Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Инсектицидті заттар сіңген полимерлік материалдан әзірленген, қан сорғыш жәндіктерді үркіту үшін қолданылатын, бөлшек сауда үшін орамаға өлшеп оралған білезік сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3808 тауар позициясында сыныпталады.
2. Инсектицидті заттар сіңген полимерлік материалдан әзірленген, жануарлардың эктопаразиттерін (бүргелерді, кенелердің және басқаларын) жою және үркіту үшін қолданылатын, бөлшек сауда үшін орамаға өлшеп оралған қарғыбау сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3808 тауар позициясында сыныпталады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |