Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 9-тармағына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесінің XVI бөлімі мынадай мазмұндағы 721-тармақпен толықтырылсын:
"721. Инвестициялық жобалардың бірыңғай тізілімін, технологиялық жабдықтарды, оның жинақтауыштарының және оған арналған қосалқы бөлшектердің бірыңғай тізбесін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ұсыныстарының бірыңғай тізбесін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызметінің (экономика секторының) басымдық берілген түрлеріне сәйкес келетін инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктерді қолдану мақсатындағы шикізаттар мен материалдардың бірыңғай тізбесін қалыптастыру, енгізу және пайдалану |
2018 жылғы III тоқсан". |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |