2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 18-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 94 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ЕАЭО СЭҚ ТН 2510 20 000 0 кодымен сыныпталатын табиғи кальций фосфаттарына, табиғи алюминий-кальций фосфоттарына және ұнтақталған фосфот борына қатысты кедендік құнының 0 пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажы ставкасының қолданылу мерзімі қоса алғанда 2021 жылғы 4 қаңтарға дейін ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 4С ескертудегі "қоса алғанда 2019 жылғы 4 қаңтарға дейін" деген сөздер "қоса алғанда 2021 жылғы 4 қаңтарға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2019 жылғы 5 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |