Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 109-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 65 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің демпингке қарсы шаралардың қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жүргізілген қайта тергеп-тексерулердің нәтижелері бойынша дайындаған баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 65 шешімімен бекітілген Қытай Халық Республикасы мен Малайзияда шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тот баспайтын болаттан жасалған суықтай деформацияланған жiксiз құбырларға қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданысы 2023 жылғы 10 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзімге ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден істері саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 65 шешімінде көзделген мөлшерде демпингке қарсы баждың өндіріп алынуын қамтамасыз етсін;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 49 шешіміне сәйкес төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомаларын алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте демпинке қарсы баждың есебіне жатқызуды және оны сол төленген (өндіріліп алынған) Еуразиялық экономкалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есептеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасы мен Малайзияда шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тот баспайтын болаттан жасалған суықтай деформацияланған жiксiз құбырларға қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданысын ұзарту туралы" 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 49 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |