2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 0801 31 000 0 кодымен сыныпталатын қабығы бар кешью жаңғақтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы (Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 2018 жылғы 2 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2021 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 0801 31 000 0 коды бар позициясының төртінші бағаны "21С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 21С ескертпесімен толықтырылсын:
"21С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 2018 жылғы 2 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2021 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта қолданылады деп белгіленсін.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2018 жылғы 2 қыркүйектен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |