Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелердің арнайы экономикалық аймақ немесе еркін қойма аумағында арнайы инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жасалған дайын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына шығару кезінде оның құрамындағы шикізатқа және (немесе) материалдарға қатысты тарифтік жеңілдіктер беру бөлігін Қазақстан Республикасының орындауына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Арнайы экономикалық аймақ немесе еркін қойма аумағында арнайы инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жасалған дайын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына шығару кезінде оның құрамындағы шикізатқа және (немесе) материалдарға қатысты тарифтік жеңілдіктер беру кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43-бабының 3-тармағын, Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 6 қосымша) 4-тармағын және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 49-бабының 2-тармағын орындау қажеттігі туралы Қазақстан Республикасы хабардар етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметінен қабылданған шаралар туралы осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссиясына хабардар ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |