Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін актілерді бір жүйеге келтіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы №159 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Кеден одағы Комиссиясының күші жойылды деп танылған шешімдерінің ТІЗБЕСІ
1. Кеден одағы Комиссиясының "Тауар шығарылғаннан кейін сол тауарларға арналған декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 255 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 521 шешімі.
2. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының тауарлардың кедендік құны жөніндегі нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мәселелері туралы" 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 533 шешімі.
3. Кеден одағы Комиссиясының "1975 жылғы 14 қарашадағы Халықаралық жүктерді Кеден одағының кеден аумағында ХЖТ кітапшасын қолдана отырып халықаралық тасымалдау туралы конвенцияны қолданудың ерекшеліктері туралы келісімнің жобасы туралы" 2011 жылғы 2 наурыздағы № 584 шешімі.
4. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының тауарлардың кедендік құны жөніндегі актілерінің жобаларын кезең-кезеңімен дайындаудың 2011 жылға арналған график-жоспары туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 604 шешімі.
5. Кеден одағы Комиссиясының "Тауарларды электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізудің кейбір мәселелері туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 619 шешімі.
6. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының тауарларын Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы өткізудің ерекшеліктері туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 685 шешімі.
7. Кеден одағы Комиссиясының "Ресей Федерациясы кеден органдарының қазақстан-ресей шекарасында бақылаушы іс-шараларды өткізуді көздейтін нормативтік актілері туралы" 2011 жылғы 19 мамырдағы № 642 шешімі.
8. Кеден одағы Комиссиясының "1975 жылғы 14 қарашадағы Халықаралық жүктерді Кеден одағының кеден аумағында ХЖТ кітапшасын қолдана отырып халықаралық тасымалдау туралы конвенцияны қолданудың ерекшеліктері туралы келісімнің жобасы туралы" 2011 жылғы 15 шілдедегі № 707 шешімі.
9. Кеден одағы Комиссиясының "2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы туралы" 2011 жылғы 15 шілдедегі № 709 шешімі.
10. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды дайындау бойынша жұмыс тобы туралы" жылғы 15 шілдедегі № 776 шешімі.
11. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының кеден шекарасы арқылы ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізген кезде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шарттың жобасы туралы" 2011 жылғы 16 тамыздағы №732 шешімі.
12. Кеден одағы Комиссиясының "2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке адамдардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 16 тамыздағы № 811 шешімі.
13. Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 781 шешімі.
14. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органы туралы" 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 783 шешімі.
15. Кеден одағы Комиссиясының "Этил спирті мен алкоголь өнімін Ресей Федерациясының аумағы бойынша өткізу мәселелері туралы" 2011 жылғы 18 қазандағы № 820 шешімі.
16. Кеден одағы Комиссиясының "Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 873 шешімі.
17. Кеден одағы Комиссиясының "1975 жылғы 14 қарашадағы Халықаралық жүктерді Кеден одағының кеден аумағында ХЖТ кітапшасын қолдана отырып халықаралық тасымалдау туралы конвенцияны қолданудың ерекшеліктері туралы келісімнің жобасы туралы" 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 914 шешімі.