Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 63-тармағына сәйкес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2018 – 2019 жылдарға арналған негізгі бағдарлары туралы" 2018 жылғы 14 мамырдағы № 11 шешімін орындау мақсатында:
1 .Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2018 – 2019 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден макроэкономикалық саясатты жүргізу кезінде мүше мемлекеттердің құзыретіне жатқызылған бөлікте тізбеде көзделген іс-шараларды ескеру және Еуразиялық экономикалық комиссияны олардың іске асырылу барысы туралы хабардар ету сұралсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2018 – 2019 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыруға бағытталған іс-қимылдарға талдау жүргізсін және Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретіне жатқызылған бөлікте тізбеде көзделген іс-шаралардың орындалуын үйлестірсін.
4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің | |
2018 жылғы 22 қазандағы | |
№ 24 өкімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының
2018 – 2019 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың ТІЗБЕСІ
Негізгі бағдарларды іске асыруға бағытталған іс-қимыл | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жүзеге асыруы ұсынылатын іс-шаралар | Еуразиялық экономикалық комиссия жүзеге асыратын іс-шаралар | Еуразиялық экономикалық комиссияның жауапты департаменттері |
Күтілетін экономикалық нәтиже |
1-бағыт. Қолайлы макроэкономикалық жағдайлар жасау | ||||
1. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету | ұлттық деңгейде баға тұрақтылығына қол жеткізуге және оны қолдауға бағытталған шаралар қабылдау | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) қабылдайтын баға тұрақтылығына қол жеткізуге және оны қолдауға бағытталған шараларды талдау | Макроэкономикалық саясат департаменті | макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету |
2. Инфляциялық межені төмендету мақсатында мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің саясатына сенімді жоғарылату | өздері қабылдайтын шешімдердің ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету үшін мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің дәйекті коммуникациялық саясат жүргізуі | мүше мемлекеттер іске асыратын шараларды талдау | Макроэкономикалық саясат департаменті | макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету |
3. Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) мүше мемлекеттер көрсетілген макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерін арттырған жағдайда, шоғырландырылған бюджет тапшылығы мен мемлекеттік басқару секторының борышын азайтуға бағытталған ұсынымдар дайындауы | мүше мемлекеттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 63-бабында көрсетілген экономикалық өсудің орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерін арттырған жағдайда Комиссиямен консультациялар өткізу қажет болған жағдайда, Комиссияның шоғырландырылған бюджет тапшылығы мен мемлекеттік басқару секторының борышын азайтуға бағытталған ұсынымдарын есепке алу | мүше мемлекеттер Шарттың 63-бабында көрсетілген экономикалық өсудің орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерін арттырған жағдайда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен консультациялар өткізу Комиссияның шоғырландырылған бюджет тапшылығы мен мемлекеттік басқару секторының борышын азайтуға бағытталған ұсынымдарын әзірлеу | Макроэкономикалық саясат департаменті | макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету |
4. Мемлекеттік қаржының экономика мен сыртқы экономикалық конъюнктураның циклды ауытқуына тәуелділігін, соның ішінде мүше мемлекеттердің бюджеттік қағидаларын жетілдіру жолымен азайту тәсілдерін әзірлеу | мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің құрылымдық теңгерімінің көрсеткіштерін пайдаланудың халықаралық практикасын зерделеу | мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің құрылымдық теңгерімінің көрсеткіштерін пайдаланудың халықаралық практикасын зерделеу мүше мемлекеттердің бюджеттік қағидаларды әзірлеу жөніндегі тәжірибесін зерделеу | Макроэкономикалық саясат департаменті | бюджеттік және борыштық орнықтылыққа қол жеткізу және оны ұстап тұру |
5. Орта мерзімді перспективада біртіндеп бюджеттік шоғырландыруды қамтамасыз ету | бюджет кірістерін жұмылдыру жөнінде шаралар қабылдау бюджет шығыстарын оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау | Макроэкономикалық саясат департаменті | макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету |
6. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік қаржының борыштық орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы | мемлекеттік басқару секторының борышын басқару жөніндегі орта мерзімді сипаттағы стратегиялық құжаттарда мемлекеттік басқару секторы борышының деңгейін Шарттың 63-бабында белгіленген шектерде ұстап тұру қажеттігін есепке алу орта мерзімді перспективада қарыз алудың оңтайлы шарттарын қолдау | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау | Макроэкономикалық саясат департаменті | макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету |
2-бағыт. Инвестициялық белсенділікті ынталандыру және іскерлік ахуалды жақсарту | ||||
1. Орта мерзімді кезеңде мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне салықтық жүктемені тұрақты және экономикалық негізделген деңгейде ұстап тұру | мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне салықтық жүктеменің тұрақтылығы мен болжамды болуы принциптерінің сақталуын көздейтін ұлттық стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды қабылдау және орындау шеңберіндегі шараларды іске асыру | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау | Макроэкономикалық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне фискалдық жүктемені оңтайландыру инвестициялар көлемін ұлғайту |
2. Инвестициялық белсенділікті ынталандыруға бағытталған тиімді салықтық жеңілдіктер, шегерімдер және басқа да механизмдер жүйесін құру | мүше мемлекеттер жүргізетін салық саясатының шеңберінде ұлттық инвестициялық басым жобаларға инвестициялар тартуға бағытталған шараларды іске асыру | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау | Макроэкономикалық саясат департаменті | мүше мемлекеттерде бизнес-ахуалды жақсару инвестициялар көлемін ұлғайту |
3. Мемлекеттік жобалады іске асыруға, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік принциптерінің негізінде іске асыруға жеке капиталды тартудың тиімді әрі өзара пайдалы механизмдерін құқықтық реттеуді және практикаға енгізуді жетілдіру | мүше мемлекеттердің мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдерін қолдану саласындағы заңнамасын жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдерін дамыту жөніндегі сарапшылар тобының отырыстарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдерін жетілдіру жөніндегі консультацияларға қатысу мемлекеттік-жекешелік әріптестік (соның ішінде интеграциялық сипаттағы) жобаларын іске асыру жөнінде ұсыныстар дайындау | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау Одақ шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдерін дамыту жөніндегі сарапшылар тобының отырыстарын және мүше мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдерін жетілдіру жөніндегі консультацияларды ұйымдастыру мүше мемлекеттерге өзара қызығушылық тудыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша ақпарат алмасуда, соның ішінде талдамалық және анықтамалық материалдар алмасуда жәрдемдесу | Кәсіпкерлік қызметтік дамыту департаменті | мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру механизмдерін жетілдіру үшін қолайлы жағдайлар жасау |
4. Шағын және орта бизнестің қаржылық мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында ұжымдық және венчурлік инвестициялау механизмдерін дамыту | инновациялық жобаларды іске асыратын шағын және орта кәсіпорындар үшін осындай ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін қаржы ресурстарын жұмылдыру механизмдерін дамыту үшін жағдайлар жасау | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау | Макроэкономикалық саясат департаменті | шағын және орта кәсіпорындарды дамытуға инвестициялар көлемін ұлғайту мүше мемлекеттерде бизнес-ахуалды жақсару |
5. Ұзақ мерзімді кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыру мүмкіндіктерін, соның ішінде ұлттық және өңірлік даму институттарының инвестицияларын тарта отырып кеңейту | ұзақ мерзімді жинақтарды, соның ішінде сақтандыру және зейнетақы жинақтарын инвестициялау үшін жағдайлар мен алаңдар жасау кәсіпорындардың инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру үшін ұлттық және өңірлік даму институттарының әлеуетін пайдалануды жандандыру Комиссия мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды қарау Одақ шеңберінде кредиттік тарихтардың құрамына кіретін мәліметтерді алмасу туралы келісімнің жобасын мемлекетішілік келісуді, мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу және оған қол қою | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау Комиссия мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ұсыныстар дайындау мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау | Макроэкономикалық саясат департаменті Қаржы саясаты департаменті | ұзақ мерзімді кредит беру көлемін ұлғайту тартылатын инвестициялар көлемін ұлғайту ұзақ мерзімді перспективада кәсіпорындар үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін ұлғайту трансшекаралық кредит беру кезінде қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, Одақ шеңберіндегі қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін, соның ішінде еңбек көші-қонының жандануын ескере отырып жақсарту |
6. Бизнес жүргізу үшін институционалдық ортаны жақсарту | бизнесті қаржылай, мүліктік, әкімшілік және ақпараттық қолдау жүйесін жетілдіру | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау | Макроэкономикалық саясат департаменті | мүше мемлекеттерде бизнес-ахуалды жақсару |
3-бағыт. Экономиканың нақты секторында өнімділікті ұлғайту үшін жағдайлар жасау | ||||
1. Мүше мемлекеттердің өнімділікті ұлғайтуға бағытталған стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды қабылдап, іске асыруы | мүше мемлекеттердің өнімділікті ұлғайтуға бағытталған стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыру, сондай-ақ қажет болған жағдайда, өнімділікті ұлғайту мәселелері бойынша нысаналы құжаттар қабылдау | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау | Макроэкономикалық саясат департаменті | мүше мемлекеттерде өнімділіктің өсуі және экономикалық дамудың жеделдеуі |
2. Өңдеуші өнеркәсіптің жоғары технологиялы салаларының озыңқы дамуын ынталандыру | өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның еуразиялық желісінің ұлттық сегменттерін қалыптастыру өңдеуші өнеркәсіпте жоғары технологиялы өндірістердің жылдам дамуы үшін жағдайлар жасау өңдеуші өнеркәсіптің жоғары технологиялы салаларын дамытуға бағытталған ұлттық бағдарламалық құжаттарды іске асыру | өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның еуразиялық желісінің ұлттық сегменттерін қалыптастыру қорытындысы бойынша Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның еуразиялық желісін құру өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның еуразиялық желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жалпы процесті Одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесіне қосу өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның еуразиялық желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жалпы процесті іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу өнеркәсіптік кәсіпорындар (контракторлар мен қосалқы контракторлар), жұмыстар мен қызметтер көрсету туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай тізілімнің ұлттық сегменттерінің арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету | Өнеркәсіптік саясат департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық технологиялар департаменті, Өнеркәсіптік саясат департаменті |
өндіріс процестерін оңтайландыру және мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарының, өнеркәсіп салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ өндірістік процеске кәсіпорындардың қомақты санын тарту жолымен салааралық кооперацияны тереңдету мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясы мен субконтрактациясы үшін қолжетімді ақпараттық ресурс құру |
3. Мүше мемлекеттердің экономикаларында құрылымдық өзгерістерді іске асыруды жалғастыру | мүше мемлекеттердің экономикаларындағы құрылымдық өзгерістерге бағытталған стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру барлық мүше мемлекеттер үшін ортақ қызығушылық тудыратын және мүше мемлекеттердің талаптарына мейлінше сай келетін экономика салаларындағы құрылымдық өзгерістерге талдау жүргізуге және оның нәтижелерін талдауға қатысу | барлық мүше мемлекеттер үшін ортақ қызығушылық тудыратын және мүше мемлекеттердің талаптарына мейлінше сай келетін экономика салаларындағы құрылымдық өзгерістерге талдау жүргізу және оның нәтижелерін мүше мемлекеттермен бірге талдауды ұйымдастыру | Макроэкономикалық саясат департаменті | өнімділікті арттыру орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу |
4. Нақты секторда инновациялық өнімдер мен технологияларды жаңғырту және енгізу процестерін ынталандыру | мүше мемлекеттердің технологиялар трансферінің еуразиялық желісінің ұлттық сегменттерін қалыптастыруы нақты секторда инновациялық өнімдер мен технологияларды жаңғыртуға және енгізуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды іске асыру мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарын инновациялық жобаларды жүзеге асыратын еуразиялық технологиялық платформаларға қатысуға тарту жөнінде іс-шаралар өткізу | технологиялар трансферінің еуразиялық желісінің ұлттық сегменттерін қалыптастыру қорытындысы бойынша Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, технологиялар трансферінің еуразиялық желісін құру технологиялар трансферінің еуразиялық желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жалпы процесті Одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесіне қосу технологиялар трансферінің еуразиялық желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жалпы процесті іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу тұтынушылар, технологиялық сұраныстар мен ұсыныстар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай тізілімнің ұлттық сегменттерінің арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету еуразиялық технологиялық платформалардың Одақ шеңберінде іске асырылатын мемлекетаралық бағдарламалар мен инновациялық жобаларға қатысуын қамтамасыз ету | Өнеркәсіптік саясат департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық технологиялар департаменті, Өнеркәсіптік саясат департаменті Өнеркәсіптік саясат департаменті, Агроөнеркәсіптік саясат департаменті | экономиканың нақты секторында инновацияларды енгізу және коммерцияландыру, мемлекетаралық кооперациялық байланыстарды кеңейту өнеркәсіптің жоғары технологиялы секторларын дамыту |
5. Индустриялық инфрақұрылымды дамыту | технопарктерді, арнайы индустриялық аймақтарды, ақпараттық-технологиялық платформаларды, инжинирингтік орталықтарды және индустриялық инфрақұрылымның басқа да объектілерін қалыптастыру және дамыту | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау | Өнеркәсіптік саясат департаменті | өнеркәсіптік өндірісті дамыту орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу |
6. Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру және мүше мемлекеттердің экономикаларының әртүрлі салаларына цифрлық технологияларды енгізу | Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі бастамаларды пысықтауға байланысты ұсыныстарды қалыптастыру және Комиссияға ұсыну Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде пысықталатын бастамаларға талдау жүргізуге және солардың негізіндегі жобаларды іске асыруға қатысу өнеркәсіптік ынтымақтастықты цифрлық трансформациялау және мүше мемлекеттердің өнеркәсіптерін цифрлық трансформациялау үшін жағдайлар жасау тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге қатысу мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарын, өнім өндірушілерді және ғылыми мекемелерді өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның еуразиялық желісіне және технологиялар трансферінің еуразиялық желісіне қатысуға тарту жолымен мүше мемлекеттердің өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау үшін жағдайлар жасауы | Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі бастамаларды пысықтауға байланысты қызметті үйлестіру, мониторингтеу және бақылау өнеркәсіптік ынтымақтастықты цифрлық трансформациялау және мүше мемлекеттердің өнеркәсіптерін цифрлық трансформациялау үшін жағдайлар жасау тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді және оны Одақ органдарының қарауын қамтамасыз ету өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның еуразиялық желісін және технологиялар трансферінің еуразиялық желісін құру қорытындылары бойынша Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып қалыптастырылған ортақ ақпараттық ресурстарды қалыптастыру | бастамаларды басқару кеңсесі, Ақпараттық технологиялар департаменті, Көлік және инфрақұрылым департаменті Ақпараттық технологиялар департаменті, Өнеркәсіптік саясат департаменті Өнеркәсіптік саясат департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті | мүше мемлекеттерде ақпараттық технологиялар секторын дамыту мүше мемлекеттерде экономикалық белсенділіктің өсуі мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру |
7. Мүше мемлекеттердің қатысуымен өнеркәсіп саласында мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру | мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар шеңберінде мүше мемлекеттің аумағындағы шаруашылық жүргізуші шаруашылық жүргізуші субъектілер орындайтын жұмыстардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру | бағдарламалар мен жобаларды Одақ органдарының қарауына байланысты іс-шараларды іске асыру бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру | Өнеркәсіптік саясат департаменті | Одақ шеңберінде интеграциялық процестерді тереңдету |
8. Еңбек ресурстарының сапасын жақсарту және тиімді жұмыспен қамтуды өсіру мақсатында еңбекшілерді кәсіптік оқыту және қайта оқыту, олардың біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін дамыту | мүше мемлекеттер еңбекшілерінің Одақтағы еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін оларды ұйымдасқан түрде жинақтауға және тартуға жәрдемдесу мақсатында мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәселені пысықтауға қатысу | мүше мемлекеттер еңбекшілерінің Одақтағы еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін оларды ұйымдасқан түрде жинақтауға және тартуға жәрдемдесу мақсатында мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәселені пысықтау | Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаменті | еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру еңбек ресурстарының сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау |
9. Одақ шеңберіндегі еңбек және академиялық ұтқырлық саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту | ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы халықаралық шартты әзірлеудің орындылығы туралы мәселені пысықтауға қатысу | ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы халықаралық шартты әзірлеудің орындылығы туралы мәселені пысықтау | Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаменті | Одақтың еңбек ресурстарының бірыңғай нарығында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту |
4-бағыт. Сыртқы сауда байланыстарын нығайту және Одақтың ішкі нарығын дамыту | ||||
1. Одақтың ішкі нарығында кедергілерді анықтау және біртіндеп жою, сондай-ақ алып қоюлар мен шектеулерді қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыру | Комиссияға Одақтың ішкі нарығындағы ұлттық сегменттерге өзара қол жеткізу үшін кедергілердің, алып қоюлар мен шектеулердің бар-жоғы туралы ақпарат, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне тосқауыл болатын анықталған кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді жою мүмкіндігі туралы ақпарат беру ішкі нарықтың жұмыс істеуін жоспарлау мақсатында мүше мемлекеттердің басқа мүше мемлекеттермен сауда саласындағы құқықтық қатынастарын реттейтін заңнамасындағы өзгерістер туралы Комиссияны уақтылы хабардар ету Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 17 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі 2018 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын іске асыруға қатысу | Одақтың ішкі нарығындағы ұлттық сегменттерге өзара қол жеткізу үшін кедергілердің, алып қоюлар мен шектеулердің бар-жоғын анықтау, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне тосқауыл болатын анықталған кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді жою мүмкіндігін айқындау мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 17 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі 2018 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын іске асыруға қатысу |
Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті, Комиссияның өзге де департаменттері | мүше мемлекеттердің өзара саудасының өсуі өзара сауда әлеуетін іске асыру тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасау және мүше мемлекеттер субъектілерінің басқа мүше мемлекеттердің нарықтарына кіруін оңайлату ішкі нарықтың кедергісіз жұмыс істеуін, онда алып қоюлар мен шектеулер санының барынша аз болуын |
2. Тиімді кедендік бақылауды және бақылаудың өзге де түрлерін қамтамасыз ету жолымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өткізетін тауарларға қатысты Одақтың кедендік шекарасында жасалатын операцияларды оңтайландыру | кедендік электрондық құжаттарды қалыптастыру кезінде Одақ деректерінің моделін пайдалануға көшу жөнінде жұмыс жүргізу, Одақ шеңберінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін құруға бағытталған іс-шараларды өткізу | Комиссия құзыретінің шегінде кедендік электрондық құжаттарға қойылатын талаптарды айқындау, кедендік электрондық құжаттарды қалыптастыру кезінде Одақ деректерінің моделін пайдалануға көшу мерзімдерін белгілеу мүше мемлекеттермен бірге Одақ шеңберінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін құруға бағытталған іс-шараларды өткізу | Кедендік инфрақұрылым департаменті | Одақ шеңберінде сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, өзара сауда шеңберінде тауар айналымын ұлғайту |
3. Одақ шеңберінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімдерінде белгіленген секторларда және мерзімдерде бірыңғай қызметтер көрсету нарықтарын қалыптастыру | Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Одақ шеңберінде бірыңғай қызметтер көрсету нарықтарын қалыптастыруға бағытталған шешімдерін уақтылы орындау | Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Одақ шеңберінде бірыңғай қызметтер көрсету нарықтарын қалыптастыруға бағытталған шешімдерін орындалуын мониторингтеу | Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | мүше мемлекеттердің қызметтер көрсетумен өзара саудасының өсуі қызметтер көрсету секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру |
4. Одақтың көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту және оның транзиттік мүмкіндіктерін пайдалану | Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы №3 шешімімен бекітілген 2018 – 2020 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын орындау | Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы №3 шешімімен бекітілген 2018 – 2020 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын іске асыру және орындалуын мониторингтеу | Көлік және инфрақұрылым департаменті | өзара және сыртқы сауда шеңберінде жүк ағындарын ұлғайту |
5. Экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында үшінші тараптармен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жұмысты жалғастыру | Одақ және оған мүше мемлекеттер мен саудадағы әріптес мемлекеттер (Египет Араб Республикасы, Израиль Мемлекеті, Үндістан Республикасы, Сербия Республикасы және Сингапур Республикасы) арасындағы сауда-саттық келісімдерін жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу мүше мемлекеттер қызығушылық танытқан жағдайда үшінші тараптармен еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы ұсыныстар дайындау Комиссия мен шетелдік мемлекеттердің (Иордан Хашимит Корольдігі, Камбоджа Корольдігі, Марокко Корольдігі, Молдова Республикасы, Моңғолия, Перу Республикасы, Сингапур Республикасы, Чили Республикасы) үкіметтері арасында және бірлескен декларация (Грек Республикасымен) шеңберінде ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумдарды іске асыру Комиссия мен шетелдік мүдделі мемлекеттердің үкіметтері арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумдардың жобаларын келісу | Одақ және оған мүше мемлекеттер мен саудадағы әріптес мемлекеттер (Египет Араб Республикасы, Израиль Мемлекеті, Үндістан Республикасы, Сербия Республикасы және Сингапур Республикасы) арасындағы сауда-саттық келісімдерін жасасу жөніндегі келіссөздерді ұйымдастыру және өткізу саудадағы әріптес мемлекеттердің немесе мүше мемлекеттердің үшінші тараптармен еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы ұсыныстарын Комиссия алаңында қарауды ұйымдастыру жұмыс топтарының отырыстарын, бизнес-форумдар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру Комиссия мен шетелдік мүдделі мемлекеттердің үкіметтері арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумдардың жобаларын әзірлеу және келісу | Көлік және инфрақұрылым департаменті Интеграцияны дамыту департаменті | үшінші елдермен сауда көлемін ұлғайту Одақтың және оған мүше мемлекеттердің саудадағы әріптес мемлекеттермен саудадағы ынтымақтастығын жандандыру үшінші тараптардың нарықтарына мүше мемлекеттердің кіру шарттарын оңайлату үшінші тараптардың үкіметтерімен және бизнес-қоғамдастықтарымен халықаралық ынтымақтастықты дамыту |
6. Экономикалық салады халықаралық ұйымдармен және басқа да интеграциялық бірлестіктермен өзара іс-қимылды тереңдету | Комиссия мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар (Анд қоғамдастығы) арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумдарды іске асыру Комиссия мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы, Латын Америкасының экономикалық жүйесі, Халықаралық сауда орталығы және т.б.) арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумдардың жобаларын келісу халықаралық ұйымдар (Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), БҰҰ өңірлік комиссиялары, БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және т.б.) желісі бойынша өзара іс-қимыл жасау және органдардың жұмысына қатысу Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының Одаққа қосылуына байланысты олардың Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) шеңберіндегі тарифтік міндеттемелерді қайта қарауы жөнінде келіссөздер өткізу | жұмыс топтарының отырыстарын, бизнес-форумдар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру Комиссия мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумдардың жобаларын әзірлеу және келісу Комиссия өкілдерінің көрсетілген іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету ДСҰ шеңберіндегі тарифтік міндеттемелерді өзгерту мәселелері бойынша Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының келіссөз делегациясының кездесулерін ұйымдастыру және өткізу ДСҰ-ның мүдделі мүшелері – тарифтік келіссөздерге қатысушылармен консультацияларға қатысу | Интеграцияны дамыту департаменті Интеграцияны дамыту департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті, Сауда саясаты департаменті Сауда саясаты департаменті | мүше мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығын арттыру мүше мемлекеттер үшін сауда-саттық шарттарының болжамдылығы мен транспаренттілігін арттыру мүше мемлекеттердің ДСҰ шеңберіндегі тарифтік міндеттемелерін үндестіру |