Еуразиялық экономикалық одақта Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тиісті зертханалық практика қағидаттарына сәйкес келетін тиісті зертханалық практика жүйесін құру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 18 өкімі

      2020 жылғы 1 қаңтарға дейін Еуразиялық экономикалық одақта Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тиісті зертханалық практика қағидаттарына сәйкес келетін тиісті зертханалық практика жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар мен Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақта тиісті зертханалық практика жүйесін құру және дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрсын және оның құрамын бекітсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Еуразиялық экономикалық комиссияға жұмыс тобының құрамына қосу үшін кандидатура, сондай-ақ тиісті мемлекеттегі тиісті зертханалық практика жүйесінің жай-күйі туралы (қабылданған нормативтік актілер, көрсетілген салада реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар, тиісті зертханалық практика қағидаттарына сәйкес келетін зертханалардың (қызмет саласын көрсете отырып) немесе мұндай зертханаларды құру жөніндегі жоспарлардың бар-жоғы туралы) ақпарат ұсыну сұралсын.

      3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян В.Матюшевский А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады