Еуразиялық экономикалық комиссияның 2017 жылғы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу мониторингі жөніндегі жыл сайынғы есебі туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 12 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссияның 2017 жылғы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу мониторингі жөніндегі жыл сайынғы есебі туралы ақпаратын назарға ала отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу рәсімін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2018 жылғы 1 қазанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің іс жүзіндегі әсерін бағалау бойынша пилоттық жобаны жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады