Еуразиялық экономикалық комиссияның 2017 жылғы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу мониторингі жөніндегі жыл сайынғы есебі туралы ақпаратын назарға ала отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу рәсімін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2018 жылғы 1 қазанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің іс жүзіндегі әсерін бағалау бойынша пилоттық жобаны жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |