Электрондық ілеспе құжаттарды енгізу және оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өзара тану жөніндегі бастаманы пысықтау туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 15 өкімі

      Электрондық ілеспе құжаттарды енгізу және оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өзара тану жөніндегі бастама туралы ақпаратты, сондай-ақ Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының осы бастаманы одан әрі пысықтауға мүдделілігін ескере отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы "Электрондық ілеспе құжаттарды енгізу және оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өзара тану" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуді қамтамасыз етсін.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский А.Мамин С.Муканбетов И.Шувалов


О проработке инициативы по внедрению электронных сопроводительных документов и их взаимному признанию в государствах – членах Евразийского экономического союза

Распоряжение Совета Евразийской экономической комиссии от 18 апреля 2018 года № 15

      С учетом информации об инициативе по внедрению электронных сопроводительных документов и их взаимному признанию в государствах – членах Евразийского экономического союза, а также заинтересованности Республики Армения, Республики Беларусь, Республики Казахстан, Кыргызской Республики и Российской Федерации в дальнейшей проработке этой инициативы:

      1. Коллегии Евразийской экономической комиссии обеспечить проведение исследования по теме "Внедрение электронных сопроводительных документов и их взаимное признание в государствах – членах Евразийского экономического союза".

      2. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза.


      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики
Армения

От Республики
Беларусь

От Республики
Казахстан

От Кыргызской
Республики

От Российской
Федерации

В. Габриелян

В. Матюшевский

А. Мамин

С. Муканбетов

И. Шувалов