Қытай Халық Республикасы мен Малайзиядан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тот баспайтын болаттан жасалған суық деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданылуын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 49 шешімі.

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі "Қытай Халық Республикасы мен Малайзиядан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тот баспайтын болаттан жасалған суық деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы" № 65 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шаралардың қолданылуы қоса алғанда 2019 жылғы 18 қаңтарға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2019 жылғы 18 қаңтарға дейін демпингке қарсы алдын ала баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 65 шешімімен белгіленген ставкалар бойынша демпингке қарсы бажды алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2018 жылғы 15 мамырдан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады