызметкерлері, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналы және олардың отбасы мүшелері жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы осы Кодекске сәйкес мұндай тұлғаларға мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарымен және мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттармен берілген артықшылықтардың және (немесе) иммунитеттердің көлемі ескеріле отырып өткізіледі.

297-бап. Одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануына арналған тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру

      1. Одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің ресми пайдалануына арналған, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодекстің 36-тарауына сәйкес арнаулы кедендік рәсіммен не осы Кодексте көзделген өзге де кедендік рәсімдермен осы баптың ережелері ескеріле отырып орналастырылады.

      2. Одақтың кедендік аумағында орналасқан мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, оларға қатысты мүше мемлекеттердің аумағында орналасқан мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына және мүше мемлекеттердің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдерінің арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату көзделген жеке пайдалануға арналған тауарлары, оларға қатысты осы мүше мемлекеттің халықаралық шарттарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату көзделген осы Кодекстің 36-тарауына сәйкес арнайы кедендік рәсімдермен не осы баптың ережелері ескеріле отырып осы Кодексте көзделген өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылады.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тауарларды арнаулы кедендік рәсімді қоспағанда өзге кедендік рәсіммен орналастырған кезде Одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері, өзге де ұйымдар немесе олардың өкілдіктері Одақ туралы шартқа сәйкес көзделген, кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктерді және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдалануға құқылы.

      4. Осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тұлғалар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлардың декларанттары болып табылады.

298-бап. Дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу шарттары

      1. Егер дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелері болу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмаса және мұндай мүше мемлекеттің азаматтары болмаса, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері, егер ол болу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің азаматтары болып табылмаса, олар:

      1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, Одақтың кедендік аумағына:

      болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес расталатын, осы мемлекетте мұндай тұлғаларға артықшылықтар беру мерзімінде жеке пайдалану үшін көлік құралдарын;

      бастапқы жайғасуға арналған тауарларды қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге;

      2) кедендік баждарды төлемей, Одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды әкетуге құқылы.

      2. Егер консулдық мекемелердің басшылары және консулдық мекемелердің өзге де консулдық лауазымды адамдары, олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері болу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмаса және осындай мүше мемлекеттің азаматтары болмаса, олар:

      1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, Одақтың кедендік аумағына:

      болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес расталатын, осы мемлекетте мұндай тұлғаларға артықшылықтар беру мерзімінде жеке пайдалану үшін көлік құралдарын;

      бастапқы жайғасуға арналған тауарларды қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге;

      2) кедендік баждарды төлемей Одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды әкетуге құқылы.

      3. Осы баптың 2-тармағының ережелері:

      1) құрметті консулдық лауазымды адамдар;

      2) консулдық ұйымда қызмет арқаратындар, құрметті консулдық қызметшілерді басқаратындар;

      3) осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көрсетілген адамдардың отбасы мүшелері Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген кезде қолданылмайды.

      4. Мүше мемлекетте тұрақты тұрмайтын, мұндай мүше мемлекеттің азаматы болып табылмайтын, дипломатиялық өкілдерінің басшылары, дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық персоналының мүшелері, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, егер олар келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің азаматы болып табылмаса және мұндай мүше мемлекеттің азаматы болып табылмаса, оларды әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған не шектелген немесе мұндай тауарларға қатысты әкелу және (әкету) рұқсат тәртібі қолданылатын, сондай-ақ оларға санитариялық, ветеринаринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар мен радиациялық талаптары қолданылатын тауарлар бар екеніне елеулі негіздемелер болмаса, кедендік тексеріп-қараудан босатылады. Мұндай тауарларды кедендік тексеріп қараудан өткізу тек осы адамдардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

      5. Консулдық мекемелердің басшылары және консулдық мекемелердің өзге де лауазымды тұлғалары, егер олар болу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмайтын болса және осындай мүше мемлекеттің азаматы болмаса, олар өзімен бірге алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ олармен бірге тұратын көрсетілген отбасы мүшелері өзімен бірге алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, егер олар келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің азаматы болып табылмаса және мұндай мүше мемлекеттің азаматы болып табылмаса, оларды әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған не шектелген немесе мұндай тауарларға қатысты әкелу және (әкету) рұқсат тәртібі қолданылатын, сондай-ақ оларға санитариялық, ветеринаринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар мен радиациялық талаптар қолданылатын тауарлар бар екеніне елеулі негіздемелер болмаса, кедендік тексеріп-қараудан босатылады. Мұндай тауарларды кедендік тексеріп қараудан өткізу тек көрсетілген адамдардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс.

      6. Егер мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттары және соның ішінде тұрақты тұратын және (немесе) мемлекеттің азаматтары болып табылатын, осы бапта көрсетілген жеке тұлғалар үшін мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттар, осы бапқа қарағанда артықшылықтар мен иммунитеттердің үлкен көлемі қарастырылса, онда мұндай тұлғаларға Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында және мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердің көлемі ұсынылады.

299-бап. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерінің, консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персонал жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды тасымалдау шарттары

      1. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналының мүшелері және олармен бірге тұрып жатқан олардың отбасы мүшелері, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілері, егер олар келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмаса және мұндай мүше мемлекеттің азаматы болып табылмаса:

      1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып Одақтың кедендік аумағына бастапқы жайғасуға арналған:

      келу мемлекетінде мұндай адамдарға осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес расталатын артықшылықтарды ұсыну мерзіміне жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын;

      жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге;

      2) Одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік баждарды төлемей әкетуге құқылы.

      2. Консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерімен бірге тұратын, келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмайтын және мұндай мүше мемлекеттің азаматы болып табылмайтын олардың отбасы мүшелері, егер олар келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмаса және мұндай мүше мемлекеттің азаматы болып табылмаса:

      1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып Одақтың кедендік аумағына бастапқы жайғасуға арналған:

      келу мемлекетінде мұндай адамдарға осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес расталатын артықшылықтарды ұсыну мерзіміне жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын;

      жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге;

      2) Одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік баждарды төлемей әкетуге құқылы.

      3. Консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персонал жұмыскерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері, егер олар келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмаса, егер бұл мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында немесе мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарда көзделсе, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып Одақтың кедендік аумағына келу мемлекетінде мұндай адамдарға осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес расталатын артықшылықтарды ұсыну мерзіміне жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын және жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге құқылы.

      4. Егер осы бапта көрсетілген, оның ішінде келу мемлекетінің азаматтары болып табылатын және (немесе) онда тұрақты тұратын жеке тұлғалар үшін мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында және мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарда осы бапта көзделген көлемнен астам артықшылықтар мен иммунитеттер көлемі көзделсе, онда мұндай адамдарға Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты мұндай мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында және мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер көлемі ұсынылады.

300-бап. Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттер делегациялары өкілдерінің және мүшелерінің Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуі

      Одақ мүшесі, мұндай мемлекеттердің парламенттік және үкіметтік делегациялар мүшелері болып табылмайтын, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер делегацияларының өкілдерімен әрбір жекелеген мүше мемлекетке қатысты өзара түсіністік қағидатынан шыға отырып, мүше мемлекеттердің аумағына халықаралық келіссөздерде, халықаралық конференцияларға және кеңестерге немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетін мемлекеттер өкілдерінің, сондай-ақ көрсетілген тұлғалармен ілесіп жүрген олардың отбасы мүшелері өзімен бірге алып жүретін немесе алып жүрмейтін багажда Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, мұндай багажда оларға қатысты әкелу және (немесе) әкету тыйым салуы енгізілген немесе мұндай тауарларға әкелу және (немесе) әкетудің рұқсат беру тәртібі қолданылатын, сондай-ақ оларға санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар және радиациялық талаптар қолданылатын тауарлар бар екеніне елеулі негіздер болмаған кезде кедендік тексерін қараудан босатылады. Мұндай тауарларға кедендік тексеріп қарау көрсетілген тұлғалардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізілуі тиіс.

301-бап. Дипломатиялық поштаны және консулдық вализаларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу

      1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін дипломатиялық поштаны ашуға не ұстауға болмайды.

      2. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін консулдық вализаны ашуға не ұстауға болмайды.

      Консулдық вализарда ресми пайдалануға ғана арналмаған құжаттар және (немесе) тауарлар бар екеніне елеулі негіздер болмаған кезде кеден органы ұсынатын мемлекеттің уәкілетті тұлғаларының консулдық вализаны кеден органының лауазымды тұлғасының қатысуымен ашуын талап етуге құқылы. Ашудан бас тартылған жағдайда, консулдық вализа жөнелту жеріне қайтарылады.

      3. Дипломатиялық поштаны және консулдық вализаны құрайтын барлық орындарда осы орындардың сипатын көрсететін сыртқы көрнекі белгісі болуға тиіс.

      4. Дипломатиялық пошта ресми пайдалануға ғана арналған дипломатиялық құжаттар мен тауарларды, ал консулдық вализа - ресми пайдалануға ғана арналған ресми хат-хабарларды, құжаттарды және тауарларды қамтуы мүмкін.

      5. Дипломатиялық поштаны және консулдық вализаны Одақтың кедендік шекарасы арқылы дипломатиялық және консулдық курьерлер өткізеді. Дипломатиялық пошта және консулдық вализа сондай-ақ осы дипломатиялық поштаны және консулдық вализаны ғана тасымалдауға тағайындалған дипломатиялық және консулдық курьерлерге не азаматтық әуе кемесі экипажының командиріне сеніп тапсырылуы мүмкін.

      Көрсетілген дипломатиялық және консулдық курьерлерде дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны құрайтын орын саны мен олардың мәртебесі көрсетілетін курьерлік парақ не оны алмастыратын өзге ресми құжат болуы тиіс. Курьерлік параққа не оны алмастыратын өзге ресми құжатқа дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны жөнелтетін мекеме қол қояды және мөрімен бекітеді.

      Азаматтық әуе кемесі экипажының командиріне сеніп тапсырылған дипломатиялық пошта мен консулдық вализа дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны құрайтын орын саны көрсетілетін ресми құжатпен бірге жөнелтілуге тиіс.

      6. Дипломатиялық және консулдық курьерлер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік тексеріп қараудан босатылып және кедендік баждарды, салықтарды төлемей әрбір жекелеген мемлекетке қатысты өзара түсіністік қағидатынан шыға отырып жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуі мүмкін.

      7. Дипломатиялық пошта мен консулдық вализа Одақтың кедендік шекарасы арқылы кеден органының рұқсатымен кедендік декларациялаусыз және кедендік рәсіммен орналастырылмай өткізіледі.

      Дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге кеден органының рұқсатын алу үшін кеден органына осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.

      Дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге кеден органының рұқсаты осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттарға кеден органының тиісті белгілерін қою жолымен ресімделеді.

43-тарау

Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері

302-бап. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы жалпы ережелер

      1. Осы тарауда Одақтың кедендік шекарасы арқылы Одақтың тауарларын, оның ішінде пошта жөнелтілімдерінде жөнелтілетін және Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды қоспағанда, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын, осы баптың 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды өткізу тәртібінің және шарттарының ерекшеліктері айқындалады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі және мұндай тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуі осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 14 және 15-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Одақтың тауарлары, оларды Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау үшін осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда Одақтың мұндай тауарларының өткізілуін (тасымалдауын) қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.

      4. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен, ішкі тұтынуға қайта өңдеу кедендік рәсімімен, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіммен орналастырылған шетелдік тауарлар, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде немесе ішкі тұтынуға қайта өңдеу бойынша операциялардың нәтижесінде (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар) алынған (қалыптасқан) шетелдік тауарлар, оларды Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау үшін осы баптың 5-тармағының l-тармақшасында көзделген жағдайларда мұндай шетелдік тауарлардың өткізілуін (тасымалдауын) қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.

      Осы тармақтың ережесі халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде пайдаланылатын уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіммен орналастырылған көлік құралдарына қолданылмайды.

      5. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен өткізу (тасымалдау) үшін кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастыруға жатпайды:

      1) Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында тиісінше әуе кемесі қонуды не Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің порттарына су кемесі кіруді жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын шетелдік тауарлар және осы баптың 4-тармағында көрсетілген Одақтың тауарлары (бұдан әрі - осы тарауда Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумақтарында әуе кемесі қонуды не мұндай мемлекеттің портына су кемесі кіруді жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарлары және шетелдік тауарлар);

      2) кету орнына жеткізу үшін көліктің кез келген түрімен өткізілетін (тасымалданатын) Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен өткізуге (тасымалдауға) жататын экспорт кедендік рәсіммен орналастырылған Одақтың тауарлары;

      3) құрылыс (құру, құрылыс), мүше мемлекеттің айрықша заңдық құзыры болатын мүше мемлекеттердің аумағынан тыс орналасқан қондырғылардың, құрылыстардың, жасанды аралдардың жұмыс істеуін (пайдалануын, қолдануын) және тіршілік етуін қамтамасыз ету мақсатында әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарлары (бұдан әрі аталған тарауда - объектілер);

      4) бұрын объектілерге Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінен әкелінген Одақтың тауарлары, сондай-ақ көмірсутек шикізатын қоса алғанда, мүше мемлекеттердің құрылықтық қайраңында орналасқан объектілерде өндірілген Одақтың тауарлары және (немесе) олардың қайта өңдеу өнімдері.

      6. Құрылыс (құру, құрылыс), объектілерде жұмыс істеуді (пайдалануын, қолдануын) және тіршілік етуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мүше мемлекеттің аумағы мен объектілер арасында жеке тұлғалардың және тауарлардың тасымалын жүзеге асыратын әуе және су кемелеріне қалыпты пайдалануын және техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарлары Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен мүше мемлекеттердің құрылықтық қайраңын қоса алғанда, егеменді құқықтары мен айрықша заңдық құзыры болатын мүше мемлекеттің аумағына өткізу (тасымалдау) үшін кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастыруға жатпайды.

      7. Осы баптың 5-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген, осы баптың 5-тармағының 1-тармақшасына сәйкес тасымалданатын Одақтың тауарларына қатысты Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесі қонуды не мұндай мемлекеттің портына су кемесі кіруді жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарларын және шетелдік тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің тәртібін және шарттарын реттейтін осы тараудың ережесі қолданылады.

      8. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырған кезде туындамайды.

      9. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен өткізілетін (тасымалданатын) жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.

303-бап. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырмай жасау ерекшеліктері және мұндай тауарлардың мәртебесі

      1. Осы Кодекстің 14-тарауының ережесі Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесі қонуды не мұндай мемлекеттің портына су кемесі кіруді жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарларына және шетелдік тауарларға қатысты, тек мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағына, оның ішінде қонғаннан кейін тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің мәжбүрлі қонуынан кейін, не авариядан, еңсерілмейтін күштің әсерінен не өзге де жағдайлар салдарынан, оның ішінде кіргеннен кейін тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекет портына су кемесі мәжбүрлі кіргеннен кейін келген жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.

      2. Осы Кодекстің 15-тарауының ережесі Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесі қонуды не мұндай мемлекеттің портына су кемесі кіруді жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарларына және шетелдік тауарларға қатысты қолданылмайды.

      3. Одақтың тауарларын және шетелдік тауарларды тасымалдау кезінде мемлекеттің аумағына, оның ішінде қонғаннан кейін тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің тиісті мәжбүрлі қонуы не авариядан, еңсерілмейтін күштің әсерінен не өзге де жағдайлар салдарынан, оның ішінде кіргеннен кейін тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекет портына су кемесінің мәжбүрлі кіруі болған, осы Кодекстің 302-бабы 4-тармағында көрсетілген олардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы кеден органын хабардар еткеннен кейін, тасымалдаушы не осы Кодекстің 83-бабында көрсетілген өзге де тұлғалар жасауға міндетті кедендік операцияларды, сондай-ақ осы операциялар жасалуы тиіс мерзімді Комиссия айқындайды.

      4. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесі қонуды не мұндай мемлекеттің портына су кемесі кіруді жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарлары және шетелдік тауарлар, мұндай тасымалдаудан кейін тиісінше Одақтың тауарлары және шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

      5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарларды тасымалдау кезінде әуе кемесі Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағына тиісті мәжбүрлі қонған болса, оның ішінде қонған кезде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған не аварияның, еңсерілмейтін күштің әсерінен не өзге де жағдайлар салдарынан Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің портына кірсе, оның ішінде кіру кезінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған жағдайда:

      1) Одақтың кедендік аумағына тауарлар әкелінгеннен кейін бұл тауарлардың осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағында көрсетілген Одақ тауарлары немесе шетелдік тауарлар сияқты мәртебесі Комиссия айқындайтын тәртіппен расталады;

      2) тауарларды Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерде қалдырған кезде Одақтың тауарлары экспорт кедендік рәсімімен не уақытша әкету кедендік рәсімімен, ал шетелдік тауарлар - кері экспорт кедендік рәсіммен орналастырылады.

      6. Осы Кодекстің 302-бабы 5-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген Одақ тауарларының Одақтың кедендік аумағынан әкетілуіне және олардың Одақтың кедендік аумағына әкелінуіне байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.

      7. Осы Кодекстің 139-бабының 2-тармағының ережелеріне қарамастан, осы тармақтың екінші абзацының ережелерін сақтай отырып, Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне әкелінген, осы Кодекстің 302-бабы 5-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген Одақтың тауарлары Одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды және бұл мәртебесін Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілгеннен кейін жоғалтады.

      Көрсетілген тауарлар келу орнындағы кеден органына кедендік декларацияны ұсынған жағдайда Одақтың тауарлары ретінде қарастырылады, соған сәйкес мұндай тауарлар экспорт кедендік рәсіммен орналастырылған болатын және Одақтың тауарлар әкелінген кедендік аумағының бөлігінде орналасқан әкету орынының кеден органы туралы мәліметті қамтиды.

      8. Осы Кодекстің 302-бабы 5-тармағының 3-тармақшасында және 6-тармақта көрсетілген Одақтың тауарлары Одақтың кедендік аумағынан әкетілуге және Осы Кодекстің 302-бабы 5-тармағының 4-тармакшасында көрсетілген Одақтың тауарларының Одақтың кедендік аумағына әкелінуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі объект орналасқан айрықша заңдық құзыры бар мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалады.

304-бап. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Одақтың тауарларына қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын қолдану, аяқтау және тоқтату ерекшеліктері

      1. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Одақтың тауарларын кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары мыналар:

      1) осы Кодекстің 146-бабына сәйкес кедендік баждарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, егер мүше мемлекеттің аумағында Одақтың тауарлары кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылатын болса, кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген мұндай тауарларға қатысты мыналарды:

      мүше мемлекеттің тұлғасы кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастыратын Одақ тауарларының декларанты ретінде мүше мемлекетінде Одақтың тауарлары кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылатын транзиттік декларацияны тіркеу күніне белгіленген мерзімде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, пайыздарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеті жоқ, сондай-ақ егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында қарастырылса, оның аумағында Одақтың тауарлары кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы соттың немесе уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) шешімдері заңды күшіне ену негізінде тағайындалған әкімшілік айыппұлдардың белгіленген мерзімде төленбеген жағдай болмаса, мүше мемлекеттің тұлғасы ретінде шыққан жағдайларды;

      Комиссия айқындайтын жағдайларды қоспағанда;

      2) осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көзделген шарттарды сақтау;

      3) Комиссия айқындайтын жағдайларды қоспағанда, Одақ тауарларының мәртебесін растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну болып табылады.

      2. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне теміржол көлігімен тасымалдау үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын Одақ тауарларының декларанты, сондай-ақ осы Кодекстің 307-бабының 5-тармағында көрсетілген кедендік операцияларды жасаушы тұлға ретінде осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана, ал пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін - пошта байланысының тағайындалған операторы шығуы мүмкін.

      3. Осы бапты қолдану мақсатында Одақ тауарларының мәртебесі расталатын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді Комиссия айқындайды.

      4. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын Одақтың тауарларын кедендік транзит кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операциялар Одақтың кедендік аумағынан кету орнында не қызмет өңірінде Одақтың тауарларын жөнелтуші орналасқан осы баптың 5 - 7- тармақтары ескеріле отырып кеден органында жасалады.

      5. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын Одақтың тауарларын кедендік транзит кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операциялар қызмет өңірінде Одақтың тауарларын жөнелтуші орналасқан кеден органында ғана мынадай жағдайларда жасалады:

      1) пошталарды, багажды (пошта-багажды) вагондарда тасымалданатын, жолаушылар поездерінің құрамында болатын тауарларды қоспағанда, теміржол көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарлары;

      2) Одақтың тауарлары мүше мемлекеттің аумағында кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылады, мұндай тауарларға қатысты кедендік әкету баж мөлшерлемелері белгіленген;

      3) тасымалдау шарттарында Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер аумақтарында жүк операцияларын жасау қарастырылған.

      6. Осы баптың 5-тармағының ережелеріне қарамастан Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне әуе көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарларын кедендік транзит кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операциялар кету орнының кеден органында ғана жасалады.

      7. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне теміржол көлігімен пошта, багажды (пошта-багажды) вагондарда тасымалданатын, жолаушылар поездарының құрамында келетін Одақтың тауарларын кедендік транзит кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операциялар, оның аумағында Одақтың тауарлары кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған кеден органында ғана жасалады.

      8. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Одақтың тауарларын жеткізу орны, осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, қызмет өңірінде келу орны орналасқан кеден органының кедендік бақылау аймағы болып табылады.

      9. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне теміржол көлігімен пошта, багажды (пошта-багажды) вагондарда тасымалданатын, жолаушылар поездарында әкелінетін Одақтың тауарларын жеткізу орны қызмет өңірінде мұндай Одақтың тауарларын түсіру жүзеге асырылатын кеден органының кедендік бақылау аймағы болып табылады.

      10. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген Одақтың тауарлары Одақтың кедендік аумағына әкелінген кезде қызмет өңірінде келу орны орналасқан кеден органы, жөнелтуші кеден органы теміржол көлік құралдарының жүк үй-жайларына (бөлімге) салынған идентификаттау құралдарының жоюын жүзеге асырады.

      11. Осы баптың 10-тармағына сәйкес идентификаттау құралдарын жойған кезде осы Кодекстің 341-бабының 5-тармағының екінші абзацында өзделген акт мыналар:

      1) идентификаттау құралдарының жоюын жүзеге асыратын кеден органы;

      2) Одақтың тауарларына қатысты өкілеттікке ие тұлғалар;

      3) барлық кейінгі межелі кеден органы үшін бір дана есебінде қажетті даналардың мөлшерінде жасалады.

      12. Комиссия осы баптың 10 және 11-тармақтары қолданылмайтын жағдайларды анықтауға құқылы.

      13. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын Одақтың тауарларына қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 151-бабына сәйкес тауарларды жеткізу орынында аяқталады.

      14. Егер Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған Одақтың тауарлары, тауарларды жеткізу орнына жеткізілмей, Одақтың кедендік аумағына қайтарылса және жөнелтуші кеден органына жеткізілсе, мұндай кеден органы осы Кодекстің 151-бабына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайды және межелі кеден органын кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы ақпараттандырады.

      15. Егер Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылған Одақтың тауарлары, Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде межелі кеден органынан және жөнелту кеден органынан ерекше кеден органына жеткізілсе, мұндай кеден органы осы Кодекстің 151-бабына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайды және межелі кеден органын және жөнелтуші кеден органын кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы ақпараттандырады.

      16. Егер Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағынан әкетілген Одақтың тауарлары Одақтың кедендік аумағына әкелінбесе, жөнелтуші кеден органы Комиссия айқындайтын тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын тоқтатады.

      17. Комиссия осы Кодекстің 307-бабының 3-тармағында көзделген Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде өткізілетін (тасымалданатын) Одақтың тауарлары Одақ тауарларының мәртебесін жоғалтқаннан өзге жағдайларды айқындауға құқылы және Одақтың кедендік аумағына әкелінген кезде шетелдік тауарлар ретінде қарастырылады.

305-бап. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын шетелдік тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын қолдану, аяқтау және тоқтату ерекшеліктері

      1. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, кедендік аумақта қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялардың нәтижесінде (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар) алынған (қалыптасқан) шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары мыналар:

      1) осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көзделген шарттарды сақтау;

      2) тауарларды Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізде кедендік аумақта шетелдік тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операцияларды жасайтын тұлғалардың мекенжайына не мұндай операцияларды жасаған тұлғалардан, Одақтың кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар декларантының мекенжайына тасу (тасымалдау) болып табылады, бұл кеден органына кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты немесе ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты ұсынумен расталады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) оның ішінде мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарда көзделген өзге де құжаттар пайдаланылуы мүмкін емес.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операциялар кеден органында жасалады:

      1) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен немесе ішкі тұтынуға қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлары бар не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған өзге кеден органында;

      2) қызмет өңірінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты Одақтың кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу бойынша тиісті операциялар немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша тиісті операциялар жасалған (жасалуы тиіс болған).

      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысы осы Кодекстің 151-бабына сәйкес тауарларды жеткізу орнында аяқталады.

      5. Егер кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде межелі кеден органынан және жөнелтуші кеден органынан ерекше кеден органына жеткізілсе, мұндай кеден органы осы Кодекстің 151-бабына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсім қолданысын аяқтайды және межелі кеден органын және жөнелту кеден органын кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы ақпараттандырады.

      6. Егер кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған, Одақтың кедендік аумағынан әкетілген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінбесе, жөнелтуші кеден органы Комиссия айқындайтын тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімін тоқтатады.

306-бап. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде өткізілетін (тасымалданатын) уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіммен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын қолдану, аяқтау және тоқтату ерекшеліктері

      1. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде өткізілетін (тасымалданатын) уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіммен орналастырылған шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      1) осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көзделген шарттарды сақтау;

      2) кеден органына тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды өткізу (тасымалдау) мақсаты және оларды пайдалану орны, шетелдік тауарды пайдалануға берілетін тұлға, егер мұндай беру орын алса, уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иеленуіне және пайдалануына беруге кеден органының рұқсаты, егер мұндай беру орын алса, кеден органына кедендік және (немесе) өзге құжаттардың берілуін растау туралы мәліметтерді және (немесе) мұндай құжаттар туралы мәліметтерді ұсыну болып табылады. Көрсетілген құжаттар болмаған кезде декларант кеден органына қажетті мәліметтерді көрсетумен еркін нысандағы өтінішті ұсынады.

      2. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осы бапқа сәйкес бір немесе бірнеше партиялармен кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) оның ішінде мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген өзге де құжаттар пайдаланылуы мүмкін емес.

      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операциялар кеден органында:

      1) уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған өзге кеден органында;

      2) уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған және Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізілетін (тасымалданатын) шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсім қолданысы аяқталған, не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған өзге кеден органында жасалады.

      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлардың кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысы осы Кодекстің 151-бабына сәйкес тауарларды жеткізу орнында аяқталады.

      6. Егер кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде межелі кеден органынан және жөнелтуші кеден органынан ерекше кеден органына жеткізілсе, мұндай кеден органы осы Кодекстің 151-бабына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысын аяқтайды және межелі кеден органын және жөнелтуші кеден органын кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы ақпараттандырады.

      7. Егер кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағынан әкетілген осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінбесе, жөнелтуші кеден органы Комиссия айқындайтын тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын тоқтатады.

307-бап. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың тауарларын Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізу (тасымалдау) кезінде Одақтың тауарларын түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары, сондай-ақ көлік құралдарын ауыстыру

      1. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізілетін (тасымалданатын) Одақтың тауарларын түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында Одақтың мұндай тауарларын тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыру, жөнелту кеден органдарының рұқсатымен көліктің бір түрінің көлік құралынан көліктің басқа түрінің көлік құралына Одақтың тауарларын қайта тиеуін (қайта аударуын) жүзеге асыру, көліктік құралдарының жүк үй жайларына (бөлімге) салынған кедендік пломбыларды және мөрлерді жою не көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарды ауыстыру жағдайларында жол беріледі.

      Көрсетілген шешім транзиттік декларацияны бергенге дейін алынуы тиіс.

      2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген Одақтың тауарларына және көлік құралдарына қатысты операциялар салынған кедендік пломбыларды және мөрлерді жоюсыз жасалуы мүмкін болса не Одақтың мұндай тауарларына кедендік пломбылар және мөрлер салынбаса, осындай операцияларды жасау Одақтың кедендік аумағына Одақтың мұндай тауарларының және көлік құралдарының келуіне дейін жөнелту кеден органының және межелі кеден органының электрондық немесе жазбаша нысандағы хабарламасымен жол беріледі.

      3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар жөнелтуші кеден органының рұқсатынсыз жасалса, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар Одақ тауарларының мәртебесін жояды және Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде, мұндай операцияларды Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің тиісті құзырлы органдарының құжаттарымен расталатын аварияның немесе еңсерілмейтін күштің әсерінің салдарынан жасалатын жағдайларды қоспағанда, шетелдік тауарлар ретінде қаралады.

      4. Осы баптың 1 - 3-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 1- тармағында көрсетілген операциялар Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің мемлекеттік органдарының талаптары бойынша жасалса қолданылмайды, бұл құжаттама түрінде не мұндай мемлекеттік органдар қолданған идентификаттау құралдарымен расталады.

      5. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізілетін (тасымалданатын) Одақтың тауарларын түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында Одақтың мұндай тауарларын тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруды жүзеге асыруға кеден органының рұқсатын алумен немесе мұндай операциялардың жасалғаны туралы кеден органының хабарламасына байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.

308-бап. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізу (тасымалдау) кезінде тасымалдаушы мен экспедитордың міндеті

      1. Одақтың тауарларын Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізу (тасымалдау) кезінде осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған Одақтың тауарларының декларанты болып табылатынына не табылмайтынына қарамастан, міндетті:

      1) осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағының 1 және 2-тармакшаларында көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың тауарларын түсіруін, қайта тиеуін (қайта аударуын) және өзге де жүк операцияларын, сондай-ақ Одақтың мұндай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының ауыстыруын, мұндай операциялар аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан, мүше мемлекеттердің заңнамасына немесе мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарға сәйкес мемлекеттік органдар не ұйымдар берген құжаттармен расталып жасалатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 307-бабының 1 -тармағында көзделмеген кеден органының рұқсатынсыз жүзеге асыруға жол бермеуге.

      2. Егер Одақтың тауарларын Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізу (тасымалдау) кезінде кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылатын Одақ тауарларының декларанты ретінде осы Кодекстің 304-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар шықса, осы баптың 1 -тармағында көрсетілген әрекеттерді орындау бойынша міндет осы тұлғаларға жүктеледі.

309-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі

      1. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізілетін (тасымалданатын) Одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген сәттен бастап туындайды.

      2. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын Одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайларда тоқтатылады:

      1) осы Кодекстің 151-бабына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысы аяқталғанда;

      2) кедендік транзит кедендік рәсім қолданысы оларға қатысты аяқталған Одақтың тауарлары осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырғанда;

      3) кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетті орындағанда және (немесе) осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде оларды өндіріп алғанда;

      4) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың тауарларын шығарудан бас тартқанда - транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты;

      5) осы Кодекстің 113-бабына сәйкес транзиттік декларацияны кері шақыртқанда және (немесе) Одақтың тауарларын шығару осы Кодекстің 118-бабының 4-тармағына сәйкес жойғанда - транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты;

      6) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) Одақтың тауарларын тәркілеу немесе олардың айнылымы;

      7) кеден органы Одақтың тауарларын осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес ұстағанда;

      8) қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріс барысында (әкімшілік процесті жүргізу) алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты егер бұрын Одақтың мұндай тауарларын шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған Одақтың тауарларын уақытша сақтауға қойғанда немесе бір рәсімге орналастырғанда.

      3. Кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет, егер кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағынан әкетілген Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізілетін (тасымалданатын) Одақтың тауарлары, Одақтың кедендік аумағына әкелінбеген жағдайда, орындауға жатады.

      Көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде Одақтың тауарларын кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылған күні кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып саналады.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкету баждары, егер кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылған Одақтың тауарлары кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерін қолданбай экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатындай болса, төлеуге жатады.

      Кедендік әкету баждарын есептеу үшін кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкету баж мөлшерлемелері қолданылады.

      Егер кеден органында Одақтың тауарлары туралы (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) нақты мәліметтер болмаса, төлеуге жататын кедендік әкету баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал Одақтың тауарларын жіктеу осы Кодекстің 20-бабының 3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Егер Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар коды кедендік әкету баждарын есептеу үшін 10-нан аз белгілерінің санымен топтау деңгейінде айқындалса, мұндай топтарға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік әкету баждары мөлшерлемелерінің жоғарғысы қолданылады.

      Кейіннен Одақтың тауарлары туралы мәліметтерді анықтау үшін кедендік әкету баждары мұндай нақты мәліметтерден шыға отырып есептеледі, артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомаларын қайтару (есепке жатқызу) не төленбеген сомаларын өндіріп алу осы Кодекстің 10 және 11-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Одақтың кедендік аумағынан әкетілген кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелген жағдайда, мұндай тауарларды осы Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыру, кедендік әкету баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндетті орындағаннан кейін осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомалары осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

      6. Егер кедендік әкету баждарын, сомаларын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, осы Кодекстің 62-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантына қарағанда, өзге тұлғаға берілсе, мұндай өзге тұлға декларантпен кедендік әкету баждарын төлеу бойынша ортақ міндетте болады.

VI БӨЛІМ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ

44-тарау

Кедендік бақылауды жүргізу туралы жалпы ережелер

310-бап. Кедендік бақылауды жүргізу

      1. Кедендік бақылауды осы Кодекске сәйкес кеден органдары жүргізеді.

      2. Кедендік бақылау кедендік бақылау объектілеріне қатысты осы Кодексте айқындалған кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолданумен жүргізіледі.

      Кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді бұзуда Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды анықтау мақсатында кедендік бақылау Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүргізілуі мүмкін.

      3. Кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолданумен кедендік бақылауды жүргізу тәртібі осы Кодексте, атап айтқанда осы Кодекспен реттелмеген, немесе мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес жағдайларда қарастырылған бөлікте айқындалады.

      Кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдану технологиясы (нұсқаулығы) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      4. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылау объектілерінің іріктеу қағидатын, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды негізге алады.

      Кедендік бақылау объектілерін, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды таңдаған кезде мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады.

      5. Кеден органдары кедендік бақылаудың нысандары мен (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген болса, мүше мемлекеттің заңнамасының сақталуын бақылау осы мүше мемлекеттің кеден органына жүктелген заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшін қолдануы мүмкін.

      6. Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды өздерінің лауазымдық (қызметтік) міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге уәкілеттік берілген кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.

      Кедендік бақылауды кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында, ал егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген болса, - кедендік бақылауды сондай-ақ өзге нысандарда немесе кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларын қолданумен кеден органдары лауазымды тұлғаларының қатысуынсыз кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы кеден органдары жүргізеді.

      7. Кедендік бақылау тауарлардың осы Кодекстің 14-бабына сәйкес айқындалатын кедендік бақылауда болу кезеңінде жүргізіледі.

      Алдын ала кедендік декларациялау және мерзімдік кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 311-бабының бесінші абзацында көрсетілген кедендік бақылау объектілеріне қатысты кедендік бақылау кедендік декларация тіркелген сәттен бастап жүргізіледі.

      Осы Кодекстің 14-бабының 7 - 15-тармақтарында көрсетілген мән- жайлар орын алғаннан кейін кедендік бақылау мұндай мән-жайлар орын алған күннен бастап 3 жыл өткенге дейін жүргізілуі мүмкін. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында, кедендік бақылау көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін мұндай мән-жайлар орын алған күннен бастап 5 жыл өткенге дейін жүргізілуі мүмкін екендігі анықталуы мүмкін.

      Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне, немесе уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметіне кедендік бақылау, олардың мұндай тізілімде болу кезеңінде, ал егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында қарастырылған болса, - осындай тізілімдерден олар шығарылғаннан кейін де мұндай заңнамада қарастырылған мерзім ішінде жүргізілуі мүмкін.

      8. Тауарлардың шығарылу фактісін растайтын мәліметтерді тексеру мақсатында кеден органдары, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді бұза отырып, тауарлардың Одақтың кедендік аумағына әкелінгені және (немесе) Одақтың кедендік аумағында болуы туралы ақпарат кеден органдарында болған кезде, кедендік бақылауды Одақтың кедендік аумағында орналасқан тауарларға қатысты жүргізуі мүмкін.

      9. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдарына оны жүргізуге мүше мемлекеттердің өзге мемлекеттік органдарының қандай да бір рұқсаттары, ұйғарымдары не қаулылары талап етілмейді.

      10. Кеден органдары және олардың лауазымды тұлғалары кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерде және мүше мемлекеттердің заңнамасында қарастырылмаған талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқылы емес.

      11. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде мүдделері кеден органдарының немесе олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) және шешімдерімен қозғалатын тасымалдаушыға, декларантқа, кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге тұлғаларға, сондай- ақ тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүргізу кезінде заңсыз зиян келтіруге жол берілмейді.

      12. Кедендік бақылау кедендік бақылау аймағында және кедендік бақылауға жаттататын тауарлар, оның ішінде халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары және жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, мұндай тауарлар туралы мәліметтері бар құжаттар және (немесе) ақпараттық жүйелер орналасқан (орналасуы тиіс немесе мүмкін) өзге орындарда өткізіледі.

      13. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, кедендік бақылау нысандарын қолданумен кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері белгіленген нысандағы кедендік құжаттарды жасау жолымен немесе осы Кодекстен көзделген өзге тәсілмен ресімделеді.

311-бап. Кедендік бақылау объектілері

      Мыналар:

      осы Кодекстің 14-бабына сәйкес кедендік бақылаудағы тауарлар;

      Одақтың тауарлары мәртебесіне ие болған ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, кері импорт кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, еркін айналымға шығарылған жеке пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ тауарлар Одақтың кедендік аумағына қайта әкелген кезде Одақтың тауарлары мәртебесін сақтап қалған тауарлар, - осы Кодекстің 310-бабының 7-тармағының үшінші абзацында көрсетілген мерзім ішінде;

      Одақтың кедендік аумағындағы тауарлар, - кеден органдарында кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді бұза отырып, мұндай тауарлардың Одақтың кедендік аумағына әкелінгені және (немесе) Одақтың кедендік аумағында болуы туралы ақпарат болған кезде;

      кеден органдарына ұсынылуы кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарға және актілерге, мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көзделген кедендік және өзге де құжаттар, сондай-ақ мұндай құжаттарда қамтылған мәліметтер;

      тұлғалардың, оның ішінде Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге, кеден ісі саласындағы қызметтерді көрсетуге байланысты уәкілетті экономикалық операторлардың не жекелеген кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметі;

      уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары, еркін қоймалар, бажсыз сауда дүкендері ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, уәкілетті экономикалық операторлардың тауарларын уақытша сақтау үшін пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, сондай-ақ кедендік бақылау аймағы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылыстар, үй жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық аландар (ашық алаңдардың бөліктері) кедендік бақылау объектілері болып табылады.

312-бап. Кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуына кедендік бақылау

      1. Кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуына кедендік бақылауды, аумағында тауарлар кедендік рәсімге орналастырылған мүше мемлекеттің кеден органдары жүргізеді.

      2. Осы баптың 1 -тармағында көрсетілген тауарларға, кеден органы тауарларды кедендік рәсіммен орналастырған мүше мемлекетке қарағанда, өзге мүше мемлекеттің аумағында орналасқан тауарларға қатысты кедендік бақылау, Комиссия айқындайтын ерекшеліктерді ескере отырып осы Кодекстің 373-бабына сәйкес жүргізіледі.

      3. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 22-тарау талаптарының сақталуына кедендік бақылауды, аумағы бойынша мұндай тауарлардың тасымалдауы жүзеге асырылатын және (немесе) аумағында кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысы аяқталатын, аумағында тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған мүше мемлекеттің кеден органдары жүргізеді.

313-бап. Тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізу ерекшелігі

      1. Кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізу кезінде (бұдан әрі осы бапта - тауарлардың кедендік құнын бақылау) кеден органдары тауарлардың кедендік құнын дұрыс айқындауына және мәлімдеуіне тексеруді жүзеге асырады (тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін таңдау және қолдану, тауарлардың кедендік құнының құрылымы мен шамасы, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді құжаттамалық растау).

      2. Тауарлардың кедендік құнына бақылауды жүргізу кезінде кеден органы декларанттан тауарлардың бағасын қалыптастыруға әсер ететін факторлар туралы, сондай-ақ Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысы бар өзге де мән-жайлар туралы жазбаша нысанда түсіндіруді сұратуға құқылы.

      3. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына бақылаудың өзге де ерекшеліктерін, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын дұрыс айқындамау белгілерін, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді дұрыс емес деп тануға негіздемені Комиссия айқындайды.

      4. Комиссия оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндетін осы Кодекстің 136-бабының 2-тармағының бірінші абзацына және 225-бабының 2-тармағының бірінші абзацына сәйкес туындамайтын тауарлардың кедендік құнын бақылау ерекшелігін айқындауға құқылы.

      5. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын бақылау кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

314-бап. Тауарлардың шығарылған жеріне кедендік бақылау ерекшеліктері

      1. Тауарлардың шығарылған жеріне кедендік бақылауды жүргізу кезінде тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органы ұсынған құжаттардағы тауарлардың шығарылған жері туралы мәліметті, оның ішінде тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттардың түпнұсқалығы, олардың дұрыс ресімделуі және (немесе) толтырылуы тексеріледі.

      2. Кеден органы тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына, сондай-ақ тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттың түпнұсқалығын тексеру мақсатында тауарлардың шығарылған жері туралы сертификатын берген және (немесе) тексеруге уәкілетті мемлекеттік органға немесе уәкілетті ұйымға сұрау салу (сұрау салулар) жолдауға және (немесе) әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына сәйкес қосымша құжаттар мен (немесе) мәліметтерді алуға құқылы.

      3. Кедендік бақылау нысаны тауарлар шығарылғанға дейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру кеден органы осы баптың 2-тармағына сәйкес жолдаған сұрау салуларға жауаптарды алған күнінен бастап, не әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларымен белгіленген мұндай жауаптарды алу мерзімі өтіп кеткен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей аяқтайды.

      4. Егер кедендік декларацияда тауарлардың шығарылған жері белгісіз екені мәлімделсе және кедендік бақылау жүргізу кезінде декларацияланатын тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйымдар мен шектеулер, тауарлардың шығарылған жеріне тәуелді ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылуы мүмкін екендігі анықталса, кеден органы тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттарды сұратуға құқылы.

      5. Мынадай:

      1) егер мұндай құжаттар осы Кодекстің 29-бабына сәйкес ұсынылуы тиіс болса, кедендік бақылау нысандарын қолдану кезінде кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру, тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар ұсынылмағанда;

      2) тауарлардың шығарылған жеріне жүргізілген кедендік бақылау нәтижелері бойынша тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда;

      3) тауарлардың шығарылған жеріне жүргізілген кедендік бақылау нәтижелері бойынша тауарлардың шығарылған жері туралы сертификат түпнұсқа болып табылмайтыны не тауарлардың шығарылған елі туралы мұндай сертификат оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптарын бұза отырып ресімделгені және (немесе) толтырылғаны анықталғанда;

      4) тауарлардың шығарылған жері туралы сертификатын берген және (немесе) тексеруге уәкілетті мемлекеттік орган немесе уәкілетті ұйым әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларымен белгіленген мерзімде, егер мұндай сұрау салу осы баптың 2-тармағына сәйкес жолданған болса, сұрау салуға жауап және (немесе) қосымша құжаттар мен (немесе) мәліметтерді ұсынбағанда;

      5) Комиссия айқындайтын өзге де жағдайлар, тауарлардың шығарылған жері расталмаған деп саналады.

      6. Егер кедендік декларацияда тауарлардың шығарылған жері белгісіз екені мәлімделсе не тауарлардың шығарылған жері расталмаған деп саналса:

      1) кедендік әкелу баждар, егер Одақ туралы Шартқа сәйкес өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген мөлшерлемелердің негізінде есептеледі;

      2) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер Одақ туралы Шартқа сәйкес өзгеше белгіленбесе, Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес сол кодтың тауарына және (немесе) атауына қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының ең жоғары мөлшерлемеден шыға отырып есептеледі;

      3) тауарға қатысты, егер Одақ туралы Шартқа сәйкес өзгеше белгіленбесе, кедендік-тарифтік реттеудің өзге де шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, мұндай шараларды қолдану тауарлардың шығарылған жеріне тәуелді болған жағдайларда ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылады.

      7. Кейіннен тауарлардың шығарылған жері расталған кезде кедендік тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, мұндай шараларды қолдану тауарлардың шығарылған жеріне тәуелді болған жағдайларда ішкі нарықты қорғау шаралары, тауарлардың расталған шығарылған жерінен шыға отырып қолданылады.

315-бап. Егер кеден органына тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізу кезінде, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды есептеу ерекшеліктері

      1. Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша, егер кеден органына:

      1) кедендік декларацияда мәлімделген төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждардың мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін кеден органы сұрау салған (талап еткен) кедендік декларацияда көрсетілген бірде-бір құжаттар, олар туралы мәліметтер ұсынылмаса;

      2) кедендік декларацияда мәлімделеген төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждардың мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін кеден органы сұрау салған (талап еткен) кедендік декларацияда көрсетілген құжаттар, олар туралы мәліметтер ұсынылса, бірақ мұндай құжаттар тексерілетін мәліметтерді растамаса, осы Кодекстің 326-бабында немесе 331-бабында көзделген нысандарда кеден органы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды осы бапқа сәйкес есептейді.

      2. Төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды жіктеу осы Кодекстің 20-бабының 3-тармағын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      Егер Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар коды 10-нан аз белгілерінің санымен топтау деңгейінде айқындалса: кедендік баждарды есептеу үшін мұндай топтарға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемесінің жоғарғысы қолданылады;

      салықтарды есептеу үшін, кедендік баждар мөлшерлемесінің жоғарғысы белгіленген мұндай топтарға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемесінің, акциз мөлшерлемесінің (акциздік салық немесе акциздік алым) жоғарғысы қолданылады;

      арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды есептеу үшін мұндай топтарға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемесінің жоғарғысы қолданылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 314-бабының ережелерін есепке ала отырып, осы Кодекстің 4-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жерінен шыға отырып есептеледі.

      Егер тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттардың жоқтығына байланысты тауарлардың шығарылған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының сол кодының тауарларына (егер тауарларды жіктеу 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылса) не топқа кіретін тауарларға қатысты белгіленген (егер Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар коды 10-нан аз белгілерінің санымен топтау деңгейінде айқындалса) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемесінің жоғарғысынан шыға отырып есептеледі.

      Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтер анықталған кезде кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мұндай нақты мәліметтерден шыға отырып есептеледі, артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомаларының қайтаруы (есепке жатқызуы) не төленбеген сомаларын өндіріп алу осы Кодекстің 10 және 11 -тарауларына және 76 және 77-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

316-бап. Тауарлар шығарылғаннан кейін шартты шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау ерекшеліктері

      1. Осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шартты шығарылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты мұндай тауарларды билік етуі және (немесе) пайдалануы бойынша шектеулерді ұсыну мақсаттары мен шарттарын сақтау, егер мұндай тауарларға қатысты кеден органдарына жиынтықта кедендік бақылауды жүргізу кезінде расталмаған деп саналады:

      1) көрсетілген тауарлардың кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді, сондай-ақ мұндай тауарлардың билік етуі және (немесе) пайдалану бойынша шектеулерді ұсыну мақсаттарында және шарттарын сақтаумен пайдалануын растайтын құжаттарды ұсынбағанда;

      2) көрсетілген тауарлар ұсынылмағанда не олардың орналасу орны расталмағанда.

      2. Тауарлар шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 126-бабының 1-тармағында көрсетілген шартты шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізуге өзге де талаптарды және жүргізу кезеңділігі мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленуі мүмкін.

317-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерде жөнелтілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау ерекшеліктері

      1. Халықаралық пошта жөнелтілімдерде жөнелтілетін тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу үшін халықаралық пошта жөнелтілімдерін кеден органдарына пошта байланысының тағайындалған операторы береді.

      Жазбаша хат-хабарлардың жекелеген түрлері (аэрограммалар, пошталық карточкалар, зағиптарға арналған хаттар мен жөнелтілімдер) кеден органына көрсетілген пошта жөнелтілімдерде тыйымдар мен шектеулер белгіленген тауарлар бар екеніне жеткілікті негіздер болған кезде оның талабы бойынша беріледі.

      2. Халықаралық пошта алмасу орнына (мекемесіне) бүлінген түрде, салмағында өзгерістер бар, ішіндегісі бұзылған, қажетті ілеспе құжаттары салынбаған және (немесе) құжаттарсыз келіп түскен халықаралық пошта жөнелтілімдері Дүниежүзілік пошта одағының актілерімен айқындалған, тағайындалған пошта операторы ресімдеген қосымша құжаттар кеден органдарына беріледі.

      3. Егер оны кеден органдары кедендік операцияларды жасау және (немесе) кедендік бақылауды жүргізу кезінде пайдаланса, халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік тексеріп қарау актісін ресімдеу жүргізіледі. Егер кедендік тексеріп қарау актісі жасалмаса, кедендік тексеріп қарау нәтижелері туралы мәліметті кеден органының лауазымды тұлғалары халықаралық пошта жөнелтілімдерімен ілесіп жүретін Дүниежүзілік пошта одағының актілерімен көзделген құжаттарда көрсетіледі.

318-бап. Одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен кеден органдары арасындағы өзара іс-қимыл

      1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және Одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің басқа да мемлекеттік органдарымен бақылауға жататын тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленетін тәртіпте бақылаудың жүргізілуіне жалпы үйлестіруді қамтамасыз етеді.

      2. Одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен кеден органдары ақпараттық жүйелерді пайдаланумен кедендік және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге де түрлерін жүргізу үшін қажетті құжаттармен және (немесе) ақпаратпен (мәліметтермен) алмасады.

      3. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) жүргізілуін тездету мақсатында кедендік тексеріп қарау Одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының қатысуымен жүргізілуі мүмкін.

319-бап. Кедендік бақылау аймақтары

      1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, еркін қоймаларының аумақтары, бажсыз сауда дүкендерінің аумақтары және өзге де орындар осы Кодексте белгіленген және (немесе) кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленетін кедендік бақылау аймақтары болып табылады.

      Кедендік бақылау аймақтарының өзге де орындарында тауарларды уақытша сақтау, жүк және өзге де операцияларды жасау осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты тауарларды кедендік тексеріп қарау және (немесе) қарап тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізу үшін құрылады.

      2. Кедендік бақылау аймақтарын құрмай:

      1) көшпелі кедендік тексеру барысында не осы Кодекстің 355-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік бақылау аймақтарынан тыс көлік құралдарын тоқтатқан кезде, сондай-ақ Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілетін тауарлар анықталған кезде жүзеге асырылатын кедендік қарап тексеру;

      2) көшпелі кедендік тексеру және (немесе) аумақтар мен үй-жайларды кедендік қарап тексеру барысында не осы Кодекстің 355-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік бақылау аймақтарынан тыс көлік құралдарын тоқтатқан кезде, сондай-ақ Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілетін тауарлар анықталған кезде жүзеге асырылатын кедендік тексеріп қарау жүргізілуі мүмкін.

      3. Кедендік бақылау аймақтары, егер олар кедендік бақылауда орналасқан тауарларды тұрақты, немесе уақытша - оларды кедендік бақылау жүргізу уақытына, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операцияларды жасауға құрылған жағдайда, орналастыру үшін арналған болса, тұрақты болуы мүмкін.

      4. Кедендік бақылау аймақтарын құру, жұмыс істеуін (жойылуын) және белгілеуін тоқтату тәртібі, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ кедендік бақылау аймақтарының құқықтық режимі кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.

320-бап. Кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды сақтау

      1. Кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті сақтауға жататын құжаттар мыналар:

      1) кедендік құжаттар;

      2) осы Кодекстің 108-бабында көрсетілген құжаттар;

      3) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты тауарларды пайдалану және (немесе) билік етуі бойынша шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар;

      4) кедендік операцияларды жасау кезінде ресімделген құжаттар;

      5) кедендік рәсімдерге сәйкес мәлімделген тауарларды пайдалану шарттарын растайтын құжаттар болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды тұлғалар және кеден органдары, олардың кедендік декларацияны беру кезінде ұсынылғанына немесе ұсынылмағанына қарамастан, осы Кодекстің 14-бабының 7 - 15-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар пайда болған күннен бастап 5 жыл өткенге дейін сақтауы тиіс.

      3. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, кеден ісі саласында қызметтер көрсетумен байланысты олардың қызметтеріне қатысты кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды кедендік операциялар жасалған жыл аяқталғаннан кейін 5 жыл ішінде сақтауы тиіс.

321-бап. Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату

      1. Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату осы Кодексте және мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында белгіленеді.

      2. Мынадай тұлғалардың:

      1) мүше мемлекеттер басшыларының, мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының және олармен еріп жүретін отбасы мүшелерінің;

      2) егер көрсетілген тұлғалар қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, мүше мемлекеттер үкіметтері мүшелерінің;

      3) мүше мемлекетке ресми сапармен келетін шетел мемлекеттер басшыларының, шетел мемлекеттердің үкіметтер басшыларының, шетел мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің;

      4) өкілеттіктері өтіп кеткен мүше мемлекеттер президенттерінің және олармен бірге еріп жүретін отбасы мүшелерінің;

      5) егер көрсетілген тұлғалар қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, Армения Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының, Армения Республикасы Премьер-Министрі Әкімшілігі Басшысының, Армения Республикасының Конституциялық Сот төрағасының, Армения Республикасының Ұлттық жиналыс депутаттарының, Армения Республикасының Кассациялық Сот төрағасының, Армения Республикасы Бас прокурорының, Армения Республикасының Орталық банк төрағасының, Армения Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының, Армения Республикасы Премьер-Министрінің Күзет қызметі бастығының;

      6) егер көрсетілген тұлғалар қызметтік міндеттерін немесе депутаттық өкілеттіктерін орындауға байланысты Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, Беларусь Республикасының Конституциялық сот төрағасының, Беларусь Республикасының Жоғарғы Сот төрағасының, Беларусь Республикасының Президент Әкімшілігі басшысының, Беларусь Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесі хатшысының, Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті басшысының, Беларусь Республикасының Бас прокурорының, Беларусь Республикасының Ұлттық банк басқармасы басшысының, Беларусь Республикасы Президентінің Іс басқарушының, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналыс республикасы Кеңесі мүшелерінің, Беларусь Республикасының Ұлттық Банк Басқармасы төрағасының, Беларусь Республикасының Ұлттық жиналыс өкілдері палатасы депутаттарының;

      7) егер көрсетілген тұлғалар қызметтік міндеттерін немесе депутаттық өкілеттіктерін орындауға байланысты Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк төрағасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының;

      8) егер көрсетілген тұлғалар қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, Қырғыз Республикасы Президенті Аппаратының Басшысының, Қырғыз Республикасының Жоғарғы сот төрағасының, Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты Конституциялық палатасы төрағасының, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші депутаттарының, Қырғыз Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының, Қырғыз Республикасы Бас прокурорының, Қырғыз Республикасының Ұлттық Банк төрағасының, Қырғыз Республикасының Президенті және Үкіметі Іс басқарушысының, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Төрағаның орынбасары - Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті 9-қызметі бастығының;

      9) егер көрсетілген тұлғалар қызметтік міндеттерін немесе депутаттық өкілеттіктерін орындауға байланысты Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, Ресей Федерациясы Конституциялық сот төрағасының, Ресей Федерациясы Жоғарғы Сот төрағасының, Ресей Федерациясының Федералдық Жиналыс Федерациясы Кеңесі мүшелерінің, Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі директорының, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасы депутаттарының жеке багажы кедендік тексеріп қарауға жатпайды.

      3. Кедендік тексеріп қараудан:

      1) шетелдік әскери корабльдер (кемелер), әскери әуе кемелері және өздігінен жүретін әскери техника;

      2) мүше мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдарының арнайы өтініштеріне сәйкес Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін әскери мүлік босатылады.

      Ескерту. 321-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.02.2021 № 9-VII Заңымен.

45-тарау

Кедендік бақылау нысандары және оларды қолдану

322-бап. Кедендік бақылау нысандары

      Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылаудың мынадай:

      түсіндірулерді алу;

      кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру;

      кедендік қарап тексеру;

      кедендік тексеріп қарау;

      жеке кедендік тексеріп қарау;

      үй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап тексеру;

      кедендік тексеру нысандарын қолданады.

323-бап. Түсіндірулерді алу

      1. Түсіндірулерді алу - кеден органдарының лауазымды тұлғалары тасымалдаушылардан, декларанттардан және мұндай мәліметтері бар өзге де тұлғалардан кедендік бақылау жүргізу үшін маңызы бар мәліметтерді алуда жасасқан кедендік бақылау нысаны.

      2. Түсіндірулер кедендік құжатты жасау арқылы ресімделеді, оның нысанын Комиссия айқындайды.

      3. Түсіндірулер алу үшін тұлғаны шақырту қажет болған кезде кеден органы шақырылатын тұлғаға табыс етілетін немесе жолданатын хабарламаны ресімдейді.

324-бап. Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру

      1. Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру - мыналарды:

      1) кедендік декларацияны;

      2) кеден органдары жасайтын құжаттарды қоспағанда, өзге де кедендік құжаттарды;

      3) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды;

      4) кеден органына осы Кодекске сәйкес ұсынылған өзге де құжаттарды;

      5) кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді;

      6) кеден органына ұсынылған немесе олар осы Кодекске сәйкес немесе мүше мемлекеттердің заңнамасымен алынған өзге де мәліметтерді тексеруде жасасқан кедендік бақылау нысаны.

      2. Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру мәліметтердің дұрыстығын, құжаттардың дұрыс толтыруын және (немесе) ресімделуін тексеру, кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолдануға байланысты тауарларды пайдалану және (немесе) билік етуі бойынша шектеулерді сақтау, осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты белгіленген тауарларды пайдалану тәртібін және шарттарын сақтау мақсатында, сондай-ақ кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің және (немесе) кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттер заңнамасының сақталуын қамтамасыз етудің өзге де мақсатында жүргізіледі.

      3. Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексеру тауарлар шығарылғанға дейін, сол сияқты шығарылғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін.

      4. Егер декларант, кеден органы тауарлардың шығарылуын жүргізген кезде осы Кодекстің 121-бабында көзделген шарттарды сақтаса, тауарлар шығарылғанға дейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру тауарлар шығарылғаннан кейін аяқталады.

      5. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында тауарлар шығарылғаннан кейін басталған кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтердің тексерілуін жүргізу жағдайлары және тұлғаны кедендік бақылаудың мұндай нысанын жүргізу туралы хабардар ету тәртібі белгіленуі мүмкін.

      6. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді талдау арқылы, оның ішінде бір құжатта бар мәліметтерді олардың арасында, сондай-ақ өзге құжаттарда, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарда бар мәліметтермен, кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерден және (немесе) ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерінен, тексеру жүргізу кезінде кеден органының билігінде бар басқа да көздерден алынған мәліметтермен салыстыру арқылы, сондай-ақ кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерге және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес басқа да тәсілдермен жүргізіледі.

      7. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру шеңберінде кеден органы қосымша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыруға, оның ішінде мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға сұрау салуларды жолдауға құқылы.

      8. Тауарлар шығарылғанға дейін басталған кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексеру осы Кодекстің 325-бабына сәйкес жүргізіледі.

      9. Осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайда кедендік, өзге құжаттар және (немесе) мәліметтер тексеруді жүргізуді қоспағанда, тауарлар шығарылғаннан кейін не кедендік бақылаудың осы нысанын қолданудың өзге жардайларында басталған кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексеру осы Кодекстің 326-бабына сәйкес жүргізіледі.

      10. Осы Кодекстің 120-бабына сәйкес шығарылған тауарларға қатысты берілген кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, мұндай декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, және көрсетілген тауарларға арналған декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексеру Комиссия айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

      11. Тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін тауарлардың шығарылғаны туралы өтінішке, осы Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес мұндай өтінішпен бірлесіп ұсынылатын құжаттарға қатысты кедендік, өзге құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, және көрсетілген өтініште және (немесе) құжаттарда мәлімделген мәліметтердің тексеруін қолданған кезде құжаттарды сұрату тауарлар шығарылғанға дейін жүргізілмейді.

      12. Тауарлардың кедендік құнын тексерген кезде кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы Кодекстің 313-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.

      13. Тауарлардың шығарылған жерін тексеру кезінде кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы Кодекстің 314-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.

325-бап. Тауарлар шығарылғанға дейін басталған кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру

      1. Егер кедендік декларация кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен бірге берілмесе, кеден органы тексерілетін мәліметтерге қатысты кедендік декларацияда мәліметтері көрсетілген құжаттарды декларанттан сұратуға құқылы.

      2. Декларант осы баптың 1-тармағына сәйкес сұратылған құжаттарды осы Кодекстің 119-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кемінде 4 сағат бұрын ұсынуы тиіс.

      3. Егер декларант осы баптың 1-тармағына сәйкес сұратылған құжаттарды ұсынбаса, кеден органы осы Кодекстің 125-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартады.

      4. Кеден органы коммерциялық, бухгалтерлік құжаттарды, тауарлардың шығарылған жері туралы сертификатты және (немесе) өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген тексерілетін мәліметтердің, және (немесе) өзге құжаттарда бар мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын анықтау үшін қажетті жазбаша түсіндірулерді мынадай:

      1) кедендік декларацияны беру кезінде не осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған немесе мәлімделген мәліметтер тиісті түрде расталмаған;

      2) кеден органы осы Кодекстің және кедендік реттеу саласындағы өзге халықаралық шарттар мен актілердің ережелерін және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасын сақтамау белгілерін, оның ішінде мұндай құжаттарда бар мәліметтердің дұрыс еместігін анықтаған жағдайларда сұратуға құқылы.

      5. Декларанттан осы баптың 4-тармағына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату негізделген болуы тиіс және кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер және (немесе) өзге құжаттарда бар мәліметтер тиісті түрде расталмағанын не дұрыс болмауы мүмкін екендігін көрсететін белгілер тізбесін, қосымша сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімін қамтуы тиіс.

      Сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің тізбесін кеден органының лауазымды адамы тауарлармен мәміле шарттарын, тауар сипатын, оның мақсатын, сондай-ақ өзге де мән-жайларын ескере отырып тексерілетін мәліметтердің негізінде айқындайды.

      6. Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді растау мақсатында осы баптың 4-тармағына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату кезінде кеден органы декларантты осы Кодекстің 121-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жүргізу мүмкіндігі туралы хабарлайды. Бұл ретте кеден органы декларантқа осы Кодекстің 121-бабына сәйкес айқындалған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының төленуін қамтамасыз етуді беру талап етілмеген жардайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есептемесін жолдайды.

      Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері есептемесінің нысанын, электрондық құжат түріндегі мұндай есептеменің құрылымы мен форматын және оларды толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.

      7. Осы баптың 4-тармағына сәйкес сұратылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіруді декларант:

      1) егер құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату кедендік декларацияда және кедендік декларацияны беру кезінде ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексерумен байланысты болса - осы Кодекстің 119-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кемінде 4 сағат бұрын;

      2) егер құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату кедендік декларацияда және осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексерумен байланысты болса және тексерілетін мәліметтер кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың мөлшеріне әсер етпесе - осы Кодекстің 119-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кемінде 2 сағат бұрын;

      3) егер құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату кедендік декларацияда және осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексерумен байланысты болса және тексерілетін мәліметтер кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың мөлшеріне әсер етсе - осы Кодекстің 119-бабының 4 - 6-тармақтарына сәйкес тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде кеден органы белгілеген мерзім аяқталғанға дейін кемінде 1 жұмыс күні бұрын ұсынуға тиіс.

      8. Егер осы баптың 4-тармағына сәйкес сұратылған құжаттар және (немесе) мәліметтер, оның ішінде жазбаша түсіндірмелер не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіру осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімде ұсынылмаса және осы Кодекстің 121-бабында көзделген шарт сақталмаса, кеден органы осы Кодекстің 125-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартады.

      9. Осы баптың 1 және 4-тармақтарына сәйкес сұратылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді олар сұратылған тұлғалар әрбір сұрау салу бойынша бір жиынтықта (бір уақытта) ұсынуға тиіс.

      Кеден органы сұратқан құжаттармен және (немесе) мәліметтермен бір уақытта олар сұратылған тұлғалар кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің және (немесе) өзге құжаттарда бар мәліметтердің дұрыстысын және толықтығын растау мақсатында өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынуы мүмкін.

      10. Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер, не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіру не мұндай тексеру шеңберінде жүргізілген тауарларды және (немесе) құжаттарды өзге нысандарда кедендік бақылау және (немесе) олардың кедендік сараптамасы нәтижелері тексерілетін мәліметтердің дұрыстысын және (немесе) толықтығын растаған жағдайда, кеден органы осы Кодекстің 118-бабына сәйкес тауарлардың шығаруын жүргізеді.

      11. Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар мен (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіру не мұндай тексеру шеңберінде жүргізілген тауарларды және (немесе) құжаттарды өзге нысандарда кедендік бақылау және (немесе) олардың кедендік сараптамасы нәтижелері тексерілетін мәліметтердің дұрыстысын және (немесе) толықтығын растамаған және (немесе) кедендік, өзге құжаттардың және (немесе) мәліметтердің тексеруін жүргізу үшін негіздемелерді жоймаған жағдайда, кеден органы оның билігіндегі ақпараттың негізінде осы Кодекстің 112-бабына сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын жолдайды.

      12. Егер кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы Кодекстің 119-бабында белгіленген тауарларды шығару мерзімінде, оның ішінде осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімде құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаумен байланысты аяқталмаған жағдайда, кеден органы декларантқа тауарлардың шығаруын осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жүргізу мүмкін екендігі туралы хабарланды.

      13. Осы Кодекстің 121-бабына сәйкес тауарларды шығарған кезде кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы баптың 14 - 18-тармақтарына сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін аяқталады.

      14. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтау үшін кеден органы сұратқан және осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылмаған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді декларант тауарларды шығарғаннан кейін, осы Кодекстің 314-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кедендік декларацияның тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 60 күннен аспайтын мерзімде ұсынуы мүмкін.

      Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді кеден органы сұратылған құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған күннен бастап, ал егер мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімде ұсынылмаса, - мұндай мерзім аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей аяқтайды.

      15. Егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіру кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу үшін негіздемелерді жоймаса, кеден органы осы баптың 14-тармағының екінші абзацында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің және (немесе) өзге құжаттарда бар мәліметтердің дұрыстысын және толықтығын анықтау үшін қажетті жазбаша түсіндірмелерді сұратуға құқылы.

      Мұндай қосымша құжаттар және (немесе) мәліметтер, оның ішінде жазбаша түсіндірмелер кеден органы сұрау салуды тіркеген күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.

      16. Қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсіндірмелерді ұсыну туралы сұрау салу жолданған кезде осы баптың 14-тармағының екінші абзацында көрсетілген мерзім кеден органы мұндай сұрау салуды тіркеген күннен бастап тоқтатыла тұрады және кеден органы қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсіндірмелерді алған күннен бастап, ал оларды ұсынбаған жағдайда - оларды ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап жалғасады.

      17. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіру не мұндай тексеру шеңберінде жүргізілген тауарларды және (немесе) құжаттарды өзге нысандарда кедендік бақылау және (немесе) олардың кедендік сараптамасы нәтижелері осы Кодекстің, кедендік реттеу саласындағы өзге халықаралық шарттардың және актілердің және мүше мемлекеттер заңнамасының ережелерін сақтауды, оның ішінде тексерілетін мәліметтердің дұрыстығын және (немесе) толықтығын растамаған және (немесе) кедендік, өзге құжаттарды (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу үшін негіздемелерді жоймаған жағдайда, кеден органы оның билігіндегі ақпараттың негізінде осы Кодекстің 112-бабына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім қабылдайды.

      18. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы баптың 4 және 15-тармақтарына сәйкес сұратылған құжаттар және (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіру осы бапта белгіленген мерзімде ұсынылмаса, кеден органы оның билігіндегі ақпараттың негізінде осы Кодекстің 112-бабына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім қабылдайды.

      19. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер, мұндай тексеру шеңберінде жүргізілген тауарларды және (немесе) құжаттарды өзге нысандарда кедендік бақылау және (немесе) олардың кедендік сараптамасы нәтижелері тексерілетін мәліметтердің дұрыстысын және (немесе) толықтығын растаған жағдайда, кеден органы кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексерудің аяқталғаны туралы және осы Кодекстің 121-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қайтару (есепке жатқызу) мүмкіндігі туралы декларантқа хабарлайды.

      20. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қайтару (есепке жатқызу) осы Кодекстің 63-бабының 7-тармағына, 10-тарауына және 76-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

326-бап. Тауарлар шығарылғаннан кейін, және өзге жағдайларда басталған кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру

      1. Тауарлар шығарылғаннан кейін басталған кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексеру кезінде не кедендік бақылаудың осы нысанын қолданудың өзге жардайларында кеден органы осы Кодекстің 340-бабына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу нәтижелері мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес ресімделеді.

      3. Тауарлар шығарылғаннан кейін басталған кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша кеден органы осы Кодекске сәйкес, ал өзге жағдайларда кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес шешім қабылдайды.

327-бап. Кедендік қарап тексеру

      1. Кедендік қарап тексеру - кедендік бақылау барысында үй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап тексерудің нысанында жүргізілетін мұндай қарап тексеруді қоспағанда) көлік құралдарының жүк тиейтін орын жайларын (бөліктерін) және тауарлардың орамасын ашпай, тексерілетін объектілер (жеке тұлғалардың бағажын қоса алғанда) мен олардың бөліктерін бөлшектемей, демонтаждаусыз өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзбай тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына және жеке тұлғалардың багажына, жүк тиелетін ыдысқа, кедендік пломбыларға, мөрлерге және өзге идентификаттау құралдарына көзбен қарап тексеру жүргізуді білдіретін кедендік бақылау нысаны.

      2. Кедендік қарап тексеру оларға қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында, сондай-ақ тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиейтін орын жайларында (бөліктерінде) кедендік пломбылардың, мөрлердің және өзге идентификаттау құралдарының бар болуын тексеру мақсатында жүргізіледі.

      3. Кедендік қарап тексеру декларант, тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері кедендік қарап тексеру кезінде қатысуға ниет білдіретін жардайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.

      4. Кедендік қарап тексеру нәтижелері Комиссия айқындаған нысанда кедендік тексеріп қарау актісін жасау не кеден органына ұсынылған көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжаттарға кедендік қарап тексерудің өткізілу фактісі туралы белгіні қою арқылы ресімделеді.

      Жеке Тұлғалардың багажына және (немесе) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына кедендік қарап тексеру жүргізу кезінде кедендік қарап тексерудің актісі, егер оны кеден органдары кедендік операцияларды жасау және (немесе) кедендік бақылауды жүргізу кезінде пайдаланған жағдайда ғана жасалады.

      5. Егер кедендік қарап тексеруді жүргізу нәтижелері тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлғаның талабы бойынша кеден органына ұсынылған көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжаттарға кедендік қарап тексерудің өткізілу фактісі туралы белгіні қою арқылы ресімделген жағдайда, кеден органының лауазымды тұлғалары кедендік қарап тексерудің актісін:

      1) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында кедендік қарап тексеруді жүргізу кезінде - кедендік қарап тексеруді жүргізгеннен кейін жұмыс уақытының 2 сағатынан кешіктірмей;

      2) кедендік қарап тексеруді өзге орындарда жүргізу кезінде - кедендік қарап тексеруді жүргізген күннен кейінгі жұмыс күні басталған кезден бастап 2 сағаттан кешіктірмей жасауға міндетті.

      6. Кедендік қарап тексерудің актісі 2 данада жасалады, олардың біреуі тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлғаға, не оның өкіліне, егер бұл тұлғалар белгіленсе, тапсырылады (жолданады).

328-бап. Кедендік тексеріп қарау

      1. Кедендік тексеріп қарау - тауарлардың орамасын, көлік құралдарының жүк тиейтін орынжайларын (бөліктерін), ыдыстарды, контейнерлерді тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен және (немесе) оларға қолданылған кедендік пломбаларды, мөрлерді немесе өзге сәйкестендіру құралдарын жоюмен, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектеумен, демонтаждаумен немесе өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзумен тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына және жеке Тұлғалардың багажына қатысты қарап тексеруді жүргізуді және өзге де әрекеттерді жасауды білдіретін кедендік бақылау нысаны.

      2. Кедендік тексеріп қарау оларға қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында жүргізіледі.

      3. Кеден органы кедендік тексеріп қарауды жүргізу орны мен уақыты туралы, егер бұл тұлғалар белгіленсе, декларанттың немесе тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлғаның хабарламаны алуы фактісін растауға мүмкіндік беретін кез келген тәсілмен хабарлайды. Кедендік тексеріп қарауды жүргізу уақытын тағайындаған кезде мұндай тұлғалардың келуінің орынды мерзімі есепке алынады.

      4. Осы баптың 6-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, декларант, тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері өз бастамалары бойынша кедендік тексеріп қарауды жүргізген кезде қатысуға құқылы.

      5. Кеден органының талабы бойынша декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері кедендік тексеріп қарауды жүргізген кезде қатысуға және кеден органының лауазымды тұлғаларына қажетті жәрдем көрсетуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілетті еткен өкіл болмаған кезде көлік құралын басқаратын жеке тұлға өкіл болып табылады.

      6. Кеден органы мынадай:

      1) көрсетілген тұлғалардың келмеуі не мұндай тұлғалар белгіленбеген жағдайларда;

      2) ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге, қоршаған ортаға, мүше мемлекеттердің ұлттық мәдени игілік объектілерінің сақталуына қауіп төнген және кейінге қалдыруға болмайтын өзге мән-жайлар пайда болған, оның ішінде тауарлар тез тұтанатын заттар, жарылу қауіптілігі бар заттар, жарылғыш, улайтын, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, есірткі құралдары, психотропты, қатты әсер ететін, улы, уытты, радиоактивті заттар, ядролық материалдар және басқа да сондай тауарлар болып табылатынын көрсететін белгілері болған, сондай-ақ тауарлар жағымсыз иіс таратқан жағдайларда;

      3) тауарларды халықаралық пошта жөнелтілімдерде жөнелткен;

      4) тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкетуді көздейтін кедендік рәсімді немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттарды бұза отырып, оларды Одақтың кедендік аумағында қалдырған жағдайларда декларант, тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлғалар, және олардың өкілдері болмағанда кедендік тексеріп қарауды жүргізуге құқылы.

      7. Кедендік тексеріп қарау осы баптың 6-тармағының 1, 2 және 4-тармақтарында көрсетілген жағдайларда 2 куәгердің қатысуымен, ал осы баптың 6-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген жағдайда, - пошта байланысының тағайындалған операторы өкілінің қатысуымен, ал ол болмаған кезде – 2 куәгердің қатысуымен жүргізіледі.

      8. Кедендік тексеріп қарау нәтижелері осы Кодекстің 317-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанын Комиссия айқындаған кедендік тексеріп қарау актісін жасау арқылы не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес көзделген өзге тәсілмен ресімделеді.

      9. Кедендік тексеріп қарау актісінде мынадай мәліметтер:

      1) кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды тұлғалары және оны жүргізген кезде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;

      2) декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлға болмағанда кедендік тексеріп қарауды жүргізу себептері;

      3) кедендік тексерін қарау нәтижелері;

      4) акт нысанында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

      10. Кедендік тексеріп қарау актісі 2 данада жасалады, олардың біреуі егер бұл тұлғалар белгіленсе, декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлғаға, не олардың өкілдеріне тапсырылады (жолданады).

329-бап. Жеке кедендік тексеріп қарау

      1. Жеке кедендік тексеріп қарау - жеке тұлғалардың тексеріп қарауын жүргізуді білдіретін кедендік бақылау нысаны.

      2. Жеке кедендік тексеріп қарау Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін және кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғалар кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді, мүше мемлекеттердің заңнамасын бұза отырып, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды өзінде жасырып және ерікті түрде бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сол жеке тұлғаларға қатысты ғана жүргізілуі мүмкін.

      3. Жеке кедендік тексеріп қарау осы баптың 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғаларда кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді, мүше мемлекеттердің заңнамасын бұза отырып Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін өзінде жасырып тұрған тауарларды анықтау мақсатында жүргізіледі және кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады.

      4. Жеке кедендік тексеріп қарау кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілетті еткен кеден органы басшысы орынбасарының (бастық орынбасарының) не оларды алмастыратын тұлғалардың шешімі бойынша, ал егер бұл мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделсе, - кедендік бақылау жүргізуге уәкілетті кеден органы бөлімшесі басшысының (бастығының), ол уәкілетті еткен кеден органы бөлімшесі басшысы орынбасарының (бастық орынбасарының) не оларды алмастыратын тұлғалардың шешімі бойынша жүргізіледі.

      Көрсетілген шешім жазбаша нысанда ресімделеді.

      5. Жеке кедендік тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы кеден органының лауазымды тұлғалары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Бұл үй-жайға осы бапта көрсетілген тұлғалардан басқа жеке тұлғалардың кіруіне, және басқа жеке тұлғалардың жеке кедендік тексеріп қараудың жүргізілуін қадағалау мүмкіндігіне жол берілмеуге тиіс.

      Жеке тексеріп қаралатын адамның денесін тексеріп зерттеуді, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып, медицина қызметкері ғана жүргізеді.

      Кәмелетке толмағанды немесе әрекетке қабілетсіз жеке тұлғаны жеке кедендік тексеріп қарау кезінде оның заңды өкілдері (ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары не қамқоршылары) немесе оны алып жүретін адамдар қатысуға міндетті.

      6. Жеке кедендік тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды тұлғасы жеке тұлғаны жеке тексеріп қарауды жүргізу туралы шешіммен, мұндай жеке тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі оның құқықтарымен таныстыруға, сондай-ақ оған кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді, мүше мемлекеттердің заңнамасын бұза отырып, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды өз еркімен беруіне ұсынуға міндетті.

      Жеке тұлғаның жеке кедендік тексеріп қарау жүргізу туралы шешіммен танысу фактісін осы жеке тұлға мұндай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімге тиісті жазба жасау арқылы куәландырады. Жеке тұлға мұңдан жазба жасаудан бас тартқан жағдайда жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімге осындай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді жариялаған кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасының және жеке кедендік тексеріп қарау жүргізу кезінде қатысатын куәгерлердің қолымен куәландырылатын тиісті белгі қойылады.

      7. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде кеден органы лауазымды тұлғасының әрекеті өзіне қатысты жеке кедендік қарап тексеру жүрігізіліп отырған жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге және осы жеке тұлғаның денсаулығына зиян және мүлкіне залал келтірмеуге тиіс.

      8. Өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізіліп отырған жеке тұлғаның:

      1) жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу басталғанға дейін жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешіммен және оны жүргізу тәртібімен танысуға;

      2) өз құқықтары мен міндеттерімен танысуға;

      3) түсіндірмелер беруге және қолдаухаттарды мәлімдеуге;

      4) кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді, мүше мемлекеттердің заңнамасын бұза отырып, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін өзі жасырып отырған тауарларды өз еркімен беруге;

      5) жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізетін кеден органының лауазымды тұлғасы жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу актісіне міндетті түрде енгізе отырып, мәлімдеме жасауға;

      6) ана тілін және аудармашының қызметтерін пайдалануға;

      7) жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы акті жасалып болған соң онымен танысуға және оған жазбаша нысанда мәлімдемелер жасауға;

      8) жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органының лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне осы Кодекске сәйкес шағымдануға құқығы бар.

      9. Жеке кедендік тексеріп қарау жүргізу барысында жеке тексеріліп қаралатын жеке тұлға және оның заңды өкілі жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органының лауазымды тұлғасының заңды талаптарын орындауға міндетті.

      10. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу нәтижелері жеке кедендік тексеріп қарау актісін жасау арқылы ресімделеді, оның нысанын Комиссия айқындайды.

      Көрсетілген акт жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу барысында не ол аяқталғаннан кейін 1 сағат ішінде жасалуы тиіс.

      11. Жеке кедендік тексеріп қарау актісіне жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды тұлғасы, өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлға немесе оның заңды өкілі немесе оны алып жүрген адам, куәгерлер, ал өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлғаның денесіне тексеріп зерттеу жүргізілген кезде - медициналық қызметкер де қолдарын қояды.

      12. Жеке кедендік тексеріп қарау актісі 2 данада жасалады, олардың біреуі өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлғаға, оның заңды өкіліне немесе оны алып жүрген адамға, куәгерлерге ол жасалғаннан кейін дереу табыс етіледі.

330-бап. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру

      1. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру - үй-жайлар мен аумақтарға, оның ішінде көрсетілген орындардағы тауарларға және (немесе) құжаттарға көзбен қарап тексеру жүргізуді білдіретін кедендік бақылау нысаны.

      2. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру қарап тексерілетін үй-жайларда және (немесе) аумақтарда кедендік бақылау объектілері болып табылатын тауарлардың және (немесе) құжаттардың бар немесе жоқ болуын тексеру мақсатында, сондай-ақ мұндай тауарлар және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу және тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиейтін орынжайларында (бөліктерде) кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа сәйкестендіру құралдарының бар болуын тексеру мақсатында жүргізіледі.

      3. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеруді кеден органдары уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары, еркін қоймалары, бажсыз сауда дүкендері ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың тауарларды уақытша сақтауына арналған немесе пайдаланылатын құрылыстардың, орынжайлардың (орынжай бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың (ашық алаңдар бөліктерінің) сәйкестігін, осы Кодекстің 411-бабының 4-тармағына, 416-бабының 5-тармағына, 421-бабының 4-тармағына, 426-бабының 4-тармағына және 433-бабы 3-тармағының 4-тармақшасына сәйкес белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес келуін тексеру мақсатында жүргізуі мүмкін.

      4. Егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, орынжайлар мен тұрғын үй жайлардағы аумақтарды кедендік қарап тексеруді жүргізуге жол беріледі.

      5. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру жүргізуге арналған ұйғарым және кеден органы лауазымды тұлғасының қызметтік куәлігі ұсынылған кезде жүргізіледі.

      Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру жүргізуге арналған ұйғарым нысаны мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

      Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеруді жүргізу кезінде осы баптың бірінші абзацында көрсетілген құжаттарды, өздеріне қатысты (өздерінде) көшпелі кедендік тексеру жүргізіліп жатқан тұлғалардың ұсынуы талап етілмейді.

      6. Үй-жайлар мен аумаққа кіруге рұқсат берілмеген жағдайда кеден органдарының лауазымды тұлғалары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қарсылықтың жолын кесіп және (немесе) жабық үй-жайларды ашып кіруге құқылы.

      7. Егер мүше мемлекеттің заңнамасында жекелеген объектілерге кірудің арнайы тәртібі көзделсе, онда мұндай кіру осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      8. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру оны өткізу үшін қажет болатын қысқа мерзімде жүргізілуі тиіс және егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, 1 жұмыс күнінен артық созылуы мүмкін емес.

      9. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру нәтижелері нысанын Комиссия айқындайтын үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру актісін жасау арқылы ресімделеді.

      10. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру актісі 2 данада жасалады, олардың бірі үй-жайы және (немесе) аумағы қарап тексерілген тұлғаға, егер бұл тұлға белгіленсе, табыс етіледі.

331-бап. Кедендік тексеру

      1. Кедендік тексеру - осы Кодексте белгіленген кедендік бақылаудың өзге нысандарын және осы Кодексте көзделген кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолданумен тауарлар шығарылғаннан кейін Тұлғалардың кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында кеден органы жүргізетін кедендік бақылау нысаны.

      2. Кедендік тексеру кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді және (немесе) кеден органына ұсынылған немесе осы Кодекске немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өзі алған өзге мәліметтерді бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттарымен және (немесе) деректерімен, шоттармен және осы Кодексте немесе мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған өзге ақпаратпен салыстыру арқылы жүргізіледі.

      3. Кедендік тексеру осы Кодекстің 310-бабының 8-тармағына сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің 397-бабының 5-тармағында және 430-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда кедендік бақылау жүргізу кезінде қолданылуы мүмкін.

      4. Кедендік тексеруді аумағында тексерілетін тұлға құрылған, тіркелген және (немесе) тұрақты тұрғылықты жері бар мүше мемлекеттің кеден органы жүргізеді.

      5. Тексерілетін тұлғалар деп мынадай тұлғалар:

      1) декларант;

      2) тасымалдаушы;

      3) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орындарда тауарлардың уақытша сақталуын жүзеге асыратын тұлға;

      4) кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлға;

      5) тауарлар шығарылғаннан кейін оларға қатысты өкілеттіктері бар тұлға;

      6) уәкілетті экономикалық оператор;

      7) кедендік рәсімге орналастырылған тауарлармен жасалған мәмілелерге тікелей немесе жанама қатысқан тұлға;

      8) иелігінде және (немесе) пайдалануында кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді, мүше мемлекеттердің заңнамасы бұзыла отырып тауарлардың, оның ішінде Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарлардың болуын (болғандығын) куәландыратын өзіне қатысты ақпарат бар тұлға түсініледі.

      6. Кеден органдары кедендік тексеруді жүргізу кезінде:

      1) тауарларды кедендік рәсімге орналастыру фактісін;

      2) кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарда бар мәліметтердің дұрыстығын;

      3) шартты шығарылған тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулердің сақталуын;

      4) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кеден ісі саласындағы қызметтің әрбір түрі үшін осы Кодексте көзделген міндеттерінің орындауын;

      5) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғаның мұндай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын, сондай-ақ уәкілетті экономикалық оператордың уәкілеттік экономикалық операторлар тізіліміне енгізу шарттарын сақтауын және осы Кодексте көзделген өзге міндеттерді орындауын;

      6) осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуын;

      7) кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарда және актілерде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге талаптардың сақталуын тексеруі мүмкін.

      7. Кедендік тексеру камералық немесе көшпелі болуы мүмкін.

      8. Кедендік тексеру жүргізуге қатысу үшін мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары тартылуы мүмкін.

      9. Кедендік тексеруді жүргізу барысында әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс белгілері анықталған кезде кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

      10. Кеден органының кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша шешімдерді қабылдауының тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

332-бап. Камералдық кедендік тексеру

      1. Камералдық кедендік тексеру кедендік операцияларды жасау кезінде және (немесе) кеден органдарының талабы бойынша тексерілетін тұлға табыс еткен кедендік декларацияларда және (немесе) коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және өзге де құжаттарда бар мәліметтерді, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының құжаттары мен мәліметтерін, сондай-ақ кеден органдарында бар және тексерілетін тұлғаға қатысты басқа да құжаттарды және мәліметтерді зерделеу және талдау арқылы жүргізіледі.

      2. Камералдық кедендік тексеруді кеден органы орналасқан жері бойынша кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармастан, сондай-ақ кеден органының камералық кедендік тексеру жүргізу туралы шешімін (ұйғарымын) ресімдеместен жүргізеді.

      3. Камералдық кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі шектелмей жүзеге асырылады.

      4. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес ресімделеді.

      5. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша, оның ішінде кеден органының талабы бойынша белгіленген мерзімде құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаған кезде көшпелі кедендік тексеру тағайындалуы мүмкін.

333-бап. Көшпелі кедендік тексеру

      1. Көшпелі кедендік тексеруді кеден органы заңды тұлғаның тұрған жеріне (жерлеріне), жеке кәсіпкердің қызметін жүзеге асыру жеріне (жерлеріне) және (немесе) мұндай тұлғалардың қызметін іс жүзінде жүзеге асыру жеріне (жерлеріне) (бұдан әрі осы тарауда - тексерілетін тұлғаны объектілері) бару арқылы жүргізеді.

      2. Көшпелі кедендік тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) жоспарлы көшпелі кедендік тексеру;

      2) жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру;

      3) қарсы жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру.

      3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көшпелі кедендік тексерулердің қосымша түрлері, осындай тексерулерді жүргізудің негіздері, мерзімі және тәртібінің ерекшелігі белгіленуі мүмкін.

      4. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көшпелі кедендік тексеру жоспарлы көшпелі кедендік тексеру түрінде қолданылмайтыны белгіленуі мүмкін.

      5. Көшпелі кедендік тексеруді мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын кеден органының басшысы (бастығы), өзі уәкілетті еткен кеден органы басшысының орынбасары (бастығының орынбасары) не оларды алмастыратын тұлғалар көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімді қабылдау (ұйғарым беру) арқылы тағайындайды.

      6. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімде (ұйғарымда) мынадай мәліметтер:

      1) осы шешімнің (ұйғарымның) күні және тіркелу нөмірі;

      2) көшпелі кедендік тексерудің түрі;

      3) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының атауы;

      4) көшпелі кедендік тексеруді тағайындау үшін негіздеме - тексерулер жоспарына (кестесіне) сілтеме не осы баптың 16-тармағында көзделген негіздеме;

      5) тексерілетін тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)), оның орналасқан жері (жерлері) (тұрғылықты жері) және (немесе) қызметті іс жүзінде жүзеге асыру орны (орындары), оның сәйкестендіру және (немесе) тіркеу нөмірлері;

      6) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды тұлғаларының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және лауазымы;

      7) көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және лауазымы;

      8) осы Кодекстің 331-бабының 6-тармағына сәйкес көшпелі кедендік тексерудің нысанасы;

      9) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс.

      7. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімнің (ұйғарымның) нысаны мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

      8. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу аяқталғанға дейін осы баптың 6-тармағының 5 - 9-тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажет болған кезде көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімге (ұйғарымға) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер (толықтырулар) енгізілуі мүмкін.

      9. Көшпелі кедендік тексеру өзге нысандарда кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша, сондай-ақ камералық кедендік тексеру жүргізу нәтижелері бойынша тағайындалуы мүмкін.

      10. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру кеден органдары әзірлейтін тексерулер жоспарларының негізінде жүргізіледі.

      Бір және сол тексерілетін тұлғаға қатысты жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді кеден органдары жылына 1 реттен жиі емес жүргізеді.

      Уәкілетті экономикалық операторларға қатысты жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді кеден органдары 3 жылда 1 реттен жиі емес жүргізеді.

      11.Өздеріне қатысты жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тұлғаларды таңдау мынадай:

      1) тауарлар шығарылғанға дейін және кейін кедендік бақылауды жүргізу нәтижелерінен:

      2) кеден органдарының ақпараттық ресурстарынан;

      3) алдыңғы кедендік тексерулердің нәтижелерінен;

      4) банктер, банктік емес кредиттік (кредиттік-қаржы) ұйымдар және мүше мемлекеттердің банктік операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан;

      5) мүше мемлекеттердің кедендік және (немесе) өзге мемлекеттік органдарынан;

      6) бұқаралық ақпарат құралдарынан;

      7) өзге де ақпарат көздерінен алынған аппарат пайдаланыла отырып жүргізіледі.

      12. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында кеден органдары тексерілетін тұлғаға жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы хабарламаны тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтімімен жібереді немесе мұндай хабарламаны оны алу фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.

      13. Тексерілетін тұлғаның орналасқан жерінде болмауына байланысты адресатқа хаттың тапсырылмағанын куәландыратын белгі қойылып, пошта жөнелтімінің қайтарылуы жоспарлы көшпелі кедендік тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.

      14. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру тексерілетін тұлға жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы хабарламаны алған күннен бастап не адресатқа хаттың тапсырылмағаны туралы белгісі бар пошта жөнелтімі кеден органына түскен күнінен бастап кемінде күнтізбелік 15 күннен кейін басталуы мүмкін.

      15. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер мұндай тексерулерді жүргізу кезеңділігі шектелмей жүргізіледі.

      16. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін мыналар:

      1) мүше мемлекеттердің кеден органдарының және өзге мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде бар және кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасын бұзу мүмкіндігі туралы куәландыратын ақпаратты талдау нәтижесінде алынған деректер;

      2) кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасын бұзу мүмкіндігі туралы куәландыратын ақпарат;

      3) тұлғаның уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтініші;

      4) уәкілетті экономикалық оператордың уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу кезінде тауарларды уақытша сақтауға арналған меншіктегі, шаруашылық жүргізудегі, жедел басқарудағы немесе жалдаудағы құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) туралы мәлімделген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты кеден органына ұсыну;

      5) осы баптың 17-тармағына сәйкес қарсы жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеруді жүргізу қажеттігі;

      6) Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің құзыретті органының Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен байланысты шетелдік тұлғамен мәмілені жасаған тұлғаға тексеру жүргізу туралы өтініші (сұрау салуы);

      7) қылмыс туралы хабарламаны тексеру материалдары немесе қозғалған қылмыстық іс бойынша мүше мемлекеттердің алдын ала тергеу органдарының (қылмыстық қудалау органдарының) тапсырмасы (сұрау салуы);

      8) бір мүше мемлекеттің кеден органының басқа мүше мемлекеттің кеден органына осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 1 және (немесе) 3-тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кеден органына жолданатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) тіркелген тұлғаға көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы тапсырмасы;

      9) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген өзге де негіздер негіз болуы мүмкін.

      17. Тексерілетін тұлға ұсынған мәліметтердің дұрыстығын растау қажет болған кезде кеден органы көшпелі кедендік тексеруді кеден органы жүргізетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) тіркелген және тауарлармен мәмілелер (операциялар) бойынша тұлғамен байланысты тұлғаларды қарсы жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеруді жүргізеді.

      18. Көпшелі кедендік тексеру жүргізудің басталған күні тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешім (ұйғарым) табыс етілген күн, ал егер көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы мұндай шешім (ұйғарым) тексерілетін тұлғаға өзге тәсілмен жеткізілсе, - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын күн есептеледі.

      19. Тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімді (ұйғарымды) алудан бас тартуы көшпелі кедендік тексеруді жою үшін негіз болып табылмайды.

      Осы жағдайда көшпелі кедендік тексеру жүргізудің басталған күні көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімге (ұйғарымға) осы шешімді (ұйғарымды) алудан бас тарту туралы жазбаны енгізу күні есептеледі.

      20. Көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында тексерілетін тұлғаның объектісінде кеден органының лауазымды адамдары тексерілетін тұлғаның басшысына, басшыны алмастыратын адамға, не тексерілетін тұлғаның өкіліне өзінің қызметтік куәліктерін көрсетуге міндетті.

      21. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлға оның қызметімен байланысты тексерілетін құжаттарға өзгерістер (толықтырулар) енгізуге құқылы емес.

      22. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі 2 айдан аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімге тексерілетін тұлғаға құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну туралы талапты табыс ету күні мен мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алу күні арасындағы уақыт кезеңі кірмейді.

      23. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі мұндай тексеруді жүргізіп жатқан кеден органының шешімі бойынша 1 айға ұзартылуы мүмкін.

      24. Қарсы жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеруді жүргізу, кедендік сараптаманы жүргізу, сұрау салуларды мүше мемлекеттердің немесе Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің құзыретті органдарына жолдау, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттарды қалпына келтіру, көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша қорытындыға әсер ететін тексерілетін кезеңге жататын қосымша құжаттарды ұсыну қажет болған кезде, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін өзге жағдайларда көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілетті еткен кеден органы басшысы орынбасарының (бастық орынбасарының) не оларды алмастыратын адамдардың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Көпшелі кедендік тексерудің жүргізілуін тоқтата тұру мерзімі, егер ең ұзақ мерзім мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленбесе, 9 айдан аспауға тиіс.

      Көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуін тоқтата тұру тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

      Көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуін осы тармақта белгіленген негіздеулер бойынша, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін негіздер бойынша тоқтата тұру мерзімі көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне кірмейді.

      25. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімге (ұйғарымға) көшпелі кедендік тексеру мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ оның жүргізілуін тоқтата тұру туралы тиісті жазбалар жасалады, ол туралы тексерілетін тұлға хабардар етіледі.

      26. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері нысаны мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін кедендік құжатты мұндай заңнамада белгіленген тәртіппен жасау арқылы ресімделеді.

      27. Кедендік тексерілетін тұлғалардың көшпелі кедендік тексерудің алдын ала нәтижелерімен танысу және қарсылық болған кезде оларды білдіру тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленуі мүмкін.

      28. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу нәтижелерін ресімдеу кезінде жасалатын кедендік құжатта мынадай мәліметтер:

      1) осы құжаттың жасалу орны мен күні;

      2) осы құжаттың тіркеу нөмірі;

      3) көшпелі кедендік тексеруді жүргізген кеден органының атауы;

      4) көшпелі кедендік тексеруді тағайындау үшін неге тексерулер жоспарына (кестесіне) не осы баптың 16-тармағында көзделген негіздеулерге сілтеме;

      5) көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімнің (ұйғарымның) күні және нөмірі;

      6) көшпелі кедендік тексерудің түрі;

      7) тексерілетін тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)), оның орналасқан (тұрғылықты) жері (жерлері) және (немесе) қызметті іс жүзінде жүзеге асыру орны (орындары), оның идентификаттау және (немесе) тіркеу нөмірі;

      8) көшпелі кедендік тексеруді жүргізген кеден органы лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және лауазымы;

      9) көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылған лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және лауазымы;

      10) кедендік тексеру жүргізудің басталған және аяқталған күні, ал көшпелі кедендік тексеру жүргізудің мерзімі тоқтатыла тұрған және (немесе) ұзартылған жағдайда мұндай тоқтата тұрудың және (немесе) ұзартудың кезеңі де көрсетіледі;

      11) тексерілген құжаттардың түрлері;

      12) кедендік бақылау нысандары, көшпелі кедендік тексеру барысында жүргізілген өзге де әрекеттер туралы мәліметтер;

      13) талаптары бұзылған кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттардың және актілердің және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасының ережелері көрсетіле отырып, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттардың және актілердің және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасының бұзылғандығын куәландыратын анықталған фактілерді сипаттау, не олардың жоқтығы туралы мәліметтер;

      14) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша қорытындылар;

      15) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

      29. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізудің аяқталу күні көшпелі кедендік тексеруді жүргізу нәтижелерін ресімдеу кезінде жасалатын кедендік құжатты жасау күні есептеледі.

      30. Көшпелі кедендік тексеру мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тіркелген дара кәсіпкерлерді қоспағанда, жеке тұлғаларға қатысты жүргізілмейді.

334-бап. Кеден және өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігі

      1. Тексерілетін тұлға кеден органының лауазымды адамдары көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімді (ұйғарымды) және қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде осы лауазымды адамдардың және көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Кеден органдары лауазымды адамдарының және көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның тұрғын үй-жайларына қолжетімділігіне, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, жол беріледі.

      2. Егер мүше мемлекеттің заңнамасында жекелеген объектілерге қолжетімділіктің арнайы тәртібі көзделсе, онда мұндай қолжетімділік осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      3. Тексерілетін тұлға кеден органының лауазымды адамдарына және көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділіктен мынадай жағдайларда:

      1) осы лауазымды адамдар көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімді (ұйғарымды) және (немесе) қызметтік куәліктерді көрсетпесе;

      2) осы лауазымды адамдар көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімде (ұйғарымда) көрсетілмесе;

      3) егер мұндай рұқсат мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қажет болса, осы лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділікке арнайы рұқсаты болмаса, бас тартуға құқылы.

      4. Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарының және көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын мүше мемлекеттердің өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігін қамтамасыз етуден негізсіз бас тартқан жағдайда, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті акт (хаттама) жасалады.

      Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарының және көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын мүше мемлекеттердің өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігін қамтамасыз етуден негізсіз бас тартқан жағдайда, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес олар қарсыласудың жолын кесе отырып және (немесе) жабық үй-жайларды ашып осы объектіге кіруге құқылы.

335-бап. Кеден органының лауазымды адамдарының кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Кеден органының лауазымды адамдарының кедендік тексеру жүргізу кезінде:

      1) тексерілетін тұлғадан коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарды, бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттарын, сондай-ақ тексерілетін тауарларға қатысты тексерілетін тұлғаның бұдан кейінгі мәмілелеріне қатысты ақпаратты қоса алғанда, осы тауарларға қатысты басқа да ақпаратты, оның ішінде электрондық тасымалдағыштарда талап етуге және алуға;

      2) осы Кодекстің 18-бабына сәйкес тексерілетін тұлғадан есептілікті ұсынуды талап етуге;

      3) тексерілетін тұлғамен кедендік тексеру жүргізіліп жатқан тауарлармен мәмілелер (операциялар) бойынша байланысты тұлғалардан тексерілетін тұлға немесе мұндай тауарлармен мәмілелерге (операцияларға) қатысы бар үшінші тұлғалар жасайтын операциялар мен есептер бойынша құжаттардың көшірмелерін және өзге де ақпаратты ұсынуды талап етуге;

      4) банктерден, банктік емес кредиттік (кредиттік-қаржы) ұйымдардан және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, мүше мемлекеттерден мүше мемлекеттердің ұйымдары мен дара кәсіпкерлерінің банк шоттарының бар екені және нөмірлері туралы құжаттармен мәліметтерді, сондай-ақ ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің шарттары бойынша ақшалай қаражат қозғалысына қатысты, оның ішінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес банктік құпиясы бар кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттарды және мәліметтерді талап етуге және олардан алуға;

      5) мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарынан кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

      6) кедендік тексеруді жүргізумен байланысты мүше мемлекеттердің және Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің ұйымдарына, мемлекеттік және өзге де органдарына (ұйымдарына) сұрау салулар жолдауға;

      7) кедендік сараптама тағайындауға;

      8) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де әрекетерді жүзеге асыруға құқығы бар.

      2. Кеден органының лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде:

      1) тексерілетін тұлғадан көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды ұсынуды талап етуге;

      2) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен түгендеу жүргізуге немесе тауарларға түгендеу жүргізуді талап етуге;

      3) лауазымды адамдар көшпелі кедендік тексеру жүргізілетіні туралы шешімді (ұйғарымды) және қызметтік куәліктерін ұсынған жағдайда тексерілетін тұлғаның объектілеріне қолжетімділік алуға;

      4) тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуға;

      5) алып қою актісін жасай отырып, тексерілетін тұлғадан құжаттарды не олардың көшірмелерін алып қоюға;

      6) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды иеліктен айыруға не өзге тәсілмен осы тауарларға билік етуге бағытталған әрекеттердің жолын кесу үшін көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне тауарларға тыйым салуға немесе оларды алып қоюға;

      7) үй-жайларға, қоймаларға, архивтерге және көшпелі кедендік тексеру жүргізіліп жатқан құжаттардың және тауарлар орналасқан (сақталған) өзге де жерлерге сүргі салуға;

      8) тексерілетін тұлғаның өкілдерінен жеке басын куәландыратын құжаттарды және (немесе) өкілеттіктерді растайтын құжаттарды ұсынуды талап етуге;

      9) тексерілетін тұлғаның ақпараттық жүйелерінің базаларына және деректер банкіне өз құзыреті шегінде қолжетімділік алуға;

      10) тексерілетін тұлғадан тексеруге жататын мәселелер шеңберінде қажетті құжаттарды (олардың көшірмелерін), оның қызметіне және мүлкіне қатысты өзге де ақпаратты, соның ішінде электрондық нысанда талап етуге және алуға құқығы бар. Егер осы құжаттар (олардың көшірмелері) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін орында болмауға тиіс болса, кеден органының лауазымды адамы оларды ұсыну үшін жеткілікті, бірақ кемінде 3 жұмыс күн болатын мерзімді белгілейді;

      11) техникалық құралдарды (оның ішінде аудио- және бейне жазбаларды, фототүсірілімді жүзеге асыратын аппаратураны), сондай-ақ тексерілетін тұлға электрондық нысанда ұсынған ақпаратты өңдеуге арналған бағдарламалық өнімдерді пайдалануға;

      12) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.

      3. Кеден органының лауазымды адамдары кедендік тексеруді жүргізу кезінде:

      1) тексерілетін тұлғаның құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауға, заңсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздікпен) тексерілетін тұлғаға зиян келтіруге жол бермеуге;

      2) осы Кодекстің 356-бабына сәйкес кедендік тексеруді жүргізу кезінде алынған ақпаратты пайдалануға;

      3) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік тексерулер жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, олардың мазмұнын тексерілетін тұлғаның келісімінсіз жария етпеуге;

      4) қызмет этикасын сақтауға;

      5) тексерілетін тұлғаға оның кедендік тексеру жүргізу, кедендік сараптама тағайындау, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу кезіндегі құқықтары мен міндеттері туралы, сондай-ақ кедендік тексеруді жүргізу кезінде кеден органының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері туралы аппарат беруге;

      6) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлғаның белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;

      7) тексерілетін тұлғаның талабы бойынша осы Кодекстің және мүше мемлекеттер заңнамасының көшпелі кедендік тексеруді жүргізу тәртібіне қатысты ережелері туралы қажетті ақпаратты беруге;

      8) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаның өкілдеріне көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімді (ұйғарымды) және өздерінің қызметтік куәліктерін көрсетуге;

      9) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

336-бап. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде:

      1) кеден органдарынан осы Кодекстің және мүше мемлекеттер заңнамасының кедендік тексерулерді жүргізу тәртібіне қатысты ережелері туралы ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің және (немесе) мүше мемлекеттер заңнамасының сақталғанын растайтын өзінің билігіндегі барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға;

      3) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден органдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануға;

      4) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарынан көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімді (ұйғарымды) және қызметтік куәліктерін көрсетуді талап етуге;

      5) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде қатысуға және көшпелі кедендік тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірулер беруге;

      6) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

      2. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде:

      1) көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды көрсету мүмкіндігі бар болған кезде мұндай тауарларды көрсетуге;

      2) кеден органының талабы бойынша белгіленген мерзімде қағаз тасымалдағышта, қажет болған кезде өзге де тасымалдағышта құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға;

      3) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарының және мұндай тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның объектілеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын ұсынуға;

      4) егер кедендік тексеру мақсаттары үшін қажетті құжаттама кеден органы кедендік тексеруді жүргізіп отырған мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінен өзге тілде жасалса, - кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарына көрсетілген құжаттаманың аудармасын ұсынуға;

      5) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімді (ұйғарымды) ұсынған күннен бастап күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарына құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін жауапты тұлғалар аясын айқындауға;

      6) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде түгендеудің жүргізілуін қамтамасыз етуге;

      7) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдар кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімі қабылдаған жағдайда тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

      8) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарының талабы бойынша тексерілетін тұлғаның қызметі мәселелері бойынша жазбаша және ауызша түсіндірулер беруге, сондай-ақ анықтамалар мен есептеулер беруге;

      9) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

337-бап. Кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну

      1. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары кеден органының сұрау салуы бойынша ұйымдарды және дара кәсіпкерлерді тіркеуге, салықтарды төлеуге және есептеуге қатысты өздерінің иелігіндегі құжаттарды және мәліметтерді, бухгалтерлік есеп және есептілік деректерін және (немесе) құжаттарын, сондай-ақ кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын өзге де құжаттарды және мәліметтерді мүше мемлекеттердің мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып ұсынады.

      2. Мүше мемлекеттердің банктері, банктік емес кредиттік (кредиттік-қаржы) ұйымдары және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдары кеден органының талабы бойынша мүше мемлекеттердің ұйымдары мен дара кәсіпкерлерінің банк шоттарының бар болуы және нөмірлері туралы құжаттарды және мәліметтерді, сондай-ақ мұндай ұйымдар мен дара кәсіпкерлердің шоттары бойынша ақшалай қаражат қозғалысына қатысты кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті, соның ішінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес банктік құпиясы бар құжаттарды және мәліметтерді ұсынады.

      3. Тексерілетін тұлғамен кедендік тексеру жүргізілетін тауарлармен мәмілелер (операциялар) бойынша байланысты тұлғалар кеден органының талабы бойынша тексерілетін тұлғамен немесе сол тауарлармен мәмілелерге (операцияларға) қатысы бар үшінші тұлғалармен жүргізілетін операциялар және есептеулер бойынша кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін және өзге де ақпаратты ұсынуға міндетті.

46-тарау

Кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ету шаралары және оларды қолдану

338-бап. Кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ету шаралары

      1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік бақылау объектілеріне қарай кеден органдары осы Кодекске сәйкес кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін мынадай шараларды;

      1) ауызша сауалнама өткізуге;

      2) кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуға, талап етуге және алуға;

      3) кедендік сараптаманың жүргізілуін тағайындауға, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуға;

      4) тауарлардың, құжаттардың, көлік құралдарының, үй-жайлардың және басқа орындардың идентификаттауын жүзеге асыруға;

      5) кеден органдарының кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, өзге техникалық құралдарын, су және әуе кемелерін пайдалануға;

      6) кедендік алып жүруді қолдануға;

      7) тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеуге:

      8) кедендік бақылаудағы тауарлардың, олармен жасалатын кедендік операциялардың есебін жүргізуге;

      9) маманды тартуға;

      10)мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарының мамандарын және сарапшыларың тартуға;

      11) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге операциялардың жасалуын талап етуге;

      12) кедендік қадағалауды жүзеге асыруға;

      13) тауарларды есепке алу жүйесінің болуын және тауарларды есепке алудың жүргізілуін тексеруге;

      14) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін өзге де шараларды қолдануға құқылы.

      2. Кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар дербес немесе кедендік бақылау нысандарының қолданылуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

      3. Кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар осы тарауға сәйкес, ал кедендік сараптаманың жүргізілуін тағайындау - осы Кодекстің 53-тарауына сәйкес қолданылады.

339-бап. Ауызша сауалнама

      Кедендік бақылауды жүргізу үшін маңызы бар мәліметтерді алу мақсатында кеден органдарының лауазымды адамдары жеке тұлғалармен, олардың өкілдерімен, сондай-ақ ұйымдардың өкілдері болып табылатын адамдармен, сауалнама нәтижелерін ресімдеместен, ауызша сауалнама жүргізуге құқылы.

340-бап. Кеден органдарының кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуы, талап етуі және алуы

      1. Кеден органдары декларанттан, кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді кедендік бақылауды жүргізген кезде сұратуға, ал осы Кодексте белгіленген жағдайларда - талап етуге, сондай-ақ сұрау салынатын (талап етілген) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну үшін жеткілікті болуға тиіс оларды ұсынудың мерзімін белгілеуге құқылы.

      2. Сұрау салынатын (талап етілген) құжаттардың және (немесе) мәліметтердің тізбесін кеден органы мәміле шарттарын, тауар сипатын, оның мақсатын, сондай-ақ өзге де мән-жайларды ескере отырып, тексерілетін құжаттарға және (немесе) мәліметтерге сүйене отырып айқындайды.

      3. Кеден органы құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуда (талапта) белгілеген мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі сұрау салу (талап), оның ішінде жоғалтып алған құжаттарды қалпына келтіру үшін жолданған тұлғаның уәждемелі өтінішінің негізінде ұзартылуы мүмкін. Құжаттардың және (немесе) мәліметтерді ұсыну ұзартылатын мерзім сұрау салу жолданған тұлғаның өтініші негізінде айқындалады, бірақ құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап 2 айдан аспауы тиіс.

      4. Кедендік бақылауды кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында жүргізген кезде кеден органы осы Кодекстің 326-бабында көзделген құжаттар және (немесе) мәліметтер осы бапқа сәйкес сұратылған жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 325-бабына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратады.

      5. Кеден органдары сұратқан құжаттар түпнұсқалар немесе олардың көшірмелері, оның ішінде, егер кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерде құжаттардың түпнұсқаларын міндетті түрде ұсыну белгіленбесе, электрондық құжаттардың қағаз көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Ұсынылған құжаттардың көшірмелерін оларды ұсынған тұлғалар куәландыруға тиіс.

      Кеден органдары ұсынылған құжаттардың көшірмелерін олардың түпнұсқалармен сәйкес келуін тексеруге құқылы.

      Егер ұсынылған құжаттар құжаттарды кеден органы сұратқан мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінен өзге тілде жасалған жағдайда, оларды ұсынған тұлғалар кеден органы лауазымды адамының талабы бойынша көрсетілген құжаттардың аудармасын қамтамасыз етуге міндетті.

      6. Декларант, тасымалдаушы, кеден ісі саласында қызметі жүзеге асыратын тұлғалар, және өзге тұлғалар кеден органдарына кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ауызша, жазбаша және (немесе) электрондық нысандарда ұсынуға міндетті.

      7. Кеден органдары мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ мүше мемлекеттердің өзге ұйымдарынан мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.

      8. Кедендік бақылауды жүргізу үшін кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес банктерден және банктік емес кредиттік (кредиттік-қаржы) ұйымдардан және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алуға құқылы.

341-бап. Тауарларды, құжаттарды, көлік құралдарын, сондай-ақ үй-жайларды және басқа орындарды идентификаттау

      1. Кедендік бақылаудағы тауарларды және оларға құжаттарды, көлік құралдарының жүк тиейтін орынжайларды (бөліктерді), кедендік бақылауға жататын тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін орынжайларды, ыдыстарды және өзге орындарды кеден органдары идентификаттау құралдарын қолдану арқылы, сондай-ақ тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілері іріктеу, тауарларды толық сипаттау, сызбаларды жасау, ауқымды бейнелерді, фотографияларды, иллюстрацияларды жасау, тауарға ілеспе құжаттаманы және өзге құжаттаманы пайдалану арқылы, сондай-ақ өзге де тәсілдермен идентификаттауы мүмкін.

      2. Идентификаттау құралдарына пломбалар, мөрлер, цифрлық, әріптік және өзге де маркалау, идентификаттау белгілері, мөртаңбалар, сынамалар сейфті-пакеттер және тауарлардың идентификатталуын қамтамасыз ететін өзге де құралдар жатады.

      Кеден органдары пайдаланатын идентификаттау құралдарын қолдану тәртібі және оларға қойылатын талаптар мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      3. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында кеден органдары пайдаланатын идентификаттау тәсілдерін қолдану тәртібі, оның ішінде осы Кодекстің 167, 180, 192, 206 және 214-баптарында көзделген идентификаттау тәсілдерін қолдану тәртібі белгіленуі мүмкін.

      4. Идентификаттау құралдары ретінде кеден органдары пломбаларды, мөрлерді немесе Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің кеден органдары, сондай-ақ тауарлардың немесе тасымалдаушылардың жөнелтушілері қолданатын өзге де идентификаттау құралдарын тануы мүмкін.

      5. Тауарлардың жойылуының, қайтарымсыз жоғалуының немесе елеулі түрде бүлінуінің нақты қаупі болған жағдайларды қоспағанда, идентификаттау құралдарын тек кеден органдары немесе олардың рұқсатымен өзгерілуі, алып тасталуы, жойылуы немесе ауыстырылуы мүмкін. Көрсетілген жағдайларда кеден органына идентификаттау құралдарының өзгертілгені, алып тасталғаны, жойылғаны немесе ауыстырылуы туралы тез арада хабарланады және аталған қауіптің бар екендігіне дәлелдер ұсынылады.

      Кеден органының идентификаттау құралдарын өзгертуі, алып тастауы, жоюы немесе ауыстыруы Комиссия айқындайтын нысанда идентификаттау құралдарының өзгеруі, алып тасталуы, жойылуы немесе ауыстырылуы туралы актісін жасау арқылы не кеден органына ұсынылған көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжаттарда қойылған идентификаттау құралдарының өзгеруі, алып тасталуы, жойылуы немесе ауыстырылуы туралы белгілер қоюмен ресімделеді.

342-бап. Кеден органдарының кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, өзге де техникалық құралдарын, су және әуе кемелерін пайдалану

      1. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (жабдық, аспаптар, өлшеу құралдары, құрылғылар және керек-жарақтар) және өзге де техникалық құралдарды пайдалануы мүмкін.

      Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану тізбесі және тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

      2. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары адамның, жануарлардың және өсімдіктердің өміріне және денсаулығына қауіпсіз болуға және адамдарға, тауарларға және көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.

      3. Комиссия кеден органдары пайдаланатын кедендік бақылаудың жекелеген техникалық құралдарына қойылатын үлгілік техникалық талаптар бойынша ұсынымдарды қабылдауға құқылы.

      4. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге түрлерін жүргізу кезінде пайдалануы мүмкін.

      5. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.

      Кедендік бақылау жүргізу мақсатында кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

343-бап. Кедендік алып жүру

      1. Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың Одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдануын қамтамасыз ету мақсатында кедендік алып жүруді қолданады.

      2. Кедендік алып жүру кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын немесе кедендік бақылаудағы көлік құралдарын кедендік алып жүруді білдіреді.

      3. Кедендік алып жүруді кеден органдарының лауазымды адамдары не мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған ұйымдар жүзеге асырады.

      4. Кеден органдары кедендік алып жүруді:

      1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар мынадай жағдайларда:

      осы Кодекстің 146-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылмаған не осы Кодекстің 146-бабына сәйкес айқындалған мөлшерден кем мөлшерде мұндай міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған;

      тасымалдаушы, егер көрсетілген қаулылардың кемінде біреуі орындалмаса, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңды күшіне енген қаулыларда белгілі болған кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде міндетті бірнеше рет орындамаған;

      тасымалдаушы осы Кодекстің 153-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетті белгіленген мерзімде орындамаған;

      Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарды және актілерді және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасын сақтамау белгілері анықталған кездегі өзге де жағдайларда тасымалданған кезде;

      2) осы Кодекске сәйкес мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағы арқылы кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылмай тасымалдануы мүмкін болғанда кедендік бақылаудағы шетел тауарларын тасымалдау кезінде қолдануға құқылы.

      5. Егер бірінші немесе үшінші үлгідегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлардың декларанты болса, осы баптың 4-тармағы 1-тармақшасының бесінші абзацының ережелері қолданылмайды.

      6. Кеден органы кедендік алып жүруді қолдану туралы шешімді қабылдаған жағдайда кеден органы тасымалдаушыға мұндай шешімнің қабылданғаны туралы хабарлайды және кедендік алып жүруді мұндай шешім қабылданған кезден бастап 24 сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады.

      7. Бір мүше мемлекеттің аумағы арқылы ғана көлік құралдарының кедендік алып жүруі кезінде кедендік алып жүруді ұйымдастыру тәртібі осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.

      8. Екі және одан да көп мүше мемлекеттің аумақтары бойынша көлік құралдарының кедендік алып жүруі кезінде кедендік алып жүруді ұйымдастыру тәртібі Одақтың шеңберінде халықаралық шартта айқындалады.

      9. Осы баптың 4-тармағының 1-тармақшасының үшінші абзацын қолдану мақсаты үшін кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде тасымалдаушыны өз міндеттерін орындамағаны үшін оны әкімшілік жауапкершілікке тарту және оларды орындау туралы қаулылардың заңды күшіне енгені туралы ақпаратпен алмасу Одақтың шеңберінде халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

344-бап. Тауарларды тасымалдау маршруты

      1. Тауарларды тасымалдау маршрутын кеден органдары Одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауға бақылауды қамтамасыз ету мақсатында белгілейді.

      2. Тауарларды тасымалдау маршруты кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға не кедендік бақылауға жататын тауарларға қатысты белгіленеді, осы Кодекске сәйкес мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағы арқылы кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырмай тасымалдануы мүмкін.

      3. Тауарларды тасымалдау маршруты шетел тауарларын мүше мемлекеттің және (немесе) мүше мемлекеттердің ішкі су жолдарына кірмейтін мүше мемлекеттің және (немесе) мүше мемлекеттердің теңіз порттары арасында су кемелерімен, оның ішінде аралас жүзу (өзен-теңіз) кемелерімен тасымалдауды қоспағанда, тауарларды автомобиль және су көлігімен тасымалдау кезінде белгіленеді.

      4. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдау маршрутын жөнелтуші кеден органы көліктік (тасымалдау) құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып белгілейді.

      5. Тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдаудың маршрутын өзгертуіне жөнелтуші кеден органының не оның жүру жолы бойынша орналасқан кез келген кеден органының рұқсатымен жол беріледі, ол тасымалдаушының назарына жазбаша немесе электрондық нысанда жеткізіледі.

      6. Тауарларды тасымалдау маршруты бір ғана мүше мемлекеттің аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты белгіленген жағдайда, кеден органдары көлік құралдарының орын ауыстыруына және тауарларды тасымалдаудың белгіленген бағытын сақтауға қашықтықтан бақылауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді және кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалануы мүмкін.

      7. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеумен, өзгертумен және сақтаумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия, ал осы Кодекске сәйкес мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағы арқылы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай тасымалдануы мүмкін болатын кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты - мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.

345-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды және олар мен жасалатын кедендік операцияларды есепке алу

      1. Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың және олармен жасалатын кедендік операциялардың есепке алынуын жүргізеді.

      2. Кедендік бақылаудағы тауарларға және олармен жасалатын кедендік операцияларды есепке алу тәртібі мен нысаны мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

      3. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында кеден органдары декларанттардың есепке алынуын, сондай-ақ осындай есеп жүргізудің жағдайлары мен тәртібін жүргізетіні белгілеуі мүмкін.

346-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде маманның қатысуы

      1. Кеден органдары қажет болған жағдайда кедендік бақылауды жүргізу кезінде жекелеген әрекеттерді жасау үшін мұндай әрекеттердің нәтижесіне мүдделі емес, кеден органдарына жәрдем ету үшін, оның ішінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану кезінде қажет болатын арнайы білімі мен дағдылары бар маманды тартуы мүмкін.

      Мұндай мамандар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ресімделетін кеден органының шешімі бойынша тартылатын осындай заңнама белгіленуі мүмкін.

      2. Кедендік бақылау жүргізу кезінде маман ретінде тұлғаны тарту шарттық негізде жүзеге асырылады.

      3. Маманның:

      1) өзі қатысатын әрекеттерді жүзеге асырумен байланысты материалдармен танысуға;

      2) өзі катысқан әрекеттер жасау нәтижелері бойынша ресімделетін құжаттармен танысуға және өзі жасаған әрекеттер бойынша мұндай құжаттарға енгізілуге жататын өтініштер немесе ескертулер жасауға құқығы бар.

      4. Маман:

      1) арнайы білімді және дағдыны талап ететін әрекеттер жасауға қатысуға не осындай әрекеттерді жасауға, өзі жасап жатқан әрекеттер бойынша түсіндірме беруге;

      2) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген әрекеттерді жасау фактісін, олардың мазмұны мен нәтижелерін өз қолымен куәландыруға міндетті.

      5. Маман мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзі алған коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ өзге де құпия ақпаратты жарияламауға, өзге де мақсаттарда пайдаланбауға, үшінші тұлғаларға бермеуге тиіс.

      6. Егер кедендік бақылауды жүргізу барысында кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталса, кеден органдарының маманды тартуға байланысты туындаған шығыстары қызметіне және (немесе) тауарларына қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тұлғаның қаражаты есебінен өтеледі. Өзге жағдайларда мұндай көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кеден органы кедендік бақылауды жүргізетін мүше мемлекет бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

347-бап. Кедендік бақылауды жүргізуде жәрдем ету үшін мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарынан мамандарды және сарапшыларды тарту

      1. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізуге жәрдем ету үшін мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарының мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында мұндай мамандарды немесе сарапшыларды тарту осындай заңнамаға сәйкес ресімделетін кеден органының шешімі бойынша белгіленуі мүмкін.

      2. Мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарынан тартылатын мамандар мен сарапшылар мемлекеттік, коммерциялық, салықтық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге міндетті.

      3. Мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарынан мамандары мен сарапшыларды тартумен байланысты шығыстар, егер кеден органдарының тапсырмасы бойынша олар орындаған жұмыс олардың қызметтік міндеттерінің аясына кірмесе, осы Кодекстің 346-бабының 6-тармағында айқындалатын тәртіппен өтеледі.

348-бап. Кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар

      1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органының талабы бойынша декларант, уақытша сақтау қоймасының немесе кеден қоймасының иесі, кеден өкілі және (немесе) тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге де тұлға кедендік бақылауға жататын тауарларды тасуда (тасымалдауды), өлшеуді жүргізуге немесе өзге тәсілмен тауарлардың санын анықтауды қамтамасыз етуге, тиеуді, түсіруді, қайта тиеуді, зақымданған орамды жөндеуді, орамды ашуды, кедендік бақылауға жататын тауарларды орауды не қайта орауды сондай-ақ осындай тауарлар орналасқан (орналасуы мүмкін) үй-жайларды, ыдыстарды және өзге де орындарды ашуды жүргізуге міндетті.

      2. Тасымалдаушы өзі таситын (тасымалдайтын) тауарларға және мұндай тауарларды тасуды (тасымалдауды) жүзеге асыратын көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялардың жасалуына жәрдемдесуге міндетті.

      3. Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар кеден органы үшін қандай да бір шығыстарға әкеп соқтауға тиіс.

349-бап. Кедендік қадағалау

      Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарларға, соның ішінде кедендік бақылаудың объектілері болып табылатын көлік құралдарына және оларға қатысты жүк және өзге де операциялардың жасалуына, сондай-ақ Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін және халықаралық әуежайдың кедендік бақылау аймағында немесе транзиттік аймағында болған жеке тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде, оның ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып қадағалауды жүзеге асыруға құқылы.

350-бап. Тауарларды есепке алу жүйесінің болуын және тауарлардың есепке алынуын жүргізуді тексеру

      1. Кеден органдары осы Кодексте және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында:

      1) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне, кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғаларда және осындай тізілімдерге енгізілген тұлғаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына;

      2) кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың, уәкілетті экономикалық операторлардың және тауарлардың есепке алынуын көздейтін кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғалардың тауарларды есепке алуды жүргізуін тексереді.

      2. Белгіленген талаптарға сәйкес келетін тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуын тексеру және тауарлардың есепке алынуын жүргізу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

VII БӨЛІМ КЕДЕН ОРГАНДАРЫ

47-тарау

Кеден органдары туралы жалпы ережелер

351-бап. Кеден органдары, олардың міндеттері және функциялары

      1. Кеден органдары өз құзыреті шегінде Одақтың кедендік шекарасында мынадай міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді:

      1) мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау;

      2) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды тасуды жылдамдату және оңайлату үшін жағдайлар жасау;

      3) кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттардың және актілердің, Одақтың құқығын құрайтын өзге де халықаралық шарттардың және актілердің, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасын, сондай-ақ сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген мүше мемлекеттер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.

      2. Кеден органдарына жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды орындайды:

      1) кедендік операцияларды жасау және оның ішінде, өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде кедендік бақылауды жүргізу;

      2) кедендік төлемдерді, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын өндіріп алу, оларды есептеу дұрыстығын және уақытында төлеуді бақылау, қайтару (есепке жатқызу) және оларды мәжбүрлі өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау;

      3) кедендік-тарифтік реттеу шараларының, тыйым салулар мен шектеулердің, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;

      4) Одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарының өткізілуіне кедендік бақылауды жүргізген кезде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл;

      5) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу;

      6) Одақтың кедендік аумағында зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау;

      7) кедендік статистиканы жүргізу;

      8) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес экспорттық, радиациялық және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге де түрлерін жүзеге асыру.

      3. Кеден органдарына Одақ шеңберінде мүше мемлекеттердің заңнамасында және (немесе) халықаралық шарттарда айқындалатын өзге де міндеттер және функциялар жүктелуі мүмкін.

      4. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік операцияларды жасаумен және осы Кодекстің 322-бабының екінші - төртінші абзацтарында көрсетілген нысандарда кедендік бақылауды жүргізумен және осы Кодекстің 339-бабында жеке пайдалануға арналған тауарлардың ғана Одақтың кедендік аумағына келуі және (немесе) Одақтың кедендік аумағынан кетуі жүзеге асырылатын және кеден органдары жоқ Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолданумен байланысты кеден органдарының жекелеген функциялары мұндай орындарда бақылау функцияларын жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарына жүктелуі мүмкін.

      5. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы Кодекстің 310-бабының 8-тармағына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарына жүктелуі мүмкін.

      6. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік төлемдерді, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алумен, оларды есептеу дұрыстығын және уақытында төлеуді бақылаумен, қайтарумен (есепке жатқызумен) және оларды мәжбүрлі өндіріп алу бойынша шаралар қабылдаумен байланысты кеден органдарының жекелеген функциялары мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарына жүктелуі мүмкін.

      7. Кеден органдарының құқықтары және міндеттері осы Кодексте және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

      8. Кеден органдарының жүйесі және кеден органдарында қызмет өткеру шарттары мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

352-бап. Кеден органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі

      1. Кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңсыз шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) арқылы келтірілген зияны үшін жауаптылықта болады.

      2. Кеден органдарының не олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) арқылы келтірілген шығындар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өтеуге жатады.

      3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары лауазымды тұлғаларының заңды шешімдері, әрекеттері арқылы тұлғаға келтірілген шығындар өтеуге жатпайды.

      4. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңсыз шешімдер, әрекеттер (әрекетсіздігі) үшін тәртіптік, әкімшілік қылмыстық және өзге де жауаптылықта болады.

353-бап. Кедендік инфрақұрылым

      1. Кедендік инфрақұрылымға кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен, инженерлік, ақпараттық, телекоммуникациялық жүйелермен және оларды қамтамасыз ету құралдарымен жабдықталған (бұдан әрі осы бапта - кедендік инфрақұрылымның элементтері) ғимараттар, құрылысжайлар, үй-жайлар, ашық алаңдар және кеден органдарының қызметін қамтамасыз ететін әлеуметтік мақсаттағы объектілер жатады.

      2. Кедендік инфрақұрылымның элементтері мынадай орындарда:

      1) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында;

      2) мүше мемлекеттер кеден органдарының жүйесіне кіретін кеден органдары және мекемелері орналасқан орындарда;

      3) аумағында кедендік операциялар және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге де орындарда орналасуы мүмкін,

      3. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарда орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтерінің жайластырылуына және техникалық жарақтандырылуына қойылатын үлгілік талаптарды кеден органдарының қызметін қамтамасыз етуге байланысты олардың функционалдық мақсаттағы ерекшеліктерін ескере отырып, Комиссия анықтайды.

      4. Мүше мемлекеттердің кеден органдарының жүйесіне кіретін кеден органдары және мекемелер орналасқан орындарда және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге аумақтарда кедендік инфрақұралым элементтерінің жайластырылуына және техникалық жарақтандырылуына қойылатын талаптар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      5. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында кедендік инфрақұрылымның даму үрдісін және серпінін, жай-күйін талдay, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға және таратылуы шектелген мәліметтерге жатпайтын мәліметтерді қамтымайтын белгілі бір кезең уақытында кеден органдары ұсынатын Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуі туралы жалпыланған мәліметтердің негізінде Комиссия жүргізеді.

      Көрсетілген мәліметтердің құрамын, олардың құрылымын және форматын, сондай-ақ оларды ұсыну кезеңділігі мен тәртібін Комиссия анықтайды.

      Кедендік инфрақұрылымның даму үрдісі және серпіні, жағдайы туралы ақпарат Одақтың ресми сайтында Интернет желісінде орналастырылады.

354-бап. Кеден органдарының құқық қорғау қызметі

      1. Кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес іс жүргізу кеден органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау және (немесе) тергеу органдары болып табылады.

      2. Кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қылмыстар деп танылған, кұқыққа қарсы әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған тұлғаларды анықтау, үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің халықаралық ұйымдарының, кеден және өзге құзыретті органдардың сұрау салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады.

      Жедел-іздестіру қызметін мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары жүзеге асырады.

      3. Кеден органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік процесті жүргізеді (іс жүргізуді жүзеге асырады) және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартады.

      4. Қылмыстардың және әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері (құрамы), сондай-ақ қылмыстық және (немесе) әкімшілік жауаптылыққа тұлғаларды тарту тәртібі және қағидалары, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

      5. Қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша кеден органдарының өзара іс-қимылы және құқықтық көмек Одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

355-бап. Одақтың кедендік шекарасын тастап кеткен су және әуе кемелерін ұстау (қайтару) және көлік құралдарын тоқтату бойынша кеден органдарының құқығы

      1. Кеден органдары көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ кеден органының рұқсатынсыз Одақтың кедендік аумағын тастап кеткен су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы.

      Автомобиль көлік құралдарын кедендік бақылау аймағынан тыс жерде тоқтатқан жағдайда, кедендік бақылау жүргізу уақыты осындай тоқтау сәтінен бастап 2 сағаттан аспауы тиіс.

      2. Одақтың кедендік шекарасынан тыс орналасқан су және әуе кемелерін ұстау (қайтару) бойынша кеден органдарының әрекеті үшінші тараппен мүше мемлекеттердің жасаған халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

356-бап. Кеден органдары алған ақпаратқа қатысы

      1. Кеден органдары осы Кодекске, кедендік реттеу саласындағы өзге халықаралық шарттарға және актілерге, үшінші тараппен мүше мемлекеттердің жасаған халықаралық шарттарына және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес алған кез келген ақпаратты кеден органдары жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланылады.

      2. Осы Кодекске, кедендік реттеу саласындағы өзге халықаралық шарттарға және актілерге, үшінші тараппен жасаған мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратқа қолжетімділікті алған кеден органдары, олардың лауазымды тұлғалары жариялауға жеке мақсатта пайдалануға не өзге тұлғаларға, оның ішінде мүше мемлекеттердің заңнамасында қорғалатын мемлекеттік, коммерциялық, салықтық, банктік және өзге құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ Осы Кодекске, кедендік реттеу саласындағы өзге халықаралық шарттарға және актілерге, үшінші тараппен жасаған мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін жағдайларды қоспағанда, басқа құпия ақпаратты мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына беруге құқығы жоқ.

      3. Егер көрсетілген органдарға мұндай ақпарат осы мүше мемлекеттердің заңнамасында өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажет болса, бір мүше мемлекеттің кеден органдары өздеріне ұсынылған ақпаратты, сонымен қатар алдын ала ақпаратты осындай мүше мемлекеттің мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясын сақтай отырып, не басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнама талаптарын немесе осы Кодекстің 49-тарауына сәйкес алынған ақпаратқа қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 375-бабының талаптарына сәйкес оларды осы мүше мемлекеттің мемлекеттік органдарына береді.

357-бап. Кеден органдары қабылдаған шешімдерді және кедендік бақылауды жүргізу нәтижелерін өзара тану

      Кедендік операцияларды жасау кезінде қабылданған кеден органдарының шешімдері және белгіленген тәртіппен ресімделген кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері, осы Кодекспен белгіленген жағдайлары қоспағанда, мүше мемлекеттерде өзара танылады және Одақтың кедендік аумағында заңдық күші бірдей.

358-бап. Кеден органдарының және оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      Кез келген тұлға кеден органдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) кеден органының немесе кеден органының лауазымды тұлғаларының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде шағымдануға құқылы.

359-бап. Кеден органының алдын ала шешім қабылдауы және кеңес беруі

      1. Кеден органы өтеусіз негізде кеден органының құзыретіне кіретін кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді қолдану мәселелері жөнінде және өзге де мәселелер жөнінде тұлғаларға кеңес беруді жүзеге асырады.

      2. Кеден органының лауазымды тұлғалары кеңес беруді жүзеге асыру кезінде кеден органының атынан кедендік декларацияларды және өзге де құжаттарды тексермейді, олар осы Кодекске және кедендік реттеу саласындағы өзге халықаралық шарттарға және актілерге сәйкес кеден органына ұсынуға жатады, сондай-ақ құжаттарды және кедендік декларацияларды қамтымайды.

      Көрсетілген құжаттарды толтыру мәселелері бойынша кеңес беру тұлға ұсынған ақпаратты және осындай құжаттарды тексерусіз жүзеге асырады.

      3. Кеңес беруді жүзеге асыру кезінде тұлға ұсынған ақпарат, тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органының немесе лауазымды тұлғаның әрекеттерін (әрекетсіздігін) жасау немесе шешім қабылдау үшін негіздеме болып табылмайды.

      4. Кеңес беруді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімін кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасында белгілейді.

      5. Кеден органдары тауарларды сыныптау туралы, тауарлардың шығарылған жері туралы, осы Кодекске сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша, сондай-ақ Комиссия айқындайтын өзге мәселелер бойынша мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін тәртіпте, егер осындай тәртіпті Комиссия айқындамаса, алдына ала шешім қабылдайды.

360-бап. Кедендік статистиканы жүргізу, кедендік статистиканың деректерін пайдалану және ұсыну

      1. Кеден органдары кедендік статистиканы жүргізеді, оған Одаққа мүшелер болып табылмайтын мемлекеттермен мүше мемлекеттердің тауарларымен сыртқы сауда кедендік статистикасы (бұдан әрі осы бапта - тауарлар сыртқы саудасының кедендік статистикасы) және арнайы кедендік статистика кіреді.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тауарлардың сыртқы сауда кедендік статистикасын жүргізу осы мемлекеттің өзге де мемлекеттік органдарына жүктелуі мүмкін.

      2. Кедендік статистиканы жүргізу үшін кеден органдарының ақпараттық ресурстары қолданылады.

      3. Тауарлар сыртқы саудасының кедендік статистикасының деректері Одаққа мүшелер болып табылмайтын мемлекеттермен мүше мемлекеттердің тауарларымен сыртқы саудасының жай-күйін, қарқынын және даму беталысын талдау мақсатында қалыптастырылады.

      Тауарлар сыртқы саудасының кедендік статистикасын жүргізу Комиссия бекіткен әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Тауарлар сыртқы саудасының кедендік статистикасын жүргізу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      4. Кеден органдары тауарлар сыртқы саудасының кедендік статистикасы деректерін, оның ішінде ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану немесе қайта қарау туралы өтінішті Одақ шеңберіндегі халықаралық шартта, мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында белгіленген және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін тәртіппен тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға беру үшін ұсынады.

      5. Арнайы кедендік статистика деректері кеден органдарына жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қалыптастырылады және пайдаланылады.

      Арнайы кедендік статистиканы жүргізу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

361-бап. Кеден органдарының тұлғалар туралы ақпаратты жинауы

      1. Кеден органдары мынадай:

      1) ұйымның құрылтайшылары, акционерлері, басшылары және бас бухгалтерлері туралы;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не тұлғаны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы;

      3) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлік құрамы туралы;

      4) ашылған банктік шоттар туралы;

      5) тұлғаның сыртқы экономикалық қызметі туралы;

      6) ұйымның және оның филиалдарының орналасқан жері туралы;

      7) салық төлеуші ретінде салық органында есепке қойылғаны және салық төлеушінің идентификаттау (есептік, тіркеу) нөмірі туралы;

      8) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген не осындай тізілімге енуге үміткер заңды тұлғалардың қаржылық тұрақтылығы туралы;

      9) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген не осындай тізілімге енуге үміткер заңды тұлғалардың мүше мемлекеттердің салықтар және алымдар туралы заңнамасына (салық заңнамасы) сәйкес берешегі (бересі) туралы;

      10) жеке тұлғалар туралы: дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), күні және туған жері, жынысы, тұрғылықты мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, жеке тұлғаның жеке (жеке сәйкестендіру) нөмірін (болған кезде), салық төлеушінің сәйкестендіру (тіркеу, есептік) нөмірін (болған кезде) қоса алғанда, осы тұлғалардың Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізу жиілігі туралы;

      11) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енуге үміткер не осындай тізілімге енгізілген заңды тұлғаның акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларын іс жүргізуі кеден және өзге де мемлекеттік органдардың жүргізуіне жатқызылған қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы мәліметтерді қоса алғанда, Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өтізу мен байланысты сыртқы экономикалық қызметті не кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты өзге де қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты жинауға құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар туралы ақпаратты жинауды кеден органдары кедендік операцияларды жасау кезінде және оны мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарынан алу арқылы жүргізеді.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың кеден органдарындағы өзі туралы құжатталған ақпаратпен танысуға және оның толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында нақтылауға құқығы бар.

362-бап. Құжаттар және (немесе) мәліметтер алмасу

      1. Осы Кодексте, кедендік реттеу саласындағы өзге де халықаралық шарттарда және актілерде көзделген жағдайларда кеден органдары мен декларанттар, тасымалдаушылар, кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, уәкілетті экономикалық операторлар және кедендік операцияларды жасайтын өзге де тұлғалар арасындағы құжаттар және (немесе) мәліметтер алмасу электрондық нысанда немесе құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қағаз жеткізгіште ұсыну (жолдау) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Электрондық нысанда электрондық құжаттар және (немесе) мәліметтер алмасу кеден органдарының ақпараттық жүйелері мен осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауы арқылы не Интернет желісі ресурстарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      3. Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қағаз жеткізгіште ұсыну (жолдау) арқылы құжаттар және (немесе) мәліметтер алмасу электрондық нысанда құжаттар және (немесе) мәліметтер алмасуға техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, сондай-ақ осы Кодексте кедендік реттеу саласындағы өзге де халықаралық шарттарда және актілерде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

363-бап. Кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен (сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен), уәкілетті экономикалық операторлармен, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен, олардың қауымдастықтарымен және бірлестіктерімен өзара қарым - қатынасы

      1. Кеден органдары кедендік реттеуді жетілдіру және кедендік peттey саласындағы халықаралық шарттардың және актілердің жобаларын көпшілік талқылay мақсатында сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен (сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен), уәкілетті экономикалық операторлармен, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен, олардың қауымдастықтарымен және бірлестіктерімен консультациялық сипаттағы ресми қарым-қатынасты белгілейді және қолдайды.

      2. Кеден органдары кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру үшін сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен (сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен), уәкілетті экономикалық операторлармен, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен, олардың қауымдастықтарымен және бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасайды.

      3. Кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар (сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар). Уәкілетті экономикалық операторлар, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, олардың қауымдастықтары және бірлестіктері арасындағы консультациялық сипаттағы ресми қарым-қатынасты белгілеу және қолдау және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында өзара іс-қимыл жасау үшін кеден органдарының жанында консультациялық органдар құрылуы және мұндай өзара іс-қимыл тәртібін реттейтін құжаттар қабылдануы мүмкін.

364-бап. Кеден органдарының кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жіберуі

      1. Тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдау үшін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары мынадай:

      1) кедендік пломбалар қарапайым және сенімді тәсілмен салынуы мүмкін:

      2) тауарлар халықаралық тасымалдаудың көлік құралының пломба салынған жүк үй-жайлары бөлігінен алынбайтындай болуға немесе олардың ашылған өзі көрінбейтіндей етіп немесе кедендік пломбалар мен мөрлер бүлдірілмей салынуға тиіс;

      3) тауарлар жасырылуы мүмкін жасырын орындар болмауға тиіс;

      4) тауарлар орналастырылған орындар тауарларды кедендік қарап тексеруге жеңіл қол жеткізілетіндей болуға тиіс талаптар сақтала отырып құрастырылған және жабдықталған болуға тиіс.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қойылатын талаптар, егер мұндай көлік құралдары мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында белгіленген өзінің конструкциясына және жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкес келсе, орындалған болып есептеледі.

      3. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралының осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік алу арқылы алдын ала расталуы мүмкін.

      4. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын кедендік пломбалары мен мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәлік:

      1) жеке-дара тәртіппен;

      2) көлік құралдарының конструкциясының типі (сериялары) бойынша берілуі мүмкін.

      5. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын кедендік пломбалары мен мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәлікті кеден органы мүдделі тұлғаның өтініші бойынша көлік құралын ұсынған кезде көрсетілген өтінішті тіркеген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      Мұндай куәлік көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілген жағдайды қоспағанда, Комиссия айқындайтын мерзім шегінде қолданылады.

      Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын кедендік пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәлік басқа тұлғаға ауысқан кезде көлік құралын иемдену құқығы жарамды болады.

      Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын кедендік пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәліктің нысанын, оны беру және пайдалану тәртібін Комиссия айқындайды.

      6. Кеден органдары мынадай:

      1) тауарларды тасымалдауды кедендік тасымалдаушы жүзеге асырған;

      2) алдын ала жіберу мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдау үшін халықаралық тасымалдаудың көлік құралын алдын ала жіберуді талап етпейді.

48-тарау

Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер және ақпараттық технологиялар

365-бап. Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер және ақпараттық технологиялар

      1. Кедендік операциялар кеден органдарының, декларанттардың және өзге де мүдделі тұлғалардың ақпараттық жүйелерін және ақпараттық технологияларын, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып жасалуы мүмкін.

      2. Кедендік операцияларды жасау кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және ақпаратты қорғау құралдарын жасау, құру, енгізу, пайдалану, алып жүру, жаңғырту мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары жасайтын, шығаратын және (немесе) сатып алатын ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды қолданады.

366-бап. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары

      1. Кеден органдарының ақпараттық ресурстарын қалыптастыру мақсатында кеден органдары Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және оларды өткізетін тұлғалар туралы мәліметтерді жинауды және өңдеуді жүргізеді.

      2. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтердің негізінде қалыптастырылады және шектеулі қолжетімділікке ие.

      Кеден органдарының ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және оларға қол жеткізу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

      3. Кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар және актілер туралы ақпаратты қамтитын кеден органдарының ақпараттық ресурстары ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.

      Кеден органдарының жалпыға қолжетімді ақпараттық ресурстары кеден органдарының және (немесе) Одақтың ресми сайттарында Интернет желісінде жарияланады.

      4. Кеден органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған шектеулі қолжетімділікке ие және кеден органдарының жүргізуіндегі ақпаратты тұлғалардың алуы және пайдалануы тәртібі, сондай-ақ мұндай ақпаратты ұсынудың құрамы мен тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

367-бап. Ақпараттық процестерде және ақпараттандыруға қатысатын тұлғалардың ақпараты мен құқықтарын қорғау

      1. Кеден органдары пайдаланатын ақпаратты қорғау, ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғау құралдарын қолдану және кеден органдары пайдаланатын ақпараттық ресурстардағы және ақпараттық жүйелерден ақпаратты қорғау деңгейін бағалау мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Осы Кодекске сәйкес кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерге ақпарат ұсынатын тұлғалардың құқықтарын қорғау мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

49-тарау

Кеден органдарының ақпараттық және өзге де өзара іс-қимылы

368-бап. Кеден органдарының Одақ шеңберінде өзара іс-қимылы

      1. Кеден органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру мақсатында өзара, сондай-ақ осы Кодекске, Одақ туралы Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің кеден органдарымен, өзге де органдарымен және ұйымдарымен және Комиссиямен өзара іс-қимыл жасайды.

      2. Кеден органдарының өзара іс-қимылы мыналар:

      1) Одақтың ортақ процестері шеңберінде Одақ туралы шартқа сәйкес іске асырылатын ақпарат алмасу;

      2) осы Кодекстің 370-бабына сәйкес тұрақты негізде электрондық нысанда, сондай-ақ осы Кодексте және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген өзге де жағдайларда ақпарат алмасу:

      3) құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін ұсыну туралы сұрау салуды орындау;

      4) бір мүше мемлекеттің кеден органы басқа мүше мемлекеттің кеден органына ақпарат жолдау;

      5) өзара әкімшілік көмекті жүзеге асыру;

      6) құбыр жолы көлігімен немесе есепке алу құралдары орнатылған жерлерде электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде қатысу;

      7) өзге де тәсілмен өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылады.

      3. Кедендік реттеу саласында Одақ шеңберіндегі жалпы процестер осы Кодекстің ережелерін сақтауды қамтамасыз ету, оның ішінде кедендік транзит кедендік рәсімге сәйкес Одақтың кедендік аумағы бойынша өткізілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары уақытша әкелінген жеке пайдалану үшін тауарларға қатысты кедендік бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағынан тауарларды нақты әкетілетін растау мақсатында айқындалады.

      4. Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін Комиссия кеден органдарынан мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға немесе таратылуы шектеулі мәліметтерге жататын мәліметтерді қамтымайтын ақпаратты электрондық нысанда сұратуға және алуға құқылы.

369-бап. Кеден органдарының Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің кеден және өзге де органдары мен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы және ынтымақтастығы

      Кеден органдары Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарына және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің кеден және өзге де органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды және ынтымақтасады.

370-бап. Тұрақты негізде кеден органдары арасында ақпарат алмасу

      1. Кеден органдары тұрақты негізде осы Кодекстің 52-бабының 4-тармағында және 277-баптың 4-тармағының екінші абзацында көрсетілген тауарларға арналған декларадиялардан, кедендік құжаттардан, тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімдерден алынатын мәліметтер, оның ішінде кеден органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған мұндай кедендік құжаттардағы мәліметті өзгертетін (толықтыратын) мәліметтер және мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге жатпайтын мәліметтер алмасады.

      Тұрақты негізде ақпарат алмасу үшін мәліметтер осы Кодекске 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша айқындалады.

      2. Тұрақты негізде ақпарат алмасу мұндай ақпарат алмасуды жүзеге асыратын кеден органдары алмасу үшін мәліметтердің құрылымы және форматы, регламенті, мұндай алмасу мерзімі және тәсілдері айқындалатын техникалық шарттарға сәйкес электрондық нысанда жүзеге асырылады.

      Тұрақты негізде электрондық нысанда ақпарат алмасудың техникалық шарттарын кеден органдары айқындайды.

      Кеден органдары тұрақты негізде ақпаратты дайындау, беру және алуға жауапты кеден органдарының лауазымды адамдары туралы бір-біріне ресми түрде хабарлайды.

371-бап. Кеден органдарының құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін ұсыну туралы сұрау салуларды жолдау және орындау тәртібі

      1. Кеден органдарына жүктелген міндеттерді орындау мақсатында бip мүше мемлекеттің кеден органы басқа мүше мемлекеттердің кеден органдарының сұрау салулары негізінде өзінің билігіндегі немесе осы баптың 7-тармағына сәйкес алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін ұсынады.

      2. Құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін ұсыну туралы сұрау салуды (бұдан әрі осы бапта сұрау салу) жолдау үшін мыналар:

      1) ақпараттық алмасу нәтижесінде алынған ақпаратты талдay кезінде тауарлар, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары және (немесе) тауарларға қатысты өкілеттікке ие тұлғалар туралы мәліметтердің сәйкессіздіктерін анықтау;

      2) кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттардың және актілердің және (немесе) кеден органы сұрау салу жіберетін мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасының ықтимал бұзылуы туралы куәландыратын ақпараттың болуы;

      3) уәкілеттігін экономикалық операторлар тізіліміне енуге үміткер заңды тұлғаның осы Кодекстің 433-бабы 1-тармағының 3, 5 және 6-тармақшаларында көзделген мұндай тізілімге ену шарттарын сақтауын тексеру негіздемелер болып табылады.

      3. Сұрау салу электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде хатпен ресімделеді, оған сұрау салу жолдайтын кеден органының басшысы, кеден органының уәкілетті басшысының орынбасары (бастықтың орынбасары) немесе оларды ауыстыратын адамдар қол қояды.

      4. Сұрау салу:

      1) сұрау салуды жолдайтын кеден органының және сұpay салу жолданатын кеден органының атауы;

      2) осы бапқа сілтеме;

      3) оларды сақтау кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттардың және актілердің және (немесе) кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттің заңнамасының тексерілетін ережелері көрсетіле отырып, сұpay салудың жолдану мән-жайларын жазу;

      4) осы баптың 2-тармағына сәйкес сұрау салуды жолдау үшін негіздеме;

      5) көшірмелері сұратылатын құжаттардың және (немесе) сұратылатын мәліметтердің көшірмелерінің тізбесі;

      6) сұрау салуды жолдайтын кеден органының ойынша сұрау салуды орындау үшін талап етілетін өзге де ақпаратты қамтуға тиіс.

      5. Сұрау салуға сұрау салудың мәтінінде сілтеме бар құжаттардың көшірмелері және сұрау салу жолданатын мән-жайларға қатысы бар өзге де құжаттар қоса берілуі мүмкін.

      6. Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сұрау салу сұрау салу келіп түскен кеден органы оны тіркеген күннен бастап 1 ай ішінде орындалады.

      7. Егер кеден органы сұратылып отырған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге ие болмаса, онда ол мүше мемлекеттің өзге мемлекеттік органдарынан және ұйымдарынан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сұрау салуды орындау үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін сұратады.

      8. Сұрау салуды орындау кезінде кеден органы:

      1) сұрау салуды жолдаған кеден органынан сұрау салуды орындау үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға;

      2) мүше мемлекеттің өзге де мемлекеттік органдарынан және ұйымдарынан сұрау салуды орындау үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін алу қажеттігі кезінде осы баптың 6-тармағында көрсетілген сұрау салуды орындау мерзімін сұрау салуды жолдаған кеден органын мұндай ұзартудың себептерін жазбаша хабардар ете отырып, 1 айға созуға құқылы.

      9. Осы баптың 8-тармағының 1-тармақшасына сәйкес сұрау салуды жолдау кезінде сұрау салуды орындау мерзімі сұрау салу жолданған күннен бастап тоқтатыла тұрады және сұратылған қосымша ақпарат келіп түскен күннен бастап жаңартылады.

      10. Кеден органы мынадай:

      1) сұрау салу осы баптың 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) осы баптың 8-тармағының 1-тармақшасына сәйкес сұратылған қосымша ақпарат мұндай сұрау салу жолданған күннен бастап 2 ай ішінде келіп түспеген;

      3) сұрау салуды орындау мүше мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін, сұрау салу жолданған кеден органына осы мүше мемлекеттің заңнамасына немесе осы мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шарттарына қарама-қайшы болған;

      4) сұрау салу келіп түскен кеден органына байланысты емес себептер бойынша сұрау салуды орындау мүмкін емес жағдайларда сұрау салуды орындаудан бас тартады.

      11. Кеден органы сұрау салуды жолдаған кеден органын сұрау салуды орындаудан бас тарту себептері туралы хабардар етеді.

      12. Осы бапқа сәйкес сұрау салуларды жолдау және орындауды Комиссия айқындайтын кеден органдары жүзеге асырады.

372-бап. Бір мүше мемлекеттің кеден органының екінші мүше мемлекеттің кеден органына ақпаратты жолдауы

      1. Бір мүше мемлекеттің кеден органы екінші мүше мемлекеттің кеден органына мынадай:

      1) осы Кодекстің 435-бабының 1-тармағының 6, 11 және 12-тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру үшін негіздемелер анықталған;

      2) осы Кодекстің 275-бабының талаптары бұзыла отырып, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын пайдалану фактілері анықталған;

      3) осы Кодекске сәйкес кеден органдарының өзара іс-қимылы көзделген өзге де жағдайларда ақпаратты жолдайды.

      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес ақпаратты жолдау тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ жолданатын мәліметтердің құрамын және (немесе) жолданатын құжаттарды Комиссия айқындайды.

      3. Бір мүше мемлекеттің кеден органы екінші мүше мемлекеттің кеден органына мынадай:

      1) мүше мемлекеттің кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді және (немесе) ақпарат жолданатын кеден органына мүше мемлекетінің кедендік реттеу туралы заңнамасын бұзушылықтар не ықтимал тәуекелдер туралы куәландыруы мүмкін;

      2) аталған ақпараттың ақпарат жолданатын кеден органы үшін қызығушылық тудыруы мүмкін деген негіздемелер болған жағдайларда өз бастамасымен ақпаратты жолдауға құқылы.

373-бап. Өзара әкімшілік көмек

      1. Бір мүше мемлекеттің кеден органының екінші мүше мемлекеттің кеден органының тапсырмасы бойынша немесе кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді сақтауды, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді бұзудың алдын алуды және жолын кесуді қамтамасыз ету мақсатында онымен бірлесіп жасалатын іс-әрекеттер өзара әкімшілік көмек деп түсініледі.

      2. Бір мүше мемлекеттің кеден органы екінші мүше мемлекеттің кеден органына кедендік бақылау жүргізу туралы тапсырманы (бұдан әрі осы бапта - тапсырма) жолдауға құқылы.

      3. Тапсырма жолдау үшін:

      1) тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органына ұсынған мәліметтердің дұрыстығын, егер мұндай тұлғалар екінші мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған немесе тіркелген болса, мұндай тексерілетін тұлғамен мәмілелер (операциялар) бойынша байланысты тұлғаларды тексеру қажеттілігі;

      2) осы Кодекстің 312-бабының 2-тармағына сәйкес кеден органы тауарларды шығаруды жүргізген мемлекетке қарағанда, өзге мүше мемлекеттің аумағындағы тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу қажеттілігі;

      3) кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттардың және актілердің талаптары ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпараттың болуы негіздеме болып табылады.

      4. Тапсырма хат түрінде ресімделеді, оған тапсырманы жолдайтын кеден органының басшысы (бастығы), ол уәкілеттік берген басшының орынбасары (бастық орынбасары) немесе оларды ауыстыратын адамдар қол қояды.

      5. Тапсырмада:

      1) тапсырманы жолдайтын кеден органының және тапсырма жолданған кеден органының атауы;

      2) осы бапқа сілтеме;

      3) кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттардың және актілердің ережелері көрсетіле отырып, тапсырманың жолдануына байланысты мән-жайлардың жазылуы;

      4) осы баптың 3-тармағына сәйкес тапсырманы жолдау үшін негіздеме;

      5) кедендік бақылау нысандары және (немесе) қолдануға қажетті кедендік бақылауды қамтамасыз ететін шараларды көрсетуге нұсқау, кедендік бақылау жүргізудің мақсаттары, ал кедендік тексеру жүргізу туралы тапсырма жолданған кезде - оның осы Кодекстің 331-бабының 6-тармағына сәйкес нысанасы да және оны жүргізу барысында қаралуы қажет мәселелердің тізбесі;

      6) кедендік бақылауды өткізу талап етілетін тауарлар, тұлғалар, құжаттар және (немесе) мәліметтер туралы ақпарат, сондай-ақ тапсырманы орындау үшін қажетті өзге де ақпарат қамтылуға тиіс.

      6. Тапсырмаға оны жолдауға мән-жайларға қатысы бар материалдар, оның ішінде тапсырма мәтінінде сілтеме бар құжаттардың көшірмелері және көрсетілген мән-жайларға қатысы бар өзге де құжаттар қосымша беріледі.

      7. Осы бапта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тапсырма келіп түскен кеден органында оны тіркеген күннен бастап 2 ай ішінде орындалуға жатады.

      8. Тапсырманы орындау кезінде кеден органы:

      1) тапсырманы жолдаған кеден органынан оны орындау үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға;

      2) тапсырмада көрсетілген кедендік бақылау нысандарына және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларға қосымша кедендік бақылауды өзге де нысандарда жүргізуге немесе кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін өзге де шараларды қолдануға;

      3) егер тапсырмада көрсетілген кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды тапсырма жолдаған кеден органына байланысты емес себептер бойынша қолдану мүмкін болмаса, тапсырмада көрсетілгеннен басқа кедендік бақылаудың өзге де нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдануға;

      4) осы Кодексте көзделген кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізу мерзімі шегінде тапсырманы орындау мерзімін тапсырманы жолдаған кеден органына мұндай ұзартудың себептерін жазбаша хабардар ете отырып, ұзартуға құқылы.

      9. Осы баптың 8-тармағының l-тармақшасына сәйкес сұрау салуды жолдау кезінде тапсырманы орындау мерзімі сұрау салу жолданған күннен бастап тоқтатыла тұрады және сұратылған ақпарат келіп түскен күннен бастап жаңартылады.

      10. Тапсырманы орындау қорытындысы бойынша кеден органы кедендік бақылау нәтижелері бойынша ресімделген кедендік құжаттардың куәландырылған көшірмелерін және тапсырманы орындау барысында алынған өзге де құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып, жүргізілген кедендік бақылаудың нәтижелері туралы ақпаратты жолдайды.

      11. Кеден органы мынадай:

      1) тапсырма осы баптың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) осы баптың 8-тармағының 1-тармақшасына сәйкес сұратылған ақпарат сұрау салу жолданған күннен бастап 2 ай ішінде келіп түспеген;

      3) тапсырманы орындау мүше мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін, тапсырма жолданған кеден органы мүше мемлекетінің заңнамасына немесе осы мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шарттарына қайшы келген;

      4) тапсырма жолданған кеден органына байланысты емес себептер бойынша тапсырма орындалуы мүмкін емес жағдайларда тапсырманы орындаудан бас тартады.

      12. Кеден органы тапсырма жолдаған кеден органын тапсырманы орындаудан бас тарту себептері туралы хабардар етеді.

      13. Осы бапқа сәйкес тапсырмаларды жолдауды және оның орындалуын қамтамасыз етуді Комиссия айқындайтын кеден органы жүзеге асырады.

374-бап. Құбыржол көлігі немесе электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарын орнату орындарына қол жеткізу

      1. Бір мүше мемлекеттің кеден органының уәкілетті лауазымды адамдары екінші мүше мемлекеттің шектес аумағындағы құбыржол көлігі немесе электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарын орнату орындарында, егер бұл есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін кедендік бақылау шеңберінде осындай кеден органдары пайдаланса, мұндай есепке алу аспаптары орналасқан аумақта мүше мемлекеттің кеден органдарының уәкілетті лауазымды адамдарымен бірлесе отырып, кедендік бақылау жүргізу кезінде қатысуға құқылы.

      2. Есепке aлy аспаптарын орнату орындарына қол жеткізу тәртібі, кеден органдарының өзара іс-қимыл тәртібі, кедендік бақылаудың қолданылатын нысандары, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген есепке алу аспаптарын орнату орындарының тізбесін Комиссия айқындайды.

375-бап. Кеден органдарының өзара іс-қимылы шеңберінде алынған ақпаратты пайдалану

      1. Осы тарауға сәйкес бір мүше мемлекеттің кеден органы екінші мүше мемлекеттің кеден органынан алған ақпаратты кеден органдары кеден органдарына жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін ғана пайдаланады және мұндай ақпаратты ұсынған кеден органының жазбаша келісімінсіз өзге тұлғаларға және өзге мақсаттарда пайдалануға беруге болмайды.

      2. Кеден органдары осы тарауға сәйкес алынған ақпараттың заңсыз таратылуынан қорғау бойынша қажетті шараларды қолданады және алынған ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалар аясын шектеуді, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оның қорғалуын қамтамасыз етеді.

50-тарау

Кеден органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесі

376-бап. Анықтамалар

      Осы тараудың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "тәуекелді талдау" тәуекел саласын және индикаторларды айқындау үшін кеден органдарындағы ақпаратты пайдалану;

      "тәуекелді сәйкестендіру" - тәуекелді анықтау, тану және сипаттауға бағытталған әрекеттер;

      "тәуекел индикаторы" - кедендік бақылау объектісін таңдауға мүмкіндік беретін белгілердің белгісі немесе жиынтығы;

      "тәуекелдерді азайту бойынша шаралар" - осы Кодексте көзделген кедендік бақылау нысандары, кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар, сондай-ақ осы Кодексте және мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген, тәуекелдерді бағалау негізінде қолданылатын өзге де шаралар;

      "тәуекел саласы" - туындайтын тәуекелді және жағдайларды сипаттау;

      "тәуекелді бағалау" - тәуекелді сәйкестендіру, талдау және тәуекел деңгейін айқындау бойынша әрекеттер;

      "тәуекел бейіні" - тәуекел саласы, тәуекел индикаторлары және тәуекелдерді азайту бойынша шаралар туралы мәліметтердің жиынтығы;

      "кедендік тәуекел (тәуекел)" - кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді және мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасын сақтамау ықтималдығы;

      "тәуекелдерді басқару" - кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді және мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасын сақтамауға байланысты оқиғалардың орын алуын және олардың орын алуынан ықтимал залалын азайту бойынша кеден органдарының жүйеге келтірілген қызметі;

      "тәуекел деңгейі" - кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді және мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасын сақтамауға байланысты оқиғалардың орын алу жиілігінің және көрсетілген оқиғаның орын алуынан ықтимал салдардың (залалдың) арақатынасын сипаттайтын шама.

377-бап. Кеден органдарының тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыруы

      1. Кеден органдарының тәуекелдерді басқару процесі өзіне:

      1) кедендік бақылау объектілері, жасалған кедендік операциялар және тауарлар шығарылғанға дейін және шығарылғаннан кейін жүргізілген кедендік бақылау нәтижелері туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді;

      2) тәуекелді бағалауды;

      3) тәуекел индикаторының сипаттамасын;

      4) тәуекелдерді азайту бойынша шараларды және осындай шараларды қолдану тәртібін айқындауды;

      5) тәуекелдер бейіндерін әзірлеуді және бекітуді;

      6) кедендік бақылау объектілерін таңдауды;

      7) тәуекелдерді азайту бойынша шараларды қолдануды;

      8) тәуекелдерді азайту бойынша шараларды қолдану нәтижелерін талдауды және бақылауды қамтиды.

      2. Тәуекелдерді азайту бойынша шараларды саралап қолдану мақсатында кеден органдары кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды төменгі, орташа немесе жоғары тәуекел деңгейі санаттарына жатқызу арқылы санаттауды жүзеге асыруы мүмкін.

      3. Тәуекелдерді басқару процесін іске асыру кезінде кеден органдары ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды басым пайдаланады.

      4. Кеден органдарының тәуекелдерді басқару процесін іске асыруы мүше мемлекеттердің кедендік реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Тәуекелдер бейіндері және индикаторларында қамтылған ақпарат құпия болып табылады және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, таратылуға жатпайды.

      6. Комиссия кеден органдарына тәуекел бейінін бекіту және тәуекелдерді азайту бойынша шараларды қолдану ұсынылатын тәуекелдер саласын айқындауға құқылы.

378-бап. Кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалануы

      1. Кеден органдары кедендік бақылау объектілерін және тәуекелдерді басқару бойынша шараларды таңдау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады.

      2. Кеден органдары тауарлардың кедендік бақылауда болу кезеңінде және осы Кодекстің 310-бабы 7-тармағының үшінші және төртінші абзацтарында белгіленген мерзімде кедендік бақылау жүргізу үшін, сондай-ақ осы Кодекстің 310-бабының 8-тармағына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады.

      3. Кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалануының негізгі мақсаттары:

      1) кедендік бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету;

      2) назарды деңгейі жоғары тәуекел салаларына шоғырландыру және кеден органдарының ресурстарын тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      3) тәуекелдерді азайту бойынша шараларды қолдану қажеттілігі анықталмаған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуді жеделдету және оңайлату үшін жағдайлар жасау болып табылады.

      4. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін, оның ішінде кеден органдарына жүктелген міндеттерді және функцияларды негізге ала отырып қолданудың қосымша мақсаттарын белгіленуі мүмкін.

      5. Кеден органдары өздеріне Одақтың құқықтарын құрайтын халықаралық шарттарда және актілерде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында жүктелген мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге де түрлерін жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару жүйелерін пайдалана алады.

      6. Кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ оның жұмыс істеу тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

51-тарау

Кеден органдарының тауарларды және оларға берілетін құжаттарды ұстауы

379-бап. Кеден органдарының тауарларды және оларға берілетін құжаттарды ұстауы және сақтауы

      1. Әкімшілік құқық бұзушылықтың немесе қылмыстың заты болып табылмайтын не сондай зат болып табылатын, бірақ қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында (әкімшілік процесс жүргізу барысында) алынбаған не тыйым салынбаған тауарларды және оларға берілетін құжаттарды кеден органдары осы Кодекстің 12-бабының 4 және 5-тармақтарында, 88-бабының 10-тармағында, 98-бабының 5-тармағында, 101-бабының 3-тармағында, 113-бабының 3-тармағында, 133-бабының 5-тармағында, 139-бабының 5-тармағында, 152-бабының 6-тармағында, 161-бабының 5 және 6-тармақтарында, 205-бабының 12-тармағында, 207-бабының 3 және 4-тармақтарында, 215-бабының 3-тармағында, 240-бабының 4-тармағында, 246-бабының 6-тармағында, 258-бабының 5-тармағында, 259-бабының 7-тармағында, 264-бабының 5 және 12-тармақтарында, 286-бабының 7-тармағында және 393-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда ұстайды.

      2. Тауарларды және оларға берілетін құжаттарды ұстау нысанын Комиссия айқындайтын тауарларды және оларға берілетін құжаттарды ұстау туралы хаттаманы жасау арқылы ресімделеді.

      3. Ұсталған тауарларды және оларға берілетін құжаттарды кеден органдары осы Кодексте белгіленген мерзім ішінде алып қояды және сақтайды.

      4. Ұсталған тауарларды сақтау үшін кеден органы айқындайтын және осындай тауарларды сақтау үшін жабдықталған уақытша сақтау қоймаларында немесе өзге орындарда орналастырылады.

380-бап. Ұсталған тауарларды және оларға берілетін құжаттарды сақтау мерзімі

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, ұсталған тауарларды және оларға берілетін құжаттарды кеден органдары күнтізбелік 30 күн ішінде, ал тез бұзылатын тауарларды - 24 сағат ішінде сақтайды.

      2. Кеден органдары осы Кодекстің 12-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес ұстаған тауарларды және оларға берілетін құжаттарды кеден органдары күнтізбелік 3 күн ішінде сақтайды.

      3. Ұсталған тауарларды және оларға берілетін құжаттарды сақтау мерзімі оларды ұстаған күннен бастап есептеледі.

      4. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің заңнамасында тез бұзылатын тауарлар тізбесі айқындалуы мүмкін.

381-бап. Ұсталған тауарларды және оларға берілетін құжаттарды қайтару

      1. Ұсталған тауарларды және оларға берілетін құжаттарды қайтару - декларанттарға, ал егер тауарлардың кедендік декларациялануы жүзеге асырылмаса - тауардың меншік иесіне, ал егер меншік иесі шетелдік тұлға болса не тауардың меншік иесі туралы мәлімет кеден органында болмаған жағдайда, - осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, ұстау сәтінде тауарлар билігінде болған тұлғаларға (бұдан әрі осы тарауда - декларант немесе өзге де тұлғалар) жүргізіледі.

      2. Осы Кодекстің 12-бабының 3-тармағына сәйкес кеден органы Одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылдаған тауарлар және Одақтың кедендік аумағына әкету кезінде ұсталған оларға берілетін құжаттар Одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін не осы Кодекске сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін декларантқа немесе өзге де тұлғаларға қайтарылады.

      3. Осы Кодекстің 12-бабының 3-тармағына сәйкес кеден органы Одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы шешім қабылдаған тауарлар және Одақтың кедендік аумағынан кету кезінде ұсталған оларға берілетін құжаттар, егер бұл тауарларды кеден органы ұстаған мүше мемлекеттің заңнамасында иеленуге рұқсат етілген болса, Одақтың кедендік аумағында пайдалану үшін декларантқа немесе өзге де тұлғаларға қайтарылады.

      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілмеген жағдайларда ұсталған тауарлар декларанттарға оларды кеден органы шығарғаннан кейін қайтарылады.

      5. Тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау қажеттілігі кезінде мұндай кедендік операцияларды жасауға құқылы тұлғаның сұрау салуы бойынша тауармен бірге ұсталған құжаттарды кеден органы мұндай тұлғаға тауарларды шығарғанға дейін қайтарады.

      6. Кеден органы тауарларды ұстаған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен тауарлар қайтарылатын осы бапта көрсетілген тұлғалар ұсталған тауарларды өткізу (тасымалдау), қайта тиеу (тиеу, түсіру) және сақтау бойынша шығыстарды төлейді.

382-бап. Сақтау мерзімі өткен ұсталған тауарлармен жасалатын іс-әрекеттер

      1. Кеден органдары ұстаған және осы Кодекстің 381-бабында көрсетілген тұлғалар осы Кодекстің 380-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімде сұратпаған тауарлар, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өткізілуге тиіс.

      2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген, ұсталған тауарларды өткізуді дайындауға байланысты тасымалдау, қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстар, өзге де шығыстар олардың құнынан жоғары болса, сондай-ақ кеден органы тауарды ұстаған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда мұндай тауарлар кеден органы тауарды ұстаған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес пайдаланылуға немесе жойылуға тиіс.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу, пайдалану немесе жою, оның ішінде тасымалдауға, қайта тиеуге (тиеуге, түсіруге), сақтауға байланысты шығыстарды, мұндай тауарларды өткізуді дайындауға, өткізуге немесе жоюға байланысты өзге де шығыстарды есептеу осы Кодексте айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, кеден органы тауарды ұстаған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Осы Кодекстің 380-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімде декларанттар немесе өзге де тұлғалар сұратпаған, ұсталған тауарларды тасымалдауға, қайта тиеуге (тиеуге, түсіруге), сақтауға байланысты шығыстар, мұндай тауарларды өткізуге дайындауға және өткізуге байланысты өзге де шығыстар кеден органы тауарды ұстаған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен осы Кодекстің 383-бабының 1-тармағы ескеріле отырып, көрсетілген тауарларды өткізуден алынған сомалар есебінен өтеледі.

      5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда тауарларды тасымалдауға, қайта тиеуге (тиеуге, түсіруге), сақтауға байланысты шығыстарды, мұндай тауарларды пайдалануға немесе жоюға байланысты өзге де шығыстарды декларант немесе өзге де тұлғалар өтейді. Көрсетілген тұлғалар болмаған кезде және, егер бұл кеден органы тауарды ұстаған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген болса, өзге жағдайларда көрсетілген шығыстар мұндай мүше мемлекет бюджетінің қаражаты есебінен өтеледі.

      6. Ұсталған тауарларды өткізгеннен немесе өзге пайдалану үшін бергеннен кейін, сондай-ақ мұндай тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтар Одақ тауары мәртебесін алады.

383-бап. Сақтау мерзімі өткен, ұсталған тауарларды өткізуден түскен сомаларға билік ету

      1. Осы Кодекстің 382-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізуден алынған сомалардан, бірінші кезекте, бұл тауарларды ұстаған күні ұсталған тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге тиіс есептелген кедендік әкелу баждары, салықтар мөлшеріндегі сомасы, екінші кезекте - ұсталған тауарларды тасымалдауға, қайта тиеуге (тиеуге, түсіруге), сақтауға байланысты шығыстар ұсталады.

      2. Мүше мемлекеттердің заңнамасында осы Кодекстің 382-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды іске асырудан алынған сомалардан ұсталған тауарларды тасымалдауға, қайта тиеуге (тиеуге, түсіруге), сақтауға байланысты шығыстарды, мұндай тауарларды өткізуге дайындауға және өткізуге байланысты өзге де шығыстарды өтеу тәртібі белгіленуі мүмкін.

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген ұстап қалулар ескеріле отырып есептелген ұсталған тауарларды өткізуден алынған сомалар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүзеге асырылмаса - кеден органында олар туралы мәліметтің болуы кезінде тауарлардың меншік иелеріне және бұл тұлғалар кеден органы тауарды ұстаған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мұндай тауарларды өткізуден ақшалай қаражат түскен күннен кейінгі күннен бастап 3 жыл ішінде кеден органына жүгінген жағдайда қайтарылады.

      4. Кеден органдары тауарларды өткізуден алынған қайтаруға жататын сомалардың болуы туралы көрсетілген тұлғаларды хабардар етеді.

52-тарау

Кеден органдары қабылдайтын зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар

384-бап. Кеден органдары қабылдайтын зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар туралы жалпы ережелер

      1. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен, жою кедендік рәсімімен, сондай-ақ осы баптың 2-тармағын ескере отырып, арнайы кедендік рәсіммен орналастыруды қоспағанда, кеден органдары тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде осы Кодекстің 124-бабында көзделген зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды.

      2. Мүше мемлекеттердің өтініші негізінде Комиссия арнайы кедендік рәсім қолданылатын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар қабылдаудың жағдайы мен тәртібін айқындауға құқылы.

      3. Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, Одақтың кедендік аумағында орналасқан өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы орналастырылатын кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде қабылдамайды.

      4. Кеден органдары қабылдайтын зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар құқық иеленушінің мүше мемлекеттердің заңнамасына және мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес кез келген басқа қорғау құралдарын қолдану құқықтарын жоққа шығармайды.

      5. Мүше мемлекеттің кеден органдары мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және (немесе) мұндай мүше мемлекеттің кеден органы жүргізетін зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды.

      6. Мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген тауарлардың шығарылған жерінің атауы сияқты зияткерлік меншік объектілерін құрайтын тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар Комиссия айқындайтын тәртіпке сәйкес қабылданады.

      7. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары көрсетілген кедендік тізілімге енгізілмеген зияткерлік меншік объектілерінен тұратын тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды қабылдап жатқанын белгілеуі мүмкін.

385-бап. Мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі

      1. Мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін Комиссия жүргізеді.

      2. Мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушілердің мүдделерін білдіретін тұлғаның өтініші негізінде әрбір мүше мемлекетте қорғалатын зияткерлік меншік объектілері енгізіледі.

      Бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлға ретінде басқа құқық иеленушілермен уағдаластық бойынша зияткерлік меншіктің ұқсас объектілерінің құқық иеленушісінің бірі бола алады.

      3. Мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілуі мүмкін зияткерлік меншік объектілеріне авторлық құқық және аралас құқықтар объектілері, тауар белгілері, қызмет көрсету таңбалары және тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары жатады.

      4. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен байланысты немесе кедендік бақылаудағы тауарлармен өзге де әрекеттер жасалған кезде халықаралық шарттарда және Одақтың құқығын құрайтын актілерде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарының бұзылғаны орын алуы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздері бар құқық иеленуші мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектісін енгізу туралы өтініш (бұдан әрі осы тарауда - өтініш) беруге құқылы.

      5. Өтініш Комиссияға зияткерлік меншік объектілерінің бір түрі бойынша беріледі.

      Одақтың кедендік аумағында тұрақты өкілдігі жоқ құқық иеленушінің атынан өтініш мүше мемлекеттің бірінің аумағында тұрақты орналасқан жері бар (тіркелген) тұлғалар арқылы берілуі мүмкін.

      6. Өтінішке әрбір мүше мемлекетте зияткерлік меншік объектілеріне құқығының болуын растайтын құжаттар (куәліктер, шарттар, оның ішінде құқықтарды беру және лицензиялық шарттар, құқық иеленуші не құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіретін тұлға әрбір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне өзінің құқығын растауға ұсына алатын басқа да құжаттар), сондай-ақ өтініште көрсетілуге тиіс мәліметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Өтінішке құқық иеленушінің не құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіретін тұлғаның пікірі бойынша зияткерлік меншік объектілеріне оның құқығын бұзу фактісін растауы мүмкін тауарлардың үлгілері қоса берілуі мүмкін.

      7. Егер өтінішті құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлға берсе, өтінішке құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мұндай тұлғаға берген сенімхаты (сенімхаттары) да қоса беріледі. Сенімхат (сенімхаттар) Одақтың бүкіл аумағында қолданылуға тиіс.

      Егер мүше мемлекеттердің аумақтарында зияткерлік меншіктің ұқсас объектілеріне құқық әртүрлі құқық иеленушілерге тиесілі болған жағдайда, өтінішке әрбір құқық иеленушіден сенімхаттар қоса берілуге тиіс.

      8. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар орыс немесе өзге тілде ұсынылады. Құжаттар өзге тілде ұсынылған жағдайда өтінішке олардың орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі.

      9. Өтінішпен бірге құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) тауарлардың шығарылуын тоқтата тұруға байланысты декларантқа, меншік иесіне, тауарларды алушыға немесе өзге тұлғаларға келтірілуі мүмкін мүліктік зиянның өтелуі туралы міндеттеме ұсынылады.

      Егер мүше мемлекеттердің аумақтарында зияткерлік меншіктің ұқсас объектілеріне құқық әртүрлі құқық иеленушілерге тиесілі болған жағдайда, әрбір құқық иеленушінің мүліктік зияның өтеу туралы міндеттеме қоса берілуге тиіс.

      10. Комиссия өтінішті ресімдеуге және қарауға, ұсынылатын мәліметтер мен құжаттардың құрамына қойылатын талаптарды, өтінішті қарау мерзімі мен тәртібін, сондай-ақ мұндай тізілімге зияткерлік меншік объектілерін енгізу, одан мұндай объектілерді алып тастау, оған өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу, зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушінің құқығын қорғау белгіленген мерзімді ұзарту тәртібін, мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектісін енгізу кезінде кеден органдары мен Комиссияның өзара әрекет ету және мұндай тізілімді жүргізу тәртібін қамтитын мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізу регламентін (бұдан әрі осы бапта - регламент) айқындайды.

      11. Құқық иеленуші осы баптың 9-тармағында көзделген міндеттемені орындау кепілдігі мақсатында мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектілерін енгізу мүмкіндігі туралы хабарлама жолданған күннен бастап 1 ай ішінде барлық мүше мемлекеттерде заңдық күші бар тауарлардың шығарылуын тоқтата тұруға байланысты тұлғаларға мүліктік зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шартын (шарттарын) немесе көрсетілген міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етілуін растайтын өзге де шартты (шарттарды) Комиссияға ұсынуға міндетті.

      Бұл ретте сақтандыру сомасы немесе міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету сомасы жауапкершілікті сақтандыру шарты (шарттары) немесе өзге де шартты (шарттарды) не мұндай шарттарға өзгерістер енгізу шарты жасалған күні қолданылатын валюта бағасы бойынша кемінде 10 мың еуроға балама соманы құрауға тиіс.

      Кеден органдарында құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіруге тиісті түрде ресімделген сенімхат (сенімхаттар) не мұндай өкілеттікті растайтын өзге де құжат болған кезде осы баптың 9-тармағында көрсетілген міндеттеме және осы тармақтың бірінші абзацында көзделген шарттарды құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлға ресімдеп, ұсынуы мүмкін.

      12. Осы баптың 11-тармағының бірінші абзацында көзделген шарт (шарттар) ұсынылмаған жағдайда зияткерлік меншік объектілері мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілмейді, бұл туралы өтініш беруші регламентте көзделген тәртіппен және мерзімде хабардар етіледі.

      13. Зияткерлік меншік объектілері мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілгені үшін төлем алынбайды.

      14. Мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімінде қамтылған мәліметтер Одақтың және кеден органдарының ресми сайттарында, Интернет желісінде орналастырылады.

386-бап. Зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізілімдері

      1. Мүше мемлекеттердің кеден органдары мұндай мүше мемлекеттердің аумақтарында кеден органдары қорғауға жататын зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізілімдерін жүргізеді.

      2. Зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізілімдеріне құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіретін тұлғаның өтініші негізінде құқықтары кеден органы мұндай кедендік тізілімді жүргізетін мүше мемлекетте қорғалатын зияткерлік меншік объектілері енгізіледі.

      3. Зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізілімдеріне зияткерлік меншік объектілерін енгізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ мұндай тізілімдерді жүргізу тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

387-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мерзімі

      1. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мерзімі зияткерлік меншік объектілері мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген кезде, құқық иеленуші өтінішінде көрсеткен мерзімі, сондай-ақ өтінішке қоса берілетін құжаттардың қолданыс мерзімі ескеріле отырып, бірақ мұндай тізілімге енгізілген күннен бастап 2 жылдан аспайтын мерзімге белгіленеді.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіретін тұлғаның өтініші негізінде бірнеше рет шектеусіз, бірақ әрбір ретте осы тарауда көзделген талаптар сақталған жағдайда, 2 жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      3. Зияткерлік меншік объектілері зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізілімдеріне енгізілген кезде кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мерзімі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      4. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілерін қорғау мерзімі құкық иеленушінің тиісті зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқық қолданысының мерзімінен аспайды.

      Мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілу кезінде белгіленетін кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мерзімі, осы мерзім бұрын өтіп кететін мүше мемлекетте зияткерлік меншік объектісіне құқықтық қорғау мерзімінен аспайды.

53-тарау

Кеден органдары тағайындайтын кедендік сараптама

388-бап. Анықтамалар

      Осы тараудың мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы" - жүргізілген зерттеулердің және (немесе) сынақтардың нәтижелерін және қойылған сұрақтарға жауаптар түріндегі кедендік сараптаманың қорытындыларын қамтитын кедендік құжат;

      "үлгі" - тауарлардың бүкіл партиясының құрылымына, құрамына және қасиеттеріне сәйкес келетін тауар бірлігі не іріктеу одан әрі зерттеу мақсатында белгіленген тәртіппен тіркелетін жалғыз дара объект (тауар - тауар партиясы болмаған кезде);

      "сынама" - іріктеу белгіленген тәртіппен жүргізілетін, ұсынылатын және зерттелетін тауардың бүкіл көлемінің құрамы мен қасиетін сипаттайтын тауардың бір бөлігі;

      "кедендік сараптама" - кеден органына жүктелген міндеттерді шешу үшін арнайы және (немесе) ғылыми білімдерді пайдалана отырып, кедендік сарапшы (сарапшылар) жүргізетін зерттеулер мен сынақтар;

      "кедендік сарапшы" - кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті және қажетті арнайы және (немесе) ғылыми білімі бар кеден органының лауазымды адамы;

      "уәкілетті кеден органы" - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті кеден органы.

389-бап. Кедендік сараптама тағайындау және оны жүргізу

      1. Кедендік сараптаманы кеден органы, егер кеден органдары кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды жүргізген кезде пайда болатын мәселелерді түсіндіру үшін арнайы және (немесе) ғылыми білімдер талап етілетін жағдайда, тағайындайды.

      2. Кедендік сараптаманы уәкілетті кеден органы жүргізеді.

      Уәкілетті кеден органының кедендік сараптаманы жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, ал егер мүше мемлекеттердің заңнамасында бұл көзделсе - өзге жағдайларда, кедендік сараптама осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін тағайындалуы мүмкін.

      3. Кедендік сараптама тауарларға, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға, сондай-ақ мұндай тауарларды және құжаттарды идентификаттау құралдарына қатысты тағайындалады.

      4. Уәкілетті кеден органы тауартанушылық, материалтанушылық, технологиялық, криминалистік, химиялық және жүргізілуіне қажеттілік туындайтын сараптаманың өзге де түрлерін жүргізеді.

      5. Кеден органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімін кеден органының уәкілетті лауазымды адамы қабылдайды және мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес ресімделеді.

      Кеден органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешіміне тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері, алынып қойылған құжаттар және (немесе) идентификаттау құралдары, кедендік сараптаманы жүргізу үшін қажетті өзге де материалдар мен құжаттар қоса беріледі.

      6. Кедендік сараптаманы жүргізуден мынадай негіздемелер бойынша:

      1) кедендік сараптаманы жүргізу үшін ұсынылған кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу туралы акт, құжаттарды, идентификаттау құралдарын алып қою туралы акт, тиісінше ресімделмегенде;

      2) тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу актісінде көрсетілген мәліметтерге олардың саны сәйкес келмегенде;

      3) ораманың бұзылуы, ораманың тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу актісінде көрсетілген сипаттамаға сәйкес келмегенде;

      4) уәкілетті кеден органында кедендік сараптаманы жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық база, арнайы жағдайлар немесе талап етілетін біліктілігі бар кедендік сарашы болмағанда;

      5) қойылған мәселелер бойынша кедендік сараптаманы жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат, құжаттар болмағанда;

      6) кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлар сынамалары және (немесе) үлгілері жетпегенде;

      7) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының тауарлардың сынамаларына және (немесе) үлгілеріне, құжаттарға, идентификаттау құралдарына кедендік сараптама жүргізу барысында ішінара немесе толық жоюға, оларды бұзуға тыйым салу болғанда бас тартылуы мүмкін, ал зерттеуді және (немесе) сынақтарды жүргізу тек бұзатын әдістерді пайдалана отырып жүргізуге болады.

      7. Уәкілетті кеден органы кедендік сараптаманы тағайындау туралы кеден органының шешімі келіп түскен тіркеу күнінен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік сараптаманы жүргізу немесе осы баптың 6-тармағында көрсетілген негіздер бойынша оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Кедендік сараптаманы жүргізуден бас тарту шешімінде мұндай бас тартудың себептері көрсетіледі.

      Кедендік сараптаманы жүргізуден бас тарту туралы шешім ұсынылған материалдар, құжаттар, тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері қоса беріле отырып, кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына жолданады.

      8. Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттігі бар өзге де тұлғаны кедендік сараптаманың тағайындалуы туралы шешімнің көшірмесін табыс ету (жолдау) арқылы хабардар етеді.

      9. Кедендік сараптаманы жүргізуге арналған шығыстар осы тармақтың екінші абзацын қоспағанда, кеден органы кедендік сараптаманы тағайындаған мүше мемлекеттің бюджеті есебінен өтеледі.

      Кедендік сараптама осы баптың 2-тармағының екінші абзацына сәйкес тағайындалған жағдайда мұндай кедендік сараптаманы жүргізуге байланысты пайда болған шығыстар, егер кедендік сараптаманы жүргізу нәтижелері бойынша халықаралық шарттарды және кедендік реттеу саласындағы актілерді бұзушылықтар анықталса, кедендік сараптама жүргізілетін тауарларға және (немесе) құжаттарға қатысты тұлғаның қаражаты есебінен өтеледі.

      10. Егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, уәкілетті кеден органы мұндай заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіппен өзге де сараптамаларды (зерттеулерді) жүргізуі мүмкін.

390-бап. Кедендік сараптама жүргізудің мерзімі мен тәртібі

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сараптама жүргізу үшін материалдар мен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде кедендік сараптаманы жүргізеді.

      Кедендік сараптаманы көрсетілген мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ұзартылуы мүмкін.

      2. Уәкілетті кеден органының кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органдарына, оған қосымша материалдарды, құжаттарды, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін ұсыну туралы қолдаухаты болған кезде, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі тоқтатыла тұрады.

      Кедендік сараптаманы жүргізуді тоқтата тұрудың мерзімі, сондай-ақ мұндай тоқтата тұрудың тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

      3. Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптаманы жүргізу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

391-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы

      1. Кедендік сараптама жүргізудің нәтижелері кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысымен ресімделеді.

      2. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысында.

      1) кедендік сараптама жүргізу орны, ол басталған және аяқталған күн:

      2) кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;

      3) кедендік сараптаманы жүргізген кедендік сарапшының (сарапшының) тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) және оның біліктілігі;

      4) кедендік сарапшының (сарапшының) кедендік сараптама жүргізу кезінде кедендік сараптаманы (сараптаманы) қорытындысын қасақана жалған бергені үшін мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауаптылығы туралы ескертілгені туралы қол қойып куәландырылған мәліметі:

      5) кедендік сарапшының (сарапшының) алдына қойылған мәселелер:

      6) кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған құжаттардың, материалдардың, тауарлар сынамаларының және (немесе) үлгілерін, алып қойылған құжаттардың немесе идентификаттау құралдарының тізбесі;

      7) қолданылған әдістер, пайдаланылған аспаптар мен жабдықтар көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері, зерттеулердің нәтижелерін бағалау, қойылған мәселелер бойынша түйіндер және олардың негіздемесі көрсетіледі.

      3. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына кедендік сарапшы (сарапшы) қол қояды. Егер кедендік сараптама бірнеше кедендік сарапшылардың (сарапшылардың; қатысуымен өткізілген болса, кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына барлық кедендік сарапшылар (сарапшылар) қол қояды. Қағаз жеткізгіште ресімделген кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы да уәкілетті кеден органының мөр бедерімен куәландырылады.

      Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын көрсететін материалдар мен құжаттар осындай қорытындыға қоса беріледі, кедендік сарапшының (сарапшының) қолтаңбасымен, егер кедендік сараптама бірнеше кедендік сарапшылардың (саралшылардың) қатысуымен өткізілген болса, бірнеше кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) қолтаңбасымен) куәландырылады. Қағаз жеткізгіште ресімделген материалдар мен құжаттарда уәкілетті кеден органының мөр бедерімен куәландырылады және осындай қорытындының құрамдас бөлігі болып табылады.

      4. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына жолданады.

      Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделген жағдайда мұндай қорытынды 3 данада ресімделеді, оның бір данасы уәкілетті кеден органында қалады, ал басқалары кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына жолданады.

      5. Бір мүше мемлекетте екінші мүше мемлекеттің кеден органдары жүргізген кедендік сараптама нәтижелерін тану жағдайлары мен тәртібін Комиссия айқындайды.

392-бап. Қосымша және қайталама кедендік сараптамалар

      1. Бұрын зерттелген тауарларға, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға, идентификаттау құралдарына қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде кеден органдары қосымша кедендік сараптама тағайындауы мүмкін.

      Қосымша кедендік сараптама уәкілетті кеден органына не кедендік сараптама жүргізілген мүше мемлекеттің сараптама ұйымына (сарапшысы) тағайындалады.

      2. Декларант кедендік, оның ішінде қосымша сараптама нәтижелерімен келіспеген жағдайда кеден органы қайталама кедендік сараптама тағайындауы мүмкін.

      Қайталама кедендік сараптама бұрын жүргізілген кедендік сараптама кезінде зерттелген сол тауарларды, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, идентификаттау құралдарын зерттеу үшін және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.

      Кедендік сараптама жүргізілген уәкілетті кеден органына немесе мүше мемлекеттің сараптама ұйымына сияқты, өзге де уәкілетті кеден органына немесе мүше мемлекеттің өзге де сараптама ұйымына да қайталама кедендік сараптама тағайындалуы мүмкін.

      Қайталама кедендік сараптама жүргізу кедендік, оның ішінде қосымша сараптаманы жүргізген кедендік сарапшыны (сарапшыны) қоспағанда, 2 және одан да көп кедендік сарапшылардан (сарапшылардан) тұратын комиссияға тапсырылады. Кедендік, оның ішінде қосымша сараптаманы жүргізген кедендік сарапшылар (сарапшылар) қайталама кедендік сараптама жүргізілген кезде оған қатысуы және комиссияға қажетті түсіндірме беруі мүмкін,

      3. Қосымша және қайталама кедендік сараптамаларды жүргізу кезінде кедендік сарапшыға (сарапшыға) міндетті түрде бұрын жүргізілген кедендік сараптаманың нәтижелері ұсынылады.

393-бап. Кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, идентификаттау құралдарын алып қою

      1. Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алады.

      2. Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеудің арнайы білімдерін пайдалану және техникалық құралдарды қолдану қажет болған кезде кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуымен жүргізілуі мүмкін.

      3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері олардың зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін аз мөлшерде іріктеп алынады.

      4. Тауарлардың сынамаларына және (немесе) үлгілеріне іріктеу жүргізу нәтижелері бойынша тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу актісі жасалады, оның нысанын Комиссия айқындайды.

      Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу актісі 3 данада жасалады, оның біреуі декларантқа, ол болмаған жағдайда, егер бұл белгіленсе, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғаға, ал халықаралық пошта жөнелтілімдерінде өткізілетін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу кезінде тағайындалған пошта байланысы операторына табыс етілуге (жолдануға) жатады.

      5. Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеуді декларанттың қатысуымен, ол болмаған жағдайда, егер бұл белгіленсе, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғаның қатысуымен, ал халықаралық пошта жөнелтілімдерінде өткізілетін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу кезінде тағайындалған пошта байланысы операторы өкілінің қатысуымен іріктеп алады.

      Кеден органының талабы бойынша көрсетілген тұлғалар кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезінде жәрдемдесуге, оның ішінде өз есебінен қажетті жүк және өзге де операцияларды жасауға міндетті.

      6. Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлға болмаған кезде, осы Кодекстің 328-бабы 6-тармағының 1, 2 және 4-тармақшаларында көзделген жағдайда, 2 куәгердің қатысуымен, ал осы Кодекстің 328-бабы 6-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген жағдайда, тағайындалған пошта байланысы операторы өкілінің, ал ол болмаған кезде, 2 куәгердің қатысуымен іріктеп алынады.

      7. Кеден органы декларантта немесе тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғада тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу нәтижесінде туындаған шығыстарды өтемейді.

      8. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері көмілуге, жойылуға немесе кәдеге жаратылуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптама аяқталғаннан кейін оны жүргізу барысында жұмсалмаған тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғаға ал халықаралық пошта жөнелтілімдерінде өткізілетін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу кезінде тағайындалған пошта байланысы операторына қайтарады.

      Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы кедендік сараптаманы жүргізген уәкілетті кеден органынан тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғаға мұндай тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін қайтару туралы хабарлайды.

      9. Декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлға алмаған тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері, олар көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдарында ұсталады.

      10. Кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға, идентификаттау құралдарына қатысты кедендік сараптаманы жүргізу үшін мұндай құжаттар мен идентификаттау құралдарын кеден органдары мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қояды. Кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, идентификаттау құралдарын алып қою туралы нысаны мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын құжаттарды, идентификаттау құралдарын алып қою туралы акт толтырылады.

      11. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы мұндай құжаттар алып қойылған тұлғаға қайтарады.

      Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы кедендік сараптаманы жүргізген уәкілетті кеден органынан алып қойылған құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай құжаттар алып қойылған тұлғаға оларды қайтару туралы хабарлайды.

394-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) кедендік сараптаманы жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сараптаманы жүргізу кезінде:

      1) кедендік сараптаманы жүргізуге қатысты материалдармен танысуға;

      2) уәкілетті кеден органы басшысының (бастығының) келісімімен кедендік сараптаманы жүргізуге басқа да кедендік сарапшыларды (сарапшыларды) тартуға;

      3) егер қойылған мәселелер оның құзыретінен тыс болса материалдарды және құжаттарды, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде кедендік сараптама жүргізуден немесе өз құзыретіне жатпайтын мәселелерге жауап беруден бас тартуға;

      4) кедендік сараптама жүргізу үшін материалдарды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде кедендік сараптама жүргізуге қажетті қосымша материалдар мен құжаттарды, оның ішінде тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін жазбаша нысанда сұратуға;

      5) өзінің арнайы және (немесе) ғылыми білімі мен құзыретіне сәйкес алдына қойылған мәселелерді нақтылауға;

      6) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына кеден органдары үшін маңызы бар және олар бойынша мәселелер қойылмаған мән-жайлар туралы тұжырым қосуға;

      7) арнайы және өзге де деректерде жарияланған ғылыми-техникалық ақпаратты пайдалануға;

      8) өзі жүргізген тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін сынақтары мен зерттеулердің нәтижелерін және (немесе) басқа зерттеу немесе сараптама ұйымдары жүргізген тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін зерттеу нәтижелерін пайдалануға құқылы.

      2. Кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сараптаманы жүргізу кезінде:

      1) кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;

      2) егер тауарлардың сынамаларының және (немесе) үлгілерінің саны оны жүргізуге жеткіліксіз болса материалдарды, құжаттарды, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін алған күннен бастап 3 жұмыс күш ішінде кедендік сараптама жүргізуден бас тартуға;

      3) зерттеулердің нәтижелерін толық, жан-жақты және объективті бағалау негізінде кедендік сарапшының қорытындысын дайындауға;

      4) кедендік сараптаманы жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтерді жария етпеуге және мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны үшінші тұлғaлapғa бермеуге;

      5) кедендік сараптама жүргізудің белгіленген мерзімдерін сақтауға міндетті.

      3. Кедендік сарапшы өз міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.

395-бап. Кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу кезінде декларанттың, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлғаның құқықтары

      1. Кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу кезінде декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлға:

      1) олар бойынша кедендік сарапшының қорытындысын алу үшін кедендік сарапшыға қосымша сұрақтар қою туралы уәжді өтінішхатты мәлімдеуге;

      2) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органында кедендік сарапшының қорытындысын алуға;

      3) кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезінде қатысуға;

      4) қайталама кедендік сараптама өткізу туралы уәжді өтінішхатты мәлімдеуге;

      5) кедендік сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсынуға құқылы.

      2. Декларанттың, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлғаның өтінішхаты қанағаттандырылған жағдайда кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы тиісті шешім қабылдайды.

      Өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартылған кезде кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы өтінішхат берген тұлғаға бұл туралы бас тарту себебін көрсете отырып хабарлайды.

396-бап. Сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастық

      Кедендік сараптамалар жүргізетін уәкілетті кеден органдары бірлескен зерттеулер жүргізу, ғылыми және әдістемелік ақпарат алмасу, кедендік сарапшылардың кәсіби даярлығын және біліктілігін арттыру мақсатында сараптама қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен және мекемелермен ынтымақтасуға құқылы.

VIII БӨЛІМ КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ. УӘКІЛЕТТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОПЕРАТОР

54-тарау

Кеден ісі саласындағы қызмет туралы жалпы ережелер

397-бап. Кеден ісі саласындағы қызмет

      1. Кеден органдары бақылайтын және осы Кодексте реттелетін, ал осы Кодексте реттелмейтін бөлігінде - мүше мемлекеттердің заңнамасында реттелетін кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері, кеден қоймаларының иелері, еркін қоймалардың иелері және бажсыз сауда дүкендері иелері ретінде қызметтерді көрсетуге байланысты мүше мемлекеттер тұлғаларының қызметі кеден ісі саласындағы қызмет болып табылады.

      2. Кеден ісі саласындағы қызметті мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған және кеден органы тиісінше кеден өкілдерінің тізіліміне, кедендік тасымалдаушылар тізіліміне, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне, еркін қоймалардың иелері тізіліміне және бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар жүзеге асыруға құқылы (осы тарауда бұдан әрі - кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімі).

      3. Кеден органының кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу және мұндай тізілімнен оған енгізілген заңды тұлғаларды алып тастау негіздерінің шарттары кеден ісі саласындағы әрбір қызмет түріне қатысты осы бөлімде айқындалады.

      4. Кеден органының кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу тәртібі, мұндай тізілімдерге өзгерістер енгізу тәртібі, мұндай тізілімнен оған енгізілген заңды тұлғаларды алып тастау тәртібі, сондай-ақ мұндай тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың және қайта жалғастыру негіздері мен тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

      Осы Кодекстің 403-бабы 1-тармағының 1 және 2-тармақшаларында, 408-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында, 413-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында, 418-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында, 423-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында және 428-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көзделген кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тізілімнен шығару үшін негіздер, мұндай тұлғалардың қызметін тоқтата тұру үшін негіз болуы мүмкін жағдайлар мүше мемлекеттердің заңнамаларында көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, тұлғалар мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген мән-жайлар басталғаннан кейін, осы Кодекстің 403-бабы 1-тармағының 1 және 2-тармақшаларында, 408-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында, 413-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында, 418-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында, 423-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында және 428-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көзделген негіздер бойынша кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімінен шығарылуға жатады.

      5. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғаларға қатысты енгізу шарттарының сақталуын тексеру кезінде, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың қызметін бақылау кезінде осы Кодекстің VI бөлімінде көзделген кедендік бақылау нысаны және кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар қолданылуы мүмкін.

398-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын Тұлғалардың тізілімі

      1. Кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін тәртіппен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімін жүргізеді және олардың Интернет желісіндегі кеден органдарының ресми сайтына айына 1 реттен кем емес орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      2. Комиссия кеден органдары жүргізетін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізілімінің негізінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын Тұлғалардың жалпы тізілімін қалыптастырады және олардың Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтына айына 1 реттен кем емес орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жалпы тізілімінің нысанын, оларды қалыптастыру мен жүргізу тәртібін, сондай-ақ кеден органдары жүргізетін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізілімінде қамтылатын деректерді ұсынудың техникалық шарттарын Комиссия айқындайды.

399-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз ету

      1. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз ету, мұндай қамтамасыз ету кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын Тұлғалардың тізіліміне енгізу шарты болып табылған жағдайда ұсынылады.

      2. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындалуын кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның осы Кодекске сәйкес мұндай тұлғаның төлеу бойынша міндеттер туындаған не ол кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеушімен бірге төлеу бойынша ортақ міндеттерді көтерген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      3. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген кеден органына не мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын өзге де кеден органына кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлға ұсынады.

      4. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың міндеттерін орындау осы Кодекстің 63-бабы 1-тармағында көрсетілген не осы Кодекстің 63-бабы 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етіледі.

      5. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз ету үшін мұндай тұлға осы Кодекстің 63-бабы 1-тармағында көрсетілген не осы Кодекстің 63-бабы 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін белгіленген тәсілдерінің кез келгенін таңдауға құқылы.

      6. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауы белгілі бір тәсілмен (тәсілдермен) қамтамасыз етілетіні белгіленуі мүмкін.

      7. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауы осы баптың 6-тармағы ескеріле отырып, мұндай қамтамасыз етуді ұсынатын заңды тұлғаның таңдауы бойынша бірнеше тәсілдермен қамтамасыз етілуі мүмкін.

      8. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз етуді ұсынған заңды тұлға, егер кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын алмастыратын қамтамасыз етуге осы Кодекстің 11-тарауына, 77 және 270-баптарына сәйкес өндіріп алу қолданылмаса, осы баптың 6-тармағы ескеріле отырып, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз етудің бір тәсілін басқа тәсілмен алмастыруды жүзеге асыруға құқылы.

      9. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезеңі ішінде, aл осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді, оның ішінде ортақ міндеттерді орындау - кедендік баждарды салықтарды арнайы демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылғанға дейін үздіксіз қамтамасыз етілуге тиіс.

      10. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз ету тәсілдерін қолданудың тәртібі, қамтамасыз ету тәсілінің бірін екіншісіне ауыстыру, сондай-ақ мұндай қамтамасыз етуді ұсынатын валюта кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз ету ұсынылатын кеден органы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.

      11. Егер кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз етуді ұсыну үшін мұндай қамтамасыз ету мөлшері белгіленген шетел валютасын осы баптың 10-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген валютада қайта есептеу жүргізу талап етілген жағдайда мұндай қайта есептеулер мүлік кепілі шарты немесе кепіл туралы шарт жасалған күні (мұндай шарттарға өзгерістер енгізілген кезде - кепілгерлік шартқа немесе мүлік кепілі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы шарт жасалған күні), кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз етуді ұсыну кезінде өзге де тәсілдермен:

      1) кеден органы кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаға жіберетін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізудің өзге де шарттарын сақтау туралы хабарламаны тіркеген күні - егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзге күн белгіленбесе, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны тиісті тізілімге енгізу мақсатында оның міндеттерді орындауын қамтамасыз ету берілген кезде;

      2) кеден органы кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның қамтамасыз етудің бір тәсілін екіншісімен ауыстыру туралы өтінішін тіркеген күні не егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзге күн белгіленбесе, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын Тұлғалардың тізіліміне заңды тұлғаны енгізу шарттарын сақтау мақсатында кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын басқа қамтамасыз ету берілген күні қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      12. Егер кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз етуді орындау мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәсілдермен қамтамасыз етілсе, шетел валютасын кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз етуді ұсынатын кеден органы мүше мемлекетінің заңнамасында айқындалған күні қолданылатын валюта бағамы бойынша мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу жүргізіледі.

      13. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың міндеттерді орындауын қамтамасыз етуді қайтару:

      1) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізуде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаға бас тартқан;

      2) осы баптың 8-тармағына сәйкес қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстырған;

      3) заңды тұлғаны кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімінен алып тастаған жағдайларда мұндай тұлғаларда кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттер болмаған кезде жүзеге асырылады.

      14. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың міндеттерді орындауын қамтамасыз етуді қайтаруды осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен осындай қамтамасыз ету берілген сол мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады.

      15. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін осы Кодекстің 63-бабы 2 - 4-тармақшаларында көрсетілген не осы Кодекстің 63-бабы 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәсілдермен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың міндеттерді орындауын қамтамасыз етуді ұсынғанын растайтын құжаттарды қайтару тәртібі мен жағдайлары белгіленуі мүмкін.

      16. Егер кеден өкілі (және) немесе кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (қызметті жүзеге асыруға үміткер) бір уақытта уәкілетті экономикалық оператор (уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге үміткер) болып табылған жағдайда, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз ету және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерді орындауын қамтамасыз ету заңды тұлға:

      1) кеден өкілдерінің тізіліміне және кедендік тасымалдаушылар тізіліміне;

      2) кеден өкілдерінің тізіліміне және уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне;

      3) кедендік тасымалдаушылар тізіліміне және уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне;

      4) кеден өкілдерінің тізіліміне, кедендік тасымалдаушылар тізіліміне және уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген кезде осы Кодекстің 402-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына, 407-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына және 436-бабы 12 - 21-тармақтарына сәйкес айқындалған бір қамтамасыз етудің ең жоғарғы сомасы мөлшерінде беріледі.

      17. Осы баптың 16-тармағына сәйкес берілген кеден өкілі және (немесе) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз ету осы баптың 2-тармағына және осы Кодекстің 436-бабы 2-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      400-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын Тұлғалардың жауаптылығы

      Кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің талаптарын кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар сақтамағаны үшін мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

55-тарау

Кеден өкілі

401-бап. Кеден өкілінің қызметі

      1. Кеден өкілі декларанттың немесе өзге де мүдделі тұлғалардың атынан немесе олардың тапсырмасы бойынша кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес оны кеден органы кеден өкілдерінің тізіліміне енгізген мүше мемлекеттің аумағында кедендік операцияларды жасайды.

      2. Кеден өкілі декларанттармен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қарым-қатынасы шарт негізінде құрылады.

      3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік операцияларды тікелей жасайтын кеден өкілдерінің жұмыскерлеріне койылатын біліктілік талаптары және мұндай тұлғаларға олардың осындай біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты беру шарттары белгіленуі мүмкін.

      4. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілі үшін осы Кодекске сәйкес декларант немесе өзге де мүдделі тұлғалар кедендік операцияларды жасаған кезде белгіленген және койылатын талаптарға қарағанда, қолайлылығы кемірек жағдайлар белгіленбеуге немесе қатаң талаптар қойылмауға тиіс.

402-бап. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттары

      1. Кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттары:

      1) мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын сақтандыру сомасына ұсынылатын тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру немесе бұл тұлғалармен шарттарды бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден өкілінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін сақтандыру шартының болуы;

      2) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын Комиссия айқындаған мөлшерде қамтамасыз ету, ал кеден өкілі ретіндегі қызмет саласы кедендік әкету баждары салынбайтын және экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау мен шектелетін заңды тұлғаларға қатысты мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын мөлшерде шектелетін болады;

      3) кеден органына кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті беру күні кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндеттердің белгіленген мерзімде орындалмауының болмауы;

      4) өзге талаптарға сәйкес келуі және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де шарттарды сақтау болып табылады.

      2. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттары осы тұлғаның штатында мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаты бар кемінде 2 жұмыскердің болуы белгіленуі мүмкін.

403-бап. Кеден өкілдерінің тізілімінен шығару үшін негіздер

      1. Кеден өкілдерінің тізілімінен кеден өкілдерін шығару үшін мыналар:

      1) осы Кодекстің 405-бабы 1-тармағы 1 және 2-тармақшаларында көзделген міндеттерді кеден өкілдерінін орындамауы;

      2) осы Кодекстің 55-бабы 3-тармағына, 73-бабы 3-тармағына және 270-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жолдаған хабарламада көрсетілген мерзімде осы Кодекстің 405-бабы 4-тармағында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы;

      3) кеден өкілдерінің оны кеден өкілдерінің тізілімінен шығару туралы өтініші;

      4) кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;

      5) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.

      2. Мүше мемлекеттердің заңнамасында заңды тұлғаларды кеден өкілдерінің тізілімінен шығару үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

404-бап. Кеден өкілінің құқықтары

      1. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілінің оған кеден органдарымен өзара қарым-қатынаста өз мүддесін білдіруге уәкілеттік беретін тұлға ие құқықтары бар.

      2. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде кеден өкілі өкілдік ететін тұлғадан кедендік операцияларды жасау үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны не басқа да құпия ақпаратты қамтитын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге және мұндай құжаттар мен мәліметтерді осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде алуға құқылы.

      3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кеден өкілінің өз қызметі саласын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау, жекелеген кедендік операцияларды жасау немесе жекелеген қызмет өңірінде кедендік операцияларды жасау арқылы шектеу құқығы белгіленуі мүмкін.

      4. Жекелеген кеден өкілдеріне жеке-дара сипаттағы, айрықша (эксклюзивті) құқық және өзге де басымдықтар беруге тыйым салынады.

405-бап. Кеден өкілінің міндеттері

      1. Кеден өкілі:

      1) осы Кодекстің 402-бабы 1-тармағы 1 және 2-тармақшаларында, сондай-ақ осы Кодекстің 402-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;

      2) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органдарына есептілікті ұсынуға;

      3) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өкілдік берілген тұлғадан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырын) болып табылатын ақпаратты, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты өзі және (немесе) оның жұмыскерлері өз мақсаттары үшін жария етпеуге, пайдаланбауға, өзге де тұлғаларға бермеуге;

      4) осы баптың 5-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөнінде осы баптың 4-тармағында көзделген міндеттерді осы Кодекстің 55-бабы 3-тармағына, 73-бабы 3-тармағына және 270-баптың 4-тармағына сәйкес кеден органы жолдаған хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;

      5) өзін кеден өкілдерінің тізіліміне енгізген кеден органына өзі кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген кезде мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға және мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап немесе өзіне мұндай өзгерістер белгілі болған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсынуға;

      6) осы Кодексте белгіленген және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.

      2. Кедендік операцияларды жасау кезіндегі кеден өкілінің міндеттері кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерде және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптар мен шарттарға негізделген.

      3. Кеден өкілінің міндеттеріне кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларды пайдаланудың шарттарын және (немесе) оларға өкілдік беруші тұлғаларға ғана жүктелетін өзге міндеттерді сақтау кірмейді.

      4. Кеден өкілі декларанттың атынан кедендік операцияларды жасаған жағдайда кеден өкілі мұндай декларантпен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттерді толық мөлшерде орындауға жататын кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша ортақ міндетті болады.

      5. Осы Кодекске сәйкес көзделген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттер орындалуға жатады, мұндай міндеттерді орындау:

      1) тауарлар орналастырылған кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтамауға;

      2) осы Кодекстің 8-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгертуге;

      3) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ұсыну мақсаттары мен шарттарын және (немесе) мұндай жеңілдікті қолдануға байланысты тауарларды пайдалануды және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді бұзу әрекетін жасауға байланысты жағдайларды қоспағанда, мұндай міндеттер кеден өкілі өкілдік беретін тұлғамен ортақ орындайды.

      6. Мүше мемлекеттердің заңнамасында декларантпен ортақ туындаған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттерді кеден өкілдері орындамауы тиіс болғанда, осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайлардан өзге жағдайлар белгіленуі мүмкін.

      7. Кеден өкілінің кеден органдарының алдындағы міндеттері өкілдік беретін тұлғамен жасалған шартпен шектелмейді.

      8. Міндеттер барлық кеден өкілдері үшін бірдей болып табылады.

56-тарау

Кедендік тасымалдаушы

406-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметі

      1. Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды Одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдауды (тасымалды) жүзеге асырады.

      2. Кедендік тасымалдаушының мәртебесі құжатпен расталады, оның нысанын Комиссия айқындайды.

      Көрсетілген құжатты заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізген кеден органы береді.

      Тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік тасымалдаушының мәртебесі, егер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген құжат туралы мәліметті кеден органы осы Кодекстің 80-бабы 2-тармағына сәйкес кеден органдарының ақпараттық жүйесінен алған болса, ол табыс етпей расталады.

407-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу шарттары

      1. Мыналар:

      1) кеден органына өтініш берген күні кемінде екі жыл бойы жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      2) 200 мың евроға балама мөлшерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз ету, ал егер Комиссия қамтамасыз етудің өзге мөлшерін айқындаса, Комиссия айқындаған мөлшерде қамтамасыз ету;

      3) жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжаттың, егер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрі көрсетілген құжаттың болуын талап етсе, болуы;

      4) тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдарының меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалға алынған болуы;

      5) кеден органына өтінішті берген күні кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттердің болмауы;

      6) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келуі және өзге де шарттарды сақтау кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.

      2. Комиссия кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды Тұлғалардың міндеттерді орындауын қамтамасыз етудің осы баптың 1-тармағы 2-тармақшасында көзделгеннен өзге де мөлшерін айқындауға құқылы.

408-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізілімінен шығару үшін негіздер

      1. Кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен шығару үшін мыналар:

      1) кедендік тасымалдаушының осы Кодекстің 409-бабының екінші - алтыншы абзацтарында көзделген міндеттерді орындамауы;

      2) кедендік тасымалдаушының кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен шығару туралы өтініші;

      3) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;

      4) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.

      2. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік тасымалдаушыларды кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен шығару үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

409-бап. Кедендік тасымалдаушының міндеттері

      Кедендік тасымалдаушы:

      осы Кодекстің 407-бабы 1-тармағы 2 - 4-тармақшаларында, сондай-ақ осы Кодекстің 407-бабы 1-тармағы алтыншы тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;

      кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;

      кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілік ұсынуға;

      мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауарларды жөнелтушіден, оларды алушыдан немесе экспедитордан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты жария етпеуге, өз мақсаттары үшін пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге;

      осы Кодекстің 153 және 309-баптарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттерді осы Кодекстің 55-бабы 3-тармағына, 73-бабы 3-тармағына және 270-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жолдаған хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;

      кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген кеден органына кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға және мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап немесе өзіне мұндай өзгерістер белгілі болған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

57-тарау

Уақытша сақтау қоймасынын иесі

410-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі

      1. Уақытша сақтау қоймасының иесі осы Кодексте белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылаудағы тауарларды уақытша сақтау қоймасында сақтауды жүзеге асырады.

      2. Уақытша сақтау қоймасы иесінің декларантпен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қатынасы шарт негізінде құрылады.

411-бап. Уақытша сақтау қоймалары

      1. Тауарларды уақытша сақтауға арналған арнайы белгіленген және жайластырылған құрылыстар, үй-жай (үй-жайдың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдар уақытша сақтау қоймалары болып табылады.

      2. Уақытша сақтау қоймасы мүше мемлекеттің тұлғасы уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген күннен кейінгі күннен бастап құрылған болып саналады.

      3. Уақытша сақтау қоймасының жұмыс істеуі уақытша сақтау қоймасының иесі уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығарылған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.

      4. Уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылыстарды, үй-жайды (үй-жайдың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды құру және жұмыс істеу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

412-6ап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары

      Мыналар:

      уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған және осы Кодекстің 411-бабы 4-тармағына сәйкес белгіленген талаптарға сай келетін құрылыстардың, үй-жайлардың (үй-жайдың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдардың меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалға алынған болуы уақытша сақтау қоймасының иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады. Егер құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайдың бөлігіне) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылыстарға, үй-жайларға (үй-жайдың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті беру күні кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс;

      сақтаудағы тауарларға басқа тұлғалардың зиян келтіруі немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының, өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін уақытша сақтау қоймасы иесінің мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын сақтандыру сомасында азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін сақтандыру шартының болуы;

      кеден органына жүгіну күні кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттердің болмауы;

      мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келуі және өзге де шарттарды сақтау уақытша сақтау қоймасының иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.

413-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін негіздер

      1. Уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін:

      1) уақытша сақтау қоймасы иесінің осы Кодекстің 414-бабының екінші - жетінші және тоғызыншы абзацтарында көзделген міндеттерді орындамауы;

      2) уақытша сақтау қоймасы иесінің уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы өтініші;

      3) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;

      4) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.

      2. Мүше мемлекеттердің заңнамасында уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

414-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері

      Уақытша сақтау қоймасының иесі:

      осы Кодекстің 412-бабының екінші және үшінші абзацтарында, сондай-ақ осы Кодекстің 412-бабының бесінші абзацына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;

      осы Кодексте уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау және операцияларды жасауға қатысты белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;

      уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;

      кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

      уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың есебін жүргізуге және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;

      уақытша сақтау қоймасының қызметкерлері болып табылмайтын немесе уақытша сақтау қоймасындағы тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие емес бөгде адамдарды кеден органының рұқсатынсыз уақытша сақтау қоймасына жібермеуге;

      уақытша сақтау қоймасындағы тауарларға кеден органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;

      уақытша сақтау қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде уақытша сақтау қоймасына тауарларын орналастырған тұлғаларды мұндай шешім туралы хабардар етуге;

      осы Кодекстің 103-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттерді осы Кодекстің 55-бабы 3-тармағына, 73-бабы 3-тармағына және 270-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органдары жолдаған хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;

      уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кеден органын өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы, мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап немесе оған мұндай өзгерістер белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кеден органын хабардар етуге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсынуға;

      осы Кодексте белгіленген және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.

58-тарау

Кеден қоймасының иесі

415-бап. Кеден қоймасы иесінің қызметі

      1. Кеден қоймасының иесі кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды не осы Кодексте белгіленген жағдайларда және шарттардағы өзге де тауарларды кеден қоймасында сақтауды жүзеге асырады.

      2. Кеден қоймасы иесінің декларанттармен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қатынасы шарт негізінде құрылады.

416-бап. Кеден қоймалары және олардың типтері

      1. Кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды сақтауға арналған арнайы белгіленген және жайластырылған құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдар кеден қоймалары болып табылады.

      Егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленсе, экспорттың кеден рәсімімен орналастырылған Одақтың тауарларын немесе осындай заңнамада белгіленетін жағдайларда және тәртіппен өзге де тауарларды кеден қоймасында сақтауға рұқсат етіледі.

      2. Кеден қоймасы мүше мемлекеттің тұлғасы кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген күннен кейінгі күннен бастап құрылған болып саналады.

      3. Кеден қоймасының жұмыс істеуі кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығарған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.

      4. Кеден қоймалары ашық немесе жабық типте болуы мүмкін.

      Кеден қоймалары, егер олар кез келген тауарларды сақтау және тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие кез келген тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді болса, ашық типтегі қоймалар болып табылады.

      Кеден қоймалары, егер олар осы кеден қоймасы иесінің тауарларын сақтауға арналған болса, жабық типтегі қоймалар болып табылады.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында жабық типтегі кеден қоймаларында сақтауға жол беретін тауарлардың жекелеген санаттары айқындалуы мүмкін.

      5. Кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылыстар, үй-жай (үй-жайдың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды құру және жұмыс істеу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

417-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары

      Мыналар:

      кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған және осы Кодекстің 416-бабы 5-тармағына сәйкес белгіленген талаптарға сай келетін құрылыстардың, үй-жайлардың (үй-жайлардың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдардың меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалға алынған болуы кеден қоймасының иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады. Егер құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мұндай құрылыстарға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті беру күні кемінде 1 жыл мерзімге жасалуға тиіс;

      ашық типтегі кеден қоймаларының иелері ретінде кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғалар үшін - сақталуда тұрған басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге де талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден қоймасы иесінің мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған сақтандыру сомасына азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін сақтандыру шартының болуы;

      кеден органына жүгіну күні белгіленген мерзімде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттердің болмауы;

      мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келуі және өзге де шарттарды сақтау кеден қоймасынын иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.

418-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін негіздер

      1. Кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін мыналар:

      1) кеден қоймасы иесінің осы Кодекстің 419-бабының екінші - сегізінші және оныншы абзацтарында көзделген міндеттерді орындамауы;

      2) кеден қоймасы иесінің өзін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы өтініші;

      3) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;

      4) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.

      2. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

419-бап. Кеден қоймасы иесінің міндеттері

      Кеден қоймасының иесі:

      осы Кодекстің 417-бабының екінші және үшінші абзацтарында белгіленген кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;

      кеден қоймасында тауарлардың болуы және кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен операцияларды жасау бөлігінде осы Кодекстің 156-бабы 2-тармағында белгіленген кеден қоймасының кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға;

      кеден қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;

      кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

      кеден қоймасындағы тауарлардың есебін жүргізуге және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;

      кеден қоймасының қызметкерлері болып табылмайтын немесе кеден қоймасында сақталатын тауарларға қатысты өкілеттігі жоқ бөгде адамдарды кеден қоймасына кеден органдарының рұқсатынсыз кіргізбеуге:

      кеден қоймасында сақталатын тауарларға кеден органдарының лауазымды адамдарының қолжетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;

      кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда кеден қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде мұндай шешім туралы хабарлауға;

      осы Кодекстің 162-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттерді осы Кодекстің 55-бабы 3-тармағына және 73-бабы 3-тармағына сәйкес кеден органдары жолдаған хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;

      кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кеден органына хабарлауға және мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап немесе өзіне мұндай өзгерістер белгілі болған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсынуға;

      осы Кодексте белгіленген және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.

59-тарау

Еркін қойма иесі

420-бап. Еркін қойма иесінің қызметі

      1. Еркін қойманың иесі осы Кодекске сәйкес еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды еркін қоймада орналастыру мен пайдалануды жүзеге асырады.

      2. Еркін қойма аумағында мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік және өзге де қызметтер жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Мүше мемлекеттің заңнамасында осы мүше мемлекетте құрылған еркін қойма аумағында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салу белгіленуі мүмкін.

421-бап. Еркін қоймалар

      1. Күзетілетін не жеке тұлғаның кіруін бақылайтын режимі бар және шегінде осы Кодекске сәйкес еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес өзге де тауарлар орналастырылуы мен пайдаланылуы мүмкін (осы тарауда бұдан әрі - құрылыстар, үй-жай (үй-жайлардың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдар) ғимарат (ғимараттың бөлігі), ғимараттар кешені, жайластырылған және жабдықталған аумақтар және (немесе) ашық алаңдар еркін қоймалар болып табылады.

      2. Еркін қойма мүше мемлекеттің тұлғасы еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген күннен кейінгі күннен бастап құрылған болып саналады.

      3. Еркін қойманың жұмыс істеуі еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен шығарған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.

      4. Еркін қойма аумағының периметрлерін қоршауға және бейне бақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысты, үй-жайларды (үй-жайлардың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар, сондай-ақ еркін қоймаларды құру мен жұмыс істеу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

      5. Еркін қойма аумағын, мұндай аумаққа тұлғалардың қол жеткізу тәртібін айқындауды қоса алғанда, бақылау-өткізу режимімен қамтамасыз ету мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

422-бап. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттары

      Мыналар:

      еркін қойма ретінде пайдалануға арналған және осы Кодекстің 421-бабы 4-тармағына сәйкес белгіленген талаптарға сай келетін құрылыстардың, үй-жайлардың (үй-жайлардың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдардың меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалға алынған болуы еркін қойма иесі ретінде қызметті жүзеге асыратын үміткер заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады. Егер құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайдың бөлігі) және (немесе) ашық аландар жалға алынған болса, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мұндай құрылыстарға, үй-жайларға (үй-жайдың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті беру күні кемінде үш жыл мерзімге жасалуға тиіс;

      кеден органына жүгіну күні белгіленген мерзімде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттердің болмауы;

      мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін талаптарға сәйкес кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына табыс етілген мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы;

      мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келуі және өзге де шарттарды сақтау еркін қойманың иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.

423-бап. Еркін қоймалар иелерінің тізілімінен шығару үшін негіздер

      1. Еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен шығару үшін, мыналар:

      1) еркін қойма иесінің осы Кодекстің 424-бабының екінші - тоғызыншы абзацтарында көзделген міндеттерді орындамауы;

      2) еркін қойма иесінің өзін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен шығару туралы өтініші;

      3) еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;

      4) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.

      2. Мүше мемлекеттердің заңнамасында еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен шығару үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

424-бап. Еркін қойма иесінің міндеттері

      Еркін қойманың иесі:

      осы Кодекстің 422-бабының екінші және төртінші абзацтарында, сондай-ақ осы Кодекстің 422-бабының бесінші абзацына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;

      еркін қойманың жұмыс істеуі кезеңінде еркін қойманың осы Кодекстің 421-бабы 4-тармағына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      еркін қойманың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға;

      кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

      еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың есебін жүргізуге және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдарына мұндай тауарлар және олармен жасалған операциялар туралы, сондай-ақ еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;

      еркін қойманың қызметкерлері болып табылмайтын немесе еркін қоймадағы тауарларға қатысты өкілеттігі жоқ бөгде адамдарды еркін қоймаға кеден органдарының рұқсатынсыз кіргізбеуге;

      еркін қоймадағы тауарларға кеден органдарының лауазымды адамдарының қол жетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;

      осы Кодекстің 216-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша осы Кодекстің 55-бабы 3-тармағы және 73-бабы 3-тармағына сәйкес кеден органдары жолдаған хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей міндеттерді орындауға;

      еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген кеден органын хабарлауға және мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап немесе өзіне мұндай өзгерістер белгілі болған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсынуға;

      осы Кодексте белгіленген және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.

60-тарау

Бажсыз сауда дүкенінің иесі

425-бап. Бажсыз сауда дүкен иесінің қызметі

      Бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды бажсыз сауда дүкендерінде сақтауды және осы Кодекстің 243-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға өткізуді жүзеге асырады.

426-бап. Бажсыз сауда дүкендері

      1. Сауда залдары мен қоймалардан. сондай-ақ қосалқы үй-жайлардан тұратын (болған кезде) арнайы белгіленген және жайластырылған құрылыстар және (немесе) үй-жайлар (үй-жайлардың бөлігі) бажсыз сауда дүкендері болып табылады.

      2. Бажсыз сауда дүкені мүше мемлекеттің тұлғасы бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген күннен кейінгі күннен бастап құрылған болып саналады.

      3. Бажсыз сауда дүкенінің жұмыс істеуі бажсыз сауда дүкені иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен шығарған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.

      4. Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейне бақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оның құрылуы мен жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

427-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары

      Мыналар:

      бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға арналған және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін талаптарға сай келетін құрылыстардың және (немесе) үй-жайлардың (үй-жайлардың бөлігі) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалға алынған болуы кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады. Егер құрылыстар және (немесе) үй-жайлар (үй-жайлардың бөлігі) жалға алынған болса, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мұндай құрылыстарға және (немесе) үй-жайларға (үй-жайлардың бөлігі) қатысты жалға алу шарты бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті беру күні кемінде 6 ай мерзімге жасалуға тиіс;

      егер бөлшек саудаға арналған тіркеу немесе рұқсат құжаттарын алу міндеті мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, бұл құжаттардың болуы;

      кеден органына жүгіну күні белгіленген мерзімде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттердің болмауы;

      мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келуі және өзге де шарттарды сақтау кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.

428-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен шығару үшін негіздер

      1. Бажсыз сауда дүкендері иелерін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен шығару үшін мыналар:

      1) бажсыз сауда дүкені иесінің осы Кодекстің 429-бабының екінші-жетінші абзацтарында көзделген міндеттерді орындамауы;

      2) бажсыз сауда дүкені иесінің өзін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен шығару туралы өтініші;

      3) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;

      4) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін жағдайларды қоспағанда, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.

      2. Мүше мемлекеттердің заңнамасында бажсыз сауда дүкені иесін бажсыз сауда дүкендері нелерінің тізілімінен шығару үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

429-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің міндеттері

      Бажсыз сауда дүкенінің иесі:

      осы Кодекстің 427-бабының екінші және үшінші абзацтарында, сондай-ақ осы Кодекстің 427-бабының бесінші абзацына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;

      осы Кодекстің 244-бабы 3-тармағында белгіленген бажсыз сауда кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға;

      бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған және бажсыз сауда дүкендерінде өткізілмеген тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;

      кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

      бажсыз сауда дүкеніне тауарлардың түсуін және осы дүкенде оларды өткізілу есебін жүргізуге, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;

      осы Кодекстің 247-бабында көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттерді осы Кодекстің 55-бабы 3-тармағы және 73-бабы 3-тармағына сәйкес кеден органдары жолдаған хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;

      бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген кеден органын хабарлауға және мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап немесе оған мұндай өзгерістер белгілі болған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсынуға;

      осы Кодексте белгіленген және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.

61-тарау

Уәкілетті экономикалық оператор

430-бап. Уәкілетті экономикалық оператор

      1. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған және осы тарауда белгіленген тәртіппен және шарттарды сақтау кезінде уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлға уәкілетті экономикалық оператор болып табылады.

      2. Заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу кезінде уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік беріледі.

      3. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік күшіне енген күннен бастап уәкілетті экономикалық оператор тәуекел деңгейінің төменгі санатына жатады.

      4. Заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу және оны мұндай тізілімнен шығару тәртібі, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті беру, оның қолданысын тоқтата тұру және жаңарту тәртібі осы Кодексте, ал осы Кодексте реттелмеген бөлікте мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.

      5. Заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуді, оны мұндай тізілімнен шығаруды, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұруды және жаңартуды, заңнамаға сәйкес осындай тұлға құрылған мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады.

      6. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғаның мұндай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын тексеру кезінде, сондай-ақ уәкілетті экономикалық оператордың оны осындай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын бақылау кезінде осы Кодекстің VI бөлімінде көзделген кедендік бақылау нысаны мен кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар қолданылуы мүмкін.

      7. Уәкілетті экономикалық оператор осы Кодекстің ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 437-бабында көзделген Одақтың кедендік аумағындағы арнайы оңайлатуларды пайдалануға құқылы.

      8. Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес осы Кодекстің 437-бабында көзделген жекелеген арнайы оңайлатулар Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің уәкілетті экономикалық операторларына өзара негізде ұсынылуы мүмкін.

      9. Мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес осы Кодекстің 437-бабында көзделген жекелеген арнайы оңайлатулар Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларына өзара негізде ұсынылуы мүмкін. Бұл ретте мұндай арнайы оңайлатулар осындай халықаралық шарттардың тарапы болып табылатын мүше мемлекеттің аумағында ғана қолданылады.

431-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімі

      1. Кеден органдары Комиссия айқындаған нысан бойынша уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімін жүргізеді, оны Интернет желісіндегі өзінің ресми сайтына орналастырады және оны айына 1 реттен кем емес жаңартуды қамтамасыз етеді.

      2. Комиссия кеден органдары жүргізетін уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімдерінің негізінде уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімін қалыптастырады, оны Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтына орналастырады және оны айына 1 реттен кем емес жаңартуды қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімінің нысанын, оларды қалыптастыру және жүргізу тәртібін, сондай-ақ кеден органдары жүргізетін уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінде қамтылатын деректерді ұсынудың техникалық шарттарын Комиссия айқындайды.

432-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік және оның типтері

      1. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің (осы тарауда бұдан әрі - куәлік) үш типі болады.

      2. Куәліктің бірінші типі уәкілетті экономикалық операторға осы Кодекстің 437-бабы 2-тармағында көзделген арнайы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді.

      3. Куәліктің екінші типі уәкілетті экономикалық операторға осы Кодекстің 437-бабы 3-тармағында көзделген арнайы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді.

      4. Куәліктің үшінші типі уәкілетті экономикалық операторға осы Кодекстің 437-бабы 4-тармағында көзделген арнайы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді.

      5. Куәліктің нысаны мен оны толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.

      6. Куәлік заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді және қолданыс мерзімі шектелмейді.

      7. Уәкілетті экономикалық оператор куәлік күшіне енген күннен бастап осы Кодекстің 437-бабында көзделген арнайы оңайлатуларды пайдалануға құқылы.

      8. Куәлікті берген мүше мемлекеттің кеден органы заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген күннен бастап күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей, осы Кодекстің 368-бабына сәйкес осындай тұлғаға және осы мүше мемлекеттің кеден органдарының. сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің кеден органдарының заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу күні және куәліктің күшіне ену күні туралы ақпаратты назарына жеткізеді.

433-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттары

      1. Мыналар:

      1) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті (осы тарауда бұдан әрі - өтініш) кеден органы тіркеген күнге дейін осы заңды тұлғаның сыртқы экономикалық қызметті, кеден өкілі, уақытша сақтау қоймасының иесі, кеден қоймасы ретінде кеден ісі саласындағы қызметті кемі 3 жыл бойы жүзеге асыруы не кемінде 2 жыл бойы кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруы:

      тауарларды тасымалдау жөніндегі қызмет көрсету бойынша қызметтерді қоспағанда, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде, бірақ кемінде әрбір 10 жыл үшін берілген тауарларға арналған декларациялары немесе Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлардың әрбір жыл үшін жиынтық сомасы, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған, бірақ кеден органы өтінішті тіркеген күні қолданылатын валюта бағамы бойынша кемінде 500 мың евроға балама сома шамасын құрауы;

      тауарларды тасымалдау жөніндегі қызмет көрсету бойынша сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың әрбір жыл үшін берген кемінде 250 транзиттік декларациялары;

      кеден өкілі ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде. бірақ әрбір жыл үшін берген кемінде 200 кедендік декларациясы немесе олар кедендік декларацияда мәлімделген тауарлардың әрбір жыл үшін жиынтық сомасы, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған, бірақ кеден органы өтінішті тіркеген күні қолданылатын валюта бағамы бойынша кемінде 500 мың еуроға балама сома шамасын құрауы;

      уақытша сақтау қоймаларының иелері, кеден қоймалары ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тауарларды сақтауды жүзеге асырған әрбір жыл үшін жиынтық сомасы мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген, бірақ кеден органы өтінішті тіркеген күні қолданылатын валюта бағамы бойынша кемінде 500 мың евроға балама сомадан аспайтын шаманы құрауы;

      кедендік тасымалдаушы ретінде кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың әрбір жыл үшін берген 250-ден кем емес транзиттік декларациялары;

      2) осы Кодекстің 436-бабына сәйкес берілген уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуі;

      3) барлық мүше мемлекеттерде кеден органы өтінішті тіркеу күні белгіленген мерзімде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі орындалмаған міндеттердің болмауы;

      4) кеден органына өтінішті тіркеу күні осы заңды тұлға тіркелген мүше мемлекетте мүше мемлекеттердің салық және алымдар туралы заңнамасына (салық заңнамасына) сәйкес берешектердің (бересінің) болмауы;

      5) кеден органына өтінішті тіркеу күніне дейін 1 жыл ішінде осы заңды тұлғаны барлық мүше мемлекеттерде жасағаны үшін жауаптылыққа тарту мүше мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту фактісінің болмауы;

      6) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғаның акцияларының 10 және одан көп пайызы бар, мүше мемлекеттердің осы заңды тұлғаның акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтері болып табылатын жеке тұлғаларын, өндірісі кеден және өзге де мемлекеттік органдардың жүргізуіне жатқызылған қылмыс немесе қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы және жасағаны үшін мүше мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған жауаптылыққа тарту;

      7) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сай келетін, кедендік операциялар жасау кезінде кеден органдарына ұсынатын мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін және кеден органдарының осындай мәліметтерге қол жеткізуін (оның ішінде қашықтықтан) қамтамасыз ететін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы бірінші типті куәлікті бере отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады. Комиссия тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын типтік талаптарды айқындауға құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағы 5 және 6-тармақшаларында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейтін мүше мемлекеттердің әкімшілік және қылмыстық заңнамасының баптары туралы ақпарат, осындай әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамы мен санкциясы көрсетіле отырып, кеден органдары осындай баптардың жалпы тізбесін қалыптастыру және Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтына оларды орналастыру үшін Комиссияға жолдайды.

      Көрсетілген баптардың жалпы тізбесінің форматын, оларды қалыптастыру, оны жүргізу және олардан мәліметтерді пайдалану тәртібін, сондай-ақ техникалық шарттары мен тәртібін, оның ішінде баптар туралы ақпаратты ұсыну құрылымы мен форматын Комиссия айқындайды.

      3. Мыналар:

      1) осы баптың 1-тармағы 1, 3 - 7-тармақшаларында көрсетілген шарттар;

      2) осы баптың 7-тармағына сәйкес айқындалған мәнге осы заңды тұлғаның қаржылық тұрақтылығының сәйкестігі;

      3) тауарларды уақытша сақтауға арналған құрылыстардың, үй-жайлардың (үй-жайдың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдардың (ашық алаңның бөлігі) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалға алынған болуы екінші типтегі куәлікті бере отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады. Егер құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайдың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдар (ашық аланның бөлігі) жалға алынған болса, мұндай құрылыстарға, үй-жайларға (үй-жайдың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңның бөлігі) қатысты жалға алу шарты өтінішті беру күні кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс;

      4) аумағында тауарларды уақытша сақтау кедендік транзиттің кедендік рәсім қолданысын аяқтау жүзеге асырылатын және (немесе) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғаның көлік құралдары мен жұмыскерлеріне кедендік бақылау жүргізілетін құрылыстарға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңның бөлігі) Комиссия қоятын талаптарды сақтауы екінші типті куәлікті бере отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу екінші үлгідегі куәлік беру шарттары болып табылады.

      4. Егер тауарларды өндіру және (немесе) тауарларды экспорттау бойынша қызметті жүзеге асыратын мүше мемлекеттің заңды тұлғасының қаржылық тұрақтылығы осы баптың 7-тармағына сәйкес айқындалған мәнге сәйкес келмеген жағдайда, екінші үлгідегі куәлік бере отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында кеден органы өтінішті тіркеген күні қолданылатын валюта бағамы бойынша 150 мың евродан кем баламалы мөлшерде уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді ұсыну белгіленуі мүмкін.

      5. Мыналар:

      1) кеден органы өтінішті тіркеген күнге дейін кемінде 2 жыл бойы бірінші немесе екінші типті куәлікті бере отырып, заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілгенде үшінші типті куәлікті бере отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады. Көрсетілген мерзімге куәліктің қолданысы осы Кодекстің 435-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 435-бабы 1-тармағына сәйкес куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрған кезең қосылмайды;

      2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген шарттар үшінші типті куәлікті бере отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.

      6. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге қосымша шарттар белгіленуі мүмкін.

      7. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғаның қаржылық тұрақтылығын және қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын және осы тізілімге енгізу үшін қажетті мәндерді айқындау тәртібін Комиссия және Комиссия көздеген жағдайларда мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.

434-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу тәртібі

      1. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу үшін заңды тұлға (осы бапта бұдан әрі - өтініш беруші) заңнамаға сәйкес өзі құрылған мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органына өтініш береді.

      Көрсетілген өтініштің нысанын, оны толтыру тәртібі мен онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың тізбесін Комиссия айқындайды.

      2. Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Өтінішке құжаттар, егер мұндай құжаттар туралы мәліметтер және (немесе) мәліметтердің бірін кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйесінен кеден органдары, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдары) ақпараттық жүйелерінен алуға болатын болса кеден органына ұсынылмауы мүмкін.

      3. Бірінші және екінші типтегі куәліктерді алумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу үшін өтініш беруші 1 өтініш беруге құқылы.

      4. Кеден органы өтінішті тіркеген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінішті қарау не оны қараудан бас тарту туралы шешім қабылданды.

      Өтінішті қараудан бас тарту үшін негіздер болған жағдайда кеден органы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды.

      5. Кеден органы мынадай:

      1) өтініш белгіленген нысанға сәйкес толтырылмаса не электрондық құжат түріндегі өтініштің құрылымы мен форматы осы өтініштің белгіленген құрылымы мен форматына сәйкес келмеген;

      2) өтініште көрсетілуге тиісті мәліметтер өтініште көрсетілмеген;

      3) өтініш осы Кодекстің 435-бабы 8-тармағының 4 - 7-тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен шығарылған күннен бастап 1 жыл өткенге дейін берілген жағдайларда өтінішті қараудан бас тартады.

      6. Өтінішті қарау мерзімі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді және оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік 120 күннен аспайды.

      7. Осы баптың 2-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер өтінішті беру кезінде өтінішті қараудан бас тарту үшін негіздер болмаса, ал онда көрсетілген мәліметтерді өтініш беруші құжаттай растамаған болса, кеден органы өтініш тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде осы құжаттарды 1 ай ішінде ұсыну қажеттілігі туралы өтініш берушіге хабарлайды.

      8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес сұратылған құжаттар ұсынылған күнге не оларды ұсыну мерзімі өткенге дейін өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.

      9. Өтініш беруші осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде құжаттарды ұсынбаған кезде кеден органы өтінішті қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      10. Кеден органы уәкілетті операторлар тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғаның осы Кодекстің 433-бабының 1-тармағының 3, 5 және 6-тармақшаларында көзделген осындай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын тексеру мақсатында кеден органы өтініш тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 371-бабына сәйкес жолдайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін беру туралы сұрау салуды жолдайды.

      Егер осы Кодекстің 371-бабында көзделген мерзімде осы Кодекстің 433-бабы 1-тармағының 3, 5 және 6-тармақшаларында көрсетілген шарттарды сақтамау туралы мәліметтер қамтылмағаны жөнінде жауап алынса не мұндай жауап алынбаса, кеден органына сұрау салу жіберілген мүше мемлекетте уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізудің осындай шарттары сақталды деп саналады.

      11. Бірінші немесе екінші типті куәліктерді бере отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша, егер мұндай тізілімге енгізудің шарты уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету болса, кеден органы тұлғаны осы Кодекстің 433-бабы 1-тармағының 1, 3-7-тармақшаларында немесе 3-тармағының 1, 3 және 4-тармақшаларында белгіленген шарттарды сақтау туралы хабардар етеді не мұндай тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      12. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерді орындауын қамтамасыз етуді ұсынуды растайтын құжаттар кеден органы көрсетілген хабарламаны жолдаған күннен бастап 2 айдан кешіктірілмей ұсынылады.

      Бұл ретте кеден органы көрсетілген хабарламаны жолдаған күннен бастап уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді растайтын құжаттарды ұсынған күнге дейінгі кезеңге өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.

      13. Кеден органы уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерді орындауын қамтамасыз етуін ұсынуды тиісінше растайтын құжаттарды табыс еткен күннен бастап, күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей өтініш берушіні уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды.

      14. Егер осы баптың 12-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзім өткенге дейін уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерді орындауын қамтамасыз етуін ұсынуды растайтын құжаттар табыс етілмесе не табыс етілген құжаттар уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерді орындауын қамтамасыз етуін ұсынуды тиісінше растамаса, кеден органы көрсетілген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей өтініш берушіні уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      15. Екінші типті не үшінші типті куәлікті бере отырып. уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қарау нәтижесі бойынша, егер уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерді орындауын қамтамасыз ету мұндай тізілімге енгізудің шарты болып табылмаса, кеден органы осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей өтініш берушіні уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу не мұндай тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттардың сақталмауы уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тартуға негіз болып табылады.

435-бап. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, жаңарту және уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен шығару үшін негіздер

      1. Мыналар:

      1) куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы уәкілетті экономикалық оператордың өтініші;

      2) уәкілетті экономикалық операторға қатысты банкроттық рәсімнің қозғалуы;

      3) уәкілетті экономикалық оператордың осы Кодекстің 442-бабында көзделген міндеттерді орындамауы;

      4) егер уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету уәкілетті экономикалық оператордың тізіліміне енгізудің шарты болып табылса, осы Кодекстің 436-бабында көзделген мөлшерде осындай қамтамасыз етудің болмауы;

      5) осы Кодекстің 55-бабы 3-тармағы және 73-бабы 3-тармағына сәйкес кеден органдары жолдаған хабарламада көрсетілген мерзімде кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттерді орындамау не тиісінше орындамау, сондай-ақ белгіленген мерзімде өсімпұлдарды, пайыздарды төлемеу;

      6) уәкілетті экономикалық операторда уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген мүше мемлекеттен өзге мүше мемлекеттерде белгіленген мерзімде кедендік төлемдер, арнайы. демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндеттерді орындамау туралы ақпараттың болуы;

      7) осы Кодекстің 433-бабы 1-тармағының 7-тармақшасында көзделген тауарларды есепке алу жүйесінің болмауы немесе мұндай тауарларды есепке алу жүйесінің кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      8) егер заңды тұлғаның қаржы тұрақтылығы осы Кодекстің 433-бабы 7-тармағына сәйкес айқындалған мәндерге сәйкес келуі уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылса, заңды тұлғаның қаржы тұрақтылығының осы мәндерге сәйкес келмеуі;

      9) уәкілетті экономикалық оператордың тауарларды уақытша сақтауы үшін арналған құрылыс жайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық аландардың (ашық алаңдардың бөліктерінің) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында болуы немесе оларды жалға алуы талабын сақтау уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу шарты болып табылса, мұндай талаптардың сақталмауы;

      10) уәкілетті экономикалық оператор қызметкерінің осы Кодекстің 433-бабы 3-тармағы 4-тармақшасына сәйкес Комиссия айқындаған құрылыс жайларға, үй-жайларға (үй-жай (бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаң бөліктеріне), көлік құралдарына қойылатын талаптарды сақтауы уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылса, уәкілетті экономикалық оператор қызметкерінің ол талаптарды сақтамауы;

      11) жасағаны үшін жауапкершілікке тарту мүше мемлекеттердің заңнамасында куәлік қолданысын тоқтата тұру үшін негіз ретінде айқындалған, уәкілетті экономикалық операторға қатысты мүше мемлекеттердің бірінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау белгілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесстің басталуы) туралы істің қозғалуы;

      12) қылмыс немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгілері бойынша іс жүргізу кедендік және өзге де мемлекеттік органдардың жүргізуіне жататын және жасағаны үшін жауапкершілікке тарту мүше мемлекеттердің заңнамасында куәлік қолданысын тоқтата тұру үшін негіз ретінде айқындалса, мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың акцияларының 10 және одан да көп пайызы бар акционерлер, осындай заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), басқарушылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты кез келген мүше мемлекетте қылмыстық істің қозғалуы куәліктің қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

      2. Кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасында куәліктің қолданысын тоқтата тұру үшін қосымша негіздер белгіленуі мүмкін.

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген негіздердің бар болуы туралы ақпаратты алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органы куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.

      4. Куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған кеден органы, оны қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мұндай шешім туралы тоқтата тұрудың негіздерін көрсете отырып, уәкілетті экономикалық операторға хабарлайды, сондай-ақ бұл туралы ақпараты осы Кодекстің 368-бабына сәйкес сол мүше мемлекеттің кеден органдарына және басқа мүше мемлекеттердің кеден органдарына беріледі.

      5. Осы баптың 1-тармағы 3 - 10-тармақшаларында көзделген негіздер бойынша куәліктің қолданысын тоқтата тұрған жағдайда, уәкілетті экономикалық оператор куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 120 күннің ішінде куәліктің қолданысын тоқтата тұруға байланысты себептерді жойылғанын кеден органына растауға міндетті.

      6. Егер уәкілетті экономикалық оператор куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 120 күн ішінде куәліктің қолданысын тоқтата тұруға байланысты себептердің жойылғанын растаған болса, кеден органы мұндай растауды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде куәліктің қолданысын жаңартады және осы Кодекстің 368-бабына сәйкес ол туралы уәкілетті экономикалық операторды, өз мүше мемлекетінің кеден органдарын және басқа мүше мемлекеттердің кеден органдарын хабардар етеді.

      7. Осы баптың 1-тармағы 11 және 12-тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған куәліктің қолданысы:

      1) қылмыстық не әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) шешімі;

      2) қылмыстық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтау туралы соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) шешімі күшіне енген күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде жаңартылады.

      8. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен уәкілетті экономикалық операторды шығару үшін мыналар:

      1) уәкілетті экономикалық оператордың өзін уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен шығару туралы өтініші;

      2) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;

      3) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;

      4) уәкілетті экономикалық оператор куәліктің қолданысын тоқтата тұруға байланысты себептердің жойылғанын куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 120 күн ішінде растамауы;

      5) жасағаны үшін жауаптылыққа тартылуы мүше мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен уәкілетті экономикалық операторды шығару үшін негіз ретінде айқындалған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы соттың немесе өзге де уәкілетті орган (лауазымды тұлға) шешімінің күшіне енуі;

      6) жасағаны үшін жауаптылыққа тартылуы мүше мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен уәкілетті экономикалық операторды шығару үшін негіз ретінде айқындалған қылмысты (қылмыстық құқық бұзушылықты) жасағаны үшін сот үкімінің күшіне енуі;

      7) уәкілетті экономикалық оператордың осы Кодекстің 442-бабында көзделген міндеттерді күнтізбелік жылдың ішінде 2 немесе одан да көп орындамауы негіз болып табылады.

      9. Кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен уәкілетті экономикалық операторды алып тастау үшін қосымша негіздер белгіленуі мүмкін.

      10. мүше мемлекеттердің заңнамаларында осы баптың 1-тармағы 11) тармақшасында көзделген негіз бойынша куәліктің қолданысын кеден органы не тоқтатқызбайтын не осы баптың 8-тармағы 5-тармақшасында көзделген негіздер бойынша заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталмайтын шарттар белгіленуі мүмкін.

      11. Кеден органы осы баптың 8-тармағында көзделген негіздер туындаған немесе олар туралы ақпаратты алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен заңды тұлғаны алып тастау туралы шешім қабылданды.

      12. Осы баптың 8-тармағы 4 - 7-тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен уәкілетті экономикалық операторды алып тастаған жағдайда, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті мұндай тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастаған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін берілуі мүмкін.

      13. Кеден органы уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен заңды тұлғаны шығарып тастау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде алып тастаудың негізін көрсете отырып, ол туралы уәкілетті экономикалық операторға хабарлайды, сондай-ақ осы Кодекстің 368-бабына сәйкес өзі мүше мемлекетінің кеден органдарына және басқа да мүше мемлекеттердің кеден органдарына бұл туралы ақпаратты жеткізеді.

436-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету

      1. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету, мұндай қамтамасыз ету уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылған жағдайларда ұсынылады.

      2. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету осы Кодекске сәйкес мұндай заңды тұлғада кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет туындаған не ол кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша ортақ міндеттерді бірге көтерген жағдайларда уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді.

      3. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлға не осындай тізілімге енгізілген заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы немесе уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындау мөлшерін азайту туралы немесе бір қамтамасыз ету тәсілін басқасымен ауыстыру туралы өтініш берілген кеден органына не мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған өзге кеден органына табыс етіледі.

      4. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындау осы Кодекстің 63-бабы 1-тармағында көрсетілген не кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін осы Кодекстің 63-бабы 1-тармағының алтыншы абзацына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етіледі.

      5. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін осы баптың 3-тармағында көрсетілген заңды тұлға осы Кодекстің 63-бабы 1-тармағында көрсетілген не кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін осы Кодекстің 63-бабы 1-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамаларында белгіленген тәсілдердің кез-келгенін таңдауға құқылы.

      6. Кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамаларында уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету арнайы тәсілмен (тәсілдермен) қамтамасыз етілетіні белгіленуі мүмкін.

      7. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындау осы баптың 3-тармағында көрсетілген заңды тұлғаның таңдауы бойынша осы баптың 6-тармағын ескере отырып, бірнеше тәсілдермен қамтамасыз етілуі мүмкін.

      8. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді табыс еткен заңды тұлға, егер осы Кодекстің 11-бөліміне, 77 және 270-баптарына сәйкес алмастырылатын уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуге өндіріп алу қолданылмаса, осы баптың 6-тармағын ескере отырып, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыруды жүзеге асыруға құқылы.

      9. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындау заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезеңінің ішінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау - кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтатуға дейін үздіксіз қамтамасыз етілуі тиіс.

      10. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етудің тәсілдерін қолдану тәртібі, қамтамасыз етудің бір тәсілінен басқасына ауыстырудың тәртібі, осы баптың 13 - 16-тармақтарына сәйкес уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етудің мөлшерін төмендету тәртібі, сондай-ақ мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын валюта уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді ұсынатын кеден органының мүше мемлекетінің заңнамасында белгіленеді.

      11. Егер уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді ұсыну үшін мұндай қамтамасыз етілу мөлшері белгіленген шетел валютасын осы баптың 10-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген валютаға қайта есептеу талап етілсе, мұндай қайта есептеу кепілгерлік шарт немесе мүліктік кепіл туралы шарт жасасу күні (мұндай шарттарға өзгерістер енгізу кезінде - кепілгерлік шартқа немесе мүліктік кепіл туралы шартына өзгерістер енгізу туралы шарт жасасу күні), ал уәкілетті экономикалық оператор міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді ұсыну кезінде өзге тәсілмен:

      1) заңды тұлғаны осындай тізілімге енгізу мақсатында уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді ұсыну кезінде, - уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізудің шарттарын сақтау туралы хабарламаны кеден органдары тіркеген күні;

      2) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етудің сомасын төмендету туралы уәкілетті экономикалық оператордың өтінішін кеден органдары тіркеген күні;

      3) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне заңды тұлғаны енгізудің шарттарын сақтау мақсатында қамтамасыз ету тәсілінің бірінен басқасына ауыстыру не басқа уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды ұсыну кезінде уәкілетті экономикалық оператордың өтінішін кеден органы тіркеген күні валютаның қолданыстағы бағамы бойынша жүргізіледі.

      12. Бірінші типті куәлікті бере отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне заңды тұлғаны енгізу кезінде кем дегенде 1 млн. евроға баламалы мөлшерінде уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету ұсынылады.

      13. Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне заңды тұлғаны енгізген күннен бастап 2 жыл ішінде бірінші үлгідегі куәлік тоқтатылмаған жағдайда. онда 3-ші жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету кем дегенде 700 мың евроға баламалы мөлшерінде қамтамасыз етіледі.

      14. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне заңды тұлғаны енгізген күннен бастап 4 жыл ішінде бірінші үлгідегі куәлік тоқтатылмаған жағдайда, онда 5-ші жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету кем дегенде 500 мың евроға баламалы мөлшерінде қамтамасыз етіледі.

      15. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне заңды тұлғаны енгізген күннен бастап 5 жыл ішінде бірінші үлгідегі куәлік тоқтатылмаған жағдайда, онда 6-шы жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету кем дегенде 300 мың евроға баламалы мөлшерінде қамтамасыз етіледі.

      16. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне заңды тұлғаны енгізген күннен бастап 6 жыл ішінде бірінші үлгідегі куәлік тоқтатылмаған жағдайда, онда 7-ші жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету кем дегенде 150 мың евроға баламалы мөлшерінде қамтамасыз етіледі.

      17. Кеден органы өтінішті тіркеген күні екінші және үшінші үлгідегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық операторы болып табылатын заңды тұлғаға бірінші үлгідегі куәлікті бере отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу кезінде уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету осы баптың 12-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде не осы баптың 18 - 21-тармақтарына сәйкес айқындалған мөлшерде ұсынылады.

      18. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне заңды тұлғаны енгізген күннен бастап 2 жыл ішінде екінші және үшінші үлгідегі куәлік тоқтатылмаған жағдайда, онда үшінші жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету кем дегенде 700 мың евроға баламалы мөлшерінде қамтамасыз етіледі.

      19. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне заңды тұлғаны енгізген күннен бастап 4 жыл ішінде екінші және үшінші үлгідегі куәлік тоқтатылмаған жағдайда, онда бесінші жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету кем дегенде 500 мың евроға баламалы мөлшерінде қамтамасыз етіледі.

      20. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне заңды тұлғаны енгізген күннен бастап 5 жыл ішінде екінші және үшінші үлгідегі куәлік тоқтатылмаған жағдайда, онда алтыншы жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету кем дегенде 300 мың евроға баламалы мөлшерінде қамтамасыз етіледі.

      21. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне заңды тұлғаны енгізген күннен бастап 6 жыл ішінде екінші және үшінші үлгідегі куәлік тоқтатылмаған жағдайда, онда жетінші жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету кем дегенде 150 мың евроға баламалы мөлшерінде қамтамасыз етіледі.

      22. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне, кеден өкілдерінің тізіліміне және (немесе) кеден тасымалдаушыларының тізіліміне заңды тұлғаны енгізу кезінде уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету және кеден өкілі немесе кеден тасымалдаушысы ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерін орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 399-бабы 9-тармағын есепке ала отырып, ұсынылады.

      23. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді қайтару, мұндай заңды тұлғада, мынадай:

      уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғаны осы тізілімге енгізуден бас тарту;

      осы баптың 8-тармағына сәйкес уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасымен ауыстыру;

      осы бапта көзделген жағдайларда уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етудің қажетті мөлшерін азайту;

      егер мұндай тізілімге енгізу уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету шарты болып табылса. уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен уәкілетті экономикалық операторды шығару;

      үшінші типті куәлікті бере отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне заңды тұлғаларды енгізу жағдайларында белгіленген мерзімде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын. өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттер болмаған кезде жүзеге асырылады.

      24. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді қайтару, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай қамтамасыз ету ұсынылған мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады.

      25. Егер уәкілетті экономикалық операторға қатысты кедендік тексеру нысанында кедендік бақылау жүргізілсе, уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді қайтару, мұндай тексеру аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді қайтаруды жүзеге асыру үшін сақталуы міндетті өзге де шарттар белгіленуі мүмкін.

      26. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін осы Кодекстің 63-бабы 1-тармағының 2 - 4-тармақшаларында көрсетілген не осы Кодекстің 63-бабы 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәсілдермен уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету ұсынылғанын растайтын құжаттарды қайтару тәртібі мен жағдайлары белгіленуі мүмкін.

      27. Осы Кодекстің 399-бабы 16-тармағына сәйкес берілген уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 399-бабы 2-тармағына және осы баптың 2-тармағына сәйкес кедендік баждарды. салықтарды. арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуі тиіс.

437-бап. Уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнайы оңайлатулар

      1. Арнайы оңайлатулар деп уәкілетті экономикалық оператордың куәлігінің типіне байланысты қолданылатын жекелеген кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу ерекшеліктері мен осы Кодекстің ережелерін қолданатын өзге де ерекшеліктер түсініледі.

      2. Бірінші үлгідегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға мынадай:

      1) бірінші кезектегі тәртіпте Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуімен, Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетумен тауарларды кедендік декларациялаумен және шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау;

      2) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз етуді табыс ету осы Кодекстің 143-бабына сәйкес белгіленген жағдайларда, уәкілетті экономикалық оператор декларанты болатын тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде мұндай қамтамасыз етуді ұсынбау;

      3) осы Кодекстің 121 және 122-баптарында көзделген ерекшеліктермен бірге уәкілетті экономикалық оператор декларанты болатын тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз етуді ұсынбау;

      4) осы Кодекстің 120 және 441-баптарына сәйкес тауарларға арналған декларацияны беруге дейін тауарларды шығару;

      5) бірінші кезектегі тәртіпте кедендік қарап тексеру немесе кедендік тексеру нысанында тағайындаған жағдайда, кедендік бақылау өткізу;

      6) кеден органдарының көлік құралдарының жүк тұратын жайларына (бөліктері) немесе олардың бөліктеріне уәкілетті экономикалық оператор салған пломбаларын идентификаттау құралдары ретінде тануы. Мұндай пломбаларға қойылатын талаптарды Комиссия айқындайды;

      7) уәкілетті экономикалық оператор тасымалдайтын тауарларға қатысты тауарларды тасымалдау бағдарының белгіленбеуі;

      8) кедендік операцияларды жасаудың уақытын қысқартуға және оңтайландыру тәртібіне бағытталған кеден органдары жүргізетін пилоттық жобалар мен тәжірибелерге қатысу басымдылығы;

      9) уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (жүк тасымалы) тауарларды қоспағанда, кедендік бақылауда тұрған және Одақтың кедендік аумағынан шығарылатын тауарларды тиеуді, қайта тиеуді (қайта аударуды) және өзге де жүк операцияларын, сондай-ақ мұндай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен ауыстыруды, оның ішінде қызмет аймағында тиісті операция жүзеге асырылатын кеден органының рұқсатынсыз немесе оған хабарлаусыз бекітілген пломбалар мен мөрлерді жоюды жүзеге асыру арнайы оңайлатуларын пайдалануға құқық береді.

      3. Екінші үлгідегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға мынадай арнайы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді:

      1) уәкілетті экономикалық операторлардың тауарларын уәкілетті экономикалық оператордың құрылыс жайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңның бөліктерінде) уақытша сақтау;

      2) егер ол мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, уәкілетті экономикалық оператор болып табылмайтын тұлғалардың тауарларын уәкілетті экономикалық оператордың құрылыс жайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық аландарында (ашық алаңның бөліктерінде), уақытша сақтау;

      3) уәкілетті экономикалық оператордың құрылыс жайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңның бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу, оларды мұндай кедендік бақылау аймағында орналастыру, мұндай құрылыс жайларда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарда (ашық алаңның бөліктерінде) кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік бақылауды жүргізу және кедендік операцияларды жасау;

      4) уәкілетті экономикалық оператордың құрылыс жайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңның бөліктерінде) кедендік бақылау жүргізу;

      5) егер мұндай кеден органы бір мүше мемлекеттің аумағында орналасса, тауарлар оның қызмет аумағында орналасқан кеден органынан бөлек кеден органында тауарларды кедендік декларациялаумен және шығару мен байланысты кедендік операцияларды жасау, Кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасында осы арнайы оңайлатуды пайдалану кезінде аталған кедендік операцияларды жасау тәртібі белгіленуі мүмкін.

      6) бірінші кезектегі тәртіпте кедендік қарап тексеру немесе кедендік тексеру нысанында тағайындалған жағдайда, кедендік бақылау өткізу;

      7) осы баптың 7-тармағына сәйкес айқындалған тәртіпте уәкілетті экономикалық оператордың кеден органдары пайдаланатын идентификаттау құралдарын қолдану;

      8) осы Кодекстің 121 және 122-баптарында көзделген ерекшеліктермен бірге декларанты уәкілетті экономикалық оператор болып тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді табыс етпеу;

      9) осы Кодекстің 120 және 441-баптарына сәйкес тауарға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару;

      10) уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың декларанты болса, осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру кезінде кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді табыс етпеу.

      4. Үшінші үлгідегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген арнайы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді.

      5. Комиссияның уәкілетті экономикалық операторларға ұсынылатын осы бапта көзделмеген өзге де арнайы оңайлатуларды айқындауға құқығы бар.

      6. Комиссия тауарларға қатысты осы бапта көзделген жекелеген арнайы оңайлатулар қолданылмайтын жағдайларды және (немесе) тауарлардың санаттарын айқындауға құқығы бар.

      7. Уәкілетті экономикалық операторлардың кеден органдары пайдаланатын идентификаттау құралдарын пайдалану тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды Комиссия айқындайды.

438-бап. Бірінші кезектегі тәртіпте кедендік операцияларды жасау

      1. Бірінші немесе үшінші типті куәліктері бар уәкілетті экономикалық оператор жасайтын Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуімен немесе Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуімен байланысты кедендік операцияларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында техникалық және инфрақұрылымдық мүмкіндіктер бар болған кезде өтінішті кезектегі тәртіпте жасалады.

      2. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында техникалық және инфрақұрылымдық мүмкіндіктері бар болған кезде кеден органдары кедендік операцияларды жасаудың бірінші кезектегі тәртібін ұйымдастыру үшін:

      1) мұндай операцияларды жасауға уәкілетті тұлғаны айқындайды;

      2) бірінші немесе үшінші типті куәліктері бар уәкілетті экономикалық операторлар үшін мүше мемлекеттердің мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жекелеген қозғалыс жолақтарын қарастырады және Интернет желідегі өзінің ресми сайттарында мұндай өткізу пункттерінің тізбесін орналастырады.

      3. Тауарларды кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операцияларды кеден органы, егер:

      1) тауарлардың декларанты бірінші немесе үшінші типті куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор болып табылса;

      2) кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды бірінші немесе үшінші типті куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын кеден өкілі жасаса бірінші кезектегі тәртіпте жүзеге асырылады.

439-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың құрылыс жайларында, үй жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдардың бөліктерінде) тауарларды уақытша сақтау ерекшеліктері

      1. Тауарларды уақытша сақтау осы Кодекстің 433-бабы 3-тармағының 4 тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келетін екінші немесе үшінші типті куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылыс жайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңның бөліктерінде) жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылыс жайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) кедендік бақылау аумағы болып табылады.

      3. Уәкілетті экономикалық оператордың құрылыс жайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдардың бөліктерінде) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте уақытша сақтаудағы тауарлармен бірге өзге де тауарларды сақтауға рұқсат етілуі мүмкін.

      4. Осы Кодекстің 435-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, осы Кодекстің 435-бабы 6 және 7-тармақтарына сәйкес куәліктің қолданысы жаңартылғанға дейін уәкілетті экономикалық оператордың құрылыс жайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдардың бөліктерінде) тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға рұқсат етілмейді.

440-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың құрылыс жайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдардың бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу кезінде кедендік транзиттің кеден рәсімінің қолданысын аяқтаудың ерекшеліктері

      1. Тасымалдаушы кедендік транзиттің кеден рәсімінің қолданысын аяқтау үшін уәкілетті экономикалық оператордың құрылыс жайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдардың бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізгеннен кейін уәкілетті экономикалық операторға транзиттік декларацияның нөмірі, сондай-ақ оның қолда бар көліктік (тасымалдау) құжаттары және коммерциялық құжаттар туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті.

      2. Уәкілетті экономикалық оператор:

      1) идентификаттау құралдарының өзгертілгенін, өшірілгенін, жойылғанын немесе алмастырылғанын және (немесе) мұндай көлік құралының жүк тұратын жайы (бөлігі) тұтастығы зақымданғанын көрсететін фактілердің болуын немесе жоқтығын анықтау мақсатында жеткізілген тауарлардың көлік құралына тексеру жүргізуге;

      2) транзиттік декларация нөмірі, идентификаттау құралдары болуы (жоқтығы), олардың нөмірлерін қоса алғанда идентификаттау құралдары туралы, сондай-ақ идентификаттау құралдарының өзгертілуі, өшірілуі, жойылуы немесе алмастырылуы және (немесе) көлік құралының жүк тұратын орындарының (бөліктерінің) тұтастығының зақымдануы белгілерінің болуы (жоқтығы) туралы мәліметтерді осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды тасымалдаушыдан алған сәттен бастап 1 сағаттан кешіктірмей. ал олар межелі кеден органының жұмыс уақытынан тыс алынған жағдайда - осы кеден органының жұмыс уақыты басталған сәттен бастап 1 сағаттан кешіктірмей межелі кеден органына жолдауға;

      3) кеден органынан идентификаттау құралдарын шешуге рұқсат алуға дейін тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге және (немесе) жай-күйін өзгертетін және орамдарының бұзылуына әкеп соғатын тауарлармен операцияларды жасауға жол бермеуге, оларды пайдалануға және билік етуге жол бермеуге міндетті.

      3. Межелі кеден органы, егер идентификаттау құралдары қолданылса осы баптың 2-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген мәліметтерді алған сәттен бастап 3 сағаттан кешіктірмей, ал оларды межелі кеден органының жұмыс уақытының аяқталуына 3 сағаттан аз уақыт қалғанда алған жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған сәттен бастап 3 сағаттан кешіктірмей оларды алып тастауға рұқсат береді не идентификаттау құралдарын алуға тыйым салу туралы хабардар етеді, ал идентификаттау құралдары қолданылмаған тауарларға қатысты - тауарлармен алдағы уақытта жасалатын іс-әрекеттер жасауға рұқсат етеді немесе тыйым салады.

      4. Межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторға идентификаттау құралдары қолданылған кезде оларды алып тастауға рұқсат еткен жағдайда, уәкілетті экономикалық оператор тасымалдаушының қатысуымен идентифифкаттау құралдарын алып тастауды жүзеге асырады және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тасымалдаушыдан тауарларды қабылдап алады.

      Егер идентификаттау құралдары қолданылмаса және межелі кеден органы тауарлармен алдағы уақытта жасалатын іс-әрекеттер жасауға рұқсат етсе, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор тасымалдаушыдан тауарларды қабылдап алады.

      Уәкілетті экономикалық оператордың тасымалдаушыдан тауарларды қабылдап алу фактісі тасымалдаушыда бар көлік (тасымалдау), коммерциялық құжаттарға тасымалдаушыдан тауарларды қабылдау күні мен уақыты туралы белгі қою жолымен расталады.

      Уәкілетті экономикалық оператор көрсетілген белгілерді қойғаннан кейін дереу транзиттік декларацияның нөмірі, тасымалдаушыдан тауарларды қабылдау күні мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын хабарламаны межелі кеден органына жібереді.

      5. Межелі кеден органы уәкілетті экономикалық оператордан осы баптың 4-тармағының төртінші абзацында көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін, мұндай хабарламаны алған сәттен бастап 4 сағаттан кешіктірмей, ал оны межелі кеден органының жұмыс уақытының аяқталуына 4 сағаттан аз уақыт қалғанда алған жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған сәттен бастап 4 сағаттан кешіктірмей, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайды.

      Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау осы Кодекстің 151-бабы 9-тармағында көзделген белгілерді қоймай, кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып рәсімделеді.

      Межелі кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысының аяқталуы туралы уәкілетті экономикалық операторға хабарлайды.

      Тасымалдаушы осы Кодекстің 151-бабы 9-тармағына сәйкес белгі қою арқылы кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысын аяқтауды рәсімдеу үшін межелі кеден органына келуі мүмкін.

      6. Осы баптың 4-тармағы екінші абзацына сәйкес тасымалдаушыдан уәкілетті экономикалық оператор тауарларды қабылдауды рәсімдегеннен кейін, мұндай тауарлар уәкілетті экономикалық оператордың құрылыс жайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдардың бөліктерінде) уақытша сақтауға орналастырылған болып есептеледі.

      7. Егер межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторға кедендік тексеріп қарау немесе кедендік қарау жүргізу ниетімен байланысты сәйкестендіру құралдарының шешуге тыйым салу туралы хабарлаған жағдайда, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау осы Кодекстің 151-бабы 7 және 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Осы баптың ережелері алушысы уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау кезінде қолданылады.

      9. Мүше мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық оператордың құрылыс жайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдардың бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу кезінде темір жол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтаудың осы бапта көзделгеннен өзге немесе одан бөлек ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

441-бап. Декларанты уәкілетті экономикалық оператор болатын тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін кедендік операцияларды жасау және тауарларды шығару ерекшеліктері

      1. Декларанты уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын тауарларды мынадай:

      1) ішкі тұтыну үшін шығару;

      2) кедендік аумақта қайта өңдеу;

      3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;

      4) еркін кеден аймағы;

      5) еркін қойма;

      6) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығаруға кедендік рәсімі мәлімделуі мүмкін.

      2. Тауарларға декларант уәкілетті экономикалық оператор болатын тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығаруға өтініш беру кезінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға туралы өтінішті электрондық құжат нысанында береді.

      3. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш егер байланыс құралдарының (телекоммуникациялық желілердің және Интернет желісінде) жұмысында техникалық істен шығудан, бұзылулардан, электр энергиясының өшірілуінен туындаған ақпарат кеден органдарының пайдаланатын ақпараттық жүйелердің бұзылуына байланысты, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген басқа да жағдайларда кеден органында тұлғаның осындай өтінішті электрондық құжат түрінде іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілуі мүмкін.

      Мұндай жағдайда тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш осы Кодекстің 120-бабы 4-тармағына сәйкес беріледі.

      4. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны тауарларды шығару туралы өтінішті берген уәкілетті экономикалық оператор тауарларды шығарған айдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей табыс етуі тиіс.

      Көрсетілген кезеңді есептеу осы Кодекстің 4-бабы 6-тармағын ескере отырып жүргізіледі.

      5. Декларанты уәкілетті экономикалық оператор болатын тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға өтінішті беру кезінде кедендік баждарды, салықтарды. арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету талап етілмейді.

442-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері

      1. Уәкілетті экономикалық оператор:

      1) осы Кодекстің 433-бабы 1-тармағының 7-тармақшасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға:

      2) осы Кодекстің 436-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз етуге;

      3) мұндай заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кеден органын уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға және мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап немесе оған мұндай өзгерістер белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде хабардар етуге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды табыс етуге;

      4) осы Кодекске сәйкес осы Кодекстің 55-бабы 3-тармағы және 73-бабы 3-тармағына сәйкес кеден органы жолдаған хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауға;

      5) осы Кодексте, өзге де кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерде және (немесе) кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      2. Бірінші немесе үшінші типті куәліктерін берумен бірге уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлар, осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерді сақтаудан басқа, сондай-ақ осы Кодекстің 437-бабы 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес Комиссия айқындаған пломбаға қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.

      3. Екінші немесе үшінші типті куәліктерін берумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлар осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерді сақтаудан басқа, сондай-ақ:

      1) осы Кодекстің 433-бабы 3-тармағының 2-4-тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;

      2) осы Кодекстің 437-бабы 7-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған кеден органдары пайдаланатын идентификаттау құралдарын қолдану тәртібін сақтауға;

      3) кедендік бақылаудағы тауарларды сақтау жүзеге асыратын уәкілетті экономикалық оператордың құрылыс жайларында, үй жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдардың бөліктерінде) сондай-ақ мұндай тауарларды есепке алу жүйесіне кеден органдарының лауазымды адамдарының кедергісіз қол жеткізуін ұсыну туралы кеден органдарының талаптарын орындауға міндетті.

      4. Кеден органына осы баптың 1-тармағынын 3-тармағында айқындалған мерзім ішінде уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу кезінде ол мәлімдеген мәліметтердің өзгеруі туралы ақпаратты табыс етпеген кезде, уәкілетті экономикалық оператор мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      5. Заңды тұлғаға берілген куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрған немесе уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінен заңды тұлғаны алып тастаған жағдайда, осы тұлға куәліктің, қолданысын тоқтата тұрғанға не уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінен заңды тұлғаны алып тастағанға дейінгі кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) тауарларды уақытша сақтау кезінде және өзге де жағдайларда кедендік операцияларды не өзге де әрекеттерді жасау бойынша туындаған міндеттерді жасауға міндетті.

443-бап. Кеден органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың өзара іс-қимылы

      1. Кеден органы мен уәкілетті экономикалық оператордың арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында, егер ол кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленсе, келісім (меморандум немесе өзге де құжат) жасалады.

      2. Уәкілетті экономикалық оператор арнайы оңайлатуларды қолдана отырып, кедендік операциялардың жасалуына жауапты өзінің штатындағы басшылар мен тұлғалар арасынан тұлғаны кеден органымен жалпы өзара іс-қимыл жасауға жауапты адамды айқындауы мүмкін.

      3. Кеден органдары арнайы оңайлатуларды қолдану кезінде, оның ішінде штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті экономикалық операторлармен өзара іс-қимылды үйлестіру мақсатында, мұндай өзара іс қимылды ұйымдастыру үшін жауапты лауазымды тұлғаларды айқындауы мүмкін.

      4. Мүше мемлекеттердің заңнамаларында кеден органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі белгіленуі мүмкін.

ІХ-БӨЛІМ

ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

444-бап. Жалпы өтпелі ережелер

      1. Осы Кодекс кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен және актілермен реттелетін және оның күшіне енген күнінен бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      2. Осы Кодекс ол күшіне енгенге дейін туындайтын кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттармен және актілермен реттелетін қатынастар бойынша, осы Кодекстің 448 - 465-баптарында көзделген ережелерді ескере отырып, оның күшіне енген күнінен бастап туындайтын құқықтар мен міндеттерге қолданылады.

      3. Осы Кодекстің күшіне ену күні қолданылатын кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін Комиссияның шешімдері, өзінің заңдық күшін сақтайды және осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

      4. Егер осы Кодекске сәйкес қабылданатын кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер оның күшіне енуі сәтінде күшіне енбеген жағдайда, онда олар күшіне енгенге дейін, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тиісті құқықтық қатынастарды реттейтін мүше мемлекеттердің заңнамасы қолданылады.

      5. Комиссияның жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлардың санатын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.

      Комиссияның жеке пайдалануға арналған тауарлардың санатына байланысты кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемесін, құндық, салмақтық және (немесе) Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің сандық нормалары мен тәсілдерін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.

      Комиссияның төленуге тиісті кедендік баждардағы, жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын салықтарға қатысты жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.

      Комиссияның Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәсілдеріне байланысты кедендік баждарды, салықтарды төлеусіз Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған мұндай тауарларды әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.

      Комиссияның шетелдік жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағында өзінің болуы кезеңіне, бұрын пайдалануда болған тауарлардың құны және (немесе) салмағына қарамастан кедендік баждарды, салықтарды төлеусіз әкелінуі мүмкін мұндай тауарлардың тізбесі мен санын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.

      Комиссияның Одақтың кедендік аумағына тұлғалар жеке пайдалануға арналған мұндай тауарлардың санатына және (немесе) оларды Одақтың кедендік аумағына әкелу тәсілдеріне байланысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып, Одақтың кедендік аумағына әкелу жағдайлары мен шарттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.

      Комиссияның жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто- және мотокөлік құралдарының қозғалтқышын шығару күні мен жұмыс көлемін айқындау тәртібін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.

      6. Осы Кодекстің 147-бабы 5-тармағына сәйкес қабылданған Комиссияның шешімі күшіне енгенге дейін және осы Кодекстің 147-бабы 9-тармағының орындалуын қамтамасыз ететін Одақ аясындағы жалпы процесстің іске асырылуы басталғанға дейін, 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісім қолданылады.

      7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Кодекстің 448-бабының 2-тармағында көрсетілген халықаралық келісімдер, тек осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Кодекстің 448-бабының 2-тармағында көзделген Комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша және осы Кодекстің 451-бабын ескере отырып, Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

      8. Осы Кодекстің 209-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына және 217-бабы 2-тармағының, 2-тармақшасына сәйкес қабылданған Комиссияның шешімі күшіне енгенгенге дейін, осы Кодекстің 209-бабы 2-тармағының 2-тармақшасында көзделген жағдайда, адвалорлық мөлшерлерме бойынша кедендік әкелу баждарын есептеу үшін база еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың кедендік құны, ал осы Кодекстің 217-бабы 2-тармағының 2-тармақшасында көзделген жағдайда еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың кедендік құны болып табылады.

      9. Осы Кодекстің 391-бабы 2-тармағына сәйкес қабылданған Комиссияның шешімі күшіне енгенгенге дейін "Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік сараптаманы жүргізудің тәртібі туралы" Кеден одағы Комисиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 258 шешімімен бекітілген Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік сараптаманы жүргізу тәртібінің 24-тармағының ережелері қолданылады.

      10. "Арнайы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі және оларды осындай кедендік рәсіммен орналастыру шарттары туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешімімен және "Азаматтық жолаушылар ұшақтарын әкелу кезінде тарифтік жеңілдіктерді, кедендік баждардан, салықтардан толық босатуды, сондай-ақ уақытша әкелу мерзімдерін ұзарту және жекелеген кедендік рәсімдерді қолдану туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 328 шешімінің 6-тармағында айқындалған тауарлардың санатына қатысты, осы Кодекстің 254-бабына сәйкес Комиссияның мұндай тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын және мұндай тауарлардың санаттарына қатысты оны қолдану тәртібін реттейтін шешімдері күшіне енгенге дейін, мұндай тауарларға арнайы кедендік рәсім Кеден одағының Кеден кодексінің 202-бабы 3-тармағына сәйкес қабылданған мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Комиссияның тауарлардың санаттарын айқындаған, көрсетілген шешімдерінде айқындалған шарттарға қолданылады.

445-бап. Алдын-ала ақпаратты кеден органына табыс ету туралы өтпелі ережелер

      1. Осы Кодекстің 11-бабы 17-тармағына сәйкес қабылданған Комиссияның шешімі күшіне енгенгенге дейін кеден органдарына алдын-ала ақпарат Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын-ала ақпаратты табыс ету туралы және алмасу туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы келісімге сәйкес қабылданған Комиссияның актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртіпте табыс етіледі.

      2. Комиссияның осы Кодекстің 11-бабы 17-тармағына сәйкес қабылданған және алдын-ала ақпараттың құрамын және мұндай ақпараттың құрылымы мен форматын, көліктің бір түрімен тасымалданатын тауарларға қатысты табыс етілетін алдын ала ақпаратты кеден органдарына табыс етуге міндетті не құқылы тұлғаларды, оны табыс етудің тәртібі мен мерзімін айқындайтын шешімдері күшіне енуіне қарай алдын ала ақпарат осы шешімдерге сәйкес ұсынылады.

446-бап. Әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларын қолдану туралы өтпелі ережелер

      1. Осы Кодекстің 28 - 31-баптарының, 36-бабы 6-тармағының, 49-бабы 4-тармағының, 109-бабы 7 және 10-тармақтарының және 314-бабының ережелері Одақ туралы шарттың 102-бабының 1, 3 - 5-тармақтарын ескере отырып, қолданылады.

      2. Тарифтік преференцияларды қалпына келтіру жағдайлары мен шарттарын айқындайтын осы Кодекстің 49-бабы 4-тармағында көрсетілген Комиссия шешімінің күшіне енуіне дейін тарифтік преференциялар тауардың шығарылған жерін растау шартын және кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күннен бастап 1 жыл өткенге дейін тарифтік преференциялар берудің өзге де шарттарын сақтай отырып, қалпына келтіріледі. Бұл жағдайда кедендік әкелу баждарының төленген сомалары осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес қайтаруға (есептеуге) жатады.

447-бап. Осы Кодекстің 48-бабына өтпелі ережелер

      Алдағы кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу шотына енгізілген ақша қаражатын (ақша) аванстық төлемдер деп тану мүмкіндігі бөлігіндегі осы Кодекстің 48-бабы 1-тармағының ережелері Одақ туралы шартқа кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу шотына аванстық төлемдерді есепке алу мүмкіндігі бөлігіне өзгерістер енгізуді көздейтін халықаралық шарттың күшіне енген күнінен бастап қолданылады.

448-бап. Осы Кодекстің 59-бабына өтпелі ережелер

      1. Осы Кодекстің 59-бабы 2-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсынылуы мүмкін тауарлардың тізбесін Комиссия айқындағанға дейін:

      1) осы Кодекстің 59-бабы 2-тармағының 4-тармақшасын қолдану мақсатында ауыл шаруашылығы техникасына Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 8424 81, 8433 51 және 8433 59 субпозицияларында сыныпталатын ауыл шаруашылығы техникасы жатады;

      2) осы Кодекстің 59-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсынылуы мүмкін өзге де тауарларға қатысты, сол тауарлар тізбесі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалуы мүмкін.

      2. Осы Кодекстің 59-бабы 3-тармағында көрсетілген кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсынылуы мүмкін тауарлардың тізбесін Комиссия айқындағанға дейін осы Кодекстің 60-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу пайыздарын төлеумен кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы келісімнің 6-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 7-тармақшасында көзделген негіз болған кезде және көрсетілген екінші және үшінші бөліктерін ескере отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен кейінгі күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімге беріледі.

      Көрсетілген негіз бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту осы Кодекстің 8-тарауына сәйкес беріледі.

449-бап. Кедендік операцияларды жасаудың ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер

      1. Одақтың кедендік аумағының кез-келген кеден органына тауарға арналған декларацияны беруге рұқсат етілетін Одақтың шеңберіндегі халықаралық шарт күшіне енгенге дейін тауарларға арналған декларация:

      1) егер осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген мүше мемлекеттің тұлғасы, сондай-ақ осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағы 2-тармақшасының екінші абзацында көрсетілген шетелдік тұлға тауарлардың декларанты болса, тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға заңнамаға сәйкес құрылған, тіркелген не оның аумағында тұрақты тұратын мүше мемлекеттің кеден органына;

      2) егер осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағы 2-тармақшасының үшінші немесе төртінші абзацында, не осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағы 5-тармақшасында көрсетілген шетелдік тұлға тауарлардың декларанты болса, аумағында декларацияланатын тауарлар тұрған мүше мемлекеттің кеден органына;

      3) аумағында декларацияланатын тауарлар және тауарлар декларанты осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағы 3-тармақшасында көрсетілген тұлға болса, сол тұлға бар мүше мемлекеттің кеден органына беріледі.

      2. Уақытша сақтаудағы тауарлардың уақытша сақтау мерзімі осы Кодекстің күшіне енген күні осы Кодекстің 101-бабына сәйкес есептеледі.

      3. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін кеден органы кедендік декларациясын тіркеген тауарлар, осы кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні Кеден одағының кедендік заңнамасында және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіп пен шарттарда мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.

      4. Осы Кодекстің 104-бабы 4-тармағының ережелеріне қарамастан, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін Армения Республикасында тауарларды кедендік декларациялау декларанттың таңдауы бойынша жазбаша немесе электрондық нысанда жүзеге асырылады.

      5. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін Кеден одағының Кеден кодексінің 197-бабына сәйкес шығарылған тауарларды кедендік декларациялау және осындай шығаруға байланысты туындаған декларанттың өзге де міндеттері, осындай тауарлар шығарылған күні Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген тәртіпте және шарттарда жүзеге асырылады және мерзімінде орындауға жатады.

      6. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін кедендік декларациялау Кеден одағының Кеден кодексінің 194-бабына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, жүзеге асырылған тауарларға қатысты, оларды кедендік рәсіммен орналастыруға және (немесе) осы Кодекс күшіне енгеннен кейін кедендік рәсімдердің қолданысын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау Кеден одағының кеден заңнамасында және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіпте және шарттарда жүзеге асырылады.

450-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты өтпелі ережелер

      Осы Кодекс Кеден одағының Кеден кодексінің 211-бабы 2-тармағының 2-тармақшасында белгіленген мерзімде және еркін айналым үшін тауарларды шығару үшін және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік режиміне сәйкес мұндай тауарларды шығару күнінен бастап есептелген мерзім күшіне енген күні осы тауарларды пайдаланумен және (немесе) оларға билік ету мен ұштасатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолдана отырып, 2010 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасында еркін айналым үшін тауарлар шығарудың кедендік режимі мен Ресей Федерациясында ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты, мерзімі өтіп кеткен және Кеден одағының Кеден кодексінің 211-бабы 3-тармағына сәйкес кедендік баждарды. салықтарды төлеу мерзімі басталмаған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті 2015 жылғы 2 шілдеде тоқтатылған.

451-бап. Қамтамасыз ету сертификатын рәсімдеу туралы өтпелі ережелер

      Егер кедендік транзитң кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру бір мүше мемлекеттің кеден органында жүзеге асырылса, ал кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету межелі кеден органы тұрған басқа мүше мемлекеттің кеден органына берілсе, осы Кодекстің 147-бабы 2-тармағының ережелеріне қарамастан, қамтамасыз ету сертификаты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделуі мүмкін.

452-бап. Кедендік рәсімдерді қолдану туралы өтпелі ережелер

      1. Осы Кодекстің күшіне енген күні қолданысы аяқталмаған кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларға қатысты, осы Кодекс күшіне енген күннен бастап осы Кодексте көзделген, осындай кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларды пайдалану шарттары сақталуға жатады.

      2. Осы Кодекстің күшіне енген күніне орындау мерзімі (төлеу мерзімі) басталмаған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты туындаған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттер осы Кодексте көзделген тәртіпте, мерзімде және мөлшерлерде мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады және (немесе) осы Кодекске сәйкес қысқартылады.

      3. Осы баптың ережелері, сондай-ақ:

      1) Кеден одағы Кеден кодексінің 370-бабы 4 және 6-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылған деп танылған тауарларға;

      2) 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімнің 19-бабы 1-тармағына сәйкес еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылды деп есептелетін тауарларға;

      3) 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің 23-бабы 1-тармағына сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған болып есептелетін тауарларға қатысты қолданылады.

453-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолдану туралы өтпелі ережелер

      1. Осы Кодекстің күшіне енгенге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатыла отырып, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға осы Кодекс күшіне енген күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемеген немесе ішінара төлеумен уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты, кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктерін реттейтін осы Кодекстің ережелері қолданылады.

      2. Осы Кодекстің күшіне енген күніне толық көлемде орындалмаған, көрсетілген кедендік рәсімнің қолданысы аяқталмауына байланысты, осы Кодекстің күшіне енгенге дейін туындаған және орындауға жататын уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет, егер де Кеден одағының Кеден кодексінің 282-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша ішінара босату қолданған мұндай тауарларға қатысты төлеуге жатқызылған секілді, Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету күні бойынша кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған күннен бастап, бірақ уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен тауарларды орналастырғаны үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күнге есептелінген кезең үшін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік режимімен орналастырылса, төленуге жататын кедендік әкелу баждардың, салықтардың сомасынан артық болмауы тиіс.

      Осы тармақтың ережелері уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданысының мерзімі өткен соң Одақтың кедендік аумағынан әкетілген, көрсетілген тауарларға қатысты қолданылады.

454-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер

      1. Осы Кодекстің 210-бабы 4-тармағында көзделген және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Одақтың тауарлары деп тануға жеткілікті өндірістік және технологиялық операциялардың шарттарының тізбесін айқындайтын Комиссияның шешімі күшіне енгенге дейін, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында Одақтың тауарлары деп тану мақсатында, осы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары қолданылады.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген, шығарылған жері Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін СТ-1 нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификатпен, Қазақстан Республикасы үшін CT-KZ нысанды тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталған тауарлар Одақтың тауарлары болып танылады.

      2. Осы Кодекстің 208-бабы 7-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген жағдайлар басталған кезде, осы Кодекстің 208-бабы 10-тармағы осы Кодекс күшіне енген күніне дейін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты қолданылмайды.

455-бап Мүше мемлекеттердің жекелеген ЕЭА еркін кедендік аймақ кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері

      1. Осы бапта көзделген еркін кедендік аймақ кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері:

      1) 2016 жылғы 1 шілдеден жағдай бойынша Ресей Федерациясында жұмыс істейтін шегі Одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін 3 ЕЭА;

      2) мынадай:

      Армения Республикасында - Армения Республикасының заңнамасында айқындалатын 1 ЕЭА үшін;

      Беларусь Республикасында - Беларусь Республикасының заңнамасында айқындалатын 2 ЕЭА үшін;

      Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын 1 ЕЭА үшін;

      Қырғыз Республикасында Қырғыз Республикасының заңнамасында айқындалатын 1 ЕЭА үшін шегі толық немесе ішінара Одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен тұспа-тұс келетін не оның шегінде әуе көлігімен Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары орналасқан 5 ЕЭА қолданылады.

      Комиссия мүше мемлекеттер табыс еткен ақпараттың негізінде осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген ЕЭА тізілімін жүргізеді.

      2. Кеден органдары осы Кодекстің 11-бабына сәйкес табыс ететін алдын ала ақпарат, егер аумағында мұндай ЕЭА құрылған бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және осы баптың 1-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларға қатысты табыс етілмеуі мүмкін.

      3. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларға қатысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтарында басқа операциялармен қатар аумағында ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленетін жағдайларда осы Кодекстің 205-бабы 1-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жасаған кездегі тауарларды шығындауға (тұтынуға) қарағанда, өзгеше тауарларды тұтынуға жол беріледі.

      Осы тармаққа сәйкес тауарларды тұтыну кезінде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау тәртібі аумағында ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.

      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға резидент мәртебесін (қатысушы, субъект) жоғалтқан кезде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы мұндай ЕЭА жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, Комиссия айқындайтын тәртіппен аяқталады.

      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ЕЭА қатысты мүше мемлекеттердің заңнамасында:

      1) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты мұндай ЕЭА орналастыру және (немесе) пайдалану үшін мұндай тауарлардың декларанттары, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес аумағында мұндай ЕЭА құрылған осындай ЕЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылмайтын мүше мемлекеттің заңды тұлғалары болуы мүмкін екендігі белгіленуі мүмкін;

      2) порттық ЕЭА немесе логистикалық, ЕЭА болып табылатын ЕЭА үшін осы Кодекстің 204-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру ерекшеліктері мұндай ЕЭА аумақтарына әкелінетін тауарларға қатысты қолданылатын жағдайлар белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, көрсетілген ЕЭА аумақтарына әкелінетін тауарлар мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген, мұндай ЕЭА аумағына оларды әкелу күнінен бастап 4 айдан аспайтын мерзімде кедендік декларациялауға жатады;

      3) мұндай ЕЭА аумақтарына тауарларды әкелу кезінде Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуімен және мұндай ЕЭА аумақтарынан тауарларды әкету кезінде Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуімен байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері белгіленуі мүмкін;

      4) осы Кодекстің 203-бабының 2 және 4-тармақтарында қолданылмайтыны белгіленуі мүмкін;

      5) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың жойылуы осындай ЕЭА аумағында болса, көрсетілген тауарлар жойылған жағдайда кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмайды деп белгіленуі мүмкін.

      6. Осы баптың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген Ресей Федерациясының ЕЭА аумағында орналасқан немесе мұндай ЕЭА аумақтарына әкелінген Одақтың тауарлары еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылуға жатпайды.

      7. Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігімен ортақ құрлық шекарасы бар, осы баптың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген Ресей Федерациясының ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, егер мұндай тауарларды осы ЕЭА резиденттері өз өндірісінің және технологиялық қажеттіліктері үшін аумағында осындай ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігі аумағының қалған бөлігіне әкетсе, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай мұндай ЕЭА аумағынан әкетілуі мүмкін.

      8. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде осы баптың 10-тармағына сәйкес пайдаланылатын Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігімен ортақ құрлық шекарасы жоқ, осы баптың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген Ресей Федерациясының ЕЭА аумақтарында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған көлік құралдары еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай мұндай ЕЭА аумақтарынан уақытша әкетілуі мүмкін.

      9. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде пайдаланылатын еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған көлік құралдарына қатысты Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігімен ортақ құрлық шекарасы жоқ, осы баптың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген Ресей Федерациясының ЕЭА аумақтарында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай мұндай тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқықтарын беруге жол беріледі.

      Көрсетілген көлік құралдарына иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқықтарын беру кезінде еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау жөніндегі міндет және осы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау жөніндегі міндет мұндай иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқықтары берілген тұлғаға жүктеледі.

      10. Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігімен ортақ құрлық шекарасы жоқ, және шетелдік тауарлар мәртебесі бар осы баптың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген Ресей Федерациясының ЕЭА аумақтарында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған көлік құралдары Одақтың мүшелері болып табылмайтын мұндай ЕЭА аумақтары мен мемлекеттердің аумақтары арасында тауарларды, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдау үшін, сондай-ақ мынадай:

      1) көлік құралы аумағында ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылым бірлігінің аумағында тіркелген (есепке алынған);

      2) көлік құралы аумағында ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған заңды тұлғаның меншігінде болу шарттарын орындау кезінде мұндай ЕЭА аумақтары мен Ресей Федерациясы аумағының қалған бөлігі арасындағы тауарларды, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдау үшін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде пайдалануы мүмкін.

      11. Осы баптың 10-тармағына сәйкес халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде пайдалануы мүмкін көлік құралдарына осы баптың 12 - 20-тармақтарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодекстің 38-тарауының ережелері қолданылады.

      12. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, мұндай тасымалдау осы баптың 10-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтары арасында жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдау болып табылатын жағдайларды қоспағанда, жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдау кезінде Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінде және Ресей Федерациясы аумағының қалған бөлігінде пайдаланбауы тиіс.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде, жүктерді және (немесе) багажды тиеумен (түсірумен, шығарумен), жолаушыларды отырғызумен (түсірумен) байланысты операцияларды жасау, мұндай операцияларды аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жасалған жағдайларды қоспағанда, Ресей Федерациясының аумағында ғана жол беріледі.

      Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесі мәжбүрлі қонған жағдайда, аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарымен байланысты жағдайларды қоспағанда, жүктерді және (немесе) багажды тиеуге (түсіруге, шығаруға), жолаушыларды отырғызуға (түсіруге) жол берілмейді.

      13. Ресей Федерациясының аумағында халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарының болу мерзімі сол мүше мемлекеттің заңнамасында шектелуі мүмкін.

      14. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары:

      1) Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағында. осы баптың 10-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтарынан халықаралық тасымаладуды жүзеге асыру кезінде:

      Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағында, мұндай НЭА аумақтарынан халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкеткен кезде;

      Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан мұндай ЕЭА аумақтарына халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кері әкеткен кезде;

      2) осы баптың 10-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтарынан Ресей Федерациясы аумағының қалған бөлігіне халықаралық тасымалдауды жасау кезінде:

      мұндай ЕЭА аумақтарынан халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкеткен кезде;

      Одақтың кедендік аумағына халықаралық тасымалдаудың, көлік құралдарын әкелген кезде;

      Одақтың кедендік аумағынан халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кері әкеткен кезде;

      мұндай ЕЭА аумағына халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кері әкелген кезде кедендік декларациялауға және шығаруға жатады.

      15. Осы баптың 14-тармағы 1-тармақшасында, ал теміржол көлік құралдары осы баптың 14-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген жағдайларда, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау осы Кодекстің 278-бабы 3 - 6-тармақтарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Теміржол көлік құралдарын қоспағанда, осы баптың 14-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген жағдайларда халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау, тек нысанын Комиссия айқындаған көлік құралдарына арналған декларацияны қолдана отырып жүзеге асырылады. Көрсетілген жағдайда кедендік декларациялау кезінде мүше мемлекеттердің кеден саласындағы үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттары көлік құралдарына арналған декларация ретінде пайдаланылмайды.

      16. Теміржол көлік құралдарын қоспағанда, осы баптың 10-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағынан әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде, көлік құралдарына арналған декларация ретінде, мұндай ЕЭА аумағынан оларды әкеткен кезде, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау кезіндегі табыс етілген көлік құралына арналған декларация қолданады.

      17. Осы баптың 14-тармағы 2-тармақшасының екінші абзацында көрсетілген жағдайларда халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде көлік құралына арналған декларацияда көрсетуге тиіс мәліметке қосымша мұндай көлік құралдарын еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырғанын растайтын мәліметтер көрсетіледі.

      18. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген әуе көліктеріне қатысты кедендік операцияларды жасаудың ерекшеліктері халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде пайдаланылуы мүмкін, аумағында ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.

      19. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтарының және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарының арасында халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын және Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде тұрған халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.

      Осындай ЕЭА аумақтарының және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумақтарының арасында халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын шетелдік тұлғаның меншік құқығына берген жағдайда, аумағында мұндай ЕЭА құрылған, мүше мемлекеттің осындай мәміле тарапынан болатын тұлғасы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша шығаруға меншік құқығын берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде мұндай көлік құралдарын кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырады.

      20. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағынан әкетілетін және осындай ЕЭА аумағына кері әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

      21. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, егер ондай тауарларды:

      жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты белгіленген құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар шегінде. олар Одақтың кедендік аумағына кедендік баждар, салықтар төленбей әкелінетін шекте Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне шығарады;

      жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайларда осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген Ресей Федерациясының ЕЭА аумағынан еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамастан әкетілуі мүмкін.

      Егер еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты белгіленген құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар шегінде олар Одақтың кедендік аумағына кедендік баждар, салықтар төленбей әкелінетін шекті асыра отырып көрсетілген ЕЭА аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілсе, мұндай тауарларға қатысты еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты белгіленген бірыңғай мөлшерлеме бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеумен осы Кодекстің 37-тарауына сәйкес еркін айналымға шығарумен аяқталады.

      22. Осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілгендерден, шегі Одақтың кедендік шекарасының учаскесімен толық сәйкес келетін Ресей Федерациясының ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, егер мұндай тауарлар аумағында осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымның бірлігі аумағында тіркелген көлік құралдары болып табылса және жеке тұлғалар осындай ЕЭА аумағынан жеке пайдалануға арналған көлік құралдары ретінде:

      1) Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне - оны 2 айдан артық емес мерзімге ұзарту мүмкіндігімен 2 айдан артық емес мерзімге;

      2) Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына - осы Кодекстің ережелеріне сәйкес әкету мерзімі шектелмей әкететін болса, осындай ЕЭА аумағынан еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамастан уақытша әкетілуі мүмкін.

      23. Егер еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған жеке пайдалануға арналған тауарлар, оның ішінде ортақ пайдаланылатын жолдар бойынша қозғалысқа арналмаған квадроциклдерді, қарда жүретін техникаларды және өзге де жеңіл көлік құралдарын (осы бапта бұдан әрі - автокөліктер) және (немесе) тіркемелерді қоспағанда, осындай ЕЭА аумақтарына 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін әкелінген жеңіл көліктерді және адамдарды тасымалдауға арналған және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 8703 тауар позициясында сыныпталатын өзге де моторлы көлік құралдарын, осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағында бұрын тұрақты тұрған және мұндай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағынан мүше мемлекеттің аумағына тұрақты тұруға қоныс аударған тұлғалар, не мұндай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағынан жаңа қызмет орнына кеткен мүше мемлекеттің атқарушы билігінің федералдық органдарының әскери қызметшілері мен лауазымды тұлғалары (осы бапта бұдан әрі - қоныс аударатын тұлға) мұндай ЕЭА аумағынан әкетсе, осы баптың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген Ресей Федерациясының ЕЭА аумақтарында қолданылатын еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы тауарларды кедендік рәсіммен орналастырмастан аяқталады.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тауарларға қатысты еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы олардың кедендік құны мен салмағына қарамастан, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей, аумағында осындай ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай шарттар орындалған:

      әкетілетін тауарлар, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттің аумағына тұрақты тұруға қоныс аударған тұлғаны тануды растайтын құжаттың берілген күніне дейін бұрын қолданылған жеке пайдалануға арналған және сатып алынған тауарлар болып табылатын;

      көрсетілген ЕЭА аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды нақты шығару. осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттің аумағына тұрақты тұруға қоныс аударған тұлғаны тануды растайтын құжаттың берілген күнінен бастап 18 айдан кешіктірмей жүзеге асырылатын;

      көрсетілген ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағында орналасқан кеден органына қоныс аударған тұлғаның немесе оның жанұясы мүшесінің осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің аумағына тұрақты тұруға қоныс аударған тұлғаны тануды растайтын құжаттарды не мұндай құжаттардың белгіленген тәртіпте куәландырылған көшірмелерін табыс еткен;

      көрсетілген ЕЭА аумағынан шығарылатын автокөліктер мен тіркемелердің саны бір автокөлік және бір тіркемемен шектеледі және олар қоныс аударатын тұлғаның меншігінде болатын;

      қоныс аударатын тұлғаның атына көрсетілген ЕЭА аумағынан шығарылған автокөлікті, тіркемені тіркеу осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің аумағына тұрақты тұруға келген (қоныс аударған) осы тұлғаны тануды растайтын құжаттың берілген күніне дейін 6 айдын ішінде осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағына жүзеге асырылған кезде аяқталды.

      Көрсетілген тауарлар еркін кеден аймағының кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған күннен бастап Одақтың тауарлары мәртебесін алады.

      Көрсетілген ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағынан жаңа жұмыс орнына кеткен мүше мемлекеттің атқарушы билігінің федералдық органдарының әскери қызметшілері мен лауазымды тұлғалары мүше мемлекеттің аумағына тұрақты тұруға келген (қоныс аударған) тұлғаны тануды растайтын құжат ретінде кеден органына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағынан жаңа жұмыс орнына кеткені үшін негіздемелерді растайтын құжаттарды ұсынады.

      Осы тармақта көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату қоныс аударушы тұлғаға бір рет беріледі.

      24. Осы баптың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген Ресей Федерациясының ЕЭА аумағынан әкетілетін Одақтың тауары болып табылатын жеке Тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлары, Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде, осы бапта белгіленген ерекшеліктерге сәйкес Одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды.

      25. Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігімен ортақ құрлықтық шекарасы жоқ ЕЭА аумағынан Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушымен тасымалданатын Одақтың тауары болып табылатын жеке пайдалануға арналған тауарлар, осы тармақтың ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 22 және 43-тарауларына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылады.

      Көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік баждарды, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу үшін белгіленген құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары шегінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру кезінде, Одақтың тауарлары мәртебесін растайтын құжаттар және (немесе) мәлімет табыс етілмейді.

      26. Жеке пайдалануға арналған шетелдік тауарларды осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтарынан Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерінің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне шығару үшін оларды тасымалдау шарты бойынша (жүкқұжаты, коносамент және өзге де құжаттар бойынша) тасымалдаушыға беруге дейін жеке тұлға осы баптың 25-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты белгіленген тәртіпте кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасауға және кедендік баждарды, салықтарды төлеуге міндетті.

      27. Осы баптың 25-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасайтын межелі кеден органы, қызметі өңірінде мұндай жеке пайдалануға арналған тауарларды алушы бар кеден органы, ал теміржол көлігімен тасымалданатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасайтын межелі кеден органы - қызметі өңірінде межелі бекет бар кеден органы болып табылады.

      28. Одақтың тауарлары болып табылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды пошталық жөнелтулер, осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағынан Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетуге пошта байланысының тағайындалған операторына беріледі. Мұндай пошталық жөнелтулер, осы баптың 26-тармағын ескере отырып, осы Кодекстің 22-тарауына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылады.

      Кедендік баждарды, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу үшін белгіленген құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар шегіндегі жеке пайдалануға арналған тауарлар мен пошталық жөнелтулерді жеке тұлға (пошта құжаттары бойынша) олардың мәртебесін растайтын құжаттарды табыс етпей кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес оларды баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағынан Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне шығару үшін пошта байланысының тағайындаған операторына беріледі.

      Жеке пайдалануға арналған шетелдік тауарларды осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағынан Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін пошта байланысының (пошта құжаттары бойынша) тағайындаған операторына беруге дейін оларға қатысты жеке тұлға осы баптың 26-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты белгіленген тәртіпте кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасауға және кедендік баждарды, салықтарды төлеуге міндетті.

      Пошта вагондарында тасымалданатын жеке пайдалануға арналған тауарлар бар пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасайтын межелі кеден органы, қызметі өңірінде межелі станция тұрған кеден органы болып табылады.

      29. Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінен алып жүрілетін багажда әкетілетін осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағында су, әуе немесе теміржол көлігімен Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағында аралық тоқтауды немесе қондыруды жасамай келе жатқан және кедендік бақылауда тұрмаған жеке пайдалануға арналған тауарлар осындай ЕЭА аумағына әкелу кезінде Одақтың тауарлары ретінде қарастырылады.

      30. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, осы баптың 35-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтарының және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінің арасында алып жүрілетін багажда жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар мынадай жағдайларда кедендік декларациялауға жатпайды:

      1) мұндай жеке пайдалануға арналған, оның ішінде осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілмеген, Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған өзге де тауарлардың жиынтығында әкелінетін тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлемей Одақтықтың кедендік аумағына әкелінетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты белгіленген құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар шегінде Одақтың кедендік аумағына әкелінеді.

      2) мұндай тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер қолданылмайды және мұндай шектеулердің сақталуын растайтын құжаттардың табыс етілуі талап етілмейді.

      31. Осы баптың 30-тармағында көрсетілген тауарлар, осы баптың 30-тармағы 1 және 2-тармақшаларында көзделген өзге де жағдайларда, белгіленген тәртіпте келу орнында кедендік декларациялауға жатады.

      32. Одақтың тауарлары болып табылатын жеке пайдалануға арналған және жеке тұлғалар осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтарының және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінің арасында өткізетін тауарларға қатысты кедендік операциялар мұндай тауарларды идентификациялауды есепке ала отырып жасалады.

      Көрсетілген тауарларды идентификаттауды осы баптың 33 және 34-тармақтарында көзделген құжаттарды пайдалана отырып, шығу орынның кеден органдары жүргізеді.

      33. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтарының және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінің арасында жөнелтілетін багажда жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, шығу орнындағы кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасының жеке нөмірлі мөрінің бедерімен және осы тұлға қолын қойып куәландырылған, "Еуразиялық экономикалық Одақтың тауарлары" белгісі қойылған мұндай тауарларды идентификаттауды мүмкіндік беретін мәліметтерді қамтитын жолаушыларға арналған кедендік декларация болған кезде Одақтың тауарлары ретінде келу орнындағы кеден органы қарайды.

      34. Мүше мемлекеттердің аумағында тіркелген және осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтарының және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінің арасында жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақтың тауарлары ретінде шығу орнындағы кеден органы және келу орнындағы кеден органы қарайды және мұндай тіркеуді растайтын және мұндай көлік құралдарын пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер туралы белгілерді қамтымайтын құжаттар болған кезде кедендік декларациялауға жатпайды.

      35. Жеке тұлғаларға, мұндай ЕЭА аумағына еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған және оларды осындай ЕЭА аумағынан шығу орнында және Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне келу орнында кедендік декларациялау шартымен, аумағында осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу үшін шегі Одақтың кедендік аумағы учаскелерімен толықтай қиылысатын ЕЭА аумағынан 2 айдан аспайтын мерзімге уақытша шығаруға рұқсат етіледі. Бұл ретте мұндай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты, осы тармақтың екінші абзацын ескере отырып, осы Кодекстің 271-бабында көзделген тәртіпте мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары шығу орнындағы кеден органына Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында тіркелген және Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты белгіленген мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ұсынылады.

      Мұндай ЕЭА аумағына еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырған және аумағында осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралын Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне уақытша әкетілген жағдайда, осы көлік құралының иесі болып табылатын жеке тұлға 6 айдан астам уақыт ішінде және кеден органына жүгіну күніне белгіленген кедендік төлемдерді төлеу бойынша орындалмаған талаптардың (осы жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша шығаруға құқығы бар сенімді өкілі) және аумағында осындай ЕЭА құрылған мүше мемлекеттердің заңнамаларында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа осы тұлғаны тарту фактілері болмаған кезде, олардың бұрын шығарылған жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын осындай ЕЭА аумағына кері әкелуге дейін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын екінші және алдағы уақытта уақытша әкету жағдайын қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ұсынылмайды.

      Жеке тұлға осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көзделген шарттарды орындау кезінде, кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы жолаушыларға арналған кедендік декларацияға жеке нөмірлі мөрінің бедері мен осы тұлғаның қолымен куәландырылған "Еуразиялық экономикалық одақтың КА қалған бөлігіне әкетуге рұқсат етілді" белгісін қояды.

      Осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер оларды әкелуді жүзеге асыратын тұлғада осы тармақтың үшінші абзацында көзделген белгісімен жолаушыларға арналған кедендік декларация болмаған жағдайда, Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелуге жатпайды.

      Егер бұрын шығарылған жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын белгіленген мерзім өткенге дейін осындай ЕЭА аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын нақты әкетуді жүзеге асыратын жеке тұлға кері әкелмеген жағдайда, апаттың немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының жойылуы, сондай-ақ оларды өзге де кедендік рәсімге орналастыру немесе еркін айналымға шығарған жағдайларын қоспағанда, шығу жерінін кеден органы мұндай көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды жеке пайдалануға арналған көлік құралдары осындай ЕЭА аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу үшін уақытша әкетілетін жолаушыларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күніне есептелген осындай көлік құралдарын еркін айналымға шығарғандай кездегі төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларына сәйкес мөлшерде алынады.

      Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын өзге де кедендік рәсімге орналастыру немесе еркін айналымға шығарумен байланысты кедендік операцияларды осындай ЕЭА аумағында орналасқан кеден органы жасайды.

      Декларанттың жазбаша түрдегі (жазбаша нысанда) дәлелді жүгінуі бойынша осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімін шығу орнындағы кеден органы жеке пайдалануға арналған көлік құралын кеден органына нақты көрсетпей 2 айға бір рет ұзартуы мүмкін.

      36. Ресей Федерациясының аумағында тіркеу есебінен шығарылған және осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағының және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінің арасында жеке тұлғалардың өткізетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын, шығу орындағы кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасының жеке нөмірлі мөрінің бедері мен осы тұлға қолымен куәландырылған, "Еуразиялық экономикалық Одақтың тауарлары" белгісі қойылған мұндай көлік құралдарын идентификаттауға мүмкіндік беретін мәліметтерді қамтитын жолаушыларға арналған кедендік декларация болған кезде, Одақтың тауарлары ретінде келу орнындағы кеден органы қарайды.

      37. Жеке тұлғалар осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағынан Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумақтарынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген тауарларды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты белгіленген құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалардың шегінде Одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінетін тауарларға қатысты белгіленген сол нормаларды асыра отырып шетелдік тауарлар болып табылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды әкеткен жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты айқындалған мөлшерде шығу орнындағы кеден органы алады.

      Жеке тұлғалар осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағынан Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне жеке пайдалануға арналған көлік құралдары ретінде мұндай ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған көлік құралдарын шығарған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды осы баптың 35-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты белгіленген мөлшерде осындай ЕЭА аумағында орналасқан шығу орнындағы кеден органы алады.

      38. Осы баптың 27 - 37-тармақтарының ережелері осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағынан Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әуе көлігін қондырмай, Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әуе көлігімен тасымалданатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қолданылмайды.

      39. Осы тармақта көрсетілген міндеттер басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды төлеу жөніндегі міндеттер орындауға жатады.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды төлеу мерзіміне:

      1) осы баптың 10-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын пайдаланудың осы Кодексте белгіленген шарттарын бұзу кезінде, осы баптың 10-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағы мен (Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумақтарының арасындағы тауарларды, жолаушыларды, багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, не осы баптың 10-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтары мен Ресей Федерациясы аумағының қалған бөлігінің арасындағы тауарларды, жолаушыларды, багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде - мұндай шарттарды бұзудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса - осындай бұзушылық фактісінің анықталған күні;

      2) жеке тұлға осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне орналастырған жеке пайдалануға арналған көлік құралын әкетудің осы баптың 35-тармағында көрсетілген шарттарын бұзған кезде - мұндай шарттарды бұзудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса осындай бұзушылық фактісінің анықталған күні;

      3) Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігімен ортақ құрлықтық шекарасы бар, осы баптың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілгендерден Ресей Федерациясының ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне жеке тұлғалардың еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын әкету кезінде осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағынан көрсетілген тауарларды әкету күні, ал егер бұл күн анықталмаса - осындай әкету фактісінің анықталған күні;

      4) осы тармақтың 3-тармақшасында көрсетілген ЕЭА аумағына жеке тұлғалардың еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған жеке пайдалануға арналған және осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігі аумағының қалған бөлігіне жеке пайдалануға емес әкетілген көлік құралдарын пайдалануы кезінде - өзге мақсатқа пайдаланылған бірінші күн, ал егер бұл күн анықталмаса осындай бұзушылық фактісінің анықталған күні;

      5) осы тармақтың 3-тармақшасында көрсетілген ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігі аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне осындай ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырған шетелдік тауарларды ЕЭА қатысушылары өзінің өндірістік және технологиялық мұқтаждарына арналған тауарлар ретінде әкету кезінде осындай әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігі аумағынан мұндай тауарларды әкету күні, ал егер бұл күн анықталмаса - осындай әкету фактісінің анықталған күні;

      6) осы тармақтың 3-тармақшасында көрсетілген ЕЭА қатысушылары, осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігі аумағының қалған бөлігіне өзінің өндірістік және технологиялық мұқтаждары үшін бұрын әкеткен тауарларды, өзінің өндірістік және технологиялық мұқтаждарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалану кезінде - тауарларды өзге мақсаттарда пайдаланған бірінші күн, ал егер бұл күн анықталмаса - осындай бұзушылық фактісінің анықталған күні саналады.

      40. Осы баптың 39-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен тауарларды орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждардың сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады. Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен мұндай тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге есептеледі.

456-бап. Еркін қойма кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер

      1. Иесі Армения Республикасында 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізілген еркін қоймада, сондай-ақ иесі Қырғыз Республикасында "Алтын-Ажыдаар" ЖШҚ, "Кока-Кола Бішкек ботлерс" ЖАҚ, "Илбирс" ААҚ, "Авиньен" ЖШҚ, "Жібек жолы" ЖШҚ және "Ренесанс" ЖШҚ болып табылатын еркін қоймада еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесі, егер мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағынан тысқары әкетілмесе, осы Кодекстің 218-бабына сәйкес осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін айқындалады.

      2. Иелері 2010 жылғы 1 мамырға дейін еркін қойма иелерінің тізіміне енгізілген еркін қоймалар үшін Комиссия осы Кодекстің 218-бабына сәйкес айқындалған жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарын орындауға қарамастан еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және шетелдік тауарлар мәртебесін алатын, шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар тізбесін айқындауға құқылы. Көрсетілген тізбе, егер мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағынан тысқары әкетілмеген жағдайда қолданылады,

      3. 2010 жылғы 1 мамырға дейін еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізілген еркін қойманың жекелеген иелеріне қатысты Комиссия, егер мұндай тауарларды Одақтың кедендік аумағына шығару мүше мемлекеттің экономика саласына елеулі экономикалық залал келтіретіндей немесе мұндай залалды келтіру қаупін туғызатындай сандарда және шарттарда жүргізілетін болса, Одақтың тауарлары болып танылуы мүмкін еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар саны бойынша шектеулер белгілеуге құқылы. Көрсетілген шектеулерді белгілеу туралы шешім Комиссия айқындаған тәртіпте қабылданады және, егер мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағынан тысқары әкетілмейтін болса қолданылады.

      4. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Одақтың тауарлары ретінде тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялар тізбесін айқындайтын осы Кодекстің 218-бабының 4-тармағында көзделген Комиссияның шешімі күшіне енгенге дейін, көрсетілген тауарларды Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында Одақтың тауарлары ретінде тану мақсатында осы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары қолданылады.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген, шығу тегі Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін - СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатымен, Қазақстан Республикасы үшін - CT-KZ нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттымен расталған тауарлар Одақтың тауарлары деп танылады.

457-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға және керек-жарақтарға қатысты өтпелі ережелер

      1. Кедендік декларациялануы және (немесе) шығарылуы осы Кодекс күшіне енгенге дейін кедендік рәсімдермен орналастырылмай жүзеге асырылған және осы Кодекс күшіне ену күніне кедендік бақылаудағы жеке пайдалануға арналған тауарларға және керек-жарақтарға қатысты, осы Кодекс күшіне енген күннен бастап осы Кодексте көзделген тауарлардың мұндай санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттарды сақтауға жатады.

      2. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін орындау мерзімі (төлеу мерзімі) басталмаған осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың санаттарына қатысты туындаған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет, мән-жайлар басталған кезде осы Кодексте көзделген тәртіпте, мерзімдерде және мөлшерде орындауға жатады, және (немесе) осы Кодекске сәйкес тоқтатылады.

      3. Осы Кодекстің 256-бабы 3-тармағының ережелері көрсетілген тармақтың бесінші абзацына сәйкес қабылданған және Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу өлшемшарттарының сандық сипаттамаларын айқындайтын Комиссияның шешімі күшіне енгенге дейін қолданылмайды.

      Комиссияның көрсетілген шешімі күшіне енгенге дейін тиісті құқықтық қатынастарды реттеу 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің 3-бабының 1-тармағының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін шетелдік жеке тұлға әкелген мұндай көлік құралдарын кеден органының рұқсатынсыз немесе мүше мемлекеттің жеке тұлғасы әкелген осындай көлік құралдарын ата-аналарына, балаларына, тіркелген некеде тұрған (туратын) жұбайына (зайыбына) берумен байланысты пайда болған және орындауға жататын, осы Кодекс күшіне енген күні орындалмаған жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет, осы Кодекстің күшіне ену күніне төленбеген (өндіріп алынбаған) кедендік баждар, салықтар сомалары мөлшерінде тоқтатылады.

      5. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралдары Одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзім аяқталғанға дейін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын әкетпеумен байланысты пайда болған және орындауға жататын осы Кодекс күшіне енген күніне орындалмаған жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет, бір мезгілде мынадай:

      1) Одақтың кедендік аумағынан әкету мақсаттында жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралдары Одақтың кедендік аумағында уақытша болу мерзімі өткен күннен бастап 6 айдан кешіктірілмей осындай көлік құралдарын кедендік декларациялауды жүзеге асыру;

      2) жеке пайдалануға арналған мұндай көлік құралдарына қатысты оларды осы баптың 4-тармағында көрсетілген жеке тұлғаларға беруді қоспағанда, 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің ережелерін бұза отырып, оларды берумен байланысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған сияқты шарттарды сақтау кезінде осы Кодекс күшіне енген күніне төленбеген (өндіріп алынбаған) кедендік баждар, салықтар сомаларының мөлшерінде тоқтатылады.

458-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты өтпелі ережелер

      1. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін Одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары осы Кодекстің 38-тарауының ережелеріне сәйкес Одақтың кедендік аумағында болады және пайдаланылады және Одақтың кедендік аумағынан әкетілуге жатады.

      2. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, осы Кодекстің 38-тарауынын ережелеріне сәйкес Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерде орналасады және пайдаланылады, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағына қайта әкелінеді.

      3. Орындау мерзімі (төлеу мерзімі) осы Кодекс күшіне енгенге дейін басталмаған осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты пайда болған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет жай-күйлер басталған кезде осы Кодексте көзделген тәртіпте, мерзімдерде және мөлшерде орындалуға жатады және (немесе) осы Кодекске сәйкес тоқтатылады.

      4. Халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінген көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналастырмай Кеден одағының Кеден кодексінің 344-бабы 2-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасаумен байланысты осы Кодекс күшіне енген күнге дейін пайда болған және орындауға жататын, осы Кодекс күшіне енген күніне толық мөлшерде орындалмаған халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінген көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет Кеден одағының Кеден кодексінің 282-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара босатумен уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету күніне дейін халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінген көлік құралдары ретінде оларды шығарған күннен кейінгі күннен бастап кезең ішінде төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомалары мөлшерінде орындалуға жатады.

      5. Мүше мемлекеттің тұлғасы Кеден одағының Кеден кодексінің 342-бабы 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген шарттарды сақтамаумен байланысты осы Кодекс күшіне енген күнге дейін пайда болған және орындауға жататын, осы Кодекс күшіне енген күніне толық мөлшерде орындалмаған халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінген көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осы Кодекстің күшіне ену күніне төленбеген (өндіріп алынбаған) кедендік баждар, салықтар сомалары мөлшерінде тоқтатылады.

459-бап. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша тауарларды еткізу кезінде кедендік операцияларды жасау туралы өтпелі ережелер

      Кеден органдары лауазымды тұлғаларының осы Кодекстің 292-бабының 1 - 4-тармақтарында көзделген құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарына қолжетімділік тәртібін айқындайтын шектес мемлекет болып табылатын үшінші елмен мүше мемлекеттің халықаралық шарттары күшіне енгенге дейін тасымалдаушылар ұсынатын шектес мемлекеттің аумағында орналасқан құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша тауарлардың есепке алу құралдарына көрсеткіштерін пайдалануға жол беріледі.

460-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы (отын-энергетикалық секторы) туындайтын құқықтық қатынастар бойынша өтпелі ережелер

      1. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін және ол күшіне енгеннен кейін туындайтын Ресей Федерациясындағы жер қойнауын пайдалану (отын-энергетикалық сектор) саласында туындайтын құқықтық қатынастарға Ресей Федерациясының кеден заңнамасы қолданылады, оған сәйкес тиісті келісімшарттар, атап айтқанда мұндай кеден заңнамасында реттелмеген, осы Кодекс қолданылады.

      2. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін және ол күшіне енгеннен кейіп туындайтын Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану (отын-энергетикалық сектор) саласында туындайтын құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы қолданылады, оған сәйкес мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып, тиісті келісімшарттар қолданылады:

      1) Қазақстан Республикасының осындай кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде, осы Кодекстің ережелері қолданылады;

      2) кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу бойынша, оның ішінде еркін айналым үшін тауарларды шығарудың кедендік режимімен немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісім шарттар шеңберінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатумен ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты міндеттің пайда болу және тоқтатылу бөлігінде, осы Кодекстің ережелері қолданылады;

      3) жеңілдіктерді ұсыну шарттарына сәйкес келетін мақсаттарда шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бөлігінде, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы қолданылатын ерекшеліктері ескеріле отырып тиісті келісімшарттар қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасына әкелінген және 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатумен еркін айналым үшін тауарларды шығару кедендік режимімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет, мұндай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату шарттарын бұзу мен байланысты кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған, және мұндай тауарлар Одақтың тауарлары деп танылатын шартпен осы Кодекс күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

461-бап. Осы Кодекстің 370-бабына өтпелі ережелер

      Осы Кодекстің 370-бабының 2-тармағында көзделген ақпарат алмасудың техникалық шарттарын тұрақты негізде қабылдағанға дейін 2011 жылғы 19 қазандағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісімнің 4-бабына сәйкес бекітілген ақпарат алмасудың техникалық шарттары қолданылады.

462-бап. Осы Кодекстің 371 және 373-баптарына өтпелі ережелер

      1. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін:

      1) орталық кеден органдары ретінде:

      Армения Республикасы үшін Армения Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кіріс комитеті;

      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті;

      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі.

      Ресей Федерациясы үшін - Федералдық кеден қызметі түсініледі.

      2) аумақтық кеден органдары ретінде:

      Армения Республикасы үшін - кедендер, кеден пункттері;

      Беларусь Республикасы үшін - кедендер;

      Қазақстан Республикасы үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар бойынша (республикалық маңызы бар қалалар, астана) аумақтық бөлімшелері, кедендер;

      Қырғыз Республикасы үшін - кедендер;

      Ресей Федерациясы үшін - өңірлік кеден басқармалары, кедендер түсініледі.

      2. Комиссия, осы Кодекстің 371-бабына сәйкес құжаттардың көшірмелерін және (немесе) мәліметтерді табыс ету туралы сұрау салуларды жолдайтын және орындайтын кеден органдарын айқындағанға дейін, мұндай сұрау салуларды жолдау және орындау орталық кеден органдарының арасындағы сияқты, тікелей аумақтық кеден органдары арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде орындалады. Егер сұрау салуды жолдайтын кеден органын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салулардың жолдауын орталық кеден органдары орталық кеден органдарына жолдаумен жүзеге асырады.

      3. Комиссия, осы Кодекстің 373-бабына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу туралы тапсырмалардың жолдануын жүзеге асыратын және орындалуын қамтамасыз ететін кеден органдарын айқындағанға дейін, мұндай тапсырмалардың жолдануын және орындалуын қамтамасыз етуді орталық кеден органдары жүзеге асырады. Орталық кеден органдары айқындаған жағдайларда, тапсырмалардың жолдауын және орындауын аумақтық кеден органдары жүзеге асыруы мүмкін.

      4. Комиссия, осы Кодекстің 146-бабы 4-тармағының 12-тармақшасына сәйкес, осы тармақша ережелерінің орындалуын қамтамасыз ететін кеден органдарын айқындағанға дейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай тауарлардың шығарылуы туралы ұсынатын мүдделі мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік органының растауын аумағында межелі кеден органы орналасқан мүше мемлекеттік орталық кеден орган, аумағында жөнелтуші кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің орталық кеден органына береді.

463-бап. Осы Кодекстің 385-бабын қолдануға қатысты өтпелі ережелер

      Осы Кодекстің 385-бабы 3-тармағының ережелеріне қарамастан, мұндай тауарлардың шығарылған жерінің атаулары сияқты зияткерлік меншік объектілері, осы Кодекстің 384-бабының 6-тармағында көзделген кеден органдарының тауарлардың шығарылған жерінің атаулары сияқты мұндай зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша шараларды қабылдауы тәртібін айқындайтын Комиссияның шешімі күшіне енгеннен кейін мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізіледі.

464-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты өтпелі ережелер

      1. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізілген кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес осы Кодекс күшіне енгеннен кейін осы баптың ережелерін ескере отырып осы Кодекске сәйкес кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырады.

      2. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізу шарттарын сақтау мақсатында ұсынылған кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде осы Кодекстің күшіне ену күнінен бастап танылады және осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, айыппұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндетінің орындалуын қамтамасыз етеді.

      3. Заңды тұлғаның міндеттерін орындауды ұсыну кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарты болып табылатын осы Кодекстің 402-бабы 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген Комиссияның шешімі күшіне енгенге дейін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету 1 млн. евроға баламалы мөлшерде ұсынылады.

      4. Егер Комиссия осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен өзгеше, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен өзгеше мөлшерді айқындайтын болса. Комиссияның тиісті шешімі күшіне енгенге дейін кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген тұлғалар осы шешім күшіне енген күннен бастап 6 айдан кешіктірмей Комиссия айқындаған мөлшерде көрсетілген қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті.

      5. Осы баптың 3-тармағының ережелері, егер кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету, кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілі ретінде қызмет аясы кедендік әкету баждары салынбайтын және экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасаумен шектелетін кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу үшін ұсынылса, қолданылмайды.

      6. Беларусь Республикасының және Ресей Федерациясының заңнамасына өзгерістер енгізілгенге дейін осы мүше мемлекеттерде осы Кодекс күшіне енгеннен кейін, осы Кодекстің 402-бабында және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген шарттармен қатар, кеден өкілінің штатында мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаты бар кемінде 2 қызметкердің болуы кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарты болып табылады.

      Осы Кодекс күшіне енгенге дейін Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген тұлғалар, ол күшіне енгеннен кейін кеден өкілінің өзге міндеттерімен қатар осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шартын сақтауға міндетті.

465-бап. Уәкілетті экономикалық операторларға қатысты өтпелі ережелер

      1. Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі тағайындалған және оған сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасымен қабылданған заңды тұлғалар уәкілетті экономикалық оператордың мәртебесін осы Кодекстің күшіне енген күнінен бастап 2 жыл ішінде сақтайды.

      Көрсетілген мерзім ішінде уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікке өзгерістер енгізу, мұндай куәліктердің қолданысын тоқтата тұру және кері шақырту, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімін жүргізу осы Кодекстің күшіне енген сәтіне қолданылатын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар осы Кодекстің заңды күшіне енген күнінен бастап 2 жыл ішінде кеден органы уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін берген мүше мемлекеттің аумағында осы Кодекстің 437-бабы 2-тармағының 2 және 4-тармақшаларында және 3-тармағының 1, 3 және 4-тармақшаларында белгіленген арнайы оңайлатуларды осы баптың екінші абзацын ескере отырып осы Кодексте белгіленген тәртіпте және шарттарда пайдалануға құқылы.

      Осы Кодекс Қазақстан Республикасында заңды күшіне енгенге дейін уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар, осы Кодекс заңды күшіне енген күннен бастап 2 жыл ішінде көрсетілген арнайы оңайлатулармен катар осы Кодекстің 437-бабы 2-тармағының 1-тармақшасында белгіленген арнайы оңайлатуларды осы Кодексте белгіленген тәртіпте және шарттарда пайдалануға құқылы.

      Осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көзделген арнайы оңайлатуларды қолдану мақсаттары үшін осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген уәкілетті экономикалық операторлардың құрылыс жайларына, үй-жайларына (үй-жайларының бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарына (ашық алаңдарының бөліктеріне) осы Кодекстің күшіне енген сәтінде қолданылатын мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген талаптар қойылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уәкілетті экономикалық операторлар осы Кодекстің 433-бабы 5-тармағының 2-тармақшасында көзделген шарттарды сақтаған кезде, соңдай-ақ ол уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінде кеден органы уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішін тіркеген күннен бастап кемінде 2 жыл болуы шартымен үшінші типтік куәлікті берумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтініш бере алады.

      Егер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру көзделсе, көрсетілген мерзімді есептеген кезде оған куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрған кезең қосылмайды.

      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаны бірінші типтік куәлікті берумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету осы тармақты ескере отырып ұсынылады.

      Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген күннен бастап 2 жыл ішінде тоқтатылмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтік куәлікті берумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы 700 мыңнан кем емес еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.

      Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген күннен бастап 4 жыл ішінде тоқтатылмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтік куәлікті берумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы 500 мыңнан кем емес еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.

      Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген күннен бастан 5 жыл ішінде тоқтатылмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтік куәлікті берумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы 300 мыңнан кем емес еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.

      Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген күннен бастап 6 жыл ішінде тоқтатылмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтік куәлікті берумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы 150 мыңнан кем емес еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.

      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уәкілетті экономикалық оператор ұсынған кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету, Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну күні қолданылған валюта бағамы бойынша осы Кодекске сәйкес мұндай тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың, тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде танылады.

  Еуразиялық экономикалық
Одақтың Кеден кодексіне
1-ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды өткізу (тасымалдау) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы. демпингке қарсы, өтем баждарын өндіріп алу кезіндегі өзара іс-қимылы және кедендік баждардың. салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіріп алынған сомаларын кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке аудару
ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 61, 74 және 266-баптарына сәйкес кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекетте (бұдан әрі тиісінше мүше мемлекет, Одақ) төленуге жататын, ал кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіріп алынуын Кодекстің 69-бабының 3-тармағына, 77-бабының 5-тармағына және 270-бабының 12-тармағына сәйкес оның кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету және (немесе) тауарларды өткізу (тасымалдау) кезінде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған басқа мүше мемлекеттің кеден органы немесе кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болатын тұлға кедендік тасымалдаушылар тізіліміне, не уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген немесе кеден органына шетелдік жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалану үшін көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды. салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған кеден органы жүзеге асыратын жағдайларда қолданылады.

      2. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "уәкілетті органның бірыңғай шоты" - мүше мемлекеттің уәкілетті органына ұлттық (орталық) банкте не осы мүше мемлекеттің бюджеттері арасындағы түсімдерді есепке жатқызу және болу үшін ұлттық (орталық) банкте корреспонденттік шоты бар мүше мемлекеттің уәкілетті органында ашылған шот;

      "кеден органының ақшаларын уақытша орналаластыру шоты" - Қазақстан Республикасының кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сомаларын есепке жатқызу үшін уәкілетті органда ашылған шот;

      "шетел валютасындағы шот" - бір мүше мемлекеттің уәкілетті органына ұлттық (орталық) банкте басқа мүше мемлекеттердің кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түскен түсімдерді есепке жатқызуы үшін басқа мүше мемлекеттің валютасында ашылған шот;

      "уәкілетті орган" - осы мүше мемлекеттің бюджетінің орындалуына кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мүше мемлекеттің мемлекеттік органы;

      "орталық кеден органдары" - кеден ісі саласындағы уәкілетті мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары.

      3. Кодекстің 61, 74 және 266-баптарына сәйкес кедендік баждар, салықтар. арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің кеден органы, мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған, оның кеден органына кедендік баждарды. салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған немесе кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар декларанты болатын тұлғаны кеден органы кедендік тасымалдаушылар тізіліміне не уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізген кеден органына ілеспе хатпен мынадай құжаттарды:

      1) Кодекстің 55-бабының 3-тармағына, 73-бабының 3-тармағына және 270-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеушіні, сондай-ақ Кодекске және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеушілермен бірге кедендік баждарды, салықтарды. арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша ортақ немесе субсидиялық міндетін көтеретін тұлғаларды белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары сомалары туралы хабарлайтын құжаттың куәландырылған көшірмесін;

      2) жүргізілуі (өткізілуі) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің кеден немесе өзге мемлекеттік органдары жүзеге асыратын және кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарлардың шығаруын не Одақтың кедендік аумағында уақытша болуы үшін немесе осы мүше мемлекеттің аумағына оларды әкелу үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шығаруын жүргізбеген кеден органының мүше мемлекеттің аумағында шетелдік тауарларының болуын растайтын кедендік бақылау жүргізу барысында алынған және (немесе) осындай бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша, әкімшілік іс жүргізу (процесс), қылмыстық істер бойынша тергеу не тексеру барысында жасалған құжаттардың куәландырылған көшірмелерін жолдайды. Мұндай құжаттардың көшірмелері, егер кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары Кодекстің 61, 74 және 266-баптарына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарлардың шығаруын не Одақтың кедендік аумағында уақытша болуы үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шығаруын жүргізген кеден органының мүше мемлекетінде төленуі тиіс болған жағдайда жолданбайды.

      4. Ілеспе хатта мынадай:

      1) транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі не жолаушылар кедендік декларациясының тіркеу нөмірі туралы;

      2) қамтамасыз ету сертификатының (қамтамасыз ету сертификаты бар болған кезде) тіркеу нөмірі, кедендік тасымалдаушы не уәкілетті экономикалық оператор туралы:

      3) бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндiріп алынатын кедендік баждардың, салықтардың, не Кодекстің 61, 74 және 266-баптарына сәйкес кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің валютасында жиынтықты кедендік төлем түріндегі кедендік баждардың, салықтардың өндіріп алуға және аударуға жататын түрлері және сомалары бойынша кедендік баждардың, салықтардың арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіріп алуға және аударуға жататын сомалары туралы;

      4) өндіріліп алынған ақша құралдарының (ақшалар) есепке жатқызылуына жататын бюджеттік сыныптама коды туралы мәліметтер болуы тиіс.

      5. Кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету және (немесе) тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған кеден (Органы немесе кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болатын тұлғаны кедендік тасымалдаушылар тізіліміне, не уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізген мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған кеден органы осы Тәртіптің 3-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіруін жүзеге асырады.

      Кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, кеден органы кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіруін жүзеге асыратын мүше мемлекеттің валютасында өндіріліп алынады.

      Кодекстің 61, 74 және 266-баптарына сәйкес кедендік баждар. салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің валютасына кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіруін кеден органы жүзеге асыратын мүше мемлекеттің валютасын қайта есептеу, кедендік баждардың. салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіруі жүзеге асырылатын кеден органында осы Тәртіптің 3-тармағында көрсетілген ілеспе хаттың тіркелген күні қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      6. Осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес өндіріліп алынған кедендік баждар, салықтар, арнайы. демпингке қарсы, өтем баждары кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мынадай мерзімде:

      1) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындауын қамтамасыз ету және (немесе) ақша құралдарын (ақшаны) енгізу жолымен ұсынылған арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету есебінен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын өндіріп алу кезінде, - осы Тәртіптің 3-тармағында көрсетілген құжаттарды алу күнінен 12 жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету және (немесе) ақша құралдарын (ақшаны) енгізу жолына қарағанда, өзге тәсілмен арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттеменің, орындалуын қамтамасыз ету есебінен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын өндіріп алу кезінде, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары кедендік тасымалдаушылардан не уәкілетті экономикалық операторлардан өндіріп алу кезінде, - кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған немесе кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болатын тұлғаны кедендік тасымалдаушылар тізіліміне не уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізген мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына (кеден органының ақша құралдарын (ақшаны) уақытша орналастыру есебі) ақша құралдары (ақша) түскен күннен бастап 12 жұмыс күнінен кешіктірмей төленуге жататын шотқа шетел валютада аударылуға жатады.

      7. Осы Тәртіптің 6-тармағына сәйкес аударылуға жататын кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары басқа мүше мемлекеттердің өндіріліп алынған ақша қаражатын (ақшаны) аудару үшін арналған бюджеттік жіктегіштерінің жекелеген кодтары бойынша уәкілетті органның бірыңғай шотында, ал Қазақстан Республикасында кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотында есепке алынады.

      8. Осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіріп алуының жүзеге асыратын мүше мемлекеттің кеден органы, осы Тәртіптің 6-тармағында белгіленген мерзімнің аяқталуына дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, өз мемлекетінің уәкілетті органына өндіріп алынған ақша құралдарын (ақшаны) кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төленуіне жататын мүше мемлекеттің шетелдік валютасында шотқа аударуға арналған тапсырманы жолдайды.

      Өндіріліп алынған ақша құралдарын (ақшаны) кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының төленуге жататын мүше мемлекеттің шетелдік валютасында шотқа толық көлемде аударуды кеден органы тиісті тапсырманы жолдаған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Есеп айырысу (төлем) құжатында (нұсқаулығында) өндіpiлген ақша құралдарының (ақшаның) есепке жатқызылуы тиіс бюджеттік жіктегіштерінің коды, және осы Тәртіптің 4-тармағында кеден органының ілеспе хатында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ мұндай ілеспе хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.

      9. Осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес өндіріп алынған кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің шетелдік валютасындағы шотына басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан түскен ақша құралдары (ақша) осы мүше мемлекеттің бюджет кірісіне кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы. өтем баждарын бөлуден түскен соманы аудару бөлігінде есепке жатқызу және бөлу үшін белгіленген тәртіпте осы мүше мемлекеттің бюджет кірісіне аударылады.

      Осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес өндірілген, мүше мемлекеттің бюджет кірісіне басқа мүше мемлекеттерден аударылған ақша құралдарын (ақша) осы мүше мемлекеттің кеден органы осы мүше мемлекеттің шетелдік валютасындағы шотына ақша құралдарын (ақшаны) аударылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей бюджеттік жіктеуіштің тиісті кодтары бойынша кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының есебіне жатқызады.

      10. Кеден органдары Кодекстің 368-бабына сәйкес, Кодекстің 69-бабы 3-тармағына және 77-бабы 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары сомасын аудару туралы ақпарат алмасады.

      11. Осы Тәртіпті іске асыру мақсатында орталық кеден органдары Кодекстің 69-бабы 3-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған кеден органдары туралы ақпаратпен алмасады.

      12. Осы Тәртіпті іске асыру мақсатында уәкілетті органдар өз мемлекетінің шетел валютасындағы шоттары туралы мәліметтер мен алмасады.

      Бір мүше мемлекеттің шетел валютасындағы шотының деректемелері өзгерген жағдайда осы мемлекеттің уәкілетті органы осындай өзгеріссіз күшіне енген күнге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының назарына шоттың нақтыланған деректемелерін жеткізеді.

      Мүше мемлекетте осы Тәртіпті іске асыруы үшін қажетті өзге де мәліметтер өзгерген жағдайда, осы мемлекеттің уәкілетті органы осындай өзгерістер күшіне енген күнге дейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының назарына осындай өзгерістер туралы ақпаратты жеткізеді.

      13. Орталық кеден органдармен келісу бойынша осы Тәртіпті іске асыруға қажетті, орталық кеден органдары арқылы электронды форматта осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілгеннен өзге де ақпаратпен алмасу жүргізіледі.

      Мұндай ақпараттардың құрамы мен құрылымын, нысанын және осындай ақпаратпен алмасу регламентін, сондай-ақ оны қорғау тәсілдерін орталық кеден органдары айқындайды.

  Еуразиялық экономикалық одақтың
Кеден кодексіне
2-ҚОСЫМША

Тұрақты негізде ақпарат алмасуға арналған мәліметтер

ТІЗБЕСІ

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 52-бабының 4-тармағында және 277-бабы 4-тармағының екінші абзацында көрсетілген тауарларға арналған декларациялардан және құжаттардан мәліметтер тізбесі:

      1) тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі Одақ) кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу бағыты;

      3) тауарлардың жалпы саны;

      4) декларацияланатын тауарларға сәйкес келетін және көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілетін жүк орындарының жалпы саны;

      5) мәлімделген кедендік рәсім;

      6) алдағы кедендік рәсім;

      7) жөнелту елі;

      8) тауарлардың шығарылған жері;

      9) межелі ел;

      10) сатушы ел;

      11) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тасымалдау (өткізу) жүзеге асырылатын көлік түрі, және Одақтың кедендік аумағы бойынша тауарларды тасымалдауды (өткізуін) жүзеге асыратын көлік түрі;

      12) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды тасымалдауды (өткізу) жүзеге асыратын көлік құралының нөмірі, және Одақтың кедендік аумағы бойынша тауарларды тасымалдауды (өткізу) жүзеге асыратын көлік құралынын нөмірі, не мұндай көлік құралдары туралы өзге де идентификаттаушы мәліметтер;

      13) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды тасымалдауды (өткізу) жүзеге асыратын көлік құралының тіркелген елі;

      14) тауарларды тиеу (түсіру) орны;

      15) тауарлардың орналасқан жері;

      16) контейнерлік тасымалдаудың белгісі;

      17) тауарлар бағасының валютасы;

      18) тауарлар бағасының валюта бағамы;

      19) тауарлар бағасының валютасындағы тауарлардың жалпы құны;

      20) тауарларға арналған декларациядағы тауар нөмірі;

      21) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды;

      22) жүк орындары және тауардың сипаттамасы;

      23) тауардың нетто салмағы;

      24) тауардың брутто салмағы;

      25) квота;

      26) тауарларды алдыңғы кедендік рәсіммен орналастырған кезде берген кедендік декларацияның тіркеу нөмірі;

      27) тауарлар бағасының валютасындағы тауар құны;

      28) тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажетті кедендік рәсімнің қолданыс мерзімі туралы мәліметтер және өзге де мәліметтер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар;

      29) Еуразиялық экономикалық Одақтың Сыртқы экономикалық қызметшің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес қосымша өлшем бірлігі;

      30) қосымша өлшем бірлігіндегі тауар саны;

      31) жеткізілім шарты (жеткізілім базисі және жеткізілім базисіне сәйкес географиялық пункттің атауы);

      32) тауардың статистикалық құны;

      33) кедендік бақылау нәтижелері бойынша жасалған кедендік құжаттың нөмірі;

      34) тауарларды шығарудың ерекшелігі;

      35) тауардың кедендік құны;

      36) тауардың кедендік құнын айқындау әдісі;

      37) іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер (қосымша есептеулер түрлері бойынша нақтылаумен);

      38) іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағадан шегерулер (шегерулер түрлері бойынша нақтылаумен);

      39) АҚШ долларының бағамы;

      40) кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары. сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Одақ туралы шарт) 50-бабына сәйкес енгізілген өзге де баждар мөлшерлемелері ( төлем түрлері бойынша);

      41) кедендік әкелу баждың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, сондай-ақ Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес енгізілген өзге де баждардың сомасын есептеу туралы мәліметтер;

      42) кедендік әкелу баждың, арнайы, демпингке қарсы өтем баждың, сондай-ақ Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес енгізілген өзге де баждың сомаларын, сондай-ақ мұндай төлемдерге қатысты (төлем түрі, сома, төлеу тәсілі) есептелген өсімпұл сомаларын және пайыздарды төлеу туралы мәліметтер;

      43) ұсынылған кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыру (бөліп төлеуді);

      44) кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер және (немесе) тарифтік преференциялар;

      45) тауар шығарылған күні;

      46) тауарға арналған декларацияны түзетудің тіркелген күні және тіркеу нөмірі;

      47) тауарға арналған декларацияны түзетудің типі;

      48) тауарға арналған декларацияның түзетуі болмаған кезде тауарға арналған декларацияға өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күн;

      49) Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексінің 52-бабының 4-тармағында және 277-бабының 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген кедендік құжаттардың тіркеу нөмірі және тіркелген күні.

      2. Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімнен мәліметтердің тізбесі:

      1) тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі;

      2) тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылданған күн;

      3) тауарды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініште көрсетілген тауарлардың атауы;

      4) тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімде көрсетілген. Еуразиялық экономикалық Одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды;

      5) тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініште көрсетілген, жіктеу үшін қажетті тауар туралы мәліметтер;

      6) тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдаудың негіздері;

      7) қызметтік белгілер (болған кезде).

  Еуразиялық экономикалық Одақтың
Кеден кодексі туралы шартқа
2-ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін, Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданысын тоқтатын халықаралық шарттардың
ТІЗБЕСІ

I. Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап қолданысын тоқтататын халықаралық шарттар

      1. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісім.

      2. 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шарт.

      3. 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтыр енгізу туралы 2010 жылғы 16 сәуірдегі хаттама.

      4. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы келісім.

      5. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы келісім.

      6. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік аумағы бойынша теміржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзиттің ерекшеліктері туралы келісім.

      7.2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісім.

      8.2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы келісім.

      9. 2010 жылғы 18 маусымдағы Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялардың ерекшеліктері туралы келісім.

      10. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату туралы келісім.

      11. 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісім.

      12. 2010 жылғы 18 маусымдағы Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ жүктерді және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, контейнерлер мен теміржол жылжымалы құрамын кеден одағының кедендік аумағы арқылы ішкі тасымалдау үшін пайдалану ерекшеліктері туралы келісім.

      13. 2010 жылғы 5 шілдедегі Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шарт.

      14. 2011 жылғы 19 қазандағы Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісім.

      15. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2012 жылғы 23 сәуірдегі хаттама.

II. Еуразиялық экономикалық Одақтың Кедендік кодексінің 444-бабына және 448-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап қолданысы тоқтатылатын халықаралық шарттар

      1. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздері, шарттары мен тәртібі туралы келісім.

      2. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісім.

      3. 2010 жылдың 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім.

      4. 2010 жылдың 18 маусымдағы Кеден одағының Кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 қазандағы хаттама.

      5. итп2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 желтоқсандағы хаттама.

  Еуразиялық экономикалық Одақтың
Кеден кодексі туралы шартқа
№ 3-қосымша

Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін, Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты күші жойылды деп танылатын халықаралық шарттардың ережелер
ТІЗБЕСІ

І. Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап күші жойылды деп танылатын халықаралық шарттардың ережелері

      1. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздері, шарттары мен тәртібі туралы келісімнің 1 - 5-баптары, 6-бабының 1-тармағының бірінші бөлігінің 1 - 6-тармақшалары, 2 және 3-тармақтары, 7 - 10-баптары.

      2. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің 9-бабының 1, 5 және 7-тармақтары, 10-бабының 2-тармағының бірінші - төртінші абзацтары, 5 және 6-тармақтары, 11 - 21, 23 және 24-баптары.

      3. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға Армения Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Армения Республикасының қосылу туралы 2014 жылғы 10 қазандағы Шартқа № 2 қосымша) 7 - 10, 12 - 14-тармақтары, 15-тармағының төртінші - жетінші абзацтары, 16, 18 және 27-тармақтары.

      4. 2014 жылғы 10 қазандағы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартқа 3-қосымшаның 27-тармағы.

      5. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттарға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға қосымша және Еуразиялық экономикалық Одақтың құқығына кіретін, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты жекелеген халықаралық шарттар) енгізілетін өзгерістер 7 - 10, 12 - 14-тармақтар, 15-тармақтың төртінші - он төртінші абзацтары, 17, 18 және 20-тармақтар.

II. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 444-бабына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссияның тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап күші жойылған деп танылған халықаралық шарттардың ережелері

      1. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Хаттаманың 11 және 17-тармақтарына өзгерістер енгізу туралы және халықаралық шарттар қалыптастыру шеңберінде жасалған шарттық-құқықтық базаны Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістігіне Армения Республикасының қосылуына байланысты (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы Шартқа 2-қосымша).

      2. 2014 жылғы 29 мамырдағы халықаралық шарттар және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 11 және 16-тармақтарына енгізілетін өзгерістер (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа және жекелеген халықаралық шарттарына өзгерістер енгізу туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы Хаттамаға қосымша).

      Осымен, аталған мәтіннің 2017 жылғы 11 сәуірде Мәскеу қаласында, мыналар:

      Армения Республикасынан - Армения Республикасының Президенті С.А. Саргсян;

      Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасының ІІрезиденті А.Г. Лукашенко;

      Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев;

      Қырғыз Республикасынан - Қырғыз Республикасының Президенті А.Ш. Атамбаев;

      Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин қол қойған Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден кодексі туралы шарттың толық және тең түпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын.

      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның
Құқық департаментінің
директоры
В.И. Тараскин

      Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шартының қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі тең түпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
вице-министрі
Е. Бәкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады