Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді жүйеге келтіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 шілдедегі №122 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің
ТІЗБЕСІ
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы "Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізілетін, оларға қатысты тауарлардың шығарылған елін растау ұсыну талап етілмейтін тауарлардың кедендік құны туралы" №254 шешімі.
2. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы "Тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібі туралы нұсқаулық туралы" №262 шешімі.
3. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы "Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ұсыну және пайдалану тәртібі туралы нұсқаулық туралы" №494 шешімі.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 2 шілдедегі "Тауарлар декларациясын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулық туралы" №98 шешімінің 2-тармағы.