2020 жылғы 1 қаңтарға дейін Еуразиялық экономикалық одақта Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тиісті зертханалық практика қағидаттарына сәйкес келетін тиісті зертханалық практика жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар мен Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау мақсатында:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақта тиісті зертханалық практика жүйесін құру және дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрсын және оның құрамын бекітсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Еуразиялық экономикалық комиссияға жұмыс тобының құрамына қосу үшін кандидатура, сондай-ақ тиісті мемлекеттегі тиісті зертханалық практика жүйесінің жай-күйі туралы (қабылданған нормативтік актілер, көрсетілген салада реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар, тиісті зертханалық практика қағидаттарына сәйкес келетін зертханалардың (қызмет саласын көрсете отырып) немесе мұндай зертханаларды құру жөніндегі жоспарлардың бар-жоғы туралы) ақпарат ұсыну сұралсын.
3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян В.Матюшевский А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов