Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезіндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының өзара іс-қимылы туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 9 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді Одақтың кедендік аумағына айналысқа шығарудың және оның айналысының алдын алу, сондай-ақ Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында

      Одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде қосымшаға сәйкес Тәртіпті басшылыққа алуды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 9 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының өзара іс-қимылы ТӘРТІБІ

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін техникалық регламенттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, техникалық регламенттер) талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары) жүзеге асырады.

      Мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – дара кәсіпкерлер) ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларды тексерулерді ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады, анықталған бұзушылықтардың жолын кесу және (немесе) олардың салдарын жою бойынша мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды, сондай-ақ техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді Одақтың кедендік аумағына айналысқа шығарудың және оның айналысының алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында өзара іс-қимыл жасайды.

      Мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары туралы ақпарат Одақтың ресми сайтындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті бөлімінде орналастырылады (http://www.eurasiancommission.org/ru/act/texnreg/deptexreg/Pages/default.aspx).

      2. Мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мүше мемлекеттің аумағында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтаған жағдайда, мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген қажетті шараларды қабылдайды.

      Мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары № 1 қосымшаға сәйкес техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған жағдайда мемлекеттік бақылау (қадағалау) органының типтік іс-қимылдары алгоритмінде көзделген жағдайларда басқа мүше мемлекеттердің тиісті мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарын қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.

      3. Мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары осы Тәртіптің 2-тармағында көзделген техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталу фактілері және қабылданған шаралар туралы №2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жіберу арқылы басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарын және қажет болған жағдайда Комиссияны хабардар етеді.

      4. Хабарламаны аумағында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы осындай орган бұзушылық фактілерінің анықталғаны және мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шаралардың қабылданғаны туралы шешім ресімдеген күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына және Комиссияға (қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде, оның ішінде "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісі (бұдан әрі – Интернет желісі) арқылы) жібереді.

      Егер мүше мемлекетте техникалық регламенттің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруға бірнеше органға уәкілеттік берілген жағдайда, хабарлама өнімнің тиісті түрі және (немесе) оның өмірлік циклы мәселелері олардың қарайтын саласына жатқызылған және осы Тәртіптің 1-тармағына сәйкес олар туралы ақпарат Одақтың ресми сайтына орналастырылған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына жіберіледі.

      5. Хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:

      а) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтаған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органының толық атауы;

      б) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталған күні және осындай өнім анықталған заңды тұлғаның толық атауы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және заңды тұлғаның қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), дара кәсіпкердің тұратын жері және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда);

      в) осындай өнім берушілер мен сатып алушыларды айқындауға мүмкіндік беретін тауарға ілеспе құжаттар (жеткізу шарттары, тауар жүкқұжаттары, шот-фактуралар және өнім туралы ақпаратты қамтитын өзге де құжаттар) туралы мәліметтер;

      г) өнімнің атауы және таңбалануы, оның аты (бар болған жағдайда) және өнімді сәйкестендіруді қамтамасыз ететін ол туралы өзге де мәліметтер (анықталған техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтарды көрсете отырып (бап, бөлік, тармақ, тармақша));

      д) өнімнің таңбалануында және өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттарда көрсетілген өнімді дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, импорттаушының) толық атауы, заңды тұлғалар үшін – оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) немесе дара кәсіпкер үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұратын жері және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда);

      е) өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттың тіркеу нөмірі және қолданылу мерзімі;

      ж) бұзушылықтар фактілерінің анықталуына байланысты мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы өнімге қатысты қабылдаған шаралар туралы ақпарат (мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген құжаттардың көшірмелері, оның ішінде өнімді зерттеу (сынау) хаттамаларының көшірмелері, сондай-ақ осындай шараларды қабылдауда негіз қызметін атқарған өзге де құжаттардың көшірмелері).

      6. Хабарламаны алған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары хабарламаны алған (қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде, оның ішінде Интернет желісі арқылы) күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде хабарламаны жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын хабарламаның алынғаны туралы хабардар етеді.

      7. Хабарламаны алған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары хабарламада көрсетілген өнімнің өз мүше мемлекетінің аумағында айналысқа шығарылуының және (немесе) айналыста болуының ықтимал фактілерін анықтайды және осындай фактілер анықталған жағдайда мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) бойынша іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізеді және көрсетілген іс-шаралар аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осындай іс-шаралардың нәтижелері және қабылданған шаралар туралы (қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде, оның ішінде Интернет желісі арқылы) хабардар етеді.

      8. Өнімнің саны, осындай өнім басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында сату үшін жіберілген заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерге қатысты қосымша ақпарат алынған жағдайда, аумағында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы осындай ақпаратты басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына (қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде, оның ішінде Интернет желісі арқылы) кідіртпей жібереді.

      9. Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимылды жүзеге асыру немесе техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтау кезінде келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары өзара консультациялар және келіссөздер өткізеді.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың техникалық
регламенттері талаптарының
сақталуын мемлекеттік бақылау
(қадағалау) жөніндегі
іс-шараларды жүргізу кезінде
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
мемлекеттік бақылау (қадағалау)
органдарының өзара іс-қимылы
тәртібіне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған жағдайда мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының типтік іс-қимылдары АЛГОРИТМІ

І. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында өнімді өткізу (сату) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлғаны немесе жеке тұлғаны тексеру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін, осы мүше мемлекеттің аумағында өндірілген өнім анықталды

      1. Егер зертханалық сынақтар (зерттеулер) жүргізу нәтижесінде өнім үлгілерінің көрсеткіштері (сипаттамалары) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, техникалық регламенттер) талаптарына сәйкес келмеген және өнімді өткізу (сату) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның (бұдан әрі – сатушы) немесе дара кәсіпкер (бұдан әрі – дара кәсіпкер) ретінде тіркелген жеке тұлғаның осындай сәйкессіздікке әкеп соқтырған осы өнімді тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) сату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды бұзу фактілері анықталған жағдайда, Одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекет, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы):

      Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының өзара іс-қимылы тәртібінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 9 ұсынымына қосымша) 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды;

      Тәртіптің 3 және 4-тармақтарына сәйкес олар туралы ақпарат Одақтың ресми сайтына орналастырылған техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру үшін жауапты басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына сатушының техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында сату үшін жөнелткенін растайтын мәліметтер мен құжаттар (шарттар, инвойстар, тауар жүкқұжаттары және т.б.) бар болған жағдайда, осындай өнімнің анықталу фактісі туралы хабарлама жібереді.

      Басқа мүше мемлекеттердің осындай хабарламаны алған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары нарықта техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің ықтимал болуы туралы өздерінің өңірлік бөлімшелерін (бар болған жағдайда) хабардар етеді.

      Хабарламаны алған және өз мүше мемлекетінің аумағында хабарламада көрсетілген өнімнің айналысқа шығарылуы немесе айналыста болуы фактілерін анықтаған басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізеді және Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осы іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етеді.

      2. Егер зертханалық сынақтар (зерттеулер) жүргізудің нәтижесінде өнім үлгілерінің көрсеткіштері (сипаттамалары) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетіні анықталса, алайда сатушының өнімді тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) сату процестеріне, оның ішінде осы өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптарды бұзу фактілері анықталса, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы:

      Тәртіптің 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды;

      Тәртіптің 3 және 4-тармақтарына сәйкес сатушының осы өнімді тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) сату процестеріне, оның ішінде осы өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптарды бұзуы фактілері белгіленген өнімнің анықталғаны туралы басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына осындай өнімді басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында сату үшін сатушының жөнелткенін растайтын мәліметтер мен құжаттар (шарттар, инвойстар, тауар жүкқұжаттары және т.б.) бар болған жағдайда анықталған бұзушылықтардың ерекшеліктерін көрсете отырып хабарлама жібереді.

      Басқа мүше мемлекеттердің осындай хабарламаны алған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары нарықта техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің ықтимал болуы туралы өздерінің өңірлік бөлімшелерін (бар болған жағдайда) хабардар етеді.

      Хабарламаны алған және өз мүше мемлекетінің аумағында хабарламада көрсетілген өнімнің айналысқа шығарылуы немесе айналыста болуы фактілерін анықтаған басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізеді және Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осы іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етеді.

      3. Егер зертханалық сынақтар (зерттеулер) жүргізудің нәтижесінде өнім үлгілерінің көрсеткіштері (сипаттамалары) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, бұл ретте сатушының өнімді тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) сату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды осындай сәйкессіздікке әкеп соқтыруы мүмкін бұзу фактілері анықталмаса, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы:

      Тәртіптің 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды;

      осы мүше мемлекеттің аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын осындай өнімді дайындаушыға тексеру жүргізеді;

      мыналарға:

      аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органға немесе аумағында сәйкестікті бағалау туралы құжаттар ресімделген мүше мемлекеттің мемлекеттік тіркеуді жүргізуге уәкілеттік берілген органына (егер өнімге мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік ресімделген немесе осындай өнім туралы мәліметтер өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген жағдайда) көрсетілген органдардың құзыреті шеңберінде мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдау үшін;

      басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына Тәртіптің 3 және 4-тармақтарына сәйкес техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталуы фактісі туралы хабарлама жібереді.

      Басқа мүше мемлекеттердің осындай хабарламаны алған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары нарықта техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің ықтимал болуы туралы өздерінің өңірлік бөлімшелерін (бар болған жағдайда) хабардар етеді.

      Хабарламаны алған және өз мүше мемлекетінің аумағында хабарламада көрсетілген өнімнің айналысқа шығарылуы немесе айналыста болуы фактілерін анықтаған басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізеді және Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осы іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етеді.

      4. Егер дайындаушыға тексеру жүргізу нәтижесінде оның техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы фактілері анықталмаса, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру аяқталады.

      5. Егер дайындаушыға тексеру жүргізу нәтижесінде оның техникалық регламенттердің талаптарын, оның ішінде техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалаумен байланысты талаптарды бұзуы фактілері анықталса, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы:

      Тәртіптің 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды;

      аумағында сәйкестікті бағалау туралы құжаттар ресімделген мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органына немесе мемлекеттік тіркеуді жүргізуге уәкілеттік берілген органына (егер өнімге мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік ресімделген немесе осындай өнім туралы мәліметтер өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген жағдайда) көрсетілген органдардың құзыреті шеңберінде мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдау үшін, дайындаушының техникалық регламенттердің талаптарын, оның ішінде техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалаумен байланысты талаптарды бұзуының анықталған фактілері туралы хабарлама жібереді;

      Тәртіптің 3, 4 және 8-тармақтарына сәйкес осындай өнімнің Одақтың кедендік аумағына таралуының алдын алу мақсатында, өнімнің мөлшері, жеткізу шарттарына, тауар жүкқұжаттарына және басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында сату үшін қажетті өзге де құжаттарға сәйкес осындай өнім жөнелтілген заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер туралы дайындаушыға тексеру жүргізу нәтижесінде алынған хабарламаны және қосымша ақпаратты басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына жібереді.

      Басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары хабарламада және қосымша ақпаратта көрсетілген тұлғаларға қатысты мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізуді қамтамасыз етеді және Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осы іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етеді.

ІІ. Мүше мемлекеттің аумағында сатушыны тексеру кезінде Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін, басқа мүше мемлекеттің аумағында өндірілген өнім анықталды

      6. Егер зертханалық сынақтар (зерттеулер) жүргізу нәтижесінде дайындаушысы басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан өнім үлгілерінің көрсеткіштері (сипаттамалары) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіні және сатушының осындай сәйкессіздікке әкеп соқтыруы мүмкін осы өнімді тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) сату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды бұзуы фактілері анықталған жағдайда, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы:

      Тәртіптің 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды;

      Тәртіптің 3 және 4-тармақтарына сәйкес осындай өнімді басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында сату үшін сатушының жөнелткенін растайтын мәліметтер мен құжаттар (шарттар, инвойстар, тауар жүкқұжаттары және т.б.) бар болған жағдайда техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталу фактісі туралы хабарламаны басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына жібереді.

      Басқа мүше мемлекеттердің осындай хабарламаны алған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары нарықта техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің ықтимал болуы туралы өздерінің өңірлік бөлімшелерін (бар болған жағдайда) хабардар етеді.

      Хабарламаны алған және өз мүше мемлекетінің аумағында хабарламада көрсетілген өнімнің айналысқа шығарылуы немесе айналыста болуы фактілерін анықтаған басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізеді және Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осы іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етеді.

      7. Егер зертханалық сынақтар (зерттеулер) жүргізудің нәтижесінде өнім үлгілерінің көрсеткіштері (сипаттамалары) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетіні анықталса, алайда сатушының осы өнімді тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) сату процестеріне, оның ішінде осы өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптарды бұзуы фактілері белгілі болса, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы:

      Тәртіптің 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды;

      Тәртіптің 3 және 4-тармақтарына сәйкес осындай өнімді басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында сату үшін сатушының жөнелткенін растайтын мәліметтер мен құжаттар (шарттар, инвойстар, тауар жүкқұжаттары және т.б.) бар болған жағдайда анықталған бұзушылықтардың ерекшеліктерін көрсете отырып, осы өнімді тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) сату процестеріне, оның ішінде осы өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптарды бұзу фактілері оған қатысты анықталған өнімнің анықталғаны туралы хабарламаны басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына жібереді.

      Басқа мүше мемлекеттердің осындай хабарламаны алған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары нарықта техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің ықтимал болуы туралы өздерінің өңірлік бөлімшелерін (бар болған жағдайда) хабардар етеді.

      Хабарламаны алған және өз мүше мемлекетінің аумағында хабарламада көрсетілген өнімнің айналысқа шығарылуы немесе айналыста болуы фактілерін анықтаған басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізеді және Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осы іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етеді.

      8. Егер зертханалық сынақтар (зерттеулер) жүргізу нәтижесінде дайындаушысы басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан өнім үлгілерінің көрсеткіштері (сипаттамалары) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіні, бұл ретте сатушының осындай сәйкессіздікке әкеп соқтыруы мүмкін осы өнімді тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) сату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды бұзуы фактілері анықталмаған жағдайда, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы:

      Тәртіптің 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды;

      аумағында сәйкестікті бағалау туралы құжаттар ресімделген мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органына немесе мемлекеттік тіркеуді жүргізуге уәкілеттік берілген органына (егер өнімге мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік ресімделген немесе осындай өнім туралы мәліметтер өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген жағдайда) көрсетілген органдардың құзыреті шеңберінде осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдау үшін хабарлама жібереді;

      Тәртіптің 3, 4 және 8-тармақтарына сәйкес техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталу фактісі туралы басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына хабарлама және қосымша ақпарат жібереді.

      Басқа мүше мемлекеттердің осындай хабарламаны алған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары нарықта техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің ықтимал болуы туралы өздерінің өңірлік бөлімшелерін (бар болған жағдайда) хабардар етеді.

      Хабарламаны алған және өз мүше мемлекетінің аумағында хабарламада көрсетілген өнімнің айналысқа шығарылуы немесе айналыста болуы фактілерін анықтаған басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізеді және Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осы іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етеді.

      9. Аумағында хабарламада көрсетілген өнімді дайындаушы орналасқан мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы осы мүше мемлекеттің аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын осындай өнімді дайындаушыға тексеру жүргізеді.

      Егер дайындаушыға жүргізілген тексерудің нәтижесінде техникалық регламенттердің талаптарын бұзу фактісі анықталмаған жағдайда, тексеру мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен аяқталады.

      Мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осындай тексерудің нәтижелері туралы хабардар етеді.

      Егер дайындаушыға жүргізілген тексерудің нәтижесінде техникалық регламенттердің талаптарын, оның ішінде техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалаумен байланысты талаптарды бұзу фактісі анықталған жағдайда, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы:

      Тәртіптің 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды;

      аумағында сәйкестікті бағалау туралы құжаттар ресімделген мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органына немесе мемлекеттік тіркеуді жүргізуге уәкілеттік берілген органына (егер өнімге мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік ресімделген немесе осындай өнім туралы мәліметтер өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген жағдайда) көрсетілген органдардың құзыреті шеңберінде мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдау үшін, дайындаушының техникалық регламенттердің талаптарын, оның ішінде техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалаумен байланысты талаптарды бұзуының анықталған фактілері туралы хабарлама жібереді;

      Тәртіптің 3, 4 және 8-тармақтарына сәйкес осындай өнімнің Одақтың кедендік аумағына таралуының алдын алу мақсатында, өнімнің мөлшері, жеткізу шарттарына, тауар жүкқұжаттарына және басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында сату үшін қажетті өзге де құжаттарға сәйкес осындай өнім жөнелтілген заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер туралы дайындаушыға тексеру жүргізу нәтижесінде алынған хабарламаны және қосымша ақпаратты басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына жібереді.

      Басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары хабарламада және қосымша ақпаратта көрсетілген тұлғаларға қатысты мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізуді қамтамасыз етеді және Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осы іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етеді.

ІІІ. Мүше мемлекеттің аумағында сатушыны тексеру кезінде Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін, үшінші елдердің аумақтарында өндірілген өнім анықталды

      10. Егер зертханалық сынақтар (зерттеулер) жүргізу нәтижесінде дайындаушысы үшінші елдердің аумақтарында орналасқан өнім үлгілерінің көрсеткіштері (сипаттамалары) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіні және сатушының осындай сәйкессіздікке әкеп соқтыруы мүмкін осы өнімді тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) сату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды бұзуы фактілері анықталған жағдайда, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы:

      Тәртіптің 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды;

      Тәртіптің 3 және 4-тармақтарына сәйкес осындай өнімді басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында сату үшін сатушының жөнелткенін растайтын мәліметтер мен құжаттар (шарттар, инвойстар, тауар жүкқұжаттары және т.б.) бар болған жағдайда техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталу фактісі туралы хабарламаны басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына жібереді.

      Басқа мүше мемлекеттердің осындай хабарламаны алған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары нарықта техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің ықтимал болуы туралы өздерінің өңірлік бөлімшелерін (бар болған жағдайда) хабардар етеді.

      Хабарламаны алған және өз мүше мемлекетінің аумағында хабарламада көрсетілген өнімнің айналысқа шығарылуы немесе айналыста болуы фактілерін анықтаған басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізеді және Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осы іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етеді.

      11. Егер зертханалық сынақтар (зерттеулер) жүргізудің нәтижесінде өнім үлгілерінің көрсеткіштері (сипаттамалары) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетіні анықталса, алайда сатушының осы өнімді тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) сату процестеріне, оның ішінде осы өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптарды бұзуы фактілері белгілі болса, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы:

      Тәртіптің 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды;

      Тәртіптің 3 және 4-тармақтарына сәйкес осындай өнімді басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында сату үшін сатушының жөнелткенін растайтын мәліметтер мен құжаттар (шарттар, инвойстар, тауар жүкқұжаттары және т.б.) бар болған жағдайда анықталған бұзушылықтардың ерекшеліктерін көрсете отырып, осы өнімді тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) сату процестеріне, оның ішінде осы өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптарды бұзу фактілері оған қатысты анықталған өнімнің анықталғаны туралы хабарламаны басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына жібереді.

      Басқа мүше мемлекеттердің осындай хабарламаны алған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары нарықта техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің ықтимал болуы туралы өздерінің өңірлік бөлімшелерін (бар болған жағдайда) хабардар етеді.

      Хабарламаны алған және өз мүше мемлекетінің аумағында хабарламада көрсетілген өнімнің айналысқа шығарылуы немесе айналыста болуы фактілерін анықтаған басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізеді және Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осы іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етеді.

      12. Егер зертханалық сынақтар (зерттеулер) жүргізудің нәтижесінде өнім үлгілерінің көрсеткіштері (сипаттамалары) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса және сатушының өнімді тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) сату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды осындай сәйкессіздікке әкеп соқтыруы мүмкін бұзуы фактілері анықталмаса, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы:

      Тәртіптің 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды;

      мүше мемлекеттің аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаға тексеру жүргізеді, не Тәртіптің 3 және 4-тармақтарына сәйкес аумағында дайындаушы уәкілеттік берген тұлға тіркелген және қызметін жүзеге асыратын басқа мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органына техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталу фактісі туралы хабарлайды;

      аумағында сәйкестікті бағалау туралы құжаттар ресімделген мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органына немесе мемлекеттік тіркеуді жүргізуге уәкілеттік берілген органына (егер өнімге мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік ресімделген немесе осындай өнім туралы мәліметтер өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген жағдайда) көрсетілген органдардың құзыреті шеңберінде осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдау үшін хабарлама жібереді;

      Тәртіптің 3 және 4-тармақтарына сәйкес осындай өнімді басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында сату үшін сатушының жөнелткенін растайтын мәліметтер мен құжаттар (шарттар, инвойстар, тауар жүкқұжаттары және т.б.) бар болған жағдайда техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталу фактісі туралы хабарламаны басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына жібереді.

      Басқа мүше мемлекеттердің осындай хабарламаны алған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары нарықта техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің ықтимал болуы туралы өздерінің өңірлік бөлімшелерін (бар болған жағдайда) хабардар етеді.

      Хабарламаны алған және өз мүше мемлекетінің аумағында хабарламада көрсетілген өнімнің айналысқа шығарылуы немесе айналыста болуы фактілерін анықтаған басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізеді және Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осы іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етеді.

      13. Дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаға тексеру жүргізу нәтижесінде мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы:

      Тәртіптің 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды;

      аумағында сәйкестікті бағалау туралы құжаттар ресімделген мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органына немесе мемлекеттік тіркеуді жүргізуге уәкілеттік берілген органына (егер өнімге мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік ресімделген немесе осындай өнім туралы мәліметтер өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген жағдайда) көрсетілген органдардың құзыреті шеңберінде мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдау үшін, техникалық регламенттердің талаптарын, оның ішінде техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалаумен байланысты талаптарды бұзудың анықталған фактілері туралы хабарлама жібереді;

      Тәртіптің 3, 4 және 8-тармақтарына сәйкес осындай өнімнің Одақтың кедендік аумағына таралуының алдын алу мақсатында, өнімнің мөлшері, жеткізу шарттарына, тауар жүкқұжаттарына және басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында сату үшін қажетті өзге де құжаттарға сәйкес осындай өнім жөнелтілген заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер туралы дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаға тексеру жүргізу нәтижесінде алынған қосымша ақпаратты басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына жібереді.

      Басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары хабарламада және қосымша ақпаратта көрсетілген тұлғаларға қатысты мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізуді қамтамасыз етеді және Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осы іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етеді.

ІV. Мүше мемлекеттің аумағында өнімді дайындаушыны (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаны) тексеру кезінде техникалық регламенттердің талаптарын бұзу анықталды

      14. Егер өнімді дайындаушыға (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаға) тексеру жүргізу нәтижесінде техникалық регламенттердің талаптарын, оның ішінде техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалаумен байланысты талаптарды бұзу фактілері анықталған жағдайда, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы:

      Тәртіптің 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды;

      аумағында сәйкестікті бағалау туралы құжаттар ресімделген мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органына немесе мемлекеттік тіркеуді жүргізуге уәкілеттік берілген органына (егер өнімге мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік ресімделген немесе осындай өнім туралы мәліметтер өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген жағдайда) көрсетілген органдардың құзыреті шеңберінде мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдау үшін, өнімді дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның) техникалық регламенттердің талаптарын, оның ішінде техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалаумен байланысты талаптарды бұзуының анықталған фактілері туралы хабарлама жібереді;

      Тәртіптің 3, 4 және 8-тармақтарына сәйкес, осындай өнімнің Одақтың кедендік аумағына таралуының алдын алу мақсатында, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталу фактісі туралы хабарламаны және өнімді дайындаушыны (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаны) тексеру кезінде анықталған өнімнің мөлшері, жеткізу шарттарына, тауар жүкқұжаттарына және басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында сату үшін қажетті өзге де құжаттарға сәйкес осындай өнім жөнелтілген заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер туралы қосымша ақпаратты басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына жібереді.

      Басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары хабарламада және қосымша ақпаратта көрсетілген тұлғаларға қатысты мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде тексерулерді жүргізуді қамтамасыз етеді және Тәртіптің 7-тармағына сәйкес хабарлама жіберген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын осы іс-шаралардың нәтижелері туралы хабардар етеді.

V. Мүше мемлекеттің аумағында сатушыны немесе өнімді дайындаушыны (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаны) тексеру кезінде сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ресімдеумен байланысты бұзушылықтар анықталды

      15. Егер сатушыға немесе өнімді дайындаушыға (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаға) тексеру жүргізу нәтижесінде сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ресімдеуді бұзу фактілері анықталған жағдайда, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органына немесе мүше мемлекеттің мемлекеттік тіркеуді жүргізуге уәкілеттік берілген органына (егер өнімге мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік ресімделген немесе осындай өнім туралы мәліметтер өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген жағдайда) көрсетілген органдардың құзыреті шеңберінде мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдау үшін (егер сәйкестікті бағалау туралы құжаттар мүше мемлекеттің аумағында ресімделсе) хабарлама жібереді.

      Егер сәйкестікті бағалау туралы құжаттар басқа мүше мемлекеттің аумағында ресімделген жағдайда, сатушыға немесе өнімді дайындаушыға (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаға) тексеру жүргізген мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы аумағында сәйкестікті бағалау туралы құжаттар ресімделген осы басқа мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органына немесе осы басқа мүше мемлекеттің мемлекеттік тіркеуді жүргізуге уәкілеттік берілген органына (егер өнімге мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік ресімделген немесе осындай өнім туралы мәліметтер өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген жағдайда) көрсетілген органдардың құзыреті шеңберінде мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдау үшін хабарлама жібереді.

      Мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органы немесе мүше мемлекеттің мемлекеттік тіркеуді жүргізуге уәкілеттік берілген органы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды және шешім қабылданған күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды тексеру нәтижелері және қабылданған шаралар туралы мемлекеттік бақылау (қадағалау) органын (қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде, оның ішінде "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісі арқылы) хабардар етеді.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың техникалық
регламенттері талаптарының
сақталуын мемлекеттік бақылау
(қадағалау) жөніндегі
іс-шараларды жүргізу кезінде
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
мемлекеттік бақылау (қадағалау)
органдарының өзара іс-қимылы
тәртібіне
№ 2 ҚОСЫМША
(нысан)

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтау фактілері және қабылданған шаралар туралы ХАБАРЛАМА

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау

      (қадағалау) органы (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің

      (бұдан әрі – техникалық регламенттер) талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтаған

      органның толық атауы)_____________________________________________________

      2. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталған

      күні,______________________________________________________________________

      3. Дара кәсіпкер (бұдан әрі – дара кәсіпкер) ретінде тіркелген заңды тұлғаның немесе

      жеке тұлғаның атауы, мекенжайы (техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес

      келмейтін өнім анықталған заңды тұлғаның толық атауы немесе дара кәсіпкердің

      Т.А.Ә., заңды тұлғаның мекенжайы және заңды тұлғаның қызметін жүзеге асыратын

      орынның мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі

      болған___________________________________________________________________

      жағдайда), дара кәсіпкердің тұрғылықты жері және дара кәсіпкердің қызметін жүзеге

      асыратын_________________________________________________________________

      орынның мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда)

      4. Құжаттар_______________________________________________________________

      (осындай тауарларды жеткізушілер мен сатып алушыларды айқындауға мүмкіндік

      беретін тауарға ілеспе құжаттар (жеткізу шарттары, тауар жүк құжаттары,

      шот-фактуралар ___________________________________________________________

      және өнім туралы ақпаратты қамтитын өзге де құжаттар) туралы мәліметтер)

      5. Өнім___________________________________________________________________

      (өнімнің атауы және белгіленуі, оның аты (бар болған жағдайда),

      оны сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өнім туралы өзге де мәліметтер (техникалық

      регламенттер талаптарының анықталған бұзушылықтарын көрсетумен (бап, бөлік,

      тармақ, тармақша))________________________________________________________

      6. Дайындаушы____________________________________________________________

      (өнімнің таңбасында және өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына

      сәйкестігін бағалау туралы құжаттарда көрсетілген өнімді дайындаушының

      (дайындаушы уәкілеттік_____________________________________________________

      берген тұлғаның, импорттаушының) толық атауы, заңды тұлғалар үшін – оның

      орналасқан жері (заңды______________________________________________________

      тұлғаның мекенжайы) және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы

      (мекенжайлары)____________________________________________________________

      (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) немесе дара кәсіпкер үшін – тегі, аты,

      әкесінің аты _______________________________________________________________

      (бар болған жағдайда), тұратын жері және қызметін жүзеге асыратын орнының

      мекенжайы ________________________________________________________________

      (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда)

      7. Құжаттың тіркеу нөмірі және қолданылу мерзімі_______________________________

      (өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі туралы құжаттың тіркеу

      нөмірі және қолданылу мерзімі)______________________________________________

      8. Қабылданған шаралар_____________________________________________________

      (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау)

      органы қабылдаған шаралар туралы ақпарат (мүше мемлекеттің заңнамасында

      көзделген құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде зерттеулер (сынақтар)

      хаттамаларының көшірмелерін, сондай-ақ шаралар қабылдау үшін негіз қызметін

      атқарған өзге де құжаттардың көшірмелерін қоса берумен))______________________

      9. Қосымша ақпарат________________________________________________________

О взаимодействии органов государственного контроля (надзора) государств – членов Евразийского экономического союза при проведении мероприятий по государственному контролю (надзору) за соблюдением требований технических регламентов Евразийского экономического союза

Рекомендация Коллегии Евразийской экономической комиссии от 19 июня 2018 года № 9

      Коллегия Евразийской экономической комиссии в целях предотвращения выпуска в обращение и обращения на таможенной территории Евразийского экономического союза (далее – Союз) продукции, не соответствующей требованиям технических регламентов Союза, а также обеспечения взаимодействия органов государственного контроля (надзора) государств – членов Союза при проведении мероприятий по государственному контролю (надзору) за соблюдением требований технических регламентов Союза

      рекомендует государствам – членам Союза с даты опубликования настоящей Рекомендации на официальном сайте Союза при проведении мероприятий по государственному контролю (надзору) за соблюдением требований технических регламентов Союза руководствоваться Порядком согласно приложению.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Т. Саркисян

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Рекомендации Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 19 июня 2018 г. № 9

ПОРЯДОК
взаимодействия органов государственного контроля (надзора) государств – членов Евразийского экономического союза при проведении мероприятий по государственному контролю (надзору) за соблюдением требований технических регламентов Евразийского экономического союза

      1. Государственный контроль (надзор) за соблюдением требований технических регламентов, входящих в право Евразийского экономического союза (далее соответственно – технические регламенты, Союз), осуществляется органами государственного контроля (надзора) государств – членов Союза (далее соответственно – государства-члены, органы государственного контроля (надзора)).

      Органы государственного контроля (надзора) осуществляют организацию и проведение мероприятий по государственному контролю (надзору), в том числе проверок юридических лиц и физических лиц, зарегистрированных в качестве индивидуальных предпринимателей (далее – индивидуальные предприниматели), принимают предусмотренные законодательством государств-членов меры по пресечению и (или) устранению последствий выявленных нарушений, а также взаимодействуют в целях предупреждения, выявления и пресечения выпуска в обращение и обращения на таможенной территории Союза продукции, не соответствующей требованиям технических регламентов.

      Информация об органах государственного контроля (надзора) размещается на официальном сайте Союза в разделе Департамента технического регулирования и аккредитации Евразийской экономической комиссии (далее – Комиссия) (http://www.eurasiancommission.org/ru/act/texnreg/deptexreg/Pages/default.aspx).

      2. Органы государственного контроля (надзора) при выявлении на территории государства-члена продукции, не соответствующей требованиям технических регламентов, принимают необходимые меры, предусмотренные законодательством государства-члена.

      О принятых мерах органы государственного контроля (надзора) информируют соответствующие органы государственного контроля (надзора) других государств-членов в случаях, предусмотренных алгоритмом типовых действий органа государственного контроля (надзора) при выявлении продукции, не соответствующей требованиям технических регламентов, согласно приложению № 1.

      3. О фактах выявления продукции, не соответствующей требованиям технических регламентов, и принятых мерах, предусмотренных пунктом 2 настоящего Порядка, органы государственного контроля (надзора) информируют органы государственного контроля (надзора) других государств-членов и при необходимости Комиссию посредством направления уведомления по форме согласно приложению № 2 (далее – уведомление).

      4. Уведомление направляется органом государственного контроля (надзора) государства-члена, на территории которого выявлена продукция, не соответствующая требованиям технических регламентов, в органы государственного контроля (надзора) других государств-членов и Комиссию (на бумажном носителе и (или) в электронном виде, в том числе посредством информационно-телекоммуникационной сети "Интернет" (далее – сеть Интернет)) в течение 7 рабочих дней с даты оформления таким органом решения о выявлении фактов нарушения и принятии мер, предусмотренных законодательством государства-члена.

      В случае если в государстве-члене на осуществление государственного контроля (надзора) за соблюдением требований технического регламента уполномочено несколько органов, уведомление направляется в те органы государственного контроля (надзора), к сфере ведения которых отнесены соответствующий вид продукции и (или) вопросы ее жизненного цикла и информация о которых размещена на официальном сайте Союза в соответствии с пунктом 1 настоящего Порядка.

      5. Уведомление содержит следующие сведения:

      а) полное наименование органа государственного контроля (надзора), выявившего продукцию, не соответствующую требованиям технических регламентов;

      б) дата выявления продукции, не соответствующей требованиям технических регламентов, и полное наименование юридического лица или фамилия, имя, отчество (при наличии) индивидуального предпринимателя, у которых выявлена такая продукция, место нахождения (адрес юридического лица) и адрес (адреса) места осуществления деятельности юридического лица (в случае, если адреса различаются), место жительства и адрес (адреса) места осуществления деятельности индивидуального предпринимателя (в случае, если адреса различаются);

      в) сведения о товаросопроводительных документах (договорах поставки, товарных накладных, счетах-фактурах и иных документах, содержащих информацию о продукции), позволяющих определить поставщиков и приобретателей такой продукции;

      г) наименование и обозначение продукции, ее название (при наличии) и иные сведения о продукции, обеспечивающие ее идентификацию (с указанием выявленных нарушений требований технических регламентов (подпункт, пункт, часть, статья));

      д) полное наименование изготовителя (уполномоченного изготовителем лица, импортера) продукции, которое указано в маркировке продукции и документах об оценке соответствия продукции требованиям технических регламентов, его место нахождения (адрес юридического лица) и адрес (адреса) места осуществления деятельности (в случае, если адреса различаются) – для юридического лица или фамилия, имя, отчество (при наличии), место жительства и адрес (адреса) места осуществления деятельности (в случае, если адреса различаются) – для индивидуального предпринимателя;

      е) регистрационный номер и срок действия документа об оценке соответствия продукции требованиям технических регламентов;

      ж) информация о мерах, принятых органом государственного контроля (надзора) в отношении продукции в связи с выявлением фактов нарушений (с приложением копий документов, предусмотренных законодательством государства-члена, в том числе копий протоколов исследований (испытаний) продукции, а также копий иных документов, послуживших основанием для принятия таких мер).

      6. Органы государственного контроля (надзора), получившие уведомление, информируют о получении уведомления орган государственного контроля (надзора), направивший уведомление, в течение 5 рабочих дней с даты получения уведомления (на бумажном носителе и (или) в электронном виде, в том числе посредством сети Интернет).

      7. Органы государственного контроля (надзора), получившие уведомление, устанавливают возможные факты выпуска в обращение и (или) обращения на территории своего государства-члена продукции, указанной в уведомлении, и в случае установления таких фактов проводят мероприятия по государственному контролю (надзору), в том числе проверки, предусмотренные законодательством государства-члена, и информируют о результатах таких мероприятий и принятых мерах орган государственного контроля (надзора), направивший уведомление, в течение 5 рабочих дней с даты завершения указанных мероприятий (на бумажном носителе и (или) в электронном виде, в том числе посредством сети Интернет).

      8. В случае получения дополнительной информации, касающейся сведений о количестве продукции, юридических лицах и индивидуальных предпринимателях, которым такая продукция была направлена для реализации на территориях других государств-членов, орган государственного контроля (надзора) государства-члена, на территории которого выявлена продукция, не соответствующая требованиям технических регламентов, безотлагательно направляет такую информацию в органы государственного контроля (надзора) других государств-членов (на бумажном носителе и (или) в электронном виде, в том числе посредством сети Интернет).

      9. В случае возникновения разногласий и споров при осуществлении взаимодействия при проведении мероприятий по государственному контролю (надзору) за соблюдением требований технических регламентов или выявлении продукции, не соответствующей требованиям технических регламентов, органами государственного контроля (надзора) проводятся взаимные консультации и переговоры.